UF

МАРТИНИКА (Маrtinika) – Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобының Мартиника аралындағы ел. Франция иелігі; 1946 жылдан Францияның ресми «Теңіз сыртындағы департаменті». Жері 1,1 мың км2. Халқы 376 мың (2016), негізінен Африкадан әкелінген құлдардың ұрпақтары (негрлер мен мулаттар), қытайлар және Үндістаннан қоныс аударған адамдар; ресми тілі - француз тілі. Көпшілік тұрғындары - католик дінінде. Әкімшілік басқару ісін префект жүзеге асырады, оны Франция үкіметі тағайындайды. Бас совет аталатын сайланбалы (6 жылға сайланатын) органы бар. Ұлттық жиналыстың 3 депутаты Франция парламентіндегі Мартиниканың өкілі болады. Әкімшілік орталығы - Фор-де-Франс.

Табиғаты. Мартиника аралы - Орталық Америкадағы Кіші Антиль аралдар тобына кіретін арал. Францияның иелігінде. Әкімшілік орталығы Фор-де-Франс қаласы. Негізінен вулкандық жыныстардан құралған. Ең биік жері - әрекетті вулкан Монтань-Пеле (1397 м). Фор-де-Франс шығанағында қолайлы гаваньдар кездеседі. Климаты тропиктік, пассаттық. Орташа айлық температура 24-27°С. Жылдық жауын-шашыны 1500-2000 мм. Жаңбырлы маусым шілдеден қарашаға дейін. Тау беткейлерінде тропиктік ормандар (пальма, нан ағаштары) тараған. Мартиника аралдарын 1502 жылы X. Колумб ашқан.

Тарихы. X. Колумб Мартиника аралын Европада алғаш рет 1502 жыл ашты. 1635 жылдан француздар отарлай бастады да, жергілікті халықты (үндіс-карибтерді) тонауға кірісті, плантацияларда жұмыс істеу үшін Африкадан негр-құлдар әкелді. Негрлердің көтерілісін отаршылдар қаталдықпен басты. Мартиникада мақта, темекі өсірілді. 17 ғасырдың ақыры мен 18 ғасырдың 1-ширегінде қантқұрағы, кофе плантациялары пайда болды. 17-18 ғасырда Ұлыбритания аралды басып алу үшін бірнеше рет әрекет жасады. Ұлы француз революциясы кезінде роялшылдар мен республика жақтаушылары арасында кескілескен күрес болды. 1794 жылы ақпанда Конвент декреті мен құлдық жойылды. 1794 жылы Мартиниканы британ әскерлері басып алды, бірақ Амъен бітімі (1802) бойынша Францияға қайтарып берілді де, аралда құлдық қайта қалпына келтірілді. 1809-1814 жылдар Мартиниканы қайтадан Ұлыбритания иемденді. 1848 жылы француз отарларында, солармен бірге Мартиникада да құлдық тәртіп жойылды. Екінші империя құлағаннан кейін (1870), арал халқының сайлау құқығы метрополия тұрғындарының правосымен теңестіріліп, Франция парламентінен өкілдік орын берілді. 1900 жылы Мартиника финанс автономиясын алды. 20 ғасырдың басынан кәсіподақтар мен саяси партиялар жұмыс істей бастады. 2-дүние жүзілік соғыс кезінде Мартиникада «Виши» тәртібі орнады (1940-1943).         1943 жылдан Мартиника Француз ұлт-азаттық комитетін қолдады. Мартиника халқының отаршылдық тәртіпке қарсы қажырлы күресі нәтижесінде 1946 жылы аралға Францияның «теңіздің арғы жағындағы департаменті» статуты берілді. 1957 жылы коммунисті кұйымдар негізінде өз алдына Мартиника Коммунистік партиясы құрылды. Елдің прогрестік күштері Мартиника халқының тәуелсіздігі мен шынайы автономия жолында күресуде.

Экономикасы. Экономикасының негізі - ауылшаруашылығы. Халқының 2/3-і ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте істейді. Өңделетін жерінің негізгі бөлігіне қантқамысы (7 мың га\ 22 мың га қант, 1972) және банан (9 мың га, 190 мың т, 1972), ананас (26 мың т), кофе (0,1 мың т), какао өсіріледі. Мал шаруашылығы дамыған. 1972 жылғы мал басы (мың): мүйізді ірі қара 45, қой 18, шошқа 32. Балық ауланады. Қант, спирт-ром, консерв, шоколад кәсіпорындары бар. Автомобиль жолының ұзындығы 1,3 мың км, оның 0,7 мың км-асфальтталған (1968). Басты порты - Фор-де-Франс. Ірі аэропорты Ламантен қаласының маңында.

Экспорт құнының 90%-і жеміс, қант, ром, сатудан түседі. Басқа елдерден азық-түлік, өндірістік шикізат, машина және өнеркәсіп жабдықтары әкелінеді. Негізгі сыртқы сауда әріптесі -  Франция (экспорт құнының 89%-і және импортының 70%-і, 1969).

Ақша өлшемі - француз франкі.

Медициналық-санитарлық анықтама. 1968 жылы 3,7 мың төсектік 15 аурухана (1 мың адамға 11,5 төсек) болды; 208 дәрігер (1,6 мың адамға 1 дәрігер), 62 тісдәрігері, 67 фармацевт және 500-ден астам өзге де медицина қызметкерлері жұмыс істеді.

Оқу-ағарту ісі. 1969 жылы бастауыш 8 жылдық мектептерде 68,4 мың бала, орталау мектептерде (жалпы білім беретін 4 жылдық мектептер мен техникалық колледждерде) 20 мыңнан астам оқушы және толық орта мектептерде (жалпы білім беретін 7 жылдық мектептер мен техникалық лицейлерде) 10 мыңға жуық оқушы оқыды; кәсіптік-техникалық білім беретін түрлі оқу орындарында 2 мыңға жуық адам қамтылды. Мартиникадағы жалғыз жоғары оқу орны Анри Визиоза (заң және экономика ғылымдарының) институтында (Фор-де-Франс қ.) 1969-1970 оқужылында 1,6 мыңнан астам студент оқыды. Институтта кітапхана бар (5 мыңға жуық кітап).

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-23 10:41:10     Қаралды-1986

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »