БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ - Азиядағы Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет; Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатыр. Жері 86,3 мың км2. Халқы 9,4 млн. (2017). Астанасы - Абу-Даби қаласы. Әкімшілік жағынан 7 әмірлікке (Абу-Даби, Дибай, Шарджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Аджман, Рас әл-Хайма) бөлінеді. Елдің заң шығарушы өкімет орны - Жоғарғы федералдық совет, атқарушы өкіметі - Министрлер кабинеті. Үкімет басшысы - президент (шейх Саид бен Сұлтан ан-Нахайни). БАӘ бұрын Ұлыбританияның протеқтораты (Договорлық Оман) болды, 1971 жылғы 2 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Климаты құрғақ тропиктік. Өсімдік және жануарлар дүниесі өте кедей. Халқының (арабтар, мұсылмандар) 95%-ке жуығы сауатсыз (50-ге тарта мектеп жұмыс істейді). БАӘ - экономикалық дамуы жағынан мешеу қалған ел. Әкономикасының басты саласы - мұнай өндіру. Мұнай кәсіпшіліктерінің көбі Абу-Даби (1970 жылы мұнда 32,8 млн. тонна мұнай өндірілді) және Дибай (4,2 млн. тонна, 1970) өмірліктерінің жерінде. Мұнай өнеркәсібі американ, ағылшын, жапон т.б. шетел капиталдарының қарамағында. Елдің шұрайлы жерлерінде құрма пальмасы және дәнді дақылдар егіледі. Шөлді, шөлейтті жағының тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен (түйе, жылқы) айналысады. Теңізден балың аулау, меруерт жинау дамыған. Темір жолы жоқ. Тас жолдар салынған. Негізгі көлік ретінде түйе пайдаланылады. Сыртқы сауда серіктесі - Ұлыбритания.
Жарияланған-2019-12-06 15:42:47 Қаралды-3433
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина