Әбілқайыр 1899 жылы Ақмола облысы, Көкшетау уезіндегі сулу өңір -Бұланды Қарағайы маңындағы Қайыркөл болысында кедей шаруа үйінде туылған. Әкесі Ысқақ кедейліктен Сатыбай Байкөшов байдың есігінде жүрген. Әбілқайырдың өзі де жас кезінде осы байдың үйінде жалшы болып істеген. 1916 жылы Омбыдағы орыс-қазақ жетім балалар мектебінде оқыды. Оқуға ынта-жігерімен беріліп, білімін жетілдіру үйінде болды. Ол бай-феодал ақсүйектердің көпшілік халықты топастық пен қараңғылыққа қамап келгендігіне қынжылып, білім алу, адамның ең үлкен жетістігі, онсыз адам әрікедей, әрі бақытсыз болады деген түсінікпен ер жетті. Омбы қаласындағы қазақ оқушы жастардың мәдени ағарту «Бірлік» үйірмесінің жетекшілерінің бірі болды. Үйірме жұмысының негізгі мақсаты халықты азаттық күресіне жұмылдыру еді.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қалалық Кеңесі мен облыстық революциялық трибуналдың мүшесі болды, шегаралас жатқан Көкшетау, Ақмола уездеріндегі азаттық күресіне белсене қатысты. 1918 жылы мамыр айында Көкшетау мен Ақмоланы басып алған кезде Әбілқайыр жасырын партиялық жұмыстар жүргізді. Кескілескен азаматсоғысы басталған күндері қызылдар мен ақтардың шайқасқан кезеңінде қарапайым халық ауыр дәуірді басынан кешіріп, зардап шекті. Олардың қайсысы болса да малды, ең алдымен аттарды тартып алып ауылды талқандады.
Әсіресе Дутов пен Колчак атамандарының халықтарды аяусыз қырғынға ұшыратуы, шексіз зорлық зомбылық жасап айуандарша әйел қыздарды қорлауы еңбекшілердің партизан соғысына келуіне себепші болды. Көтеріліске шыққандар әскери кеңес, партизан әскерінің штабын сайлады. Осы кезде Әбілқайыр Көкшетау облысының төтенше комиссиясының төрағасы етіп сайланады. Партизан отрядтарына топтанған Көкшетау, Ақмола және Павлодар уезіндегі азаматтар 1919 жылы көктем, жаз айларын да жан аямай күресті, тек күзге келгенде қалалар азат етілді. Азаттық күресте шыныға түскен Әбілқайыр 1920 жылы Омбыда Батыс Сибирь саяси басқармасының инспекторы қызметін атқарады. Партияның Сибирь бюросы жанындағы татар, қазақ секциясының хатшысы болып жүріп «Кедей сөзі» газетінің редакторы қызметінде атқарды. Газет арқылы жалынды сөздерімен ел бірлігін нығайту, келешек өмірге жол көрсетуші қайраткер екендігін көрсетті. Әбілқайыр Досов 1920 жылы Қазақстанның Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшелігіне сайланды. Елде азамат соғысы аяқталғанымен 1922-1926 жылдардағы шаруашылықты қалпына келтіру дәуірі қиын болды. Осы жылдары Әбілқайыр Досов Семей Губаткомының, содан соң Түркістан облыстық ревкомының төрағасы болып қызмет атқарды. Бұл ел басқару жауапкершілікті қызметінде еңбекші халықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту саласындағы басты мәселелерді шешуге әрекет жасады.
Әбілқайыр Досов 1930-1937 жылдары Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің 2-ші хатшысы, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Бұл дәуір еңбекші халықтарымыздың басынан ауыркезеңді өткізіп жатқан кезі еді. Тарихтан белгілі ұжымдастыру кезеңіндегі үлкен апат, қырғын аштықтың салдарынан жапа шеккен жұртымыздың қасіреті тасқа таңба басқандай айқын.
Әбілқайыр Досов жазықсыз жаламен қамалған жылы Оңтүстік Казақстан облысының партия комитетінің бірінші хатшысы болып істейтін еді. Ол өлкені, оның еңбекшілерін өтекадірлеп, құрметтейтін еді. Облыстағы аудандардың барлығына тез-тез қатынап, ауылдарды аралап, олардың тұрмысымен танысып, қиын жағдайларын түзетуге күш салар еді. Ауылдарда мал басының көбейуін қалаларда өнеркәсіптердің жандануында үлкен еңбек етті. Ташкент қаласы мен Шымкент қаласы аралығын қысқа темір жолмен байланыстыру үшін де әрекет жасаған. Оның Оңтүстік облысындағы істеген қызметтері еңбекшілердің мәңгі есінде.
Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.18-25.
Жарияланған-2019-12-03 14:09:00 Қаралды-2800
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану