Еліміз тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі жылдарда, сталиндік репрессияға ұшыраған халқым деп жазықсыз жазаланып кеткен дарынды ағаларымыздың аттары үлкен құрметпен тілге алынып, олардың аруақтарының алдында бас имекпіз. Өткен жылдары Т.Рысқуловтың, С.Қожановтың туылған күнінің 100 жылдық мерекелерін мерекелеу өте орынды-ақ болды. Бұл салада Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың 1998 жылды 30 жылдардағы жазықсыз жазаланған түркістандық тулғалардың 60 жылдығын еске алу жылы деп атауы ерекше маңызға ие. Сол зүлмат жылдары түркістандық бетке ұстар қаншама боздағы опат етпеді дейсіз. Түркістан өлкесіндегі 103 мыңға жуық кісі жазықсыз жазалауға ұшырады, 25 мыңы атылды. Солардың арасында Алматыдан ұзақ емес, 10 шақырым келетін жердегі Боралдай сайындағы оқиғаларды келтірсек қазақ халқының патшалық Россия кезінде қайғылы күндердің сталиндік дәуірімен ұштасып жатқандығын көз алдымыға келтіреміз. Боралдай тарихта бар жер аты. Бұл жерде 1916 жылы патша өкіметінің әкімдері азаттық үшін алысқан ержүрек Бекболат Әшекевті халықтың көзінше дарға асқан еді. 1938 жылы көктем айында сталиншіл қанішерлер халқымыздың жүздеген ірі тұлғаларын ел көзінен тасада исы жерде атып тастады. Бұл 1938 жылы 1-12 наурыздағы Кеңес өкіметінің Жоғары соты қазақ қайраткерлерінің бір топ көрнекті 19 өкілдерінің үстінен ату жазасы үкімінің орындауы еді.
Ардақты 19 мемлекет, қоғам қайраткерлерінің атылған денелері Боралдайдың «Қамыс сайына» тасталған еді. Ол жерді халық кейін «Қанды сай» деп атап кеткен. «Қанды сайда» шейіт кеткендердің ішінде 36 жастағы Садықбек Сапарбеков те бар еді. Ағамыз жас кетті. Бірақ та ол өзінің қысқа өмірінде халқына ұмытылмас қызмет етті.
Сапарбеков Садықбек Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңақорған ауданында Қаратау өңіріндегі қазіргі «Балапан төбе» деген жерде 1902 жылы дүниеге келді. Әкесі Сапарбек, анасы Өрік қарапайым көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған абзал кісілер еді. Сапарбектің жастай оқуға деген ықыласын ерте сезген әкесі, оны бастауыш орыс мектебіне оқуға береді. Ол жерде балалар үйінде тәрбиеленіп, үздік оқумен бірге саяси санасы ерте қалыптаса бастайды. Оның сана-сезімінің өсуіне оқытушылардың сапалы білім беруі, саяси айқын жолға бағыттауының әсері үлкен болды. Ол өмірдің алғашқы қиыншылықтарын жеңе білді.
Әкесі мен анасы және екі інісі ел ішінде тараған жұқпалы аурудан қайтыс. болған кезде, ауыртпашылықты көтере біліп, қарамағында қалған 5 жасөспірімнің қамқоршысы болды, өмірдің көп тауқыметін басынан өткізді. Алайда отбасында отырып қалмай, қоғамдағы арпалыс күресіне белсене қатысты. Елінің, жұртының келешек болашағы үшін күресте комсомол мүшелігіне, кейін партия қатарына кірді. Саяси санасы мен білімін көтеру мақсатымен Ташкентке оқуға келді.
Бұл үлкен қалаға Садықбектің келуі, оның өмірін күрт өзгеруіне алып келді. Әсіресе саяси күрестің шиеленіскен кезеңіндегі арпалысты әлеуметтік экономикалық қиыншылықтардың өрбуінде, қаладағы қақтығысулардың болуы оны күресте шынығуына алып келді. Садықбек бұл жерде бостандық, азаттық үшін күресте, Түркістан халықтарының асыл перзенттері: Махмұдхожа Бехбуди, Мухаммаджон Тынышбаев, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфендияров сияқты үлкен тұлғалармен кездесіп, олардың көрсеткен бағытынан жол алды, азаттық, теңдік, әділдік ұрандарына үн қосып, күрес жолында шыңдала түсті. Садықбектің және бір ташкенттегі үлкен табысы, қалаға білімге ұмтылған жастармен бірлесе отырып күрес алып баруы болды. Шымкент, Түркістан, Қоқан, Самарқан, Бұхара, Хиуа, Ашхабадтан келген жастармен, әсіресе Қазалыдан келген Ғанимен, шымкенттік Әбдікеріммен, Ташкенттік Қамалмен бір туыстай бірлесе отырып қызмет істеді.
1918 жылы Ташкентте ашылған қазақ, өзбек педагогика училищелері, алғашқы мұсылман оқытушылары институты, 1920 жылы ұйымдастырылған Қазақ педагогика (Казинпрос) өзбек педагогика (Өзинпрос) институттарының оқытушыларының қажырлы еңбектері қалада жастардың Отанды азат ету саналарының күшеюіне әсерлері көп болды. Мұсылман оқытушы институты Мунавар Қары, И.Исмаилов, А.Фитрат, А.Рахымбаевтардың қазақ педучилище, кейін институтында оқытушылық жасаған Сұлтанбек Қожанов, Иса Тоқтыбаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедовтардың тәлім-тәрбиедегі еңбектерінің С.Сапарбековке қатынасы бар. Өзбекстан ұлттық материалдарында, Садықбектің сол кездегі қазақ зиялыларымен тығыз байланыста болғандығы олардың көптеген лекция және сұхбаттарынан әсер алғандығы туралы материалдар көп-ақ.
Сол құжаттар арасында Т.Рысқұловтың оқытушылармен танысуға келуі, нәзір Төреқұлов Ферғана облысының атқару комитетінен Ташкентке келгендігі, оның көп тілдерді білетіндігінен оқушылардың хабардар болуы, олардың екеуінде сол кездегі топты жарып шыққан жарқын бейне деп есептелгендігін көреміз.
1919 жылы қаңтар айындағы Ташкенттегі Осипов басқарған қанды оқиғаға қарсы күресуде Садықбек пен Ғани бастаған жастар тобы күш көрсетті. Қыстың аязды суығына қарамай олардың басшылығындағы жастар жасағы Осипов бандылары - Шымкент төңірегіндегі Шарапхана және Қазығұрт баурайына алып барған әрекеттері айтарлықтай. Осиповқа қарсы бұл күресте Садықбектің алып барған еңбектерінің нәтижесінде оны талқандау мүмкіншілігіне жетісті. Бұл оның халықты қырғыннан аман сақтап қалған алғашқы жеңісі еді.
1919 жылы 17 жасқа толған Садықбектің және бар халықтар халықтың алдындағы алғашқы қызметтерінің бірі - ашаршылыққа қарсы Тұрар Рысқұлов басқарған күрестегі белсенді еңбегі. Күйзелген халықты эпидемиядан, өлім аузынан сақтап қалу, ашаршылыққа ұшыраған адамдарға жәрдем көрсету, қаладағы халықтарға азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыстарды үгіт-насихат жолымен алып бару үшін Сапарбек Қызылордаға келіп көп жұмыстар орындады. Сол кездегі Кеңес үкіметі азық-түлікті халықтан қару күшімен тартып алу керек деген яғни азық-түлік салғырты саясатын алып баруды қолдамады. Тек үгіт-насихат, тусіндіру жолымен азық-түлік жинап, аштарды сақтап қалуға мүмкіншілік бар екендігін іс жүзінде көрсетті. Қаншама жас балаларды аштықтан сақтап қалу үшін баспана үйлерін ұйымдастыру, жетім қалған балаларды интернатқа орналастыру істеріне ерекше көңіл бөлді. Садықбектің үгіт-насихат істеріндегі жемісті істерін ескере отырып 1919 ж. аяғында Түркістан өлкелік Комитеті 35 шақты жастармен оны Москваға 6 айлық курсқа оқуға жібереді. Ол жерде жастар арасындағы жұмысшы секциясында үздік оқып, 1920 жылдың қыркүйегінде бітіріп, Ташкентке қайтып келеді. Орталықтан білім, тәжірибе арттырып келген Садықбек Ташкентте жастар арасында елеулі жұмыстар істеді. Қазақ ағарту институты оқытушылары - Болғанбаев Хайриддин, Хожиков Қоңырқожа, Адилов Дилмұхаммедтермен бірге қоян-қолтық араласып, жастардың білім алуына, сауатсыздықты жою жұмыстарына көп күш жұмсады. Білімге құштар Садықбек жұмысшы факультетінің кешкі бөліміне, кейінірек күндізгі бөлімінің 3-курсында оқиды. Сонымен бүрге үйірме жұмысына басшылық жасап бір жылдың ішінде Түркістан өлкесінің түкпірлерінен келген 400 жуық жастардың саяси білімін көтеріп, қызметке аттандырды. Садықбек қазақ жастарының арасынан шыққан қайратты қызметкерлердің бірі ретінде танылды. 1923 жылдан бастап ең жауапты қызметтерге көтерілді. Сырдария облыстық тексеру комитетінің мүшесі, кейін сол облыстық «Қосшы» одағының төрағасы болды. 1924 жылдың басында Түркістан Орталық Атқару Комитетінің жауапты хатшысы. қызметінен Мәскеудегі Свердлов атындағы университетке оқуға жіберіледі. Сонда оқып жүріп ол өзінің саяси білімін тағы да шыңдай түсті. 1925 жылы оқудан шақырылып Сырдария губкомының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындалады. Мұнда Шымкент қаласында 1926 жылдың қыркүйегінде дейін жұмыс істеді. 1927 жылы Қазақ өлкелік партия комитетіне жұмысқа алынды. Кейінгі он жылғы қызметінің ұзын ырғасы - Қызылорда, Қарсақпай аудандық, Ақмола, Гурьев округтык, Ақмола губерниялық, Батыс Қазақстан облыстың партия комитетінің бірінші хатшысы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Кәсіподақтары Кеңесінің төрағасы.
Сапарбеков Садықбек қайсы жерде қызмет жасамасын ол жерде ауқымы мол, нәтижелі істерді амалға асырып ел жұрт алғысына ие болды. Оның іскерлігі, ұйымдастырушылык қабілеті нәтижесінде сол кездегі ең үлкен мәселелерді шеше білді. 1930 жылдардың басында Қызылорда ауданындағы су шаруашылығы мен егіншіліктегі қиыншылықтардан құтылу жолын іздестіріп каналдар қазу арқылы суландыруды амалға асырды. Халқымыздың «Су бар көрде өмір бар» деген нақылды сөзіне амал қылды Батыс Европа елдерінде егіннің болуы ауаға байланысты, ал Шығыс елдеріндегі егіннің болуы болмауы ел басшыларының әрекетіне байланысты екендігі мәлім. Бұл амалға тек қана саналы ел басшылары ғана мән берген. Халқымыздың «Су бар жерде өмір бар» - деген нақылы сөзіне амал қылып, 1933-1934 жылдары республикада бірінші болып каналдар қаздырып су келтірген аудан басшысы Сапарбеков Садықбек кейінгілерге үлгі болды. Ертеден халқымыз «Елге су келтірген – әзіз» деген құрметіне бөленді.
Ол көрнекті публицист, қаламгер, көптеген мақалалар мен очерктер жазған, білім жағынан да, қоғам қайраткерлігі жағынан да Түркістан өлкесіндегі елеулі ірі тұлғалардан еді.
Амал қанша сталиндік жеке басқа табынушылық жылдары жаламен жазықсыз 1938 жылы атылып кетті. 1958 жылы 21 қаңтарда ақталды. Садықбек ағамыздың келбетті тұлғасы, жайдары, жайсаң мінездері, еліміз үшін еткен қажырлы еңбектері халқымыз жүрегінде мәңгі сақталып, оның есімі құрметпен тілге алынады. Оның 98 жасқа толу кезеңінде және бір рет аруақтарының алдында бас иеміз.
Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.18-25.
Жарияланған-2019-12-03 13:10:31 Қаралды-2577
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану