Халқына қажымай еңбек етіп, жаңа өкіметтің саясатын іске асыруға белсене араласып, жар құлағы жастыққа тимей, елім, жұртым деп өткен азаматтарымыз аз емес. Түрлі себептермен оның барлығын жұртқа, кейінгі ұрпаққа таныстыру, еңбегін елге жеткізу соңғы кезде ғана қолға алына бастады.
Аз жасаса да халқына аянбай еңбек еткен азаматтың бірі - Бегайдар Жантөреұлы Аралбаев 1896 жылы Сырдария облысы, Түркістан уезіндегі Жаңақорғанда туылған. Ақмешіт қаласындағы 4 кластық училищені он алты жасында бітірді.
Бегайдар Орта Азия мен Қазақстанның қалыптасу, нығаю жолындағы күреске белсене араласып, халқымыздың біртуар азаматтары Н.Төреқұлов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Асфендиаров, С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, М.Мыңбаев, С.Есқараев, О.Жандосов, Т.Жүргенов, М.Тоқтыбаев сияқты халқымыздың біртуар ұлдарымен әрі қызметтес, әрі пікірлес болған. Оның азамат ретінде еткен еңбегін былайша айтуға болады:
- Кирревкомның басшысы ретінде ұлттық территориямыздың тұтастығын негіздеп, сол үшін күресті.
- Қазақстан хатшысы ретінде еліміздің заң шығарушысы билігінің іргетасын қалады, ауылдарды кеңестендіруді іске асырды.
- Орталық Комиссияның төрағасы ретінде ұлттық кадрлардың қатарын нығайту, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуын орнықтыруға басшылық етті.
- Байлардың мал-мулкін тәркілеуге ашық қарсылық білдіріп, ресми органдардың орынсыз істерін түзеуге әрекет жасаған.
- Алашорда қозғалысының қайраткерлерімен тығыз байланысты, тәуелсіздікті қолдаушылардың алдыңғы қатарында болды.
Б.Аралбаевтың атқарған жұмыстарына көңіл аударсақ, төмендегідей архив деректерге көз жеткіземіз.
ІХ.1918-X. 1919 - Жаңақорған болысында жер бөлімінің бастығы.
XII.1919- 1.1920 ж. - Шиелі болысында халық соты.
5.01.1920-1.10.1921 ж. Сырдария облаткомының бөлім меңгерушісі, хатшысы.
1.10.1921- XI.1922 осы облаткомның төрағасы.
XI. 1922 - VII. 1924 ж. Түркістан Республикасы ІшкіІстер Халық комиссары, Түркістан төралқасының мүшесі.
11.04.1923 - Түркістан төрағасының міндетін атқарушы.
VII.1924 - IX.1924 - Түркістан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы.
ІV.1925 - Х.1928 - Қазақстан хатшысы.
ІХ.1928 - IV.1932 - Қазақстан Орталық банк басқарушысының орынбасары, осы мекемелердің түрлі жауапты қызметкері.
V.1932 - XI. 1933 - Ақтөбе облыстық мемлекеттік банк басқарушысы.
3.11.1933 - қамауға алынды.
29.03.1934 жылы «революцияға қарсы ұлтшылдық орталықтың» басшысы ретінде РКФСР-Қылмыстық Кодексінің 58-7, 58-10, 58-11 баптары бойынша сотталып, 15.10.1935 ж. дейін Карлагтың Бозшакөл учаскесінде, 3.11.1943 жылға дейін Мордва АКСР-І Явас поселкесіндегі Темников лагерінде болды. 1946 жылғы наурызда еркіндікке шықты» 1946-48 Самарқан қаласындағы жібек маталар фабрикасының директоры, Ташкент облысының Шыназ ауданындағы 3-асыл тұқымды мал шаруашылығы кеңшарында мұрап, ферма бастығы болып қызмет істеді.
27.01.1948 ж. тұтқынға алынып, Қызылорда қаласындағы түрмеге қамалды.
3.08.1949 ж. ҚСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Министрлігінің жанындағы Ерекше кеңестің қаулысымен жер аударылды.
29.11.1949 ж. Красноярск өлкесі Енисей ауданы, Хохлово поселкесіндегі лагердің ауруханасында қайтыс болды.
Б. Аралбаев Түркістан Атқару Кеңесінің мүшесі ретінде қыруар жұмыстар атқарған еді. Олардан:
1922 ж. Сырдария облысын азат ету жөніндегі комиссияның төрағасы.
1923 ж. Жетісу облысын зерттеу экспедициялық төтенше комиссияның, іс қағаздарды жергілікті тілде жүргізуге көшіру жөніндегі комиссияның, бүкіл Түркістандық Кеңестер съезін шақыру жөніндегі төрағасы.
1924 ж. Түркістанның Қазақстанға өткен облыстарды басқару жөніндегі төрағасының орынбасары.
1925 ж. Ауылдарды кеңестендіру жөніндегі бүкіл-қазақстандық кеңесті ұйымдастыру комиссиясының төрағасы.
1926 ж. «Партия, кеңес аппаратын жергіліктендіру жөніндегі «Өлкелік Комитеті мен Қазатком комиссиясының төрағасы, бүкілқазақстандық алғашқы Кеңестер сайлауында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болды»
1921 жылдан Түрікатком мүшесі Түрікатком төралқасының мүшесі. 1923 жылдан Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің Кіші Кеңестің мүшесі. 1925-1928ж.Казаткомның төралқа мүшесі.
Жоғарыда келтірілген жылдар тізбеп мен Б.Аралбаев атқарған қызметтерге көңіл аударсақ, бір кюі үшін аздық етпейтін еңбекті, халыққа деген қамқорлықты байқаймыз.
Б.Аралбаевты заманымыздың көрнекті жазушысы С.Мұқанов тектен-текке «Адасқандар, Мөлдір махаббат» сияқты шығармасына кейіпкер етіп алмағанын оның соған лайық еңбегі барлығын көреміз, кеш болса да, халқымыз Бегайдарды ұмытпай ақталған соң яғни 28.12.1992 ж. бастап, ол туралы бірсыпыра жұмыстар істелді. Б.Аралбаевтың 100 жылдығы оның туған жерінде кеңінде атап өтіліп, ол туралы біз архив материалдарымен қоса, шыққан Маханұлының Алматыда 1996 ж. басылған Бегайдар Жантөреұлы Аралбаев» деген кітап материалдарын пайдаландық. Халық үшін аянбай еңбек еткен азаматтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен кітап, мақалалар жазумен Қызылордаоблысы Жаңақорған ауданындағы 52 орта мектепке Б.Аралбаевтың есімі берілді.
Жоғарыда біз атап өткен қыруар жұмысты Б.Аралбаев халық үшін істесе, халқы да оның ал дында қарыздар болып қалмайды демекпіз.
Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.18-25.
Жарияланған-2019-12-03 13:06:07 Қаралды-2361
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану