Санжар Жафарович Асфендиаров 1889 жылы 20 қазанда Ташкент қаласында әскери тілмаш отбасында дүниеге келді. Әкесі Жафар сол кездегі Сырдария облысы әскери округінің генералы Гредасовтың тілмашы болған.
С.Асфендиаров 1907 жылы Таукент қаласындағы реалдық оқу орнын (училищені), ал 1912 жылы Санкт-Петербург қаласындағы әскери-медицина академиясын аяқтайды. Содан кейін әскери қызметті Термез қаласындағы гарнизонда атқарады. Бірінші дүниежүзілік және ақ гвардияшылармен болған соғыстарға әскери дәрігер ретінде қатысты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Түркістан полкі құрамында майданға жіберіледі. Лодьзя маңында полк қоршауда қалып, тұтқынға түседі. Германияда бір жыл азапты өмір көшеді. 1915 жылы желтоқсан айында Батыс Еуропадан (Швециядан) Санкт-Петербург қаласына қайтып, Ташкентке қайта оралады.
Мұнда С.Асфендияров солдат және шаруа депутаттарының Түркістан облыстық Кеңесіне сайланып, революциялық қозғалысқа қызу араласады. С.Асфендиаров сол кездегі Түркістанда көзге көрінген ірі идеологиялық қызметкерлердің бірі.
1919 жылы17 қазанда Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық Комиссары болып тағайындалып, 1920 жылға дейін жұмыс істейді. Сөйтіп сол кездегі қиын да, жауапты жұмысты атқаруға құлшына кіріседі.
Біріншіден, ол кезде Түркістанда жоғары білімді, тіпті арнаулы орта білімді медицина мамандары жоқ дерлік еді.
Екіншіден, Түркістан халықтары арасында түрлі жұқпалы аурулар кең тараған болатын. Кейбір ауылдарда, әсіресе, балалар арасында өлім-жетім көп болды. Бұл қиындықтар Түркістан Республикасының тұңғыш Денсаулық сақтау халық комиссары С.Асфендиаровқа аса ауыр жауапкершілік жүктейді.
Бұл жерде ерекше айта кететін жай - С.Асфендиаровтың отбасында жоғары білімді, өз жұмысына қалтықсыз берілген, халыққа күндіз-түні аянбай еңбек ететін тәжіребелі, медициналық мамандыққа ие апасы Гүлім, қарындастары Фатима, Әнелдер Санжарға жәрдемші болған.
С.Асфендиаров Түркістан республикасында Денсаулық сақтау комиссары қызметін атқарған кезде облыстық, аудандық және ауылдық бөлімшелерін жаңа медициналық құралдармен жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, санитарлық жұмыстарды жақсартуға, жергілікті ұлт өкілдерінен дәрігер мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөледі.
Іскер, білімді, өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын С.Асфендиаровты Түркістан өкіметі жауапты жерлерде үлкен сеніммен жіберіп отырған. Бұл кездегі ең жауапты қызметтердің бірі - 1918-1920-жылдары Түркістанның қатты күйзелген шаруашылығын қалпына келтіру еді.
С.Асфендиаров 1920 жылы 26 тамызда Түркістан Атқару комитетінің президиум мүшесі болып сайланды.
1921 жылы Түркістан халық комиссары кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1923 жылы 21 маусымда С.Асфендиаров жер-су халық комиссарықызметіне сайланды. Өзіне сеніп тапсырылған өте жауапты бұл жұмысты орындауда ол өзінің іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Ауыл шаруашылығында шешілмей жатқан ірі проблемаларды көтерді. Үнемі тынымсыз жұмыс істеп дағдыланған С.Асфендиаров Түркістан Республикасында өзбек қыстақтарын және қазақ, қарақалпақ, қырғыз ауылдарын аралайды. Жаңа өкімет шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, сол кезде жер суды пайдалануда жол берілген бұрмалауларды анықтап, бұл қателіктерді жоюға нақты шаралар қолданады. Бұл салада Санжар көптеген аса маңызды мәселелерді шешуге кіріседі. Шаруашылық, мәдениет, ел тарихы, халықты отырықшылыққа шақыру сияқты күрделі мәселелерге арнап құнды мақалалар жазады. «Народное хозяйство Туркестана» журналының 1920 жылғы №5 санында С.Асфендиаровтың Түркістандағы аграрарлық мәселелерге арналған мақаласы жарияланады. 1924 жылы қаңтарда Түркістан Атқару комитеті президиумы мүшелігіне сайланды.
Сол жылы ол Орталық Комитетінің Орта Азия жөнідегі бюро мүшесі болып қызмет істейді. Бір жылдан кейін (1925жылы) ВЦИК секретарының орынбасары және Президиумі мүшелігіне сайланады.
Сонымен бірге МГУде оқытушылықпен айналысады. С.Асфендиаровтың бірқатар ғылыми шолулары және ғылыми еңбектері, мақалалары журналдарда басылып шығады. Өз ана тілін, қазақ тілін жете білумен бірге орыс, ағылшын, неміс, француз және араб тілдерін де жақсы білген.
1926 жылы қаңтарында «Власть Советов» журналының редколлегия мүшесі болды. 1927 жылдан 1928 жылға дейін Москвадағы Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры қызметін атқарды. Сол арада оған МГУ-дың профессоры деген ғылыми атақ беріледі.
1928 жылы Қазақстан өкіметінің шақыруымен Алматыға қызметке ауысады. Мұнда ол 1928-1937 жылдар аралығында Абай атындағы институттың, кейінірек Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Алматы медицина институтының директоры, Қазақстан Денсаулық сақтау халық комиссары, ағарту жумыстары халық комиссары, қазақ улттық мәдениет ғылыми зерттеу институтында тарих секторының жетекшісі, Ғылым Академиясының Қазақстан филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
С.Асфендиаров халық шаруашылығы және басқа салаларында қызмет атқаратын кадрларды дайындауды республиканың өз ішінде жолға қоюға үлкен көңіл бөлді, сонымен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуға зор үлес қосты. Бұл мәселелер бойынша «Земельная реформа в Узбекистане», «О союзе Кошчы», «Эволюция хозяйственных форм в Туркестане» мақалалары астанада жарияланды. Сонымен қатар ол исламның пайда болу мәселелерімен де айналысты. «Причины возниковения ислама» атты кітабы 1928-1930 жылдары орыс және қазақ тілдерінде Самарқан және Ташкентте жарық көрді.
1929 жылы Алматыда зоотехникалық-малдәрігерлік, ал 1930 жылы ауылшаруашылығы институттарының ірге тасын қалады. Бұлардың барлығы ең басында университетке факультет ретінде енгізілуі тиіс болатын.
Арадан көп ұзамай 1931 жылы С.Асфендиаров Қазақстан Денсаулық сақтау халық комиссары қызметіне ауысты. Халыққа медициналық қызметін көрсетуді жақсарту жөнінде сан-алуан жұмыстарды орындады. Оның бұл салада атқарған қыруар еңбегі өз алдына бір төбе. Асыл азаматтың сол бір қиын қыстау, аштық пен ашаршылық жылдарында түнде ұйқы, күндіз тыным көрмей, халқымыздың денсаулығын сақтау жұмысына сіңірген еңбегін зерттеу әрі жарыққа шығару қазіргі ғалымдарымыз алдында кезек күтіп тұрған жұмыстың бірі болуға тиіс.
Санжар Асфендиаровтың тікелей басшылығымен 1931 жылы Алматыда қазақтың медициналық институты ашылды. Оның тұңғыш директоры да өзі болды.
Абай атындағы қазақ педагогика институтында тарих кафедрасын меңгерген жылдары С.Асфендиаров өзіне дейін жазылған тарихи әдебиеттерді құрастырып оған сын көзбен қарап қазақ халқының тарихын жасау мәселесін көтерді. Бұл туралы 1933 жылы «Большевик Казахстана» журналында мақала жариялады.
«Қазақтар тарихын,- деп жазған еді С.Асфендиаров,- мен үш кезеңге бөлемін: а) бірінші кезең-капитализмге дейінгі даму (XVIII ғасырға дейін): ә) екінші - отарлық кезеңі, Қазақстан патша өкіметінің отары және Қазақстандағы октябрь революциясының алғы шарттары б) үшінші кезең».
С.Асфендиаров дәрігер, тарихшы ғалым, идеология саласының қызметшісі, белгілі мемлекет қайраткері болумен бірге жазушы, филолог екендігін әр қайсымыз біле бермесек керек. Ол С.Жаппаров деген лақаппен бірталай повестер жазған. Бұл туралы Х.Хабиев былай дейді: «Ол шығыс елдері өмірінен «Шатер мира» атты орыс тілінде повесть жазған кісі, қазақ эпосы, ұлт мәдениеті, колхоз, совхоз театрлары туралы еңбектер жазды» (Хабиев X. Көргенім мен көңілдегім.1982,11 бет).
Жауапты партиялық жұмыстар, мемлекеттік міндеттер және жұмыс бастылыққа, уақытының тығыз, аз болуына қарамастан С.Асфендиаров халыққа білім беру жүйесі мектептер туралы да бірқатар еңбектер жазған. Мысалы, «Мектептегі төңкеріс іс мейрамдары» 1920 жылы, «О вопросах школьного краеведения», «Жоғары дәрежелі техникумдар үлгілі ісі үшін күресейік» 1935 жылы жарық көрді. Осылардың барлығын есепке алып С.Асфендиаровты энциклопедист-ғалым десек қателеспеген боламыз.
Алғашқы қазақ ғалымдарының бірі Санжар Жафарұлы Асфендиаров тарих мәселесіне де арнап аса құнды ғылыми еңбектер жазды. Оның ең басты ғылыми еңбегінің бірінші томы «История Казахстана с древнейших времен» деген атпен 1935 жылы Алматыда орыс тілінде баспадан шықты. Бұл кітаптың бірінші томында біздің эрамызға дейінгі 111 ғасырдан 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі аралықтағы қазақ елінің тарихы қамтылады.
«Қазақстан тарихының» екінші томы кеңестік дәуірге арнаулы тиіс еді. Бірақ асыл азамат бұл мақсатына жете алмай кетті...
Ғылыми кеңестер мен жиналыстарда, конференцияларда жасаған баяндамаларына қарағанда проф. С.Асфендиаров қазақ халқының тарихын терең зерттеп, оқулық дайындау мәселесін 1933 жылы күн тәртібіне қойған сияқты. Ол өзіне дейін жазылған қазақ халқының тарихына қатысты жұмыстарды зер сала оқып, ғылыми тұрғыдан талдайды.
Ғалым қалың архив қойнауына үңіліп, бұрынғы соңғы ғылыми айналымға түспеген құжаттарды тауып, оларды ғылыми тұрғыдан терең зерттей отырып «Қазақстан тарихын» жазды. Ал жинаған материалдары П.А.Кунте екеуі бірлесіп жазған. Жазба деректер мен материалдардағы Қазақстанның өткені (Прошлое Казахстана в источниках и материалах) деген атпен орыс тілінде 1935 және 1936 жылдары екі том болып баспадан шықты. Ғалымның бұл еңбегі өте құнды тарихи құжаттар жинағы болып есептелінеді.
Профессор С.Асфендиаров қоғамдық ғылымдағы аса күрделі тақырып-ұлт және ұлттық қатынастар, тіл және ұлттық тіл мәселелерін зерттеуде республикада ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Ол «Новый Восток» журналының 1928 жылғы 22 санында «Ұлт проблемасы және тіл туралы жаңа ілім» деген тақырыпта көлемді ғылыми мақала жариялады. Ғалымның бұдан 70 жыл бұрынғы осы мақаласында көтерген мәселелерінің маңызы дәл қазіргі күнге дейін өз мағынасын жоғалтқан жоқ. Дарынды ғалым С.Асфендиаров республика халық ағарту комиссариатының тапсыру мен орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары - институттар мен университеттердің студенттеріне арнап «Қазақтарихының деректері» деген оқулық жазды. Бұл республика тарихына байланысты тұңғыш құнды кітап еді. Бұдан тыс Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, «Шығыстың ұлттық революциялық қозғалыстар тарихы» деген кітаптары да баспадан шығып, халық ағарту комиссариатының арнайы қаулысымен орта мектепке арналған оқулық ретінде бекітілді де 1935-1936 жылдары оқушылар қолына тиді.
С.Асфендиаров «Қазақстандағы 1916 жыл ұлт азаттық көтерілісі» атты кітабында патша үкіметінің қазақ отарлау саясатының бет пердесін жеріне жеткізе ашып берді. Бұл еңбегінде орыс әкімдерінің қазақ жерінде жүргізген озбырлығын, олардың парақорлығын, әділетсіздігін әшкерелеп, нақты мысалдармен сипаттай отырып жазды. Сөйтіп, өмір шындығына жіті көзбен қарайтын ғалым Ресейдің қазақ жеріндегі отарлау саясатын сол кездің өзінде-ақ әшкерелеп әрі халыққа батыл түрде жеткізе білді.
1933 жылы Қазақстан жоспарлау комитетінің айына бір рет шығатын саяси-экономикалық «Народное хозяйство Казахстана» журналының редколлегия мүшесі болды.
1933-1937 жылдары Ғылым Академиясының Қазақстан филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
1938 жылы «Халық жауы» деген жаламен түрмеге жабылды. Еліміздің басқа да мыңдаған көрнекті мемлекетжәне қоғам қайраткерлері сияқты жалған жаламен ерте қаза тапты. Жеке басқа табынушылық әшкереленгеннен кейін С.Асфендиаровтың есімі ақталды.
1989 жылы 11 қаңтарда Алматы медициналық институтына С.Асфендиаровтың аты берілді.
Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.26-32.
Жарияланған-2019-12-03 12:57:39 Қаралды-4386
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану