UF

Қазіргі күнде XX ғасырдың 20-30-жылдары еліміздің болашағы мен халқымыздың бақыты үшін жанқиярлық танытып күрескен Т.Рысқұлов, Ф.Хожаев, А.Икрамов, Н.Төреқұлов сияқты ел басшылары туралы белгілі ақын-жазушылар мен ғұлама тарихшы ғалымдардың көптеген кітаптары жарияланды. Олар жөнінде ел арасында өлең-жырлар, аңыз-әңгімелер айтылып, есімдері ардақталып, мәңгілік ескерткіштер орнатылды. Олар туралы қанша жазылса да аз. Дарынды тұлғалардың қызметтеріне жан-жақты көңіл бөліп мадақтап қалам тартсақ мақсатқа сай болады деп ойлаймын. Архив құжаттарында әлі де жарық көрмеген шығармашылық еңбектерімен халықты таныстыра білсек, сол асыл ағалардың арманын орындаған боламыз. Ағалар еңбегінің негізгі арқауы-тәуелсіздік, халық бақыты үшін күрес.

Қазіргі егемендігімізді нығайту жолында осындай біртуар ағаларымыздың есімдері өте ардақты. Осыған байланысты жуырда Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесі мен Республика Президенті И.А.Каримов Файзулла Хожаевтың 100 жылдық мерейтойын жан жақты атап өту туралы қол қойған  қаулысының маңызы өте үлкен.

Ежелден қалыптасқан әдет-ғурпымыз бойынша бұл фәни дүниеден өткен адамдар туралы тек жақсы сөз айту, олардың жақсы жақтарын қабылдап алуды тәуелсіздік рухымен байланыстыру, оларды үлгі ету қажет-ақ. Әсіресе, езілген халықтардың зұлымдықтан азаттыққа, еркіндікке, бақытты өмір жолына қадам бастауға деген құлшынысына көп еңбек сіңірген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Файзулла Хожаевтың өмірі мен саяси жолына терең үңілсек, елі үшін ғибратты екендігін сезінеміз.             

Файзулла Хожаев өте зерек, білімді, кішіпейіл, адамгершілігі мол, жоғары мәдениетті кісі болған. Әлем халықтарының тарихы мен әдебиетін жан-жақты білумен қатар, ұлт тарихын, әдет-ғұрпын бойына мейлінше қалыптастырған ұлы тұлға. Сондықтан да ол өз ұлтымен бірге біте қайнасып, бірге жасап келе жатқандай көрінеді. Әсіресе, өз ұлтының мұны дұрыс түсініп, дәстүрін жақсы меңгерген. Оның еңбектері оқырмандар үшін тартымды, халқының көкейіне қонымды, одан көп тәлім алуға болады. Кезінде елбасшысы болған Файзулла Хожаевтың бойындағы ең асыл қасиетін ол замандастарына, үзеңгілес достарына айрықша құрметпен қарап, оларды жаңа істерге жұмылдыратын. Ол Түркістан өлкелік мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов және С.Қожановтармен бірге жұмыс істеді.

Файзулла Хожаев 1896 жылы Бұхара қаласында өндірілген мақта талшығын, қаракөл өнімдерін Ресей және Лейпциг қалаларында сатушы, бай-саудагер Убайдуллақожаның жанұясында дүниеге келеді.

Ата-анасы одан үлкен үміт артып, үйімізге пәйіз кірсін деген ниетпен есімін Файзулла деп қойды. Әкесі бай, дәулетті болғанына қарамастан Бұқара әмірін ұнатпайтын. Оның жүргізген ішкі және сыртқы саясатына іштей ренжіп жүретін. Ол Кавказ, Мәскеу, Петербург қалаларына жиі-жиі қатынап, сауда байланысын нығайтумен шұғылданды. Орынбор, Псков, Новгород, қалаларында керуен сарайларын құрды. Файзулланың анасы-Райхан Сайдмұратқызы Ромети қыстағындағы кедей, қол өнеркәсібімен айналысатын отбасында бой жетті. Анасы жас Файзулланы балалық шағынан кедейлерге, жарлы-жақыбайларға, езілген халықтарға көңіл бөлуге үйретті. Әкесі зейінді, алғыр жас балаға халық ауыз әдебиеті улгілерінен-ертегілер, дастандар айтып беретін. Сондай-ақ, сауда төңірегінде әңгіме өрбітетін.

Файзулла алғаш мұсылман мектебінде, соңынан Бұхарадағы медреседе оқыды. Бұл кезде Бұхарада көше көп-тұғын. Осы көшелер бойында 360 мешіт, 138 медресе жұмыс істейтін. Жастайынан білімге ынталы Файзулла көбінесе араб тіліндегі әдебиеттерді жалықпай оқыды, парсы, тәжік тілдерін толық меңгеру арқылы Науаи, Бабыр, Рудаки, Фердауси шығармаларын қысқа уақыт ішінде меңгеріп алды.

1907 жылы көктемде 11 жасқа толған Файзулланы әкесі өзімен бірге ертіп Мәскеуге барады. Қаладан пәтер сатып алады. Осы үйде 1912 жылға дейін мұғалім жалдап, жас Файзулланы оқытады. Мұнда Файзулланың білімге, кітапқа деген ынтасы күн сайын арта түседі. Осы жерде қазақ, татар, орыс саудагерлерінің балаларымен қоян-қолтық араласып, дос болып кетеді. Олар арқылы қанаудағы халықтардың өмірі туралы көп әңгімелерге қанығады.

1912 жылы Мәскеудің коммерция институтына оқуға түседі, бірақ ол мұнда көп оқи алмайды...

1912 жылы Файзулла Хожаев әкесімен бірге Меккеге жол алады. Ол Нижний Новгород қаласына жеткен кезде пойызда әкесі кенеттен қайтыс болады. Әкесін Бұхараға әкеліп жерлегеннен соң, 1913 жылы Мәскеуден елге түбегейлі қайтып оралады. Бұхара қаласына келіп, медреседегі оқуын одан әрі жалғастырады. Мұндағы жәдиттер көтерілісіне қатысты. Көп ұзамай жас бұхарашылар ұйымының белгілі басшыларының бірі болды. Бұхара әмірлігі 1917 жылдың ақпанынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына үш рет ел адамдарын қудалап, аяусыз қырды. Файзулла Хожаев зұлым күш иелерінен қашып құтылды. Бұл жерде реакция әбден күшейген кезде Фитрат, С.Айни, Ф.Хожаевтарға әмір шешімімен сырттай өлім жазасына үкім етілді.

1918 жылы жаз айында Файзулла Мәскеуге бара жатып Орынборда атаман Дутов жендеттерінің қолына түсіп, 4 ай абақтыда болады. Дутовшылардың дала соты оны өлім жазасына үкім етеді, бірақ оны жолдастары түрмеден босатады.

Файзулла Хожаев, Алим Чураев атымен Самара, Қазан, Сызрань қалаларында бірнеше ай жасырынып, көп қиыншылықтан соң 1918 жылдың қыркүйегінде Мәскеуге әрең жетіп келеді. Мәскеуде 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан Өлкелік Мекемесі өкілеттік бөлімі жанындағы жас бұхарашылар партиясы ұйымына төраға болып сайланды. Соңынан Ташкентке қайта оралып, 1920 жылдың 15 сәуірінен бастап, «Учқун» газетінің жарыққа шығуына басшылық етеді. 1920 жылы 28 тамызда Бұхара еңбекшілерін әмір егзісінен азат ету жолындағы азаттық күресіне басшылық жасайды.

1920 жылы 2 қыркүйекте Бұхара қаласында XVIII ғасырдың екінші жартысынан бері үстемдік жүргізіп келген Маңғыт династиясының ең соңғы өкілі Әмір Сайд Әлімхан салтанаты одан әрі өмір сүруін тоқтатты. Бұхара Халық Республикасы үкіметінің Кеңес төрағасы етіп 24 жастағы Файзуллаев сайланды. Осы лауазымда 1920-1924 жылдары қызмет етті. Жас Бұхара Кеңестік Халық Республикасының үкіметі алғашқы күннен бастап, ғасырлар бойы бұғауда езіліп келе жатқан халық арманын жүзеге асыруға бел байлады. Осы жылдары Түркістан Республикасының басшылары Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, А.Икрамов, А.Рахымбаев, С.Қожановтармен тікелей қарым-қатынас жасап, халықтың мұң-мұқтажын жүзеге асыра бастады. Қай мәселе болмасын, олардың өзара кеңестері арқылы шешілетін. Жоғарыда аталған тұлғалар қамқорлығымен отан тарихы мен әдебиетін өркендетуге бір кісідей атсалысқандығы жөнінде құжаттар бар.

Татар журналисі Шәріп Байшора өзінің естелігінде: «1922 жылы «Инқилоб» журналы жарыққа шығу қарсаңында Ф. Хожаев редакцияға жиі-жиі соғып, оның ұйымдастырушыларының бірі - Нәзір Төреқұловпен кеңескенін әңгімелейді. Файзулла журналғаөзбектің шығармашылықпен айналысатын жастарын көбірек тартуды уағыздайды. Аталмыш басылымның жақсы, әрі сапалы шығуына қолғабыс етеді», - деп жазады.

1922 жылы Файзулла Хожаев Германиямен келісім-шартқа отырып қыркүйек айында Бұхара жастарының сол елге барып білім алуын ұйымдастырады, оның жүзеге асуына тікелей басшылық етеді. Сондай-ақ, Германиядан 200 орындық емдеу-жабдықтау, техникалық бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді республикаға жеткізеді.

Диқаншылықты өркендету үшін қажетті техникалар мен саймандарды көрші елдерден әкелуді ұйымдастырды. Сол жылы Т.Рысқұлов (ТуркЦИК-тің төрағасы еді) Германияда болып, Ф.Хожаев бастамасының нәтижелі болуына мол үлес қосты.

Файзулла Хожаев, Т.Рысқұлов жетекшілігімен 20-30 жылдары Орта Азияның жүздеген жігіт-қыздары Германияда білім алып, елге маман болып оралды. 1922 жылы Бұхараның сыртқы жағдайы дағдарысқа ұшырады. Н.Төреқұлов Түркістан Республикасы Кеңесінің X съезінде елде белең алған келеңсіз жағдайды баяндады. Бұхараға елдердің дерлік бәрі көмек бере бастады. Ф.Хожаев халықаралық Генуя конференциясына қатыспақ болған делегация құрамына енеді. Бірақ, Бұхарадағы жағдай шиеленісуіне байланысты кері елге қайтуды жөн көреді. Мәселені шешу мүмкіндігіне ие болды. Ф.Хожаев ұзақ жылдар бойы С.Айнимен дос болды. Екеуінің ойы мен пікірі бір жерден шыға бастады.

Ф.Хожаевтың әкесінен қалған үлкен байлық арқылы Ресей, Еуропа мемлекеттерімен сауда-экономикалық байланыстарын өркендете отырып, бүкіл ғұмырына жететін байлыққа ие болып, бақытты өмір жасауы мүмкін еді. Бірақ, ол бұл жолмен жүрмеді. Әкесінен қалған байлықты мыңдаған жарлы-жақыбайларға, әмірлікке қарсы күрескен жасырын қоғамдарға, мектеп, баспасөз, оқу істерін жұмсады.

1925 жылы ақпанда Файзулла Хожаев Өзбекстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, ӨзбекстанРеспубликасы атқару комитеті төралқасының мүшесі болып сайланды. Осы қызметінде 1937 жылдың 17 маусымына дейін қалтықсыз, адал қызмет істеді. Ол мемлекеттің экономикасы мен мәдениетін өркендетуге мол үлес қосты. Файзулланың тікелей басшылығымен өнеркәсіптің көп укладты формасын қалыптастыруда қыруар жұмыстар істелінді. Самарқанд және Ферғана өңірінде мәрмәр, түсті металл кендері табылып, халық қожалығында іске аса бастады. Алмалық мыс комбинаты құрылып, өнім өндіру жолға қойылды. Шыршық электр химия, Ташкент тоқыма өнеркәсібі комбинатын құрудағы еңбектері өз алдына бір төбе. 1929 жылы 10 қазан айында С.Қожанов Ташкент Орта Азия мақта, ирригация, политехника институтының тұңғыш ректоры болып тағайындалды. Осы институттың аяққа тұрып кетуінде Ф.Хожановтың айтарлықтай үлесі бар.

Файзулла Хожаевтың белгілі тарихшы, публицист екендігін айқындайтын 505 еңбегі жарық көрген. Осы ғылыми еңбектерінің 133-і оның тірі кезінде баспадан шыққан болса, 378 құжат республика архивінде сақталуда. 1970 жылдары оның 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Ф.Хожановтың еңбегін жарыққа шығарып, ғылыми зерттеу жұмысымен шұғылданып жүрген ғалым бар. Оның есімі - Надира Рахманқызы Махкамова. Надира 1995 жылы «Мемлекет қайраткері Файзулла Хожаевтың еңбектері арқылы «Өзбекстан тарихын үйрену» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Файзулла Хожаев ұлан-ғайыр, асқақ армандарын жүзеге асыра алмай жазықсыз жала жабылып, 1937 жылы 41 жасында сталиндік репрессияның құрбаны болды. Оның арманы-егемендік еді.

Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.26-32.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-03 12:52:48     Қаралды-1734

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »