UF

Республика баспаларынан жарық көрген кітаптар мен журнал беттерінен Нәзір Төреқұлов туралы тың деректерді аз кездестірмейсіз. Оның қоғам қайраткері ретіндегі өнегелі өмірі, ағартушы-журналист, публицист қызметтері туралы соңғы уақытта/көп жазылып келеді. Алайда, мектеп оқулықтарында, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында оның аты, қызметтері жөнінде ешнәрсе айтылмайтыны өкінішті-ақ.

Әрине, кезінде көптеген деректер бұрмаланып, Орта Азия елдерінің тарихында өшпес жұлдыздай із қалдырған азаматтардың есімі ұмытыла бастағаны да бекер емес. Ташкентте «Түркістан - ортақ үйіміз» бастамасымен жақында Орта Азия халықтарының мәдени форумы ұйымдастырылды. Бұл бәрімізге ортақ түркістандық қайраткерлердің есімдерін ел есінде қалдыруға септігін тигізуде.

Нәзір Төреқұловтың келешекте тарихта өз орнын алатыны сөзсіз. Бірақ, әлі толық анықталмаған, халқымызға аян болмаған көптеген еңбектері бар.

Дарынды қайраткердің 20-30-шы жылдары жарық көрген 100-ге жуық публицистік мұрасы, 50-ден астам мазмұнды ғылыми еңбектері мен мақалалары том-том жинақ болатыны анық. Ташкент, Мәскеу, Санкт-Петербург архивтерінде сақтаулы жатын Құжаттар қаншама десеңізші. Оларды жарыққа шығару істері басталды. Ташкенттегі ғалымдар- профессор Сейдуалы Тілеуқулов, доцент Оразымбетов Шірінбек, «Нәзір қоры» жетекшісі Ыбрай Исмайыловпен бірге 1994-1998 жылдары оның жеті кітабы шығарылды.

Нәзір Төреқұловтың өмірі мен еңбек жолын тереңірек түсіну үшін бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

БІРІНШІ КЕЗЕН. Нәзірдің әкесі Төреқұлдың туып-өскен жері - Отырар маңы. Ол- Қоңыраттың Маңғытай руынан. Төреқұлдың өмірі Ферғана өңірімен тығыз байланысты. Ол іскерлігі арқасында Қоқанға келіп заң қызметкері, әрі оқыған, сауатты коммерсанттардың бірі болып көзге түсті. Ол балалары - Нәзір мен Қадырды жастай осы салаға баулиды. Амал не, қоғамдағы өзгерістер олардың тағдырын да, алға қойған мақсатын да өзгертіп жіберді. Бұл 1917-1918 жылдары Қоқан қаласында өткен тарихи оқиғаларға қатысты. Төреқұл отаршылдықтан құтылу, егеменді мемлекет орнату жолында күресіп жүріп, Қаркиз - баба деген ауылдағы бір шайқаста басмашылар қолынан қаза тапты. Отбасында қызы Фатима мен үш жиені жетім қалды. Атаның 17 жасқа толған баласы Қадыр бірінші атты әскер полкыне қабылданып, алғашқы кезде Қоқан уезінде, соңынан республиканың басқа жерлерінде тәртіп қорғау органдарында қызмет етті. Ташкент уезінің Аққорған, Бөке аудандарында милиция бөлімінің бастығы, Ош қаласында, Кенимех аудандарында Кеңес атқару комитеттерінің төрағасы болып істеді.

Сыр бойынан Түркістан өңіріндегі Кандоз аулында 1892 жылы дүниеге келген Нәзір өміріне келсек, ол жастық шағын Қоқан қаласында өткізеді. Қалада үш жыл мұсылманша оқыды, соңынан тағы үш жылдай орыс-түзем мектебінде оқып, бітірді. Содан қаладағы сегіз жылдық коммерциялық училищені аяқтады. Жасынан зерек ол бір жылдары түрік, араб, парсы, орыс тілдерін меңгерумен бірге шығыс әдебиетін, тарихын терең біліп алды. Әсіресе, Құран Кәрімді жатқа айтады екен. Оның білімге, мәдениетке қуштарлығы ел қамқоршысы әрі кемеңгер болып қалыптаса бастауына алып келді.

1914-1916 жылдары ол Мәскеудегі коммерциялық институтта үш жыл оқыды. Бұл аралықта француз, неміс, ағылшын тілдерін меңгеріп алды. Жеті тілді меңгерген ол әлем мәдениетінің қайнар бұлағынан сусындап, оның нәрін өз бойына сіңірді.

Қазақ халқының біртуар азаматтары - Әліхан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтурсыновтармен араласып оларды өзіне ұстаз тутқан.

Н.Тәрекұлов өмірінін екінші кезені 1916 жылғы оқиғамен байланысты. Патша өкіметінің озбырлық саясаты салдарынан Орта Азия жастарының бір тобы батыс майдандағы Белоруссияға қара жұмысқа жегілді.

Мәскеудегі оқуын тастап, осы жерге келген Нәзір «Земсоюз» мекемесіне нусқаушы болып орналасты. Көп ұзамай-ақ патшаның отарлау саясатын әшкерелеу, Түркістан өлкесі еңбекшілерінің ұлт-азаттық көтерілісіне дем беру мақсатымен Минск қаласының маңында «Еркін дала» атты қупиялы қоғам құрды. Бұл қоғамның атқарған жұмысы - үлкен дүние. Нәзір аға осы қоғамда саяси мәні бұл ұлан-ғайыр тапсырманы орындады. 1917 жылы әуелі ақпан, соңына қазан төңкерістері болған кезде Нәзір Түркістан өлкесіне қайтып оралды. 1918 жылы Қоқан қаласында төңкеріс комитетінің хатшысы, Қоқан қаласында төңкеріс комитетінің хатшысы, Қоқан кеңесінде жұмыс атқара жүріп, оның баспасөз органы «Халық газетасын» шығаруға қатысты. Кейін Ферғана облыстық төңкеріс комитетінің төрағалығына көтерілді. Облыстық халық ағарту бөлімінің бастығы қызметін атқара жүріп, «Жаңа шығыс», «Ферғана» газеттерінің редакторы болды. Өзінің «Редактор және оқушы», «Скобелев ағарту меңгерушісі» тағы басқа мақалалары арқылы ол қарымды қаламгер, білікті басшы екендігін танытты. Оның білгірлігінен хабардар болған Түркістан республикасы ағарту комиссариаты 1918 жылы көктемде Ферғана облыстық Кеңестер депутаттығына телеграмма жолдап, Н.Төреқұловты қазақ педагогика курсын ұйымдастыру үшін тезірек жіберуді өтінді. Коп өтпей Ташкентке келген Нәзір қазақ курсының оқу жоспарын, бағдарламасы мен қажетті қаражаттарды дайындап берумен бірге, сол жылы тоғыз айлық алғашқы қазақ педагогика курсының негізін қалады. Кейін бұл оқу орны Нәзірдің басшылығымен қазақ педагогика училищесіне, 1920 жылы қазақ педагогика институтына айналды.

1919 жылы Түркістан республикасы Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды, «Иштракиюн» газетінің редакторы болды. 1920-1922 жылдары Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы. Түркістан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, Туркбюро мүшесі, Орта Азия бюро мүшесі, Халық ағарту комиссары сияқты көптеген жауапты қызметтерді атқарды. Нәзір ағаның ел басқару қызметтерінің негізгі арқауы халықты азаттыққа, тәуелсіздікке жетелеу болды.

1921 жылдың 21-25 тамызында өткен Кеңестердің бүкілтүркістандық X съезінде Н.Төреқұлов есепті баяндама жасап, Түркістан атқару комитетінің жанынан ұлттар бөлімін ашуды ұсынды. Түркістан мұсылман бюросын басқарған кезінде Түскістан атқару комитетінің жанында қазақ, өзбек, түрікмен бөлімдерін ұйымдастырып, жергілікті халық мәселелеріне айрықша көңіл бөлді. Түркістан өлкесіндегі демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру, Құрбан айттың үш күнін мерекелеу, Прежевальск қаласын «Қарақол» деп атау ұлтаралық мәселелерді терең білетіндігіне айғақ еді. Мұсылман дінін құрметтеуге, мемлекетте тәртіп орнатуға, мәселені халық мүддесі тұрғысынан жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отырды. Осы орайда ол публицистік қабілетімен көзге түсті. Тек қана «Иштракиюн» («Коммунист») газетінде «Дарвиш» («Дәруіш») «Намакоб» («Тузды су») бүркеншік аттарымен «Қайғылы бір әңгіме», «Біздің қабілетсіздігіміз», «Балық басынан шіриді» деген сияқты 50-ден астам сын мақалалары мен өлеңдерін жариялады. «Қызыл байрақ», «Түркістан» газеттерін ұйымдастырып, олардың мазмунды жарық көруіне атсалысты. Осы газеттерге оның 30-ға жуық мақала, өлеңдері шықты.

1922 жылы Н.Төреқулов мемлекет басшылығындағы қыруар жұмыстарға қарамастан «Инқилоб» («Төңкеріс») атты журналды ұйымдастырып, оның алғашқы бас редакторы болды. Газет үшін іс тетігін жақсы білетін кадрларды таңдай білді. Нәзір ағаның басшылығымен ұйымдастырылған бұл журнал 1922-1924 жылдары халық арасында кең таралды. Оның ақпандағы бірінші санының бас мақаласы Нәзір Төреқулов атымен, кейінгі мақалалары “Дәруіш” деген бүркеншік атымен жарияланып түрды. Сол кездегі жазушылар мен ғалымдар мемлекет қайраткерлері журнал төңірегінде шоғырланып, сол кездегі ділгір мәселелерді өткір түрде қозғап отырды. Садриддин Айни, Фитрат, Ф.Ходжаев, А.Икрамов, С.Қожанов, А.Рақымбаев, С.Асфандияров журналдың сапалы шығуына өз үлестерін қосты.

Нәзір Төрекұлов өмірінін үшінші кезені. 1922 жылдың соңынан 1928 жылға дейін Мәскеуге Орталық баспасөз бөлімінің бастығы болып істеген қызметімен ерекшеленді. Отызға толып, ел қызметіне ысталған Нәзір мунда тек басқарма бастығы болып қалмай, өзінің бірнеше ғылыми еңбектерімен де танылды. Сол жылдары Мәскеуде «Жаңа әліппе», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Жат сөздер», «Біздің Ғани» атты кітаптары жарық көрді. Мәскеуде «Темірқазық» атты журналын шығарды. Оның екі санында жарық көрген мазмунды мақалалары қазіргі таңда өте қунды еңбек болып табылады. Әсіресе Орта Азия халықтарының әріпін латыншаға ауыстыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамында атқарған еңбектері өте маңызды. Мәскеуде Орталық баспаға жетекшілік етумен бірге халқымыздың тарихын, тілін зерттеуде көп істер тындырды.

1922 жылы наурыз айында Кремльде Лениннің қабылдауында болып, оған жергілікті халықтардың ана тілі мемлекеттік тіл болуы керектігін көлденең қоя білді. Мәскеу қаласынан жоғары оқу орындарындағы лекцияларын орыс, неміс, француз тілдерінде оқыған, ғылыми конференцияларда тіл мәселесін жоғары көтеріп, оны терең зерттеумен шұғылданған. 1926 жылы Бакуде өткен тюркологтардың бүкілодақтық съезіне қатысып, алфавит бойынша баяндама жасады. Жаңаша жазудың ең оңай, ең тиімді жолдарын ұсынды.

Дарынды аға ғұмырынын төртінші кезені 1936 жылдар аралығында Сауд Арабиясы жерінде қызмет етумен байланысты сегіз тілді жетік меңгере білуі, сыналған мемлекет қайраткері ретінде танылуы нәтижесінде оған ең жауапты міндеттер жүктеліп отырды. 1928-1932 жылдары Н.Төреқұлов Кеңес Одағының һиджаздағы (Сауд Арабиясы) бас консулы, кейін 1932-1936 жылдары өкілетті елшісі болып істеді. Қазақстаннан шыққан тұңғыш дипломат Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатын жүзеге ісыруда екі ел арасында саяси және сауда қарым-қатынасын нығайтуға көп үлес қосты. 1929 жылы Сауд Арабия мемлекетінің королі Ибн Саудтың қабылдауында болып, достық байланыстың негізін қалады. Оның елшілік қызметін арабтар әрдайым жоғары бағалап отырды. Ол жердегі халықтардың тарихы, мәдениеті жөнінде бірқатар еңбектер жазды. Оның елшілік қызметі апі де терең зерттеуді қажет етеді. 1936 жылы Нәзір Төреқұлов елшіліктен босатылғаннан соң Мәскеуде 1937 жылдың тілде айына дейін Шығыс халықтарының тілі мен адебиеті институтының ғылыми қызметкері, институт проректоры болып істеді. Ол кезде бұл институт Марр атындағы тіл және ой институты деп аталатын. Бұл жерде бір жарым жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазды. Тарих саласындағы зерттеулерін кеңейте түсті.

Нәзір Төреқұлов еңбектерінің қазіргі тарихымызды қайта тану үшін маңызы үлкен. 1920 жылы баспадан шыққан «Совет өкіметінің үш жылдығы» жинағындағы «Қоқан автономиясы» мақаласында және төтенше мұсылмандар депутаттарының съезінде М.Шоқаевтың жетекші рөлін сипаттайды. Автономияның екі ай тұрып, сегіз күндік шайқастан кейін құлауын көрсетеді. «Ферғана мәселесі» мақаласында Кеңес үкіметінің жол берген қателіктерін ашып көрсетеді. 1923 жылы «Ұлттар өмірі» журналында «Түркістан автономиялы республикасы» және академик В.В.Бартольдтің «Түркістан тарихы» кітабына берген пікірі де құнды. 1926 жылы Мәскеуде жарияланған «Ұлт мәселесі және мектеп» кітабы арқылы тарихшыларға патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының ащы шындығын батыл көрсетіп, аз ұлттардың ағарту ісін өркендету мәселесін көтереді. Оның тарихқа байланысты осындай еңбектері Н.Төреқұловтың көреген саясатшы, көрнекті тарихшы ғалым екендігін танытады. Түркістандық дарынды тұлғаның сегіз қырлы, бір сырлы өмірін үйрену, ұрпақтарға жеткізу алдымызда тұрған үлкен парыз.

Түркістан өңірінде халқына еңбек сіңірген абзал азаматтар аз емес. Олардың есімдерін есте қалдыруға байланысты Қазақстан мен Өзбекстанда айтарлықтай істер қолға алынып, жұртшылықты қуанышқа бөлеуде. Ташкент қаласында бірқатар көшелерге мектептерге Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Сұлтан Сегізбаев, нәзір Төреқулов сияқты біртура азаматтардың есімдері берілген. Қаланың «Көкше» базарының жанынан өтетін Нәзір Төреқулов атындағы көше Акмал Икрамов ауданында үлкен бір аумақты алып жатыр. Шараф Рашидов атындағы ауыл азаматтары да көшеге Нәзір Төреқұловтың есімі берілгенін мақтан тұтады. Сонымен бірге «Фархад»базарына таяу жерде Нәзір Төреқұловатындағы өзбек орта мектебі көзге ерекше ыстық көрінеді. Мектеп алдындағы гүл өсірілген көрікті алаңда Нәзірдің бюсті орнатылған. Мектеп ұжымы алдағы уақытта дарынды тұлғаның өнегелі өмірінен сыр шертетін мұражай ашпақ. Қазір осы кең бөлме түрлі экспонаттармен жабдықталу үстінде.

Н.Төреқұловтың 105 жылдығына байланысты Қазақстанда Түркістан қаласында өткізілген мерейтойына Өзбекстан Республикасының ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерімен қатынасты. Ташкент қаласында жалғасып конференциялар өткізілді. Н.Төреқұлов қорының жетекшісі Ыбрай Исмаилов Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі, Өзбекстан Республикасы ұлттық мәдениет орталығымен біргелікте қаладағы Н.Төреқұлов атындағы орта мектеп оқутушы, оқушыларымен кездесулер өткізілді. Мектепте ағаға арналған музей ашылды. Қаладағы ІІІараф Рашидов атындағы маһалла және сол жерінің Нәзір Төреқұлов атындағы көше тұрғындарына ұлкен жиын өткізіліп, ас беріліп, Құран оқытылды. Қазақстаннан келген Н.Төреқұлов бауырларымен қонақтар маһалладағы өзбек тұыстармен құрметпен шапан киісуде, естеліктермен сыйласуда роспублика, кала Қазақ ұлттық мәдениет орталықтары ұйымшылдықтарын көрсетті.

Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.7-12.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-03 12:44:08     Қаралды-3213

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »