UF

Есі кіргеннен елі мен жерін, халқы мен салтын жанындай сүйіп, солар үшін қашанда жанып-күйіп қызмет еткен жандар қаншама ма? Олардың ұзақты болжай білуі, келешекте көре білуі халық арасында тез тарайды. Сондықтан, халқы ардақтайды, отырған жерде мадақтайды. Сондай жандардың айналасына топталуды армандайды. Ал, жақсы жандар халқын өз айналасына тез үйіріп алады. Өзінің адамгершілігімен, адалдығымен, тазалығымен бәрін де қызықтырады. Таңданған халық оған қарай талпынады.

Сондай жандардың бірі - Сұлтан Сегізбаев еді. Ол кезінде шын мәнінде жігіттің сұлтаны атанғанды. Сұлтан 1899 жылы Ташкент уәлаяты Аққорған ауданы Жағалбайлы аулында дүниеге келеді. Келешегінен мол үміт күткен ата-ана да баласына ерекше көңілмен қарайды. Аулында алғаш білім алған Сұлтан өзінің ізденуімен, зеректігімен, жүректілігімен Ташкентке келіп, гимназияға түседі. Оқуды жақсы оқи жүріп, түрлі үйірмелерді ұйымдастырады. Әсіресе, жастарды арамтамақ, алыпсатар, парақорлармен күресуге жаппай шақыруы оның беделін арттырады. Сөйтіп, оның абыройы күннен-күнге арта түседі. Ол ұйымдастырған үйірме үлкен ұйымға айналады. Нәтижеде Ташкентте ғана емес, Түркістан өлкесіндегі жастар Сұлтан ұйымдастыратын ұйымға қарай ұмтылады. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысады. Өзі ғана қатыспай, пиналасына азаттықты арман еткендерді топтастырып қатыстырады. Сол үшін оны патша үкіметінің орыс жендеттері қудалай бастайды. Бірақ азаттықты арман еткен Сұлтан алған бетінен қайтпайды.

Алғаш Кеңес үкіметі Түркістанда құрылғанда, ол тек түркі халықтарының азаттығын, тәуелсіздігін ойлап қызмет ете бастайды. Қызылдардың кейбір қылықтарына қарсы шыққаны үшін, туралықты айтқаны үшін, оны Ташкенттен шеттетеді. Соған қарамай ол барған жерінде өз жұмысын тыңғылықты тындырып, адамдарды айналасына тез баурап алуын жалғастыра береді. 1923 жыл Ферғана облысының хатшысы, «Ферғана» газетінің редакторы қызметтерінде істей бастайды. Оның ұйымдастырушылық қабілетін сезген Түркістан өлкесінің басшылары 1924 жылы Ташкентке шақырады. Алғаш Ташкент уездік комитетінің хатшысы, одан кейін Түркістан өлкесі Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарады.

Сұлтанның іскер жан екендігін сезген Түркістан өлкесінің басшылары оның 1925-1930 жылдары институтта оқуына мүмкіндік жасайды. Білімін жетілдіріп, халқына аянбай қызмет етуіне кәміл сенеді. Институтта оқып жүріп, кешкі бөлімінде декандық қызметті де атқарады. Оның декан болуына білімділігі мен іскерлігі себеп болады. Отызыншы жылдардың ішінде, институтты бітірген соң, үлкен лауазымдарда істей бастайды. 1932-1936 жылдары Қазақстан Орталық Комитетінің аппаратында қызмет істейді. 1937 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші хатшысы болады. Кейін Орталық Комиттеттің тапсыруымен Өзбекстан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы (1938) қызметінде болады. Сондай-ақ Қазақстан Жоғары Кеңесінің Одақ Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін де атқарады. Қай жерде жүрсе де өз жұмысына шын ықыласпен қарайды. Түркістан өлкесінде жасап жатқан барлық ұлттарға бірдей көзқараста болады. Олардың бәрінің жағдайының жақсы болуы үшін күреседі. Мәскеу басшыларының кейбір саясаттарына қарсы болады. Турасын айтып туғандарына жақпайтын жәйттерге ұшырай бастайды. Сонда да болса, ол айтқан бетінен қайтпайды, мойымайды. Ақыры жасырын қудалауға түсе бастайды. Отызыншы жылдардағы Сталиннің жүргізген кейбір саясаттарына наразылығын сездіреді. Мұны байқаған қулар, сұмдар, жағымпаздар, парақорлар, бәлеқорлар жасырын ізіне түседі. Ақ көңіл де адал Сұлтан ондай сұрқиялықты сезбейді. Өзі қандай адамгершілігі мол жан болса, өзгені де солай санаған халықтың адал ұлы халыққа арам қызмет етіп жүргендермен келіспей қала береді.

Екі халқының біртуар перзенті езінің білімділігімен, ізденімпаздығымен Түркістан өлкесі үшін көп қызмет жасады. Алайда, өзінің нағыз қылшылдаған жігіт кезінде бұл әлемнен өтеді.

Қырыққа келген шағында жігіттің сұлтаны - Сұлтан Сегізбаев адал адамдардың көз жасын көл етеді. Амал қанша, қимас жанмен қоштасуға мәжбүр болады. Сонда да болса өзінің аз өмірінде кейбіреудің жүз жылда да істей алмайтын жұмыстарын тыңғылықты етіп, тындырып тастайды. Артына өшпес із қалдырған Сұлтан халқының жүрегінің төрінен орын алды. Бұл күндері кейбір кеңшарлар мен ұжымшарлар, училище мен көшелердің аттары сол кісінің есімімен аталады. Ол аңсаған армандар бұл күндерде орындалып жатыр. Құдайға шүкір, Түркістан өлкесінде яғни Орталық Азияда 5 тәуелсіз Республика құрылды. Сұлтан Сегізбаев аңсаған арманының бірі - осы еді.

Сөз соңында айтарымыз, Сұлтан Сегізбаев жайлы әлі де көптеген мақала, кітаптар жазылары сөзсіз. Одан үлгі алған жас ұрпақ Сұлтан ағаларындай еліне адал қызмет етеді. Жақсылардан жақсы сөз өнеге қалады дегендей, сөздерін жүрегінде, үндерін құлағында мәңгі сақтап, келешегімізді гүлдендіреді деген жақсы ойдамыз.

Әдеб: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.72-75.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-11-07 15:12:36     Қаралды-1872

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »