Қорыту - қоректік заттардың ас қорыту жүйесінде әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырап, организмге сіңуі. Ас қорыту процесі бірінен кейін бірі үйлесіп, кезек сақтап келетін күрделі тізбек реакция сатыларынан тұрады. Қорытылған тағам заттары қанға және лимфаға өтіп барып, организмге сіңеді. Организмге түскен минерал тұздар мен витаминдер ғана ас қорыту жолында алдын ала қорытылмай, сол қалпында сіңеді.
Барлық бір клеткалы организмдерде және кейбір төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарларда ас қорыту процесі клетка ішінде өтеді. Олар қоректік заттарды өзін қоршаған ортадан клеткасы арқылы қамтып не жалған аяғымен қоршап алып, бірден клетка ішіне түеіреді де, ас қорыту вакуолясында қорытады. Клеткалық ас қорыту процесі де ферменттердің жәрдемімен жүреді. Көп клеткалы жануарлардың бәрінде дерлік қоректік зат клеткадан тыс, арнайы ас қорыту органдарындағы ас қорыту сөлінің көмегімен қорытылады. Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың ас қорыту жүйесі әр түрлі бөліктерден (ауыз, қарын, ішек) тұратын болғандықтан, тамақ әр бөлікте белгілі бір уақыт қорытылып, келесі бөлігіне өтеді. Адам мен сүт қоректі жануарларда ас ауызда ұсақталып сілекей бездері шығарған сілекеймен суланады. Сілекейдің бөліну мөлшері және сапасы тағамның химиялық құрамына байланысты. Мыс., құрғақ, ащы тағамдардың қышқылдық, сілтілік әсерін азайту үшін сілекей көп шығады. Адамда сілекей әрдайым (тәулігіне 1,0-1,5 л) шығып тұрады. Сілекей ферменттері (птиалин немесе амилаза және мальтаза), углеводтарды (крахмал) жай моносахаридтерге (глюкоза) дейін ыдыратады. Сілекейленген тағам түйірі тілдің және көмекейдің рецепторларын тітіркендіргендіктен, көмекей еті қозғалысқа келіп, жұту актісімен тағам қарынға өтеді. Сұйық ас өңештен 2-3 сек-та қою тағам 8-9 сек-та өтеді. Қарында углеводтардың қорытылуы аяқталады да, қарынның ас қорыту сөлінің ферменттері белок пен майды қорыта бастайды. Ферменттер белогты альбумозаға, пентазага және аздап липозаға дейін, майды аздап глицеринге және май қышқылына дейін ыдыратады. Бірақ қарын сөлі - ферменті пепсин қышқылды ортада (рН 1,5-2,2) реакцияға қатысады, сондықтан қарын клеткаларынан шыққан тұз қышқыды белокты бөрітіп пепсиннің әсеріне ыңғайлайды. Сондай-ақ тұз қышқылы қарынның бактероцидтік жұмысына және оның қозғалып, ас қорытуына да әсер етеді. Ересек адамда тәулігіне 1,5-2,0 литр қарын сөлі бөлінеді. Ет, көкөніс сорпалары т. б. экстрактивті заттар сөлдің көп бөлінуіне себепкер болады. Майлы тағам қарын секрециясының бөлінуін тежейді. Су сөл бөлінуіне аз әсер етеді. Ұзақ уақыт бір түрлі тағаммен (мыс., углеводтармен) тамақтану қарын сөлінің шығуын азайтады және оның ас қорыту күшін төмендетеді. Адам эмоциясы (ашулану, қорқу, қуану т. б.) да сөл бөлінуді бәсеңдетеді. Тағамдық зат қарында 4-10 сағат қорытылады. Бұл кезде су, шарап, қарапайым қанттар сіңеді. Қарынның жиырылып, созылу қызметі арқасында тағамдық зат он екі елі ішекке өтеді. Мұнда ол ұйқы безінің, ішектің, бауырдың осы ішекке бөліп шығаратын сөлінің әсеріне түседі. Осы жерде углеводтар мен белоктың қорытылуы әрі қарай жалғаса отырып, негізінде ұйқы безі сөлінің, ішек сөлі ферменттерінің әсерінен май ыдырайды. Адамда тәулігіне 0,6 литр шамалы ұйқы безінің сөлі, 0,7-1 литр өт сұйығы бөлінеді. ЬІдыраған және қорытылмаған тағам қалдықтары бұл ішектен аш ішекке өтеді. Бұл ішектің бездері бөліп шығарған сілтілі реакциялы ішек сөлінде (тәулігіне 1,0 л) пептидазалар белок қалдықтарын амин қышқылына ыдыратады, нуклеаза нуклеин қышқылдарын, липаза, амилаза, мальтаза, инвертаза және лактаза май мен углеводтын ыдырауын аяқтайды. Аш ішекте қорытылған заттар негізінде бүрлер арқылы сіңеді. Клетчатка қалдығынан, минералды тұздар, микроб және ішек-қарын қырындыларынан, қорытылмаған тағам қалдықтарынан нәжіс құрылады. Ас қорыту процесінің мерзімі – 1-2 тәулік. Ас қорыту процесі орталык нерв жүйесінің қызметімен реттеліп отырады, мұнда ас қорыту органдарынын қабырғасындағы рецепторлардың маңызы зор. Ас қорыту жүйесінің қызметі және онда жүретін Ас қорыту - организмдердің тіршілік ортасына бейімделу нәтижесінде қалыптасқан процесс.
Ас қорыту жүйесі - адам мен жануарлар организмінде ас қорыту қызметін атқаратын органдар. Ас қорыту жүйесі көптеген жануарлар тұрінде бір жағынан тағам енетін, екінші жағынан тағам қалдықтары шығатын түтік деп баламалауға болады. Ас қорыту жүйесінің қарапайым құрылысты түрі алғашқы төменгі сатыдағы ішек қуысты жануарларда (гидроидты полиптер, медузалар) ұрықтың дамуының гаструла сатысында пайда болатын алғашқы ішек қуысы (гастроцель) түрінде өзгеріссіз қалады. Оның пішіні қапшық тәрізді, ішкі беті энтодерма қабатты, бір ғана ауыз тесігі болады. Жоғарғы сатыдағы ішек қуыстыларда (сцифондты медузалар, маржан полиптер, ескекшілер), сондай-ақ жалпақ құрттарда едәуір күрделі келіп, гастронель қуысының эктодермасының ішке қарай көмкерілуінен пайда болатын алдыңғы ішегі (жұтқыншақ) және гастроцель қуысының қалған жерінен құралатын ортаңғы ішегі болады. Немертиндерде және барлық жоғары сатыдағы омыртқасыз жануарларда (жұмыр құрттар, буылтық құрттар, құрт тәрізділер, моллюскілер, буын аяқтылар, тікен терілілер) алдыңғы және ортаңғы ішектен басқа аналь тесігі бар, артқы ішек бар. Омыртқасыз жануарлар арасында ең күрделі құрылысты Ас қорыту жүйесі бас аяқты моллюскілер мен насекомдарға тән. Оларда ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын және ішек болады. Кейбір омыртқасыз жануарларда (иық аяқтылар, моллюскілер, шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер, кейбір тікен терілілер) бауыр, ал ұйқы безі бас аяқты моллюскілерде болады. Адамның және омыртқалы жануарлардың Ас қорыту жүйесіне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек (аш ішек, тоқ ішек, тік ішек), үш жұп сілекей бездері (шықшыт безі, жақ, тіл асты безі), бауыр, ұйқы безі жатады. Ас қорыту жүйесінің ауыз қуысынан кейінгі бөлімдерінің қабырғасы үш (сыртқы, ортаңғы және ішкі) қабаттан тұрады. Қарын мен ішектердің сыртқы қабаты серозды тканьнен, ал өңештің сырты талшықты борпылдақ дәнекер тканьнен құралады. Бұл арқылы нервтер мен қан тамырлар өтеді. Сыртқы қабаттың сыртқы жалаң қатар эпителийі мезодермадан, талшықты, борпылдақ, дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамиды. Ортаңғы қабат бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұрады. Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы жағы және тік ішектің төменгі бөлігінің ет қабатында көлденең жолақты ет талшықтары да болады. Қарынның ет қабаты 3 түрлі болады. Мұнда ұзыннан, көлденең, қиғаш орналасқан ет талшықтары бар. Ет қабатындағы әр түрлі бағыттарда жатқан ет талшықтарының жиырылуы, түрліше қозғалысқа келуі әсерінен ас Ас қорыту жүйесінде жылжиды. Ас қорыту жүйесі ішін астарлай жатқан ішкі қабатты кілегей қабық деп атайды. Ол кілегейлі, етті және кілегей асты қабаттарынан тұрады. Кілегейлі қабаты қарын мен ішекте жалаң қабаттан, ал ауызда, жұтқыншақта және өңеште бірнеше қабаттардан тұратын эпителийден құралады. Кілегей қабық салалы еттен тұрады. Талшықтары жиырылса, кілегей қабаты қозғалады. Кілегей асты қабат тілдің жоғарғы бетінде, қызыл иекте және қатты таңдайда болмайды. Ас қорыту жүйесінің көптеген бөлімдерінде кілегейлі және кілегей асты қабаттарында ас қорытуға қатысты сөл бөлетін без клеткалары болады. Ас қорыту жүйесінің бірнеше бөлімінен тұруы, оның ұзындығы эволюциялық даму сатысына ғана емес, жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне де байланысты. Өсімдікпен қоректенетін жануарларда ол әрі ұзын, әрі көптеген бөлімнен тұрады. Мыс., күйіс қайыратын жануарлардың қарны 4 бөлімнен: таз қарыннан, жұмыршақтан, қатпаршақтан және ұлтабардан құралған. Керісінше жануар текті азықпен ғана қоректенетін жануарлардың Ас қорыту жүйесі әрі қысқа, әрі бөлімі аз болады.
Ас қорыту ферменттері - қоректік заттарды химиялық қосылыстарға ыдырататын биологиялық катализаторлар. Ас қорыту ферменттері химиялық құрылысы жағынан белок, ал физикалық күйі жағынан коллоидтық зат. Олар ас қорыту бездерінің клеткаларынан шығады. Әрбір фермент бір реакцияға қатысады. Сілекей бездерінің Ас қорыту ферменттерінің бірі птиалин крахмалды мальтозаға ыдыратады, екіншісі мальтозаны жүзім қантына айналдырады. Асқазан безінің ферменті - пепсин белокты альбумозаға және пептонға ыдыратады. Ұйқы безінің ферменті - пептонды амин қышқылдарына, липаза-майды глицерин мен май қышқылдарына, амилаза углеводтарды қантқа айналдырады. Ішек безінің сөліндегі және өт құрамындағы түрлі ферменттер белоктарды амин қышқыддарьша, углеводтарды қантқа, майларды глицерин мен май қышқылдарына одан әрі ыдырата түседі.
Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1978. Бас редактор М.Қ.Қаратаев. Т.1. -С.258.
Жарияланған-2019-11-01 13:44:04 Қаралды-29065
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина