ҒҰНДАР, гундар, һундар, хундар (грек. Hunnoi, лат. Сһunnі, Нunni) - Орта Азияда, қазақ сахарасында түрік қағанатынан бұрын жасаған түрік тілдес көшпелі тайпалардың арғы тегі. Ғұндар - Сақ (скиф), Үйсін, Қаңлы мен тектес ежелгі тайпалардың ең атақты, ең көн тарағандарының бірі. Қытай тарихына б. з. 8 ғасыр бұрын белгілі болды. Одан мың жыл бұрын жасаған Ғұндардың ежелгі тектерін қытайлар Шан-жүн, Гой-фан, Хянь-юнь деген жасанды аттармен өздерінше атаған. Алып көсем Моденің (Бөде) кезінен бастап Ғұндар бірігіп әскер түзеп, Орта Азияда мықты мемлекеттік құрды. Бұлкез б. з. б. 3 ғасыр мен 1 ғасырдың арасы. Осы дәуірлерде Ғұндар ол кездегі күшті тайпалар Үйсін, Қаңлы мен күш біріктіріп, қытай хандарының шабуылына қарсы тұрды. Ал Мөде мен оның ұрпақтары билеген тұста Ғұндар Қытайды өзіне бағындырып, көп заманаларға салық төлетті. Бұл кезде Ғұндар 24 ұлысқа бөлініп, оларды ел ағасы-бектер биледі, ұлыс басқарушыны «тәңіріқұт» деп атады. «Тәңіріқұттар», Қансу, Өртес (Сары өзеннің басы), Шығыс Түркістан, кейінірек Жетісу мен Сырдария өлкелерінде шеру түзеп орда құрды. Жазда Алтай, Саян таулары етегін, Орталық Қазақстанды, Алатау бөктерлерін жайлады.
Ғұндардың күшті мемлекеттік болып отыруы Қытай алпауыттарына ұнамады. Олар ғасырлар бойы тіміскілеп, Ғұндарды әлсірету әдісін іздеді. Өзара іріткі салып, үйсіндер мен қаңлыларды Ғұндардан бөліп тастау саясатын жүргізді. Түрлі айла-шарғы қолданды. Оларға үлде мен бүлде артқан сый жіберіп, басшыларына «қызымды алып, маған бала бол» деген ұсыныстар жасады. Ең алдымен Ғұндар Үйсіннен айрылды. Одан кейін б. з. 55 ж. өздері шығыс және батыс Ғұндар болып екіге бөлінді. Шығыстағы Ғұндар бұрынғы тәуелсіздігінен айрылып, қытай хандарына бағынды. Ал Батыстағы Ғұндар тәуелсіз күйінде қалды. Оларды бастаушы Шөже (Чжигжо) 1 ғасырдың орта кезінде Алтай, Саян тауларын, Шығыс Түркістанды мекендейтін уйғыр, қырғыз, қыпшақ, қаңлы тайпаларын біріктіріп, өкімет билігін күшейте түсті. Жазғы ордасын Орхон бойына, қысқы ордасын Бесбалықта, Турфан өлкесіне орнатты. Бірақ қытайхандары батыс Ғұндарға жыл сайын шабуыл жасап, тыныштық бермеді. Жерүшін, ел үшін талай реет қырғын соғыс болды. Ақыр соңында 36 жылы қытайлар Чэньтан бастаған әскер шығарып, Шөжені өлтірді де, Ғұндарды Қансу, Сары өзенінің бойынан (Өртөс) қуыпшықты. Аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратты. Ғұндар босып кетті. Бұл оқиғаны «Ақтабан шұбырынды...» оқиғасымен салыстыруға болады. «Саймақтың Сары өзені» деген аңыз-күй қазақ халқының есінде осы оқиғаға байланысты сақталса керек.
Қытай әскерінің тықсыруымен Өртөс Ғұндары өздерімен көрші отырғана талас тайпалар ортасына келіп паналады. Алтай, Жетісу жеріндегі, Талас, Сырдария бойындағы өзге ежелгі гұн тайпаларымен, қаңлы-қыпшақтар мен бірігіп, жаңадан мықты мемлекеттік құрды. Бұл мемлекеттік қанатын Алтайдан Қара теңізге дейін жайды. Б.з. екі ғасыр бұрын Ғұндар Шығыс Европа еліне осылайша көрші болды. Ол туралы бірінші реет сол кезде жасаған Дионисий Периегет, Эратосфен жазды. Эратосфеннің (б. з. б. 194 жылы өлген) айтуынша, Ғұндар Каспий теңізінің батысына дейінгі жерлерді мекендеген. Кейінірек Птолемейдің жазуынша, Ғұндар Борисфен (Днепр) өзенінің бойын жайлаған. Сол кездегі армян тарихшыларының көрсетуінше, хұнк (ғұн) елі Еділ мен Днепр, Оза өзендерінің аралығын, Солтүстік Кавказ жерін мекендеген. Осы араларда ірі мемлекеттік құрып, Ғұндар Рим мемлекетін құлатуға қатысқан. Батыс Ғұндар әсіресе Етіл (Еділ) заманында яки б. з. 5 ғасырда мықтап күшейді. Етіл мен оның балаларынан кейін ғұн қауымы ыдырап, әр жерге тарап кетті. Ғұндардың көпшілігі Еділдің төменгі жағына, Қыр-сахараға, Сырдария бойына келіп тоқтады. Олардың кейінгі ұрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлуқ деген аттармен белгілі болды.
Әлеуметтік ессею тұрғысынан алғанда, бұл кездегі Ғұндар бұрынғы әскерлік-демократия сатысынан көтеріліп, феодализмге аяқ басты. Бұл кезде олар руна жазуын қолданып, оны Шығыс Европа мен Орта Азия төңірегіне тарата бастады (5 ғ.). Ежелгі тарихшылардың жазуынша, Ғұндар, кейінгі ұрпақтары сияқты, киіз үйде тұрып, өгізге, түйеге күйме жегіп жүретін болған. Олар мал өсірген, әсіресе жылқы, қой, сиыр, түйе ұстаған, егіншілік пен шұғылданып, кен қорытқан, қол өнер кәсібімен айналысқан. Мұны Еділдің төменгі жағы мен Жайық бойында, Сырдария, Талас бойында, Жетісу өлкесінде, Орталық Қазақстанда, Алтай тауының қойнауларында жиі кездесетін тарихи ескерткіштерден айқын көруге болады. Ғұн өнері мен мәдениеті осы өлкелерде, одан кейін Шығыс Түркістанға, Қансу (Сары өзен) бойына, Монғолия жеріне көп тараған. Әсіресе Кеңкөл, Пазырық, Ноин-Ұладан табылған ескерткіш белгілер мұны айқын дәлелдейді және Ғұндардың мәдениеті мен өнерінің негізі қазақтардікі мен бірдей екенін көрсетеді.
Әдеб.: Иностранцев К.А. Хунну и гунны. -Л., 1926; Бернштам А. Н. Кенкольский могильник. -Л., 1940; Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. -Л.,1951; Руденко С.И. Культура хуннов и Ноин-Улинские курганы. –М.-Л., 1962.
Жарияланған-2019-10-31 12:07:03 Қаралды-6897
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану