UF

Жеке адам психологиясы.

Дәрістің  қысқа мазмұны: «Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама. Адам  мүмкіндіктері. Адам  мүмкіндіктері. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні. Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер. Адамның  негізгі түрткілері мен құрылымы.

 

«Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.

   Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика,  психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.

   Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық,  психологиялық,  педагогикалық, әлеуметтік  сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар  бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық  іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі  көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.

   Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.  Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд  ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

   Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.

2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.

   Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.

Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Адам  мүмкіндіктері.

Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.

1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.

2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.

3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.

4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.

5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік  іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.

Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні.

Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.

Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.

Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын  және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер.

Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.

Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер. Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор  адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын  Homo  sapiens  (ақыл-ойлы  адам)  қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы  мүлдем дерлік тоқтады дедік.  Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.

Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі  эволюция  адам  өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп  шықаннан кейін ол  шешуші рөл атқармйтын  болғаны сөзсіз. Енді адамның  эволюциясына  оның өмірін  мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық  өндірістің тәсілі,  еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары  тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз  адамдарда медицинаның көмегі арқасында  қоғам өміріне  белсене қатыса алады.

Табиғи сұрыпталудың  күші қоғам өмірінде  барған сайын әлсіреуде,  өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік  институттар жеке адамдардың биологиялық  жағынан өзгергіштігін  ұдайв әлсіретеді.  Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж.  1млн адамнан  4000  адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды,  ал бұл құрт ауруының  емдеуге қарсыласуы  бойынша сұрыпталуы  мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды  басқа аурулар бойынша да  келтіруге болады.

Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және  адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі,  әлеуметтік өзгерістердің  аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан  мәдени эволюцияның  көрсеткіші болып табылады.  Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың  тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды.  Егер жануарлар үшін табиғи  сұрыпталу эволюцияның  басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.

Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.

Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.

Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.

Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.

Енді адамзаттың ақыл-ой  қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон  қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол  еңбекші топтарының  балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің  төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның  ақыл-ой коэфиценті  әлеуметтік жағдайы және  балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды.

Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетекалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәлеметтер бүгін таңда жоқ. Туғанынан немесе жастайынан көру есту  мүмкіндіктерінен айырылып, қолмен ұстап көрүден басқа сыртқы дүниемен байланыс мүшелерінен жұрдай болған балалар алғашында  жануарлардың даму деңгейінде болды. Алайда, оқытудың  арнаулы жүйесін, әдісін қолданудың нәтижесінде олар ақыл-ойы дұрыс адамдардың қалпына келді, ал кейбіреулері МГУ-дың психология факультетін бітіріп шықты.

Сонымен бірге  ойлаудың басты органы болып табылатын  мидың эволюциясын растайтын мәлеметтерде  бүгін таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiens  пайда болғаннан бергі  30-40 мың жыл ішінде  оның мөлшері өзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, өсіп отврған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мөлшері 500-600 см3  болған болса , питекантроптың миы 900см3  , синантроптардың миы 1000 см3 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде-1400см3 , әйелдерде-1270см3  . Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы  оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.

Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі  биологиялық эволюциясы  Homo sapiens пайда болғаннан бері тоқтады деуге болады. Мұның дәлелі ретінде сол уақыттан бері  адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтірсе де болады. Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негіз жоқ.

Сонымен антропогенез процесінің дамуы  адам түрінің қалыптасуының  аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.

Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануында, радиациалану деңгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр. Генетикалық ауытқуларының салдарынан кесел нәрестелердің  тууының көбеюі , ақыл-есі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің  ьәдени дамуымыздың төмендігінде екендігін көрсеткді.

 

 

 

Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер.

 Адам-әлеументтік қатынастармен саналы іс әрекетті жүзеге асырушы, табиғатта кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (Философия, анатомия, физиология, антропология, тарих, педагогика, психология) Әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия- дүние танымдық, көзқарасын анатомиямен физиология –денесімен жүйке жүйесінің құрылысын оның қызметін, антропология-адамның қоғамда алатын орынын, табиғаттағы өзеге құрылыстар мен байланысын тарих –қоғам өміріндегі қарым қатынасын саралау, ал педагогикалық адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып,оның қоғамның белсенді азамат етіп қарастыруын көздейді. Психология-адамның жан дүниесін,сырын, психикасын даму заңдылықтарын, оның жеке қасиеттерінің жеиілуі мен қалыптастыру жолдарын зерттейді. Қарап отырсақ әр ғылым өз бетінше белгілі бір мақсаты көздейді.

     Адамды зерттеуді Р.С.Немов 3 кезеңмен қарастырады:

1.Философиялық-әдебиеттік.2.         Клиникалық. 3.Эксперименталдық.

Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан  XIX ғасырға дейін созылады.  Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын,   адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын   қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми - нақты мазмұнды қажет етті.

Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі  – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың  өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар  адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.

  Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ертеден белгілі. Алғашқы теориялардың  бірі  греция философы Аристрах Эпикурдің адам әрекеттері, қылықтары оның сезімдерге туралы, өз тұрмысында жағымды сезімдерді тудыруға ұмтылып, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынуы жөнінде айтады. ХVІІІ ғ француз материалист ағартушылар бұл теорияны  жақтады.  Олар жағымсыз  сезімдерге қарсы шығып, дүниені ең қызығы алаңсыз өмір сүру дүниенің барлық қызық тамашасын көріп қалу, сондықтан жағымды сезімге көбірек ұмтылу керек деп есептеді. Сөйтіп, француздар мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз салды. Бұл теорияда, тәнде болатын биологиялық, физиологиялық ағымды мұқтаждықпен байланыстырады. Мұқтаждық адам тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды деп есептеді.

Неміс оқымыстысы психоаналистик психоневролог З. Фрейд (1856-1939) сексуалдық теориясында адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, құмартуға апарып теңейді. Екі түрлі ынтығу бар деп есептейді.

  1. Сексуалдық яғни, жыныстық ынтығу.
  2. «Мен» яғни, өзін-өзі қорғауға ынтығу.

Екінші ынтығу біріншіден кейін пайда болады. «Мен» ынтығуы өзінің өмір сүруіне қажетті ынтығу болып саналады. Фрейд, жыныс құмартулары адам әрекетінің арлық қылықтарын негіз болады, әрі оны басқарады деп есептеді. Адам қажеттіліктері:  материалдық, рухани болып  бөлінеді. Адамда екі түрлі күш бар: биологиялық- ол жыныс ынтығуы; әлеументтік ынтығу. Міне, осы ынтығуларды адам өзін-өзі сақтау инстинкті арқылы оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны дұрыс қолданады, оны әрдайым басқарып отырады және жақсы мақсатқа жұмсайды және мәдени қажеттілік түрін басқарады. З. Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай жаңалық. болғанымен  оның белсенділік әрекетінің қозғаушы  күші жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар .  А. Кординер, Е. Формм, К.Хорни т.б. орынсыз деп санады. Олар,  Фрейдтің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада, өздерінше «жаңа Фридизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фрейдизм» ағымы  адам тіршілік еткен ортасыны тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды. «Жаңа Фрейдшілердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам әлеументтен өзінің ғашығын іздейді. Соған ұмтылады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады деп адам белсенділігін асыра дәріптейді.

Философиялық - әдебиеттік және клиникалық тұрғыдан қарастыру кезеңі тұлға мәнін түсінудің алғашқы қадамы деуге болады.

  Адам психологиясының эксперименттік кезеңі - XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады.

Тұлғаны зерттеуде эксперименталдық кезеңі танымдық процесті зерттеуде едәуір жетістікке жеткен кезең. Ол психология ғылымының тұтас мінез актісін түсіндірудегі тоқыраумен тұспа-тұс келді. Үстемдік   құрған адамды  атомдық тұрғыдан   қарау адам психологиясын жекелеген процестер мен жағдайлар тұрғысынан қарауды талап етті.

Адамға эксперименттік тұрғыдан қарауда ағылшын психологі Р.Кеттел ескі негізде құрмай, өзінде жаңа талпыныс жасауда ауру адамды емес, дені сауды және оларға нақты, әрі дұрыс әдісті қолданды.

Адамды экспериментальдық зерттеумен А.Ф.Лазурский, Г.Айзенек, Р.Кеттел шұғылданды. А.Ф.Лазурский тұлғаны ғылыми бақылаудың жүйелі техникасы мен әдісін ендірді. Ол сонымен бірге табиғи эксперимент арқылы дені сау адам психологиясы мен мінезіне қатысты мәлімет алу, қорыту сияқты еңбектер жасады. Г.Айзенек алынған бақылауды математикалық өңдеу процедурасы мен әдісін, құжатты талдау, сауал, т.б. тұлға туралы жинақталған мәліметтер нәтижесіндегі мәліметтермен тұлғаның өзіне ғана тән тұрақты келбетін сипаттады. Г.Оллпорт «Келбет теориясы" деп аталатын жаңа теорияны дүниеге әкелді. Ал, Кеттел Г.Айзенектің әдісін пайдалана отырып, тұлғаға факторлық талдау жасады. Олда барынша нақты факторға негізделген түлға келбетін белгіледі. Ол тұлғаны зерттеудің тестілік негізін дүниеге әкелді. Тұлғаны зерттеу тесті  16 факторлық тестіден тұрды. Бұл тест Кеттелдің атымен  «Кеттелдің 16 факторлық тесті» деп аталды.

Тұлға туралы қазіргі теориялар.

XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты.  48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі.

Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық  тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады: В = Ғ (Р)

Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.

   Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде  В = Ғ (Е)  берілді.

  Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).

  Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.

  Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.

  Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.

 Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.

Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.

Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.

Г.Оллпорт пен Р.Кеттелдің жасаған теориясы - келбеттік теорияны, психодинамикалық, экспериментальдық, құрылымдық - динамикалықтың қатарына жатқызуға болады. Мұнда адамның барлық өмірі қамтылып, оның тұлғалығының ішкі психологиялық қасиеттерңн сипаттайтын   түсініктер бар.   Бұл   теория   арқылы   адамдарды       бір-бірінен дамушылық деңгейінің белгілі бір түріне қатысты айыруға болатындығына байланысты теорияны қуаттауына болады. Ал тұлғалық тұтас сипаттау тек тестілеу немесе қатаң зерттеу тәсілі арқылы гана анықтауға болады.

Қатаң зерттеу тәсіліне - тұлғаның тілді меңгеруімен және қазіргі статистиканың күрделі әдістері арқылы ғана анықтауға болады.

Осы әдістер арқылы Р.Кеттел 16 түрлі түлғалық келбет анықтап, аның күшті жэне әлсіз сияқты екі түрлі дамушылығын белгілейді. Кеттел сауалы 100 сұрақты қамтиды да, оны мақұлдау немесе мақұлдамау арқылы, соңындағы жинақтаған баллық «кілтіне» қарай белгіленеді. Сол арқылы оның түлғалық келбеті анықталады. Тұлға келбетін Р.Мейлиде анықтады.

Кебет теориясына алтернативті түрде элеуметтік үйрету теория деп аталатын тұлға түжырымдамасы кең тарайды. Мүнда да түлғаны жан-жақты қарастыру мінездік түсінік пен әлеуметтік - динамикалық, экспериментальдық, қүрылымдық-динамикалық жүктелумен жүзеге асады. Мүның негізгі ерекшілігі құлықтар немесе құлықтар топтамасы мен психологиялық сипаттама жасалады.

Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінез белгілеп, оны бірнеше мынадай, топқа бөледі:

1.    Адам қабілеті.

2.    Когнетивті стротегиясы.

3.    Кітетіні.

4.    Құндылығы.

5.    Мінез жоспары.

Ал З.Фрейдтің тұлғалық психоаналитикалық теориясы Батыста кең танымал. Оны психодинамикалық, экспериментальды емес, құрылымдық-динамикалық типке жатқызуға болады. Ол тұлғаның психологиялық қасиетін, әсіресе қажеттілігі мен себептерін сипаттайды. З.Фрейд өзіндік сананы - айсбергтің шыңына теңейді. Адам өз жанында болып жатқанның мардымсыз бөлігін ғана белсенді сезінеді. Ал оның жанында болып жатқанның негізгі бөлігі тәжірбиесі мен тұлғалануы бейсанада болады деп көрсетеді. Фрейд тұлға құрылымын үш құрамда: «оно» , «мен» , және «Мен-тыс»  деп белгілейді. «Оно» - бұл өзінің дербес бейсаналықтағы қызығушылық, қажеттілік пен себепке терең енуі; «Мен» - санасы; «Мен-тыс»-бұл саналык жэне бейсаналық деңгейі. «Оно» - ләззат принципіне, «Мен» - шындық принципіне, «Мен-тыс» - қоғамда орын алған моралдық норма мен құндылықты басшылыққа алады.

Жағымсыз эмоциональдық жағдайдан құтылуға байланысты «Мен» көмегімен өзінің қорғаныстық механизімдерін жасайды. Ондай рационализация, реакуляция қалыптастыру, проекция, интеллектуализация, ескертпелер жатады. Егер осы және бұданда басқа қорғаныстық механизімдер нәтиже бермесе, ол «Оно» -дағы кодталған, символикалық формаға байланысты болғаны.

З.Фрейдтің тұлға теориясы жэне неофрейдистер тұжырымдамасы шет елдер мен ресей психологтары арасында сынға ұшырады. Бұл сын адамның биологиялық шегіне, оның әлеуметтік мінезінің себебіне, оны басқару ролінің төмендігіне байланысты. Олардағы дәлелдер ғылыми негізделіп, нақтыланған дәлелденген деуге болмайды, деген олар тартымды әрі өмірлік ақиқатқа жанасымды құрылған.

З.Фрейд пен неофрейдистер тұлғаның жалпы психологиясын жасауда үлесі болды. Олардың үлесі қорғаныс механизмі, мінез-құлық детерминизациясы мен бейсаналық мәселесіне қатысты.

   Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады.

   Адамның негізгі қажеттілігі-өзін жүзеге асыру (самоактуализация ) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.

Ресей психологтарының ішінен тұлға психологиясын анықтауда Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божовичті айтуға болады.

Л.И.Божович - мектепке дейінгі балалардың сәбилік шағы мен жастық шақ аралығындагы тұлға дамуын зерттейді. Ішкі қасиеті мен адам ерекшелігін, негізіі тұлға түсініктеріне сипаттама береді. Тұлғааралық қатынас арқылы ішкі позициясы деп аталатын көзқарастың қалыптасатынын көрсетеді.

А.Н.Леонтьев - тұлға құрылымы мен дамуы тұжырымдамасын жасайды. Ол і-әрекетке  баса мән береді және теориялары  психодинамикалық, эксперименттік емес, құрылымдық-динамикалыққа жатады.

Тұлға теориясын жасауда  американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

1.    Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

2.    2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.

3.    3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

4.    Еңбек қорлық және  оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

5.    12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі   мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

6.    20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға  араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

7.    30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

8.    60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.

Адамның  негізгі түрткілері мен құрылымы.

  Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда қарастыруында белсенділік әрекеттердің адамның қажеттіліктерін  қанағаттанумен ұштасады.

Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған  бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен іс бірлігінде көрінісін айтамыз.

  Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған байланысты, мақсатқа жету үшін түрткілер де өзгеріп отырады. Жеке адамды қандай болмасын белгілі бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш-қажеттіліктер. Қажеттіліктерде тоқталып өттік.

   Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және рухани-мәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді.

   Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады.

 Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.

  Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері (компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар, бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.

  Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті өтеуге талпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

  Қызығулар-адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін.  Қызығулар мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.

  Ал адамда қызығулардың болмауы немесе оның көмескі болуы оның өмірін мазмұнсыз етеді. Қызығудың мазмұнды, әрі ауқымының кең болуы-оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз аданың рухани өмір дамымайды. Қызығу пәрменді белсенді болу үшін баланың тікелей әрекеттерімен айналысу қажет.

  Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адам дүние танымы мен сенімі.

  Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Ақиқат дүние заңдарын дұрыс түсінетін, әрі ғылыми негізделген дүниетаным ғана адамға дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанаттын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты бұрмалау-пессимистік (кертартпа) дүниетаным белгісі. Адамның алдына қойған мақсатының болуы, дүниетанымның өміріне байланыстылығы сенімдік тудырады.

  Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қосқанатындай, адамның ең асыл қасиеті болып табылады. Берім сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлықта болмайды. Сенім қалыптаспаған адамның шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді.  Оны өмір толқыны біресе онда, біресе мұнда соқтырады да мінез-құлықты көлденеңнен кез-келген кездейсоқ жағдайлар билеп келіп отырады. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де жойылады.

Сенім-тұлға өзінің құндылық бағдарлылығына байланысты саналы қажеттілігін жүзеге асырудағы әрекетіне лайықтануы. Қажеттілік мазмұны сенім формасында көрінеді, соған орай табиғатты және қоғамда түсінуде белгілі бір көрінісін береді. Сенім-тәжірибелік әрекет. Сенім арқылы коммуникативтік әдіс арқылы өзге адамдардың санасының қалыптасуына ықпал жасалынады.Сенім әдісінің негізінде-тұтас функционалдық міндетке байланысты таңдау, фактіні логикалық жүйелеу мен қортындылау құралады.

Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі.  Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып,  қастерлеуі. Адам осыған жету  үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат дүние танымы, сенімі айқын, сөз бен істің байланысы бар жерге ғана болады.

  Талғам-бұл да жеке адамның психологиясында елеулі орын алатын қасиет. Бұл жоғарыда аталған барлық компанент түрімен байланысып жатады. Талғам адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі елеулі әсер етеді. Дұрыс талғам жүйесі жақсы тәрбие жемісі.

  Бағыт-бағдар-адамның жеке арманы, құмарлығы әрекеті оның даралық қасиетіне тән психологиялық ерекшелігі. Адамды тану үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Кемшіліктегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке-адамның бағыт-бағдарын білдіреді.

Тұлға бағыттылығы - ол тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы бағдарлығында, қандай да бір ситуациялық жағдайда болуына қарамастан көрінетін тұрақты себептер жиынтығы тұлға бағыттылығы көрінетін тұстары.

  Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманисттік қоғам мүддесімен  үйлеседі. Адамның  кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды» деген жеткіліксіз. Өйткені адамы ниет тілегі мен ынтасын үнемі өзгеріп, дамып күрделіленіп отырады.

            Адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалар ерекшеліктер:

1. Бағыт деңгейінің адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенуі;

  1. бағыт – бағдар деңгейінің қоғамдық талаптарға орай адамың мұраты мен ұштасады.
  2. бағыт-бағдарының кеңдігі. Тек –ұйқы қандыру, тамақ ішу, әдемі киіну-бұл бағыт тарлығын, өрсіздігін көрсетеді. Ал, кеңдік-адамның әр алуан қызығы мен ынтасына және оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиетер тоғышарлықтан сақтандырады.

4. Бағыт-бағдарлық қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әр нірсеге дел қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу.

 5. Бағыт –бағдардың тұрақтылығы. Бұл ұзақ уақытша созылатын процесс. Бір нәрсені   біліп, үйренуге қызу кірісіп, аяқтамай тастап кету жиі кездеседі. Бұл- бағыттың тұрақсыздығы. Ал, тұрақтылық, іс-нәтижесіне дейін алып бару, адамды игі мақсатқа жеткізеді. 

6. Бағыт- бағдардағы ақушының әрекеттілігі оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең. Мысалы бір нәрсені таңдауы (мамандық).

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбыстық тілі мен еңбектену әрекеті бір-бірімен қарым-қатынасты қарастырылады. Жеке адам-дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның әсерін бастан кешіретін оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгеруге ықпал ете алатын жан.

  Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері 4 түрлі жағынан қарастырылады.

1. Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмыту, мұрат, дүние танымдық көзқарасы, сенімі. Бұл жеке адамның адамгершілік қасиетін білдіретін сипат.

2. Адамның білімдарлығы, дағдысы, бейімділігі. Бұл сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.

3. Жеке адамның дара психикалық процестердің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қысиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім—кірлері мен ерік адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.

4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері-нышан, жоғары  жүйке қызметі жатады. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне және белгісіне сәйкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер мақшықтану, жаттығулар арқылы қалыптасады.

 

    

1. Сәбет БАП-БАБЛ. Жантану негіздері. Алматы Дәнекер 2001

2. ҚЖарықбаее.   Жантану негіздері Алматы, 2002ж.

3. Ә.Алдамұратов. Қызықты нсихология. Алматы. 1992ж.

4. Т.Тәжібаев. Жалны психология. Алматы. 199 Зж.

5. Ж.Аймауытов. Психология. Алматы. 199 5ж.

6. Қ.Жарыкпаев. Психология. Алматы. 1993ж.

7. Сәбет.БАП-БАБА. Жантану негіздері. Алматы. 1999ж.

8. Р. С.Немов. Психология. 1-2 кітабы. Москва. 2004ж.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-11-26 22:19:08     Қаралды-92498

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »