UF

БАНГЛАДЕШ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ, Бангладеш (бенгалша Бангладеш - бенгалдар елі) - Азия - оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында, солтустігінде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік-шығысында Бирмамен шектеседі. Оңтүстігінде - Бенгал шығанагы. Жері 143 мың км2. Астанасы - Дакка қаласы.

Мемлекеттік құрылысы. Бангладеш - Халықтық Республика. Уақытша Конституциясы 1971 жылы 12 қаңтарда Дакка қаласында жарияланды. Мемлекеттік жоғары өкімет органы - парламент. Мемлекеттік басшысы - президент. Үкіметті премьер-министр басқарады. Жас республика үкіметінің алғашқы шараларының бірі жер үшін төленетін арендалық ақыны, оның ішінде бұган дейінгі барлық борышты жою жөніндегі декрет болды. Жүзеге асырыла бастаған жер реформасы бойынша әр семьяга 100 бигх (25 га) қана жер қалдырылып, одан артығы жерсіз және жері аз шаруаларға бөлініп беріледі.

Табиғаты. Бангладеш жері негізінен Ганг және Брахмапутра өзендері атырауындағы аллювиальдық ойпаттың шығыс жақ шеті мен Бенгал шығанағының оған іргелес келетін шығыс жағасындағы ойпаңды алып жатыр. Оңтүстік-шығысында Лушай (60-300 м) және Чатагам (Читтагонг, ең биік жері 1230 м) аласа таулары ғана бар; бұл таулар құм тас пен тақта тастан түзілген. Ойпат ескі атырау (батыс және солтүстік-батыс жағы) және жаңа атырау болып екіге бөлінеді; ескі атырауда, яғни орталықтағы өзен аралық өңірде шайынды топырақ әбден шөгіп болған, мұнда өзеннің жаңа тармақтары пайда болып жатады, ал жаңа атырау әлі қалыптасып бітпеген. Атыраудың теңіз деңгейінен биіктігі 1-2 м, жағаға таяу батпақты бөлігі Сундарбан деп аталады (27 мың км2),оған теңіздің көтерілу, қайту ағыстары қатты әсер етеді.

Пайдалы қазбаларға бай емес; бірнеше жерден мұнай, Читтагонг төңірегінен тас көмір табылды, Лушай тауы мен Читтагонг таулы қыратынан әк тас кені ашылды.

Климаты субэкваторлық, муссондық; жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссонның ылғалды маусымы басталар алдында, сәуір мен мамырда, орташа температура 30°С-тан асады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм жауын-шашынның 80%-тен астамы маусымнан қазанға дейін түседі. Жаз айларында жауын-шашын мөлшері кейде тәулігіне 250 мм-ге дейін жетеді. Маусым аралық кезеңде Бенгал шығанағынан жағаға қарай аса күшті циклон соғады.

Бангладеш өзендерінің суы мол, кеме жүзеді. Олардың басым көпшілігі Ганг мен Брахмапутраның алаптарында қар, жаңбыр суымен қоректенеді. Мамырдан тамызға дейін, Гималайда қар еріген және муссон жаңбыры кезінде өзендер арнасынан шығып, жайылып кетеді.

Жерінің көпшілік бөлігі аса құнарлы аллювиаль топырақты. Солтүстігіне және оңтүстік-шығысына қарай рельеф өзгерген сайын шірінді мен фосфатқа кедей қызыл және сары топырақты жерлер кездесе береді. Лушай тауының беткейлері латерит топырақты. Атыраудың теңіз жағасындағы бөлігі батпақ. Бангладеш жерінде ертеректе мәңгі жасыл тропиктік ормандар өскен; қазір орман барлық жерінің 6%-ін ғана алады. Кесілген орман орны егістікке, плантацияға айналдырылған. Агаштың басты түрлері: гарджан (биіктігі 60 м-ге дейін), манго, камфара және бұрыш ағаштары, бамбук, хик, сал т.б. Ну ормандарда ұзындығы 100 м-ге жететін лианалар, эфириттер, Сундарбанда мангра өсімдігі өседі.

Жануарлар дүниесі өте бай: өзен бойы мен ормандарда бенгал жолбарысы, қабылан, аю, үнді пілі, керік, буйвол, киік пен бұғының бірнеше тұқымы, маймылдар мекендейді. Өзендерінде крокодил, тасбақа, балықтың көлтеген түрі бар. Жылан, оның ішінде улы жылан өте көп.

Халқы. Бангладеш - дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Ең көп және неғұрлым қалыптасқан ұлт - бенгалдар (барлық халқының 95%-і). Аз халықтардан чакма, могх, гаро, далу, санталдар т.б. бар. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 500 адамға жуық. Бирмамен шекараға қарай бирмалықтар мекендейді. Қала халқы аз, мұның себебі - экономика жағынан мешеу қалғандығында, ең алдымен өнеркәсібінің нашар өркендеуінде. Ірі қаласы - Дакка, Читтагонг. 1947 жылдан кейін Дакка әкімшілік, сауда және мәдени орталық ретінде тез өсті. Мемлекеттік тілі - бенгали тілі. Ресми діні - ислам.

Тарихы. Ганг және Брахмапутра өзендерінің төменгі жағы мен атырауындағы өңірді ерте замандарда Анг, Ванг, Гауд деп атаған. 10-12 ғасырлардың шамасында олар Бенгалия деп аталады. 18 ғасырдың ортасынан бастап Бенгалия агылшын отаршылдарының езгісінде болды. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Совет Одағының фашистік коалицияны талқандауы нәтижесінде Оңтүстік Азия елдерінде ұлт-азаттық қозғалыс жаңадан өрге басты. Мұндай жағдайда ағылшын империалистері өзінің отарын билеудің жаңа тәсілін ойластыруға мәжбүр болды. Англия 1947 жылы өзінің Үндістан отарын әдейі екіге - Үндістанға және Пакистанға бөліп, оларды доминионға айналдырды. Осының нәтижесінде ежелгі Бенгалияның үнділер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пакистанның құрамына кірді. Империалистердің жаңа жағдайға бейімделген отаршылдық саясатының туындысы болған Пакистан мемлекетінің екі бөлігі - Батыс Пакистан мен Шығыс Пакистан (яғни Шығыс Бенгалия) арасында ешқандай табиғи байланыс жоқ еді: не халықтарының тіл ортақтығымен, не табиғатының ұқсастығымен (екеуінің арасында 1600 км үнді жері жатты) не шаруашылық жағынан қалыптасқан бір тұтастығымен бұл екі бөлік бір-бірімен байланыспады. Ағылшын отаршылдары 200 жылдық үстемдігінен кейін Шығыс Пакистан халқының 98%-і саналатын бенгалдарға орта ғасырлық мешеулікті мұра етіп қалдырды; экономикасы мешеу дамыды, халық түгелге жуық сауатсыз еді, елді қайыршылық, аштық, ауру жайлады.

Пакистанның шығыс бөлігі - Шығыс Бенгалия Батыс Пакистанға қарағанда, әуелден-ақ тең жағдайда болған жоқ. Батыс пакистандық ірі буржуазия мен жер иеленушілер Шығыс Бенгалия экономикасындағы шешуші орындарды қолға түсіріп алды, ондағы бенгал буржуазиясының ұлттық мүдделерімен санаспады, бұдан өсіресе еңбекші халық көп зардап шекті. Пакистанның барлық ұлттық табысының 70%-ін Шығыс Бенгалия беретіндігіне қарамастан, оның үлесіне елді көркейту қажетіне бөлінген қаржының 30%-і ғана тиді, ал 70%-і Батыс Пакистанның қажетіне жұмсалды. Сонымен Шығыс Бенгалия шын мәнінде батыс пакистандық билеуші топтың отары дәрежесіне түсті. Бенгал халқы өзінің ұлттық мүдделерін қорғау жолындағы күресті тоқтатқан жоқ. 1948 жылы Шығыс Бенгалияда помещиктік жер иеленушілікке қарсы күрес басталды. Кейбір жерлерде шаруалар помещиктердің жерін күшпен тартып ала бастады. Полицияның шаруалар көтерілісін жаныштауына наразылық білдіру ретінде 1948 жылдың қыркүйекье Читтагонг қаласында демонстрациялар, жаппай стачка болды. 1950 жылдың басында Майменсингх окр-нда шаруалар тағы да көтеріліске шықты. 400 деревняның шаруалары помещиктердің жерін тартып алып, жергілікті жерде билікті өз қолдарына алды. Сонымен, елде ұлт-азаттық қозғалысы өрістей берді. Бұл қозғалысты 1949 жылы құрылған Халықтық лига партиясы басқарды. Шейх Муджибур Рахманның саяси қызметі осы партиямен тығыз байланысты. Ол осы партияның атынан парламентке сайланды, Шығыс Пакистан үкіметінің құрамына кірді. 1966 жылдан Халықтық лига партиясының председателі. Пакистанда әскери режим орнатылған 1958 жылдан кейін «қоғамдық қауіпсіздік» заңы бойынша Рахман бірнеше рет тұтқында болды.

Шығыс Бенгалия халқының өзінің ұлттық праволарын қорғау жолындағы күресі Пакистанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) күшті саяси дағдарыстар туғызған болатын, ал 1969 жылы наурызда фельдмаршал Айюб Ханның режимін құлатты. Оның орнына өкімет басына келген. Яхья Хан әскери режимнен азаматтық басқару жолына көшуге, елде тұңғыш рет парламент сайлауын өткізуге уәде беруге мәжбүр болды. 1970 жылы желтоқсанда болған жалпы сайлауда Муджибур Рахман бастаған Халықтық лига партиясы жеңіске жетіп, Пакистанның ұлттық жиналысындағы 313 орынның 167-сіне, ал провинциялық ассамблеядағы 310 орынның 288-іне ие болды.

Алайда Батыс Пакистанның әскери әкімшілігі мұндай жағдаймен санасқысы келмеді. Пакистанның президенті Яхья Хан Муджибур Рахманмен келіссөз жүргізуді бүркемеленіп, Батыс Пакистаннан Шығыс Бенгалияға әскерлерді төге бастады. Ақыры, Пакистанның әскери өкімет орындары 1971 жылы 25 наурызда келіс сөздерді тоқтатып. Муджибур Рахманды жөне Халықтық лиганың басқа басшыларың тұтқынға алды. Террор мен озбырлықтың етек алғаны соншалық, Шығыс Бенгалияның 10 млн-ға жуық халқы үйін, мал-мүлкін тастап, көршілес Үндістанға босуға мәжбүр болды. Батыс пакистандық әскерлер Шығыс Бенгалияның 3 млн. халқын қырып-жойды, сан миллион адамды баспанасыз қалдырды; бұлүшін самолет, танк, ауыр артиллерияны пайдаланудан да тайынған жоқ. Пакистандық әскери өкімет орындалатын қатал террорына қарсы елде Шығыс Бенгалияның ұлттық тәуелсіздік жолындағы жаппай қозғалыс кең өріс алды. «Мукти бахини» азаттық күштері отрядтары құрылып, олардың қатары күн санап өсті. Шығыс Бенгалияның бостандығы мен тәуелсіздігі қолындағы күрестің барысында бенгал халқы өзінің елін Бангладеш Халық Республикасы (БХР) деп жариялап, оның тұңғыш үкіметін құрды.

Пакистанның билеуші топтары Шығыс Бенгалияда террор және қудалау саясатын одан әрі жүргізе беруге тырысты, бенгалдардың заңды мүдделері мен праволарын ескере отырып дағдарысты саяси реттеу жөніндегі ССР-дің, Үндістанның т. б. елдердің ұсыныстарына құлақ аспады. Мұның ақыры 1971 жылы желтоқсанда Пакистан пен Үндістан арасында қарулы соғыстың тұтануына әкеп соқтырды. Үнді әскерлері бенгал ұлт-азаттық күштерімен ынтымақтаса қимыл жасап отырып, Шығыс Бенгалиядағы пакистандық армияны тізе бүктірді. Пакистандық әскери өкімет орындары Шығыс Бенгалиядағы террор науқанын жүргізгенде АҚШ-тың қолдауына сүйенді. Батыс Пакистандық армия тізе бүккеніне қарамастан, АҚШ Бенгал шығанағына өзінің әскери флотын жіберді. Американ империализмі сияқты, Қытай Халық Республикасы да Яхья Ханның әскери хунтасын ашықтан-ашық қостады. Алайда, Үндістанның, Совет Одағының, басқа да социалистік елдердің үкіметтері мен халықтарының, сондай-ақ Азия мен Афиканың бостандық сүйгіш халықтарының қолдауы арқасында Шығыс Бенгалия ұлттық бостандығы жолындагы күресте жеңіске жетіп, тәуелсіз, суверенді Бангладеш Республикасын құрды. Бангладеш халқының әділетті күресі басталған күн (1971 жылы 26 наурыз) БХР-дің Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Яхья Ханның әскери режимі құлаған соң, Пакистанның жаңа үкіметі түрмеден босаткан Халықтық лига партиясының басшысы шейх Муджибур Рахман БХР-дің премьер-министрі болды. БХР-дің үкіметі ішкі саясатында күйзелген шаруашылықты қалпына келтіріп дамыту, социалдік экономиканың негізін қалау мақсатын алға қойып отыр; сыртқы саясатында ешқандай одаққа қосылмау, позитивтік бейтараптық, барлық халықтармен тату көршілілік, достық қатынас орнату бағытын ұстауда. Жас республиканың қазір (1972) 40-тан астам елмен дипломатиялық қатынасы бар. Оны тәуелсіз, суверенді мемлекет ретінде алғашқылардың бірі болып Совет Одағы мен социалистік елдер таныды. 1972 жылы наурызда БХР-дің премьер-министрі шейх Муджибур Рахман ресми сапармен тұңғыш рет Москваға келді. Бұл сапардың нәтижесінде Совет Одағы мен БХР-дің Біріккен декларациясы жарияланды. Экономика, мәдениет, ғылым саласында ынтымақтасу жөніндегі келісімдер бойынша Совет Одағы БХР-ге жылу электр станциясын, радиохабар станцияларын, электр жабдықтары зауыдын салуда, мұнай мен газ кендерін барлауда, теңіз флотын, темір жолдарды қалпына келтіруде көмек көрсетеді; ұлт кадрларын дайындауға жәрдемдеседі; Бангладештің ішкі әуе қатынасында пайдалану үшін вертолеттер береді. Екі елдің арасында тұрақты теңіз және әуе қатынасы орнатылды.

Экономикасы. Бангладеш - аграрлы ел, шаруашылығында ұсақ товарлы өндіріс басым. Жартылай феодалдық жер иеленушілік елдің экономикасын алға бастырмады. Ол ауыл шаруашылығын құлдыратып қана қойған жоқ, ұлттық өнеркәсіптің жасалуына да ұлкен кедергі келтірді. Елдегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің қазір 60%-і жыртылған (8 млн. га), ал кейбір аудандарда бұл мөлшер 80%-тен асады. Табиғи жағдайының аса қолайлылыгы мұнда егіннен жылына 2-3 рет өнім жинауға мүмкіндік береді, мұны есептегенде егіс көл. 11 млн. га-ға дейін жетеді. Бірақ тасқын су егіншілікке едәуір зиян келтіреді. Бұл жағдай судың ағысын реттеу, батпақ басуына жол бермеу, жағадағы жерлерді теңіз суының басуына қарсы күрес жөніндегі гидротехникалық жұмыстары кең көлемде жүргізуді талап етеді.

Егетін басты дақылы - күріш (9 млн. га шамасында). Бангладештің кейбір аудандарында күріштен басқа дақыл егілмейді деуге болады. Өнімнің жиналатын маусымына қарай, мұнда күріштің 3 түрі бар: қысқы күріш - аман, күзгі күріш - аус және жазғы күріш - боро. Бұлардың ішінен көбірек егілетіні қысқы күріш - аман. 1968-1969 жылдар Пакистанда өндірілген 13,2 млн. т күріштің басым көпшілігі Шығыс Бенгалияда өндірілді. Егіс көлемі және маңызы жағынан екінші орындағы дақыл - джут ( 200 мың га-дан астам). Бангладештің джут талшығын өндіру және оны экспортқа шығару жөнінен маңызды орын алады (дүние жүзіндегі барлық джуттың 70%-ін береді). Силхет пен Читтагонгтің таулы аймақтарында ірі шай плантациялары бар. Елдің экономикасында бау шаруашылығының да маңызы өте зор. Негізгі жеміс дақылдары - банан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Егіншілікпен салыстырғанда, мал шаруашылығының қосалқы маңызы бар.

Батыс Пакистан әскери билеуші топтарының Шығыс Бенгалияға Пакистанның аграрлық-шикізат базасы деп қана қарауы Бангладеш өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайынан айқын аңғарылады. Индустриялық даму дәрежесі өте төмен. Пайдалы қазбалары толық зерттелмеген. Силхет, Чкатак, Хабигандж, Титас төңірегінен жанар газ өндіріледі. Су энергетика қорының орасан молдығына қарамастан, электр станцияларын салу дамымаған. Бұл өнеркәсіптің дамуына ұлкен бөгет болып отыр. Карнапхули су электр станциясының, Сидхиргандж, Гоалпара, Бхерамара, Ситанкунд жылу электр орталықтарының жалпы қуаты, шамамен, 200 мың квт-тан аспайды. Фенчуганджда минералдық тыңайтқыштар зауыды, Чатагамда (Читтагонг) импорттық мұнайды өңдейтін және болат қорытатын (жылына 150 мың т) з-дтар, Чандрагхонда ірі қағаз комбинаты жұмыс істейді; кішігірім машина жасау кәсіпорындары Дакка, Джайдеппур, Богра, Динаджпур қалаларында шоғырланған. Чатагам, Чална қалаларында кеме жасайтын шағын кәсіпорындар бар. Джут өңдеу (Нараянгандж, Бхайраббазар, Дакка, Мадарипур, Тангаил т.б. қалалары), мақта-мата өндіру (Нараянгандж, Кхулиа, Чатагам т.б.) өнеркәсібі дамыған. Күріш тазартатын, қант, май өндіретін көптеген тамақ кәсіпорындары бар. Халықтың, әсіресе, село халқы қажетінің едәуір бөлігі қолөнер бұйымдары есебінен өтеледі. Майдагерлік кәсіпшілік, қолдан тоқу кең тараған.

Бангладеште транспорттың басты түрі - өзен жолы. Жыл тәулігі бойына үздіксіз пайдаланылатын су жолының ұзындығы 4,5 мың км. Негізінен желкенді кемелер мен қайықтар пайдаланылады. Теңіз кемелері кіретін порттары: Чатагам (Читтагонг), Чална. Темір жолдарының ұзындығы 2,4 мың км.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-18 17:18:31     Қаралды-4173

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »