АНГОЛА (Аngolа) - Африканың батысындағы ел, Португалиядан 1975 жылы 11 қарашада тәуелсіздік алды. Жері 1246,7 мың км2. Халқы 25,7 млн (2014), оның 95%-ке жуығы африкалықтар, 200 мыңнан астамы европалықтар. Әкімшілік орталығы әрі Португалияның генерал-губернаторының тұрағы - Луанда қаласы (300 мыңға тарта халқы бар). Ангола 15 округқа бөлінеді. Кабинда округы да (елдің қиыр солтустігі) басқару жағынан Анголаға қосылады.
Табиғаты. Көп жері таулы үстірт болып келеді. Теңіз жағалауы – ойпат ені 100 км-дей). Климаты – экваторлық муссондық және тропиктік пассаттық. Қаңтар айының орта температурасы 200-тан 25°С-қа дейін, шілдеде оңтүстігінде 15°-тан солтүстігінде 20°С-қа дейін ауытқып тұрады. Жауын-шашының жылдық мөлшері 1000-1500 мм, теңіз жағалауында 250 мм. Суы мол үлкен өзендері: Кванго, Касаи, Кунене, Кванза. Таулы үстірттің солтүстігін қалың орман, ал оңтүстіктін қуаңшылықта жапырағы түсіп қалатын сирек бұталы саванна (ағаш пен бұта өсетін шөл дала) алып жатыр, батыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік ағаштар өседі. Теңіз жағалауындағы ойпаттың солтүстігі акация мен баобаб ағаштары аралас өсетін ғана болады да, оңтүстігі шөлейт және шөл далаға ұласып кетеді.
Тарихы. 15-17 ғасырда Ангола жерінде Гота-ан-Данго, Конго және Лунда сияқты африкалық мемлекеттер болған. 16 ғасырдан бастап Португалия отаршылдары бұл елдерге талай рет басқыншылық жорық жасап, 17 ғасырдың аяғында жергілікті банту халқын бағындырды да, Анголаны өзінің отарына айналдырды. Содан бері жергілікті халық Португалия отаршыларының үстемді және қарсы азаттық күресін үздіксіз жүргізіп келеді. Ұлт-азаттық қозғалыс, әсіресе, соңғы жылдары ерекше күшейе түсті. 1961 ж. Ангола патриоттары Португалия отаршыларына қарсы қарулы күреске шықты. Бұл күресті Анголаны азат ету жолындағы халықты қозғалыс партиясы ұйымдастырды. Казір Ангола патриоттары елдің үштен бірін отаршылдардан азат етіп, озық ықпалын жүргізіп отыр. 1961 жылы мамырда Совет үкіметі «Анголадағы жағдай туралы» мәлімдеме жасады, онда Португалия отаршылдарын айыптап, дүние жүзі жұртшылығын Ангола халқының правосын қорғауға шақырды. Совет Одағы, басқа да социалистік елдер, дүние жүзінің прогресшіл жұртшылығы Ангола күрескерлерін ұдайы қолдап келеді.
Шаруашылығы. Өнеркәсібі онша дамымаған. Жер қойнауы кенге бай. Елдің экономикасында шетел (негізінен АҚШ пен Португалия) капиталының ықпалы күшті. Өңделетін жердің 1,5 млн. га-ға жуығы Португалия плантаторларының қарауында. 1966 жылы Ангола шетелдерге 159,2 мың тонна кофе, 168,2 мың тонна жүгері, 50,3 мың тонна қант, едәуір арахис, қопра, мақта шығарып сатты. 1967 жылы АҚШ монополиялары Ангола жерінен 1 млн. тоннадан аса мұнай өндірді, ал Круппконцерні (ГФР) 2 млн. от-ға жуық темір рудасын ондірді. АҚШ-тың «Кабиндагалфойл» бірлестігі 1967 жылдан бері Кабинда округындағы мұнай кендеріне барлау жұмыстарын жүргізуде. Анголаның сыртқы саудасында алмас екінші орыналады (кофеден кейін). 1965 жылы шетке 1157 мың карат алмас шығарылды. Алмас өндіру және оны шетке шығару түгелдей ангола-американ-бельгиялық «Диамаг» бірлестігінің қолында. Анголада мұнай айыру, цемент з-дтары, балық-консерві және мата тоқу кәсіп-орындары бар. 1967 жылы 373 млн. квт-сағ электрқуатын өндірді. Темір жол ұзындығы 3 мың км-ден астам (1966). Негізгі порттары мен ірі қалалары: Лобиту, Луанда, Мо-самедиш, Жаңа Лижбоа. Ақшасы - анголар, ол Португалия экскудосы мен бара бар.
Отарлық езгінің салдарынан Анголаның ежелгі мәдениеті жете зерттелмеген; қазіргі әдебиеті мен өнері дами қойған жоқ. Халқының 1%-і ғана хат таниды.
Әдеб.: Народы Африки. -М., 1954; Олейников И.Н. Ангола. –М., 1960.
Жарияланған-2019-10-18 17:12:35 Қаралды-2990
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану