ҚЫТАЙДАҒЫ ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ (874-901) - 9 ғасырдың 2-ші жартысында Қытай шаруаларының жерсіз қалуы нәтежесінде туған феодалдарға қарсы халықтық көтеріліс. Шаруалар бұқарасы өзара топтаса бастады, солардың бірі - Ван Сянъ-чжи бастаған 3 мың адамы бар отряд, 875 жылы оған әлденеше мың адамымён Хуан Чао қосылды. 876 жылдың аяқ шенінде Ван Сянь-чжи мен Хуан Чаоның армиясында 100 мыңға тарта адам болды. Көтеріліс Орталық және Шығыс Қытайдың бірқатар провинцияларын қамтыды. Тан империясы үкіметінің үлкен әскери лауазым беру жөніндегі ұсынысын Ван Сянь-чжи қолдадыда, Хуан Чао мен екі арада наразылық’ туып, 877 жылдың бас кезінде көтерілісшілердің күші екіге бөлінді. 878 жылы Ван Сянь-чжидің армиясын үкімет әскерлері тас-талқан етті. Осы кезден көтеріліс басшылығы Хуан Чаоның қолына, көшті. Бұл армия әскерлерінің саны 500 мың адамға жетті. Шаруалар мемлекеттік және монастырь қамбаларын, помещиктердің иелік жерлерін тартып алды, чиновниктерді, ірі феодалдар мен өсімқорларды құртып, астықтарын және басқа мүліктерін өзара бөлісіп алды. 879 жылы күзде көтерілісшілер Гуанчжоуды (Кантонды) басып алды. Осыдан кейін Хуан Чао манифест жариялап, онда Тан әулетін құлатып, өкімет билігін өз қолына алуды мақсат етті. 880 жылдың аяқ шенінде көтерілісшілер Лоян қаласын басып алды, 881 жылы 10 қаңтарда 600 мың әскерді бастаған Хуан Чао Чаньань қаласына кірді. Хуан Чао император болып жарияланды. Бірақ Хуан Чао отряды біртіндеп әлсірей берді. 883 жылы 20 мамырда Хуан Чаоның әскерлері Чаньаньды тастап шықты. 884 жылы көтерілісшілердің негізгі бөлігі талқандалды. Хуан Чао өзін өзі өлтірді. Қытайдағы шаруалар көтерілісі феодалдар мен олардың мемлекеттік аппаратына елеулі соққы болып тиді.
Әдеб.: Рубин В. А. Походы Хуан Чао, в кн.: Сборник статей по истории стран Дальнего Востока. -М., 1952. -С.81-98.
Жарияланған-2019-10-18 16:53:40 Қаралды-2254
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану