UF

Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер.

Адамды зерттеуді Р.С.Немов 3 кезеңмен қарастырады:

1.Философиялық-әдебиеттік.2.         Клиникалық. 3.Эксперименталдық.

Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан  XIX ғасырға дейін созылады.  Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын,   адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын   қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми - нақты мазмұнды қажет етті.

Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі  – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың  өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар  адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.

  Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ертеден белгілі. Алғашқы теориялардың  бірі  греция философы Аристрах Эпикурдің адам әрекеттері, қылықтары оның сезімдерге туралы, өз тұрмысында жағымды сезімдерді тудыруға ұмтылып, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынуы жөнінде айтады. ХVІІІ ғ француз материалист ағартушылар бұл теорияны  жақтады.  Олар жағымсыз  сезімдерге қарсы шығып, дүниені ең қызығы алаңсыз өмір сүру дүниенің барлық қызық тамашасын көріп қалу, сондықтан жағымды сезімге көбірек ұмтылу керек деп есептеді. Сөйтіп, француздар мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз салды. Бұл теорияда, тәнде болатын биологиялық, физиологиялық ағымды мұқтаждықпен байланыстырады. Мұқтаждық адам тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды деп есептеді.

Неміс оқымыстысы психоаналистик психоневролог З. Фрейд (1856-1939) сексуалдық теориясында адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, құмартуға апарып теңейді. Екі түрлі ынтығу бар деп есептейді.

  1. Сексуалдық яғни, жыныстық ынтығу.
  2. «Мен» яғни, өзін-өзі қорғауға ынтығу.

Екінші ынтығу біріншіден кейін пайда болады. «Мен» ынтығуы өзінің өмір сүруіне қажетті ынтығу болып саналады. Фрейд, жыныс құмартулары адам әрекетінің арлық қылықтарын негіз болады, әрі оны басқарады деп есептеді. Адам қажеттіліктері:  материалдық, рухани болып  бөлінеді. Адамда екі түрлі күш бар: биологиялық- ол жыныс ынтығуы; әлеументтік ынтығу. Міне, осы ынтығуларды адам өзін-өзі сақтау инстинкті арқылы оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны дұрыс қолданады, оны әрдайым басқарып отырады және жақсы мақсатқа жұмсайды және мәдени қажеттілік түрін басқарады. З. Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай жаңалық. болғанымен  оның белсенділік әрекетінің қозғаушы  күші жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар .  А. Кординер, Е. Формм, К.Хорни т.б. орынсыз деп санады. Олар,  Фрейдтің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада, өздерінше «жаңа Фридизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фрейдизм» ағымы  адам тіршілік еткен ортасыны тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды. «Жаңа Фрейдшілердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам әлеументтен өзінің ғашығын іздейді. Соған ұмтылады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады деп адам белсенділігін асыра дәріптейді.

Философиялық - әдебиеттік және клиникалық тұрғыдан қарастыру кезеңі тұлға мәнін түсінудің алғашқы қадамы деуге болады.

  Адам психологиясының эксперименттік кезеңі - XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады.

Тұлғаны зерттеуде эксперименталдық кезеңі танымдық процесті зерттеуде едәуір жетістікке жеткен кезең. Ол психология ғылымының тұтас мінез актісін түсіндірудегі тоқыраумен тұспа-тұс келді. Үстемдік   құрған адамды  атомдық тұрғыдан   қарау адам психологиясын жекелеген процестер мен жағдайлар тұрғысынан қарауды талап етті.

Адамға эксперименттік тұрғыдан қарауда ағылшын психологі Р.Кеттел ескі негізде құрмай, өзінде жаңа талпыныс жасауда ауру адамды емес, дені сауды және оларға нақты, әрі дұрыс әдісті қолданды.

Адамды экспериментальдық зерттеумен А.Ф.Лазурский, Г.Айзенек, Р.Кеттел шұғылданды. А.Ф.Лазурский тұлғаны ғылыми бақылаудың жүйелі техникасы мен әдісін ендірді. Ол сонымен бірге табиғи эксперимент арқылы дені сау адам психологиясы мен мінезіне қатысты мәлімет алу, қорыту сияқты еңбектер жасады. Г.Айзенек алынған бақылауды математикалық өңдеу процедурасы мен әдісін, құжатты талдау, сауал, т.б. тұлға туралы жинақталған мәліметтер нәтижесіндегі мәліметтермен тұлғаның өзіне ғана тән тұрақты келбетін сипаттады. Г.Оллпорт «Келбет теориясы" деп аталатын жаңа теорияны дүниеге әкелді. Ал, Кеттел Г.Айзенектің әдісін пайдалана отырып, тұлғаға факторлық талдау жасады. Олда барынша нақты факторға негізделген түлға келбетін белгіледі. Ол тұлғаны зерттеудің тестілік негізін дүниеге әкелді. Тұлғаны зерттеу тесті  16 факторлық тестіден тұрды. Бұл тест Кеттелдің атымен  «Кеттелдің 16 факторлық тесті» деп аталды.

Тұлға туралы қазіргі теориялар.

XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты.  48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі.

Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық  тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады: В = Ғ (Р)

Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.

   Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде  В = Ғ (Е)  берілді.

  Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).

  Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.

  Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.

  Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.

 Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.

Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.

Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.

Г.Оллпорт пен Р.Кеттелдің жасаған теориясы - келбеттік теорияны, психодинамикалық, экспериментальдық, құрылымдық - динамикалықтың қатарына жатқызуға болады. Мұнда адамның барлық өмірі қамтылып, оның тұлғалығының ішкі психологиялық қасиеттерңн сипаттайтын   түсініктер бар.   Бұл   теория   арқылы   адамдарды       бір-бірінен дамушылық деңгейінің белгілі бір түріне қатысты айыруға болатындығына байланысты теорияны қуаттауына болады. Ал тұлғалық тұтас сипаттау тек тестілеу немесе қатаң зерттеу тәсілі арқылы гана анықтауға болады.

Қатаң зерттеу тәсіліне - тұлғаның тілді меңгеруімен және қазіргі статистиканың күрделі әдістері арқылы ғана анықтауға болады.

Осы әдістер арқылы Р.Кеттел 16 түрлі түлғалық келбет анықтап, аның күшті жэне әлсіз сияқты екі түрлі дамушылығын белгілейді. Кеттел сауалы 100 сұрақты қамтиды да, оны мақұлдау немесе мақұлдамау арқылы, соңындағы жинақтаған баллық «кілтіне» қарай белгіленеді. Сол арқылы оның түлғалық келбеті анықталады. Тұлға келбетін Р.Мейлиде анықтады.

Кебет теориясына алтернативті түрде элеуметтік үйрету теория деп аталатын тұлға түжырымдамасы кең тарайды. Мүнда да түлғаны жан-жақты қарастыру мінездік түсінік пен әлеуметтік - динамикалық, экспериментальдық, қүрылымдық-динамикалық жүктелумен жүзеге асады. Мүның негізгі ерекшілігі құлықтар немесе құлықтар топтамасы мен психологиялық сипаттама жасалады.

Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінез белгілеп, оны бірнеше мынадай, топқа бөледі:

1.    Адам қабілеті.

2.    Когнетивті стротегиясы.

3.    Кітетіні.

4.    Құндылығы.

5.    Мінез жоспары.

Ал З.Фрейдтің тұлғалық психоаналитикалық теориясы Батыста кең танымал. Оны психодинамикалық, экспериментальды емес, құрылымдық-динамикалық типке жатқызуға болады. Ол тұлғаның психологиялық қасиетін, әсіресе қажеттілігі мен себептерін сипаттайды. З.Фрейд өзіндік сананы - айсбергтің шыңына теңейді. Адам өз жанында болып жатқанның мардымсыз бөлігін ғана белсенді сезінеді. Ал оның жанында болып жатқанның негізгі бөлігі тәжірбиесі мен тұлғалануы бейсанада болады деп көрсетеді. Фрейд тұлға құрылымын үш құрамда: «оно» , «мен» , және «Мен-тыс»  деп белгілейді. «Оно» - бұл өзінің дербес бейсаналықтағы қызығушылық, қажеттілік пен себепке терең енуі; «Мен» - санасы; «Мен-тыс»-бұл саналык жэне бейсаналық деңгейі. «Оно» - ләззат принципіне, «Мен» - шындық принципіне, «Мен-тыс» - қоғамда орын алған моралдық норма мен құндылықты басшылыққа алады.

Жағымсыз эмоциональдық жағдайдан құтылуға байланысты «Мен» көмегімен өзінің қорғаныстық механизімдерін жасайды. Ондай рационализация, реакуляция қалыптастыру, проекция, интеллектуализация, ескертпелер жатады. Егер осы және бұданда басқа қорғаныстық механизімдер нәтиже бермесе, ол «Оно» -дағы кодталған, символикалық формаға байланысты болғаны.

З.Фрейдтің тұлға теориясы жэне неофрейдистер тұжырымдамасы шет елдер мен ресей психологтары арасында сынға ұшырады. Бұл сын адамның биологиялық шегіне, оның әлеуметтік мінезінің себебіне, оны басқару ролінің төмендігіне байланысты. Олардағы дәлелдер ғылыми негізделіп, нақтыланған дәлелденген деуге болмайды, деген олар тартымды әрі өмірлік ақиқатқа жанасымды құрылған.

З.Фрейд пен неофрейдистер тұлғаның жалпы психологиясын жасауда үлесі болды. Олардың үлесі қорғаныс механизмі, мінез-құлық детерминизациясы мен бейсаналық мәселесіне қатысты.

   Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады.

   Адамның негізгі қажеттілігі-өзін жүзеге асыру (самоактуализация ) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.

Ресей психологтарының ішінен тұлға психологиясын анықтауда Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божовичті айтуға болады.

Л.И.Божович - мектепке дейінгі балалардың сәбилік шағы мен жастық шақ аралығындагы тұлға дамуын зерттейді. Ішкі қасиеті мен адам ерекшелігін, негізіі тұлға түсініктеріне сипаттама береді. Тұлғааралық қатынас арқылы ішкі позициясы деп аталатын көзқарастың қалыптасатынын көрсетеді.

А.Н.Леонтьев - тұлға құрылымы мен дамуы тұжырымдамасын жасайды. Ол і-әрекетке  баса мән береді және теориялары  психодинамикалық, эксперименттік емес, құрылымдық-динамикалыққа жатады.

Тұлға теориясын жасауда  американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

1.    Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

2.    2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.

3.    3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

4.    Еңбек қорлық және  оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

5.    12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі   мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

6.    20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға  араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

7.    30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

8.    60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

1. Сәбет БАП-БАБЛ. Жантану негіздері. Алматы Дәнекер 2001

2. ҚЖарықбаее.   Жантану негіздері Алматы, 2002ж.

3. Ә.Алдамұратов. Қызықты нсихология. Алматы. 1992ж.

4. Т.Тәжібаев. Жалны психология. Алматы. 199 Зж.

5. Ж.Аймауытов. Психология. Алматы. 199 5ж.

6. Қ.Жарыкпаев. Психология. Алматы. 1993ж.

7. Сәбет.БАП-БАБА. Жантану негіздері. Алматы. 1999ж.

8. Р. С.Немов. Психология. 1-2 кітабы. Москва. 2004ж.

 

 

 

 

                                                

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-11-25 22:37:36     Қаралды-7198

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »