ҚЫТАЙДАҒЫ «ТӨРТ СЕМЬЯ» - Гоминьдан билеп-төстеушілерінің («Чан Кай-ши, Сун Цзы-вэнь, Кун Сян-си, ағайынды Чәнь Ли-фу мен Чэнь Гофу) реакцияшыл тобы. Қытайдағы «төрт семья» феодалдық-компрадорлық, мемлекеттік-монополистік (бюрократтық деп те аталған) капитал мүддесін көкседі; олар қытай пролетарлары мен кедей шаруаларын және қаланың ұсақ буржуазиясын шексіз қанаудың, сондай-ақ ұлттық буржуазияны титығына жеткізіп, ығыстырудың арқасында өз қолдарына қисапсыз мол капитал жинады (капиталдың жалпы мөлшері 10-20 млрд. долларға жетті). Қытайдағы «төрт семья» елдегі барлық әкономикалық-әкімшілік басшылықтарға түгелдей ие болды. Американ монополистері Қытайды отаршылдық кіріптарлықта ұстау үшін, өздеріне тәуелді Қытайдың «төрт семьяны» ұдайы пайдаланып келді. Қытайдың «төрт семьясының» мемлекеттік-монополистік капиталын конфискелеу қытайдағы халықтық-демократиялық революцияның негізгі міндеттерінің біріне айналды, мұның өзі ҚХР-ның экономикасында социалистік укладты құруға жағдай туғызды.
Әдеб.: Чәнь Бо-да, Четыре семейства Китая, пер. с кит., М., 1948.
Жарияланған-2019-10-18 16:34:42 Қаралды-1388
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану