ҚЫТАЙДАҒЫ «МӘДЕНИ РЕВОЛЮЦИЯ» - Қытай Коммунистік партиясына (ҚКП), халық өкіметі мен интеллигенциясына қарсы жүргізілген саяси науқан. 1966 жылы Мао Цзэ-дун бастаған топ «пролетарлық мәдени революция» деген жалған ұран көтеріп, бүкіл елді, қытай халқын бүлікке салды. Ол жас ұрпақты марксизм-ленинизмнен біржолата аулақтатып, «Мао идеяларына» телуге, ұлтшылдық сезімдерін қоздыруға тырысып бақты. Осы арам ниетті пиғылын жүзеге асыру үшін, ең алдымен, халық арасындағы сауатсыздықты пайдаланды (300 млн-нан астам адам сауатсыз). Маошылдар Қытай жастарын алдап-арбап, «қызыл жасақшылар», «көтерілісшілер» деген атпен түрлі отрядтар құрды, оларды сайланып қойылған және демократиялық негіздегі партия органдарын, кәсіподақ, коммунистік жастар ұйымдарын, барлық жергілікті үкімет мекемелерін талқандау үшін пайдаланды. Бұл ұйымдар мен мекемелердің орнына елдің барлық жерлерінде қарудың күшімен «Революциялық комитеттер» құрылды. Бұл сойқанды істер Қытай Халық Республикасының (ҚХР) ішкі, сыртқы жағдайын мейлінше құлдыратып жіберді. Қоғамдық өмірде Қытай Коммунистік партиясының жетекші ролі әлсіреді, «Мао Цзэ-дунның пролетарлық тобы» деп аталатын атышулы топ бар тізгінді өз қолына алды. Бұл бүлікшілер тобы бүкіл партияның, армияның, елдің бірден-бір бастаушы органы деп есептелді. Қытай «мәдени революция» барысында бұл топ ҚКП-сын қатты шығынға ұшыратты, партияның сыннан өткен ардагерлері, Мао Цзэ-дунның марксизм- ленинизмге жат зиянды көзқарастарын жақтамаған интеллигенция өкілдері қуғынға ұшырады, орынсыз партия қатарынан шығарылды. Солардың ішінде барлық өмірін революция жолына сарп еткен нағыз марксист-лениншілдер де аз емес. Экономикалық жағдай мейлінше нашарлап, елдің барлық байлығы талан-таражға салынды, халықтың материалдық әл-ауқатын көтеруді көздейтін социалистік принцип ажуа етілді. Экономиканы дамыту арқылы халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралардың бәріне «экономизм» деген құбыжық ат тағылды. Мао Цзэ-дун тобы барлық күшті, қаржыны түгелдей дерлік әскери экономиканы күшейтуге, соғыс қару-жарақтарын, әсіресе ядролық қаруды көптеп өндіруге жұмсады.
Қытай «мәдени революция» жылдарында жоғары және орта білім беретін оқу орындары ісжүзінде жұмыс істемеді. Қытайдың классикалық әдебиеті «феодализмнің арам шөбі» деп жарияланды. Бірде-бір көркем әдебиет туындылары, көркем суретті кинофильмдер шығарылған емес. 1969 жылы сәуірде ҚКП-ның 9-съезінде «пролетарлық мәдени революцияның» қорытындысы шығарылып, ол «марксизм-ленинизмді дамытудағы ұлы кезең» деп танылды. Шын мәнінде, бұл атышулы «мәдени революция» ҚКП-на, халық өкіметі мен интеллигенциясына қарсы бағытталған саяси төңкеріс еді.
Жарияланған-2019-10-18 16:33:22 Қаралды-10513
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану