UF

КИЕВ РУСІ - Шығыс славян тайпаларының бірлесуі нәтижесінде Шығыс Европада 8-9 ғасырдың аралығында пайда болған феодалдық мемлекет. Оңтүстікте Тамань түбегінен, батыста Висланың жоғарғы ағысы мен Днепрден, Солтүстікте Солтүстік Двинаның жоғарғы ағысына дейінгі жерді алып жатты. Киве Русі кезеңінде ежелгі орыс халықтығы қалыптасты, кейін орыс, украин, белорус ұлттарының тууына негіз болды. 882 ж. ылы қарсаңында поляк, руси, северян, древлян, дреговичи, полочан, словен тайпалары жерінғана біріктірген Киве Русі Олегтен (882-911) кейінгі дәуірде (911-1054) күшейіп, шығыс славяндарды түгел біріктірді де, 1132 жылы ыдырады, феодалдық бөлшектену дәуірі басталды.

Шаруашылығы. Киве Русі құрылған кезде егіншілік негізгі орын алды. Үштанапты егіс жүйесін қолданды. Бидай, сұлы, тары, қарабидай, арпа т. б. егілді. Мал шаруашылығы, аңшылық, балықшылық, тағы араның балын жинау кәсібі кең таралды. Деревняларда қол өнер екінші кезектегі кәсіп болды. Темір бұйымдарын жасау өнері де қалыптаса бастады. Қоғамдық құрылыс феодалдық жер иеленуге негізделді. Вотчиналық шаруашылық пайда болды. Қалалардың тууына байланысты, сауда мен қолөнер дамыды. Араб, Византия, хазарлармен (9-11 ғасырлардың ортасы), кейінірек Қаратеңіз, Каспий, Итиль арқылы Генуя, Венеция, Иранмен, Балтық теңізі арқылы Скандинавиямен т. б. елдермен (11 ғасыр ортасы - 12 ғасыр) сауда жасады.

Мемлекеттік құрылысы. Киве Русінде ертедегі феодалдық монархия болды. Киев князы билік жүргізді, ол қарулы жасақтың күшіне сүйенді. Ол кезде веченің аздаған ролі болды. Князьдың билігіне шеек қойылмады, алайда, жоғары тұрған феодалдар – боярлар оған бағыт беріп, жөнсілтеп отырды. Веченің ролі төмендеді. Қалаларды 11 ғасырда жергілікті жериелерінен, жасақшылардан құралған қалалық патрициат басқарды. Ірі жериеленудің және қауымдағы азатшаруаларды басы- байлылыққа айналдырып, қанауды күшейтудің нәтижесінде 11-12 ғасырларда тап қайшылығы шиеленісе түсті, қаналушылар жер үшін, бас бостандығы үшін күресті (1024 жылы Суздальда, 1068-1069, 1113 жылы Киевте т. б.).

Киве Русі хазар, печенег, турік, қыпшақтармен көп күресті. 1036 жылы печенегтердің батыс бірлестігін жойып жіберді. 11 ғасырдың 2-жартысында Еділден Дунайға дейінгі жерді қыпшақтар алды. 1068 жылы қыпшақтар ірі жеңіске жетті. 1093-1096 жылы Киве Русі қыпшақтардың шабуылына төтеп берді. 1103-1017 жылдар Владимир Мономах қыпшақтарға бірнеше жорықтар жасап, оларды Солтүстік Кавказға, Еділ, Дон, Жайыққа сырып тастады.

Киве Русінің саяси тарихы 10 ғасырдың аяғы мен 12 ғасырда Киевте, Новгородта жазылған жылнамаларда 852 жылдан бастап айтылған. Ол бойынша, 862 жылы Рюрик бастаған варягтар Киевке келіп басшылық еткен. Бұл – Киевте мемлекетті варягтар (нормандар) құрды деген 18 ғасырдағы норман теориясының шығуына негіз болды. Владимир Святославич князьдық еткен кезең (980-1015) Киве Русінің гүлденген тұсы болып есептелді. Ол Византиялық православие түріндегі христиан дінін енгізді. 1024 жылы Днепрдің бойымен екіге бөлініп, 2 князьдыққа айналған Киве Русі 1036 жылы қайтадан біртұтас мемлекет болды. Ярослав Мудрый шіркеудің Византияға тәуелділігін жойып, Батыс Европамен байланысты күшейтті. Ярославтың мұрагер үш ұлы Киве Русін бөлісіп биледі де, феодалдық бөлшектенушілікке жол берді. Қыпшақтарға қарсы күресу үшін уақытша бірігулер бұл процесті кейін де тоқтата алмады. 1132 жылы князь Мстислав Владимирович өлген соң, Киве Русі феодалдық бөлшектену дәуіріне көшті.

Мәдениеті жағынан Киве Русі едәуір жоғары дәрежеде тұрды. Византия мәдениеті оған зор әсерін тигізді. Әдебиет Киве Русінде көбінесе діни салада тарады. Грек, көне еврей, араб (Сирия) тілінен эпостар т. б. кітаптар аударылды. Төл әдебиет те едәуір дамыды. Киве Русінде туған «Повести временных лет» - орта ғасырдағы Европа хроникасы ішінде елеулі мәні бар шығарма. Киве Русінде сауаттылық едәуір кең тараған, оған қабық самыра жазулары дәлел. Архитектура мен бейнелеу өнерінің Киве Русінде қалған үлгілерінен шығыс славян тайпаларының ежелгі дәстүрлері байқалады. Сауда саяси қатынастарға байланысты Византия, Балқан, Солтүстік Европа, Таяу Шығыс елдерінен келген жаңалықтарды қабылдауға бейім келеді. Киве Русі гүлденген дәуірде ежелгі орыс шеберлері тас құрылыстар мен мозаика, фреска, икон жасау, кітап миниатюрасы өнерін игерді. Сырты орланған, атжал топырақ қорған мен қоршалған түрлі бекіністі мекен-жайлар салынды. Русьте шоқындыру процесі жүргізілгеннен кейін христиан дінінің храмдары салынды. Олардың көрнектілері – Киевтегі Софийский собор (11 ғ.), Черниговтағы Спасск-Преображенский собор (11 ғ.). Киевтегі Десятинная шіркеуі (989-996; 1240 жылы қираған) т. б. 11 ғасырдағы тасқұрылыстардың ішіндегі көрнектілері – астынан жол өтетін мұнаралары бар бекіністер (Киевтегі Алтын қақпа), қамалдың тасқабырғалары (Переяславль-Хмельницкий, Киев-Печера монастырьлары, Ескі Ладога), Киевтегі Софийский соборының Византия шеберлерінің қолынан шыққан мозаикасы мен фрескасы едәуір жақсы сақталған. Шеберлер асқақ салтанатты, шексіз ұлылықты, шіркеу билігінің мызғымас беріктігін бейнелеуге тырысқан. Музыка Киве Русінде жақсы дамыған. Халықт ворчествосымен қатар, жауынгерлік әскери музыка, салт-ғұрып музыкасы кең орыналған. Князь сарайында, жасақ басшыларында қызметте әншілер, музыканттар болған. Әнші-жыршылар өз заманының көсемдерін, өткен күннің даңқты батырларын мадақтап жыр етіп, гуслиге қосып орындайтын болған. Шіркеу музыкасы да туған. Киве Русі Шығыс Европаның славян т. б. Халықтары үшін аса маңызды кезең болды. Орыс, украин, белорус халықтарының туыстығы, этникалық жақындығы, мәдениетінің бірлігі сол дәуірден басталады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-18 13:02:11     Қаралды-3666

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »