UF

БРИТАН ИМПЕРИЯСЫ (Вritish Empire) - Ұлыбритания мен оның отар иеліктерінің жалпы атауы. «Британ Империясы» деген термин 19 ғасырдың 70 жылдарында ресми қолданыла бастады. 12 ғасырда Англия ең алдымен Ирландияны басып алды. 1583 жылы Ньюфаундлендті бағындырды, 1607 жылы Солтүстік Америкада (Виргиния) тұңғыш ағылшын отарының негізі қаланды. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басындағы соғыстарда теңіздегі басты бәсекелесі, сол кездегі аса ірі отарлы мемлекет - Испанияға бірқатар ауыр соққы берді. Англияда пайда болған монополиялық ірі сауда компаниялары (1600 ж.) «теңіз сыртындағы» елдермен сауда жасаумен қатар, Азия мен Африкадағы тірек мекендерді қарата бастады. 17 ғасырда капиталистік құрылыс орнығысымен Англия отарлық шапқыншылықты күшейтті. 1652-1654, 1665-1667, 16721674 жылдардағы соғыстарда Англия Голландияны жеңіп, Солтүстік Америкадағы бірсыпыра жерді басып алды. 17 ғасырдың ортасында Португалия және оның орасан зор отарлық империясы Англияға тәуелді болды. Испан мұрагерлігі үшін соғыс барысында Ұлыбритания (Англия және Шотландия біріккен корольдығы 1707 жылдан кейін осылай аталды) Гибралтарды және Солтүстік Америкадағы жаңа жерлерді шауып алды. Жетіжылдық соғыста (1756-1763) Ұлыбритания отаршыл Францияға ауыр соққы беріп, Испанияның отарлық қуатын біржолата жойды. Ағылшындар француздар билеген Канаданы алып, Солтүстік Америкада өз үстемдігін орнатты. Ост.-Үнді компаниясы 1757 жылы Бенгалияны (Үндістан) иемденді. Сонымен британ отарлық империясы құрылды. Бұл капитализм орнығуының бір тұтас дүние жүзілік тарихи процесінің құрамдас бөлігі болды. Ал Ұлыбританияда бұл процесс барынша жедел өтті. Ол отар елдерді, әсіресе Үндістанды тонау, құлдарды сату т.б. есебінен алғаш ақша қорын жасады; бұл өнеркәсіп төңкерісін жүзеге асыруға да себепші болды. Метрополия отар елдерде, ең алдымен Үндістанда капиталистік қатынастардың дамуына тосқауыл қою саясатын жүргізді, ал Солтүстік Америкадағы отар елдерінде олар капиталистік қатынастардың біршама жедел дамуына кедергі бола алмады. 18 ғасырдың соңғы ширегінде Британ Империясы дағдарысқа ұшырады. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыста (1775-1783) Ұлыбритания Солтүстік Америкада 13 отарынан айрылды. Бірақ Францияға қарсы соғыс қорытындысында Ұлыбритания 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында басып алған Кап отарын (Оңтүстік Африка), Мальтаны, Цейлон (Шри-Ланка) т.б. жерлерді өзінде қалдырды (Вена конгресі, 1814-1815). 19 ғасырдың 1-жартысында Ұлыбритания негізінен Үндістанды өзіне қаратты, Австралияны, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Африканы отарлады. Ағылшын-қытай (1840-1842), ағылшын-француз-қытай соғыстарынан (1856-1900) кейін Қытай бірсыпыра порттарын ағылшын саудасы үшін ашып, Сянган (Гонконг) аралын, Ұлыбританияға беруге мәжбүр болды. 19 ғасырдың ортасында Ұлыбританияда империализмнің екі айрықша белгісі көрінді; бұл орасан зор отарлық иеліктер мен дүние жүзілік рыноктегі үстемдік жағдай. Бұл кезеңде Британ Империясы ішінде отар олдерді шикізат көзі және товар-зат сататын рынок ретінде пайдаланған метронолияның үстемдігіне негізделген экономикалық байланыс жүйесі қалыптасты. Ағылшын өнеркәсібінің қауырт артып отырған бәсекелестігі отар елдердің, әсіресе Үндістанның зкономикасын барған сайын әлсіретті. Ағылшын отаршылдары жергілікті қанаушы таптармен бірге «бөлшекте де билей бер» принципін кеңінен жүзеге асырды; Үндістанда үнділер мен мұсылмандар, жеке провинциялар мен князьдықтар арасында қасақана жаулық ертін тұтатты. Ағылшын отарлық езгісінің күшеюі бірқатар көтеріліс тудырды. Оның ец ірісі Үнді халық көтерілісі (1857-1859) болды; бұл отаршылдарды Үндістанды басқару жүйесін өзгертуге мәжбүр етті. 1858 жылы Ост.-Үнді компаниясы таратылды; Үндістан таққа бағынатын отарға айналды. Канада (1837-1838 жылдардағы көтеріліс), Австралия (1854 жылғы көтеріліс) сықылды отарлар (бұл елдер халқының көп бөлігі, әсіресе Ұлыбританиядан және Франциядан шыққандар) табанды күрес барысында 19 ғасырдың ортасында-ақ ішкі билікті өз қолына алды. Канада 1867 жылы тұңғыш британ доминионына айналды. 19 ғасырдың соңғы ширегінде Ұлыбритания дүние жүзілік өнеркәсіп монополиясынан айрылғанымен, отарлық империясын едәуір кеңейтті. 80-90 жылдары Африканың батыс және шығыс жағалауындағы қыруар жерді басып алды. 1875 жылы Суэц каналына бақылау, 1882 жылы Египетте үстемдік орнатты, 1878 жылы Кипрді, 1885 жылы Бирманы түгел шауып алды. Соның нәтижесінде Азия мен Африканыц көлемді аймақтарында Ұлыбританияның позициясы нығайды. Қантөгіс шайқастан кейін Ұлыбритания іс жүзінде Ауғанстанды протекторатқа айналдырды. 1898 жылы Қытайдын; Вэйхайвэй портын және Цзюлун (Коулун) түбегін толық бағындырды. Ұлыбритания империализм дәуіріне күшейген отарлы империя, рынокта үстем, күрделі қаржысын жұмсай алатын ел қатарында енді. 1913 жылдың аяғында шетелдердегі бүкіл ағылшын күрделі қаржысының жартысына жуығы Британ Империясы елдерінің үлесіне тиді. Отар елдерді қанау ағылшын экономикасында жатып-ішіп, өзгенің есебінен күн көру, іріп-шіру процесін күшейтті. Метрополияның қарсылығына қарамастан Британ Империясы елдерінде, әсіресе халық сырттан қоныстанған отарлар мен Үндістанда өнеркәсіп өркендеді, ұлт буржуазиясы мен пролетариат қалыптасып, барған сайын саяси өмірдегі елеулі күшке айнала бастады. Британ Империясында ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы зор ықпал етті. 20 ғасырдың алғашқы он жылдығында Австралия Одағы (1901), Жаңа Зеландия (1907), Оңтүстік-Африка Одағы (1910), Ньюфаундленд (1917) доминиондары құрылды. 1-дүние жүзілік соғыс Британ Империясында қалыптасқан шаруашылық байланысты бұзып жіберді. Бұл доминиондардың экономикалық жағынан жедел дамуына жәрдемдесті. Ұлыбритания олардың ерікті сыртқы саясат жүргізу правосын мойындауға мәжбүр болды. 1-дүние жүзілік соғыс қорытындысында Британ Империясы ұлгая түсті. Ирак, Палестина, Трансиордания, Танганьика, Того мен Камерунның бір бөлігі (бұлар Ұлыбританияның мандатты жерлері), Оңтүстік Африка Одағы (Оңтүстік-Батыс Африка), Австралия Одағы (Жаңа Гвинея мен Мұхиттағы оған іргелес аралдар) Жаңа Зеландия (Батыс Самоа аралдары) Британ Империясына қосылды. Таяу және Орта Шығыстағы көптеген мемлекеттер сөз жүзінде Британ Империясының құрамына кірмегенімен, іс жүзінде Ұлыбританияның жартылай отары болды.

Үндістанда отаршылдыққа қарсы жаппай ереуілдер (1918-1922, 1928-1933) болып өтті. Ұлыбритания Ауганстанның тәуелсіздігін мойындады (1919). Ирландия доминионға (1921) (солтүстік бөлік - Ольстерден басқасы), ал 1949 жылы тәуелсіз республикаға айналды. Египет сөз жүзінде болса да тәуелділік алды (1922). Ирак ағылшын мандатынан шықты (1930) (бірақ Египет пен Ирак бұғаулы «одақтық шарттардың» шырмауында қалды). Империялық конференция (1926), Вестминстерлік статут (1931) доминиондардың сыртқы және ішкі саясатта толық ерікті екенін ресми түрде мойындады. Бірақ экономикалық жағынан доминиондар (Канададан басқасы) едәуір дәрежеде метрополияның аграрлық-шикізат көзі болып қала берді. Британ Империясының барлық елдері «империялық қорғаныстың» бір тұтас жүйесіне тартылды.

2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) жылдарында Британ Империясында дағдарыс қауырт күшейді, отаршылдыққа қарсы қозғалыс өрістеді. Ал соғыс қорытындысын, дүние жүзілік социалистік системаның құрылуы, империализм позициясының жалпылай әлсіреуі отар елдер халықтарының өз азаттығы жолында күресуі, тәуелсіздігін қорғауы үшін өте қолайлы жағдай туғызды. Империализмнің отарлау жүйесінің, оның ішінде ағылшын отар империясының ыдырауы күшейді. 1946 жылы Трансиордания 1947 жылы Үндістан, 1948 жылы Бирма мен Цейлон тәуелсіздік алды. 1948 жылы 15 мамырдан бастап Палестинадағы британ мандаты жойылып, онда ерікті араб, еврей мемлекеттері құрылды. Британ Империясындағы отар халықтардың дені тәуелсіздікке ие болды. 1945 жылы ағылшын отарларында 432 млн-дай адам болса, 1970 жылы оларда 10 млн-дай ғана адам қалды. Ағылшын отарлық үстемдігінен мына елдер құтылды: 1956 жылы Судан; 1957 жылы Гана (бұрыңғы Алтын Жағалау мен Того), Малайя [отар елдер - Сингапур, Саравак, Солтүстік Борнеомен (Сабах) бірге 1963 жылы Малайзия Федерациясына бірікті; 1965 жылы Сингапур Федерациясына бірікті; 1965 жылы Сингапур Федерациядан шықты]; 1960 жылы Сомали (бұрыңғы отар Сомалиленд және Италия басқарған, БҰҰ қамқорлығында болған Сомали), Кипр, Нигерия (1961 жылы БҰҰ қамқорлығында болған Британ Камерунының солтүстік бөлігі Нигерия Федерациясының құрамына кірді; Британ Камерунының оңтүстік бөлігі Камерун Республикасымен бірігіп, 1961 жылы Камерун Федерациялық Республикасын құрды); 1961 жылы Сьерра-Леоне, Кувейт, Танганьика; 1962 жылы Ямайка, Тринидат пен Тобаго, Уганда; 1963 жылы Занзибар (1964 жылы Танганьика мен Занзибардың қосылуы нәтижесінде Танзания Біріккен Республикасы ұйымдасты), Кения; 1964 жылы Малави (бұрыңғы Ньясаленд), Мальта, Замбия (бұрыңғы Солтүстік Родезия); 1965 жылы Гамбия, Малдивы; 1966 жылы Гайана (бұрынғы Британ Гвианасы). Ботсвана (бұрынғы Бечуаналенд), Лесото (бұрынғы Басутоленд), Барбадос; 1967 жылы бұрынғы Аден (1970 жылға дейін Оңтүстік Йемен Халық Республикасы; 1970 жылдан Йемен Халық Демократиялық Республикасы); 1968 жылы Маврикий, Свазиленд; 1970 жылы Тонга, Фиджи, Египетте (1952), Иракта (1958) ағылшындық монархиялық тәртіпті жақтаушы өкіметтер құлатылды. Бұрын Жаңа Зеландияның қамқорлығында болған Батыс Самоа (1962), бұрын Австралияның, Ұлыбританияның, Жаңа Зеландияның қамқорлығында болған Науру (1968) тәуелсіздікке жетті. Канада (1949 жылы Ньюфаундленд оның құрамына кірді, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка сынды «ескі доминиондар» Ұлыбританиядан саяси жағынан біржолата тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Британ Империясының ыдырауы оның орнына Ынтымақ елдері деп аталатынның пайда болуына әкеп соқты. Бұрын Британ Империясынын құрамында болған, кейіннен азаттық алған елдердің көпшілігі осы Ынтымақ елдеріне кірді. Ұлыбритания мен «ескі доминиондардың» империалистік Топтары Ынтымақ елдерін өздерінің экономикалық және саяси позицияларын сақтап қалуға бағытталған жаңа отарлау саясатын бүркемелеу үшін пайдаланып. келеді. Әлі де Ұлыбританияның, Австралия мен Жаңа Зеландияның үстемдігінде қалып отырған жерлер Ынтымақ елдеріне кіргізілді. Бұл Ынтымақ елдерінің бұрынғы Британ Империясының бірқатар белгілерін сақтап келе жатқанын дәлелдейді. Ынтымақ елдерініц құрамына енген жаңа тәуелсіз мемлекеттер мен отар жерлерге АҚШ-тың экрномикалық және саяси экспанциясы үлкен қауіп төндіріп отыр. Ынтымақ елдерінің халықтары отарлау және жаңа отарлау саясатының барлық түріне қарсы-күрес жүргізіп келеді.

Әдеб.: Маркс К. Капитал. Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., 2 изд., т. 23, гл. 24-25; Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., 2 изд., т. 9, 12. [Статьи о британском владычестве в Индии и об Индийском национальном восстании]; Лемин И. М., Обострение кризиса Британской империи после второй мировой войны, М., 1951; Распад Британской империи, М., 1964; Датт Р.П., Кризис Британии и Британской империи. пер. с англ., М., 1959.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-09 13:44:34     Қаралды-7867

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »