UF

УЛАН-БАТОР (1924 жылға дейін Урга) - Монғол Халық Республпкасыныц астанасы, ірі өнеркәсіп және мәдени орталығы, жол торабы, аэропорт. Хэнтэй жотасының етегін ала (1309 м биіктікте), Тола өңірінің аңғарына орналасқан. Халқы 1,4 млн. (2017).

Қаланы басқару ісін халық депутаттарының қалалық Хуралы жүзеге асырады. Оны 3 жылға халық сайлайды. Оның жылына 2 рет шақырылатын сессиясы аралығында жұмысты қалалық атқару басқармасы жүргізеді. Халық Хуралы өнеркәсіп, сауда, көпшілік тамақтандыру т.б. жөніндегі тұрақты комитеттерді құрады. Атқару басқармаеы жоспарлау комиссиясын, статистика және еңбек бюросын (финанс, мәдениет, халық ағарту), шаруашылық саласыньщ бөлімдерін т.б. денсаулық сақтау, милиция және бас архитектор басқармаларын ұйымдастырады.

Тарихи анықтама. Улан-Батор 1639 жылы монғол Богдоханның (дін басы) көшпелі (кейін 1778 жылдан отырықшы) ордасы ретіңде пайда болып, Оргоо (монғ. - орда деген сөз; содан Европа әдебиетіңде Урга) атанған. 1706 жылдан Их-хурээ (Ұлы монастырь), 1911 жылдан Нийсләл-хурээ (Астаналық монастырь) аталған. Россия мен Қытай арасыңдағы сауда жолында тұрған Их-хурээ кешікпей ірі сауда пунктіне айналды. 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап маньчжур амбанінің (әкімінің) ордасы, әрі Сыртқы Монғолияның әкімшілік орталығы болды. 1860 жылы мұнда орыс консулдығы құрылды. 1911-1915 жылдар Нийслэл-хурээ - феодалдық-теократиялық Монғол мемлекетінің астанасы, 1915 жылдан Сыртқы Монғолияның бас қаласы. 1919 жылы Д.Сухг-Батор, X.Чойбалсан т.б. мұнда тұңғыш революциялық үйірме ұйымдастырды; ол 1921 жылы Монғол халық партиясын құруға (1925 жылдан Монғол халық-революциялық партиясы) негіз болды. 1919 жылы қарашада Монғолияның автономиясын жойып, қаланы басып алған қытай әскерінен және 1921 жылы ақпанда қаланы алған орыс ақ гвардияшыларынан монғол халық армиясы мен оған көмекке келген Қызыл Армия 1921 жылы 6 шілде азат етті. 1921 жылы Нийсләл-хурээде Монғолияның халық үкіметі құрылды, 1924 жылы қарашада қала Улан-Батор аталып, МХР-дің астанасына айналды.

Экономикасы. Қала экономикасында өнеркәсіп, полиграфия, ет және сүт комбинаттарының, жүн жуу, фарфор фабрикаларының, механикалық, автомобиль жөндеу, үй құрылысы з-дтарының маңызы зор. Ірі университет (1942 жылдан), Монғол ҒА-сы, театрлар, басты кітапханалар, музейлер т.б. елдегі маңызды мәдени-ағарту мекемелері осында шоғырланған. Қала атырабында Налайха тас көмір кені бар.

Архитектурасы. Будда монастырьлары, ұсақ сауда орындары, киіз үйлер мен балшық үйлер аралас келетін кішкентай қалада 1940 жылдан бастап құрылые жұмыстары күшейді деп қазіргі заманғы жасыл желекті сәулетті қалаға айналды. 1954-1974 жылдар көшелер мен алаңдар, тұрғын үйлер, демалыс орындары мен өнеркәсіп аудандары жоспарлы түрде салынып, Улан-Батордың бейнесі түбегейлі өзгерді. 1975 жылы қаланың жаңа (2000 жылға дейінгі) бас жоспары жасалды. Совет архитекторларының қатысуымен көптеген қоғамдық құрылыстар (Үкімет үйі, 1950-1960, арх. Чимид, Н.М.Щепетильников, В.Н.Павлов; Д.Сухэ-Батор мен X.Чойбалсанның сағанасы, 1950 жылдар; арх. Б.С.Мезенцев т.б.) ірге көтерді. Ірі архитектуралық ескерткіштері: Монголиядағы ең ірі будда ғибадатханасы Мэгджид-Жанрайсэг (1911-1913) пен Чойчжин-Ламайн-сумэ (1904-1908), қазіргі МХР ҒА дін тарихы музейі) орналасқан Гандан (18-19 ғ.) монастыры, Ногон-Орго («Көк сарай», 1832, бұрыңғы богдо-гэгэннің сарайы, қазір музей) мен Цаган-сумэ сарай ансамбльдері т.б.

Әдеб.: История Монгольской Народной Республики, 2 изд., М., 1967; Очерки экономики Монгольской Народной Республики. М., 1969; Гунгаадаш Б. Монголия сегодня. Природа, люди, хозяйство. пер. с монг., М., 1969; М а й д а р Д. Архитектура и градостроительство Монголии, М.. 1972.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-09-04 17:26:56     Қаралды-1682

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »