МОНҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫ - Монғол Халық Республикасында (МХР) тұратын қазақтар. Олардың жалпы саны 101 мыңнан асады (2010), 80%-і МХР-нің батысындағы Баян-Өлгий аймағында, қалғандары Қобда, Увс аймақтарын, Улан-Батор, Налайх, Шарынгол, Тунхэолде аудандарын мекендейді.
Монғолияға қазақтардың қоныс аударуы жайлы анықтама. Ішкі феодалдық ала ауыздықтар салдарынан күйзеліске ұшыраған Қазақстанда 18 ғасырдың басында жоңғар шапқыншылығы күшейіп, оны «Ақтабан шубырынды, алқакөл сулама» апатына ұшыратты (1723). Ата мекенінен әр тарапқа үдере көшкен халықтың бір бөлігі Шығыс Туркістан (Шынжаң) өлкесіне келіп мекендеді. 19 ғасырдың 2-жартысында Олардың үлкен бір тобы - Абақ Керей Сыртқы Монғолияның батысына келіп қоныстана бастады. Дүнген, ұйғыр, қазақ т. б. халықтардың қытай феодалдарына қарсы күресі, қазақ феодалдарының өзара билікке таласып бөліне көшуі, қытай отаршылдарының жайылымдық жерлерді басып алуы салдарынан малға өріс іздеуге мәжбүр болған қазақтар қазіргі Монғолия қазақтарының мекеніне келіп қоныстанды. Орыс саяхатшылары Г. Потанин, Г. Грумм-Гржимайло, А. Позднеев, В.Сапожников, П.Козлов, А.Казнаков, В.Майскийлердің зерттеулерінде Монғолия қазақтары Батыс Монғолия жеріне 19 ғасырдың 60 жылдарында келген.
Маньчжур-қытай әкімдері қазақтардың қоныс аударуына риза болмады. Олар үш рет шабуыл жасап, қазақтарды қатты күйзеліске ұшыратты. Қазақтар қытай әкімдеріне ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Монғол жеріне қоныс аударушылар арасындағы ең үлкен Шеруші руының биі Жылқышы Ақтайұлы оларға бір мың ірі қара, он мың ұсақ мал жинап беріп құтылды. Ал қытай әкімдерінің дегеніне көнбеген Жантекей бидің баласы Асылбектің басы кесілді.
Қазақтардың қоныстануына монғол феодалдары да қарсы болып, толып жатқан қастандық әрекеттер жасап бақты. Сондай әрекеттердің бірі Монғолия қазақтары тарихында «Жалама айдаған» деп аталған қайғылы оқиға болды. Жалама (қыт. Далам - бас имам) қарақшы Дамбийжанханның қазақтарға кекесінмен қойған лақап аты. Оның тегі астрахандық қалмақ. Монғолиянын батысындағы Қобда өлкесіне 1890 жылы келген ол маньчжур-қытай үстемдігіне қарсы өріс алған халық күресін өз мүддесіне пайдаланбақ болды. Осы қозғалысқа қатысқаны үшін Боғда үкіметінен Батыс өлкені билеуге өкілдік алған (1911) ол бүкіл Монғолия ханы болуды армандады. Қобда өлкесін мекендеген дәрбет, уранхай, қазақ т.б. халықтарды біріктіріп, Увс жеріне көшіріп апарып, монархиялық Батыс Монғолия мемлекетін құрмақ болды. Жаламаға арқа сүйеген Шеруші руының биі Қылаң дербес билік үшін күресті. Жалама 1911 жылдың басында қазақ, уранхай билерінің басын қосып, Үшсеңгір деген жерде келісім жасап, оларды Увс өлкесіне еріксіз көшіре бастады. Жалама әскерінің зорлық-зомбылығына шыдамаған халық Шығыс Түркістан мен Қошағаш (қазіргі Таулы Алтай АО-ның бір ауданы) төңірегіне өтіп кетпек болды. Мұны сезіп қалған Жалама Қарақас руын аяусыз қырды. Өрікті көлге айдап апарылған халық көтеріліс жасап, Қошағашқа өтіп кетті. Азып-тозған халық Монғолиядағы мекеніне 1913 жылы қайта оралды.
Монғолия қазақтары нұрландырған Монғол Халық Революциясы жеңгеннен кейін ғана (1921) теңдікке қолы жетіп, өркендеу жолына түсті. 1921 жылы Монғолияны мекендеген қазақтарға жер беру туралы қаулы қабылданды. Халық тілегімен 1940 жылы қазақ-уранхай Баян-Өлгий автономдық аймағы құрылды. МХР-дің батысындағы 45,8 мың км2 бұл байтақ өлкені қазір 60 мыңнан астам халық мекендейді. Оның 47%-і қазақтар. Аймақ Тува және Таулы Алтай автономиялы облыстармен экономикалық, мәдени тығыз байланыс жасайды. Аймақ экономикасының негізі - мал шаруашылығы. 1949 жылы малшы шаруалар өндірістік кооперацияға жаппай кіріп, ауыл шаруашылығында өндірістік қатынастар толық жеңді. 12 кооператтивтік бірлестік пен мемлекеттік шаруашылық, 4 асыл тұқымды мал станция ұйымдастырылды. Бұларда мал саны 1 млн-нан асты, оның 60%-і қой. Аймақтың өнеркәсібі де дамып келеді. Аймақ орталығы - Өлгийде, Чехословакия мен Болгарияның көмегімен салынған толық автоматтандырылған жүн жуу фабрикасы, цемент, кірпіш зауыдтары, ірі бу-электр станция, қуатты радиостанция, көп каналды АТС бар. Халық шаруашылығының барлық саласын жергілікті мамандар басқарады. Еңбекші шаруалар, жас жұмысшы табы, халық интеллигенциясы өсіп келеді. Еңбек бригадалары мен зиялылар серіктестіктерінің қозғалысы кең өріс алып, өндірісті дамытуда қуатты қозғаушы күшке айналды. Революциядан бұрын 0,1%-і ғана сауатты болған Моңғолия қазақтарының мәдени дәрежесі айтарлықтай өсті. Сауатсыздық біржолата жойылды. Аймақтағы 30 мектеп пен бір училищеде еңбекшілердің он мыңнан астам баласы ана тілінде оқиды (1974). Аймақ жастары МХР-де ғана емес, Венгрияның, Чехословакияның, ГДР-дің, Болгарияның жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып, мамандық алуда. 39 дәрігерлік пункт, 24 бала бақшасы, спорт залдары мен стадиондар, 587 сауда орны, көркемсурет шеберханасы, кинотеатр, 22 кино қондырғы, 4 өлке тану музейі мен кабинеттері жұмыс істейді. Монғол жазушылар одағының аймақтық бөлімшесі, кітап баспасы, «Шұғыла» әдеби альманахы, «Үгітші» журналы, «Жаңа өмір» газеті еңбекшілерге коммунистік тәрбие беруге қызмет етуде. Монғолия қазақтары арасынан көптеген МХР Еңбек Ерлері, Халық артистері мен еңбек сіңірген артистер, мұғалімдер, спорт шеберлері, мәдениет қайраткерлері, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық мамандары және Ә. Мініс, Қ. Қамбар, Қ. Қаусыл, Қ. Қабидеш, О. Сақай, Ә. Мекей, М. Мәуліт сынды ғалымдар өсіп жетілді.
Әдеб.: Мініс Ө., Сарай А., МХР Баян-Өлгий аймағындағы қазақ халқының тарихы, Өлгий, 1960; Сарай А., Баян-Өлгий аймағы қазақ халқы тарихының кейбір мәселелері, Өлгий, 1968; Қалиасқарұлы Қ., МХР, Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті, Өлгий, 1969.
Жарияланған-2019-08-29 16:39:03 Қаралды-1869
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану