ШУМЕР, Сумер - Оңтүстік Қосөзен бойындагы (қазіргі Ирактың оңтүстік бөлігіндегі Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында) тарихи аймақ. Шумер жерін б. з. б. 3-мың жылдықтың ақырына дейін негізінен шумерлер және аздан шығыс семиттер-аккадтықтар қоныстанған. Олар б. з. б. 2400 ж. ш. Аккаде қала салды. Сол кезден бастап Шумердің Солтүстік аймақтары Аккад деп аталды. Оңтүстік Қосөзен бойын шумерлердің, одан кейін семиттердің қай уақыттан қоныстана бастағаны белгісіз. Б. з. б. 3000 ж. ш. мұнда таптық қоғам мен мемлекеттік қалыптаса бастады, бұған Уруктен табылған пиктограмма документтер дәлел. Нағыз жазу (Сына жазу) қалыптасқан 2750-2300 жылдар аралығы ерте әулеттік кезеңге жатады. Бұл кезеңде ұлан-байтақ гибадатхана шаруашылықтарының төңірегіне топтасқан толып жатқан қала-мемлекеттер пайда болды. Негізгі өндіргіш күш жеке мекендігіндегі өндіріс құралдарынан айрылған ғибадатханаларға келушілер мен толық праволы қауым мүшелері болды; құл иеленушілік өріс алды; бай қауым ақсүйектері үстемдік етті (әскери көсем - лугаль, абыз-көсем - эн немесе энси, абыздар мен қауым әкімшілігінің жоғары тобы). Кең көлемде жер суландыру қажеттігі қауым игілігі мен жер құнарлылығы үшін жауапты абыздар ролін күшейтті, осыған орай ғибадатханалар өсе түсті. Ең басты ғибадатханалар шаруашылықтары бірте-бірте қала-мемлекеттер билеушілері - лугальдардың немесе энсилердің тікелей жеке меншігіне айналды. Басты су каналдары мен суландырған жерлер ушін үздіксіз соғыстар болып турды.
Қала-мемлекеттердің жекелеген әскери көсемдері көршілес бірнеше қала мен Евфраттың төмен ағысындағы аймаққа алма-кезек үстемдік жүргізіп келді. Қалалар ішінде ғибадатханалар шаруашылығын билеу үшін ру абыздары мен әкімшілік қызметтегі ақсүйектер арасында қақтығыстар болып тұрды. Б.з.б. 24 ғасырда Лагашта Урукагина (Уруинимгина) жургізген реформалар күрестің айқын көрінісі болып табылады. Ерте әулеттік типтегі соңғы билеуші-гегемон Лугальзаггиси (Лугальзагеси) болды. Жаңадан құрылған Аккаде қаласының патшасы Саргон (Ежелгі) Лугальзаггиси мен Урукагина мемлекеттерін де, Шумердің басқа тәуелсіз мемлекеттерін де жойып, тұңғыш жалпы Месопотамия мемлекетін («Дүниенің 4 елінің патшалығы», Аккад әулеті, б.з.б. 24-22 г.) құрды. Төменнен шыққан жаңа бюрократияға суйенген Аккад патшалары жекелеген қала-мемлекеттерден қатты қарсылық көрді. Ғибадатханалар шаруашылықтары патша иелігінің бір бөлігіне айналды, абыздар түптеп келгенде Аккад патшалары жағына тартылды, энсилер жергілікті билеуші дәрежесіне дейін төмендетілді. Дегенмен Аккад мемлекеті көп ұзамай кутилер тайпасының қысымымен жойылып, Шумерде кутилердің басшылығымен жоғары абыздар тобы билейтін қала-мемлекеттері қайта құрылды. Б.з.б. 22 ғасырдың ақырында кутилерді Урук патшасы Утухенгал қуып шықты. Утухенгал өлгеннен кейін өкімет билігі Урдың III әулеті мен «Шумер және Аккад» патшалығының негізін қалаған Ур-Намманың қолына көшті. Бұл патшалықтық шаруашылығы толып жатқан чиновниктер мен бақылаушылар аппараты басқаратын ұлан-байтақ патша иелігіне негізделді; жұмысшылары іс жузінде құл дәрежесіне жеткізілді, қауымдардың шаруашылық және мәдени өмірі токырауға ұшырады. Б. з. б. 2000-жылдар аз уақыт бұрын семиттік малшы-амориттер мен таулық эламдықтардың тегеурінімен Урдың III әулетінің тасталқаны шығып, патшалық құл иеліктері жүйесі куйреді. Елдің бұдан кейінгі тарихы Вавилония мемлекетті.
Әдеб.: Струве В.В., Очерки социально-экономической истории древнего Востока, Л., 1934; его ж е, Новые данные об организации труда и социальной структуре общества Сумерс эпохи III династии Ура, «Советское востоковедение», 1949. т.6; Тюменев А.И., Государственное хозяйство древнего Шумера, М.-Л., 1956; Дьяконов И.М., Общественный и государственный строй древнего Двуречья. Шумер, М., 1959.
Жарияланған-2019-08-28 16:54:50 Қаралды-4826
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану