UF

АЗЕРБАЙЖАН (өздерінше атауы -азербайджанлылар, азерилер) -ұлт, Азербайжан негізгі халқы. Біразы Грузияда, Арменияда, Дағыстанда тұрады. Саны 9,8 млн. (2017 ж.).

4 млн-нан астамы Иранның солтүстігін мекендейді. Тілі - азербайжанша, түркі тілінің оңтүстік-батыс тармағына жатады. Дінге сенетіндері - мұсылмандар. Халық болып қалыптасуы негізінен 11-13 ғасырда аяқталды. Азербайжан халқының Россияға қосылуы оны түрік, иран басқыншыларының шабуылынан құтқарды. Қала тұрғындары әр түрлі өнеркәсіп орындарында жұмыс істейді. Селодағылар егіншілікпен, жеміс, жүзім өсірумен, мал шаруашылыгымен айналысады. Қолөнер көсібінде кілем тоқу, зергерлік, мыстан ыдыс жасау, ағаш және тас өңдеу ерекше орын алады.

Жалпы мәлімет. Азербайжан Закавказьенің оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстікте Ресей (Дағыстан), солтүстік-батыста Грузиямен, оңтүстік-батыста Армениямен,Түркиямен, оңтүстікте Иранмен шектеседі, шығыста Каспий теңізімен ұласады. Жері (Каспий теңізінің аралдарын қоса) 86,6 мың км2. Астанасы -Баку қаласы. Азербайжан құрамына НахичеванАвтономдық Республикасы мен Таулы Қарабақ Республикасысы кіреді. Республикада 66 аудан,12 қалареспубликалық маңызы бар.

БАКУ (азербайжан Бақы - парсының «бад кубе» - жел өтіндегі қала деген сөздерінен шыққан) - Азербайжанның астанасы, еліміздің ірі өнеркәсіп, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі. Каспий теңізінің батыс жағалауында, Апшерон түбегінің оңтүстігінде орналасқан.

Баку 5 ғасырдан бері белгілі; 12 ғасырдың 2 жартысында Ширван мемлекетінің саяси орталығы. 12-15 ғасырда Баку Шығыс елдеріне мұнай шығаратын портқа айналды. 16 ғасырдың 80 жылдары қаланы Түркия басып алды. 1604 ж. Баку қамалы Иран шахы Аббас І-нің шапқыншылығынан қатты қирады,1747 жылы Баку хандығының орталығы. 1804-1813 жылдардағы орыс-иран соғысы кезінде Россияға (1806) қосылды. 1920 жылы 28 сәуірден Азербайжан астанасы.

Баку транспорт жолдарының ірі орталығы: теңіз порты, теміржол станциясы, тас және әуе жолдар торабы. Одақтас республикалардың астаналары арасында жүк айналымы жөнінен 3-орын алады. Бакумұнай мен табиғи газ өндіру, мұнай химиясы, машина жасау, металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен энергетикалық жүйенің орталығы. Мұнай айыру, химия, машина жасау, металл өңдеу, жоғары вольтты аппаратура және прибор жасау, тоңазытқыш, телевизор шығару, ұн тарту з-дтары, мата тоқу, жұқа шұға, ет комбинаттары, аяқ-киім фабрикакасы т. б. өнеркәсіп орындары Бакудың шығыс бөлігінде шоғырланған.

12 ғасырда Баку қамал-қабырғалармен қоршалды (ішкі қабырғалардың бізге жеткен бөліктері 1952-1957 ж. қайта жөнделді). Орта ғасыр мәдениетінен қалған елеулі ескерткіштер - Сынық-қала минареті (11 ғ.), Ширваншаһ сарайы (15 ғ.), «Қыз қаласы» мұнарасы (12 ғ.), Жұма-мешіт т. б. Бұл ғимараттардың бәрі де тастан салынған.

19 ғасырдың аяғында мұнай өнеркәсібінің жедел өркендеуіне байланысты қала құрылысы ерекше дамыды.

Табиғаты. Азербайжан жерінің жартысына жуығы таулы келеді. Солтүстігінде Үлкен Кавказдың Бас жотасы (Базар-дүзү тауы, 4466 м) мен Бүйірлік жотасы (Шаһдақ тауы, 4243 м) бар. Бабадақ (3629 м) тауының шығысына қарай Үлкен Кавказ күрт төмендеп, балақ және бөктер тауларға айналады. Үлкен Кавказдың солтүстігінде көлбеу Кусар жазығы мен Самур-Дәвәчи ойпаты бар. Азербайжаның орталық аймағын жер бедері жағынан 2 бөліктен тұратын Кура ойысы алып жатыр. Оның батысы мен солтүстігінде аласа таулар, қырқалар, тау аралық қазан шұңқырлар көп. Солардың ең үлкені - Алазан - Авторан (Алазан-Агричай) аңғары. Жоталардың тік боп біткен оңжақ беткейлері ұсақ адырлы, сазды, карсты боп келеді. Кіші Кавказдың ішкі жағын үлкен лавалық үстірттерден, сөнген вулканның конустарынан пайда болған Қарабақ таулы қыраты алып жатыр. Азербайжаның оңтүстік-шығысында биіктігі 2477 м-ге жететін, 3 жотадан тұратын эрозиялық-тектоникалық Талыш таулары бар. Нахичеванінің жеріне Аракс жазығы мен үстірті және Айоцдзор мен Зәнгәзур (Қапыджық тауы, 3904 м) жоталарының оңтүстік беткейлері кіреді.

Азербайжан - мұнай мен табиғи газ кендеріне бай республиканың бірі. Негізгі мұнай және табиғи газ орындары: Апшерон түбегі, Баку мен Апшерон архипелагтары, Кура өзенінің төменгі бойы. Нафталан қаласы маңынан шипалы мұнай кендері ашылған. Кіші Кавказдың солтүстік беткейінде Дашкәсән темір рудасы және Заглик алунит (алюминий рудасы) кен орны бар. Нахичеванда молибден, тас тұзы өндіріледі. Азербайжан жерінде температурасы әр түрлі минералды су көздері көп. Олардың ішінде Кисловодскінің нарзан суы іспеттес (Бадамлы, Туршсу), Ессентуки суына ұқсас (Истису) бұлақтар бар.

Азербайжан негізінен субтропиктік аймақта. Оның климаты құрғақ және ылғалды субтропиктен таулық, тундралық климатқа дейін өзгереді. Жылдық орта температура жазықта 14,5°С, таулы аудандарда 0°С және одан да төмен болады. Қаңтардың орта температурасы жазықта 0°-тан 3° С-қа дейін, таулы аудандарда - 3°-тан -6°С-қа дейін, биік таулы аудандарда - 10° С-қа дейін жетеді; шілдеде жазықта 25-27°С, биік таулы жерлерде 5°С-тан аспайды. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазықта 200-300 мм, тау етектері мен таудың орта деңгейлерінде 300-900 мм, Ләнкәран өңірінде 1200-1400 мм-ге (кейде 1700-1800 мм) жетеді.

Азербайжанда ірілі-ұсақты 1250 өзен бар. Олардың ең ірісі - Кура республиканы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Оның басты салалары - Азербайжаның оңтүстік шекарасын бойлай ағатын Аракс, солтүстігінде Алазан өзендері. Өзен суы негізінен егін суаруға пайдаланылады. Кура өзенінде Мингәчевир СЭС-і салынып, оның су қоймасынан (16 млн. м3) Жоғары Қарабақ, Жоғары Шируан каналдары тартылған. Мингәчевир СЭС-інен төмен қарай Кура өзенінде кеме жүзеді. Республикада 250 көл бар. Ірілері - Гаджигабул (15,5 км2),Беюкшор (10,3 км2) және Кавказдағы әсем табиғатты көлдердің бірі -Гейкөл.

Азербайжаның топырағы мен өсімдік жамылғысы вертикаль бағытта өзгеріп отырады. Жазықта сұр, қоңыр және батпақты сортаң топырақ аралас. Мұнда жусан, бетеге, эфемер өсімдіктері, тау етегіндегі қызыл қоңыр және таудағы қара топырақта шөлейт өсімдіктері мен таулық ксерофиттер, тау беткейлеріндегі қоңыр және шірінді қара топырақта жалпақ жапырақты шамшат,граб, емен ағаштары өседі. Бұдан жоғары таулы-шалғындық белдеудегі шым және шымтезекті топырақта шөбі әр түрлі субальпілік және альпілік шалғындар (жазғы жайылым) бар. Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейінде, Талыш тауларында орман (1146 мың га)өседі. Азербайжанда жануарлар дүниесінің 12 мыңдай түрі кездеседі. Қуаң өңірде бауырымен жорғалаушылар, кемірушілер, Кура-Аракс ойпатындағы қамыс арасында жабайы шошқа, нутрия (саз құндызы), жанат ит, далаларында қара құйрық, қырғауыл, қаз, үйрек, тауда жабайы шошқа, қабылан, аго, сілеусін, орман мысығы, тау теке т. б. кездеседі. Каспий теңізі мен Кура өзенінде бағалы балық (бекіре, шоқыр, лосось) көп. Республика жерінде Зақатала, Турнаичай және Қызыл-ағаш қорықтары бар.

Халқы. Халқының 65,1%-і азербайжандар, қалғандары: орыс, армян, лезгин, авар, удин, цехур, тат, курдтар. Халқының орташа тығызд. 1 кж2-ге 59 адамнан (1970). Өнеркәсіпті Апшерон түбегінде, әсіресе Баку төңірегінде, халық тығыз (1 м2-ге 150-300 адамнан). Халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны 1139 мың адам (1967). Қала халқы 50%. Ірі қалалары: Баку, Пяндж, Сумгайыт, Мингәчевир, Ханкенди, Әли-Байрамлы, Дашкәсән, Нахичевань.

Тарихы. Қазіргі Азербайжан жерін адамзат палеолит заманында мекендей бастаған. Неолит заманында олар тастан құралдар жасады. Неолит заманының аяғы мен энеолит заманында адам баласы металдан жасалған еңбек құралдарын, қару-жарақты алғаш рет пайдалана бастады. Рулық қауым адамдары егін және мал шаруашылығымен (неолит заманында пайда болған) шұғылданды. Халықтың біразы қолөнерін кәсіп етті. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Америкада өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған мидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Б. з. б. 1-мың жылдықта Азербайжан жерін кадусилер, каспилер, албандар да (СолтүстікАзербайжан) т. б. мекендеді. Б. з. б. 9 ғ-да Манада ертедегі құл иеленуші мемлекет (астанасы Изирту) құрылды, оның экономикасы мен мәдениеті едәуір дамыды. Б. з. б. 7 ғасырдың 70 жылдары Мидия мемлекеті құрылып, ол Киаксар патша тұсында (б.з.б. 625-584) Мана мемлекетін жаулап алды. Б. з. б. 6ғасырдын ортасына таман парсының Ахемен әулеті әскерлерінің соққысынан Мидия ыдырап, Азербайжан жері Ахемен әулетіне бағынды. Б.з.б. 4 ғасырдың аяғында Македонский әскері Ахемен әулеті билеген мемлекетті талқандағаннан кейін, Азербайжан жеріндегі мемлекет қалпына келтірілді. Ол Атропатена деп аталды. Кейін бұл сөзден қазіргі «Азербайжан» (грек., сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген ат шықты. Қазіргі Азербайжанінің солтүстік бөлігінде және Дағыстан жағында б. з-дың бас кезіне таман Албания (Кавказдағы) мемлекеті пайда болды. Азербайжан жеріндегі тұңғыш мемлекеттік бірлестіктерде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленушілік қатынастар қалыптасты. Азербайжан тайпаларының халық болып бірігіп, нығаюына Атропатенаның мемлекет болып тұруы едәуір әсер етті. Сонан кейін Азербайжан халқының құрамына албан тайпалары, басқа да этникалық топтар кірді.

Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Азербайжанда өндіргіш күштер дами түсті. 3-5 ғасырда негізінен феодалдық қатынастар қалыптасты, негізгі топтар - феодалдар мен тәуелді шаруалар пайда болды. 3 ғасырдың орта кезінде Азербайжанның бір бөлігін ирандық Сасаң әулеті басып алды. 4 ғасырда Азербайжан Рим империясы мен Иран арасындағы жойқын соғыстың астында қалды. Соғыстың барысында Азербайжан Иранның қол астына қарады. 450-451 ж. бүкіл Закавказьеде Сасан әулетіне қарсы көтеріліс болды. Бүкіл Азербайжанда азаттық қозғалысы тап күресімен ұласты. 5 ғасырдың аяғы мен 6 ғ-дың басында Азербайжанда Маздаққозталыеы өріс алды. 5-7 ғасырда Азербайжанда феодалдық қатынастар нығайды. Егістік қолдан суарыла бастады. Гирдман т. б. кеніштерде металл балқыту жақсарды. Апшерон түбегінде мұнай бұрынғыдан көп өндірілді. Ірі қалалар өсіп, жетілді, мәдениет дамыды. 8ғасырдың басында арабтар Азербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 8 ғасырдың ортасында Байлакан, Ардебиль, Барда аймақтарында көтеріліс шықты. 9 ғасырдың басында Азербайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті феодалдарға қарсы Бабек бастаған жойқын соғыс тұтанып, 20 жылға созылды. 9 ғасырдың екінші, 10 ғасырдың 1-жартысында халық қозғалысының тегеуріні арабтардың билігін әлсіреткен кезде, Азербайжанда Салари, Мазьяди, Шеддади т. б. әулеттер билеген мемлекеттер құрылды. Осы кезде Азербайжанның Киев Русімен байланысы күшейді.11 ғасырдың ортасында Азербайжанды салжуқтар басып алды. 12ғасырда басқыншылар елден қуылып, Шируапшаһ, Кесрани, Ильдегиз әулеттері билеген мемлекеттер пайда болды. Ауыл шаруашылығы, қолөнері, сауда қайта жанданды.

Азербайжан халқы негізінен 11-13 ғасырда қалыптасты. Бұл кезде жергілікті халық түрікше сөйлейтін болды. 13 ғасырдың 30 жылдарында Азербайжанды монғолдар жаулап алды. Азербайжан мен оған көрші елдерде Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. Монғолдар 14 ғасырдың 60-70 жылдарына дейін билік жүргізді. 14-15 ғасырдың аяғында Азербайжанда Шируаншаһтар мемлекеті құрылды. Осы уақытта Азербайжан жері жаңадан құрылған Қара қойлы (Қара-Қоюнлу), Аққойлы (Ақ-Қоюнлу) мемлекеттеріне қосылды. Сол кезде Русьпен экономикалық байланыс ұлғайды. 16 ғасырдың басында Азербайжан жерінде Сефеви мемлекеті пайда болды. Сефевилер 16 ғасырдың ортасынан былай қарай Азербайжан елін түгел дерлік бағындырды. Астана Казвиннен Исфаһанға (Иранның түкпіріне) көшірілді.

16 ғасырдың 70-80 жылдары аяғында Азербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды.

17 ғасырдың 30 жылдары аяғында Азербайжан қайтадан Иранның қол астына қарады. 1723-1735 ж. Азербайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Россия басып алды. Орыс әскерлері кетісімен Азербайжанға Иран патшасы Надиршаһ басып кірді. Халық ирандықтарға қарсы талай рет көтерілді. 18 ғасырдың 2-жартысында Азербайжан 15-тей хандыққа (Шеки, Қарабақ, Куба т.б.) бөлінді. Россия мен Иран арасында жасалған Гүлстан (1813). Түркменчай (1828) шарттары нәтижесінде СолтүстікАзербайжан Россияға қосылды. Бұл Азербайжанда капитализмнің біршама дамуына жол ашып берді. Мұнайлы Баку Россияның капиталистік өндірісінің ірі орталығына айналды. Азербайжанда бірте-бірте жаңа тап - буржуазия мен пролетариат пайда болды. Азербайжан революциялық азаттық қозғалысына қатыса бастады. 19 ғасырдың 70 жылдары Кәдәбек. 80-90 жылдары Баку жұмысшылары көтерілді. 90 жылдардың аяғында с.-д. үйірмелер мен ұйымдар құрылды. Азербайжан Россиядағы империализм және буржуазилық демократиялық революциялар кезеңіне (1900-1917) аяқ басты. Елде Баку революциялық күресі күшейді (Баку стачкалары).

1-дүние жүзілік соғыс кезінде Азербайжаннын экономикасы құлдырап кетті. Отарлық езгі, артта қалған қоғамдық қатынас өндіргіш күштердің өсуіне кедергі жасады. Пролетариат пен буржуазия арасындағы қайшылық күшейе түсті. Баку пролетариаты мен шаруалар арасындағы одақ нығая берді. Ақпан революциясы жеңгеннен кейін, 1917 ж. Бакуде қос өкімет: буржуазия мен помещиктердің органы - Қоғамдық ұйымдардың Атқару комитеті және жұмысшы депутаттарының Советі құрылды. 1917 ж. Азербайжанның басқа ірі қалаларында да Советтер пайда болды. 2(15) қарашажа Баку Советі өкіметті өз қолына алу жөнінде шешім қабылдады. 1918 жылғы қазан мен 1920 жылғы сәуірге, дейін Азербайжанда өкімет басында мусаватистер отырды. Оларды әуелі түріктер, кейін ағылшындар қолдады. Интервенттер Бакудың 26 комиссарын өлтірді. 1920 ж. сәуірде Баку шаруалары көтеріліс жасап, Қызыл Армияның көмегімен интервенттерді қуып шықты, «Мусават» партиясын жақтаушыларға соққы берді. Азербайжан Совет Социалистік Республика болып жарияланды. Республика социалистік құрылыс дәуіріне (1920-1940) - социализмге қарай аяқ басты. 1921 ж. 19 мамырда Азербайжан Советтерінің 1-съезінде тұңғыш Конституция қабылданды. 1922 ж. 30 желтоқсанда Азербайжан құрамында СССР-ге енді. 1936 ж. ЗСФСР ажырағаннан кейін, Азербайжан одақтас социалистік республика болып СССР құрамына кірді. 1937 ж. наурызда Азербайжанінің жаңа конституциясы қабылданды. Республикада социализм негізінен жеңді. Ұлы Отан соғысы тұсында азербайжандар еліміздің басқа да халықтарымен бірге неміс фашистерін талқандауға белсене қатысты. 20 мыңнан астам азербайжан ордендермен және медальдармен наградталды. 100-деп астам жауынгер, оның ішінде 40 азербайжан Совет Одағының Батыры атағын алды. Азербайжан мұнайшылары Совет Армиясын жанар маймен қамтамасыз етіп тұрды, республикада қорғанысқа керекті әр түрлі өнім шығарылды. Азербайжанда өнеркәсіптің жалпы өнімі 1968 жылды 1913 жылмен салыстырғанда 29 есе, 1940 жылмен салыстырғанда 4,8 есе артты.

Халық шаруашылығы. Жалпы сипаттама. Азербайжан - өнеркәсібі жоғары дәрежеде дамыған одақтас республикалардың бірі. Азербайжан - маңызды мақта базасының бірі және Грузиядан кейінгі субтропиктік шаруашылығы күшті дамыған

Азербайжан халық шаруашылығының өнімдері басқа одақтас республикаларға және 50-ден астам шетелдерге жіберіледі. Азербайжан шаруашылығы даму ерекшелігіне қарай бірнеше экономикалық-географиялық аудандарға бөлінеді.

Өнеркәсібі. Басты саласы - мұнай өндіру және мұнай айыру. Мұнай Апшерон түбегінде, Кура-Аракс ойпатында және теңіз кәсіпшіліктерінде (Артем аралы, «Мұнай тастары» т.б.) өндіріледі. Мұнымен бірге газ өндіріледі (1967 ж. 5,8 млрд. м3). Газдың ең көп өндірілетін жері -Қарадақ. Осы жерден ол газ құбыры арқылы Бакуге, Сумгайытқа, Пянджа пен Акстафаға және одан өрі Тбилисиге, Ереванға жіберіледі. Азербайжанда мұнай өнеркәсібіне байланысты машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және мұнай өнімдері мен мұнай газдарын, күкірт колчеданын пайдаланатын химиялық өнеркәсібі дамыған. Машина жасайтынз-дтар мұнай өнеркәсібіне қажетті түрлі жабдықтар шығарады. Мұнай з-дтарының көпшілігі Бакуде және Пяндж пен Мингечевирде. Соғыстан кейінгі жылдары Азербайжанның металлургия өнеркәсібі дами бастады. Бакуде болат қорытатын, Сумгайытта труба жасайтын және алюминий қорытатын з-дтар салынды. Пянджта глинозем (алюминий өндіретін) з-ды бар. Бакуде күкірт қышқылы мен оттегі, Сумгайытта синтетикалық каучук өндіріледі. Құрылыс материалдарын шығаратын ірі өндіріс орындары: Қарадақ пен Тауздағы цемент з-дтары (1967 ж. 1 млн. т), Бакудегі асбест-цемент комбинаты, гипс з-ды. Дашкәсәнде темір кені мен кобальт, Загликте алунит (алюминий рудасы) өндіріледі. Азербайжан жеңіл өнеркәсібінің көне саласы - жібек өндіру Нухада, Ханкендиде, Ордубадта едәуір дамыған. Евлах, Сабирабад, Салиан қалаларында мақта тазалау, Баку, Кировабад, Мингәчевирде мақтадан, жүннен мата тоқу комбинаттары бар. Азербайжан кілем тоқу жөнінде бүкіл Закавказьеде 1-орында. Бұл әсіресе Таулы Қарабақта, Нуха, Кировабад, Қазақ, Ағдам, Шемаха маңында жақсы дамыған. Азербайжанда тамақ өнеркәсібінен жеміс, балық консервілері, шарап- коньяк, темекі бұйымдары өндіріледі. Баку мен Пянджта ет комбинаттары бар. Тау етегі мен таулы аудандарда май, сыр т.б. өндіріледі. Кура, Гәнжачай, Тертер, Кишчай, Кудиалчай өзендеріндегі Мингәчевир, Варвара, Зурнабад, Мадагиз, Нуха, Куба СЭС-тері мен Баку, Пянджт, Ханкенди, Сумгайыт, Нахичеваньдағы жылу электр станциялары республика өнеркәсібін электр қуатымен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын өндіру жөнінде Азербайжан елімізде Россия, Украина, Қазақстаннан кейінгі 4-орында (1967 жылы 11,2 млрд. квт-сағ).

Ауыл шаруашылығы. Азербайжанда Совет өкіметі жылдарында механикаландырылған ірі ауыл шаруашылығы дамыды. 1967 жылы мұнда 1095 колхоз, 305 совхоз, 41,4 мың трактор (15 а. к-мен есептегенде), 4 мың комбайн, 16 мың жүк машинасы болды. 1967 жылы барлық ауыл шаруашылық мекемелері мен шаруашылықтардың пайдаланатын шері 6,7 млн. га, ауыл шаруашылық өндірісіне жарамды жер 4 млн. га (оның егістігі 1,4 млн. га, жайылымдар мен шабындық 2 млн. га) болды. Азербайжанда суармалы жердің маңызы зор. Совет өкіметі жылдарында ескі каналдар жөнделіп, жаңа каналдар салынды. Каналдардың жалпы ұзындығы 40 мың км-ден астам. Суарылатын жер 1088 мың га(1967). Ең ірі каналдары: Жоғары Шируан, Жоғары Қарабақ және Самур-Аншерон. Жалпы егіс көлемі 1218 мың га(1967). Егіс көлемі жөнінен бірінші орынды дәнді дақылдар алады. Алайда егіншіліктің жетекші саласы - мақта өсіру. Ол 50%-ке жуық кірісін береді. Мақтаның егіс көлемі 210 мың га (1967); мақта өндіруден Азербайжан елімізде Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстаннан кейін 4-орын алады. 1967 ж. мемлекетке 334 мың тоннашитті мақта өткізді. Үлкен және Кіші Кавказдың тау етектерінде жоғары сортты темекі (самсон, трабзон) егіледі. Көкөніс дақылдары негізінен Куба-Хачмас ауданында, Апшерон түбегі меп Ләнкәран ойпатында. Кіші Кавказдың тау етегі мен таулы аудандарында картоп есіріледі. Азербайжанда ауыл шаруашылығының манызды және көне саласы - бақ, жүзім шаруашылығы. Өнім беретін жеміс бақтары мен жүзімдіктер 207 мың га1967). Жеміс бақтары негізінен Куба-Хачмас ауданында, Нахичеванда, Таулы Қарабақта дамыған. Үлкен Кавказдың оңтүстік-батыс беткейлерінде Зақатала, Нуха, Куткашен маңында) СССР-дегі ең ірі жаңғақ ормандары еседі. Жүзімдіктер Пяндж, Шамхор. Шемаха, Қазақ, Кордамир аудандарында, Апшерон түбегінде т.б. жерлерде бар. Ауыл шаруашылығының жанадан өркендеп келе жатқан саласы - субтропиктік дақылдар өсіру. Ләнкәран ойпатында шай (1967 ж. 7,2 мың га), цитрус, тунг, құрма, фейхова, ал Кура-Аракс ойпаты мен Апшерон түбегінде құрғақ субтропиктік дақылдар - анар, инжир, пісте өседі. Мал шаруашылығының азық қоры негізінен таудағы жаздық жайылымдар Кура-Аракс ойпатындағы қыстық кажылымдардан құралады. Қолдан тін мал азығы дақылдарының да маңызы зор. Мал шаруашылығы 25%-ке жуык кірісін береді. 1968 ж. 1,7 млн. ірі қара мал, 4,7 млн. қой мен ешкі 5,0млн. Ірі қара мал көбінесе солтүстік- батыс және оңтүстік аудандарында өсірілетін кой шаруашылығы негізінен тау беткейлерінде, Кура-Аракс ойпатының жоғарғы жағында, Таулы Қарабақ пен Баку маңында шошқа өсіріледі.

Денсаулық сақтау ісі.Экономика мен мәдениеттің өсуіне, халықтың тұрмыс халінің жақсаруына сай Азербайжанда денеаулық сақтау ісі де дамыды. 1967 жылы әрбір мың адамға шаққанда халықтың өсімі 32,4, орта жасы 72 болды (1913 ж. 27 еді). Азербайжан ұзақ жасаған адамдардың көптігі жөнінен ТМД-да 1-орында. 100 және 100-ден аса жасаған адам Азербайжанда 1 млн. халыққа 840, ТМД-да 100, АҚШ-та 15, Францияда 7, Жапонияда 1 адамнан келеді. Халықтың өлімі 1913 жылмен салыстырғанда 10 есе, 1940 жылмен салыстырғанда 3 есе азайды. Шешек, безгек, трахома сияқты аурулар жойылды. 1967 жылы 43,3 мың адамдық аурухана болды. Емдеу-профилактикалық мекемелерде 1967 жылы 11,9 мың (414 адамға - 1) дәрігер болды. 1913 жылы не бары 353 дәрігер болған.Қазір Азербайжанда Н.Нариманов атындағы медициналық институты, 17 медициналық орта оқу орны, А. Алиев атындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институты мен 11 ғылыми-зерттеу институттары бар. 1967 жылы мың адамдық 58 санаторий, 9 демалыс үйі (2,0 мың кісілік) болды. 123 пионер лагерінде 51 мыңнан аса бала дем алды. Денсаулық сақтау ісіңе жұмеалған қаржы 1967 ж. 119,5 млн. сом болды.

Ветеринария. 1969 жылы Азербайжанда 1696 мал дәрігері, 2300 орта білімді мал дәрігерлік маман, 642 мал дәрігерлік мекеме болды. Ветеринария кадрларын Азербайжан ауыл шаруашылық институты даярлайды. Бұл саладағы негізгі зерттеу орталығы - Азербайжан Ветеринария ғылыми-зерттеу институты.

Халық ағарту ісі, мәдени ағарту мекемелері. Азербайжанда алғашқы мектептер б. з-дың 5 ғасырында ашылған. Араб халифаты жаулап ала бастаған кезде (7 ғ.) мешіттер жанында мектептер, 10-11 ғасырда медреселер құрылды. 19 ғасырда Солтүстік Азербайжан Россияға қосылғаннан кейін орыс бастауыш мектептері пайда болды. 1914-1915 оқу жылында 943 бастауыш, 18 жоғары бастауыш, 15 орта мектепте барлығы 73 мың оқушы болды. Халықтың сауаттысы 9,2% еді. Революциядан кейін 1918-1920 жылыАзербайжан укіметі оқу-ағарту мәселесі жөнінде декреттер, ережелер қабылдап, сауатсыздықты жаппай жою шараларын жүргізді. 1918 жылыжалпыға бірдей бастауыш білім, 1935 жылы 7 жылдық, 1959 жылы жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық, 1966 жылы орта білім беру жүйесі енгізілді. 1928-1929 оқу жылында араб әліппесі орнына латын графикасына, 1939 жылы оның орнына орыс графикасына негізделген әліппе жүйесі қабылданды. 1968-1969 оқу жылында жалпы білім беретін 5643 мектепте 1330 мың бала, арнаулы орта білім беретін 78 оқу орнында 69,2 мың оқушы, 12 жоғары оқу орнында 95 мың студент оқыды. 1968 жылы 2650 көпшілік кітапханасы, 38 музей болды.

Ғылымы мен ғылыми мекемелері.Жаратылыс тану, техника ғылымдары. Көп ғасырлық мәдениеті бар Азербайжанда техникалық білімнің алғашқыбелгілері - металлургия бұйымдарын жасау б. з. б. 4-мың жылдықта болғаны байқалады. Мұнай өндіру де өте ерте заманда басталған. Материалдьщ мәдениет ескерткіштері де көп. 11-13 ғасырларда математика, астрономия, медицина т.б. ғылым салалары өркендеген. Көрнекті математик өрі астроном Насреддин Туси Мараға обсерваториясын (1259) ашты. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Бакуде Орыс техникалық қоғамының бөлімі, Кавказ ауыл шаруашылық қоғамының филиалы, Бакудің Дәрігерлер қоғамы, мұнай өңдеу з-дының лабораториясы т. б. құрылды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында жаратылыс тану т. б. ғылымдардың басты орталығы Азербайжан мемлекеттік университеті болды. 1935 жылыҒылыми академия Закавказье филиалының Азербайжан бөлімі, 1945 жылыАзербайжан Ғылыми академиясы құрылды.

Азербайжандағы геологиялық ғылымының негізгі міндеттері - мұнайға байланысты проблемаларды шешу. Мұнда микропалеонтология, петрография, геохимия ойдағыдай өркендеп, геофизикалық барлаудың маңызды түрлері дамып келеді. Регионалды геология, геофизика, гидрогеологиялық саласында бағалы зерттеулер жүргізілді. Химияның жетекші саласы - мұнай химиясы. Синтетикалық өнім, әсіресе полимер алу, қайыра өңделетін шикізат жасау жөніндегі бірсыпыра зерттеулердің нәтижелері және шетелдерде қолданылып келеді. Физикалық ғылымында жартылай өткізгіштер, ядро мен элементарлың бөлшеқтер теориясы, радиофизика, молекулярлық физикалық саласында едәуір жұмыстар істелді. Астронономиялық зерттеулерде Күннің физикасы, жұлдыздар атмосферасы байқалуда. Математикадағы негізгі зерттеулер функционалдық анализ және оны қолдану мәселесіне, сұйық зат механикасына арналған. Азербайжанның негізгі аймақтарына географиялық сипаттама берілді, республиканың ірі масштабты ландшафт картасы жасалды; геоморфологиясы туралы монография жарияланды. Каспий теңізінің проблемалары туралы да құнды зерттеулер жүргізілді. Биология, ауыл шаруашылық, медицина саласында Азербайжанның жан-жануар, өсімдік дүниесін, адам мен жануарлардың физиологиясын, өлкелік патологияны зерттеу кең өріс алды.

Қоғамдық ғылымдар. Азербайжан жеріндегі философиялық және экономикалық идеяның алғашқы ұшқыны маздеизм ілімінде (б.з.б. 7 ғ.) байқалды. Феодализмнің туып, қалыптасу кезінде (3-6 ғ.) тап күресінің шиеленісуі манихейлік діні ілімде көрінді. Тарих білімі өте ерте заманнан басталып, 7 ғасырда Кавказ Албаниясының жылнамасы - «Агван тарихын» жасау қолға алынды. Азербайжанның орта ғасырдағы ой-пікірінің шоқтығы Низами Гәнжауи (12 ғ.) творчествосы болды. 11-12 ғасырда бір топ Азербайжан ғалымдары шықты, олар Шығыс елдерін аралап, тарих, география, астрономия, медицина жөнінен бағалы еңбектер берді. Тебриз ғалымы Фазылолла Рашид ад-Диннің (13-14 ғ.) «Жамиъ ат-тауарих» атты еңбегінде монғол шапқыншылығы кезінде Азербайжанда және онымен көршілес елдерде болған әкономикалық-саяси оқиғалар жөнінде бағалы мағлұматтар берілген. 16 ғасырда ғылым мен қоғамдық ой-пікірде едәуір өрлеу туды. Ақын М.Физули философияда, логикада, саясатта бірқатар прогрестік идеялар көтерді. Феодализм дәуіріндегі Азербайжан ғалымдары өз елінің тарихы, географиясы, әдебиеті, фольклоры жөнінде бағалы материалдар жинады. 19 ғасырда Азербайжанның Россияға қосылуы қоғамдық ой-пікірдің дамуындағы жаңа белес болды. А. Бакиханов, М. Казембек, М. Топчибашев т. б. ағартушылық және демократтық идеяны дамытты. 19 ғасырдың аяғында Азербайжанның әлеуметтік-экономикалық ой-пікіріне К. Маркс пен Ф. Энгельстің идеясы кірді. Марксизмді кеңінен насихаттау жұмысы жүргізілді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің негізгі шығармалары, В. И. Ленин еңбектері азербайжан тілінде жарияланды. Тарихшылар 3 томдық «Азербайжан тарихын» жасады. Азербайжан жұмысшы қозғалысының тарихына, орта ғасырдағы Азербайжан тарихының проблемаларына т. б. арналған еңбектер жарық көрді. Экономикалық зерттеулер негізінен халық шаруашылығының даму қарқыны мен пропорциясы, Азербайжан аудандарының экономикалық дамуының негізгі бағытын айқындау, өндірісті жеделдету және материалдық жағынан ынталандыру проблемасы, еңбекті ұйымдастыру, еңбек өнімділігін арттыру, халық жұмысын ғылыми негізде жоспарлау т. б. жайында жүргізіледі. Азербайжанда заң ғылымы Совет өкіметі орнағаннан кейін қалыптасты. СоветАзербайжанның мемлекеттік және право теориясы т.б. жөнінде күрделі еңбектер шықты.

Баспасөз, радиохабары мен телевизиясы. Азербайжан тілінде мерзімді баспасөз 19 ғасырдың 30 жылдарында пайда болды. Тбилисиде «Тифлис әхбары» («Тифлис хабары», 1832), «Гафгазын бу тәрәфинин хәбәрләри» («Закавказье хабаршысы», 1845) ресми материалдар жариялап тұрды. «Әкинчи» (1875-1877), «Кәшкул» (1883-1891) газеттері демократиялық баспасөздің негізін қалады. Көрнекті публицист-ғалым М. Шаһтахтлы Тбилисиде шығарған демократиялық бағыттағы «Шәрги-Рус» («Шығыс Россия», 1903-1905) газеті қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосты. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Бакуде буржуазиялық және буржуазиялық-либералдық мазмұнда бірнеше газет, журналдар шығып тұрды. 1906 жылы демократ-жазушы Ж.Мамедкулизаде «Молла Насреддин» (1906-1931) атты демократиялық бағыттағы алғашқы сатиралық журнал шығарды. Ол Шығысқа кең тарады.

Азербайжанда алғашқы кітап Тебриз қаласында 19 ғасырдың 20 жылдары жарық көрді. Совет өкіметі орнағаннан кейін Азербайжан мемлекеттік баспасы (1924) құрылды. 1968 жылы «Азернешр», «Маариф», «Кәнжлик» т. б. баспалар тиражы 10 724 мың дана 1265 кітап шығарды. Азербайжанда барлығы 123 журнал, 121 газет шығады

Азербайжан телеграф агенттігі (АзТАГ) 1920 жылы ұйымдасты. Радиохабар 1926 жылдан, телевизия орталығы 1956 жылдан жұмыс істейді. Радио жәңе телехабарлар азербайжан, орыс, армян тілдерінде жүргізіледі.

Әдебиеті.Азербайжан әдебиеті - бай тарихы бар көне әдебиеттің бірі. Ол б. з. б. 7-6 ғасырда туған. Таяу және Орта Шығыс халықтарының ежелгі ескерткіші «Авеста» (ескі қолжазбалар кітабы) -Азербайжан әдебиеті көне шығармаларының бірі. Басқа да Шығыс халықтары сияқты Азербайжанда ауыз әдебиеті кең дамыған. Ертегілердің басты кейіпкері - тазша бала (тазша Ахмед) болып келуі және Молла Насреддин атынан айтылатын сатиралық-юмористік аңыздардың көптігі көне Азербайжан әдебиетін Орта Азия жерін мекендеген халықтар әдебиетімен туыстырады.

Азербайжан әдебиетінің кене тарихы туралы мәліметтер аз сақталған. Біздің заманымыздың 5 ғасырында Азербайжанның солтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүрген Албан мемлекетінің өз алфавиті болып, соның негізінде діни кітаптар мен әдеби шығармалар жазылған. Бірақ арабтардың шабуылы (7 ғ.) Албан мемлекетін құлатып, азербайжандардың мәдениетіне көп тежеу жасады. 7-11 ғасырда Азербайжан мәдениетінің көрнекті қайраткерлері - философ Бахманяр (1066 ж. ө.), ақындар Қатран Тебризи (1010-1080), Хатиб Тебризи (1030-1108) тағы басқалар шығармаларын араб- парсы тілдерінде жазған. Бұл дәуірде туған Шығыс халықтарының ортақ мұрасы «Китаби Деде Қорқуд» эпосының Азербайжан халықтық әдебиетіне едәуір қатысы бар. Бұл – 10-11 ғасырда Кавказға өткен оғыз руларының туындысы.

Оғыздар кейін азербайжан және түркі тұқымдас халықтарға сіңіскен.

11 ғасырдан бастап Азербайжан феодалдарының сарай ақындары парсы тілінде қасида, ғазал үлгілерін жазған. 13 ғасырда азербайжан тілінде әдебиет пайда бола бастайды (ақын Изаддин Гасан оғлының өлеңдері). Шығармаларына халық өмірін арқау еткен осы тұстағы ақындардың көрнектілері:Әбу-л-Аъла Гәнжауи(«ақындар патшасы» атанған), Фелеки Шируани (1118-1181), Эфзелиддин Хагани (1120-1199). 12 ғасырдағы Азербайжан әдебиетінің биік шыңы - Низами Гәнжауидің (1141-1209) творчествосы. 13 ғасырдан бастап Азербайжанда софизм ықпалымен туған поэзия өрістеді. 14 ғасырда Азербайжанда діни-саяси ағым - хуруфизм кеңінен тарай бастады. Хуруфизмді жақтаушылар ислам дініне, Темір үстемдігіне қарсы наразылық білдірді. Осы ағымның көрнекті ақыны Имадеддин Несими хуруфизмге қарсылар қолынан қаза тапқан. Несими - азербайжан тілінде лирикалық өлеңдер жанрын (диуан) қалдырған ірі ақын. 15 ғасырда Азербайжанда махаббат тақырыбына жазылған лирика кең өріс ала бастады. 16 ғасырдың белгілі ақындары Хатаи (Исмаил шаһтың лақап аты), Хабиби, Мұхаммед Физули (1494-1556) Азербайжан әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Әсіресе Физули лирикасы мен ғазалдары Шығыс халықтарына кең тараған. Ол да «Ләйлі- Мәжнүн» атты романтикалық поэма жазған. 17 ғасырда түріктер шабуылының ықпалымен Азербайжанның жазба әдебиеті біраз тежеліп, халықтық дастандар кең жайылған. «Ашиг-Гариб», «Шаһ- Исмаил», «Асли мен Керем», «Көроғлы», «Аббас пен Гюльгаз» дастандары - дәуірдің тарихи шындығын танытатын едәуір маңызды туындылар. Әсіресе «Көроғлы» сыртқы жауға қарсы тәуелсіздік идеясын кең бейнелейді. 18 ғасырда екі үлкен ақын Видади (1709-1809) мен Вагиф (1717-1797) халық поэзиясы әсерімен әдебиеттегі демократиялық бағытты дамытты. Феодалдық құрылысқа қарсы күресе отырып, реалистік поэзияға жол ашты. Азербайжанның Россияға қосылуы әдебиеттің дамуында жаңа кезең туғызды. Аса көрнекті жазушы, философ-материалист, драматург Мирза Фатали Ахундов (1812-1878) дәуірдің жаңа идеясының басы болды.

19 ғасырдың сатирик ақындары Касумбек Закир (1784-1857), Сеид Азим Шируани (1835-1888) патша чиновниктері мен жергілікті озбырларды сынады. Сатира дәстүрін дамытуда Ж.Мамедкулизаде (1856-1932) шығарған «Молла Насреддин» журналының (1906-1930) үлкен мәні болды. Онда А. Сабирдің (1862-1911) сатиралық туындылары басылды. Революция алдындағы Азербайжанәдебиеті негізінен реалистік бағытта дамыды. Аббас Сиххат (1874-1918) Крылов, Пушкин, Лермонтов, Горький шығармаларын аударды. Азербайжанда Совет өкіметінің жеңуі әдебиеттің дамуына жаңа мүмкіндіктер берді. Аға буын жазушылар Ж. Мамедкулизаде, Н. Нариманов (1871-1925), А. Ахвердов (1870-1933),С.    Ахундов(1875-1939), М. Ордубады (1872-1950), Абдолла Шаик (1881-1959) жаңа әдебиетті жасауға белсене қатысты. Олар революциялық шығармалар туғызды. Прозада да, поэзияда да жас таланттар көрінді.

Поэзияның көрнекті өкілдерінен,Самед Вургунді (1906-1956) ерекше атауға болады. Ол аса зор шеберлікпен жоғары идеялы шығармалар («Комсомол поэмасы», «Айгюн», «Негр сөйлеп тұр») тудырған үлкен жаңашыл ақын болды. СоветАзербайжанәдебиетінің пионері Сүлейман Рустам (1906 ж. т.) социалистік жаңарудың барлық дәуіріне үзбей үн қосып келеді. Расул Рзаның (1910ж.т.) «Ленин» поэмасы, Мамед Рагимнің (1907 ж. т.) «Саят-Нова» поэмалары, О. Сарывелли (1905 ж, т.), А.Джамиль (1913 ж. т.), З. Халиль (1914 ж. т.), М. Дильбази (1913 ж. т.), М. Сеитзаде (1907 ж. т.) т. б. ақыйдардың өр тақырыпқа жазған патриоттық лирикалық туындылары -Азербайжан әдебиетінің елеулі табысы. Соғыстан соңғы дәуірде де Н. Бабаев, Г.Гусейнзаде, К.Касумзаде, И.Сафарли, З.Джабарзаде, А.Керимов т. б. талантты ақындар тобы өсті.

Азербайжан прозасының табыстары М.Ордубадының «Туманды Тавриз» (1933-1948), «Бакудегі астыртын жұмыс» (1940), С.Рагимнің (1900 ж. т.) «Шамо» (1-3 т., 1931-1964), «Сачлы» (1940-1948), М. Гусейннің (1909 ж. т.), «Таңертең», «Апшерон», А. Абульгасанның (1906 ж. т.) «Достық қамалы», М. Ибрагимовтың (1911 ж. т.) «Туады күн», «Тоғысқан су» тәрізді романдарымен өлшенеді. Кейінгі жылдары Азербайжанөміріндегі  өзгерістерді кең суретке арналған А.Велиевтің, И.Эфензиевтің, И.Гусейновтың, Б.Байрамовтың, С.Рахманның прозалық шығармалары шықты. Азербайжан драматургиясының негізін қалаған аса көрнекті драматург Джафар Джабарлы (1899-1934) болды. Азербайжан драматургиясының табыстарына М. Ибрагимовтың, С. Вургунның, Сабит Рахманның туындылары қосылады. Азербайжан әдебиетінің басқа жанрлары да кең өркендеуде. 3 томдық «Азербайжан әдебиетінің тарихы» (1957-1960), Азербайжан классиктері (Низами, Физули т. б.) туралы туындылар жарық көрді. Азербайжан әдебиетінің тарихы, халық творчествосының ескерткіштері жайында ғылыми-сын еңбектер жарияланып тұрады. Азербайжан әдебиетінің туындыларымен орыс, армян оқырмандарын таныстыруға бір топ орыс және армян жазушылары (И. Оратовский, А. Плавник, М. Давитян, С. Григорян т. б.) үлес қосып келеді. 1947, 1962 ж. Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны, 1959 ж. С. Вургунның «Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары», 1951 ж. М. Гусейннің «Апшерон», 1954 ж. М. Ибрагимовтың «Туады күн» романдары т.б. қазақ тілінде басылып шықты.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері.Архитектура өнерінің тарихы әріден басталады. Б.з.б. 9-6 ғасырда қалалар, бекініс қамалдар салынып (Мидияның астанасы Экбатан), от құдайға құрбандық шалатын сажда, жартастардан үңгіген зират жасала бастады. Ерте заманғы феодалдық қалалар (Шемаха, Кабала, Нахичевань т. б.) бекініс қамалдардың көбеюіне байланысты туды. 5-6 ғасырда көшпенділерден қорғану үшін қабырғасының қалыңдығы кейде бірнеше метрге дейін жететін қорған мен ұзын жал, тосқауыл дуалдар салынды. Қорғаныс шебіндегі басты бекіністің бірі - Чирах-Қала қамалы (6 ғ.). Араб шапқыншылығы кезінде (7-8 ғ.) архитектурада жаңа ағым басталды. Мешіт, жабық базар, монша, керуен сарай пайда болды. 11 ғасыр мен 13 ғасырдың аралығында Азербайжан архитектурасы мейлінше кемелденді. Бұл түста ең көп салынған құрылыс - мавзолейлер (Нахичеваньдағы Юсуф, Момине-Хатун мавзолейлері, Марағадағы Көк күмбез, Қырмызы күмбез т.б.), қорғаныс мұнаралары (Бакуде Қыз мұнарасы, Мардакянда Сарай мұнарасы т. б.). Сол мешіттер мен керуен-сарайлардың бірде-бірі бізге жетпеген. 14 ғасырдың аяғында Баку Азербайжандағы ең ірі қалалардың біріне айналды. Шаһар айнала биікқорғанмен қоршалды. Шируаншаһтар сарайының комплексі салынды (15 ғ.). 19 ғасырдың бас кезінде Баку, Шемаха т. б. қалалардың бас жобалары жасалды. 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдағы архитектура ескерткіштердің ең тартымдысы - сарайлар мен тұрғын үйлер. Шекин хандарының сарайы (1797) екі қабатты болып салынған. Әрбір қабаттың дәл ортасында зал бар. Сарайдың фасадында түзу симметрия сақталған, қабырғалары түгел ою-өрнекпен әшекейленген. Халықтың тұрғын үйлері бір- біріне ұқсас болғанымен, елдің әр аймағында ауа райына, табиғатына, тұрмыс-салтқа, әлеуметтік даму дәрежесіне және жергілікті құрылыс материалдарына сай өзіндік ерекшеліктері де бар. Мұнаралы және сегіз қырлы мавзолейлер, сыртқы есігі неше түрлі мәнермен өрнектелген мешіттер, көпірлер мен овдандар (жауын суын немесе жер астынан шығатын суды жинауға, сақтауға арналған құрылыс), тұрғын үйлердің алуан түрлері -Азербайжан халқының Таяу Шығыс архитектурасына қосқан елеулі үлесі.

Совет дәуірінде тұрғын үй, мектеп, балалар мекемелерін, емханалар және еңбекшілер бұқарасына қызмет ететін басқа да орындар салуға көп көңіл бөлінді. Алдымен Бакудың мұнай өндірілетін аудандарында салынған жұмысшы поселкелерінің құрылысы жүргізілді. Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа аудан (Арменикенд, қазір - Мамедьяров атындағы посёлке) пайда болды, ол - СССР-дегі тұрғын үй көп салынған алғашқы қалалың аудандардың бірі. 20 жылдардың аяқ шені мен 30 жылдардың бас кезінде Бакуде бірқатар ірі-ірі мәдени-тұрмыс үйлері (мәдениет сарайлары, «Интурист» мейманханасы, Баспасөз сарайы т. б.) салынды. 30 жылдардың орта шенінде салынатын үйлерді жобалауда неғұрлым тиімді жолдар табуға ұмтылушылың, оларды жоспарлаудажәне сырт келбетін мүсіндеуде ұлттық дәстүрлерді кеңінен пайдалануға талпыну байқалды (С.Дадашевтің, М.Үсейіновтың және олардың шәкірттерінің еңбектері). Ескі қалаларды қайта жаңғырту жұмыстары да едәуір ілгері басты. Қалалар мен селолардың көркі мүлде өзгерді.

Азербайжан жеріндегі бейнелеу өнерінің алғашқы өкілдері тас қалаушы, балташы, темір ұсталары, зергерлер, көзешілер, тоқымашылар т. б. болған. Олардың еңбектерінде Азербайжанның соғыстар мен саяси қақтығыстар зардабына толы тарихы бейнеленген. Ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи болмыс Азербайжан өнерінде өзіндік сипат туғызды, сөйтіп Алдыңғы Шығыстың көркемдік мұралары ішіндегі оның алатын орнын анықтады. Іргелес, жақын елдермен тағдырластығы оның көркемдік мәдениетінің де солармен байланысты болуына жағдай жасады. Азербайжан өнерінің өте ерте замандағы үлгісі - Кабустандағы тау шыңына қашалып салынған суреттің үлкен «галереясы» б. з. б. 8-7 ғасырға жатады. Онда еңбек процесі, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген.

13 ғасырда дами бастаған Тебриз шеберлерінің мектебі 15-16 ғасырда дәуірлеп, миниатюралық бейнелеу өнерінде, каллиграфияда, қолжазба кітаптарды көркемдеуде бүкіл мұсылман елдерінде көрнекті орын алды. Миниатюралардың композициясы тұжырымды, суреттері ажарлы, бояуы қанық келеді. Тақырыптары - әпикалық жырлардың сюжеті, сарай тұрмысы, халық өмірінің бейнесі болды. Азербайжанның Россияға қосылуы бейнелеу өнеріне де кең жол ашты. Ұлы социалистік революциясынан кейін, 1920-1950 жылдары арасы Азербайжанда совет бейнелеу өнерінің қалыптасу кезеңі болды. 20-30 жылдары негізінен графика дамыды. 30-40 жылдары мүсін, кескіндеу, сән және қосалқы, театр жасаулау өнерлері өркендеді. Алайда сыртқы жылтырақтыққа бой ұру (40 жылы соңы - 50 жылы басы) Азербайжан бейнелеу өнерінің дамуына бөгет болды. 50-60 жылдары қазіргі Азербайжан өнерінің даму жолын айқындай түсті. Ұлттық сурет өнерінің дәстүрін тереңдету процесі кең өрістеді. Оған М.Г.Абдуллаев, Ф.Г.Абдурахманов, А.А.Джафаров, Н.С.Касумов, Т.Ф.Нариманбеков, Т.Т.Салахов, В.А.Самедова т.б. творчествосы елеулі үлес қосты. Азербайжансуретшілерінің еңбектері Европа, Африка, Латын Америкасы елдерінде көрмеге қатысты. 1940 жылыАзербайжанінің Суретшілер одағы құрылды.

Музыкасы.Азербайжан музыкасы ғасырлар бойы монодиялық (бір дауыстылық) негізде дамыды. Көп дауыстылық элементі музыкалық аспаптар сүйемелінің нәтижесінде туды. Азербайжанда тар, кеманче, балабан, зурна, саз, нагара т.б. аспаптар кең тараған. Халық музыкасында ән жанры өте бай, би музыкасы да сан алуан (газахы, инаби, мирзан т. б.). Дастан, баят жанрларын тудырушы ашуг өнері кезінде жақсы дамыды. Қаланың халық әншісін «ханенде» деп атайды. Бұлардың репертуары түрлі әуенге негізделген вокальдық-аспаптық пьесалардан, мугамдардан құралады. У.Гаджибековнегізін салған алғашқы Азербайжан операсы мен опереттасы ашугтардың өнерімен сабақтасып жатады. Ұлттық музыкалық театрының дамуына әнші Г. Сарабский, композиторлар У. Гаджибеков пен М. Магомаев үлкен үлес қосты. Азербайжан музыкасы совет тұсында ғана профессионалдық дәрежеде жан-жақты дамыды. Музыкалық шығарманың опера, симфониялық аспаптық музыка, хор, ән-романс сияқты алуан жанры туды. Қ. Қараевтың балеттік, симфониялық туындылары совет музыкасының ең таңдаулы шығармаларының қатарынан орын алды. Ф.Амиров, А.Меликов, Р. Гаджиев, Ж.Жәңгіров, С.Рустамов, Т.Кулиев, Ж.Гаджиев, А.Рзаева т.б. композиторлар жемісті еңбек етуде. Совет тұсында Ф.Мұхтарова, Ашгат Рзаева, С. Мустафаева, Г.Гаджибабабеков, М. Багиров, Р. Бейбутов т.б. өншілердің бірнеше буыны өсіп, жетілді. Ниязи, А. Бадалбейли, А. Гасанов сияқты дирижерлер, Э. Аббасова, А. Карагичева, К. Касымов сияқты музыка зерттеушілері шықты. Бакуде М. Ахундов атындағы Азербайжан академиялық опера және балет театры (1920), Музыкалық-комедия театры (1938), М.Магомаев атындағы мемлекеттік филармония, халық аспаптар оркестрі, камералық оркестр, хор коллективтері жұмыс істейді. Азербайжанның музыкалық мектептері мен училищелері, консерваториясы (1920), Азербайжан Композиторлар одағы (1934) бар.

Театры.Азербайжан театрының негізі ертеден келе жатқан халықтың ойын-сауық («Кафтаркос», «Кечәл пеһләван», «Тапдыг шобан», «Хан-хан») және би өнерімен байланысты. Халық творчествосының (ашугтардың көп салалы өнері) көптеген түрлерінде театрлық элементтер кездеседі. Азербайжанның ертедегі театр мәдениетінің бір түрі - қуыршақ театры. Мұнда тұрмыстың сұрықсыз көрінісін, әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген. 19 ғасырдың басында СолтүстікАзербайжанның Россияға қосылуына байланысты орыс халқының прогресшіл мәдениеті мен өнері профессионалдық драма театрының тууына ықпал етті. Бұл кезде қалаларда (Нуха, Шуша, Нахичевань т.б.) спектакльдер ұйымдастырылып, ұлттық драматургияның негізін салушы М.Ф.Ахундов шығармалары сахнаға қойылды. Театр өнерінің жедел дамуына Ахундовтың «Ленкоран хандығының уәзірі» мен «Гаджи Қара» комедиясының Бакуде қойылуы әсер етті. Ол кездегі театрды ұйымдастырып, спектакльдерді қойған - негізінен Азербайжан интеллигенттері. 1897 жылы Г.Меликовтың басшылығымен тұңғыш профессионал театр «Мұсылман драма труппасы» ұйымдастырылды. Революциядан бұрынғы Азербайжан театрының репертуары С.Ахундов, және Г.Везировтар, Н.Нариманов, А.Ахвердов, Ж.Мамедкулизаде т.б. драматургтар пьесаларынан құралды. 1905-1907 ж.жаңа театрлық труппалар, драма үйірмелері көбейді. Ұлттық актерлік мектептің негізін салған көрнекті сахна шеберлері Ж. Зейналов, Г. Араблинский, Г.Сарабский т. б. Азербайжан театр өнерінің дамуына белсене қызмет етті. Революңиядан бұрынғы Азербайжан театры өзінің өсу жолында көп қиыншылықтарға душар болды. Тек Совет өкіметі тұсында ғана творчестволық дамудың жаңа белесіне көтерілді. 1920 жылы азербайжан, орыс, армян драмалық және опералық труппаларының басын қосқан мемлекеттік біріккен театр -Азербайжан драма театры ұйымдастырылды. Азербайжан театрының репертуарында ұлттық драматургиямен қатар дүние жүзі және орыс классикасы мен совет жазушыларының шығармалары бар. Азербайжанның сахна шеберлері халық артистері: М.Алиев, М. Давудова, А. Алекперов,С. Рухулла, А.Ескендіров, Г. Алмасзаде, О. Қурбанова;Азербайжан халық артистері: И. Дагестанлы, А.Құрбанов, М. Марданов т. б. Республикада жеті драма театры бар. 1945 ж. ұйымдасқан театр өнері институты ұлттық сахна кадрларын дайындайды. 1944 жылы Азербайжан театр қоғамы құрылды.

Киносы.Ұлттық кино өнері Совет өкіметі тұсында ғана дамыды. 1923 жылы республиканың Халық ағарту комиссариаты жанынан фотокино басқармасы құрылды. 1924 жылы «Қыз мұнарасы туралы аңыз» атты екі сериялы тұңғыш көркемсуретті фильм жарыққа шықты. 30 жылдары түсірілген фильмдер негізінен азамат соғысы мен революцияға арналды. Осы кезде «Гаджи Қара» (реж. А.М.Шарифзаде), «Севиль» (реж. А.И.Бекназаров), «Лятиф» (реж. М.Ю.Микаилов) т.б. фильмдер экранға шықты. 1936 жылдан бастап дыбысты фильмдер («Алмас», «Көк теңіз қойнауында», «Жаңа көкжиек») түсіріле бастады. Ұлы Отан соғысы жылдарында режиссер А.Кулиев батыр азербайжандықтар туралы қысқа метражды «Отан ұлы» (1941), «Бахтияр» (1942) фильмдерін, режиссер А.И.Бек-НазаровАзербайжанның 19 ғасырдағы демократ-ағартушысы М.Ф.Ахундов туралы «Сабухи» (1942) фильмін түсірді. Документті кинематография жедел дамуда («Мәңгі от елі», 1945; «Аракстің арғы бетінде», 1946; «Баку және бакуліктер», 1959; «Самед Вургун», 1966; «Азербайжан», 1967 т.б.). Кинокомедия да елеулі орын алады («Ромео - менің көршім», 1964; «Аршин мал алан», 1966 т.б.) т. б. фильмдер жасалды. Мерзімді киножурналдар шығарылып тұрады. 1965 жылыАзербайжан Кинематографистер одағы құрылды. 1969 жылыАзербайжанда 1813 киноқондырғы болды. 60 жылдардағы Азербайжан киносының жетістіктері режиссерлер Г.Сеидбейли, Т.М.Тагизаде, А.М.Ибрагимов, М.Б.Дадашев, А.С.Атакшиевтің, операторлар А.А.Нариманбеков, X.Ю.Бабаев, Р.М.Оджагов, Э.Кулиев, О.Миркасимов, Р.Шахмалиевтің творчестволарыня тығыз байланысты.

Әдеб. Физическая география Азербайджанской ССР, Баку, 1945; Климат Азербайджана, Баку, 1968; История Азербайджана, т. 1-3, Баку, 1958-1963; Очерки по древней встории Азербайджана, Баку, 1956; Рабочее движение в Азербайджане в годы нового революционного подъема (1910-1914), ч. 1-2, Баку, 1967; Азербайджанская ССР, М., 1957; Народное хозяйство СССР. Справочник, М., 1967, 1968; Азербайджанекая ССР 50-летию Великого Октября. Статистический сб., Баку. 1967; Ибрагимов М. А., Здравоохранение Советского Азербайджана, М., 1967; Назиров М.Р., Краевая патология Азербайджана, Баку, 1967; Касумов З. М., Стригунов И.В.,. Тренетин Б. Л., Академия наук Азербайджанской ССР. 20 лет, Баку, 1966; Развитие науки в Советском Азербайджане, -Баку, 1967; Ариф М., Литература азербайджанского народа, Баку, 1958; Антология азербайджанской поэзии, т. 1-3, 31., 1960; Азәрбаіджан әдәбийаты тарихи, дж. 1-3, Бакы, 1957-1960; Азәрбаіджан сот әдәбидаты тарихи, дж. 1-2, Бакы, -67; Архитектура Азербайджана. Очерки, Бакт, 1952; Усейнов М., Бретаницний Л., Саламзаде А., История ариктектуры Азербайджана, М., 1963; Касимзаде Ә. Проблемы развитияазербайджанской советской архитектуры на современном этапе, Ваку, 1967;Азербайджанская музыка, Сб. ст., М., 1961; Летопись музыкальной жизни Советского Азербайджана (1920-1925), Баку,1965; Джафаров Дж., Театр имени Аэпзбекова, М.,  1951; История советского драматического театра, т. 1-6,1966-1969; Гулубэіов Ә., Совет Азэрбаіджанын киносу, Бакы, 1958; Лебедев Н. А., Азербайджанская кинематография, в его кн.: Очерки истории кино СССР. Немое кино, М., 1965.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-28 10:52:37     Қаралды-2511

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »