ИЗРАИЛЬ, Израиль мемлекеті - Таяу Шығыстағы мемлекет. Батыс Азияда, Жерорта теңізінің оңтүстик-шығыс жагалауын алып жатыр. Солтүстік Ливанмен, солтүстік-шығысында Сириямен, шығысында Иорданиямен, оңтүстік-батысында Египетпен шектеседі. Жері 14 мың км2, 1948-1949 жылдардағы араб-израиль соғысы кезінде жаулап алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2. Экономикалық және мәдени орталығы - Тель-Авив қаласы. Үкімет және ресмн мекемелері Иерусалим қаласында (батыс бөлігінде). Әкімшілік жағынан 6 округқа бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Израиль - республика. Бірден-бір праволық акт ретінде жасалған конституциясы жоқ, оның орнына Уақытша органикалық заң (1949), Азаматтың туралы заң (1952), Парламент туралы негізгі заңдар (1955 және 1958), Президент туралы негізгі заң (1964) т.б. заңдары бар. Мемлекеттік басшысы-президент. Оны парламент (кнессет) 4 жылға сайлайды. Президенттің өкілдігіне шек қойылған. Барлық өкімет билігі шексіз өкілдіктері бар премьер-министр бастаған үкіметке берілген. Үкімет мемлекеттің сыртқы саясатын белгілейді, бюджетті даярлайды, финанс шәне экономиканы бақылайды, әкімшілік мекемелерінің үкімет заңдары мен қаулыларын орындауын бақылайды т. с. с. Заң шығаратын жоғары орган - бір палаталы, 120 депутаты бар парламент, ол 4 жылға сайланады. 18 жасқа толғандарға сайлау правосы беріледі. Жергілікті өкімет органдары - қалалардағы муниципалдық советтер мен селолың, округ советтер де 4 жылға сайланады. Сот жүйесі раввинат (ақ сүйектер) соттары мен шариғат соттарынан (арабтар үшін) құралады. Раввинат соттарын Жоғарғы сот басқарады.
Табиғаты. Жерінің көбі үстірт. Батысы енсіз жазың, шығыс бөлігі Әл-Гор (Гхор) және Вади-әл Араб қазан шұңғырларына жалғасады. Ең биік жері - Мейрон тауы (1208 м). Климаты субтропиктік, оңтүстігі өте қуаң, солтүстігі ылғалдыраң, жазы ыстық (24-28°С), қысы жылы (6-14°С). Жауын- шашынның жылдың мөлшері 100-200 мм-ден шығыс бөлігінде 600-800 м-ге, Жерорта теңізі жағалауындағы жазың шерлерде 400-800 м-ге дейін. Суы мол, тұрақты ағатын өзендері аз; солтүстік-шығыс бөлігінен Иордан өзені өтеді. Жері - қоңыр және сары топырақты, таулы бөлігі сирек орманды келеді. Сүт қоректілерден қорқау қасқыр, шие бөрі, даыан кездеседі, құстар ыен бауырымен жорғалаушылар көп.
Халқының 85%-і (1970) еврейлер, көпшілігі басқа елдерден келген иммигрант адамдар, 14,6%-і арабтар. Еврейлердің ішінде сабралар (жергілікті тұрғындар) мен ашкеназдар (Европада туғандар) жоғары нәсіл, Азия мен Африкадан шыққан еврейлер төменгі нәсіл адамдары деп есептеледі. Елдегі арабтар өте қиын жағдайда өмір сүреді, олар адам төзгісіз нәсілдік кемсітушілікке ұшырап отыр. Ресми тілі - иврит; бірақ еврейлердің көпшілігі оны білмейтін болғандықтан, идит, спаньоль, араб, ағылшын тілдерінде сөйлейді. Еврейлердің діні - иудаизм, арабтар - мұсылман-сужиттер. Израиль ұлтшылдары еврейлердің бөрін «өзінің ата мекеніне» жинау керек деген сионистік ұранмен, басқа елдердегі еврейлердің бәрін Израильға келтіру мақсатын көздейді. 1948-1970 ж. арасында Израиль халқы иммиграцияның есебінен 1,3 млн-ға өсті. Еңбек етуші халық - 963,2 мың (1970). Халыктың тығыздығы 1 км2 жерге 14,7 адамнаң (Негев шөлінде) 5,2 мың адамға дейін (Тель-Авив атырабы) барады. Қала халқы 82%; 1970 ж. елдегі жұмыссыздар саны 38,2 мыңға жетті. Ірі калалары (1970 ж. мың адам): Тель-Авив-Яффа (384), Хайфа (217,1), Иерусалим (батыс бөлігі, 200,3, 1968), Рамат-Ган (115,5).
Тарихы. Израиль мемлекеті БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 29 қарашадағы шешімі негізінде, 1948 ж. 14 мамырда жарияланды. Бұл шешім бойынша Ұлыбританияның мандатындағы Палестина тәуелсіз деп жарияланып, ол дербес екі мемлекетке - араб және еврей мемлекеттеріне бөлінді. Еврей мемлекетінің территориясы 14 мың км2 (Палестина жерінің 56%-тейі) болып белгіленді; ал халқының құрамы аралас: еврейлер 498 мың, арабтар 497 мың (90 мың бәдеуилерді қосқанда). Иерусалим қаласы өз алдына дербес әкімшілік бөлік деп есептелді (оған БҰҰ билік жүргізетін болды).
Израильда өкімет басына келген ірі еврей буржуазиясы империалистік державалар (АҚШ, Ұлыбританпя) мен халықаралық сионистік топтардың колдауына сүйеніп, 1948-1949 жылдағы араб-израиль соғысын бастады. БҰҰ-ның шешімі бойынша құрылуға тиісті (бірақ құрылмай қалған) Палестинадағы араб мемлекетіне тиісті жердің басым көпшілігін (6,7 мың км2) және Иерусалимнің батыс бөлігін осы соғыстың барысында Израиль басып алды. Бұдан кейін ол өзінің территориясын Палестинаның мандат кезіндегі жерінің 4/5-іне дейін ұлғайтты; сионистік террор етек алып, арабтар жаппай қырып-жоюға ұшырады, 1 млн-дай арабтар ата мекенінен қуылды. БҰҰ-ның шешіміне қарамастан, Иерусалимнің батыс бөлігін Израиль өзінің астанасы етіп жариялады.
Израиль американ «көмегінің» барлық программаларына енгізілді. 1952 ж. АҚШ-пен жасасқан келісім бойынша Израильдің билеуші топтары, шын мәнісінде, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы соғыс әрекеттерінің қайсысына болсын және басқа акцияларына қатысуға міндеттенді. Осы жылы ГФР-мен жасасқан шарт бойынша Израиль мемлекеті ГФР-ден 822 млн. долл. мөлшерінде репарация және 1,7 млрд. долл-дан астам реституция (Шығыс Европа елдерінде тұрған еврейлердің 2-дүние жүзілік соғыста шеккен зияндарының өтеуі) алды. 1960 жылғы келісім бойынша ГФР Израильға қару-жарақ және қарыз (1967 жылға дейін 700 млн. долл-ға жуық қарыз берді) бере бастады. Сонымен, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, ГФР-ден қару-жарақ алу есебінен ел үсті-үстіне милитарландырылды.
Израильдың кінәсынан туған 1953-1955 ж. араб елдерімен екі арадағы шекара жанжалы Кибия 1953 ж. қазан, Газы (1955 ж. қазан, Тивериад көлі (1955 ж. желтоқсан) аудандарында ашық түрдегі қарулы соқтығысқа айналды. Израиль үкіметінің антисоветтік саясаты және сионистік террор әрекеті (СССР миссиясы орналасқан жерге бомба тасталды) тоқтатылмағандықтан, 1953 жылдың ақпанында Совет үкіметі Израильмен дипломатиялық қатынасты үзді. 1956 ж. Ұлыбритания және Франциямен бірге Израиль Египетке қарсы агрессияға қатысты, 1958 ж. АҚШ пен Ұлыбританияның Ливанға және Иорданияға жасаған интервенциясына жәрдемдесті.
Израиль 60 жылдардың басынан араб елдеріне қарсы жаңа агрессияға дайындалды. 1967 ж. 2 маусымда өкімет басына келген нағыз реакцияшыл экстремистік күштердің өкілдерінен құрылған үкімет «Ұлы Израиль» мемлекетін құру жөніндегі сионистік жоспарды іске асыруға, араб елдеріндегі прогресшіл тәртіптерді құлату үшін күресуге бағыт ұстады. 1967 ж. 5 маусымда араб елдеріне қарсы жаңа агрессия басталды (Араб елдеріне қарсы Израиль агрессиясы). Соғыстың барысында Израиль әскерлері Египеттің, Сирияның, Иорданияның едәуір жерін (70 мың км2-те жуық, 1 млн-нан астам арабтар тұратын) басып алды, Иерусалимнін шығыс бөлігін аннексиялады. СССР үкіметі 1967 жылғы 5 және 7 маусымдағы мәлімдемелерінде агрессияны дереу тоқтатуды талап етті, бұл талапты басқа да социалистік елдер (ВХР, ЧССР, ПХР, БХР, ЮФСР) жақтады. Осының нәтижесінде Израильдың билеуші топтары БҰҰ Қауіпсіздік Советінің шешімдеріне (5-9 маусымдағы мәжілістері) бағынып, атысты тоқтауға (1967 ж. 10 маусым) мәжбүр болды, бірақ басып алған араб жерлерінен өз әскерін әкетуден бас тартты. 1967 ж. 22 қарашада Қауіпсіздік Советі Таяу Шығыстағы дағдарысты саяси реттеу жөнінде шешім қабылдады. Алайда Израиль үкіметі бұл шешіммен санаспай, араб елдеріне қарсы жаңа агрессияға әзірлік жасады.
Израиль билеуші топтарының агрессияшыл саясатты жүзеге асыруына АҚШ пен халықараралық сионистік ұйымдар орасан көп қаржы (1967-1970 ж. 2,5 млрд. долл-дан астам) берді. 1971 ж. қарашадағы келісім бойынша, американ қаруын Израильдың өзінде жасаудың шаралары (техникалық документтерді беру, тәжірибе алмасу) белгіленді. Соғыс шығындарының өсуі, елді милитарландырудың күшеюі Израильдың экономикасына, әсіресе еңбекшілердің тұрмыс жағдайына көп ауыртпалық түсіруде. Елде әскери топтар мен экстремистік күштер белең алып, демократияшыл күштер аяусыз қудаланады.
1968 ж. оңшыл «социалистердің» сионистік партиясы мен РАФИ буржуазиялық сионистік партиясы бірігіп, Израильдың Жұмысшы партиясы (МАИ) деп аталады. 1969 ж. экстремистік-реакцияшыл үкімет өкімет басына келді. Бұл үкімет халықаралық сионизммен одақты одан әрі күшейтуді ресми саясат дәрежесіне дейін көтерді (1969 жылғы «үкімет программасы»). 1972 ж. қаңтарда Иерусалимде халықаралық сионистік ұйымдарының 28 конгресі антисоветтік ұранмен өтті, Израиль үкіметі (1969 жылдан премьер-министрі Г. Мейр) араб-израиль жан-жалын реттеу жөніндегі БҰҰ-ның арнаулы өкілі Г. Яррингтің миссиясын бірнеше рет сәтсіздікке ұшыратты, Суэц каналының шығыс жағасынан израиль әскерлерін ішінара әкету жөніндегі Египеттің 1971 жылғы бейбітшілік инициативасын қабылдамады, БҰҰ Бас Ассамблеясының Таяұ Шығыста әділетті және баянды бейбітшілік орнату туралы 1970 жылғы 5 қараша, 1971 жылғы 13 желтоқсандағы қарарларын орындаудан бас тартты. Израиль басшылары Израильда НАТО-ға кіргізуді талап етуде, антикоммунистік, антисоветтік саясатты одан әрі күшейтуде.
1969 жылы және 17-съезі (1972) Израильда билеуші топтардың реакцияшыл саясатына қарсы күресуші барлық күштердің кең майданын құруға, Қауіпсіздік Советінің 1967 жылғы 22 қарашадағы қарарын толық орындау жолы мен Таяу Шығыстағы жанжалды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған шешімдер қабылдады.
Экономика. Жоғары дәрежеде милитаризацияланған аграрлы-индустриялы ел. Экономикасы елдің соғыс қуатын ұдайы арттыруға негізделген. 1966-1970 ж. арасында соғыс ісіне бөлінген қаржы 10 есе өсті, яғни 1970 ж. соғыс қаржысының үлесі Израиль бюджетінің 40%-і, жалпы ұлттық өнімнің 30%-і болды. Соғыс өнеркәсіп орындары елдегі ірі финанс компаниялары мен концерндерінің («Кур» концерні, «Банк Дисконт», «Г. А. С. индустрис» компаниялары т.б.) қарамағында. Экономикасы негізінен шетелдерден алынған қаржының көмегімен дамуда. 1948-1970 ж. Израильдағы шетел капиталы 12 млрд. долл., оның ішінде 1967-1970 ж. 4 млрд. долл. шамасы болды. Бұл қаржылар - АҚШ пен Батыс Германияның «көмегі» мен заемдарынан, сионистік ұйымдардың көмегімен шетелде израильдың заемдарды таратудан т.б. құралады. Израиль экономикасында американдың, ағылшындық және батыс германиялық жеке меншік капиталы мен шетелдік монополиялың бірлестіктердің «Палестайн экономик корпорейшен», «Американ Исраэл корпорейшен» т.б.) ықпалы күшті. Экономика салаларында мемлекеттік-капиталдық сектор капиталының үлесі төмендеп келеді (1958 ж. 54%, 1968 ж. 41%).
Ауыл шаруашылығы. Өңделетін жерлері мемлекеттің және сионистік отарлау трестерінің қарамағында; олар жерді ауыл шаруашылық кооператив тері мен ауқатты адамдарға жалға береді. Ауыл шаруашылық жерін пайдаланудың негізгі түрі - оны топтасып жалға алу. Жеке меншіктегі фермер шаруашылықтары да бар. Жерінің 21,2%-і (1970/71) егістік (оның 42%-і суармалы егіс), 40%-і жайылым. Егістігінің ішінде дәнді дақылдардың үлесі 64,9%, цитрус т. б. жеміс плантациялары 20%, техникалық дақылдар мен овощ 8,6%. Басты ауыл шаруашылық дақылы - цитрус жемістері. Бидай, жүгері, қант қызылшасы, арахис, мақта, темекі, картоп, овощтар т. б. егіледі. 1970 ж. 251 мың мүйізді ірі қара, 188,5 мың қой, 135,5 мың ешкі, 10 мың түйе 9,8 млн. уй құсы (тауық, үйрек) болды.
Өнеркәсібі. Өнеркәсібінің басты салалары - жеңіл (өсіресе мата тоқу), тамақ (сүт, май, қант өндіру), қағаз өнеркәсібі. Кәсіпорындарының көбі соғысқа қажетті бұйымдар шығаруға бейімделген. Израиль агрессиясынан (1967-1968) кейін машина жасау (авиаавто құрастыру з-дтарының жабдықтарын шығарады), киім тігу (әскери киім), резина (шина жасау) өнеркәсібі тез дамыды. 1968-1969 ж. соғыс өнеркәсібі өнімінің құны 2 есе өсті. Өнеркәсіпке қажетті шикізаттың көбі шеттен әкелінеді. Елдегі барлық кәсіпорындардың 60%-і Тель-Авив пен Хайфа қалаларына шоғырланған. Электр станцияларының қуаты 1 млн. квт.
1969 ж. Калий және ас тұздары (Өлі теңізінен), кварцитті құм мен саз (Негев құмында), фосфорит (994 мың тонна, 1969; Орон маңында), табиғи газ (134 млн. м2) және мұнай (88 мың тонна, Ашкелон маңында), темір (Рамим тауы), мыс рудасы (Михрот-Тимна) т.б. өндіріледі. Израиль уақытша жаулап алған Египеттің Синай түбегіндегі мұнай кәсіпшіліктері де игерілуде. Химия (Хайфа, Хадера, Тель-Авив), мұнай айыру (Хайфа), машина жасау (Тель-Авив) кәсіпорындары, 2 атом реакторы (Тель-Авив, Димон маңында) жұмыс істейді.
Транспорты. Темір жолының ұзындығы 795 км (1970-1971), автожолдары 9,3 мың км, оның ішінде 4 мың км-і асфальттанған. Эйлат - Хайфа (ұзындығы 400 км), Хайфа - Тель-Авив (ұзындығы 108 км), Эйлат - Ашкелон (ұзындығы 305 км) мұнай құбырлары бар. Басты теңіз порттары: Хайфа, Ашдод, Эйлат.
Сыртқы сауда байланысы. 1967-1969 ж. Израиль сыртқы сауда балансының дифициті 3 есе өсті; 1970 ж. ол 675 млн. долл-ға (негізінен қару-жарақ, соғыс өнеркәсіп құрал-жабдығы сатып алынды) жетті. Басқа елдерден машина және транспорт құрал-жабдығы (барлық импорт құнының 20%-і жұмсалады), өңделмеген алмас (12%), шикізаттар мен химикаттар (22,8%), кеме, самолет, автомобиль (10,3%), отын (5%) әкелінеді. Экспорт құнының 50%-і цитрус жемістерінің, консервіленген жемістердің, өңделген алмастың үлесіне тиеді. Сыртқы сауда серіктестері АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Бельгия, Франция.
Ақшасы - Израиль лирасы.
Денсаулық сақтау ісі. 1969 ж. әрбір1000 адамға шаққанда, баланың тууы 26,2, адамның өлімі 7,0, тірі туған әр-бір 1000 баладан өлгені 23,5. Өлімнің негізгі себептері: жүрек, қан тамыр және қатерлі ісік аурулары. Елде жұқпалы аурулардан дизентерия, вирусты гепатит, туберкулез т. б. тараған. Бұл аурулар, әсіресе, арабтар мен иммигрант еврейлер арасында көбірек кездеседі. 1969 ж. 17,1 мың төсектік 193 аурухана, 6,9 мың дәрігер болды (410 адамға 1 дәрігер). Дәрігерлерді Иерусалим мен Тель-Авив университеттерінің медицина мектептері дайындайды.
Оқу-ағарту. 1949 ж. жынысына, ұлтына, рініне қарамай, міндетті бастауыш білім беру жөнінде заң қабылданған. Бірақ арабтардың праволарына шек қойылған. Еврейлерді оқыту және тәрбиелеу айрықша ұлттық және діни сипатта, сионизмнің реакциялық идеологиясына бағындырылған. Тәрбиені әскери іске бейімдеуге ерекше көңіл бөлінеді, жігіттер 3 жыл, қыздар 2 жыл міндетті әскери дайындықтан өтеді. Бастауыш мектеп (1969) 6 жылдық. Мемлекеттік мектептермен қатар көптеген діни және жеке меншікті мектептер де бар. Діни пәндер міндетті түрде оқытылады. Араб мектептерінде 3-кластан бастап иврит тілі оқытылады. Орта мектепте оқу ақылы, оқу мерзімі 6 жыл, 2 сатылы, 2-сатысы 2 циклде - гуманитарлық және жаратылыс тану ғылым саласы. Бастауыш мектеп негізінде 4 жылдың кәсіптік-техникалық және ауыл шаруашылық мектептері жұмыс істейді. Педагогикалық білім педагогикалық колледждер мен университеттерде беріледі. Колледждер мен университеттерде беріледі. 10 жоғары оқу орны бар. Олардық ең ірі-Тель-Авивтегі университет, Хайфадагы-технологиялық институт («Технион»). Ірі кітапханалары: Иерусалимдегі Еврей ұлттық және университеттік (кітап қоры 2 млн.-нан астам дана), Тель-Авивтегі университеттік (250 мың дана) кітапхана. Басты музейлері: Иерусалимдегі Ұлттық музей, Тель-Авивтегі Гаарец-музей.
Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. Израильда 1971 ж. 400-ден астам газет, журнал шықты. Ең ірі буржуазиялық және сионистік газеттері: иврит тілінде - «Гаарец» (1918), «Әл-Гамишмар» (1943), «Давар» (1925), Гацофе (1938), «Еднот ахронот» (1939), «Маарив» (1948), ағылшын тілінде - «Джерузалем пост» (1932). Израиль Компартиясы ОК-нің органы: «Зу Гадерех» (1965) және «Әл-Иттихад» (араб тілінде, 1944) газеттері, «Арахим» (1969), «Әд-Дарб» (араб тілінде, 1969) журналдары.
Радиохабарын «Шидурэй Исраэл» («Израиль хабары», 1968) мемлекеттік радиостанциясы 11 тілде жүргізеді. Телеорталық 1968 ж. құрылды. Телехабар иврит және араб тілдерінде жүргізіледі. Израильдағы барлық насихат органдары мемлекеттік пен сионистік партиялардың бақылауында, олар агрессиялық Израиль буржуазиясы мен сионизм мүдделеріне қызмет етеді.
Әдебиеті мен өнері. Израиль әдебиеті Израиль реакционерлері устемдік жүргізген сионистік ұлтшыл идеология етек алған, қым-қиғаш әлеуметтік қайшылық жағдайында дамып келеді. Израиль әдебиеті көбінесе иврит тілінде жазылған. Әдебиетшілерінің ресми бірлестігі - «Иврит жазушылар одағының» (1940 ж. құрылған) қатарына идиш және араб тілдерінде жазатын жазушылар кіргізілмейді. Израиль мемлекеті құрылғаннан кейінгі уақыт ішінде Ш. Агнон (1888-1970; 1966 ж. Нобель сыйлығын алған), А. Шлёнский (1900 ж.т.), Лея Гольдберг (1911-1970) сияқты жазушылар бірқатар жаңа шығармалар жазды. 50 жылдары Палестинада өскен жазушылардың үлкен бір тобы әдебиетте өрлеу туғызды. Олардың ірі өкілдері - Е. Мар (1921-1968), Е. Амихай (1924 ж.т.) Т.Ривнер (1924 ж.т.) т.б. өздерінің шығармаларында Израиль буржуазиялық үкіметі билеген қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар туралы жазды. С.Изхардың (1916 ж.т.) кейбір шығармаларында арабтарға жасалып отырған нәсілшілдік көзқарасқа қарсылық білдірілген. 60 жылдардан бастап батыстың модернистік әдебиетінің ықпалы күшейді. Бірқатар жазушылардың шығармаларында шындықты бүркемелеушілік, торығушылық сарыны өріс алды. Әйтседе әдебиетте еврей-араб катынасы мәселесі бұрынғыша негізгі таңырып болып қалды. Бұл күрделі мәселе М.Ави-Шаул (1898 ж.т.). А.Пэнн (1906-1972), Хая Кадмон (1919-1960), А. Ноф (1914 т.ж.) т.б. шығармаларында прогрессивтік тұрғыдан суреттелді. Ал У.Ц.Грянберт (1894 ж.т.), И.Ратош (1909 ж.т.), М.Шамир (1921 ж.т.) т.б. өздерінің шығармасымақтарымен реакцияшыл ұлтшыл идеологияның колшоқпары болды. Сионистік үкімет басшылары қаншалық қуғындағанымен, идиш тіліндегі әдебиет те өркендеп келеді. Оның көрнекті өкілдері - И.Зрубавэл, М.Ман, И.Паперников, П.Бинецкий т.б. Идиш тілінде «Ди голдене кейт» әдеби журналы шығады. Араб тілінде жазылған әдебиеттің өкілдері Тауфик Зийяд (1926 ж.т.), Ханн Әбу Хан (1928 ж.т.), Эмиль Хабиба (1921 ж.т.) т.б. шығармаларында Израиль үкіметінің милитаристік бағыты мен арабтарға жасалып отырған кертартпа саясаты сыналған. 1950 жылдардан бастап Тель-Авив, Хайфа, Реховот қалаларындағы құрылыс жұмысы өркендеді; Герцлия, Эйлат т. б. қалалар салынды. Көпшілік тұрғын үйлері барак типті, 1-2 қабатты немесе балконды не лоджиялы 6-9 қабатты болып келеді. Құрылыстар қыш, тас, темір-бетоннан тұрғызылады. Тель-Авивтегі Ф. Манн концерт залы (1957), Гаарец-музей (1958-1960), 36 қабат «Шалом» (кеңсе және сауда-саттық) үйі, Бет-Ям қаласындағы қонақ үй комплексі (1968-1969) т.б. қоғамдық және кәсіптік құрылыстар өсемдігімен көз тартады. Израиль архитектурасы қазіргі халықараралық архитектуралық бағытты ұстағанымен, шығыс архитектуралы стилдеріне де бой ұрады. Еврей бейнелеу өнеріне бертінде жер-жерден келген «көшпенділер» өздерімен бірге әрқилы мектептердің әр түрлі ағымдары мен бағыттарын ала келді. Израиль көркем-сурет мәдениетінің ала-құлалығы да осыдан туындайды. Реалистік бағыт Өнер мектебі мен «Бецалель» көркем-сурет шеберханасынан (1906 ж. Иерусалимде суретші Б.Шацем негізін қалаған) байқалады. Суретшілер Ц. Меировин, М.Янко, И.Зарицкий еңбектерінде модернистік ағымдар басым.
Израиль музыкалық мәдениеті араб және палестин еврейлерінің ұлттық музыкалық мәдениеті мен кейіннен келген еврейлердің музыкалық дәстүрі негізінде қалыптасып келеді. 1950 жылдан бастап композиторлық мектептер көбейіп, орындаушылық өнер дамыды. Композиторлар өз творчестволарында шығыс және Жерорта теңізі халықтарының музыкалық фольклорына, қазіргі музыкалық жазу әдістеріне сүйеніп, көбінесе авангардтық ағымдарға ұмтылады. 1948 ж. негізі қаланған Израиль филармониясы жанынан оркестрлер (негізгілері: «Ғамат-Ган» камералық, Хайфаның симфониялық, Израиль ұлттық опера-оркестрлері) ұйымдастырылды. «Инбал» музыкалық театры (1950 жылдары С. Леви-Таннай негізін қалаған) шығыс еврейлерінің фольклорлық музыкасын орындаумен көпшілікке танылған. Көптеген Израиль қаларында музыкалық қоғамдар бар: «Камералық музыка қоғамы», «Өнерпаз жастар» қоғамы (ағарту жұмыстарын жүргізеді), хор бірлестіктері т.б. Музыканттар Еврей консерваторияларынан білім алады. Израиль композиторларының лигасы мен қоры (1957), музыкалық баспа жұмыс істейді. 1960 жылдан Тель-Авивте «Бат кол» музыкалық журналы шығады.
1958 жылдан Тель-Авивте Израиль Ұлттық театры жұмыс істейді. Оның труппасына гастрольге келген актерлер мен режиссерлер де шақырылады. Ішінара У.Шекспирдің пьесалары қойылады. Театр мемлекеттен көмек (дотация) алып тұрады. Шетел және Израиль прогресшіл драматургтарының шығармаларын қоятын Камералық театр (1944) бар. 1963 ж. ашылған Хайфа қалалық театры классик және қазіргі драматургтардың шығармаларын қояды. Қаржының аздығынан ұлттық актерлік мектепті қалыптастыруға талпынған «Огель» («Шатыр», 1926-1968) және «Мататэ» («Сыпырғыш», 1928-1949) театрлары таратылды. Дәл осы себеппен 40-50 жылдардағы көптеген драма және сатира театрлары жабылып қалды. 60 жылдары авангардтық пьесалары мен музыкалық комедиялары басым шағын драмалық труппалар («Бимот», «Годик» т.б.) пайда болды. Әкімшілік саясатын ұстанбаған театрлар қысымға алынып, «тиімсіз» пьесаларды көрсетуге тыйым салынды. 1963 жылдан модернистік спектакльдер керсететін «Бат-Шева» балет труппасы бар. 1968 ж. Хайфада «Әл-Масрах ан-Нахэд» араб драмалық коллективі ұйымдастырылды.
50 жылдары сауда-саттық және индустрия министрлігі жанынан кино орталығы, «Сенфилдо Исраэл» қоғамы құрылды. Үкімет салық және шетелдерден прокатқа алынған фильмдерден өндірілген қаржыдан кино өндірісіне көмек береді. Онға тарта кино ұйымдары жұмыс істейді. Бастылары: «Исраэл», «Гева-фильм». Көптеген фильмдер АҚШ, Франция, Италия, ГФҒ, Жапония кино ұйымдарымен бірлесіп түсіріледі. 60 жылдары шығарылған фильмдер: «Саллах Шабати», «Көшенің арғы бетінде тұратын бала», «Құмға жазылған», «Үш күн және бір бала», «Даңғыл жол ханымы». 1961 ж. Хайфада «Фильм-архив» ұйымдастырылды. 300-ден астам кинотеатр бар. Жылына 10-12 көркем фильм және 60-100 документті-хроникалық фильмдер шығарылады.
ИЗРАИЛЬ ПАТШАЛЫҒЫ (б.з.б. 928-722 ж. ш.) - Солтүстік Палестинадағы ертедегі құл иеленуші мемлекет. Израиль-Иудей мемлекеті құлағаннан кейін құрылды. Израиль патшалығының негізін салушы - Иеровоам I. Патшалық халқы негізінен егіншілікпен шұғылданды, қолөнері көрнекті орын алды, сауда дамыды. Экономикалық және мәдениет жағынан Израиль патшалығы Египет және Финикиямен байланысты болды. Дамаскіге қарсы жиі соғысып тұрды. Иудей патшалығымен көпшілігінде жауласып отырды. Ірі жер иеленушілер жерді тартып алғандықтан 9-8 ғ-да қауымдардың ыдырап, шаруалардың жерсіздену процесі кұшейе түсті. Бұл процесс әсіресе Иеровоам II (783-743) тұсында күшейді.
Израиль патшалығы әлсіз болды. Өмір сүрген 200 жыл ішінде патша тағында бірнеше әулет алмасты. Армия, кейде ерікті ұсақ жер иеленушілер мен қолөнершілер «сарай төңкерістеріне» неғұрлым белсене қатынасты. Омри әулеті және б. з. б. 9 ғасырдың ортасында олардың орнына келген Иегуи әулеті неғұрлым ұзағырақ уақыт билік жүргізді. Омри және оның ұлы Ахав тұсында Финикия мәдениетінің әсері күшейді. Омри жаңа астана - Самарияны салғызды. Ал бұрынғы астаналар Сихем, Тирца қалалары болатын. Б.з.б. 722 ж. Израиль патшалығын Ассирия патшасы Саргон II жаулап алды. Халқының көпшілігі Ассирияның шалғай провинцияларына көшірілді, олардың орнына басқа аймақтардың тұрғындары әкелінді. Бұлар қалған жергілікті халықпен араласып кетті.
ИЕРИХОН (ежелгі еврейше Ерихо, Палестинадағы ежелгі қалалардың бірі (орны Иерусалимнен солтүстік шығысқа қарай 22 км жерде; қазіргі Тель-эс-Султан қ.). Израиль туралы тұңғыш мәліметтер Таураттан алынған. 1867, 1907-1908, 1930-1936, 1952-1956 ж. жүргізілген қазба жұмыстары Иерихонның бірнеше қабаттан тұратынын анықтады. Иерихонның орнындағы ең көне ңоныс (б.з.б. 7-6 мың жылдық) керамикаға дейінгі неолит дәуіріне жатады. Екінші қабат - неолиттің соңы мен қола дәуірінің басындағы (б.з.б. 4-3 мың жылдық) қала типтес мекен. Б.з.б. 18-16 ғасырда Иерихон күшейіп гүлденген. Бұл кезде қала екі қатар мықты дуалмен қоршалған. Тауратта Иерихонның берілмес қорғандары б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында Палестинаны жаулап алған еврей тайпаларының керней «үнінен» құлады дейді («Иерихон кернейі»), Б.з.б. 9 ғасырда Иерихон қайта тұрғызылды. Алайда б.з.б. 8,6-4 ғасырда ассириялықтар мен парсылар шабуылы Иерихонды біржола қиратты. Рим империясы кезінде (б. з. 1 ғ.) Иерихон ескі орнынан оңтүстік-батысқа ауыстырылып, эллиндік-рим типтегі жоспармен қайта салынды. Ескі қаланың орны мазарға айналдырылды.
ИЕРУСАЛИМ (ежелгі еврейше Иерушалаим, араб. Әл-Кудс) - Палестинадағы қала. Өлі теңіз алқабындағы шөлейт таулы үстіртте орналасқан. Халқы 283,1 мың (1970). Темір жол станция, тас жол торабы. Өнеркәсіп, сауда, мәдени және діни орталық. Радиоаппаратура з-ды, тамақ, мата тоқу, тері илеу, аяң киім тігу, металл өңдеу көсіпорындары жұмыс істейді. Майдагерлік кәсіпшілік дамыған. Қаланың ескі бөлігінде эллинистік, римдік және ертедегі христиандың дәуірлерде салынған архитектуралық ескерткіштердің қалдыктары сақталған. Израильдың ұлттық музейі, Еврей университеті (1918) т. б. мәдени-ағарту орындары бар.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың шенінде алғаш аты аталады. Иерихон патшасы Абдихибаның египет перғауыны Аменхотеп ІV-ге жазған хаттары Тель-әл- Амарн архивінде сақталған (б.з.б. 1400 ж. ш.), б.з.б. 1000 ж. ш-нда Иерихонді Давид жаулап алды да, Израиль-Иудея патшалығының, ал б.з.б. 935 ж. ш-нда Иудея патшалығынвң астанасына айналды. Давидтің мирасқор ұлы Соломон қаланы әжептәуір кеңейтті: финикиялықтардың жәрдемімен Яхве ғибадатханасын (Соломондар ғибадатханасы) салды. Б.з.б. 586 ж. қаланы Вавилон патшасы Навуходоносор II қиратты. Б.з.б. 6 ғасырдың соңғы ширегінде иудейлер қайта қоныстанды. Б.з.б. 3 ғасырда Птолемей мен Селевки әулеті арасындағы күрестің нысанасы болды. Б.з.б. 140 жылдан Хасмонейлер (Маккавейлер) мемлекетінің астанасы. Б.з.б. 63 ж. римдіктер басып алды. Иудея соғысы (66-67) кезінде римдіктерге қарсыласу орталығы болды. Б.з. 70 ж. римдіктер басып алып қиратты. 2 ғасырда Иерихоннің орнына рим қонысы - Элия Капитолина құрылды. 4 ғасырда, император Константин тұсында Иерихон христиандардың «қасиетті» орталығына айналды. 638 ж. Омар Халиф тұсында арабтар жаулап алды да, мұсылмандардың Меккеден кейінгі «қасиетті» орталығы болды. 1099 ж. крест асынушылар, 1187 ж. египет сұлтаны Салах ад-Дин басып алды. 1517-1917 ж. Осман империясының құрамында болды. 1920 жылдан, ағылшындардың мандаттық жері - Палестинаның әкімшілік орталығы. Бас Ассамблеясының 1947 ж. 29 қарашадағы Палестинаны бөлу туралы шешімі бойынша Иерихон халықаралық аймаққа айналды. Бірақ араб-израиль соғысынан (1948-1949) кейін Израиль мен Иордания екіге бөлінді, батыс бөлігін (қаланың денін) Израиль әскері, ал азғантай бөлігін Иордания оккупациялап алды.
Әдеб.: Массон В.М., Докерамический неолит Иерихона, «Советская археология», 1958, №3. Фармаковский В. В.; Ханаан и Израиль по данным последних раскопок в Иерихоне, «Новый Восток», кн. 2, 1922; Иванов К.П. и Шейнин З. С. Государство Израиль, его положение и политика, 2 изд., М., 1959; Леонидов А., За кулисами израильской политики, М., 1959; Андреев С.А., Израиль, М., 1962; Демченко П., Арабский Восток в час испытаний, М., 1967; Никитина Г.С., Государство Израиль, М., 1968; Иванов Ю. С., Осторожно: сионизм!, 2 изд., М., 1971; Поэты Израиля, М., 1963; Рассказы израильских писателей, М., 1965.
Жарияланған-2019-08-21 09:46:01 Қаралды-5364
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану