КОРЕЙ ХАЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ (КХДР) (Чосон минджуджуый инмин конх-вагук) - Шығыс Азия жағалауына және Корей түбегінің солтүстік бөлігіне орналасқан социалистік мемлекет. Жері 121,2 мың км2. Халқы 14,3 млн. (1971). Астанасы - Пхеньян қаласы. Әкімшілік жағынан 9 провинцияға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы - қазіргі конституциясы 1972 ж. 28 желтоқсанда қабылданған. Жоғары өкімет және бірден-бір заң шығарушы органы - халық 4 жылға сайлайтын бір палаталы Жоғарғы халық жиналысы (ЖХЖ), ал сессиялар арасында ол сайлайтын ЖХЖ-нің Тұрақты советі. 17 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Мемлекеттік өкіметтің жоғары басқарушы органы - КХДР президенті басқаратын Орталық халық комитеті (ОХК). Мемлекеттік өкіметтің жоғары әкімшілік атқарушы органы - Әкімшілік советін ЖХЖ сайлайтын премьер басқарады. Мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары - халық жиналыстары. Оларды халық провинциялар мен орталыққа бағынатын қалаларда 4 жылға, ал провинцияларға бағынатын уездер мен қалалар, аудандарда 2 жылға сайлайды. Сот жүйесі Орталық сот, провинциялық, орталыққа бағынатын қалалық және арнаулы соттардан (әскери трибуналдар) құралады. Орталық сотты Жоғары халық жиналысының Тұрақты советі, жергілікті соттарды - жергілікті халық жиналыстары сайлайды. Әскери трибунал соттарын Орталық сот тағайындайды.
Прокуратура органдары жүйесін Орталық прокуратура басқарады. Орталық прокуратура председателін ЖХЖ, ал басқа прокурорларды Орталық прокуратура тағайындайды.
Халқы. Республпка халқының 1961-1970 ж. арасындағы орташа жылдық өсуі 2,6% болды. Халық шаруашылығында 6 млн. адам (олардың 30%-і өнеркәсіпте, 40%-і ауыл шаруашылығында) еңбек етеді. Халықтың 48,7%-і ерлер, 51,3%-і әйелдер. Территориясының оңтүстік-батыс бөлігі тығыз қоныстанылған. Қала халқының үлесі 45% (1963); ірі қалалары - Пхеньян (қала маңы тұрғындарын қоса есептегенде 1 млн. адам, 1969), Чхонджин (210 мың), Хамхын (200 мың), Кэсон (139,9 мың), Синыйджу (128 мың), Вонсан (122 мың).
Тарихы. Корей халық-демократиялық республикасы 1948 жылы құрылды. Республика құрыла салысымен корей халқы жапон империализмінің көп жылғы үстемдігі салдарынан артта қалған халық шаруашылығын өркендетуге кірісті. 1949 ж. халық шаруашылығын қалпына келтіріп, онан әрі өркендетудің 2-жылдық жоспары қабылданды. Бұл жоспарды орындауда экономикалық және мәдени ынтымақ туралы келісімге сәйкес (1949 ж. наурызда қол қойылған) Совет Одағы КХДР-ге едәуір көмек көрсетті. 1949 жылдың өзінде-ақ өнеркәсіптің жалпы өнімі 1946 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам, ауыл шаруашылық өндірісінің көл. 50% ұлғайды. Ұлттық мәдениет жедел өсіп, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. 1949 ж. маусымда Корея Еңбек партиясы (КЕП) (Солтүстік және Оңтүстік Корея Еңбек партияларының біріккен пленумының шешімі бойынша біріккен болатын) құрылып, елдегі саяси және экономикалық құрылысқа басшылық етті. Бір тұтас демократиялық отан майданы (БДОМ, 1949 ж. шілдеде құрылған) 1949 және 1950 жылдары Солтүстік және Оңтүстік Кореяны бейбіт жолмен біріктіру жөнінде ұсыныс жасады. Оңтүстік Корея өкіметі ұсынысты қабылдамады. 1950 ж. 25 маусымда Оңтүстік Корея әскері КХДР-ге қарсы соғыс ашты. АҚШ мұны пайдаланып, интервенция үйымдастырды. СССР мен ҚХР-дің, басқа да социалистік елдердің көмегімен КХДР басқыншыларға тойтарыс берді. Соғыс үш жылға (1950-1953) созылды. Ақыры шапқыншылар 1953 ж. 27 шілдеде келісімге қол қоюға мәжбүр болды. Халық шаруашылығы қалпына келтірудің және дамытудың 3 жылдық жоспарына (1954-1956) сәйкес соғыста бүлінген өнеркәсіп орындары қалпына келтіріліп, іске қосылды да, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісі соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Бұл тұста КХДР-ге Совет Одағы мен басқа социалистік елдер жәрдем жасады. 1958 ж. шаруалар шаруашылықтары түгел кооперацияланды, халық шаруашылығы барлық саласында социалистік өндірістік қатынастар қалыптасты.
КЕП-нің 1956 ж. сәуірде болып өткен 3-съезі елде социализмнің материалдық-техника базасын жасау программасын қабылдады. Программаның негізгі міндеттері бесжылдық (1957 жылдан бастап) және жетіжылдық (1961 жылдан бастап) жоспарлар тұсында орындалды. Елдегі экономикалық және мәдени құрылыста КХДР-дің социалистік ынтымақ елдерімен қарым-қатынасы зор маңыз атқарды. 1961 ж. 6 шілдеде Достық, ынтымақ және өзара көмек туралы корей-совет шартына қол қойылды. Халық шаруашылық өркендетудің жетіжылдық жоспарын орындау нәтижесінде КХДР социалистік индустриялы мемлекетке айналды. КЕП-нің 5-съезі (1970 ж. қараша) партияның 4-съезінен кейінгі кезең ішінде (1961 жылдан бастап) КХДР-ді дамыту қорытындысын шығарып, халың шаруашылығын өркендетудің алты жылдық жоспары (1971-1976) жөнінде қарар қабылдады. Жоғарғы халық жиналысының (ЖХЖ) (1972 ж. желтоқсан) сессиясы республиканың жаңа конституциясын бекітті.
КХДР бейбіт саясат жүргізіп, Кореяны демократикалық негізде бейбіт жолмен біріктіруге ұмтылып келеді. 1972 ж. КХДР-дің бастамасымен Пхеньян мен Сеулде КХДР мен Оңтүстік Корея ресми өкілдерінің арасында келіс сөз жүргізілді. Сол жылы 4 шілдеде елді біріктіру принциптері жөніндегі мәселе жайында келісімге қол жеткені туралы Солтүстік пен Оңтүстіктің Біріккен мәлімдемесіне қол қойылды. Мәлімдемеде елді біріңе-бірі қарсы күш қолданбай, ұлттық бірлестікке жету арқылы, ішкі істерге сырттың араласуынсыз дербес, бейбіт жолмен біріктіру көзделді. Совет Одағы халықаралық салада, оның ішінде БҰҰ-да КХДР-ге жан-жақты көмектесіп келеді. КХДР 1973 жылғы ділдеге дейін 60 мемлекетпен дипломатиялық және консулдық, оның ішінде СССР-мен 1948 ж. 12 қазанда дипломатиялық қатынастар орнатты. КХДР 100 халықаралық ұйымдармен іскерлік байланыс жасайды.
Экономикасы. Халық өкіметі жылдары КХДР әкономикалық мешеу елден индустриялы-аграрлы социалистік мемлекетке айналды. 1946 жылғы жер реформасы мен өнеркәсіп орындарын национализациялау, ауыл шаруашылығын 1953-1958 жылдары кооперациялау т.б. саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер республиканың өндіргіш күштерін жедел дамытты. Социализмнің материалдық-техникалық базасын жасау бірнеше кезеңге бөлінді: алғашқы кезеңде (1954-1956 жылдардағы 3 жылдық) 1950-19 53 жылғы соғыс ауыртпалықтарынап арылу шаралары іске асырылды; 2- кезеңде (1957-1961 жылдардағы 5 жылдық) шаруашылықтың басты салалары қалпына келтірілді және социалистік индустрияның негізі қаланды. Қала мен ауылда социалистік өндіріс қатынастары орнады; 3-кезеңнің (1961-1967 жылдарға қабылданған 7 жылдық; елге қарсыланысты орындалу мерзімі 1970 жылға дейін созылады) мақсаты елде социализмнің материалдық-техникалық берік базасын жасау еді. 1957-1970 ж. аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық өсу қарқыны 19,1%-ке, 1956 үлесі 65%-ке жетті. Республика экономикасы СССР-дің және басқа да социалистік елдермен тығыз байланыста дамуда. Совет Одағының барлық республикалары сияқты, Қазақстанның да КХДР-мен сыртқы сауда қарым-қатынасы қасына өте қажет түсті металдар про катын, хром рудасын, кокс, синтетикалық каучук, феррохром сияқты шикізат, жартылай шикізат және күрделі токарьлық әскери арандатушылықтың өсуіне Солтүстік көмір бассейні, қоңыр көмір (Туманған көмір бассейні, 1970 ж. республикада 27,5 млн. тонн тас және қоңыр көмір өндірілді), темір рудасы (Хамгён-Пукто провинциясындағы Мусан руднигі), қорғасын және мырыш концентраты (Хамгён-Намдо 69 ж. ұлттық табыстағы өнеркәсіптің провинциясындағы Комдок руднигі), станок, фрекциялық пресс, жер қазатын машина, бұрғылау агрегаты, шойын - болат арматурасы т.б. өнеркәсіп өнімдерін алады. КХДР Қазақстаннан өз экономика гидроэнергия қорынан алынды. Амноккан (Супхун СЭС-і), Чанджинган, Хочхонган, Пуджонган (деривациялық СЭС-тер) т.б. өзендердің энергия қоры кеңінен пайдаланылуда. Жылу электр станцияларының бастылары - Пхеньян (қуаты 500 мың квт), Пукчхан (600 мың квт) қалаларында.
Өнеркәсібі. 1970 ж. КХДР өнеркәсіп Сонним, Кансон, түсті металлургия кәсіптік өндірісінің мөлшері 1949 жылмен кәсіпорындары Нампхо, Мунпхён, салыстырғанда 21 есе артты және Хамхын қалаларында шоғырланған. Станок (1970 ж. 6,4 мың), автомобиль (6,4 мың, 1970), трактор (10 мың, 1970), кеме және т.б. шығаратын машина жасау кәсіпорындары Пхеньян, Киян, Нампхо, Синыйджу, Хичхон, Чхонджин қалаларында орналасқан. Химия (тыңайтқыш, каустикалық сода, мата бояуы, синтетикалық талшық; орталықтары - Хыннам, Понгун), фарфор-фаянс бұйымдар (Пхеньян, Нампхо) кәсіпорындары бар. Мата тоқу КХДР өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі; 1970 ж. 400 млн. м мата тоқылды; аса ірі кәсіпорындары - Пхеньян (жылдық қуаты 200 млн. м) және Синыйджу (100 млн. м) мата тоқу комбинаттары. Өнеркәсіптің салалық құрылымы өзгерді; таукен өндірісі, металлургия, энергетика, машина жасау, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіптік қатар дамыды.
Тау-кен өндірісінің басты өнімдері - антрацит (Пхёнан-Намдо провинция) мыс рудасы (Янгандодагы Капсан кені), алтын-күмісті руда (Пхёнан-Намдо провинциясындағы Сонхын, Хванхэ-Пуктодагы Хольдон, Суан кендері).
1970 ж. елде 16-5 млрд. квт-сағ электр энергиясы өндірілді, оның 3/4-іріш, жүгері іазалау, ет, темекі, қант комбинаттары) өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы. 1970 ж. ауыл шаруашылығының өнім мөлшері 1949 жылға қарағанда 2,5 есе өсті. Басты саласы - егіншілік (ол ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 70%-ін береді). 1960 жылдан бері барлық шаруашылықтар түгел дерлік социалдық сектор қарамағында. Ауыл шаруашылығындағы трактор саны 1960-1970 жылдары 3,5 есе көбейді. Территориясының 16%-і (2 млн-ға жуық) ғана өңделеді; оның 1/3-і суармалы егіс. Кейде жылына 2 рет өнім жиналады. Басты дақылдары - күріш (3000 мың тонн, 1970), жүгері (1500 мың тонн), соя (400 мың тонн), овощ (3000 мың тонн), картоп (1000 мың тонн); олардан басқа мақта, темекі, кендір, қант қызылшасы егіледі. Кэсон қаласы атырабында женьшен плантациясы бар. Жылына 200 мың тонна алма жиналады. Мал шаруашылығы жалпы ауыл шаруашылығынан түсетін жалпы өнімнің 30%-ін береді. Мал саны (мың, 1966 ж.): мүйізді ірі қара 740, қой 185, ешкі 240, шошқа 1640. Жібек құртын өсіру (әсіресе Пхёнан-Пукто, Пхёнан-Намдо, Хамгён-Намдо провинцияларында) жақсы дамыған. Жылына 8 мың -метрдей жібек пілласы өндіріледі. 1970 ж. елде 1 млн. бас астам балық және басқа теңіз өнімдері ауланды; оларды өңдейтін кәсіпорындардың көбі Чхонджин, Синпхо, Тхведжо, Синыйджу қалаларында.
КХДР-дің орманды алқабы 9 млн. га (негізінен Амноккан, Туманган өзендерінің жоғары ағысы бойында). Жылына мұнда 5 млн. м3 ағаш дайындалады.
Транспорты. Жүк айналымының 9/10-ы, жолаушылардың 2/3-і темір жолы транспортымен тасылады. Темір жолының ұзындығы мың км, оның 2 мың км-і электрленген. Автомобиль жолдары 20 мың км (1965) Амноккан, Чхончхонган, Тэдонган, Туманган өзендерінің төменгі 1949-1971 ж. КХДР-дің сыртқы сауда анналымы 5 есе артты. Экспортқа шығарылатын өнімдерінің ішіндегі ең бастылары - минералдық шикізат, құрылыс материалдары, азық-түлік. Басқа жағында кеме жүзеді. Негізгі теңіз порттары елдің шығыс жағалауында (Чхонджин, Хыннам, Вонсан).
Сыртқы экономикалық қарым-қатынасы. Совет Одағы 1949 жылғы 17 наурызда келісім бойынша КХДР-ге 1953-1963 ж. біржола 300 млн. сом көмек берді. СССР-дің тікелей көмегімен Супхун СЭС-і (1957-1958), Чхонджин металлургия комбинаты, Ким-Чхәк болат құю з-ды, Нампхо түсті металдар з-ды соғыстан кейін қалпына келтірілді, Пхеньян мата тоқу комбинаты (1956), Синпхо балық консервілеу з-ды, Йонсон ет комбинаты салынды. СССР-дің көмегімен Хыннам азот тыңайтқыш з-ды (1961), Понсандағы цемент з-ды (1959), Пхеньяндағы жібек иіру фабрикасы (1959), Пхеньян, ІІукчхан ЖЭС-тер (1968-1971) іске қосылды және Унги мұнай айыру з-ды (1973) салынуда.
Шет елдерден негізінен машиналар және өндірістік құрал-жабдықтар, отын, мақта сатып алады. Сыртқы сауда айналымының 80%-і социалистік елдердің (оның жартысы СССР-ге) үлесіне тиеді. Капиталистік елдер арасындағы басты сыртқы сауда серіктесі - Жапония.
Ақша өлшемі - вон; 100 вон 74 сом 93 тиынга тең (1973, тамыз).
Денсаулық сақтау ісі. Адам өлімі мен тууы жөнінде толық мәлімет жоқ. Елде паразиттік және жұқпалы (алапес, туберкулез, дизентерия, аскаридоз, анкилостомидоз, безгек, энцефалит) аурулар кездеседі. Туберкулез, безгек, іш сүзегі сияқты аурулармеи күрес шараларын жүргізу нәтижесінде қазіргі кезде бұл аурулар сирек ұшырасады. Тұрғын халыққа медицина көмек тегін көрсетіледі. Кореяда 1945 ж. салыстырғанда 1949 ж. дәрігерлер саны 4,4 есе, орта білімді медицина қызметкерлер 18,2 есе, емдеу мекемелері 13 есе, ауруханалардагы төсек саны 5,8 есе өсті. Кореяда болған (1950-1953) соғыс салдарынан емдеу-профилактикалық мекемелер саны 95,6%-ке кеміді. 1957 ж. бұл мекемелердің саны соғысқа дейінгі (1949) жылмен салыстырғанда 3 есе (әрбір 1000 адамға 2,3 төсек) артты.
Ана мен бала денсаулығын сақтау мекемелері 22,2 есе, ал санэпидемиялық мекемелер 3,3 есе артты. Кореяда 1964 ж. аурухана және емхана 5,3 мың, ал төсек саны 51,1 мыңға жетті. СССР кемек ретінде 600 төсектік және 23 поликлиникалық кабинеттері бар госпиталь салып берді. 1967 ж. елде 22,1 мың дәрігер және фельдшерлер (380 тұрғынға 1 дәрігер) болды. Дәрігерлерді 3 медицина институт және әскери медицина академия, ал орта білімді медицина қызметкерлерді 7 техникум, 12 акушерлік мектеп және 58 медсестралар мектебі дайындайды.
Оқу-ағарту ісі. Жапон оккупациясы кезінде оқу-ағарту ісіне шек қойылып, Корея халқының мәдениетін жою саясаты жүргізілді. Мектептерде оқу жапон тілінде жүрді, Кореяның тарихы мен географиясын оқытуға тыйым салынды. 1945 жылы Солтүстік Кореяда 2 млн. 300 мың адам сауатсыз болды. Арнаулы орта және жоғары оқу орындары болмады.
Корея азаттық алғаннан (1945) кейін, бұрыңғы ескі мектептер таратылды. Олардың орнына жаңа - 4 жылдық халықтық мектептер ашылып, сабақ жаңа программа бойынша, өздерінің ана тілінде жүретін болды.
1948 ж. КХДР үкіметі 1950 жылдан бастап жалпыға бірдей 4 жылдық бастауыш білім жүйесін енгізу туралы қаулы қабылдады. 1950-1953 ж. соғыстың кесірінен ол қаулы тек 1956-1957 оқу жылында жүзеге асырылды. 1958 жылдың сәуірінен бастап оқу орындарының бәрінде оқу ақысыз. 1958-1959 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті 7 жылдық оқу жүйесі енгізілді. Халық ағарту жүйесін қайта құру жөніндегі 1959 жылғы заң бойынша оқу мерзімі бастауыш мектепте 4 жыл, орталау мектепте 3 жыл, техникалық мектепте 2 жыл. 7 жылдық мектепті бітіргендер техникалық мектептерге түседі. Жоғары техникалық мектеп жалпы орта және арнаулы орта білім береді. Оны бітіргендер техник мамандығын алады және жоғары оқу орындарына түсуге праволы.
1967-1968 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті 9 жылдық оқу жүйесі енгізілді. Осыған орай халық ағарту жүйесінде біраз өзгерістер болды: 3 жылдық орталау мектеп 2 жылдық техникалық мектеппен біріктіріліп, 5 жылдық орта мектеп, яғни 1-басқыш орта мектеп болды. Ал, 2-басқыш орта мектепте оқу мерзімі 2 жыл, ол толық орта білім береді және жоғары оқу орындарына түсуге әзірлейді. 1967 ж. КХДР-де 4064 бастауыш, 3335 орта, 467 жоғары техникалық мектеп болды. 1961-1970 ж. 376 техникалық мектеп ашылды. 1970 ж. оқудың барлық түріне 3 млн-га жуық адам қамтылды. 1973 ж. сәуірде жалпыға бірдей міндетті 10 жылдық білім және 1 жылдық мектепке дейінгі тәрбие беру туралы заң қабылданды.
КХДР тұңғыш жоғары оқу орны - Пхеньяндағы Ким Ир Сен атындағы мемлекеттік университет 1946 ж. ашылды (1970-1971 оқу жылында онда 16 мың студент оқыды). 1970 ж. 129 жоғары оқу орны болды. Ең ірі жоғары оқу орындары: Ким Ир Сен атындағы мемлекеттік университет, Ким Чхэк атындағы политехникалық институт, Хыннам политехникалық институты, Вонсан ауыл шаруашылығы институты.
Пхеньянда мемлекеттік орталық кітапхана (1945 ж. құрылған; кітап қоры 1,5 млн. дана), КХДР ҒА-ның кітапханасы (1952 ж.; 2 млн. данаға жуық), Орталық тарихи музей (1928 ж.), Корей революция музейі (1948 ж.), Азаттық күресі орталық музейі (1953 ж.), Этнография музейі (1956 ж.), Орталық әсемдік өнер музейі (1954 ж.) бар.
Ғылым және ғылыми мекемелері. КХДР-де (1948 жылдан кейін) жаратылыс тану және техникалық ғылымдар саласында бірнеше ғылыми мекемелер құрылды. Олар - Орталық химия институты, Орталық тау-кен өнеркәсіптік институты, Мемлекеттік мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты, 1952 ж. Корея Ғылым академиясы ашылып, одан 1956 ж. Ауыл шаруашылығы ғылымдар ғылыми-зерттеу институты бөлініп шықты. Осы институт базасында 1963 ж. Ауыл шаруашылық ҒА құрылды. 1963 ж. Медицина ҒА (қарамағында 10 ғылыми-зерттеу институт бар) ұйымдастырылды. 1964 ж. ҒА-нан Қоғамдық ғылымдар академиясы бөлініп шықты (оның қарамағында 8 ғылыми-зерттеу институты бар, 1970). Сондай-ақ Орман Академиясы, радиоэлектроника, автоматика, ядролық техникалық саласында бірнеше ғылыми-зерттеу институттары мен лабораториялар бар. Кореяда ғылыми мекемелер өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс іетейді. Ірі кәсіпорындарында ҒА институттарының лабораториялары бар. Кореяның ғылым саласындағы жетістіктері шетелдерге де танылыл отыр. Корея академиктері Ли Сын Ги (химик) мен Пэк Нам Ун (тарих) - СССР ҒА-ның шетелдік мүшелері.
КХДР-дің мерзімдік ғылыми басылымдары: «Чаен квахак», «Квахак сеге», «Тэджун квахак» т. б.
Философия. 1960 ж. Корея философиясының тарихы (Чон Джин Сок, Чон Сон Чхоль, Ким Чхан Вон) және жалпы философия тарихы бойынша да еңбектер басылып шықты. Тарихи материализм мәселелері Ким Ир Сен еңбектерінде зерттелуде. Философияны зерттеу орталықтары: Ким Ир Сен атындағы мемлекекттік университет, Қоғамдық ғылымдар академиясы (1964 ж. құрылған). Баспа органдары - «Чхорджак енгу» (Пхеньян, 1962-1967). Философия еңбектер «Кын-ноджа» (Пхеньян, 1952 жылдан бастап) журналдарында басылады.
Тарих ғылымы. Тарихшылар негізінен Корея тарихының басты мәселелеріне: Кореяның әлеуметтік-экономикалық дамуына т.б. көңіл аударды. Қазіргі тарихнамада ұлт-азаттық қозғалысы, коммунистердің басшылығымен корей халқының жапондарға қарсы қарулы күресі, жұмысшы табының қалыптасу процесі, КЕП тарихы, аграрлық-шаруа мәселесі, жұмысшы табы мен шаруалардың одағы, корей халқының 1950-1953 жылдардағы Отанды азат ету соғысының тарихы, социалистік құрылыс т.б. Ғалымдар Оңтүстік Кореяның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын зерттеуге маңызды орын береді. Елдің Солтүстігі мен Оңтүстігін қосумен байланысты мәселеге ерекше орын береді. Кореяның ежелгі тарихы (1951), орта ғасыр тарихы (1954) жайында, Кореяның 2 томдық тарихы (1556-1958) сияқты күрделі еңбектер шығарылды. 1952 ж. КХДР ҒА тарих институты құрылды (1964 жылдан Қоғамдық ғылымдар академиясының жүйесіне енгізілді, баспа органы - «Ёксе квахак» журналы шығарылды 1955-1967 ж.). Корея тарихын зерттеуде Ким Ир Сен атындағы Мемлекеттік университет, Тарихи музейі, Корей революциясы музейі зор үлес қосады.
Экономика ғылымы. КХДР-де социализмнің саяси экономикасына, әсіресе социализмнің материалдық-техник базасын құру тәсілі мен жолдарын зерттеуге зор көңіл бөліп отыр. Бұл мәселелер Ким Ир Сеннің еңбектерінде, сондай-ақ Ким Чхоль Сик, Ли Мён Со, Ким Сан Хак, Ан Гван т. б. экономистердің еңбектерінде зерттеліп отыр. Аграрлық мәселелер кооперативтік меншіктің дамып нығаюы, оның жалпы халықтық меншікке жақындау жолдары, ауыл шаруашылығын басқаруды арттыру т.б. зерттелуде. Экономика ғылымын зерттеу жұмысымен бірқатар салалық академия және комплексті ғылыми институттар шұғылданады. Басты орталығы - Қоғамдық ғылымдар академиясының институты, баспа органы - «Кёндже ёнгу» (60 ж. шығады).
Тіл білімі. Ғалымдардың күш-жігері қазіргі корей тілін қалыпқа түсіруге және демократияландыруға бағытталып келеді. Корей тіл білімінің сан алуан проблемалары бойынша еңбектер шығарылды.
1964 ж. КХДР Қоғамдық ғылымдар академиясының Тіл білімі институты, Корея лингвистикалық қоғамы және Корей тілін реттеу жөнінде комиссия құрылды.
Баспасөзі, радиохабары және телевизиясы. КХДР-де корей, ағылшын, француз, испан, жапон, орыс және қытай тілдерінде 20-дан астам газет пен журнал шығады (1973). Негізгі күнделікті газеттері: «Нодон синмун» («Еңбек газеті», 1945 жылдан) - Корея еңбек партиясы ОК органы, «Минджу Чосон» («Демократиялық Корея», 1945 ж.), «Тхоньиль синбо» («Бірлестік жаңалықтары», 1972 ж.), «Пхеньян синмун» («Пхеньян газеті», 1957 ж.), «Нодон чхоннён» («Еңбекші жастар», 1946 ж.) - Корея социалистік еңбекші жастар одағы ОК органы, «Пхеньян таймс» («Пхеньян уақыты», 1965 ж., ағылшын тілінде), «Нувель де Пхеньян» («Пхеньян жаңалықтары», 1971 ж., француз тілінде). Теориялық және саяси журналы: «Кынноджа» («Еңбекші», 1946 ж.) - Корея еңбек партиясы ОК органы.
Корея орталық телеграф агенттігі 1946 ж. құрылған. Радиохабар корей, орыс, ағылшын, француз, испан, жапон, қытай тілдерінде беріледі. 1967 жылдан Пхеньянда телеорталық жұмыс істейді.
Әдебиеті. 1945 жылдан бастап Солтүстік Кореяда (1948 жылдан КХДР) корей прогрессивтік, әсіресе пролетариат әдебиетінің ежелгі дәстүрлерін жалғастыратын социалистік әдебиет қалыптаса бастады. 1946 ж. корей жазушылары Солтүстік Корея әдебиеті мен өнері қайраткерлерінің ассоциациясына бірікті. Барлық әдеби жанрлардың өркендеуі байқалады. Аға буын ақындар Пак Пхар Ян, Мин Бён Гюн, Пак Се Ён және т. б. бірге кейінгі толқын жас жазушылар өз творчествосына жаңа өмірді арқау етті. Чо Ги Чхон 30 жылдардағы партизандар қозғалысын бейнелеп «Пэктусан тауы» (1947) атты эпикалық дастан жазды. Деревнядағы демократиялық өзгерістер Чхве Мен Ик, Чхон, Се Бонның өңгімелері мен очерктеріне, Ли Ги Еннің «Жер» (1948-1960) романына өзек болды. 1950-1953 жылдардағы Отанды азат ету соғысы қаһармандық пен патриоттық тақырыптағы шығармаларды тудырды. Ким Са Ряннің жауынгерлік публицистикасы, Хван Гон, Юн Се Джун, Чхон Се Бонның әңгімелері, Чо Ги Чхон, Пак Пхар Ян мен Мин Бен Гюннің майдан жырлары осы тақырыпқа қосылған елеулі үлес еді. 1953 ж. Корея Жазушылар одағы құрылды. Соғыстан кейінгі жылдары поэзияға Ли Хо Иль, Пэк Ин Джун, ал прозаға Юн Се Джун, Чхон Се Бон, Ом Хын Соп т. б. жазушылар қосылды. 60 жылдары ірі тарихи полотнолар жарық көрді. Олар: Ли Ги Ённің «Туманган өзені» (1954-1961), Пак Се Еннің «Тайга тарихы» (1962). Им Чхун Чхудің «Жас гвардия» (1963-1966) және т. б. шығармалары еді. 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың бас кезіндегі әдебиетте КЕП-нің ұйымдастырушылық ролі, социалистік құрылыстың табысы, Отанды біріктіру мәселелері әңгімеленеді. Антиимпериалистік тақырыпқа баса назар аударылуда. Ли Ги Еннің «Жер» романы (1957), Хан Сер Яның «Ымырт» атты шығармасы (1961) қазақ тілінде шықты.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері. КХДР құрылып (1948), 1950-1953 ж. соғыс аяқталған соң тұрғын және өнеркәсіп аудандарын ұтымды орналастыру, қаланы көріктендіру, көгалдандыру әрі мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерімен қамтамасыз ету мақсатында қала құрылысын жаңа жоспармен салу қолға алынды. 1945-1953 ж. Пхеньянның бас жоспары жасалды. Хамхын, Вонсан, Саривон.
Кэсон, Нампхо қалаларын қалпына келтіру және қайта салу жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстар, ауруханалар, мектептер, мәдениет сарайлары мен кинотеатрлар көптеп салына бастады. Құрылыс ісіне корей архитекторларымен (Ким Джон Хи, Ли Хён, Пак Ик Хван, Син Сун Гён) бірге шетел мамандары да қатысты. 1950 жылдар мен 1960 жылдардың бас кезінде қоғамдық үйлер архитектурасында орта ғасырлық корей сәулет өнерінің озат үлгілерін ұтымды пайдалану (Пхеньянның Улкен театры, 1960) басым болды. 60 жылдардың 2-жартысынан бастап жаңа құрылыс материалдары мен конструкциялар кеңінен қолданыла бастады. Тұрғын уйлерді жүйелі жобамен (көп этажды мұнара іспеттес үйлер т.б.) ұлттық ерекшелікті сақтай отырып салу өріс алды. Құрамында бейнелеу өнері қайраткерлерінің Одағы бар 1946 ж. құрылған Солтүстік Кореяның Әдебиет пен өнер қайраткерлерінің ассоциациясы көркем өнердегі ұлттық дәстүрлердің қайта жаңғырып, кеңінен дамуына үлкен ықпал жасады. 1950-1953 ж. соғыс кезінде үгіт листовкалары, плакаттар шығарылды. Кескіндемені тушь және сулы бояумен салу саласында Ли Чхон, Чхве Гён Гын сынды суретшілер еңбек етуде. Олар өз туындыларына замандастар еңбегін арқау етумен бірге, дәстүрлі тақырыптарға (мыс., «гүл-қүс» жанры) қалам тартуда. Көбіне европа мен шығыс өнері өзара үйлесім танқан графика (иллюстраңия, эстамп, плакат), қондырғылы және монументті мүсін өнері өрістеуде. Ежелгі дәстүрлер сән және қосалқы өнерден де (көзешілік, ағаш пен сүйекке ою-өрнек салу; бамбук пен шөп талшықтарынан тоқыма тоқу, сондай-ақ лак бұйымдарын жасау) көрініс тауып отыр.
1953 ж. Пхеньянда Корей Суретшілер одағы, 1954 ж. Архитекторлар одағы құрылды.
Музыкасы. Корея азат етілген соң (1945) музыка өнерінің барлық түрлерінің дамуына жағдай жасалды. Алғашқы жылдары көпшілік әндері кеңінен өріс алды. Халық әндеріне көп көңіл бөлінін, оны өндеуге профессионал музыканттар Хван Хак Кын («Попсонпхо бухтасы балықшыларының әні»), Ким Дже Сон («Қыз әні», «Көкек») ат салысты. 1946 ж. музыканттар бірлестігі құрылып, кейіннен Солтүстік Кореяның Әдебиет пен өнер қайраткерлерінің ассоциациясына қосылды. Ірі қалаларда музыкалық оқу орындары ашылып (Пхеньян консерваториясы, 1949), концерт залдары, музыкалық театрлары жұмыс істей бастады. Музыкалық театрында жетекші екі жанр - чхангык (халық музыкалық драмасы) пен кагык (қазіргі опера) дамыды. Кагыктың қалыптасуы композиторлар Ли Мён Сан мен Хван Хак Кынның есімімен тығыз байланысты. 1947-1949 ж. Пхеньянда Мемлекеттік көркем халық театры және Мемлекеттік көркем театр, сондай-ақ барлық провинцияларда музыкалық-драма труппалары жұмыс істеді. Отанды азат ету соғысы кезінде де (1950-1953) Пхеньяндағы Мемлекеттік көркем театр өз жұмысын тоқтатқан жоқ (спектакльдер Моранбон тауының жер асты залында қойылды). Келісім жасалғаннан кейін республикада музыкалық мәдениетін қалпына келтіру және онан әрі дамыту саласында жүйелі жұмыстар жүргізілді. 1953 ж. КХДР Композиторлар одағы құрылды. 1955 жылдың қарсаңында Пхеньянда жаңа үлгідегі театр мен концерт залдары салынды. Сол жылы филармония, үлкен симфоникалық оркестр және т.б. музыкалық коллективтер құрылды. Корея музыкалық өмірінде корей халық аспаптары оркестрі, Корей халық армиясының Ән-би ансамблі елеулі орын алады.
1946 ж. Пхеньянда құрылған балет студиясы (1952 жылдан - мемлекеттік балет студиясы) жоғары жетістіктерге жетті.
Театры. Бостандық алғаннан соң (1945) корей реалистік театрының қалыптасуына ұлттық драма туындыларының қойылуы үлкен әсер етті. 1947-1949 ж. Пхеньянда Мемлекеттік драма театры, Мемлекеттік көркем халық театры (қазіргі Пхеньян қалалық театры) ашылды. Сол жылдары Транспорт министрлігі, Ішкі істер минстрлілігі, Корей халық армиясы жанынан труппалар жұмыс істей бастады. Бұл театрлардың спектакльдерінде социалистік елдер театрларының озат тәжірибелері орын алып, жапон билігі кезінде етек ала бастаған буржуазиялық тенденциялар жойылды. Театр қалың бұқараның социалистік құрылысқа қатысуын көрсетуді мақсат тұтты.
1950-1953 ж. КХДР театрлары өз жұмыстарын қайта ұйымдастырды. Труппалар бригадаларға бөлініп, майдап мен тылда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 50 жылдардың аяғында жаңа өсу жолдарын іздестірді. 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басында тарихи тақырыппен қатар жапондардың отарлық езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысты суреттейтін пьесалар қойылды.
Киносы. Корея азаттық алған соң (1945) кинематографияның дамуына жағдай туды. Киностудия құрылып (1947, 1948 жылдан Мемлекеттік), соның негізінде көркем және документті фильмдер киностудиялары ашылды (1958). 1949 ж. тұңғыш толық метражды көркем фильм («Менің Отаным») шығарылды. Отан соғысы кезінде (1950-1953) «Жас партизандар» (1951), «Туған жерді қорғаушылар» (1952) және т.б. фильмдер түсірілді. Соғыс кезінде қираған киностудияны қалпына келтірген соң кинокартиналар көптеп шығарыла бастады. «Садосон бекінісі туралы аңыз», «Пэктусан алыстан көрінеді» (екеуі де 1956), «Феникс» фпльмдері корей кинематографиясының жоғары жетістігі саналады. 1957 ж. түрлі түсті «Ағайындылар» (реж. И.В. Лукинский мен Чхон Сан Ин кинофильмі түсірілді. Балаларға арналған киноленталар шығарыла бастады. 1959 ж. Пхеньянның театр және кино институты ашылды. 1961 ж. Корей Кинематографистерінің одағы құрылды. 1971 ж. 40 көркем фильм түсірілді. 5 киностудия жұмыс істейді (1972).
Жарияланған-2019-08-16 10:37:04 Қаралды-4061
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану