УКРАИНА - Совет Одағының суверенді республикасы 1917 жылдың 12(25) желтоқсанда құрылған. Польшамен, Чехия, Словениямен, Венгриямен және Румыниямен шектеседі. Оңтүстік жағалауын Қара және Азов теңіздері шаяды. Белоруссиямен, Ресеймен, Молдавиямен уласып жатыр. Жері 603,7 мың км2. Халқы 44,83 млн. (2017). Астанасы - Киев қаласы. Әкімшілік жағынан 25 облысқа, 477 ауданға және 8561 селоға бө- лінеді; 394 қаласы және 896 қ. т. поселкесі бар.
Киев – Украина астанасы (1934 жылдан), қала, аса ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі; Киев облысының орталығы. Днепрдің орта ағысында, осы өзеннің табиғаты көрікті жағасында орналасқан. Киев - халқының саны 2018 ж. оның халқы 2,8 млн. жетті. Киевте қалалық 10 аудан бар.
Тарихы. Адамзат қазіргі Киев тұрған жерді кейінгі палеолит дәуірінен мекендеген. Біздіңзаманымыздың 1-мыңыншы жылдары Киевтің орнында ежелгі славян тайпаларының мекендері болған. К. б. з. 6-7 ғасырда орнаған. «Киев» атауы оны орнатты дейтін аңыз қаһарманы Кидің атына байланысты шыққанделінеді.
860 жылы Русьтің Византияға жасаған жорығына байланысты орыс жылнамаларында алғаш рет Киевтің аты аталады. Киев «Варягтан грекке», Европадан Азияға, Донға баратын маңызды сауда жолында тұрды. 882 ж. Киевті князь Олег алды, содан 1132 жылға дейін Киев Русі князьдығының саяси, мәдени, сауда орталығы болды. 1240 жылыжелтоқсанда Батый ханның әскері алған Киевті Алтын Орда биледі. 1362 жылы Литваның ұлы князьдығы құрамына кірді. Люблин униясы бойынша 1569 жылы КиевПольшаға берілді. Украин халқының 16-17 ғасырдағы азаттық күрестеріне Киев тұрғындары белсене қатысты. 1654 жылы Россияға қосылды. Сол жылдан Россия құрамында Киев воеводствосының, 1708 жылдан Киев губерниясының орталығы. 17 ғасырдың 2-жартысында Польшаның, Қырым хандығының шабуылына ұшырады. Осы кезде бекіністер салынды, 18 ғасырда алғашқы ірі өнеркәсіп орындары пайда болды. 1821 жылдан декабристердің Оңтүстік Одағының мәжілістері жыл сайын осында өтіп тұрды. 1845-1847 ж. Кирилл-Мефодий қоғамы жұмыс істеді. 1889 ж. тұңғыш с.-д. үйірме құрылды. 1894 ж. бірінші маевка етті. 1897 ж. Киев «Жұмысшы табын азат егу жолындағы күрес одағы» ұйымдасты. Лениндік «Искра» газеті таратылды. 1901-1902 ж. стачкалар мен саяси ереуілдер болды. 1905-1907 жылғы революциялық кезінде Киев Украинадағы революциялық қозғалыс орталықтарының біріне айналды. 1917 ж. буржуа- ұлтшылдар Киевте контрреволюциялық Орталық раданы құрды. 1917-1918 жж. Киев қарулы көтерілістері болды. 1918 ж. 26 қаңтарда (8 ақпанда) Қызыл Армия Киевті босатты. 1918 ж. 1 наурызда оны герман басқыншылары басып алды. 18 желтоқсанда Киевте Петлюраның Директориясы орнады. 1919 ж. Деникиннің қолында болды. Сол жылы 16 желтоқсанда Қызыл Армия оны ақтардан азат етті. 1920 ж. 6 мамырда Польша әскерлері Киевті уақытша басып алды, 12 маусымда қайта азат етілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Киев1941 жылғы 20 қыркүйектен 1943 жылғы 6 қарашаға дейін оккупацияда қалды. 2,5 ай бойы ерлікпен қорғанды. Жау тылында астыртын ұйымдар күрес жүргізді.
Экономикасы. Совет өкіметі тұсында Киев өнеркәсіптің алуан саласы дамыған аса ірі индустриялы орталыққа айналды. Неміс-фашист басқыншыларының (1941-1943) қалаға келтірген орасан зор зияны өте қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Энергетика шаруашылығының қуаты едәуір арттырылды, жаңа кәсіпорындар салынды, өнеркәсіптің жаңа салалары - химия, электротехника т. б. салалары пайда болды. 1972 ж. қара металл өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылғыдан 16 есе артты. Өнеркәсібінің басты салалары: машина жасау және металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Химия, құрылыс материалдары, прибор жасау, станок жасау өнеркәсібі т.б. салалар едәуір өркендеген. Соғыстан кейін қалада самолет жасау өнеркәсібі дамыды. Ірі кәсіпорындары: «Укркабель», «Точэлектроприбор», «Большевик» з-дтары, Горький атындағы автомат-станок з-ды, «Красный экскаватор», «Стройдормаш» з-дтары, «Ленинская кузница» кеме верфі, «Красный резинщик», «Вулкан» з-дтары, құрылыс индустриясы комбинаты, керамикалық блоктар з-ды, Киев жібек комбинаты, Горький атындағы «Украина» тігін фабрикалары, Роза Люксембург атындағы трикотаж фабрикасы т. б. Киевтің іргесінде Киев СЭС-і жұмыс істейді (бөгені бар; ұзындығы 110 км, ені 15 км).Қала газды Харьков обл. мен Карпат маңынан алады.
Соғыстан кейінгі дәуірде калада тұрғын үй құрылысы кең өрістетілді. 1972 жылдың басында Киевтің тұрғын үй қоры 22,4 млн. кв2-ге жетті, мұның 79%-і 1946-1971 жылдарда салынған. Киев - елімізде өте жақсы көгалдандырылған қалалардың бірі; 49 мың гаорман алқабы бар; қала шетіндегі табиғи және жасанды су айдындарының жалпы аумағы 5,5 мың га. Метрополитен бар. Киев қала іргесіндегі ауыл шаруашылық дамыған аудандардың экономикалық және мәдени жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді.
Архитектурасы. Киев 10 ғасырда Жоғарғы (Ескі Киев) және Төменгі (Подол) қала болып екіге бөлінді. 11 ғасырда қамал-қабырғамен қоршалған. Жоғарғы Киевтің композициялық кіндігі Эулие Софияның соборы (1037, 17 ғасырда қайта салынған; фрескасы мен мозаикасы 11 ғасырдан қалған) болды, Киев-Печер лаврасы және Выдубицкий монастыры (Михайлов шіркеуі, 1070-1788) сияқты алғашқы ірі құрылыстар салынды (қазір сол кездегі «Алтын қақпаның» кейбір фрагменттері ғана сақталған). 11 ғасырдың аяғы мен 12 ғасырдың басында Брестовтағы Спас (1640-1643 ж. жөнделген) және Кириллов (18 ғасырда жөнделген) шіркеулері ірге көтерді. 13-16 ғасырда баяу қарқынмен дамыған Киев құрылысы 17 ғасырда кең қанат жайды, Никола Притиска (1631), Ильин (1692) шіркеулері сап түзеді. 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырда украин және орыс бароккосының стилінде құрылыс салу ісі өрістеді (Георгиев, Вознесения, Фролов шіркеулері т.б. және Кловский сарайлары). 19 ғасырдың 1-жартысында классицизм стиліндегі ғимараттар (магдебург еркіндігі құрметіне қойылған монумент, Аскольдов қорымындағы шіркеу-ротонда т.б.) көбейіп, қала салу ісі біршама алға басты Крещатик бас магистралы салынды; каланың орталық бөлігінің бас жоспары жасалды). 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Киевте стихиялы түрде әр түрлі стильдерге еліктеген, аклектикалык ғимараттар бой көтерді (Владимир соборы, Украин бейнелеу өнері музейі, опера театры, мемлекеттік банк үйі т.б.). Князь Владимир (қола, 1853, мүсіншілер В.И.Демут-Малиновский, П.К.Клодт, архитектура К.А.Тон) мен Богдан Хмельницкийдің (қола, гранит, 1370-1388, мүсіншісі М.О.Микешин) тікерткіштері орнатылды.
Совет өкіметі тұсында Киевті көркейту мақсатында қызу құрылыстар жүргізілді. 1938-1940 жылдары қаланың бас жоспары жасалды. Қоғамдық ірі ғимараттар, тұрғын үйлер тұрғызылды (темір жол вокзалы, 1927-1933, архитектор А.М.Верицкий; УССР Министр Советінің үйі, 1934-1938, архитектор И.А.Фомин, П.В.Абросимов; УССР Жоғары Советінің үйі, 1936-1939, архитектор В. И. Заболотный; республикалық орталық стадион, 1936-1946, арх. М.И.Гречина; Т.Г.Шевченко ескерткіші, 1938, мүсінші М.Г.Манизер, арх. Е.А.Левинсон). Ұлы Отан соғысы кезінде Киев үлкен бүліншілікке ұшырады. Соғыстан кейінгі жылдары бүлінген құрылыстар қалпына келтіріліп, Киев аймағы кеңейтідді. 1945-1947 жылдар бас жоспар бойынша Крещатиктің жаңа архитектура ансамблі салынды (1947-1954; арх. А.В.Власов, А.В.Добровольский, В.Д.Елизаров, Б.И.Приймак, А.И.Малиновский). 1959 жылдан бастап Киевті көркейту ісі жедел қолға алынды. Оның аймағы кеңіп, жаңа тұрғын үйлер саны артты (Чоколовка, Сырец, Русановка т.б.). 1960-1963 жыл метрополитеннің алғашқы кезектегі «Крещатик» және «Политехникалық институт» станциялары іске қосылды. Спорт сарайы (1958-1960, арх. М.И.Гречина, И.Заваров, инж. В.И.Репьях), «Днепр» қонақ үйі (1964, арх. Д. Елияаров т. б), Пионерлер сарайы (1965, арх. А.М.Милецкий, У.А.Бильский, мүсінші В.З.Бородай), Бориспольдағы аэровокзал (1966, арх. А. В. Добровольский т.б.), «Украина» мәдениет сарайы (1970, арх. Е.А.Маринченко, И.Г.Вайнер, П.Н.Жилицкий) ірге көтерді. В.И.Ленинге (гранит, лабрадор, 1946, мүсінші С.Д.Меркулов), Н.А.Щорсқа (қола гранит, 1954, мүсіншілер М.Г.Лысенко, В.З.Бородай т. б.), Мәңгі даңқ бағында жауынгер батырларға (гранит, 1957, арх. А.М.Милецкий және т.б.), А.С. Пушкинге (қола, лабродарит, 1962, мүсінші А.А.Ковалев), чекистерге (гранит, 1967, мүсінші В.З.Бородай) ескерткіштер орнатылды. 1969 ж. Киевті көркейте түсудің бас жоспары (Б. И. Приймак, В. Н. Гречина, Г. М. Слуцкий, инж. С. П. Бронштейн г. б.) бекітілді.
Мәдени құрылысы. Киевте ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми мекемелердің көпшілігі орналасқан. 1971/72 оқу жылында қаладағы 18 жоғары оқу орнында 136 мың студент, 39 орта дәрежелі оқу орнында 56,4 мың, жалпы білім беретін 298 мектепте 239 мың оқушы болды.
1970 ж. 635 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде 96,3 мың бала тәрбиеленді.
1972 жылдың 1 қаңтарына Киевте 222 көпшілік кітапхана (7903 мың кітап пен журнал бар), аса ірі кітапханалар, 15 музей, 7 театр (Т.Г.Шевченко атынд. Академиялық опера және балет театры, И.Франко атынд. украин Академиялық драма театры, Леся Украинка атынд. орыс драма театры т. б.), 91 клуб, 133 тұрақты киноқондырғы, 9 пионерлер сарайы және үйі, 9 спорт мектебі т. б. жұмыс істеді.
Киевте республикалық «Політвидав» (Саяси баспа), «Радянська Украіна» («Советтік Украина»), «Дніпро», «Весёлка» («ІПұғыла») және басқа баспалар, республика телеграф агенттігі РАТАУ, республика радио мен телевизия, телеорталық орналасқан. 1971 ж. 18 республикалық газет. 95 журнал шықты. 1927 жылдан «Вечірній Киів» («Кешкі Киев») газеті шығады. 1972 жылдың басында 76 аурухана, 198 емхана, 79 әйелдер және балалар консультациясы жұмыс істеді; 24,1 мың төсектік (1000 адамға 13,6 төсек) аурухана және 14,1 мың дәрігер (125 адамға 1 дәрігерден) болды. Киевтің төңірегінде бірнеше климаттық курорт, 43 санаторий мен демалыс үйі орналаскан.
Табиғаты. Украина жері негізінен жазық. Шығыс Европа жазығының оңтүстік-батыс шетін алып жатыр. Оңтүстік жағында Қырым таулары және оңтүстік-батыс бөлігінде Украина Карпаты қалыптасқан. Жазық жерлері докембрийлік Орыс платформасының, таулы өңірлері Жерортатеңіздік геосинклиналь облысының қатпарлы белдеулерінің құрамына кіреді. Ең биік қыраты - Волынь-Подоль қыраты - республиканың батыс жағын ала, Оңтүстік Буг және Днестр аңғарлары аралығында орналасқан, биіктігі 472 м (Камула тауы). Украинаның орталығына таман Днепр маңы қыраты (биіктігі 320 м), оңтүстік-шығыс бөлігінде Донецк бұйраты (биіктігі 367 м) және Азов маңы қыраты (биіктігі 324 м), солтүстік-шығысында Орта Орыс қыратының солтүстік-шығыс сілемдері жатыр. Республиканың ең төмен жері оңтүстігіндегі Қара теңіз маңы ойпаты (биіктігі 10-150 м) өзен аңғарларымен, шағын жыралармен, теңіздік көлтабандармен өте қатты тілімделген. Украинаның ең биік өңірі - Украина Карпаты (Говерла тауы, 2061 м) қатарласа солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған бірнеше жоталардан құралады; антиклинальдық және синклинальдық құрылымдардан түзілген. Шыңдары мүжіліп тегістелген, беткейлері жылғалармен өте көп тілімделген. Украинаның қиыр оңтүстігіндегі Қырым тауларында карст құбылысы кеңінен тараған; биік жерлері - Роман-Кош (1545 м) және Эклизи-Бурун (1525 м) шыңдары.
Украина жер қойнауы тас және қоңыр көмірге (Донбасс, Львов-Волынь, Днепр маңы бассейндері), мұнайға (Карпат маңы, Днепрдің сол маңы), газға (Карпат маңы, Харьков, Полтава, Сумы, Чернигов облыстары), темір рудасына (Кривой Рог, Кременчуг, Керчь бассейндері, Запорожье облысындағы Белозер кені), марганец рудасына (Никополь, Үлкен Токмак), сынап рудасына (Донбасс, Карпат сырты), титан және никель рудаларына (Житомир, Днепропетровск, Кировоград облыстары), ас тұзына (Артемовск, Славянск, Солотвина кендері), калий тұзына (Калуш, Стебник кендері) өте бай. Каолин, отқа төзімді саз, фосфорит (Днестр маңы, Сумы обл.), күкірт (Львов обл.), графит (Кировоград обл.), боксит (Днепр обл.), құрылыс материалдары кен орындары бар. Сиваш көлінің суы химиялық минералдық шикізат болып табылады.
Климаты қоңыржай жылы, континенттік; Қырымның оңтүстік жағалауында субтропиктік. Қаңтардың орташа температурасы -7-8°С (солтүстік-шығысында) және 2-4°С (Қырымның оңтүстік жағалауында), шілдеде 18-19°С (солтүстік-батысында) және 23-24°С (оңтүстік-шығысында). Аязсыз маусым солтүстігінде 230, оңтүстік жағында 280 күнге созылады. Қыста солтүстік бөлігінде ылғалды батыс желдері, оңтүстігінде құрғақ және салқын солтүстік-шығыс, шығыс желдері басым соғады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300 (оңтүстік-шығысында) - 700 мм (солтүстік-батысында), Қырым тауларында 1000-1200 мм, Украина Карпатында 1200-1600 мм көпшілігі көктем және жаз айларында жауады.
Жер беті ағын сулары негізінен Қара және Азов теңіздері алаптарына, тек қиыр батыс бөлігінің ағыны ғана Балтық теңізіне жатады. Ірі су артериясы - Днепр ө. (Припять, Десна, Сула, Псел, Ворскла т.б. салаларымен) республика жерін солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Солтүстік Донец, Оңтүстік Буг, Днестр, Тисса өзендерінің Украина экономикасы үшін маңызы өте зор. Өнеркәсіпті аудандарын сумен қамтамасыз ету мақсатымен Солтүстік Донец - Донбасс, Днепр - Кривой Рог бөгендері, Днепр су қорын тиімді пайдалану және ағынын реттеу үшін Киев, Канев, Кременчуг, Днепродзержинск, Каховка бөгендері салынған. Республикада 3 мыңнан астам көл бар; ірілері - Свитязь, Сасық, Сак көлдері.
Украина топырақ жамылғысы зоналылық бойынша қалыптасқан. Полесье өңірінде күлгін, шымтезекті батпақты және шалғындық топырақ, орманды дала бөлігінде ормандық бозғылт, күлгін және шіріндісі аз қара, далалық зонасында қара, қоңыр каштан, Қара және Азов теңіздері жағалауларыңда сортаң топырақ, таулы Қырымда қоңыр және таулық шалғын топырақ, Қырымның оңтүстік жағалауында қызыл қоңыр, Карпатта ормандық қоңыр және таулық шалғын топырақ тараған.
Республика жері орманды. Солтүстік бөлігінде аралас орман (емен, қарағай, граб т. б.), орталық жағында жалпақ жапырақты, Қырым тауларының беткейлерінде шамшат, граб, қарағай, арша аралас, Карпат тауларында үйеңкі, шырша, самырсынды орман өседі. Таулы өңірінің 1500 метрден жоғарғы жағы шалғынды келеді. Көпшілік жерінің өңделуіне байланысты табиғи өсімдік жамылғысы негізінен сақталмаған.
Жануарлар дүниесінен Полесье орманында суыр, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, құстардан құр, саңырау құр, қарабауыр шіл, тоқылдақ т.б., Қырымда европалық бұғы, елік, Карпатта аю, қабан т.б. тараған. Өзен-көлдері балыққа (тұқы, табан балық, көксерке, шортан) бай. Азов және Қара теңіздерінен балық ауланады. Табиғи ортаны қорғау және кейбір жануарлар, өсімдік түрлерін сақтау-көбейту үшін Аскания-Ново (110 км2), Полесье (200 км2), Карпат (128 км2), Қара теңіз (638 км2) т. б. 9 қорық ұйымдастырылған.
Географиялық жағдайы мен орнына байланысты Украина жері 5 табиғи ауданға бөлінеді: аралас ормандық шағын зона (Полесье; респ. жерінің 20%-і) - ылғалды жылы климатты, орманды-батпақты жазық; орманды дала зонасы (Орта Украина; республикалық жерінің 35%-і) - құнарлы қара топырақты орманды жазық; дала зонасы (оңтүстіктегі теңіз жағалауы мен Қырым таулары етегіне дейін; Украина жерінің 40%-і) - қоңыржай климатты, қара топырақты жазық; Украина Карпаты - таулы, орманды-шалғынды өңір; Қырым таулары - жерортатеңіздік ландшафтылы, субтропиктік климатты аймақ.
Халқы. Тұрғындарының көпшілігі - украиндар (респ. халқының 74,9 %-іэ 1970); орыстар (19,4%), еврейлер (1,6%), белорустар (0,8%), поляктар 0,6%), молдавандар (0,6%), болгарлар (0,5%) т. б. халықтар өкілдері қоныстанған. Украиндар өсіресе Полтава, Киев, Чернигов, Черкассы, Винниңа, Сумы, Кировоград облыстарында басым тұрады. Халық өте тығыз қоныстанған. Орташа тығызд. 1 км2 жерге 81,3 адамнан келеді; әсіресе Донецк облысында (194,0 адамнан астам), Қырымның оңтүстік жағалауында халықтың тығыздығы өте жоғары. 1975 жылы республика халқының табиғи өсуі 5,1 адамға тең болды, яғни әрбір 1000 адамға шаққанда 45,1 бөбек дүниеге келді, 10,0 адам елді. 1976 жылдың басында халық шаруашылығында 18 321 мың адам еңбек етті, бұның ішінде өнеркәсіпте 6567 мың адам, ауыл шаруашылығында 1347 мың, транспорт пен байланыс мекемелерінде 1952 мың, құрылыста 1856, сауда, тамақтану орындарында 1719 мың, коммуналдық мекемелерде 708 мың, медицина, физкультура және әлеуметтік қамсыздандыру саласында 1138 мың, мәдени-ағарту мекемелеріңде 1614 мың, ғылыми мекемелерде 548 мың адам, қалғандары кредит, мемлекеттік басқару және кооперация мекемелерінде еңбек етті. Қала халқы 60% (29,4 млн. адам). Ірі қалалары (1976 ж., мың есебімен): Киев (2013), Харьков (1385), Одесса (1023), Донецк (967), Днепропетровск (976), Запорожье (760).
Тарихы. Украина жеріне алғашқы адамдардың қоныстануы ерте палеолит дәуірінен басталады. Мезолит кезеңінде тайпалар пайда болды, алғашқы қауымдың құрылыстың қалыптасу процесі аяқталды. Неолит тұсында көптеген жануарлар қолға үйретіліп, мал шаруашылығы және егіншілік өркендей бастады. Б. з. б. 2 мың жылдықтың аяғы мен 1 мың жылдықтың басында Буг пен Днепр жағалауында киммерий тайпалары қоныстанды. Б. з. б. 7 ғасырда Доннан көшпелі скифтер келіп, жергілікті тайпаларды бағындырды, өздері қоныстанды. Б. з. б. 1 мыңыншы жылдықтың ортасында скифтерде таптардың туу процесі жүріп, тайпалар одағы бірте-бірте құл иеленуші мемлекетке айналды. Б. з. б. 1 ғасырда Қара теңіздің Солтүстік жағалауы далаларын сарматтар жаулап алды. Б. з. б. 7-5 ғасырларда Қара теңіздің Солтүстік жағалауына гректер қоныстанып, бірқатар құл иеленуші мемлекеттерінің негізін қалады. Б. з. 1-2 ғасырларында бұл мемлекеттер Римнің билігінде болды да, 4 ғасырда оларды ғұндар қиратты. Б. з. б. 1 мыңыншы жылдықта Украинаның орманды далалар аймағына отырықшылықпен айналысқан егінші-малшы тайпалар қоныстанды, олар славяндардың ата-бабалары болып есептеледі. Б. з. б. 1 мың жылдықтың аяғы мен б. з. 1 мың жылдықтың басында Припять пен Орта Днепр өзендері бассейндерінен табылған археологиялық ескерткіштер славяндар өміріне тығыз байланысты, олар зарубинец мәдениетіне жатады. 4 ғасырда Днепр мен Днестр өзендер аралығында готтармен күресте анттардың шығыс славян тайпалар одағы құрылды. Аварлардың шабуылы нәтижесінде 6 ғасырдың аяғында бұл саяси бірлестік құлады. 9 ғасырдың 2-жартысында ірі шығыс-славяндар мемлекеттері - Киев, Новгород князьдықтары біртұтас ежелгі орыс мемлекеті - Киев Русіне бірікті; орталығы - Киев. Сол кезеңдегі Европадағы ірі мемлекет - Киев Русінің гүлденген шағы Владимир Святославич (980-1016 ж.ш.) пен Ярослав Мудрый (1019-1054) князьдарының тұсы болды. 12 ғасырдың ортасында феодалдық қатынастың дамуы, саяси және әкономикалық жағынан күшеюі нәтижесінде Киев Русі жеке князьдықтарға (Киев, Переяславль, Чернигов, Галицк, Волынь т.б.) бөлшектенді (Киев Русі). 1237-1240 жылдары ежелгі орыс жерлері Батый хан бастаған татар-монғол шапқыншылығына ұшырады және Алтын Ордаға тәуелді бояды. 14 ғасырдың 2-жартысында феодалдық Литва Русь тұрғындарының татар-монғол өзгісінен босануға тырысуын және Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Чернигов, Подолье, Киев пен Переяславль жерін, Шығыс Волыньды; 1349 жылы Польша Галицк жерін, 1377 жылы Батыс Волыньды, 14 ғасырда Бзцсовинаны басып алды. Венгр феодалдары Закарпатьені 11 ғасырда алып қойғанды. 14-15 ғасырларда ежелгі русь халықтары тегінен туысқан украин, орыс, белорус ұлттары қалыптасты. 15 ғасырдың аяғында Украинаға түріктер мен Қырым татарлары шабуыл бастады. Халық бұқарасының феодалдық-крепостнойлық және ұлттық езгіге, украин, поляк, литва феодалдарына, түрік-татар агрессиясына (басқыншылығына) қарсы күресі нәтижесінде Украинада казактар пайда болды. 16 ғасырда украиндық казактар Днепрдің төменгі жағында Запорожье Сечін құрды. 15 ғасырда бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің құрылуы украин, белорус халықтарының тарихында шешуші роль атқарды, ол жат жерліктердің езгісіне қарсы азаттық күресінің тірегіне айналды. 1569 ж. Польша мен Литваның бірігуін қорытындылаған Люблин униясынан (одағы) кейін Польша мен Литва басып алған жерлер Польшаның қол астына көшті (Люблин униясы). Украинаның көптеген жерін иеленген Польша феодалдары Украин халқын әлеуметтік, ұлттық және діни езгіге салды. 1596 ж. Бресте Украина мен Белоруссияның православие шіркеуін католиктермен қосуды жариялаған украиндық және белорустық діни феодалдар еңбекші бұқараның туысқан орыс халқымен байланысыя үзуді көздеді. 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың 1-жартысында поляк феодалдары мен жергілікті қанаушылардың билігіне қарсы бірқатар шаруа-казактардың көтерілісі бұрқ етті (И.И.Болотников бастаған шаруалар көтерілісі), Украин халқын азаттық күреске жұмылдырған Б. Хмельницкий бастаған соғыс (1648-54) Украинаның Россиямен қосылуына себепші болды, Польша феодалдары мен түрік сұлтандарының қанауынан құтқарды. Украина өз алдына саяси автономия құрды. 1708-1709 ж. Украинада швед басқыншыларына қарсы халық көтерілісінің қаулаған кезі болды. 1709 жылғы орыс әскерлерінің Полтава шайқасындағы жеңісіне украин казак полктері де үлес қосты. Сол жағалаудағы Украинаны қорғап қалды. Патша үкіметі Украинадағы казак старшинасын қолдап, бірте-бірте саяси автономияға шек қойды; 1764 ж. гетмандықты таратты, 1775 ж. Запорожье Сечі жойылды. 18 ғасырдың 80 жылдарында патша үкіметі Сол жағалаудағы Украинаға заңды түрде крепостниктік право енгізіп, саяси автопомияны біржолата жойды. 18 ғасырда орыс-түрік соғысының нәтижесінде оңтүстік Украина азат етіліп. Оң жағалаудағы Украина мен Батыс Волынь Россияға қосылды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысы Украинада феодалдық-крепостниктік системаның дағдарысқа ұшырап ыдырау, капитализмнің даму кезеңі болды. Россия мен Украинадағы ұлт-азаттық қозғалысының дамуына 1812 жылғы Отан соғысы әсер етті. 1845 жылдың аяғы мен 1846 жылдың басында Киевте құпия саяси ұйым - Кирилло-Мефодий қоғамы құрылды, бұған Т.Г.Шевченко басшылық етті. Феодалдық-крепостниктік құрылыстың ыдырауы, капиталистік қатынастардың дамуы, Қырым соғысындағы (1853-1856) жеңіліс, 1859-1861 жылдардағы революция жағдай орыс патшасын крепостнойлық правоны шаруалар реформасын (1861) жасауға мәжбүр етті. Шаруалар реформаның тонаушылық сипатына қарсы күресті. 1861 жылдың наурыз-сәуір айларында Украина 600-ден астам шаруалар күресі болды. В.И. Ленин ұйымдастырған Петербургтегі «Жумысшы табын азат ету жолындағы курес одағының» ықпалымен 1897 ж. Киевте, Екатеринославта (қазір Днепропетровск) «Күрес одағы» құрылды. Патша үкіметінің орыс-жапон соғысында (1904-1905) жеңілуі Россиядағы 1905-1907 жылғы революцияны тездетті. Москвадағы Декабрь қарулы көтерілісініц ықпалымен Горловкада, Александровскіде (қазіргі Запорожье) т.б. жерлерде қарулы көтерілістер бұрқ етті. 1905 жылғы шаруалар көтерілісі Украина уездерінің 46%-ін қамтыды. Революцияны тұншықтырғаннан кейін Столыпин реакциясы (1907-1910) басталды, ол 1910-1914 жылдардағы жаңа революция кезеңді туғызды. 1-дүние жүзілік соғыс (1914) нәтижесінде туған соғыс жағдайын патша үкіметі революциялық қозғалысты басып-жаншуға пайдаланды. Соғыс жұмысшы табы мен шаруаларды күйзеліске ұшыратты, тап тартысын шиеленістіре түсті және революция дағдарысқа әкеліп соқтырды. 1917 жылдың басында Россия және Украинада большевиктер партиясының басшылығымен революция қозғалыс өрши түсті, Февраль буржуазиялық-демократиялық революциясының (1917) нәтижесінде самодержавие құлатылды. Украинада қос үкімет орнады. Пролетарлық диктатурасы мен шаруалар органы - жұмысшы және солдат депутаттары советтерімен бірге, Орталық рада құрылды. Ұлтшыл буржуазияның бұл органы Уақытша үкіметтің бірден-бір контрреволюциялық лагеріне айналды. 1917 ж. маусымда Украина қалаларында петроградтықтарды қолдаған соғысқа қарсы жаппай демонстрациялар болды. Корниловшыларды талқандаған соң бүкіл еліміздегідей мұнда да Советтерді большевиктендіру жұмысы қолға алынды. Петроград Советтерінің «Өкімет билігі Советтерге берілсін!» деген шешімін Донбасс, Одесса, Киев, Чернигов қаласының Советтері де қолдады. 29-31 қазанда Киев жұмысшы-солдаттары Орталық раданы басып алды. 1917 ж. 4 желтоқсанда В.И.Ленин Украина халқының суверенитетін - өзін-өзі билеу правосын танитындығы туралы манифестке қол қойды. 1917 жылы желтоқсан 1918 жылы қаңтарда Екатеринослав пен Одессада Совет өкіметі орнады; Каледин бандасынан Донбасс азат етілді; Киевтен Орталық рада қуылды. Украина еңбекшілерінің жаумен шайқасына Москва мен Петроград қызыл гвардияшылары көмектесті. 1918 ж. ақпанда Орталық рада сатқындық жасап, Германия және Австрия-Венгриямен «келісімге» қол қойды, Украинаны оккупациялауға заңсыз право беріп, Советтік Россияны ауыр жағдайға душар етті. Австрия-герман империалистері 1918 жылдың мамыр – сәуірде Украинаны басып алды. Советтік Россия Брест бітіміне қол қоюға мәжбүр болды. Австрия-герман империалистері сәуірде қайта оралған Орталық раданы таратып, «гетман» Скоропадскийдің қуыршақ үкіметін құрды, ашықтан-ашық буржуазиялық-помещиктік диктатура орнатты. Украинада большевиктік ұйымдардың басшылығымен партизан қозғалысы өрістеді. 1918 ж. 13 қарашада Советтік Россия үкіметі Брест бітімінің күшін жойды. Басқыншыларды жаппай қуу басталды. Қуыршақ үкіметінің қашқанын пайдаланып Киевтегі өкімет билігін 14 желтоқсанда буржуазиялық-ұлтшыл Директория өз қолына алды. 1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Антанта әскерлері Одесса, Севастополь, Херсон, Николаевты басып алды. Совет әскерлері 1918 жылдың қаңтар-ақпанда Советтік Украинаны Директория әскерлерінен тазартып, наурыз-сәуір айларында басқыншыларды Оңтүстік Украинадан қуды. 1919 жылдың жазында генерал Деникиннің ақ гвардияшылар армиясы Украинаны түгел басып алды. 1919 жылдың желтоқсан мен 1920 жылдың ақпанында Қызыл Армия деникиншілерден Украинаны азат етті. Контрреволюция күшін талқандауда 1919 ж. маусымда құрылған Советтік республикалардың әскери-саяси одағы шешуші роль атқарды. Октябрьлық революциясының ықпалымен Батыс Украинада революциялық қозғалыс кең етек алды, Буковинадағы халық вечесі (1918 ж. қараша), Закарпаттағы бүкіл халықтық жиналысы (1919 ж. қаңтар.) Батыс Украина еңбекшілерінің Советтік Украинаға қосылуын жақтады. Шығыс Галиция еңбекшілері украин буржуазия-ұлтшылдарының 1918 ж. Львовта құрған Батыс Украина халық республикасы (БУХР) деген контрреволюция үкіметке қарсы күресті. БУХР укіметі 1919 жылғы Дрогобычск көтерілісін қаталдықпен тұншықтырды. Закарпат еңбекшілері 1919 жылғы Венгрия Социалистік революциясына қатысты. Буржуазиялық-помещиктік Польша әскері 1920 ж. сәуірде Украинаға кіріп, Киевті басып алды. Маусым айының басында Врангельдің ақ гвардияшылары Қырымнан шығып, Оңтүстік Украинаға шабуыл жасады, Донбассқа қауіп төндірді. Совет әскерлері маусымда қарсы шабуылға шығып, Киевті, Оң жағалаудағы Украинаны, Шығыс Галицияның біраз жерін поляк басқыншыларынан азат етті. 1921 ж. Польшамен келісім шартқа қол қойылды. Батыс Украина мен Батыс Белоруссия Польшаға қарады. 1920 ж. қарашада Қызыл Армия Қырымнан врангельшілерді қуды. Буржуазия-помещиктік Польша әскері мен врангельшілерден Украинаны азат етуге Қазақстанда құрылған әскери бөлімшелер де қатысты. Азамат соғысы жылдарында Украинада социалистік құрылыс жүріп жатты. 1918 ж. қарашада құрылған Уақытша Жұмысшы-Шаруа үкіметі 1919 ж. қаңтарда УССР Халкомсовы болып қайта құрылды. Украина халық шаруашылық Азамат соғысынан кейінгі күйзеліс жагдайында еді. 1924 ж. Украина құрамында Молдаван АССР-і құрылды. Алғашқы бесжылдықтарда Украина дамыған индустриялы-аграрлық республикаға айналды. Днепровск СЭС-і салынды, «Азовсталь», «Запорожсталь» металлургия з-дтары мен Харьков трактор з-ды, Краматорск ауыр машина жасау з-ды, индустрия алыптары іске қосылды. Ірі өнеркәсібі 1913 жылмен салыстырғанда 1940 ж. 10 есе өсті, сауатты республикаға айналды. Селода колхоз құрылысы дамыды, 1940 ж. 28 мыңнан астам колхоз, 229 совхоз, 1227 МТС болды. Ғылым, әдебиет пен өнер саласы дамыды. Социалистік құрылысты дамытуда социалистік жарыстың ролі күшті болды. 1935 ж. Донбасста өндіріс екпінділерінің қозғалысы өрістеп, озат шахтер А.Г.Стахановтың есімімен Стахановшылар деп аталды. Социализм құрылысы барысында украин халқы социал ұлт болып қалыптасты. 1939 ж. Польшаа пандары фашистік Германиядан жеңілгеннен кейін Совет үкіметі Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны өз қамқорлығына алып қорғады. Батыс Украина УССР-ге қосылды (1.11. 1939). СССР мен Румыния арасындағы қақтығыс қалыпқа келген соң (1940 ж. маусым), Советтік Буковина мен Измаильщина Украинаға қосылды. 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Украина территориясы кескілескен соғыстың аренасына айналды. Украин халқы СССР халықтарымен бірге Социал Отанды қорғауға аттанды. Қаһарман қалалар: Киев, Одесса, Севастопольдің ерлік қорғанысы жауды зор қырғынға ұшыратты. 1941 ж. Шығысқа миллион-даған адам, ірі өндіріс орындары, МТС, колхоз, совхоздар мен жоғары оқу орындары көшірілді. 52 кәсіпорын бауырлас Қазақстанға орналасты. 1942 ж. гитлершілер бүкіл Украинаны басып алды, қанды террор тәртібін орнатты: 4,5 млн. адам өлтірілді, 2 млн. адамды фашист каторгаға алып кетті. Жау қолында қалған Украина территориясында партизан қозғалысы өрістеді, астыртып партия ұйымдары жұмыс істеді. Партизан отрядтарында 62 ұлттың өкілдері, оның ішінде қазақтар да болды. 1943-1944 жылғы Совет әскерлері шабуылының нәтижесінде Украина фашист басқыншыларынан азат етілді. Днепр үшін шайқасқан 8-атқыштар дивизиясы мен 73-гвардия дивизиясы Қазақстанда құрылған болатын. Республика жерінде соғысқан қазақстандық жауынгерлер: Ақан Дұрманов, Жанғазы Молдағалиев, Ыдырыс Үргенішбаевтарға Совет Одағының Батыры атағы берілді. 2,5 млн-дай украин жауынгерлері ордендер және медальдармен наградталды, 2 мыңдай жауынгерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы қазанда Совет әскерлері азат еткен Закарпатье Украинаға қосылды. Украинаның халық шаруашылығын қалпына келтіруге бүкіл СССР халықтары көмектесті. Қазақстан еңбекшілері үлкен көмек көрсетті. Қарағанды шахтерлері Донбассты, Қазақстан теміржолшылары Оңтүстік және Оңтүстік Донецк темір жолын қамқорлыққа алды. Қазақстан колхозшылары Украинаға 500 мың мал жөнелтті. Советтік республикалардың көмегімен Украина әкономикасы мен мәдениеті дамыды. 1954 ж. Украинаның Россияға қосылуының 300 жылдығы мерекесі құрметіне Украина және оның астанасы Киев Ленин орденімен наградталды. РСФСР құрамындағы Қырым облысы Украинаға берілді.
Ғылыми мекемелері. Республиканың барлық облыс орталықтарында жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен олардың филиалдары, жобалау-конструкторлық ұйымдары бар. 1976 ж. Украинада 812 ғылыми мекеме, 475 мың ғылыми қызметкер болды. Республиканың ғылыми орталығы - Украинаның ҒА, ол 82 ғылыми мекемені біріктіреді. Академияда елімізде және шетелдерде танылған соны ғылыми мектептер мен бағыттар туып дамыды. Е.О.Патон атындағы кибернетика, А.А.Богомолец атындағы физиологиялық институтының аты дүние жүзіне белгілі. Ғылыми зерттеулер 146 жоғары оқу орындарының кафедралары мен лабораторияларында жүргізіледі.
Баспасөз, радио, телевизиясы. Украинада кітап басып шығару тарихы орыстың тұңғыш баспашы - ағартушысы И.Федоровтың Львовтағы жұмысынан басталады (16 ғасыр 2-жартысы). 17-18 ғасырда Украина территориясында бірнеше баспахана жұмыс істеді. Тұңғыш газеттері: «Львовская газета» (1776), «Харьковский еженедельник» (1812). 1913 жылы Украинада 172 газет шықты және жалпы тиражы 10,8 млн. дана кітап басылды. Алғашқы шыққан революция газеттер: Киевте - «Вперёд» (1896), Екатеринославта - «Рабочая газета» (1897). Киев, Николаев, Уманьда жұмыс істеген астыртын баспаханалар «Искраны» көбейтіп басып, Украинаға таратты.
Совет өкіметі жылдарында республика баспасөзі қауырт дамыды. 1940 ж. Украинада 4836 кітап (тиражы 51370 мың даңа), 1672 газет (тиражы 6916 мың дана) басылып шықты. Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда республика баспаларының полиграфия базасы нығайды. Киев, Харьков, Львов т.б. қалаларда ірі кітап, газет-журнал кәсіпорындары салынды. 1974 ж. Украинада 8814 кітап (жалпы тиражы 153,5 млн. дана), 512 журнал (жылдық тиражы 223,8 млн. дана) басылды, 2029 газет шықты. Республикалық газеттері - Украина Компартиясы органдары: «Радянська Украіна» (1918 жылдан), «Правда Украины» (1938 жылдан); Украина Компартиясының газеттері: «Робітнича газета» (1960 жылдан), Сільські вісті» (1920 жылдан). Украина Компартиясының журналдары: «Коммуніст Украіни» (1924 жылдан), «Під прапором ленінізму» (1941 жылдан).
Украина радио телеграф агенттігі (УРТА) 1922 жылдан жұмыс істейді.
Радиохабары 1924 жылдан, телехабары 1951 жылдан беріледі. Қазір республикада 15 телеорталық, 250-ден астам ретрансляция станция жұмыс істейді.
Әдебиеті. Украин халқының ауыз әдебиеті ерте кезден-ақ дамыған. Тұрмыс-салт жырлары, ертегілер және сықақ өлеңдер, мақалдар, мәтелдер, аңыз әңгімелер т. б. өріс алған. 10-11 ғасырларда ежелгі орыс елінің (орыс, украин, белоруссия халықтарына ортақ) тарихи тақырыпта шығарылған эпостық жырлар - былиналар кеңінен тарады. Киев Русі тұсындағы жазба әдебиеті 10 ғасыр аяғы мен 11 ғасырдың бас кезінен бастап дамыды. 11-13 ғасырларда негізінен аударма әдебиет (И.Златоуст, И.Дамаскин, Е.Сирин, К.Индикоплов т.б. туындылары) өріс алды. Сонымен бірге Киев Русінің төл әдебиетінің жекелеген нұсқалары да назар аударды. Алғашқы жазба ескерткіштер, шежірелік жылнамалар т.б. пайда болды. Олардың бастылары - Лаврентьев, Ипатьев т.б. жылнамалық ескерткіштер болып табылады. Украина әдебиетінің 12 ғасырдағы ең құнды әдеби шығармасы - «Игоръ жорығы туралы жыр» (1185-1187), татар-монғол шапқыншылығы кезіндегі күрделі оқиғалар бейнеленген.
15-16 ғасырларда Украина елінің мәдени-ағарту және әдеби орталықтары Острог, Львов қалаларында болса, 17 ғасырдыц басынан бастап Киевке көшті. 1574 жылы орыстың алғашқы баспагері И. Федоров тұңғыш кітап басылымы - «Апостолды» Львовта жарыққа шығарды. Ағарту ісі мен кітап басу жұмысының өрістеуі 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап Украина әдебиетінің жедел дамуына игі ықпалын тигізді. Шығармалардан Украина халқының әлеуметтік және ұлттық мүддесі көріне бастады. Г.Смотрицкий (т. ж. белгісіз - 1594 ж.ө.) Украина әдебиетінде бірінші болып басыбайлы шаруаның қасіретті өмірін бейнеледі («Аспан патшалығының кілті», 1587). Корольдерді, шіркеу басшыларын, үстем тап өкілдерін аяусыз шенеген И.Вишенский (т.-ө.ж. белгісіз) Украина әдебиетінің демократтық бағытының көрнекті өкілі болды.
17-18 ғасырларда Украина әдебиеті барлық жанрларда дамыды. 1648-1654 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс оқиғалары көптеген халықтық өлеңдер, тарихи жырлар туғызды, украин халқының ерлік күресі мен оның басшыларының (Богдан Хмельницкий, Данил Нечай, Иван Богун т.б.) қаһармандықтары бірқатар шығармалардың арқауына айналды. Осы кезде шыққан туындыларда Украинаның Россияға ықтиярымен қосылу оқиғалары көрініс тапты. Бұл тұстағы Украина әдебиетінің ең көрнекті өкілі Г.С.Сковорода (1722-1797) болды.
Ол өз кезінің ұлы жазушысы болумен бірге философ-ағартушы, демократ, гуманист ретінде шығармаларында әлеуметтік және ұлттық теңсіздікке қарсы батыл үн көтерді. Украина әдебиетінің қарыштап дамуына үлкен ықпал жасаған Г. С. Сковорода көптеген философиялық трактаттарын жазды. «Харьковтық мысалдар», «Әулие жырларының гүлзары» т.б. поэзиялық жинақтарын жариялады.
18-20 ғ. арасында Украина әдебиетінің жаңа дәуірі өрістеді. Осы кезеңде өмір сүрген аса көрнекті ақын және драматург И. П. Котляревский (1769-1838) украин халқының тілінде тұңғыш басылған кітап - «Энейда» поэмасын (алғашқы 3 бөлімі) 1798 ж. Петербургте бастырып шығарды. Поэманың қалған 3 бөлімі автор қайтыс болғаннан кейін 1842 ж. жарық көрді.
И.П.Котляревский жазған «Наталка Полтавка» (1819), «Солдат-сиқыршы» (1819) т.б. пьесалар украин драматургиясы мен театрының дамуына үлкен ықпал жасады. 1805 ж. Харьковта университет ашылғаннан бастап бұл қала Украинаның мәдени және әдеби өмірінің орталығына айналды. Орыс және украин тілдерінде «Харьков апталығы» (1812), «Украин хабаршысы» (1816-1819), «Украин альманахы» (1831), «Қарлығаш» (1841), «Киевтіктер» (1840-1850) т.б. басылымдар, журналдар, альманахтар, газеттер шыға бастады. Ақын-жазушылар П.П.Гулак-Артемовский (1790-1865), О.М. Бодянский (1808-1877), К.Д.Димитрашко (1819-1886), П.А.Кулиш (1819-1897) т.б. шығармалары жарық көрді. Жаңа украин прозасына негіз салған Г.Ф.Квитка-Основьяненко (1778-1843) «Пан Халявский» (1839-1840), «Гончаровкадағы үйлену» (1836) т.б. пьесалары мен повестерін жариялады.
Украин халқының ұлы акыны, демократ ойшылы Т.Г.Шевченко (1814-1861) творчествосы 19 ғасырдағы Украина әдебиетінің тарихында жаңа кезең болып саналады. Оның «Кобзарь» атты өлеңдер жинағында (1840), «Гайдамактар» тарихи поэмасында (1841) т.б. поәзиялық туындыларында («Катерина», «Өсиет», «Түс», «Мария» т. б.) халық өмірінің шындығы асқан шеберлікпен суреттеледі. Т.Г.Шевченко творчествосы реалистік жаңа украин әдебиетін асқар белеске көтерді. Ол украин әдеби тілінің негізін қалады. Шевченко есімімен байланысты Украина әдебиеті әлемдік аренаға шықты. 19 ғасырдағы Украина прозасында сыншыл реализмді өрістетуде Марко Вовчок (шын аты-жөні - М.А.Маркович, 1833-1907) улкен еңбек сіңірді. Ол «Кармелюк», «Маруся», «Тірі жан» т.б. прозалық туындыларында әлеуметтік теңсіздікті көрсетті, халық өмірінің ащы шындығын суреттеді. 19 ғасырдың 70-90 жылдарындағы Украина әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармаларды И.Я.Франко (1856-1916) жазды. Оның, әсіресе, орыс және украин революция демократ ойшылдарының идеялық-эстетикалық дәстүрін жалғастырудағы еңбегі зор. Ол бұл тарапта «Әдебиет, оның міндеттері мен маңызды ерекшеліктері» (1878), «Әдебиет тарихының дамуы мен теориясы» (1909) т.б. сүбелі ғылыми еңбектерін жариялады. Оның «Асқарлар мен аңғарлардан» (1887), «Сарғайған жапырақтар» (1896) т.б. өлеңдер жинақтары - Украина поәзиясының алтын қорына қосылған туындылар. Осы кезеңдегі реалистік прозаны дамытуда И.С.Нечуй-Левицкий (1839-1918), Панас Мирный (А.Я.Рудченко, 1849-1920), О.Ю.Кобылянская (1863-1942), В.С.Стефанник (1871-1936), М.М.Коцюбинский (1864-1913) қосқан үлес мол. Ал драматургияны өрістетуде И.Карпенко-Карий (1845-1907) творчествосы үлкен роль атқарды. Леся Украинка (1871-1913) өзінің үлкен суреткерлікпен жазған көптеген лирикаларымен және поэмаларымен («Ән қанатында», 1893; «Ойлар мен армандар», 1899; «Жаңғырықтар», 1902 т.б.) әдебиетте Т.Г.Шевченко негіздеген революциялық.-демократтық дәстүрді одан әрі дамытты. Сондай-ақ, А.Е.Тесленко (1882-1911), С.Васильченко (В.С. Панасенко, 1879-1932) т.б. ақын жазушылардың шығармалары 20 ғасырдың басындағы Украина әдебиетіндегі елеулі туындылар болып табылады.
Совет дәуіріндегі Украина әдебиеті классикалық орыс және украин әдебиеттерінің игі дәстүрлерін өрістете отырып, жаңа даму жолына түсті. Социализм реализм бағытын берік ұстанып, әдебиетте партиялық және халықтық рухты басты негіз етті. Украина совет әдебиетіндегі алғашқы елеулі құбылыстар П.Г.Гычинаныц (1891-1967) «Соқа» (1920), А.Ч.Чумактың (1901-1919) «Әуен» (1920) атты өлеңдер жинақтарының шығуы болды. В.Н.Сосюраның (1898-1965) «Қызыл аяз» поэмасы да - Октябрьлік революциясы туғызған өзгерісті жырлаған шығарма. Революцияны алғашқыда біраз толқулармен қабылдаған М. Ф. Рыльский (1895-1964) осы кездегі бірқатар жырларында жаңа дәуір оқиғаларын суреттеді. Азамат соғысы жылдары әдебиетке А.В.Головко (1897 ж.т.), П.М.Усенко (1902 ж.т.), Н.П. Бажан (1904 ж.т.), Ю.К.Смолич (1900-1976), Л.С.Первомайский (1908 ж. т.), А.Е.Корнейчук (1905-1972) т.б. қосылды. Буржуазияшыл-ұлтшылдармен және басқа да кертартпа ағым әдебиетшілерімен күресте шынығып өскен жас украин совет ақын-жазушылары жаңа дәуір әдебиетін жасауға құлшына кірісті. 1927 ж. Бүкіл украиналық пролетар Жазушылар одағы құрылды. Жаңадан көптеген газет-журналдар шықты, баспалар ашылды, творчество адамдарына барынша жағдай туғызылды. Бұл жылдары П.Тычина «Ленин» (1924-1930), В.Сосюра «Криворожье» (1927), М. Рыльский «Салмақ белгісі» (1932), Н. Бажан «Құрылыс» (1929) поэзиялық туындыларын, А. Головко - «Жасаймын» (1926), П. И. Панч (1891 ж. т.) «Көгілдір эшелондар» (1928), Л.Первомайскнй «Күн бетіндегі дақ» (1931) т.б. прозалық шығармаларын жариялады. Сол кезде Батыс Украинада тұратын Я.А.Галан (1902-1949) сатиралық пьесалар жазды.
1932 жылғы 23 сәуірдегі белгілі қаулысы украин совет әдебиетін жаңа өрлеу жолына бағыттады. Украина Жазушылар одағы құрылды. 1934 жылдың маусымда Украина жазушыларының 1-съезі болып өтті. Жаңа социалистік құрылыс өзгерістері украин әдебиетшілері шығармаларының негізгі арқауына айналды. Советтік өмір тақырыбымен көрінген Н.Л.Нагнибеда (1911 ж.т.), Л.Д.Дмитерко (1911 ж.т.), П.Г.Беспощадный (1895-1968), Н. Л. Забила (1903 ж. т.), Н.С.Рыбак (1913 ж.т.), В.Н.Собко (1912 ж.т.) т. б. көптеген күрделі шығармалар тудырды.
Ұлы Отан соғысы жылдары украин әдебиетшілері патриоттық рухқа толы туындыларында отан, халық тағдырын толғады. П.Тычина «Зоя Космодемьянская туралы жыр» (1942), Н.Бажан «Сталинград дәптері» (1943), В.Сосюро «Олег Кошевой» (1943), М.Рыльский «Ұлдарым» (1945), В.Собко «Украина қаны», (1943), А.Корнейчук «Майдан» (1943) т.б. шығармаларын жариялады.
Соғыстан кейінгі дәуір Украина жазушыларының жаңа белеске шыққан кезеңі болды. М.А.Стельмах (1912 ж. т.), П.Н.Воронько (1913 ж.т.), О.Т.Гончар (1918 ж. т.), Л.Н.Новиченко (1914 ж.т.), Д.В.Павлычко (1929 ж.т.), В.А.Коротич (1936 ж.т.) т.б. жаңа туындыларын жариялады. Гончардың «Ту ұстаушылар» (1946-1948), Собконың «Ақ жалын» (1952), Рыбактың «Переяслав Радасы» (1948-1953) Рыльскийдің «Гүлдер мен жүзімдер» (1957), Бажанның «Италиядағы кездесулер» (1961), Стельмахтың «Адам қаны су емес» (1957), Корнейчуктың «Жүрек ескерткіші» (1969) т.б. әйгілі туындылары жарық көрді. Әдебиеттің барлық жанрларында кемел шығармалар жазған Украина әдебиетшілерінің бірқатар өкілдері Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары атанды, Еңбек Ері атағын алды. Олардың шығармалары дүние жүзінің көптөген елдерінің және барлық халықтарының тілдеріне сан рет аударылып басылды.
Украин әдебиеті мен қазақ әдебиетінің байланысы ертеден бар. Өткен ғасырда ұлы ақын Т.Г.Шевченко қазақ жерінде көп жыл тұрып, қазақ тақырыбында өлеңдер жазғаны, суреттер салғаны мәлім. Осы достық байланыс совет дәуірінде нығая түсті. Қазақ ақын-жазушыларының көптеген шығармалары украин тіліне аударылып басылса, Т.Шевченко, И.Франко, Леся Украинка, И.Котляревский, Я.Галан, Н.Бажан, А.Корнейчук, М.Стельмах, О.Гончарь т.б. прозалық, поэзиялық туындылары қазақ тілінде жарық көрді. Украин және қазақ әдебиеттерінің достық апталықтары (1966, 1967) болып өтті.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Украина сәулет өнерінің қалыптасуы 13 ғасырдың аяқ кезінен басталады. Ол орыс, украин және белорус халықтарына ортақ Киев Русі мәдениеті негізінде дамыды. Феодалдық ыдырау және татар-монғолдар шабуылынан қорғану кезінде (17 ғасырға дейін) бекініс құрылыстар ірге көтерді. 17 ғасырдың 2-жартысында украин сәулет өнерінің жаңа даму кезеңі басталды. Россиямен қосылғаннан кейін қала құрылысы (Лебедин, Прилуки, Нежин, Путвиль, Чугуев т.б.) жедел қарқынмен өркендеді. 18 ғасырдың 2-ширегінде қорғаныс құрылыстары мәнін жойып, негізгі назар монастырьлар мен сарай комплекстерін салуға аударылды. Діни және зиялыларға арналған құрылыстардан барокко үлгісі (Киев-Печера лаврасы т.б.) көрініс тапты. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде Украинада қала құрылысын классицизм үлгісінде салу жайында мемлекеттік шаралар жүргізілді. Бұл іске Россия сәулетшілерімен (А.Д.Захаров, Ч.Камерон, Дж.Кваренги, А.И.Мельников, И.Е.Старов, В.П.Стасов т.б.) қатар көптеген жергілікті архитекторлар да (П. А. Дубровский, А. И. Меленский, П. А. Ярославский, В. И. және А. В. Береттилер т. б.) қатысты. Россияның Қара теңізге жол ашуы жаңа қалалардың (Екатеринослав, Николаев, Одесса, Симферополь) пайда болуына жағдай жасады. Крепостнойлық право жойылғаннан кейін өнеркәсіп құрылыстары қанат жайып, ретсіз орналасқан жұмысшы поселкелері көбейді. Неоклассицизм, жалған готика, жалған ренессанс, әклектика үлгісіндегі ғимараттар тұрғызу етек алды. 20 ғасырдың бас кезіндегі украин «модернінен» ұлттық романтикалық ағым (Львовтағы «Днестр» акционерлік қоғамының үйі т. б.) дараланып шықты.
Ұлы Октябрьлық социалистік революциясы сәулет өнерінің әлеуметтік бағытын өзгертіп, оның жаңа қарқынмен дамуына қолайлы жағдай жасады. 20 жылдары Донецк, Запорожье, Краматорск, Харьков қалалаларын реконструкциялаудың бас жоспарлары (арх.А.М.Касьянов, И.И.Малоземов т.б.) жасалды. Осы кезеңдегі архитектурадан ұлттық үлгімен (Харьков паровоз жасау з-ды поселкесі, 1924) қатар украин бароккосы (Киевтегі А. ш. академиясы, 1929), неоклассицизм (Первомайскідегі Советтер үйі), конструктивизм (Харьковтің Ф.Э. Дзержинский алаңындағы құрылыс ансамблі, 1929) стильдері белең алды. 30 жылдары қалаларды абаттандыру (Донецк, Винница, Киев, Полтава т.б.), жасыл желекке бөлеу және классикалық архитектуралық дәстүрді пайдалана отырып ірі ғимараттар тұрғызу өрістеді. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін қираған қалаларды қалпына келтіру және жаңа құрылыстар салу ісі жедел қарқынмен жүргізілді. Севастополь, Новая Каховка және Крещатикті қалпына келтіру және абаттандыру ісінде украин сәулетшілері алып ауқым мен бай нақышқа, салтанаттылыққа ден қойды. 50 жылдардың 2-жартысы мен 70 жылдардан бастап типтік жоба үстемдік алды. Киев (1969), Одесса (1966), Харьков (1963) қалаларының жаңа бас жоспарлары бекітілді. Микроаудандар мен қорық-қалалар (Луцк, 1970) ірге көтерді. Тұрғын аудандардың тамаша үлгісі (Киевтегі Русановка, Березняки т.б.) жасалды. 60-70 жылдары ірге көтерген ірі ғимараттар: Харьковтегі «Украина» кино концерт залы (1963, арх. В.С.Васильев т.б.), Киевтегі Пионерлер сарайы (1965, арх.А.М.Милецкий, Э. А. Бильский), «Украина» мәдениет сарайы (1970, арх. Е.А.Маринченко т.б.).
Украина территориясындағы ежелгі бейнелеу өнері туындылары палеолит дәуіріне саяды. Неолит заманында адамдар мән хайуанаттардың символдық мүсіншелерін жасау өріс алды. Скиф-сармат тайпалары «хайуанат стиліндегі» ғажайып мұралары мен кемпіртастарды қалдырды. Киев Русі дәуірінде жоғары сатыда өркендеген шығыс славян халықтары мәдениеті орыс, украин, белорус халықтары ұлттық өнерінің қалыптасуына негіз болып табылды. Осы кезеңде мозаика мен фреска (Киевтегі София соборы, 11 ғ.), миниатюра, зергерлік өнері дамыды. Феодализмды ыдырау кезеңіндегі жергілікті мектептер негізінде украин ұлттық өнері қалыптасты (14-15 ғасыр). Кескіндеме (қабырға өрнек, икона), кітап миниатюрасы мен графика өркендеді. Россияға қосылу өнердің жаңа даму кезеңіне жол ашты. Реалистік сипат күшейіп, зиялылар өнері белең алды. Ренессанс пен барокко жетістіктері талғаммен пайдаланыла бастады. Портрет жанры, ұлттық оймыш дәстүрінде мүсін өнері өрістеді. 17-18 ғасырда металға түсірілген гравюра (И.Щирский т.б.) гүлденді. Петербург Көркемсурет академиясы украин бейнелеу өнерінің өркендеп, классицизмнің өріс алуына елеулі ықпал жасады. Украин өнерінің жаңа даму кезеңін Т.Г.Шевченко бастады. Сыншыл реализмнің көш басында болған Шевченко өнерді халық игілігіне айналдыруда көп еңбек сіңірді. Әсіресе ол жер аударылып жүрген кезінде қазақ халқының өмірін, оның табиғатын шынайы бейнелей білді. Шевченко мұрасын Л.М.Жемчужников, И.И.Соколов, К.А.Трутовский ұстанып, оларды передвижниктер ілгері дамытты. Передвижниктердің ықпалындағы Одесса (1865), Киев (1875) және Харьков (1869) сурет мектептері (кейін қалалық көркем-сурет училищелеріне айналды); көркем-сурет бірлестіктері (Одессадағы Оңтүстік орыс суретшілерінің серіктігі, 1890) құрылды. Халық өмірі және оның өткен жолы Н.К.Пимоненко, Н.Д.Кузнецов, К.К.Костанди, П.А.Нилус, Г.А.Ладыженский, П.Д.Мартынович, Ф.С.Красицкий еңбектерінен, Л.В.Позен мен Б.В.Эдуардстың мүсіндерінен көрініс тапты. Пейзаж (В. Д. Орловский, С. И. Васильковский, С. И. Светославский т. б.) биік сатыға көтерілді. Портрет жанры (А.А.Мурашко) мен графика (әсіресе саяси сатира) дамыды.
Советтік өнердің алғашқы ұшқыны үгіт-насихат саласындағы еңбектерден (плакат, монументті сән өнері т. б.) айқын аңғарыла бастады. Кескіндеме саласында П. Г. Волокидин. Ф. Г. Кричевский, С. М. Прохоров, И. И. Ижакевич, Г. П. Светлицкий, Н. С. Самокиш тартымды туындылар жазды Театр декорациясы (А. Г. Петрицкий т. б.) жоғары дәрежеге көтерілді. Украин суретшілері формализм және натурализм принципін толық меңгерді. Олар тарихи-революция тақырып (Кричевский, Самокиш, В.И.Касиян) пен халық өмірінде болып жатқан ұлы өзгерістерді бейнелеуге (К.Д.Трохименко, А.А.Шовкуненко т.б.) ден қойды. Графика жанры (Касиян, С.А. Налепинская-Бойчук, В.Г.Аверин, М.Г.Дерегус т.б.), мүсін өнері (Б.Н.Иванов, М.Г.Лысенко т.б.) ерекше өркендеді. Халық қол өнері (П.П. Верна, И.Т. Гончар т.б.) дамыды. Ұлы Отан соғысы жылдары кескіндемеден соғыс (В. Г. Пузырьков, А. М. Константинопольский, А. А. Пламеницкий, А. М.Артамонов), тарихи-рев. (А. М. Лопухов, В. В. Шаталин, В. В. Токарев, А. А. Хмельницкий, В. А. Чеканюк) тақырыбы басты орын алды. Украин суретшілері қазіргі еңбекші қауым өмірін бейнелеу, жанрлық кескіндемені дамыту барысында (В. Н. Костецкий, Т. Н. Яблонская, С. А. Григорьев) елеулі табысқа жетті. Адамның рухани жан-дүниесі, оның сымбаттылығы А. А. Вовкуненко, А. М. Эрдели, А. А. Коцки, В. В. Сизиков портреттерінде шынайы бейнеленеді. Пейзаж бен натюрморт саласында да сәтті туындылар (Н. П. Глущенко, С. Ф. Шишко, И. И. Бокшай, Н. А. Максименко т. б.) жарық көрді. Қарапайым еңбек адамдарының шынайы бейнесі А. А. Ковалев, М. Г. Лысенко, В.М.Клоков, Г.Н.Кальченко, В.З.Бородай, Э.П.Мисько портреттерінен көрініс тапты. Краснодонда Жас гвардияшыларға (1954), Киевте А.С.Пушкин (1962) мен Леся Украинкаға (1973), Львовта Иван Франкоға (1964) ескерткіш және Совет Қарулы Куштерінің даңқ монументі (1971), Ворошиловград облысының Милево селосында «Украина - азат етушілерге» (1972) ескерткіш-мемориалы орнатылған.
Музыкасы. Украин музыкасының шығу төркіні Киев Русін мекен еткен шығыс славян халықтарының музыкалық мұрасына саяды. Алуан музыкалық аспаптар мен билеп жүрген скоморохтар бейнеленген Киевтегі София соборы фрескалары ежелгі музыкалық мұраның таңдаулы үлгілеріне жатады. Профессионалды музыкасының дамуына музыкалық фольклоры (салт-жора әндері, қаһармандық, дума-эпостар, тарихи әндер т.б.) елеулі ықпал жасады. Кобзарьлар мен лирашылардың, сондай-ақ аспаптық және би музыкасының (гопак, козачки, коломыйки) украин музыкасын дамытудағы ролі зор болды. Ұлттық музыкалық аспаптары: кобза, бандура, лира, скрипка, басоля, сопилка, трембита, цимбалы, барабан, бубен. 16-17 ғасырда шіркеулік музыка мен ақсүйектер музыкасы (псалма) өріс алды. 18 ғасырда тұңғыш «Украин симфониясы» (авторы белгісіз) дүниеге келді. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде крепостнойлық төатрмен қатар ерікті театрлар да ірге көтере бастады. Композитор әрі әнші С.С.Гулак-Артемовский 1862 ж. «Дунайдың арғы бетіндегі запорожьелік» атты тұңғыш украин операсын жазды. Композитор, пианист, дирижер, бірнеше опералар («Наталка- Полтавка», «Тарас Бульба» т. б.) мен кантаталардың (Т. Г. Шевченко сөзіне жазылған) және фольклорлық музыка жайындағы трактаттардың авторы Н.В. Лысенконың украин классикалық музыкасын дамытудағы еңбегі зор болды. Оның ісін Н. Д. Леонтович, К. Г. Стеценко, А. Я. Степова, С.Ф. Людкевич сынды музыкалық қайраткерлері ілгері дамытты.
Украин музыкасының жаңа даму кезеңі 1917 дылдан кейін басталды. Халықтық және профессионалды өнерді өрге бастыру мақсатымен музыкалық орындау базалары жасалды. Революциялық жылдар мен социалистік құрылыс пафосы 20-30 жылдардағы хор әндерінен (композиторлар Ф.Э.Козицкий, Л.Н.Ревуцкий т.б.) айқын көрініс тапты. Композиторлар В.С.Косенко, Л.Н.Ревуцкий, Б.Н.Лятошинский украин симфониялық музыкасындағы жаңа стильдің қалыптасуына қыруар еңбек сіңірді. Ұлы Отан соғысы жылдары А.Я. Штогаренконың «Менің Украинам» атты қаһармандық-патриоттық кантата-симфониясы Ф.Е.Козицкийдің «Отан үшін» операсы, көптеген патриоттық әндер дүниеге келді. Осы жылдары Қазақстанда болған М.А.Скорульский Абай Құнанбаев тақырыбына квинтет жазды; О.А.Сандлер (Қаз.ССР-інің еңбек сіңірген артисі) Қазақ драма театрында музыкалық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Украин совет музыкасы қазіргі кезде опера (Г.И.Майбороданың «Миланасы», Ю.С.Мейтустың «Ұрланған бақыты», А.Д. Кирейконың «Орман әні», В.С. Губаренконың «Эскадраның күйреуі»), симфониялық және вокальдық-симфониялық музыка (Штогаренко, М.М.Скорик, Л.И.Дычко, Л.И. Грабовский) және ән (А.Д.Филиппенко, Майборода, А.И.Билаш, А.И.Косанатольский, И.Б.Шамо) жанрында елеулі табысқа жетті; орындаушылық өнері дамып, вокальдық мектеп (О.А.Петрусенко, М.И. Литвиненко-Вольгемут, И.С.Паторжинский, З.М.Гайдай, Б.Р.Гмыря, Д.М. Гнатюк, Е.И.Мирошниченко т. б.) қалыптасты. Украинада 3 консерватория (Киев, Одесса, Львовта), өнер институты (Харьковте), мәдениет институты (Киевте), музыкалық-педагогикалық институты (Донецкіде), 11 симфониялық оркестр, бірнеше хор капеллалары, хор коллективтері (Украина Мемлекеттік халық хоры) жұмыс істейді.
Театры. Украин театрының тарихы шығыс славян халықтары салт-жоралары мен ұлттық ойындарынан, скоморохтар өнері мен Киев Русі мәдениетінен және мектеп театры интермедияларынан басталады. 1819 жылы И.П.Котляревский М.С.Щепкинмен бірге Полтава театры сахнасында өзінің «Наталка-Полтавка» пьесасын қойды. Бұл реалистік бағыттағы украин профессионалды театрының дүниеге келуі болып табылды. Драматургия мен театр өнерінің одан әрі дамуына Т.Г.Шевченконың «Назар Стодоля» пьесасы (1843) елеулі ықпал жасады. Котляревский, Щепкин және К.Т.Солениктің реалистік дәстүрін 19 ғасырдың 2-жартысында М.Л.Кропивницкий, М.П. Старицкий, И.К.Карпенко-Карый, П.К.Саксаганский, Н.К.Садовский, М.К. Заньковецкая одан әрі дамытып, тереңдете түсті. 19 ғасырдың 80 жылдарында украин театр труппалары ұйымдастырыла бастады. Әлеуметтік теңсіздік пен кедейлерді езгіге ұшыратып отырған үстем тап өкілдеріне деген қарсылық, қарапайым халық өкілдерінің рухани байлығы мен ой дүниесі Кропивницкий, Старицкий, Карпенко-Карый, Панас Мирный пьесаларындағы өзекті тақырыпқа айналды. И.Я.Франко мен Леся Украинка украин демократиялық театры мен драматургиясын дамытуға елеулі үлес қосты. 1907 жылы Садовский Киевте Украинның тұңғыш тұрақты театрын ұйымдастырды.
20-30 жылдары украин театрлары сахнасынан жалпы театр өнерінің ілгері дамуына ықпал жасаған спектакльдер (Луначарскийдің «Тұтандырушылары», Кулиштің «97-і», Фурмановтың «Бүліншілігі», Микитенконың «Диктатурасы», Треневтің «Любовь Яроваясы», Ивановтың «Бронепоезд 14-69-ы», Корнейчуктың «Эскадраның күйреуі», «Платон Кречет», «Богдан Хмельницкий» мен «Украина даласындасы», Горькийдің «Соңғылар», «Егор Булычов және басқалары» т.б.) және украин драматургтарының (Мамонтов, Кочерга, Головко, Бедзик, Кортевич т.б.) шығармалары орын алды.
Киносы. 1896-1902 жылы фотограф әрі суретші А.К.Федецкий тұңғыш хроникалық фильм түсіріп, оны жұртшылық назарына ұсынды. 1909 жылдан әдеби шығармаларды әкрандау ісі қолға алына бастады. Екатеринославта көркем және хроникалық фильмдер шығаруды бір жүйеге келтіру жұмыстары жүзеге асырылды. Украина кинематографиясы Ұлы Октябрьлық революциясынан кейін кең ауқыммен дамыды. 1919 жылы Харьковте Бүкіл Украиналық кинокомитеті (1922 жылдан Бүкіл Украиналық фотокино басқармасы) құрылды. Азамат соғысы жылдары «Бәрі майдан үшін», «Укразия», «Екі күн» фильмдері жарық көрді. Одесса мен Ялтадағы кинофабрикалар қайта құрылды. 1928 жылдан Киев кинофабрикасы (1939 жылдан Киев киностудиясы; 1957 жылдан А.П.Довженко атындағы жұмыс істейді. Довженконың «Арсенал» және «Жер» фильмдері ұлттық кино өнерінің 20-30 жылдардағы ірі жетістігі болды. 1930 жылы Д.Вертов украинның тұңғыш дыбысты фильмі - «Донбасс симфониясын» түсірді. С.М. Эйзенштейн мен В. И. Пудовкин творчествосы украин кинематографистеріне елеулі ықпал жасады. Осы кезеңдегі таңдаулы фильмдері: «Түнгі арбакеш», «Кармелюк» (1929, 1939, реж. Г.Н.Тасин), «Иван», «Аэроград», «Щорс» (1932, 1935, 1939, реж. Довженко), «Нөсер» (1928, реж. И.П.Кавалеридзе), «Бай қалыңдық» (1937, реж. И.А.Пырьев), «Үлкен өмір» (1939, реж. Л.Д.Луков), «Салт аттылар», «Богдан Хмельницкий» (1939, 1941, реж. И.А.Савченко). Ұлы Отан соғысы жылдары «Александр Пархоменко» (1942, реж. Луков), «Кемпірқосақ» (1943, реж. М.С.Донской) сияқты көркем фильмдермен қатар «Советтік Украина үшін шайқас» (1943, реж. Довженко т.б.) атты документті фильм қойылды. 50 жылдардың 2-жартысынан кино өндірісі жедел қарқынмен (жылына 18-20 көркем фильм шығарылады) өркендеді. Олардың қатарында «Барлаушының ерлігі» (1951, реж. Савченко), «Арпалыспен өткен жастық шақ» (1954, реж. А.А.Алов, В.Н.Наумов), «Заречная көшесіндегі көктем» (1956, реж. Ф.Е.Миронер, М.М.Хуциев), «Иван», «Сұржылан», «Жүрекке жол» (1960, 1966, 1970, реж. В. И. Ивченко), «Түс» (1964, реж. В. Денисенко), «Адалдық», «Қала романсы» (1965, 1970, реж. П. Тодоровский), «Почта романы» (1970, Е.Матвеев) 1941 жылдан Киевтің ғылыми-көпшілік фильмдер киностудиясы жұмыс істейді, Документті кино жанрында елеулі еңбек еткен режиссерлер: Л. Островская, М. Грачов, Е. Григорович, П. Зиновьев т. б.
Әдеб.: Украінська Радянська Соціалістична Республіка, УРЕ, т. 17, Киев, 1965; История Украинской ССР, -т.1-2, К., 1969; Очерки истории Коммунистической партии Украины, К., 1973; Воссоединение Украины с Россией. Документы и материалы, т. 1-3, М., 1953; Документы Богдана Хмельницкого, 1648-1657, К., 1961; Супруненко Н. И., Украина в Великой Отечественной войне Советского Союза (1941-1945 гг.), К., 1956; Охрименко П.П., Пильгук И.И., Шлапак Д.Я., История Украинской литературы, М., 1970; Шулькевич М.М., Киев. Историко-архитектурный очерк, К., 1968; Черп М.М., Киев. Краткий путеводитель, К., 1971; Логвин Г.Н., Украинское искусство. X-XVIII вв., М., 1963; Головко Г. В., Архитектура Советокой Украины, М., 1973; Музыкальная культура Украины, М., 1961; Гошовский В., У истоков народной музыки славян, М., 1971; Гинзбург С. Вклад народов СССР в русскую музыкальную культуру конца XIX - начала XX века, в его кн.: Из истории музыкальных связей народов СССР, Л.-М., 1972; История музыки народов СССР, т. 1-5, М., 1970-1974; История советского драматического театра, т. 1-6, М., 1966-1971; Шимон А. Страницы биографии украинского кино, К. 1974.
Жарияланған-2019-08-15 13:07:10 Қаралды-5145
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану