ҰЛЫБРИТАНИЯ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы - Батыс Еуропадағы мемлекет. Европаның солтүстік-батысындағы Ұлыбритания аралында, Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігінде, Англси, Уайт, Норманд, Оркней, Гебрид, Шетленд т. б. ұсақ аралдарда орналасқан. Солтүстік-батыс жағалауы Атлант мұхитымен, шығыс және оңтүстік жағалаулары Солтүстік теңізбен және Ла-Манш, Паде-Кале бұғаздарымен шайылады. Жері 244,1 мың км2. Халқы 66,58 млн (2018). Астанасы - Лондон қаласы.
Ұлыбритания 4 тарихи-географиялық аймақтан [Англия, Уәльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия (Ольстер)] тұрады. Әкімшілік жағынан графтықтарға және графтық дәрежедегі қалаларға бөлінеді. Үлкен Лондон ерекше жеке әкімшілік бөлік (құрамында 32 аудан бар) саналады. Ұлыбритания - Британ Ынтымағының (бұрынғы Британ империясының құрамындағы елдердің саяси және әкономикалық бірлестігі) орталығы; бұның құрамына (1976 ж.) Ұлыбритания, Канада, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Үндістан, Бангладеш, Шри Ланка, Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия, Сьерра-Леоне, Танзания, Кения, Уганда, Гамбия, Малави, Замбия, Лесото, Свазиленд, Ботсвана, Ямайка, Тринидад және Тобаго, Мальта, Гайана т. б. 36 өл кіреді.
Мемлекеттік құрылысы. Ұлыбритания - парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актыларға: парламент заңдары (статутарлық право), сот прецеденті, келісімдер мен әдеттік право салалары жатады. Мыс., статутарлық актілер: Еркіншіліктің ұлы хартиясы (1215), «Право туралы билль» (1689), Вестминстер статуты (1931), Халық өкілдігі туралы акт (1948, 1969), Лордтар палатасының актісі (1968) т. б. Мемлекеттіу басшысы - король (королева). Корольдық билік - өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы бас командашысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбританияелдері бірлестігін басқарады. Король премьер-министрді, министрлерді, судьялар мен дипломаттарды және шіркеу иелерін тағайындап, жоғары лауазым атақтар беруге, келісімдер жасауға, соғыс жариялауға, бітім жасауға, заң жүзінде парламент құрамын белгілеуге, қауымдық палатаны таратып, заң жобаларын бекітуге праволы. Шынында король билігі қағаз жүзінде ғана (патшалық еткенмен мемлекетті басқармайды). Іс жүзінде корольдың билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі -екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата). Палаталардың құрылу принциптері әрқалай және бір-біріне тәуелсіз болғанмен, заң қабылдауда пікірдің бір жерден шығуы қажет. Жалпы ұлттық өкілдік органы - төменгі қауымдық палата (635 депутат, 5 жылға сайланады). 1974 жылғы сайлауда: лейбористер 319, консерваторлар 276 орын, либералдар 13, тәуелсіздер мен ұсақ саяси топтар 27 өкілдікке ие болды. Төменгі палатаның өкілдігі 5 жыл. Заң бойынша 21жасқа толғандар сайлануға, 18-ге толғандар сайлауға праволы, олардың тізімі жыл сайын 15 мартта жарияланады. Дауыс жасырын беріледі; почтамен, сенім хат арқылы да дауыс беруге болады. Жоғарғы - лордтар палатасы - азаматтық және діни пэрлерден (1000-нан аса адам) құрылған көне мекеме. Заң бойынша парламент ең жоғары билікке ие, бірақ іс жүзінде заңдар мен бюджетті үкімет қабылдайды. Ұлыбританияның үкіметі - министрлер кабинеті (80-100 мүше), оған министрлер, ведомство басшылары, лорд-канцлер т. б. кіреді. Үкімет басшысы - премьер-министр, оған қауымдық палатада көпшілік орынға ие болған саяси партияның жетекшісі тағайындалады. Министрлер кабинеті -Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатының шешуші органы. Ол қауымдық палатаның алдында заң бойынша жауапты. Ұлыбритания - тарихи қалыптасқан облыстардан (Англия, Уәльс, Солтүстік Ирландия, Шотландия) құрылған унитарлық мемлекет. Англия, Уәльс, Шотландияның өзіндікправо мен сот жүйесі, ұлттық шіркеуі, жергілікті басқару органдар жүйесі қалыптасқан. Уэльс пен Шотландия істері жөніндегі мемлекеттік секретарлары Ұлыбританияның министрлер кабинетіне мүше. Солтүстік Ирландия әкімшілік автономиясының шектелген правосымен (1920 жылғы заң) пайдаланады. Оның атқару органы - король тағайындайтын губернатор, эаң шығаратын жоғары өкіметі - екі палаталы парламент. Графтық қалаларды, графтықтарды советтер басқарады. Советтерді халық 3 жылға сайлайды, оның председателі - мэр (лорд-мэр) 1 жылға сайланады. Ұлыбританияда бір тұтас сот жүйесі қалыптаспаған. Орталық сот органы - Жоғары сот және Апелляциялық сот. Ең жоғарғы соттық инстанция - лордтар палатасына жүктелген. Жергілікті сот жүйесі: магистраттық (Англия мен Уэльсте), графтық немесе қалалық соттардың сессиялары (жылына 4 рет) және ассиздер немесе көшпелі соттар деп бөлінеді. Ассиздердің үкіміне берілген шағым Апелляциялық сотта, ал егер мемлекеттік мазмұны бар деп танылған жағдайда лордтар палатасында қаралады. Ұлыбританияның барлық судьяларын король тағайындайды. Ерекше маңызы бар істер үшін: корольдық, әкімшілік, әскери деп арнаулы соттар мен трибунал құрылуы мүмкін.
Табиғаты.Ұлыбритания Еуропаның қоңыржай белдеуінің атланттық бөлігінде орналасқан. Жағалауы қатты тілімделген. Ірі шығанактары - Ферт-оф-Лорн, Ферт-оф-Клайд, Солуэй-Ферт, Кардиган, Бристоль, Лайм, Уош, Ферт-оф-Форт, Мари-Ферт. Ұсақ аралдар жағалауы фьордтық типке жатады.
Шотландия, Солтүстік Ирландия, Уэльс және Солтүстік Англия бөліктері өзен аңғарларымен тегістелген, биіктігі орташа таулар және қыраттардан тұрады.
Ұлыбританияның солтүстігінде күшті тілімделген Шотландия (Солтүстік Шотландия тау қыраты, Оңтүстік Шотландия қыраты) орналасқан. Тау қыраттарының үстірт тәрізді бөліктеріне биіктігі 1343 км-ге дейінгі (Ұлыбританияның ең биік жері - Бен-Лондон. Гайд паркі. Невис тауы осында) альпілік типтес шыңдар қалыптасқан. Шотландиядан оңтүстікке қарай Пеннин таулары(Кросс-Фелл тауы, 893 м), рельефтің мұздық пішіндері кеңінен тараған Камберленд таулары (Скофелл тауы, 978 м)созылып жатыр. Уэльс түбегі Кембрий тауларынан (Сноудон тауы, 1085 м) тұрады. Корнуолл түбегінде биіктігі 500-600 лі-лікқалдық, қыраттар бар. Оңтүстік-Шығыс Англияңың борпылдақ жыныстардан түзілген тегіс жазықтары әк тас және бордан түзілген қырқалы куәсталық үстірттермен (Котсуолд, Чилтерн, Норт-Даунс, Саут-Даунс) және Мидленд, Фенн және Лондон алабындағы жазықтармен кезектесіп отырады.
Британ аралдары өзінің геология құрылысы мен құрылымы жөнінен түгелдей каледон қатпарлық зонасына (тек Бристоль - Лондон деңгейінен оңтүстіктегі шағын аймақ герцин қатпарлығында дамыған) жатады. Палеозойдың басында Ұлыбританияның қазіргі территориясы терең теңіздік шұңғымалар және қырқалы жалдарға бөлінген каледон геосинклинальдық аймағынан тұрды. Шұңғымаларда қалың тұнбалар жиналып, силур кезеңінің аяғында бұл тұнба-шөгінділер қатпарлыққа жиырылып, геосинклиналь өңірінен Шотландия мен Уэльс жоталары көтеріледі. Жоталар аралығындағы депрессияларда девонның тас көмірлік және пермдік континенттік шөгінділері жинала басталды. Девон кезеңінен бастап Ұлыбритания жері платформалық сипат алды. Мезокайнозойда Лондон алабы майысуға ұшырады. Кайнозойда бүкіл арал көтеріліп, әсіресе Шотландияда көптеген жарылыстар пайда болды. Ұлыбританияның пайдалы қазындылары тас көмір (тас көмір) және юра жүйесіне (темір рудасы), Корнуолл қатпарлық массивтеріне (қалайы және т. б. түсті металдар) байланысты таралған. Солтүстік теңіз жағалауынан табиғи газдың ірі кен орны ашылды.
Климаты мұхиттық қоңыржай; атмосфера жауын-шашыны өте мол, ауа райы циклондық типке (тұрақсыз) жатады, күшті желді. Қаңтардың орташа температурасы Корнуолл түбегінде 7°С-тан Шығыс Англияда 3,5°С-қа дейін; шығысында кейде - 18°С-қа дейін аяз байқалады. Шілденің орташа температурасы Лондон ауданында 16-17°С,Шотландияда 11-13°С.
Жауын-шашыны жыл бойына біркелкі таралады. Шотландия, Солтүстік Ирландия, Англия, Уэльстің таулы бөліктеріне жауын-шашын молырақ (1000-3000 мм), Англияның оңтүстік-шығыс жағында 600-750 мм түседі. Бүкіл Ұлыбритания территориясына қалың бұлттылық, тұман тән.
Ұлыбританияның өзендері негізінен мол сулы және қысқа келеді. Ірілері: Северн, Темза, Уз, Тис, Тайн, Иден, Туид т. б. Өзендері күз және қыста тасиды, қатпайды. Көптеген өзендері кеме жүзетін каналдармен жалғастырылған. Көлдері негізінен таулы аудандарда орналасқан; бұлар шығу тегі жөнінен мұздық және тектониккалық-мұздық типке жатады. Ірі көлдері: Лох-Ней, Лох-Ломонд, Лох-Несс.
Шотландияның солтүстігіндегі жақсы ылғалданған үстірттер де таудың күлгін топырағы, биік өңірлерде таудың тундралық топырағы, шығыстағы жағалау маңылық аудандардағы моренналық шөгінділер үстінде мол шірінділі күлгін топырақ таралған. Шотландияның оңтүстігі мен Солтүстік Ирландияда ормандық қышқыл сұр, таудың жоғары белдеуінде күлгін топырақ қабаты дамыған. Англияның орталық және оңтүстік бөліктерінде орманның сұр, карбонатты, теңіз жағалауының кейбір бөліктерінде аллювийлік топырақ басым.
Ұлыбританияның өсімдік жамылғысы негізінен табиғи зоналар заңдылығы бойынша таралады; солтүстігіндегі тайгалық және аралас орман белдеулерінде негізінен қарағай, емен және қайың, оңтүстігінде жалпақ жапырақты еменді орман, қайың орманы, әк тасты және борлы жалдарда еменді-шамшатты орман өседі. Территориясының 6%-і орман. Орманның кең тараған өңірі әсіресе шығыс және оңтүстік аудандары. Таудың жоғары белдеулерінде тау шалғыны жақсы өседі.
Жануарлар дүниесі жақсы сақталмаған; әсіресе орман фаунасы тым кедейленген. Түлкі, қоян, тиін, кірпі, ін қазатын сүт қоректілердің көптеген түрлері, құстардан жабайы кептер, Шотландияда тундра мен шотландия кекілігі, саңырау құр мекендейді; өзен-көлдері балыққа бай.
Табиғи жағдайына қарай Ұлыбритания территориясы Шотландия және Солтүстік Ирландия (батпақты тайгалы биіктігі орташа және аласа таулы өңір), Уәльс және Таулы Англия (қатты тілімделген аласа таулы, шалғынды және жалпақ жапырақты орманды өңір), Оңтүстік-Шығыс Англия (орманның құнарлы қоңыр топырағы тараған, жалпақ жапырақты өсімдіктер басым өсетін және көп жері өңделген жазық өңір) табиғи аудандарына бөлінеді.
Халқы.Ұлыбританияның негізгі халқы ағылшындар Англия, Уәльстің көп бөлігінде және Шотландияның оңтүстігінде, шотландиялықтар негізінен Шотландияда, ирландиялықтар Солтүстік Ирландия мен Англияның өнеркәсіпті аудандарында қоныстанған. Солтүстік Ирландияда соныменқатар 1 млн-нан астам 16 ғ-да қоныстанған (кейіннен ирландия халқымен араласып кеткен) ағылшын және шотланд ұрпақтары тұрады. Олар өздерін ирландиялық-ағылшындар және ирландиялық-шотландиялықтар (әдебиеттерде көбіне ольстерліктер) деп атайды. Уәльс түбегінде уәльстер, немесе валийлер, СолтүстікШотландия және Гебрид аралдарында гэлдер қоныстанған. Ірі қалаларда еврейлер, сонымен қатар Вест-Индиядан, Үндістаннан, Пакистаннан және Африка елдерінен келіп қоныс тепкендер бар. Еуропалық иммигранттардан поляктар, немістер, француздар, итальяндар т. б. бар. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі; ирландтар, уәльстер және гэлдердің біраз бөлігі кельт тілі тобына жататын өз тілдерінде сөйлейді. Діни нанымға сенушілердің көпшілігі - протестанттар. Ресми календары - григориандық. Ұлыбритания- халықтың табиғи өсуі өте төмен елдердің бірі. 1975 ж. Ұлыбритания өнеркәсібінде 9534 мың және ауыл шаруашылығында 382 мың адам (шаруашылық иелерін қоспағанда) еңбек етті. Басқа капиталистік елдер сияқты Ұлыбританияэкономикасында жұмыссыздық етек алған.
Ұлыбританияда басқа дамыған елдермен салыстырғанда урбанизация деңгейі өте жоғары:халықтың 82%-ке жуығы қалада тұрады және қала халқы мөлшерінде тұрғандары 1 млн-нан асатын ірі қалалар үлесі басым. Ірі қалалары: Лондон, Манчестер, Бирмингем, Глазго, Лидс, Ливерпул және Ньюкасл.
Тарихы.Ұлыбритания жерінде алғашқы адамдар ерте және орта палеолит дәуірінде пайда болды. Шамамен б. з. б. 5-мың жылдықта Ұлыбритания құрлықтан бөлініп аралға айналды. Мұндағы ірі-ірі өзгерістер, сірә, неғұрлым мәдениеті жоғары тайпалардың (Пиреней түбегінен келген иберлер немесе Франциядан келген «Жерорта теңіздік» нәсілге жататын адамдар) аралға келуіне байланысты болса керек. Б.з.б. 3-2 мың жылдықтың бас кезінде аңшылықпен, балық аулау кәсібімен қоса арал тұрғындары бірте-бірте мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады. Тас қарулар жетілдіріліп, бері келе қола қарулармен, ал кейінірек темір қарулармен алмастырылды.
Кейінгі қола және ертедегі темір дәуірлерінде (б.з.б. 800-700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттер келіп қоныстана бастады. Кельттер өздерімен бірге темір ғасырының мәдениет нұсқаларын әкелді. Кельттер мен Британияның кельттенген халқы «бриттер» деген шартты атауға ие болды. Римдіктердің шапқыншылығы қарсаңында-ақ бриттер алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау және таптық қоғамның элементтері пайда болу сатысында тұрды. Ру және әскери ақсүйектердің бөлініп шығуы, сондай-ақ патриархалдық құлдықтың тууы әлеуметтік теңсіздіктің өсуінің айғағы болды. Бриттерде мал шаруашылығы мен егіншілік кәсібі дамыды. Брит тайпаларыкейде әскер жетекшілеріне (корольдарға) бағынатын тайпалық одақтарға бірікті. Кейбір тайпалық орталықтардан кейін римдік және орта ғасырлық қалалар: Камулодунум (қазіргі Колчестер), Эборакум (қазіргі Йорк), Лондиниум (қазіргі Лондон т. б.) пайда болды.
Б.з.б. 1 ғасырдың орта кезінде римдіктер Галлияны басып алған соң Юлий Цезарь Британияға екі дүркін (б.з.б. 55 және 54 жылдар) жорық жасады. Римнің Британияны жаулап алуы б.з. 43 жылдан басталып, 60 жылдары негізінен аяқталды. Британия Рим империясының шеткі аймақтағы провинцияларының біріне айналды. Жергілікті халықтың арасында жиі-жиі көтеріліс болып тұрды. Басқыншылық әлеуметтік жіктелуді тездеткені болмаса, кельт қоғамына басқадай түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. 3 ғасырдың соңында солтүстік-герман тайпаларының шабуылы басталды. 5 ғасырдың басында Британияда Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан бірқатар тәуелсіз кельт аймақтарына бөлінді. 5 ғасырдың орта шенінде Британияны англ-сакстар деп аталатын солтүстік-герман тайпалары (англдар, сакстар, юттар және фриздер) басып ала бастады. Англ-сакс басқыншылығы кезінде бриттердің дені қырылып жойылды, біразы Солтүстік (Каледония) және Батыс (Уэльс, Корнуолл) бөлікке ығыстырылып, бір тобы Арморика (қазіргі Бретань) түбегіне қоныс аударды; кельттердің қалғандары құлға және тәуелді адамдарға айналды. Кельт әлементтері негізі германдар болып табылатын ағылшын халқының этникалық құрамына енді. 6 ғасырдың аяғынан 7 ғасырдың 2-жартысы аралығында англ-сакстар негізінен христиан дініне көшті.
Англияның қоғамдық-саяси құрылысына 8 ғасырдың соңында басталған нормандардың шапқыншылығы зор әсер етті. Олар елдің бүкіл солтүстік-шығысын басып алып, өздерінің дәстүрлері мен тәртібін енгізді. Олардың шабуылынан ығыр болған англ-сакс шаруалары ірі жер иелерінен «пана» іздеуге мәжбүр болды, сөйтіп, оларға тәуелді болып қалды. 9 ғасырда елдің дені «Англия» атты бір мемлекетке бірікті. Король Ұлы Альфредтің тұсында тұңғыш жалпы ағылшындық заңдар жинағы құрастырылды. 1066 жылы Гастингс маңындағы шайқастан (14 қазан) соң Англияны норман герцогы Вильгельм басып алып, Англияның қоролы болды. Феодал қоғамның қалыптасуы нормандардың басып алуымен аяқталды. Ағылшын феодализмінің ерекшелігі - ол елді саяси жағынан біріктіріп, мемлекеттік өкіметті бір орталыққа бағындырды. Англиядағы және бір ерекшелік - мұнда барлық феодалдар корольға вассалдық бағынышта болды. 1086 жылы халыққа ақшалай салық салу және король вассалдарының табысы мен жер көлемін анықтау мақсатында жаппай жер санағы жүргізілді. Санақ әр феодалға жерін, феодалдық иерархия жүйесіндегі орнын белгіледі. Көптеген ерікті шаруалар басыбайлы (вилландар) деп танылды. 12-13 ғасырда Англияда орталық финанс және сот мекемелерінің жүйесі қалыптасып, бүкіл елге бірегей «жалпы право» енгізілді. Сөйтіп, Англияда 11 ғасырдың аяғында-ақ, әсіресе 12-13 ғасырларда бір-шама күшті бір орталыққа бағынған феодалдық монархия қалыптасты, қолөнері мен сауданың орталығына айналған қалалардың салынып өсуі феодалдық монархияның күшеюіне жағдай жасады. Елдің экономикалық және саяси орталығы болған Лондоннан басқа Уинчестер, Кентербери, Йорк, Глостер, Вустер, Линкольн, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл т. б. көптеген қалалар пайда болды.
Мемлекетті бір орталыққа бағындыру процесі тап күресінің шиеленіскен және феодалдар арасындағы ала ауыздықтардың күшейген жағдайында жүргізілді. 12 ғасырдың соңынан бастап, әсіресе, 13 ғасырда корольдық өкімет үстем таптың едәуір бөлігінің мүддесіне қайшы келетін шараларды іске асырды: өкіметке ұнамаған жер иелерінің жері конфискеленді. Халыққа ақшалай салықтардың, тағы басқа міндеттіліктің жаңа нормалары енгізілді.
14 ғасырда тап күресі деревня мен қалада күшейе түсті. Шаруалар арасындағы толқулар көтеріліске [Уот Тайлер көтерілісі (1381)] ұласты. Католик шіркеуі реформа жасауды талап еткен Дж. Уиклифтің, әсіресе феодалдық қанаудың барлық түріне ашықтан-ашық қарсы шыққан лоллардтардың уағызы, әлеуметтік теңдік пен мүлік ортақтығын талап еткен (Джон Болл) толқулар бұл көтерілісті идеолологиялық жағынан даярлауда маңызды роль атқарды.
Англия тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі - капиталдың бастапқы қорлану кезеңі. Ол шаруалардың жерсізденуінен басталды. 15 ғасырдың аяғында - 16 ғасырдың басында ағылшын дворяндарының бейнесі өзгерді: үстем таптың қанауы феодалдық рентамен шектелмей, жалдамалы еңбекті қанаумен ұласты. Тіпті 11-12 ғасырларда-ақ Англия Фландрияның, Италияның қалаларына жүн шығарып сатып, сауда жүргізді. 14 ғасырдан Англия шұғамен сауда жасады. 16 ғасырда жүн өнеркәсібін ұйымдастыру капиталист мануфактура сипатын ала бастады. Мануфактура мақта-мата, жібек, металл өңдеу, кен өнеркәсіптерінде де дамыды. Қоғамдық еңбек бөлінісі өсті, ұлттық рынок қалыптасты. Англия өнеркәсібінің негізіне айналған шұға өндірісі жүнге мұқтаждықты арттырды. Мұның өзі қой өсіру үшін жайылымдық жерді ұлғайтуды керек етті. Англияда аграрлық төңкеріс басталды. Ірі жер иелері қауымдық иеліктерді басып алумен шектелмей, шаруаларды өз жерінен қуып шығып, олардың үйлерін, тіпті тұтас деревняларды қиратып, жойып жіберді. Шаруалар бұған қарсылық көрсетті, қайсыбір кезде ол көтеріліске (1549 ж.Кет Роберт көтерілісі т. б.) ұласты. Англияда Европаның басқаелдеріне қарағанда капиталистік қатынастар тез қалыптаса бастады. Теңіз саудасының ұлғаюы ағылшындарды сол кездегі аса қуатты отарлы держава Испаниямен қақтығысуға әкеліп соқты. 1588 жылы Испанияның «Жеңілмейтін армадасын» талқандап, Англия ірі теңіз державаларының біріне айналды. 1607 жылы Солтүстік Америкада (Виргиния) ағылшындардың алғашқы отарлық қонысы, 1609 жылы Үндістанда алғашқы сауда кеңсесі пайда болды.
Тюдор әулеті тұсында бір орталыққа бағынған өкімет билігі нығая түсті. Англияда капиталистік қатынас ағылшын ұлтының қалыптасуымен қатар дамыды. Тюдор әулеті мен Стюарттар әулетінің алғашқылары билеген кезеңдер - ағылшын абсолютизмінің дәуірі болды.
Ағылшын буржуазиялық революциясы (17 ғ.) тұсында буржуазиялық жаңа дворяндар қауымымен одақтасып, феодалдық монархияға, феодалдық дворяндар қауымына және шіркеу үстемдігіне қарсы күресті. Карл I тұтандырған екі бірдей азамат соғысы өртінде (1642-1646 және 1648) негізгі күші халық бұқарасынан жасақталған революциялық армия король әскерлерін талқандап, өзін жазалап өлтірді (1649 жылғы 30қаңтар). Англияда республика орнады. Өкімет индепенденттердің (буржуазияның радикал қанаты мен жаңа дворяндар қауымының) қолына көшті. Олар феодалдық меншікті жоюмен қатар, революцияны тереңдете түсуге және аграрлық мәселені демократиялық жолмен шешуге тырысқан бұқара халыққа үзілді-кесілді қарсы шықты. Левеллерлердің (Дж. Лилберн т. б.) және диггерлердің (Дж. Уинстэнли т. б.) қозғалыстары жанышталды. Көп кешікпей (1653) протекторат формасын қабылдаған буржуазиялық республика (О. Кромвельдің әскери диктатурасы) отар елдерді жаулап тонай бастады.
Халық жасаған революцияның игілігін буржуазия мен жаңа дворяндар қауымы пайдаланды; феодалдар бұрынғы жерлерін қайтарып алды. Ірі жер иелері корольға алым-салық төлеуден босатылды.
Жерге феодалдық меншік буржуазиялық жеке меншікке айналды. Ал шаруаларға жер иелену правосы берілмеді. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде капиталистік қатынастардың дамуына жол ашылып, өндіргіш күштердің жедел өсуіне мүмкіндік жасалды. Революциялық феодалдық құрылысты жойып, жерге буржузиялық меншік орнатты. Виг үкіметі өтарлық шапқыншылық саясатын іске асыруға кірісті. Мұндай жағдайда Франдия Ұлыбританияның басты бақталасы болды. Жеті жылдық соғыс (1756-1763) нәтижесінде Ұлыбритания отарлық иеліктерін айтарлықтай ұлғайтты. Британия империясының құрамына Франциядан тартып алынған Канада, Миссисипидің шығысындағы жерлер қосылды. Испания Флоридадан бас тартты. 18 ғасырдың орта кезінен Үндістан жаулап алына бастады.
18 ғасырдың 60 жылдары Ұлыбританияда өнеркәсіп төңкерісі (басқа елдерден бұрын) басталды. Оның барысында жерден айрылған шаруалардан. күйзеліске ұшыраған қолөнершілер мен мануфактура жұмысшыларынан индустрия пролетариаты қалыптасты. 18 ғасырдың 1-жартысында алғашқы құпия тредюниондар пайда болды. Дж. Уилкс бастаған буржуазия радикалдар парламентке реформа жасауды талап етті. Билеуші олигархияға қарсы демократиялық қозғалыс шиеленіскен жағдайда виг және тори партияларында дағдарыс басталды. Георг III (1760-1820) мұны король өкіметінің маңызын көтеруге пайдаланғысы келді. 18 ғасырдың 60 жылдары, әсіресе 70 жылдардың басында Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларында азаттық қозғалыс (Солтустік Америкадағы тәуелсіздік жолындағьі соғыс(1775-1783) күшейді. Соғыстағы сәтсіздіктер мен ішкі саяси дағдарыс ағылшын үкіметін 1783 ж. Версаль бітіміне қол қоюға, АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр етті. Ұлы француз революциясы Ұлыбританияда революцияның дамуына, Ирландияда азаттық қозғалыстың өрістеуіне ықпал жасады. 18 ғасырдың 90 жылдары Ұлыбританияда жаппай демократиялық қозғалыс өріс алды. Англиядағы бүкіл мемлекеттік құрылысты демократияландыруды қуаттайтын ұйымдар пайда болды. 1797 жылысәуірде Ла-Маншты қорғап тұрған ағылшын флотында, мамыр айында Солтүстік теңіз флотында («қызыл адмирал» Р. Паркер бастаған) көтеріліс шықты. Көтеріліс қаталдықпен басылды. 1799 жылы үкімет жұмысшылардың ұйымдасып бірігуіне парламент арқылы тыйым салатын акт қабылдады.
Дүние жүзіндегі неғұрлым дамыған капиталистік ел –Ұлыбритания Еуропадағы феодалдық және жартылай феодалдық мемлекеттермен тығыз одақ жасай отырып, Франциядағы буржуазия революцияны тұншықтыруға ұмтылды. 1793 жылғы ақпан - 1814 жылғы сәуіржәне 1815 жылдың наурыз –шілде айларында Ұлыбритания алғашқыда революцияға, кейін наполеондық Францияға қарсы соғыс жүргізді. Құрғақта негізінен Португалия мен Испаниядағы ұрыстарға қатысты.
Францияға қарсы соғыстар кезінде Ұлыбританияның отарлық шапқыншылығы күшейю түсті. Ост-Үндістан компаниясы Үндістанды жаулап алуды өрістетті. Еуропаның Азиямен және Латиндік Америкасымен жүргізген теңіз саудасына Ұлыбритания іс жүзінде үстемдік етті.
Өнеркәсіптік төңкерісінің нәтижесінде жұмысшылардың саны күрт өсті. 19 ғасырдың ортасында 21 млн. ағылшын халқының 4 800 мыңы жұмысшы болды. Ағылшын пролетариаты дербес саяси күреске шығатын дәрежеге жетті. Бұл тұстағы жұмысшылар қозғалысы чартиам деген атпен белгілі. Өнеркәсіптің даму дәрежесі мен қарқыны жағынан Ұлыбритания дүние жүзінде 1-орында тұрды. Ауыр өнеркәсіп мықтап дамыды. Мыс., дүние жүзінде өндірілетін шойынның тең жартысы осында қорытылды. Ұлыбритания отарлық империясы 145 млн. халқы бар 6,5 млн. км2территорияны иемденді. 50-60 жылдары кәсіподақ қозғалысы айтарлықтай нығайды. 1868 ж. Тред-юниондардың Британ конгресі құрылды. Ұлыбританияда басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы аристократиясы ерте қалыптасты.
1857 жылғы экономикалық дағдарыстың нәтижесінде Ұлыбританияда жұмысшы қозғалысы жаңадан өріс алды. 1859 жылы жазда Лондонда құрылыс жұмысшыларының ірі стачкасы болды. Англия отарлау саясатын онан әрі жүргізе берді. 1852 жылы Бирманың едәуір бөлігін қосып алды. Қытайға, Иранға және Эфиопияға қарсы тонаушылық соғыс жүргізді. 70-90 жылдарда Ұлыбритания монополияға дейінгі капитализмнен империализмге көшті. Англия империализмі отарлық империализм ретінде қалыптасты. 1899 жылы Ұлыбританияның отарлық иелік-герінің көлемі 30 млн. км2-те, халқы 345 млн. адамға жетті.
80 жылдардың ортасында, әсіресе 90 жылдары Ұлыбританияда монополия пайда болабастады. Суэц каналы компаниясы акцияларының 44%-ін иеленген Ұлыбритания Египетке финанс бақылауын орнатып, оны өзіне бағындырды. 1886 жылы Бирманы басып алуды аяқтады. Африканы отарлау кең көлемде жүргізіле берді.
Экономикалық қиыншылықтар еңбекшілердің жағдайын нашарлатты, жұмыссыздардың санын көбейтті. 1907 жылы басталған әкономикалық дағдарыстың салдарынан және 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі буржуазиялық революцияның ықпалымен жаппай стачкалық қозғалыстар өріс алды, кәсіподақтардың қатары жедел өсті. 1900 жылы тред-юниондардың, кәсіподақтар советтерінің, социалдық ұйымдардың және Тәуелсіз жұмысшы партиясының өкілдері Лейборист партиясын (1906 жылға дейін Жұмысшы өкілдігінің комитеті деп аталды) құрды. Алайда жаңа партияның оңшыл басшылары өз саясатын іс жүзінде буржуазия мүддесіне бағындыра білді.
1902 жылы ағылшын-жапон одағы құрылды. 1904 жылы ағылшын-француз келісімін, 1907 жылы орыс-ағылшын келісімін жасау, іс жүзінде Антантаны(Германия-Австрия-Италияның Үштік одағына қарсы ұйымдастырылған Ұлыбритания, Франция және патшалық Россияның соғыс блогы) құруға мүмкіндік берді.
Бірінші дуние жузілік соғыс (1914-1918) Ұлыбритания үшін де, соғысқа қатысушы басқа елдер үшін де империалистік соғыс болды. Ұлыбритания өзінің басты бәсекелесі Германияны талқандап, оның отарларын тартып алуға, Түркияның Таяу Шығыстағы иеліктерінің біразын өзіне қаратуға тырысты. Соғыс мемлекеттік-монополистік капитализмнің жедел дамуына жағдай жасады. 1-дүние жүзілік соғыстан Ұлыбритания жеңімпаз державалардың бірі болып шықты. Германия мен Түркияның көптеген иеліктерін өзіне бағындырды. Франциямен бірге Ұлттар Лигасында шешуші тұлға болды. Дегенмен, 1-дүние жүзілік соғыс және осы соғыс барысында басталған капитализмнің жалпы дағдарысы Ұлыбританияны әкономикалық жағынан әжептәуір әлсіретті.
Ұлы Октябрьлік социалистік революциясы жеңгеннен кейін Ұлыбританияның билеуші топтары Совет мемлекетіне қарсы күресті өз саясатының аса маңызды міндеті деп түсінді. Ұлыбритания Совет еліне қарсы интервенцияны ұйымдастырушы басты елдердің бірі болды. Ұлы Октябрьлік революциясының ықпалымен Ұлыбританияда революция өрлеу туды, 1920 ж. Ұлыбритания коммунистік партиясы құрылды, «Тарт қолыңды Россиядан» деген ұранмен антисоветтік интервенцияға қарсы күрес басталды.
1-дүние жүзілік соғыстан кейін ағылшын-американ, ағылшын-жапон, ағылшын- ранцуз қайшылықтары шиеленісе түсті. Еуропада жетекшілік рольге ие болу жолында Францияға қарсы күрес Ұлыбританияны АҚШ-пен бірге Германияның әскери-өнеркәсіп потенциалын қалпына келтіруге ұмтылдырды. Ел ішінде ұлтшылдық Германиямен ымырашылдық қарым-қатынас орнатуға шақырған фашистік әлементтер жандана түсті. Мюнхен келісімі (1938) жасалды. Фашистік Германия Польшаға шабуыл жасағаннан кейін (1939 ж. 1қыркүйек) Өзара көмек туралы Польшамен шарт жасасқан Ұлыбритания мен Франция 3 қыркүйекте Германияға қарсы соғыс жариялады (Екінші дуние жузілік соғыс (1939-1945). Бірақ Ұлыбритания (Франция сияқты) Польшаға жөнді көмек көрсете алмады.
1941 жылы 22 маусымда Германияның СССР шекарасына басып кіруіне байланысты У. ЧерчилльҰлыбританияның Совет Одағына көмек беруге әзір екенін мәлімдеді. Соғыс барысында антигитлерлік коалиция (СССР, АҚШ және Ұлыбритания) құрылды. Фашистікбасқыншыларды жеңуде бұл коалицияның зор маңызы болды. Дегенмен ағылшын үкіметі СССР-ге соғыс көмегін көрсету мерзімі және оның көлемі туралы келісімді орындамады және АҚШ үкіметімен бірге Еуропада екінші майданды ашу мерзімін созумен болды. Совет әскерлерінің 1943-1944 жылдардағы шабуылы Совет Одағының бір өзі Еуропа халықтарын одақтастардың көмегінсіз-ақ азат ете алатынын дәлелдеді. Осы жағдайда Ұлыбритания мен АҚШ Еуропада екінші майдан ашты.
Соғыс Ұлыбританияның әкономикалық және саяси позициясын едәуір әлсіретті. Ол АҚШ-қа ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Кең өріс алған ғылыми-техникалық революция жағдайында Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталистікелдерден көп кейін қалды (1950 жылдан 1968 жылға дейін өнеркәсіп өнімініңөсімі Ұлыбританияда 68%, Жапонияда 1068%, Италияда 319%, ГФР-де 256%, Францияда 156% болды). 50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталистік дүниеде 4-орынға ығыстырды.
2-дүние жүзілік соғыстан кейін империализмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт-азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге (Үндістан және Пакистан) бөлді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) тәуелсіздік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір әкономикалық және саяси позицияны сақтап қалды.
Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания СЕАТО (1954), СЕНТО (1955; 1959 жылға дейін Бағдад пактісі деп аталды) агрессиялық блоктарын ұйымдастыруға белсене қатысты. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуыл жасады. Совет Одағының, басқа да социалдық елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. 30 жылдардың сабағын естен шығарып, Ұлыбритания Батыс Германияны ремилитарландыруға, оны НАТО-ға қосуға жәрдемдесті.
Британ империализмінің капитализм дүниеніңсаяси, экономикалық және әскери күштерін социализмге және ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күреске тығыз топтастыруға ұмтылуы Ұлыбританияның АҚШ-қа кіріптарлығын күшейтті. Оныңтерриториясында АҚШ-тың соғыс базалары пайда болды. Ұлыбританияның әкономикасына Америка капита лы кеңінен ене түсті, елдің сыртқы қарызы көбейді. Соған қарамастан, Вильсон бастаған лейбористер үкіметі жанталаса қарулануға қыруарқаржы жұмсады, мұның өзі Ұлыбританияның финанс қиыншылығын онан әрі өрі шітті. 1967 жылы фунтстерлинг соғыстан кейінекінші рет құнсызданды. Ұлыбританияның прогресшіл күштері бейбітшілік жолында, билеуші топтардың империалистік сыртқы саяси бағытына қарсы белсене күресіп келеді. 60 жылдардың соңы мен 70 жылдардың басында Ұлыбританияда ереуіл қозғалысы өріс алды. 1965-1970 жылдар ереуілдер саны жыл сайын орта есеппен шамамен 2500-ге жетті; 1970 жылы ең ірі ереуілдерге 50 мыңдай докер және 120 мыңдай шахтер қатысты. Солтүстік Ирландияда әлеуметтік және әкономикалық теңсіздікті жою, азаматтарға тең право беру жолында еңбекшілер жаппай бас көтерді.
Сыртқы саясатта лейбористер үкіметі бұрынғы консерваторлардың бағытын онан әрі жалғастырды. АҚШ-пен ерекше қарым-қатынас орнатты, АҚШ-тың барлық агрессиялық қимылдарын қолдап отырды. 1967 жылы Вильсон үкіметі іс жүзінде Израильдың араб мемлекеттеріне бағытталған агрессиясын қолдады. 1970 жылы үкімет басына келген консерваторлар (премьер-министр Э. Хит) үкіметі кәсіподақтарға қарсы шабуылға шықты, жұмысшыларға қысым жасады. Ал лейбористер үкіметі (1974 жылғы наурыздан бастап) толық жұмыс аптасын қалпына келтірді, шахтерлер мен үкімет арасындағы жанжалды ретке келтірді, кәсіподақтарға қарсы заңды жойды. Сыртқы саясатта лейбористер үкіметі СЕАТО мен СЕНТО-ның қызметіне қатысты. 1974 жылы 6 мамырда Лондонда Ұлыбритания мен СССР арасында әкономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсіп байланысын дамыту жөнінде 10 жылға келісім жасалды.
Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары. Консервативтік партия- ұйымдық жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы. 1900 жылы негізі қаланды. Либералдық партия, 19 ғасырдың ортасында виг партиясы негізінде ұйымдасты. Ұлыбританиякоммунистік партиясы, 1920 жылы негізі қаланды. Тред - юниондардың британдық конгресі, 1868 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың шотландық конгресі, 1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет достығы қоғамы, 1946 жылы негізі қаланды. СССР-мен мәдени байланыс қоғамы, 1924 жылы негізі қаланды. Жастардың коммунистік одағы, 1922 жылы негізі қаланды т. б.
Экономикалық-географиялық очеркі. Ұлыбритания - капиталистік елдер арасында АҚШ, ГФР және Жапониядан кейінгі ірі өнеркәсіпті держава. Бастапқыда Ұлыбритания әкономикасы монополиялық жағдайға негізделіп дамыды. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін (1914-1918) Ұлыбританияның дүние жүзілік шаруашылықтағы жағдайы өзгере бастады. Құрылымы жөнінен ескірген британ өндірісі дүние жүзілік рынокта бәсеке жағдайына төтеп бере алмады. 30 жылдардағы дүние жүзілік әкономикалық дағдарыс елдің экономикасына, әсіресе оның ескі салаларына көп зиян тигізді. 2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) және соғыстан кейінгі капитализмнің жалпы дағдарысы ұлт-азаттық қозғалысының пәрменді дамуы Британ отарлық империясының ыдырауына әкеп соқты. Дегенмен неоколониализм саясатын қолдана отырып, Ұлыбритания тәуелсіздігін алған жас мемлекеттерді Ынтымақ құрамына тартып, өз ықпалын сақтап қалып отыр.
50 жылдары өндірістің жаңа салаларының монополиясы құрылып дами бастады. Үкімет өндіріс концентрациясын жақтап, 1966 жылы осы мақсатта өндірісті қайта құру корпорациясын құрды. Автомобиль жасау өндірісінде «Бритиш мотор холдингс» және «Лейленд мотор» компаниялары бірігіп, ірі «Бритиш Лейленд мотор корпорейшен» монополиясын құрды. Электротехникалық «Инглиш электрик» және «Дженерал электрик» фирмалары «Ассошиэйтед электрикал индастрис» компаниясына бірікті. Авиация өндірісінде «Бритиш эркрафт корпорейшен», «Хокер Сидли груп», «Уэстленд эркрафт» монополиялары, электрондық жабдықтар өнеркәсібінде «Интернэшонал компьютерс», «Дженерал электрик-Инглиш электрик», «Торникрофт», қару-жарақ өндірісінде - «Виккерс», химия өндірісінде «Импириал кемикал индастрис», мұнай айыру өндірісінде «Ройял датч-Шелл», «Бритиш петролеум компани», тамақ өндірісінде «Юнилевер» монополиялары мен концерндері үстемдік ете бастады. Мемлекеттік-монополияның ролі артты. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін тас көмір, газ электрэнергетика, т. ж. транспорты, қара металлургия, ішкі су және қала транспорттарының бір бөлігі, ағылшын банкісі, атом өндірісі мен атом әнергетикасы, радио-теле жүйесі национализацияланды, яғни өнеркәсіп өндірісінің 20%-тен астамы мемлекет қарамағына көшті. 50-60 жылдарда байқалған Ұлыбритания өндірісіндегі ерекше құбылыс - бұл ел әкономикасына американ капиталының (әсіресе мұнай өңдеу, әлектротехника, химия, автомобиль өндірістеріне) енуі. 70 жылдары американ капиталы Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің 10%-іне ықпалын жүргізді. Капитализм дүниеде 70 жылдар басында байқалған әкономикалық дағдарыс белгілері Ұлыбритания экономикасында да анық сезілді. Өндіріс мөлшері қысқарды, инфляция тұрақты процеске айналды, жұмыссыздар саны тоқтаусыз өсті. 1975 жылы ел ішіндегі жалпы өнім 2,5%-ке кеміді және жаппай тұтыну тауарларының бағасы орташа есеппен 24%-ке артты. Өндірісті жандандыру үшін және жұмыссыздықтың шұғыл өсуін тежеу мақсатында Ұлыбритания үкіметі шұғыл шаралар да қабылдады. Мыс., «Бритшп Лейленд мотор», «Интернэшонал компьютерс», «Альфред Герберт» сияқты ірі монополияларға көмек ретінде жүздеген миллион фунт стерлинг қаржы бөлінді. Бірақ бұл шаралар Ұлыбритания капитализмінің одан әрі құлдырауын тоқтата алмай отыр.
Өнеркәсібі.Ұлыбритания өнеркәсіп үлесіне ұлттық өнімінің 50%-тен астамы және экспорттың 9/10-ы тиеді. Әсіресе ауыр өнеркәсіп үлесі басым.
Ұлыбритания өнеркәсіп салалары арасындажетекші орынды тас көмір өнеркәсібі алады. Дегенмен сұйық отынға қарағанда өндіру мөлшері жыл санап кемуде. Ірі бассейндері - Йоркшир, Нортамберленд-Дарем, Оңтүстік Уәльс. 1975 жылы елде 129 млн. тонн тас көмір өндірілді. Солтүстік теңіз жағалауынан табиғи газ өндіріледі, 1975 жылғы өнімі 37,2 млрд. м3.
Ұлыбритания әнергетикасы негізінен көмірге негізделген. 70 жылдардың орта шенінен бастап импорттық мұнайдың үлесі артуда. 1975 жылы алынған 290,3 млрд. квт*сағ әлектр энергиясының басым көпшілігі ЖЭС-терде өндірілді. Беркли, Олдбери-А, Сайзуэлл-А, Данджнесс-А, Хинкли-Пойнт-А, Траус-винит т. б. атом әлектр станциялары іске қосылған. Елде СЭС-тердің маңызы шамалы, бұлар жалпы энергияның 2,6%-ін ғана өндіреді (1975).
Жергілікті кокстелетін көмір мен сапасы төмен темір рудасы негізінде қалыптасқан Ұлыбритания қара металлургиясы ел өнеркәсібінің қара металдық мұқтажын толық қамтамасыз етеді. 1975 жылы мұнда 11,9 млн. т шойын және 19,8 млн. т болат алынды. Қара металлургияның өндірісі мемлекеттік «Бритиш стил» корпорациясына біріктірілген. Ірі кәсіпорындары Оңтүстік Уәльс және Солтүстік-Шығыс Англияда шоғырланған. Түсті металлургиясы сырттан тасылатын шикізатқа негізделген; сондықтан ірі кәсіпорындары басты портты қалаларда және энергетика орталықтарында (Бирмингем, Үлкен Лондон, Оңтүстік Ланкашир аудандарында) орналасқан. 1975 жылы елде 75,6 мың тонна мыс, 53,4 мың тонна мырыш, 123,4 мың тонна қорғасын, 15,4 мың тонна қалайы (1974) алынды.
Машина жасау өнеркәсібі - британ өнеркәсібінің жетекші саласы; шығаратын түрлері өте көп және құрылымы күрделі; елдің барлық аудандарында бірқалыпты дамыған. Басты саласы - автомобиль жасау. Автомобильдері - негізінен әкспорттық өнім салалары. Автомобиль құрастыратын ірі зауыттары Үлкен Лондон, Батыс Мидленд (Бирмингем, Ковентри), Лутон, Оксфорд ауданындарында шоғырланған. Ұлыбритания автомобиль өнеркәсібіне американдық «Форд» фирмасының ықпалы күшеюде. 1975 жылы 1268 мың тонна жеңіл және 381 мың жүк автомобилі шығарылды. Үлкен Лондон, Бристол, Батыс Мидленд және Ланкаширде авиация зауыттарыбар. Ұлыбритания машина жасау өнеркәсібінің ежелгі саласы - кеме жасау. Кеме жасау жөнінен Ұлыбритания капиталистік елдер арасында Жапониядан кейінгі 2-орын алады (1973). Ұлыбритания өнеркәсібінің жаңа салаларының бірі химия өнеркәсібі - мұнай-химиялық синтезге негізделген. Жалпы қуаты 123 млн. тп-лық (1975) 21 мұнай айыратын зауыт (Темза өзенің атырауында, Оңтүстік Уэльс, Мерсисайд, Тиспортт, Грейнджмут т. б. аудандарда) бар. Басты өнімдері - синтездік талшық, пластмасса, күкірт қышқылы және минералдық тыңайтқыштар. Мата тоқу өнеркәсібі - ел экономикасының ежелгі салаларының бірі, әсіресе мақта-мата (405 млн. м2, 1975) және жүн мата (151 млн. м2, 1975) өндірістерінің үлесі басым. Басты аудандары - Ланкашир (мақта-мата), Йоркшир (жүн мата). Ұлыбритания азық-түліктік шикізаттарды ежелден сырттан алуына байланысты тамақ кәсіпорындарының көпшілігі ірі порттарға (Лондон, Ливерпул, Бристоль, Белфаст т. б.) шоғырландырылған.
Ауыл шаруашылығы. Жетекші саласы - мал шаруашылығы. Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің 62%-ке жуығы мүйізді ірі қара шаруашылығынан түседі. 1975 жылы елде 2,2 млн. тонна ет, 13,1 млрд. литр сүт, 46,8 мың тонна сары май өндірілді. Мал басы (млн., 1975): мүйізді ірі қара 14,7, қой 28,3, шошқа 7,5, үй құсы 137. Шығыс және оңтүстік- шығысында егін шаруашылығының үлесі басым. Жалпы егісі 6 млн. га, бұның ішінде дәнді дақылдар егісі 4 млн. га шамасында. Басты дақылдарының егісі (мың га) мен өнімдері (мың тонна 1975): арпа 2345 және 8436, бидай 1035 және 4435, сұлы 233 және 802, картоп 204 және 4535, қант қызылшасы 197 және 5309. Уош шығанағы, Северн, Ившем, Уз өзен аңғарларындакөк өніс, бақ және гүл өсіру, Шотландия мен Солтүстік Ирландияда картоп, ылғалды аудандарында сұлы егіледі. Ауыл шаруашылық өндірісі өте жоғары механикаландырылған және интенсивті даму дәрежесіне көтерілген.
Ұлыбритания өзін-өзі мал шаруашылығы өнімдерімен толық дерлік қамтамасыз етеді, егіншілік өнімдерінің көпшілігін сырттан алады. Елде жылына 1,4 млн. тонн балық ауланады (1975). Негізінен треска, палтус және май шабақ ауланады. Ірі балық аулау флоттары Солтүстік теңіз жағалауында (Халл, Грейт-Гримсби, Грейт-Ярмут, Лоустофт) шоғырланған. Атлантиканың шалғай бөліктерінен де ірі балық ауланады.
Транспорты. Ел ішінде жүк тасымалдаудан автомобиль жәнет. ж. транспортының үлесі басым. Теңіз флотының тоннажы жөнінен (1975 ж. 50,8 млн. дедвейт тонна).Ұлыбритания дүние жүзінде жоғары орындардың бірінде. Лондон - дүние жүзінде маңызы бар аса ірі порттардың бірі. Ливерпул, Манчестер, Глазго, Халл (Гулль), Бристоль, Ньюкасл, Саутхемптон және Дувр порттарының маңызы күшті.
Темір жолының ұзындығы 19,0 мың км, жүк айналымы 23 600 млн. т/км. Аса ірі темір жол торабы - Лондон. Автожол жүйесінің ұзындығы 345,0 мың км. Автопарктерінде (1975) 15,6 млн. машина бар;мұның 13,8 млн-ы - жеңіл автомашина. Ішкі су жүйесі қысқа болуына байланысты маңызы шамалы; бастысы Манчестер каналы. Лондон аэропорты - аса ірі әуе транспорт торабы.
Сыртқы экономикалық б а й л а н ы с ы. Ұлыбританияның 1975 жылғы әкспорты 19,8 млрд. фунт стерлинг, импорты 24,0 млрд. фунт стерлингке тең болды. Өнеркәсіп өнімінің 7-і сыртқа шығарылады. Экспортында өндірістік құрал-жабдық пен машинаның, мақта мен жүн матаның, химиялық өнімдердің, мұнай өнімдерінің үлесі басым. Сырттан елге қажетті темір рудасы, түсті және сирек металдар, мұнай, фосфорит, мақта, азық-түлік әкелінеді. Басты сыртқы сауда серіктестері (1975 ж., %-пен): АҚШ (әкспорты 8,9, импорты 9,6), ГФР (әкспорты 6,4, импорты 8,3), Франция, (экспорты 5,9, импорты 6,8), Ирландия (экспорты 4,6, импорты 3,8), Оңтүстік Африка республикасы (экспорты 3,5, импорты 2,2); Совет Одағы мен басқа социалистік елдердің экспорттағы үлесі 3,0%, импорты 2,9%.
Ақша өлшемі- фунт стерлинг (СССР Мемлекеттік банкісінің 1976 ж. қаңтардағы нарқы бойынша ағылшынның 1 фунт стерлингі 2,1537 сомға тең).
Экономика-географиялық аудандары.Ұлыбритания территориясы 11 экономикалық ауданға бөлінген.
Оңтүстік-Шығыс (астаналық) аудан өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық жоғары қарқынмен дамыған аймақ. Аудан орталығы - Лондон конурбациясы. Мата тоқу, мебель, тамақ, химия, мұнай айыру және машина жасау (әлектротехникалық, автомобиль және авиация) өнеркәсіптеріне маманданған. Ауыл шаруашылығын бидай, арпа, қант қызылшасын өсіру, сондай-ақ сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған.
- Батыс Мидленд ауданы - болат балқыту, түсті металлургия, металл өңдеу, машина жасау өнеркәсібі (әсіресе автомобиль, электротехника; авиация және станок жасау) басым. Ірі орталықтары: Бирмингем, Ковентри және Вулверхемптон. Сүтті мал өсіріледі. Шығыс Мидленд ауданы - тоқыма, былғары-аяқ киім, қара металлургия, машина жасау, таукен өндірісі жабдықтарын шығару дамыған. Сүтті мал өсіру басым.
- Ланкашир ауданы - аса ірі индустриялық аймақтарының бірі. Басты кәсіпорындары Манчестер және Ливерпулде шоғырланған. Кеме жасау, түсті металлургия, химия, түсті және қара металлургия, мұнай айыру, атом өнеркәсібі дамыған. Ауыл шаруашылығында сүтті мал, құс шаруашылықтарыныц үлесі басым.
- Йоркшир ауданы - елдегі ірі тас көмір бассейні; мата тоқу, қара металлургия, машина жасау, мұнай-химия кәсіпорындары шоғырланған. Сүтті мал шаруашылығы мен егіншілік дамыған.
- Солтүстік-Шығыс аудан ірі Нортамберленд-Дарем тас көмір бассейнін қамтиды. Негізінен тас көмір өндіру, кеме жасау, металлургия, ауыр машина жасау және химия өндірістері дамыған.
- Солтүстік-Батыс аудан (Камберленд) шаруашылығының мамандануы жөнінен Солтстік-Шығыс аудандарға өте ұқсас. Ірі өнеркәсіп орталығы - Барроу (қара металлургия, көме жасау).
- Оңтүстік-Батыс ауданының экономикалық өзегі - Бристоль қ. Химия өнеркәсібі, сүтті мал шаруашылығы (Лондонды сүт өнімдерімен жабдықтайды) дамыған.
- Уэльс - ірі көмір бассейні; негізінен қара және түсті металлургия, химия, мұнай айыру өндірісіне маманданған.
- Шотландия - көмір, қара металлургия, кеме жасау (елде 1-орында), әлектроника, мұнай-химия өнеркәсіптері дамыған. Сүтті және етті мал шаруашылығы және егіншілік жақсы қалыптасқан.
- Солтүстік Ирландия - машина жасау (әсіресе кеме жасау), мата тоқу (Белфаст), химия, жасанды талшық өнеркәсіп салаларына маманданған.
Денсаулық сақтау ісі. 1968 жылы әрбір мың адамға шаққанда адамның тууы 17,0, адам өлімі 11,7. Әрбір тірі туған мың баладан өлгені 18,5. Өмірдің ұзақтығы еркектер үшін 69, әйелдер үшін 75 жас (1968). Елде инфекциялы емес аурулар көбірек таралған. Өлімнің негізгі себебі атеросклероз, ми қан айналысының бұзылуы, қатерлі ісік, әсіресе тыныс алу органдарының ауруларынан (бронхит, өкпе қабыну) өлім өте көп. Мыс., Англия мен Уэльсте созылмалы бронхиттен жылма-жыл 25 мыңға жуық адам өлген (1965). Қатерлі ісіктен көбіне ішек-қарын рагы жиі кездеседі. 60 жылдарда елде венералық аурулар ерекше орын алды. Бұл аурулардың ошағы Лондон, Ливерпул, Бристоль, Бирмингем, Манчестер т. б. ірі қалалар болды. Елде 1951 жылдан әрбір рецептке салық салынған, тісті емдету, тіс салдыруға белгілі мөлшерде ақы төлейді. Денсаулық сақтау ісіне жұмсалатын қаржының 75%-ке жуығы мемлекеттен, қалғаны жеке адамдардың, өндіріс иелерінің қауіпсіздендіру жарналарынан, жергілікті салықтан түседі. Ұлыбританияда 1968 жылы 545,2 мың ауруханалық төсек болды (бір мың адамға 9,9 төсек). 1968 жылы 63,1 мың дәрігер (840 тұрғынға 1 дәрігер) денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет істеген. Осы мекемелерде 12,0 мың тіс дәрігері, 6,7 мың фармацевт, 259 мың акушерлер мен медсестралар болды. Ұлыбританияда дәрігерлерді 27 медициналық мектебі даярлайды. 1968 жылы денсаулық сақтау орындарымен келісім бойынша 24,1 мың жеке меншікті дәрігер қызмет істеді. Осындай жалпы мамандарға мемлекеттік ақы төлеп, қабылдайтын науқас адамдардың санын белгілейді, мыс., мұндай дәрігердің 2500 адам қабылдауына болады. Жергілікті денсаулық сақтау мекемелері өз жұмыстарын Денсаулық сақтау министрілігімен сәйкес жүргізеді. Ұлыбритания жерінде Брайтон, Ист-борн, Богнор-Риджис, Борнмут, Торки, Батыс Бакстон курорттары бар.
Оқу-ағарту ісі. 1870 жылы мектептің мемлекеттік жүйесінің негізін қалаған білім беру жөніндегі бірінші заң қабылданды. Осыған сәйкес 5-12 жастағы балалардың бастауыш білім алуы міндетті деп жарияланды. 1902 жылы білім беру жергілікті органдарын мемлекетік грамматикалық мектептер құруға міндеттеген заң қабылданды. 1918 жылы міндетті бастауыш білім 14 жасқа дейін ұзартылды. 1944 жылғы заң бойынша міндетті оқу жасы 15-ке дейін созылып, орталау мектеп міндетті деп жарияланды. Бұл заң Ұлыбританияның қазіргі халық ағарту жүйесінің негізіне алынған (кейбір айырмашылықтармен). Қазіргі халық ағарту жүйесі 3 басқыштан тұрады: бастауыш, орта, кезектегі білім беру. Мектепке дейінгі тәрбие мектеп-яслилер мен мектепке дейінгі кластарда жүзеге асырылады. 1968 жылы 600-ге жуық мектепке дейінгі мекеме (26 мың бала тәрбиеленді) болды. Бастауыш білім жүйесіне 5-11 жастағы балалар қамтылады (Шотландияда 12, Солтүстік Ирландияда 13 жасқа дейін). 5 жастан 2 жылдық балдырғандар мектебінде, 7 жастан бастауыш мектепте оқиды. Бастауыш мектепті бітірген соң, баланың қабілетін анықтайтын тестілер бойынша, оқушылар бірыңғай емес үш түрлі орта мектептерге (грамматикалық, қазіргі, техникалық) бөлінеді. 50 жылдардың басынан бірыңғай орта мектептің 3 түрінің де программасын біріктіретін орта мектептің жаңа түрі құрыла бастады. Мектептердің оқу жоспары мен программасында ғана емес, мектепті бітірген оқушыларға берілетін правосында да айырмашылықтар бар: Грамматикалық мектептің негізгі міндеті - оқушыларды жоғары оқу орындарына даярлау, орта техникалық мектептерде жалпы білім жалпы техникалық даярлықпен ұштастырылады. Қазіргі мектептерді бітіргендер ерекше емтихан тапсырудан кейін (оқушылардың азғана бөлігі) грамматикалық мектептің жоғары класына өтуге мүмкіндік алады. Қазіргі мектептерде практикалық даярлыққа баса көңіл бөлінеді. Орта мектептердің бөлігінде қыздар мен ер балалар бөлек оқытылады. Мемлекеттік мектептермен қатар, жеке меншікті («тәуелсіз») орта мектептер де бар. Оның ішінде ерекше пұрсаттылары паблик скулз (Итон, Харроу, Уинчестер т. б.) 1968/69 оқу жылында Ұлыбританияда 38,1 мың мемлекеттік мектеп, 9435 мың оқушы болды.
Бастауыш және қазіргі мектеп мұғалімдерін 3 жылдық педагогикалық колледждер даярлайды. 1968/69 оқу жылында оларда 125,9 мың адам оқыды. Грамматикалық мектептер мұғалімдерін университтерінде арнаулы 1 жылдық педагогикалық бөлімдер даярлайды, оған университеттің бір факультетінің 3 жылдық курсын бітіргендер қабылданады. 1968/69 оқу жылында 32 педагогикалық бөлімдерде 6100 студент оқыды.
Білім берудің басқа сатысы жұмыс істейтін жастар үшін, жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары.
Оқу мерзімдері 5 және 2 жыл (төменгі, орта кәсіптік білім беру), 1967/68 оқу жылында білім берудің басқа сатысы жүйесінде 3410 мың адам оқыды. Жоғары білім университеттерде, колледждерде және техникалық институттарда беріледі. 1968/69 оқу жылында Ұлыбританияда 44 университет (212 мыңнан астам студент және аспиранттар), 8 политехникалық институт және 48 жоғары білім беретін колледж (15,6 мың студент) болды. Ірі университеттері: Лондон (1836 жылы құрылған), Кембридж (1209), Оксфорд (1167), Эдинбург (1583), Кардиффтегі Уэльс (1893), Белфаст (1908) университеттері.
Ірі кітапханалары: Британ музейі кітапханасы (1753), Оксфорд университеті кітапханасы (Бодли кітапханасы, 1602; кітап қоры 2,8 млн-нан астам дана), Кембридж университеті кітапханасы (3 млн-ға жуық дана, 12 мыңнан астам қолжазба), Уэльс Ұлттық кітапханасы (1907, 2 млн-нан астам дана), Ланкашир көпшілік кітапханасы (1924, 3,3 млн. дана), Шотландия Ұлттық кітапханасы (1682; 3 млн-нан астам дана), Эдинбург университеті кітапханасы (1 млн-нан астам дана), Лондон ун-ті кітапханасы (1838; 850 мыңнан астам дана) т.б. Басты музейлері: Британ музейі (1753 жылы құрылған), Британ табиғат тану тарихы музейі, Ғылыми музей (1857; машиналардың уникалды коллекциялары сақталған), Лондон музейі (1912), Ұлттық галерея (1824), Виктория мен Альберт музейі (1852), Тейт галереясы (1897), Ұлттық портрет галереясы (1857), Уэльс ұлттық музейі (1907), Стратфорд-он-Эйвондағы Шекспирдің мемориалдық музейі, Шотланд корольдық музейі (1854), Шотланд сирек кездесетін заттары ұлттық музейі (1780), Шотландия ұлттық галереясы (1859).
Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдары. Орта ғасырдың бас кезінде Англияда қолөнер, таукен өнерінің т. б. дамуына байланысты білімнің әр саласынан мәліметтер жинақтала бастады. Дүние туралы түсінік шіркеу көзқарасының шегінде қалыптасты (ғалым монах П. Пилигрим т. б.).
12-13 ғасырларда Оксфорд және Кембридж университеттері шіркеулік оқу орны ретінде пайда болды. Бұлардың схоластикадан босануына философ әрі алхимик Роджер Бэкон еңбектерінің әсері тиді. Ол селитраның қасиетін зерттеп, қара оқ-дәрі жасау әдісін тауып, бірқатар химиялық қосылыстарды баяндап жазды.
15-16 ғасырларда Англия Географиялық улы ашуларға қатысты. 1497-1498 жылдар Дж. және С.Кабот Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауын ашты; X.Уиллоби мен Ф.Ченслер Солтүстік Двинаның сағасына жетті (1553); Ф.Дрейк Магелланның ізімен жер шарын айналған саяхат жасады. Кен өндіретін өнеркәсіп, металлургия және мануфактзфа өндірісінің дамуы осы кезеңдегі ғылми прогрестің стимулы болды.
Жаратылыс тану ғылымының қалыптасуы (17-19 ғасырдың басы). 17 ғасырда ғылыми зерттеулердің орталығы Италия, Франция, Голландиядан Ұлыбританияға ауысты, өйткені ол капиталистік даму жолына түсіп, күшті теңіз державасына айналған еді. Ғылымның ұйымдастыру орталығы Лондон корольдық қоғамы болды (1662). 1675 жылы Гринвичте Корольдық обсерватория құрылды.
17 ғасырдың 2-жартысындағы маңызды ғылыми жаңалықтар Р. Бойль, Р. Гук, У.Гарвей, И.Ньютонның есімдерімен байланысты. Ньютон жарықтың корпускулалық теориясын жасап, осының негізінде өзі ашқан жарық дисперсиясын түсіндірді. Бойльдың пневматикалық насоспен жасаған тәжірибесі газ көлемінің оны қысатын қысым күшіне тәуелділігін дәлелдеді (Войль-Мариотт заңы). Дж. Уоллис пен Ч. Рен механикадағы қатты денелердің (шар) соқтығысу заңын тағайындады. Гук ашқан қатты дене деформациясы мен оған түсірілген күш арасындағы тәуелділік-серпінділік теориясыныцнегізі болды (Гук заңы). Осы заманғы химияның атасы Бойльдің еі басты еңбегі - химиялық элементтің ұғымын енгізуі және сапалық анализді жасауы. Дәрігер, анатом әрі физиолог У. Гарвей жануарлар физиологиясының негізін салушылардың бірі болды. Ол қан айналысын ашты.
Ағылшын жаратылыс зерттеушілері Жер туралы ғылымның қалыптасуына зор үлес қосты. Гук Жер сілкінісі мен вулканизмнің құпиясын іздеді. Э. Галлей магниттік бұрылу картасын жасады әрі астрономиядан алғашқы периодтық кометаны ашты. Динамиканың негізгі заңдарын тұжырымдауы және бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуы - Ньютонның атын әлемге танытты. Динамиканың жасалуы тарихтағы ұлы жаңалықтардың бірі - Ньютонның (Лейбницке тәуелсіз) дифференциалдық және интегралдық есептеулерді ашуына себепші болды.
Өнеркәсіптік төңкерістің маңызды кезеңі су буының күшін машинада пайдалану еді. 1698 жылы Т. Северидің шахтадан су айдап шығаратын бу насосын жасауы осының бастамасы болды. 1784 жылы Дж. Уатт қос әсерлі бу машинасына патент алды. 1802 жылы Саймингтон еспелі винт орнатылған пароход жасады. 1803-1804 жылдар Ц.Тревитик паровозды, ал 1825 жылы Дж.Стефенсон бу жетегімен жүретін алғашқы темір жолды жасады. Машина конструкцияларындағы ағашты металмен алмастыру металлургия мен машина жасауды дамытуға себепші болды. Г. Корт прокат станын, Г. Модсли суппортты жасады.
18 ғасырда Еуропаға танылған ағылшын ғалымдары Дж.Блэк, Г.Кавендиш, Дж.Пристли болды. Блэк көміртектің қос тотығын, оның шәкірті Д. Резерфорд азотты ашты. Пристли мен Кавендиш таза оттекті бөліп алды. «Химиялық философияның жаңа системасында» (1808) Дж.Дальтон атом теориясын баяндап, осының негізінде 1802-1808 жылдар еселік қатынас заңын ашты. Электрохимиялық құбылыстарды зерттеу, электролиз заңдарын ашу елеулі үлес болды (X. Дэви, Дж. Даниел, Т. Грэм, М. Фарадей).
18 ғасырдың алғашқы он жылдығында кембрий, силур, девон, тас көмір жүйелері ажыратылып көрсетілді (А. Седжвик, Р. Мурчисон, У. Филлипс, У. Конибир т. б.). Биологияда өсімдіктер мен жануарлардың систематикасымен қатар анатомия мен физиология да дамыды. Медицинада жұқпалы аурулармен күресу әдістері зерттелді (Э.Дженнер, Дж.Прингл т.б.). 18 ғасырдың соңында электр мен жылулық зерттеліп, Дж. Блэк балқу мен буланудың жасырын жылуы ұғымын енгізді. 18 ғасырда астрономиядан Дж. Брадлей жарық аберрациясын ашты. В. Гершель қуатты телескоп жасады, Уран планетасы мен оның серігін әрі Сатурнның серігін ашты. Ұлыбританияда математикалық (1707) және ботаникалық (1721) ғылым қоғамдары пайда болды.
Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың дамуы (19 ғасырдың 30-90 жылдары). 19 ғасырдың 30 жылдарында ағылшын ғылымы білімнің көптеген саласынан алдыңғы шепке шықты. Ұлыбританиядағы машина жасаудың артуы металлургия мен металл өңдеуді қайта құруды талап етті.
- Жаңа өнеркәсіптік аудандар мен рыноктардың пайда болуы транспорт пен байланысты жетілдіруді қажет етті. 1837 жылы У. Кук пен Ч. Уитстон әлектромагниттік телеграф аппаратына патент алды. 1866 жыды Ұлыбритания - АҚШ арасындағы су асты трансатлантикалық телеграф желісі пайдалануға берілді.
- 1881 жылы алғашқы электр станциясы жасалды.
19 ғ-да ағылшын физиктері зор табысқа жетті. Дж. Джоульдың жылудың механикалық эквивалентін анықтау жөніндегі тәжірибесі энергияның сақталу заңын дәлелдеді. У. Ранкин мен У. Томсон термодинамиканың негізін жетілдірді.
19 ғасырдың басында Т. Юнг жарықтың толқындық теориясын жаңартты. Дж. Гершель инфрақызыл сәулені байқады. Д. Брюстер, Дж. Стокс люминесценцияны зерттеді. Дж. Рэлей молекулалық физиканың негізін қалады. Томсон мен Стокс гидродинамиканың дамуына үлес қосты. М. Фарадей мен Мансвеллдің электромагниттік өрісті және осы өрістің негізгі зандарын ашуы ұлы жетістік болды. Максвелл теңдеулерінен жарық жылдамдығымен таралатын электромагниттік толқындар бар деген қорытынды шықты, оны Германияда Г. Герц анықтады. Максвелл теориясы жарықтың электромагниттік табиғатын ашты.
19 ғасырдың ортасында ағылшын ғалымдары химиялық қосылыстардың құрылысы туралы ұғымды жасауға көмектесті. Э. Франкленд валенттілік ұғымын енгізді. 19 ғасырдың аяғында У. Рамзай (М.Траверспен қосыла) инерттік газды ашты. Г.Армстронг бензолдың центрлік формуласын ұсынды.
Жер туралы ғылымның дамуына 19 ғасырдың бойында ағылшын экспедициялары зор үлес қосты. У. Парри, Дж. Росс және Дж.К.Росс (1831 ж. солтүстік магниттік полюсті ашты) полюстік аймақты жүйелі түрде зерттеді. Океанография «Челленджер» экспедициясының (1872-1876) жер шарын айналып шығуына байланысты пайда болды.
19 ғасырдағы ағылшын және дүние жүзілік биологияның шыңы - Ч. Дарвин ілімі (Дарвинизм) болды. 19 ғасырдың 2-жартысында ағылшын медиктері өнеркәсіптік травматология мен санитарлық гигиенаны дамытты (Л.Хорнер, Э.Перкинс т.б.). Ч.Шеррингтон 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында орталық нерв жүйесінің физиологиясы жөніндегі бірнеше еңбегі үшін 1932 жылы Нобель сыйлығын алды.
Жаратылыс тану мен техникадағы ғылыми революция (20 ғ.). 20 ғасырдың 40 жылдарына дейін ағылшын ғылымы білімнің бірсыпыра саласынан (ең алдымен физикадан) жетекші роль атқарды. 19 ғасырдың аяғында Кембридждегі Кавендиш лабораториясы (оны кезегімен Максвелл, Рэлей, Дж.Томсон басқарды) физикалық лабораториялардың ішіндегі жетекшісі болды. Томсонның басшылығымен (1884-1919) ол әксперименттік шеберлік мектебіне айналды. 1-дүние жүзілік соғысқа дейін Ч. Баркла сипаттамалық рентген сәулесін ашты (1917 жылы Нобель сыйлығы берілді), Г.Мозли атомдық рентген спектрлерінің маңызды заңдылығын анықтады, Резерфорд және оның шәкірттері атомның планетааралық моделін жасады, Ф. Содди изотоп туралы ұғым енгізді (1906), Томсон мен Ф. Астон жасаған массспектрометрмен химикалық элемент изотопының бар екендігі анықталды әрі бөліп алынды (1921 жылы Нобель сыйлығы берілді). Вильсонның ионизациялық камерасымен физикада элементар бөлшектер зерттелді. 1932 жылы Кавендиш лабораториясында Дж.Кокрофт және Э.Уолтон әлементар бөлшектерінің үдеткішін жасап, ядроны протонмен жаруды жүзеге асырды, сол жылы Дж.Чедвик нейтронды ашты.
20 ғасырдағы ғылымның жаңа бағыты - космостық сәуле физикасы П. Блэкетт космостық сәулелерді зерттеу тәсілін жасады, электрондар мен позитрондар нөсерін (Дж.Оккиалинимен бірге) анықтады (1948 жылы Нобель сыйлығы берілді). 1947 жылы С.Поуэлл мен Оккиалини қалың қабатты әмульсия әдісімен л-мезонды ашты (1950 жылы Нобель сыйлығы берілді), ал Г. Рочестер мен Г. Батлер космостық сәуледен гиперон мен К-мезонды тапты. 20 жылдары У.Г.Брэгг пен У.Л.Брэгг кристалдардың рентген құрылымдық анализі әдісін қолданды. Теориялық физикадан кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі - П.Дирак кванттық статистиканың принциптерін тұжырымдады.
Ағылшын математикасы математикалық логика мен математикалық негіздері (Б. Рассел, А. Уайтхед), сандар теориясы мен функциялар теориясы (Г.Харди, Дж.Литлвуд), математикалық статистика (Р.Фишер), есептеу математикасы бағытында дамыды. Физикалық химия саласынан 1956 жылы С.Хиншелвуд тізбекті химиялық реакция теориясын жасағаны үшін (СССР-дегі Н. Н. Семеновпен бірге) Нобель сыйлығын алды.
20 ғасырда техникалық мәселелерге байланысты әлектроника мен радиофизика (О.Хевисайд, Дж.Флеминг т. б.), газ динамикасы мен акустика (Дж.Тейлор, М.Лайтхилл) салаларынан физикалық зерттеулер дамытыла бастады. 1925-1926 жылдар Дж.Бердт лампылы күшейткіштер көмегімен телевизиялық хабар беру тәжірибесін, 1928 жылы түрлі түсті телевизияның алғашқы тәжірибесін жүргізді. 19341935 жылдар Р.Уотсон-Уатт «радиожаңғырық» тәсілімен қозғалыстағы нысананы табу жұмысын жүргізді, осының негізінде радиолокация жасалды. 1941 жылы Ұлыбританияда турбореактивтік двигателі бар тәжірибелік самолетте алғашқы ұшу жүзеге асырылды (конструкторы Ф.Уиттл). 1956 жылы Колдер-Холлде Ұлыбританиядағы алғашқы атом әлектр станция (қуаты 92 мың квт) іске қосылды.
Биохимияны дамыту негізі Листеров институтында (Кембридж) қаланды. Мұнда Ф.Хопкинс (1929) витаминдерді, А.Гарден (1929) ферментация процестерін зерттегені үшін Нобель сыйлықтарын алды. 1945 жылы ағылшын бактериологы А.Флемингке пенициллинді ашқаны үшін Нобель сыйлығы берілді. А.Мартин мен Р.Синг ұсынған хроматографиялық әдісін (1952 жылы Нобель сыйлығы берілді) қағазға енгізу биология және аналитикалық химиядағы прогресс болды. Кембриджде А.Тодд В12 витаминінің құрылысын анықтады (1957 жылы Нобель сыйлығын алды). 1962 жылы Дж.Кендрю мен М.Перуцке гемоглобин мен миоглобин молекулаларының толық құрылымын анықтағаны үшін Нобель сыйлығы берілді. Осы жылы физиология мен медицинадан Ф.Крик пен М.Уилкинстің дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) құрылысының моделін жасаған жұмысы Нобель сыйлығына ие болды.
20 ғасырдың басында генетиканың дамуы У.Бэтсонның атымен байланысты. 1931 жылы Т.Пейнтер хромосома құрылысын зерттеудің негізін қалады. Нейрофизиология саласында зерттеулер Э.Эдрианның атына байланысты. Оның шәкірттері А.Ходжкин мен А.Хакслиге, Ч.Шеррингтонның шәкірті Дж. Эклске Нобель сыйлығы берілді. Эволюция проблемаларын Дж. Хаксли, Холдейн т.б. зерттеді.
Жер туралы ғылымның дамуы физика мен химияның жетістіктеріне байланысты. 1906 жылы Олдем Жердің геофизикалық ядросын анықтады. 20 ғасырдың көрнекті геофизигі - X.Джефрис, 30 жылдары А.Холмс радиоактивтілік жөніндегі мәліметтерді тау жаралумен және Жердің термалдық тарихымен байланыстырды. Ол 1920 жылы американдық Ч.Шухертпен бірге абсолюттік геологиялық уақыт шкаласын ұсынды.
Қоғамдық ғылымдары. Философия. Ұлыбритания философиясының мың жылдан артық тарихы бар. 9 ғасырда ирландиялық Иоанн Скот Эриугена өзінің философиялық жүйесінде пантеистік неоплатонизм идеяларын білдіріп, орта ғасырлық философияда схоластикаға қарсы бағыттың дамуына әсер етті. 11-12 ғасырлардағы философия тарихы жөнінде жазылған алғашқы еңбектің авторы Иоанн Солсберийскийдің көз-қарастарынан таным тәжірибесінің маңызын түсіну нышаны байқалады. Оксфорд ғалымы Роджер Бэкон ілімі схоластикалық байымдаулардан табиғатты бағдарлап білуге бетбұрыс жасалмай қоймайтынын 13 ғасырдың өзінде-ақ аңғартқан еді.
Томас Мордың әлеуметтік утопиясы феодализмнің күйреп, алғашқы капиталдың жиналуы кезеңіндегі қоғамдық ой-пікірден ерекше орын алды (Утопиялық социализм). 17 ғасырда Ф.Бэкон айдан айқын материалистік дәстүрлердің негізін қалады. К.Маркс пен Ф. Энгельс оны ағылшын материализмінің нағыз атасы деп бағалады. 17 ғасырдағы ағылшын материализміңің дінге қарсы қызметін 18 ғасырда деизм онан әрі жалғастырды. Дж. Берклидің субъективті-идеалистік ілімі мен Д. Юмның скептицизмі материализмге қарсы идеалистік бағытты жақтады. 1820 жылдары утопиялық социализмнің аса көрнекті өкілдерінің бірі - Р. Оуэннің көзқарастары қалыптасты. Капиталистік құрылыстың нығайып, толық дамуы дәуірінде позитивизм ілімі пайда болды.
19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында Ұлыбританияда субъективті идеализмнің Ф.К.С. Шиллер жариялаған прагматикалық түрі (Прагматизм) пайда болды. Бұдан соң неореализм мектебі (Б.Рассел, Дж.Э.Мур, Ч.Д.Броуд, С.Александер, Г.X.Прайс) неғұрлым ықпалды күшке ие болды. 20 ғасырдың орта шенінде неопозитивизмнің, әсіресе логикалық позитивизмнің (кейінгі Рассел, Л. Витгенштейн, Дж. Уисдом, А. Дж. Айер, К. Поппер) маңызы арта түсті. 50 жылдардан бастап логикалық талдау философиясы екінші кезекке шығып, лингвистикалық талдау философиясы жетекші орынға ие болды. 60 жылдары бұл бағыт қатты сынға алынып, философияның дәстүрлі проблемаяарына қайта оралу ұраны көтерілді.
К. Маркс пен Ф. Энгельстің творчестволық қызметі негізінен Ұлыбританияда өтті. Олар өздерінің бірқатар еңбектерінде Ұлыбританияда философияның дамуын, ағылшын утопиялық социализмін талдады, социалдық ынта-талаптардың материалистік философиямен байланысын көрсетті. Осы заманғы марксист философтардың ішінен М. Корнфорт пен Дж. Льюисті атауға болады. Физик Дж. Бернал мен биолог Дж. Холдейн ғылыми зерттеулер саласына марксистік идеялардың енуінде зор роль атқарды.
Тарих ғылымы. Ағылшын тарихнамасы ертедегі орта ғасырда пайда болды. 9 ғасырдың аяғында «Ағылшын-саксон хроникаларын» құрастыру басталды. 16 ғасырда ағылшын тарихнамасына гуманизм идеялары ене бастады. Капиталистік қатынастардың пайда болуы әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тарих ғылымы саяси сипат алды. 17 ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы тарих ғылымының дамуына орасан зор әсер етті. Тап күресі идеяларының алғашқы ұрықтарының пайда болуы осы тұсқа жатады. 18 ғасырда ағылшын тарихнамасы ағарту идеялары негізінде дамыды.
19 ғасырдың 1-жартысындағы тарихнама өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуына және кәсіпкер буржуазияның өкімет билігі үшін күрес жүргізуіне байланысты туған әлеуметтік қайшылықтардың ықпалымен дамыды. Ұлы француз революциясы мен ағылшын пролетариатының алғашқы бұқаралық қозғалысы - чартизм тарихшыларға қатты әсер етті. Тарихнамада екі бағыт: консерваторлық (тори) және либералдық (виги) бағыттар қаыптасты. 19 ғасырдың 20-40 жылдарын - кейін неокейнсшілдік, онан беріректе 1689 жылы ежелгі ағылшын тілінің тұңда радикал-демократикалық бағыттағы ұсақ (19 ғасырдың аяғында) неоклассикалық ғыш грамматикасы шықты (Дж. Гикс). Буржуазияшыл тарихшылар У.Коббет бағыттар туып, кәсіпкерлік бостанды - 18 ғасырдың аяғында санскрит текстері пен Т. Карлейль сол заманғы саяси идеяларын уағыздады. 20 ғасырдың жариялана бастады (У. Джонс) құрылысты қатты сынады.
19 ғасырдың 2-жартысында капитализмнің бірте-бірте империалистік сатыға ұласуына байланысты, позитивизм ілімі ағылшын буржуазиялық тарихнамасының негізіне айналды. Тарихи зерттеулердің шеңбері кеңейді, көп томды коллективті еңбектер шықты, тарихи документтерді жариялау сапасы жақсарды, әр түрлі тарихи топтар мен қоғамдар пайда болды. 70 жылдары ағылшын жұмысшы қозғалысының тарихын зерттеуге әрекет жасалды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ағылшын тарихнамасында марксистік бағыт қалыптаса бастады (Э.Б.Бакс, Дж.Конноли т. б.).
2-дүние жүзілік соғыстан кейін ағылшын буржуазиялық тарихнамасының әр түрлі ағымдары бірте-бірте топтаса көліп, тарихи зерттеулердің басты салаларында марксизмге қарсы бағытталды. Соған қарамастан маркстік-лениндік тарихнаманың ықпалы өсіп келеді; бұл бағыттағы зерттеулердің еңбектері жалпы тарихтың аса маңызды мәселелерін қамтиды (А. Мортон, Э. Ротштейн, В.Г.Чайлд, М.Добб, Э.Хобсбоум, Л.Манби, Р.Арнот, А.Хатт, П. Датт).
Экономика ғылымы. Капитализмнің дамуымен бірге Англияның экономикалық ғылымы жеке білім саласы болып қалыптасты. Капиталистік қатынастардың өндіріс саласына енуі классикалық буржуазиялық саяси экономияның пайда болуына (17 ғ.) жәрдемдесті. 18 ғасыр мен 19 ғасырдың басында А. Смит, Д. Рикардо еңбектерінде классикалық буржуазиялық саяси әкономия онан әрі дамыды. Капиталдың алғашқы қор жинауы заманында ертедегі утопиялық социализм өкілдері Т. Мор т.б. капитализмді қатты сынады. Өнеркәсіп төңкерісі кезінде Р.Оуән мен оның ізбасарлары. У. Томпсон, Дж. Брей еңбектерінде утопиялық социализм ілгері дамытылды. 18 ғасырдың аяғында классикалық буржуазиялық саяси экономияның дағдарысқа ұшырауы жағдайында тұрпайы саяси экономия пайда болды. 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми коммунизмнің негізін салушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс Ұлыбританияда тұрып еңбек етті де, әкономикалық ғылымда революция төңкеріс жасады.
1929-1933 жылы дүние жүзілік әкономикалық дағдарыстан кейін Ұлыбританияда мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы едәуір күшейді. Осыған байланысты кейнешілдік (Дж. Кейнс есімімен аталған) пайда болып, ол капиталистік экономиканы мемлекеттің реттеп отыруы арқылы «капитализмді ажалдан алып қалатын» буржуазиялық әкономикалық ой-пікірдің басты бағыттарының біріне айналды. Бұдан маның кескілескен күресі жағдайында лейбористік қисыншылар «капитализм трансформациясы», «демократиялық социализм», «жалпыға бірдей игілік мемлекеті», «меншік диффузиясы», «табыстардың теңделуі» деген доктриналар шығарып, осы заманғы капитализмнің империалистік мәнісін, монополиялардың үстемдігін, капиталистік мемлекеттің таптық сипатын бүркемелеуге тырысты.
Прогресшіл экономистер М. Добб, П. Датт, Д. Итон буржуазиялық саяси экономия мен лейбористік экономикалық теорияларды әшкерелеуде. Олардың еңбектерінде капитализмнің жаңа құбылыстары (монополиялардың озбырлығы, тап қайшылықтарының тереңдеуі, «молшылық қоғамындағы» жұмысшы табының хал - жағдайы) ғылыми жолдармен талданып, тиісті бағасын алып отыр.
Заң ғылымы. Ағылшын заң ғылымының пайда болуы норман жаугершілігінен кейінгі алғашқы онжылдықтарға жатады да, жалпы правоның қалыптасу кезеңімен тұтас келеді (11-12 ғ.). 15 ғасырда Т. Литлтон, 16 ғасырда Сент-Джермен еңбектері ағылшын правосының аса маңызды қағидаларын түсіндіріп, тиісті мәселелер жөніндегі сот үлгілерін талдады. 17 ғасырда Э. Кок «Ағылшынның право институттары» атты ірі еңбек жазды. 18-19 ғасырларда И. Бентам еңбектерінде либерал-буржуазиялық конституциялық правоның негіздері салынды. 20 ғасырдың басында мемлекеттік туралы ағылшын буржуазиялық ғылымы мен саяси ғылымның негізгі бағыттарын белгілеген бірқатар ірі ғалымдар шықты (У. Беджгот, Дж. С. Милль, А. Дайси, У. Энсон, С. Лоу, Т. Э. Мей т.б.).
Жаңа заман ғалымдары Ф. Мейтленд, Д. Йейл, К. Кенни, П. Дафф, Д. Тернер, Г.Стрит, А.Кросс, Д.Доб т.б. жалпы право, азаматтық право, қылмысты істер правосы, ағылшын правосының тарихи мәселелерін зерттеді. Г.Моррисон, Г.Ласки, Р.Мыор, А.Кит, Б.Картер, Л.Эмери, Д.Макинтош т.б. еңбектері конституциялық правоны, саяси ғылымды, әкімшілік правосы мен жергілікті басқару жүйесін талдауға арналды. Бұлардың бәрі капиталистік құрылыстың мәңгілігін, британ мемлекетінің таптардан тыс, «жалпыға бірдей игілік мемлекеті» екенін дәлелдеуге тырысады.
Марксист ғалымдар Дж.Голлан, Д.Харви, К.Худ т.б. осы заманғы ағылшын правосы ғылымынан ерекше орын алады; олар өз еңбектерінде британ мемлекеті мен правосына шын ғылми талдау жасайды.
Тіл білімі. Қайта өркендеу дәуірі мен реформация кезеңінде орта ғасырлық латын грамматикасы жасалды. 16 ғасырдан бастап көне заман, шығыс, ежелгі герман халықтарының қолжазбалары жинақталып зерттелді.
С.Ульман жалпы тіл білімі мәселелерін талдады. 1959 жылы Ұлыбритания лингвистикалық қоғамы құрылды.
Ғылми мекемелері20 ғасырдың басында Ұлыбритания университтерінде зерттеу лабораториялары болды. 1915-1940 жылы үкімет өнеркәсіп саласында техникалық зерттеулер жүргізу жүйесін құруға әрекет жасады. 1939 жылы Ұлыбританияда 100-ден 300-ге дейін ғалымы мен инженері бар 10 шақты ірі лаборатория болды. 1949 жылы ұлттық зерттеулерді дамыту корпорациясы құрылды. 1969 жылы 34 университет пен 11 колледжде ғылыми зерттеулер жүргізілді. Техникалық жаңалықтар іздеу жұмыстарының 70%-тейі жеке меншікті өнеркәсіп лабораторияларында атқарылады. 1954 жылы ядролық физика мен энергетика проблемаларын зерттейтін мемлекеттік институттар жүйесі қалыптасты. 1959 жылы ғылыми және өнеркәсіп зерттеулері жөніндегі бұрынғы Құпия совет комитеттері (1915-1931 жылдар құрылған) орнына Ғылым министрлігі құрылып, 1964 жылы ол Білім және ғылым министрлігі болып қайта құрылды.
Ұлыбританияда ғылымды қаржыландыру өсіп келеді (1939 жылы 3,6 млн. фунт стерлинг болса, 1975 ж. 1 млрд. фунт стерлингке жуық). Бұл қаржының жартысынан көбі әскери маңызы бар жұмыстарға кетеді.
Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. 1975 ж. Ұлыбританияда 140 күнделікті және жексенбілік газет, 1200-ден астам жергілікті апталық, 4 мыңнан астам журнал т. б. мерзімді басылымдар шықты. 10 күнделікті ірі газеттің тиражы -15,5 млн. дана. Газет өнімінің санын жан басына шаққанда, Ұлыбритания басқа капиталистік елдерден алда келеді. Ұлыбритания баспасөзін билейтін аса ірі монополиялар: «Интернэшонал паблишинг корпорейшен лимитед», «Ассошиэйтед ньюспейперс лимитед», «Томсон организейшен лимитед», Бивербрука газет концерні. Ұлыбритания газеттерінің барлығын дерлік Консервативтік партия қолдайды. Осы партияның бағытын басшылыққа алатын ірі газеттер: «Дейли телеграф энд морнинг пост» (1855), «Санди телеграф» (1961), «Дейли экспресс» (1900), «Санди әкспресс» (1918), «Дейли мейл» (1896), «Санди таймс» (1822). «Таймс» (1785). Журналдары: «Экономист» (1843), «Спектейтор» (1828) т. б. басылымдар.
Лейбористік партия саясатын жақтайтын газеттер: «Дейли миррор» (1903), «Санди миррор» (1915), «Пипл» (1881). «Трибюн» (1937) апталығы - партияның сол қанатының бағытын қолдайды; «Гардиан» (1821), «Обсервер»(1791) - либералдық интеллигенцияның көзқарасын білдіреді.
Ұлыбританияның жетекші информациялық-телеграф агенттіктері: Рейтер, Пресс ассошиэйшен және Эксчейндж телеграф. Радиохабары 1922 жылдан бастап беріле бастады. Бұл саладағы монополиялық правоға 1927 жылдан Британия радиохабар тарату корпорациясы (Би-Би-Си) ие болған. Ішкі хабар 3 программа бойынша жүргізіледі; Шетел хабарларын таратуда Би-Би-Си үлкен орын алады. Би-Би-Си 1933 жылдан телевизия хабарын бере бастады. Жеке меншік бірлестік топтары да телехабарын (1955 жылдан) жүргізеді. Ұлыбританияның баспа концерндері, радиосы мен телевизиясы Британия Ынтымағы елдерімен кең байланыс жасап отырады, олардың кейбіреулерінің өз алдына меншікті газеті, радиосы, телестудиялары бар.
Әдебиеті. Ұлыбритания аралына құрлықтан келген ағылшындардың ата-бабалары герман мифтері мен аңыздарын ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізді. 7 ғасырда пайда болған «Беовульф» атты эпостық шығарма 10 ғасырда ғана хатқа түсті. 8-10 ғасыларда ағылшын-саксондық діни лирика пайда болды. 11-13 ғасырда әдебиет 3 тілде (латын, француз, ағылшын-саксон) дамыды. 14 ғасырдың 2-жартысында жалпы ағылшын ұлттық тілі қалыптасып, толысқан феодализмнің мәдениеті мен әдебиеті өсті. Француздармен жүз жыл болған, одан соңғы Алқызыл және Ақ роза соғысы Ұлыбритания әдебиетінің дамуына бөгеу болды. Бұл кезде Томас Мэлори (15 ғ.), Томас Мор (16 ғ.), Э. Спенсер (16 ғ.) шығармалары жарияланды. 1548 ж. епископ Дж.Бөйлдің «Король Джон» атты тұңғыш тарихи драмасы шықты. 17 ғасырда әссе (Ф. Бәкон), мінездеу (Т.Овербери) жанры пайда болды. Драматургия шарықтады. У. Шекспир (1564-1616) «Ричард III», «Генрих IV», «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Макбет» т. б. пьесаларында тарихи шындықты үлкен шеберлікпен көрсетті. Б.Джонсон (1573 ж. ш. - 1637) сатиралық комедия жазды. Ағылшын буржуазиялық революциясы гуманистік драманың дамуын тоқтатты. Дж. Мильтон (1608-1674) «Жоғалған жұмақ» (1667) поэмасын, Дж. Беньян (1628-1688) «Қажының жолы» (1678-1684) романын осы тұста жазды. «Ұлы революция» аталған 1688-1689 жылдарда ағылшын әдебиетінің басты идеясы ағарту болды. Д. Дефоның (1661-1731) «Робинзон Крузо» (1719) романында табиғатты жөңген еңбек адамы, Дж. Свифттің (1667-1745) «Гулливердің саяхаттары» (1726) сатирасында сол кездегі ағылшын елінің өмірі суреттелінді. Л. Стерн (1713-1768) романдарында адам мінездерінің қарама-қайшылықтары бейнеленді. Дж.Аддисонның «Катон» (1713), С.Джонсонның «Ирена» (1749) трагедияларында ағартушылық классицизм ерекше бой көрсетті. Р. Стилдің «Ұялшақ ғашықтар» (1722) атты сентименталдық комедиясы, Дж.Лиллоның (1693-1739) «Лондон көпесі» (1731) трагедиясы ағылшын драматургиясының бағытын өзгертті. Дж. Гей (1685-1732) жазған «Қайыршылар операсы» (1728) ағылшын театрына өте әсерлі сатиралық мәнер әкелді. Әлеуметтік тұрмыстың күлкілі жағын әжуалаушы комедияның сатиралық ауқымы күшейіп, ол «Улы сөз мектебі» (1777) комедиясын жазған Р.Б.Шеридан (1751-1816) творчествосында шарықтау шегіне жетті. 18 ғасырдың 90 жылдарында романтизм пайда болды. Ағылшын романтиктерінің екінші ұрпағы - Дж. Г. Вайрон (1788-1824), П. Б. Шелли (1792-1822), Дж.Китс (1795-1821) саяси консерватизмді батыл айыптады. Әлеуметтік утопизм У. Блейктің (1757-1827) творчествосына да тән. В. Скотт (1771-1832) тарихи роман жанрын дамытты.
Ұлыбритания әдебиетінің жаңа кезеңі жұмысшылар мен чартистер қозғалысы үдеп, әлеуметтік қайшылықтар күшейгенде, 19 ғасырдың 30 жылдарынан басталды Романист және публицист Т. Карлейль (1795-1881) капитализмді сынауды одан әрі жалғастырды. Романист және драматург Э. Дж.Булвер-Литтон (1803-1873) шығармалары реализмге көшу кезеңі болды. 30-60 жылдары Ч. Диккенс (1812-1870), У.М.Теккерей (1811-1863), Ш. Бронте (1816-1855), Э. Гаскелл (1810-1865) буржуазия тіршілігін, өз теңдігі үшін күрескен жұмысшы табы өмірін бейнеледі. Сыншыл реализм өркендеді. Ұлыбританияда «Викториан дәуірі» (бурж. тарихшылары сәтті кезең деп насихаттаған дәуір) деп аталған 19 ғасырда роман жанры басым болғанымен, поэзия да дамыды. 19 ғасырдың 2-жартысында поәзияда «викториан рухына» қарсылық басталды. Э. Фиңджеральд Омар һайямның шығармаларын аударады. Дж. Рескин мен У. Моррис бастаған капитализмнің әстетикасын сынау қозғалысы «прерафаәлиттердің туыстығы» (ақындар мен суретшілердің бірлігі) атты ұйымның құрылуына себепші болды. 90 жылдарда ағылшын әдебиетінің бертінгі жаңа кезеңі басталды. О. Уайльд (1854-1900) декаденттік, символистік шығармасымен көрінді. Ағылшын символизмінің корифейі - ирландық У.Б.Йитс (1865-1939) болды. 1-дүние жүзілік соғысқа дейін сыншыл реализм тез өркендеді. Б. Шоудың (1856-1950) пьесаларында капиталистік құрылыстағы жәнсіздік суреттеліп, социализм негізіндегі жаңа қоғамды құру идеясы көтерілді.
1-дүние жүзілік соғыс пен одан кейінгі дағдарыс ағылшын әдебиетінің өзгеше дамуына әсерін тигізді. Поэзияда модернистер, имажинистер шықты. Екі соғыс арасында драматургия мен прозада да модернистік сарын басым болды. Ирландтық Дж. Джойс (1882-1941) «Улисс» (1922) романында «сананың ағымы» әдісін қолданып, қейіпкерлердің нәзік ішкі сезімін суреттеді. Д. Г. Лоренс (1885-1930) шығармаларына психологиялық талдау тән. О.Хаксли (1894-1963) творчествосы модернизм мен реализм арасында ауытқыды.
2-дүние жүзілік соғыстан кейін ағылшын буржуазиялық қоғамының дағдарысын бейнелеген романистердің жаңа ұрпағы пайда болды. Айрис Мердоктың «Тор астында» (1954), «Алқызыл мен жасыл» (1965) т.б. романдары реализмге сайды. Б.Д.Дәвидсонның («Өзен жағалаулары» 1956), Д. Стюарттың («Сай келмейтін ағылшын» 1954) шығармалары отаршылыққа қарсы жазылды. Д.Томас (1914-1953) модернистік поэзияның елеулі өкілі ретінде көрінді. 60 жылдары философия және ғылыми жаратылыс тану тақырыбына К. Уилсонның «Ми паразиттері» (1967), «Философиялық тас» (1969) романдары жазылды. Дж. Осборнның «Ашумен көз сал» (1956) пьесасы - ағылшын драмасының жаңаша жандануының бастамасы.
Ұлыбритания әдебиетінен У.Шекспирдің «Сонеттер» (1970), Д.Дефоның «Робинзон Крузо» (1935, 1937, 1963), Дж. Свифттің «Гулливердің саяхаттары» (1951), Дж. Байронның «Таңдамалы шығармалары» (1969), «Еврей саздары» (1965) т.б. кітаптар қазақ тілінде шықты. М. Әуезовтың «Абай» романы, Абайдың кейбір өлеңдері т. б. туындылар ағылшын тіліне аударылды.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Сан ғасырлық даму нәтижесінде Ұлыбритания өнерінің өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Оған дәстүр тұрақтылығы, тұрмыспен тығыз байланыстылық, коршаған орта мен табиғат көріністерін тап басып тамаша үйлестіру тән. Ұлыбритания жерінде әнеолит және қола дәуірлерінід аса ірі, композициялық жағынан күрделі де сом мегалиттік комплекстері (Стонхендж, Эйвбери), 1-5 ғасырдағы римлян құрылыстарыңың қалдықтары, кельттердің, пиктилер мен ағылшын- саксондардың тас пен металға шекіп түсірген өрнектері сақталған. Халықтық каркасты құрылыстар негізінде салынған шіркеулер, күрделі толқын сызықты әсем миниатюралар 7-10 ғасырға жатады. 11-12 ғасырда роман үлгісіндегі шаршы мұнаралы ғибадатханалар мен қамалдар бой көтерді. Кентербери, Линкольн, Солсбери, Йорк, Уәла пен Эксетер қалаларындағы соборлар, Лондондағы Вестминстер аббаттығы ғимараты 12 ғасырдан кең тараған ағылшын готикасының айқын үлгісіне жатады. Осы тұста миниатюра, мүсін ескерткіштер мен сағаналар готикалық әшекей-өрнектерге бай болды. Виндзордағы Сент-Джордж (1474-1528), Лондон Вестминстеріндегі Генрих VІІ-нің (1503-1519) капеллалары, банкет залдары мен колледждер бертінгі готика стилінде (14 ғ-дың 2-жартысынан бастап) салынған. Мата тоқу, кесте, кілем тоқу, оймыш, зергерлік бұйымдарын жасау ежелден келе жатқан дәстүрлі өнер түрінен саналады.
Реформация (1534 жылдан басталған) ағылшын өнеріне таза салтанаттылық (зиялылар қауымына арнау) сипат әкелді. 17 ғасырдағы ағылшын революциясынан кейін құрылыс пен күнделікті тұрмыста тиімділік пен қолайлылыққа бой ұру аңғарылды. Қайта өркендеу дәуірінде усадьба-үйлер түрі қалыптасты. Осы тектес құрылыстарды итальян және нидерланд сәулет өнері үлгілерімен астастыра отырып, қамал-сарайлар салу ісінде кеңінен пайдалану өрістеді.
16-17 ғасырлар кескіндемесінен портрет басты орын алды. Ұлыбританияға келген X.Хольбейн дәстүрін Н.Хиллиард, А.Оливер, С.Купер сияқты миниатюра салудағы нәзік шеберлікті әр адамға тән мінез сипаттарын доп басу тәсілімен тоғыстыра білген ағылшын миниатюршылары онан әрі дамытты. Ұлыбританияға қоныс аударған шетелдіктер - А. ван Дейк, П.Лели, Г.Неллер енгізген 17 ғасырдағы ерекше низар аудару үшін салынатын (негізінен үстем таптарға арналған) портрет түрі У.Добсон мен Дж. Райли сынды ағылшын суретшілерінің еңбектерінде қарапайым, жинақы да шынайы сипат алды. Палладио мұрасын үлгі тұтқан И. Джонстың классикалық ғимараттары (Лондондағы Банкет залы, 1619-1622) 17-18 ғасырдағы ағылшын классицизмінің нәр алар бастауына айналды.
18-19 ғасырларда өркен жайған ағылшын өнерінің көш басында У. Хогарт болды. Осы тұста А. Рэмзи, Дж. Рейнолдс, Т. Гейнсборо, X. Ребёрн, Дж. Опи сынды тамаша портретшілер тобы дүниеге келді. Олар өз шығармаларында композициялық салтанаттылықты сыршыл табиғилықпен, образдың рухани асқақтығымен сындастыра беруге ден қойды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі өнеркәсіп төңкерісі Орта Англия мен Оңтүстік Шотландияның қаларын, Батыс жағалаудағы порттарды бір-біріне ұқсас фабрика үйлері мен аяқ алып жүргісіз лашықтарға толы ірі индустриялы-сауда орталықтарына айналдырды. Көпірлер мен ғимарат төбесін жабу үшін күрделі металл конструкциялар (инженерлер Т. Телфорд, Р. Стивенсон) қолдану, шыны қабырғалы құрастырмалы металл каркастарды кеңінен пайдалану («Хрусталь сарай», 1851, арх. Дж.Пакстон) жаңа архитектураға негіз жасады. Дегенмен басты назар қала орталықтары мен буржуазия кварталдарындағы салтанат құрылыстарын салуға аударылды.
19 ғасырдың 1-жартысында график У. Блейк және табиғат суретшісі У.Тёрнер сияқты романтик-фантастармен қатар өмірлік пәктікке толы реалистік табиғат суреті жанрыңың ірге тасын қалаушы Дж. Констебл, нәзік табиғат суретшісі Р.П.Бонингтон, сулы бояумен салынатын табиғат көріністерінің шеберлері Дж.С.Котмен, Д.Кокс, демократияшыл жанрлық кескіндеменің шебері Д.Уилки көпке танылды. 19 ғасырдың 2-жартысындағы ағылшын жанрлық кескіндемесінен әдебиетке тән тартымдылық пен тым биязылыққа бой ұру сарыны аңғарылды. С. Хейденнің офортынан, шотланд суретшілері У.Мак-Таггарт пен У.Макгрегордың творчествосынан өз тұсындағы замана тынысын тап басу байқалды. Дж. М. Уистлер өз творчествосы арқылы кескіндеме жанрындағы импрессионизмге тән жіті байқағыштық пен айқын бояу үндестігін әкелді.
20 ғасырдағы қалалардың бейберекет өсуі, аяқ алып жүргісіз баспаналардың көбеюі және аласа үйлі құрылыстары көп қосалқы қалалардың етек алуы қала құрылысы саласында көптеген мәселелер туғызды: ағылшын архитекторларының бір тобы қала-бақтың, біразы қанаттас қаланың жобаларын ұсынды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін қираған қалалар қалпына келтірілді. Микроаудандарды салу принципі 60 жылдардың орта шеніне дейін ірі-ірі тұрғын үй комплекстері (Лондондағы Холлфилд, 1949-1956, арх. Л.Дрейк, Д.Лэсден т.б.) мен қанат тас қалаларды (Лондон маңындағы Харлоу, 1946 жылдан салына бастаған, арх. Ф.Гибберд т.б.) жобалау кезінде жүзеге асырылды. Бұл құрылыстарға үй аралық кеңістік молдығы, табиғатқа тығыз байланыстылық тән. Сонымен бірге композициясы жағынан тиімді көптеген өнеркәсіп және жол қатынас құрылыстары, қоғамдық, сауда т.б. кәсіби орталық комплекстері салынды. Алайда, Ұлыбританияның осы заманғы архитектурасының дамуына, сондай-ақ қала құрылысына елдің экономикалық қиыншылықтары, жеке меншікті жер иеленушілік, қалалардың қалай болса солай салынуы, капиталистік кәсіпқорлық зор кедергі жасауда. Қалалардың тарихи қалыптасқан сипатына әр түрлі мекемелердің зәулім үйлері нұқсан келтіруде.
20 ғ. өнеріндегі айқын темпераментті шынайы портреттік және жанрлық кескіндеме мен графика (О.Джон, У.Орпен, Ф.Брэнгвин, С.Пепло) фовизм (М.Смит, А.Хитченс), футуризм және кубизм (У.Льюис) әсерлерінен өрбіген жаңа ағыммен үйлесім таба отырып өркендеді. Бірқатар терең мазмұнды, классикалық кесек образдар жасаған мүсінші X.Мур сюрреализм мен абстрактілікке бой ұрды. 30 жылдары өз творчествосына антифашистік күрес және пролетарилық тақырыбын арқау еткен суретшілер пайда болды, ал 50 жылдары «әлеуметтік реалистер» тобы құрылды. График-суретшілер П.Хогарт, Э.Ардизон, кескіндемешілер Л.Лаури, К.Ро, Д.Гривс, мүсіншілер Л.Брэдшо, Б.Ри, Б.Шоц бейбітшілік пен халық өмірі, оның ішінде Ұлыбритания жұмысшы табының тұрмысын шынайы бейнелеген туындылар жасады. Қарапайым ағылшындар тұрмысының қиын да көңілсіз жақтары Э.Мидлдич, Дж.Смит және Дж.Брэтбидің бірқатар картиналарында көрініс тапты.
Ұлыбританияның халық өнері 18 ғасырда қайта гүлденді. Құмнан құмыра құюшылық (түрлі бейнедегі ыдыстар), ағашқа небір әсем өрнектер салу Англияда өте ертеден-ақ кең тараған. Мыс., Шотландия торкөз («тартан») маталары және теріден тігілген сөмкелерімен, ал Уэльс болса еменнен қиып жасалған ағаш жиһаздары, ашық бояулы сәндік керамикасымен белгілі болды.
Музыкасы. Ұлыбританияның музыкасы сонау кельт тайпалары музыкалық мәдениетінен басталады. Ежелгі халықтың жыр айту дәстүрін бардтар (жыршылар мен әпикалық ерлік жырларын жасаушылар) ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келді. Англияда христиан діні үстемдік алған соң (7 ғасырдың 2-жартысы) халықтық музыка негізінде дамыған діни музыка профессионалды сипат алды. Ол алғашында қалыпты өлшемсіз орындалатын унисон түрінде дамыды. Ал, норман басқыншыларының ықпалымен Англияда менестрельдердік музыкалық-поэтикалық өнер кең етек алды. Қайта өркендеу дәуірінде музыка қоғамдық өмірде және ақсүйектер мен қарапайым қала тұрғындарының тұрмысында басты орын алды, көп адамның қатысумен орындалатын консорттар дәстүрге айналды. Оған қатысушылардың саны 30-40 адамға дейін жетіп, оркестрдің алғашқы түрлері пайда болды. Ағылшын ұлттық музыкалық театрының негізін салушы 17 ғасырдың аса көрнекті композиторы Г.Пёрселл («Дидона мен Эней» операсы) болды. Алайда ол қайтыс болғаннан кейін ұлттық операға деген ықлас кеміді. Бұған итальян опера труппасының Лондонда өнер көрсетулері де әсер етпей қойған жоқ. Ұлыбритания опера мәдениетінің итальян операсы ықпалынан шығуына Г.Ф.Гендельдің көне, тарихи және библиялық сюжетке негізделген ораториялары мен опералары себепкер болды. 18 ғасырдың аяғында Лондонда И.К.Бах (И.С.Бахтың баласы), 12 «Лондон симфониясын» жазып, 100-ге тарта шотланд әнін музыкаға түсірген И. Гайдн, композитор, пианист, әрі педагог, ағылшын пианистер мектебінің негізін қалаушы итальяндық М. Клементи т. б. композиторлар тұрды. Осы тұста «Кэтч-клуб» (1761), Корольдық музыка қоғамы (1762) т.б. музыкалық мекемелер, музыкалық баспасы (1778), дүние жүзіндегі ең алғашқы клавишті аспаптар шығаратын «Дж.Бродбуд» фирмасы (1773 жылдан рояль шығарады) ұйымдастырылды. 19 ғасырда Лондон еуропалық музыка мәдениеті орталықтарының біріне айналды. Мұнда көрнекті композиторлар мен орындаушылар өнер көрсетті. 1855 жылдан ірі-ірі музыкалық фестивальдар өткізіліп тұрды.
Ұлыбританияның қазіргі кездегі композиторларының творчествосынан тональдық жазу принциптеріне негізделген ұлттық композиторлық мектептің қалыптасқандығын аңғаруға болады. Ұлыбританияның ілгерішіл музыканттары арасында музыка өнерін халық бұқарасы мүддесіне жақындатуға ұмтылушылық бар. Бұл демократиялық қозғалыстың көш басында көрнекті қоғам қайраткері композитор А. Буш болды.
Ұлыбритания музыка өнерін дамытуға музыкалық тарихын зерттеушілер Дж.Гров, П.А.Сколс, Г.К.Коллес және Э.Блом мол үлес қосты. Ірі музыкалық коллективтері: Лондонның филармония және симфониялық оркестрлері, Би-Би-Си симфоеиялық оркестрі, Манчестер оркестрі т.б. Дирижерлері: Дж.Барбиролли, А.С.Боулт, Т.Бичем т.б. Әншілері: У.Хайд, Дж.Мак-Кормак, П.Пирс, К.Новелло, Дж.Вивиен, Дж.Хаммонд, К.Шеклок.
60 жылдары «поп-музыка» деп аталатын әстрадалық музыка кең етек алды. Бұл музыканы насихаттаушылардыц арасындағы ең атышулысы - жас әншілердің «Битлз». (Тһе Веаtlez) вокальдық-аспаптық квартеті. Ол орындайтын негр джазы мен блюз әлементтері бар әсерлі әуендер Батыс Еуропа мен американ жастары арасында әуестік туғызды.
Қазіргі музыкалық оқу орындары: Лондондағы Корольдық музыка академиясы мен колледжі, Манчестер, Ливерпул т.б. қалалардағы музыка колледждері. Сондай-ақ Оксфорд, Кембридж, Бирмингем т.б. университтерінде музыкалық білім беріледі.
Ағылшын балетінің сахналық дәстүрі 16 ғасырдағы сарайлық маска ойын-сауықтарынан басталады. Бертін келе балет өнері драмалар мен Дж.Уивердің би аралас қойылатын драмалық сауықтарында одан әрі дамыды. Ағылшын балет өнерінің қайраткерлері орыс балет мектебі және дүние жүзілік классикалық балеттегі (А.Аданның «Жизелі», П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы аруы» т.б.) ұлттық ерекшеліктерді творчестволықпен меңгеруде. Ұлттық юморға толы әдебиетпен және кескіндемемен байланысты комедиялық балеттер кең өріс алды. 1920 жылдан Корольдық би академиясы, бірнеше балет мектептері (Корольдық балет мектебі т.б.) жұмыс істейді.
Театры. Батыс Еуропаның көптеген елдеріндегі сияқты Ұлыбритания театры да алғашқыда шіркеу төңірегінде қалыптасты да оның құрамдас бөлігі ретінде діни салт-жоралардан көрініс тапты. Шіркеу ойын-сауықтарына қасиетті жазбалардың эпизодтары пайдаланылды. Орта ғасырлық қала мәдениетінің гүлдену кезінде бұл көріністер шіркеу мейрамдары тұсындағы жалпы халықтық думанға айналды. Жылжымалы сахна (педжент) сауықтарына әуесқойлар да қатысты. 15 ғасырда интерлюдия мен моралите жанры етек алды. Ел аралап өнер көрсететін кезбе профессионал актерлер труппасы пайда болды. Қайта өркендеу дәуірінде профессионал актерлер әуесқойларды мүлде ығыстырып шығарды. Осы тұста К.Марлоның, У.Шекспирдің, Б.Джонсонның және т.б. драматургтардың творчествосы шырқау биікке көтерілді. 1576 жылы Лондонда тұңғыш театр ғимараты «Театр», бертін келе «Глобус» (1599), «Фортуна» (1600) салынды. Бұл театрлардың төбесі ашық болып келді, оған қоса көрермендер ойын-сауықты тік тұрып тамашалайтын болған.
16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында халықтық сипат алған театр өнері 17 ғасырдың 20 жылдарынан бастап ақсүйектердің көңіл көтерер орнына айналды. 16 ғасырда буржуа-пуританшылар театрды адамгершілікке жат деп, оған қарсы шыға бастады. 17 ғасырдағы Англия революциясының алғашқы кезінде өкімет басына келген пуританшылар театр сауықтарын қоюға тыйым салды. 1660 жылы Стюарттар монархиясы қалпына келгеннен кейін, король қамқорлығына алынған театр қызметі қайта жанданды. «Даңқты революциядан» соң (17 ғасырдың соңы), буржуазия үстем таптың танымал бөлігіне айналғаннан кейін, театр өнеріне қатаң цензура қойылды.
18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың бас кезінде орындаушылық өнері асқақ та салтанатты әрі өршіл сипатқа толы жаңа орындау стилі (көрнекті өкілдері Дж. Кембл мен оның қарындасы С. Сиддонс) қалыптасты. 19 ғасырда театр ғимараттарының жаңа түрлері және декорация мен айналмалы сахна пайда болып, сахнаға жарық беру құралдары жақсарды. 18 ғасырдағы ағылшынның актерлік өнер тарихы Э. Кин, оның баласы Ч. Кин, У. Макреди сынды белгілі сахна шеберлері есімімен байи түсті.
19 ғасырдың 2-жартысында актер әрі реж. Г. Ирвинг (сахналық әріптесі Э. Терри болған) «Лицеум» театрын ұйымдастырды. Ол мұнда Шекспир пьесалары бойынша монументті постановкалар қойып, Ч. Кин принциптерін одан әрі ілгері дамытты. Бұл театрда сонымен бірге сентиментальды мещандық пьесалар да қойылып отырды. Ирвинг пен Терри ойындарындағы актерлік шеберліктің жоғары болуына қарамастан олардың постановкаларында қоғамдық мәселелер түбегейлі шешімін таппады. Жартылай профессионалды және әуесқойлар үйірмелері жұртшылық талабына сай өткір проблемалы драматургияны қоюға талап жасады. Дж. Грейн 1891 жылы Лондонда «Тәуелсіз театр» ұйымдастырды. Бұдан кейін «Жаңа ғасыр театры», «Әдеби театр қоғамы», «Олд Вик» шаңырақ көтерді. Репертуардағы тың туындылар мен жаңа драмаға тән реалистік және натуралистік тенденцияны айқындай түсетін орындаушылық стильдің қалыптасуы - аталмыш театрлардың негізгі жетістігі болып табылады.
20 ғасырдың бас кезі Ұлыбританияның сахналық өнеріне күрделі өзгерістер әкелді. Гренвилл-Баркерден бастап ағылшын театрында спектакльдерді ансамбльдік принципте қоятын режиссура бой көрсете бастады. Жаңа драматургия әлеуметтік-тұрмыстық және психологилық драмаларда өнер толғауға қабілетті жаңа актерлерді (Д. Эчерч, П. Кэмпбелл, Дж. Александер, Л. Мак-Карти т.б.) өмірге әкелді.
1-дүние жүзілік соғыстан кейін ағылшын режиссурасы орыс өнері тәжірибесімен молыға түсті. Ұлыбританияға қоныс аударған Ф.Ф. Комиссаржевский мұнда орыс театрының бай тәжірибесін әкелді. 20-30 жылдары драматургияда әр түрлі бағыттар қалыптасты. 2-дүние жүзілік соғыс жылдары көптеген театрлар жабылып қалды.
Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы театр қайраткерлері ұзақ уақыт ұлттық театр құру үшін күрес жүргізіп келді. Бұл саладағы сәтті қадам 19 ғасырдың 2-жартысында Стратфорд-он-Эйвонда Мемориалды Шекспир театрының ашылуы болды. Бұл 1961 жылдан Корольдық Шекспир театры аталды.
60 жылдар аяғында Лондонда авангардтық драматургияға байланысты шағын театрлар (100-200 орындықты) пайда болды. Театр мәселелеріне арналған «Агата» (1919), «Рiасе аnd Рlауеrs» (1954) журналдары шығып тұрады. Көрнекті сахна шеберлері: П. Брук, С. Торндайк, Дж. Гилгуд, Л. Оливье, Р.Ричардсон, П.Скофилд т.б. Белгілі театр сыншылары: М. Бирбом, Дж.Эйгет, Э.Дьюкс, К.Тайнен, А.Браун, Э.Бентли, Д.Р.Тейлор т.б. Ірі театр оқу орындары: Корольдық драма өнері академиясы (1904), Орталық драма өнері мен дикция мектебі т.б.
Киносы. 1896 жылы У.Пол ұлттық кино өндірісінің алғашқы бастамасы болған тұңғыш ағылшын фильмін көпшілікке көрсетуді ұйымдастырды. Осыдан былай тұрмыстық, әксцентрикалық комедиялар, айла-әрекет, қылмысты істерді баяндайтын фильмдер шығарыла бастады. Хроникалық-деректі фильмдер кең тарады. 1906 жылдан АҚШ және Франция киномонополиясымен бәсекелесу нәтижесінде ағылшын кинематографиясында дағдарыс басталды. 1927 жылы ағылшын жұртшылығының күресі нәтижесінде парламент ұлттық кинематографияға көмек көрсету жөнінде заң қабылдады. Фильмдерді шығару саны өсті, бірақ оларға негізінен көшпілікке белгілі пьесалар мен музыкалық спектакльдер пайдаланылды.
30 жылдары ағылшын кино өндірісін қайта құруға және фильмдердің көркемдік және техникалық деңгейін арттыруға режиссер А. Корда мол үлес қосты. Ол ұйымдастырған «Лондон филмс» фирмасында (1932) көптеген шөтел кино қайраткерлері (Р.Клер, Ж.Фейдер, К.Фейдт, Р.Мате, Ж.Периналь), талантты ағылшын актерлері (Ч.Лотон, Р.Донат, В.Ли, Л.Хоуард, Л.Оливье) қызмет етті.
Дж.Грирсонның жетекшілігімен жұмыс істеген деректі фильмдер шығарушы режиссерлер тобы ұлттық кино өнерінің қалыптасуына зор үлес қосты. Олардың жанрлық және тақырыптық жағынан алуан түрлі фильмдері («Балықшы кемелері», «Араннан келген адам», «Түнгі почта» т. б.) Ұлыбритания өмірін шынайы бейнеледі. 2-дүние жүзілік соғыс жылдары ағылшын киносында ілгерішіл бағыт басым болды. Режиссер П.Уоткинс («Соғыс ойыны», «Жеңілдік», екеуі де 1967 ж.), Л.Андерсон («Егер...», 1968), К.Лоач («Үйге қайт, Кети», 1967) фильмдері маңызды әлеуметтік мәселелерді арқау етті. Белгілі актерлері: Л.Оливье, М.Редгрев, А.Гиннесс, Д.Богард, Р.Харрис, А.Финни, П.Финч, В.Редгрев, Р.Ташингем. Лондонда Британ киноинституты (1933) жұмыс істейді. Эдинбург пен Лондонда жыл сайын кино фестивалы өткізіліп тұрады.
Әдеб. Маркс К. и Энгельс ф. Об Англии, М., 1952; Добрынин Б. Ф. Физическая география Западной Европы М., 1948; Добров А.С., Великобритания, М., 1955; Волков М.Я., Промышленность Англии. -М., 1965; Экономическая география капиталистических стран Европы. М., 1966; Грин Д.Р., История английского народа, пер. с англ., т. 1-4, М., 1891-92; Мортон А. Л. История Англии, пер. с англ., М., 1950; Косминс к и й Е. А. Исследования по аграрной истории Англии XIII в., М.-Л., 1947; Петрушевский Д.М. Очерки из истории английского государства и общества в средние века, 4 изд., М., 1937; Татаринова К. Н. Очерки по истории Англии (1640-1815), М., 1958; Ерофее в Н.А., Очерки по истории Англии (1815-1917), М., 1959; Ротштейн Ф. А., Очерки по истории рабочего движения в Англии, 2 изд., М.-Л., 1925; Поллит Г., Избранные статьи и речи, пер. с англ., т.1. М., 195,5; его же, Марксизм и рабочее движение в Великобритании, [пер. с англ.], М., 1960; Голлан Дж., Коммунисты Великобритании в борьбе за социализм, пер. с англ., М., 1968; ТрухановскийГ., Новейшая история Англии, М., 1958; е г о ж е, Внешняя политика Англии после второй мировой войны, М., 1957; БогомоловА. С., Англо-американская буржуазная философия әпохи империализма, М., 1964; Виноградов К. Б., Очерки английской историографии нового и новейшего времени, Л., 1959; Селигмен Б., Основные течения современной әкономичеокой мысли, пер. с англ., М. 1968; История английской литературы, т.1-3, М.-Л., 1943-58; Ивашева В. В., Английская литература, XX век, М., 1967; Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар, А., 1974.
Жарияланған-2019-08-13 09:43:27 Қаралды-15971
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану