UF

Мазмұны.

-Жазушының өмірі............................................................................................................

-Бірінші қағида: Құлдың Раббысын тануы........................................................................

-Ғибадат...........................................................................................................................

-Ғибадаттың түрлері.........................................................................................................

-Екінші қағида: Ислам дінін дәлелімен білу.......................................................................

-Ислам дінінің негіздері....................................................................................................

-Бірінші негіз: Ислам........................................................................................................

-Екінші негіз: Иман...........................................................................................................

-Үшінші негіз: Ихсан.........................................................................................................

-Үшінші қағида: Пайғамбарымыз Мухаммад صلى الله عليه و سلم ді білу...................

-Төрт негіз......................................................................................................................

-Исламды бұзатын (адамды діннен шығаратын) нәрселер..............................................

 

بسم الله الرحمن الرحيم

                                                        

             Бүкіл мадақ Аллаһ Тағалаға тән. Біз Аллаһты  мақтаймыз, Одан жәрдем тілейміз  және кешірім сұраймыз, нәпсілеріміздің және жаман істердің жамандығынан Аллаһқа сыйынамыз. Аллаһ кімді тура жолға салса, ешкім  оны адастыра алмайды. Ал Ол кімді адастырса , ешкім оны тура жолға сала алмайды. Ғибадатқа лайық Аллаһтан басқа құдай жоқтығына куәлік беремін және Мухаммад صلى الله عليه و سلم  Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік беремін.

               «Әй, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер». (Әли Имран  3:102).

    «Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан  Аллаһтан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шексіз Аллаһ Тағала  сендерді бақылаушы». (Ниса 4:1).

   «Әй, мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа, елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады». (Ахзаб 33: 70-71).

     Осыдан кейін; Сөздердің ішіндегі ең дұрысы – Аллаһтың  сөзі, ең жақсы жол – Мухаммад صلى الله عليه و سلم  ның жолы. Істердің ең жаманы діндегі жаңалық (бидъат) болып табылады. Әрбір жаңалық адасу, ол адасу тозаққа апарады. (Муслим,  Насаии).

 

          Жазушының өмірі:

             Мухаммад ибн Сулайман әт-Тәмими  رحمه الله (1703-1791) Риядқа жақын Уәйна ауылында дүниеге келген, ең алғаш рет ілімді өзінің ауылында, әкесінен Ханбалий мазхабының фикхын, тәфсирді және хадисті үйренеді. Он жасында Құранды түгел жаттады. Хажылық орындау үшін  Меккеге барды. Ол жерден  ұстазы Мухаммад Хаяд ас-Синди رحمه الله тан ілім алды.  Мадинадан Уәйнаға қайтқаннан кейін, 1724 жылы Иракқа барды. Басрадағы, Бағдаттағы және Мусулдағы ғалымдардан ілім үйренеді.

      Белгілі себептермен Басрадан Ақсаға қайтты. 1730 ж адамдарға дағуат ете бастады. Бірақ Ақса әміршісі Урайыр бин Дужейн Мухаммад ибн Сулаймантың дағуатына кедергі жасау  үшін, Уәйнаның әміршісіне хат жібереді. Сулайман әміршіні қиын жағдайда қалдырмау үшін Уәйнадан кетті, Сауд ұлдарының әмірлік орталығы болған Дарияаға жолға шықты, онда  1791ж  қайтыс болды.

              Мухаммад ибн Сулайман мына ғалымдардың жолын ұстанған:

               - Ахмад ибн Ханбал.

      - Шайхул Ислам ибн Таймиия.

               - Ибнил- Каийюм ал-Жаузийа.

Маңызды мәселелер:

             Мухаммад ибн Сулайман رحمه الله  ілім үйреніп жүрген уақытында Ханбали мазхабынан болған еді. Бірақ фәтуаларында басқа бір күштірек дәлелдер тапса, сол дәлелдерді басқа мазхабтағылардан алуға фәтуа беретін еді.

    Хижраның 656ж  Бағдаттың құлдырауына байланысты ижтихад есіктерін ашуға бар күш жігерін жұмсады.

    -Құран мен сүннетке қайта оралуды қолға алды. Сүннеттен тура дәлел таппайынша әр түрлі көз-қарастардың қабыл етілмеуіне күш жұмсады.

    -Дәлелді түсініп, онымен амал етіп, ахли сунна уал-жамаъа негізін көздеді.

    -Таухид түсінігінің дұрыс болуын қалап, мұсылмандардың Асры-саъадат (бақытты өмір) дәуіріне оралуын қалады.

    - Аллаһ Тағала Өзін қалай атап-сипаттаса, Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم  Аллаһты қалай атап-сипаттаса, сол есім және сипаттарын салыстырусыз, қалай деместен, жорамал жасамай  иман келтіру керектігін қатты ұстады.

    -Адамдардың сана сезімінен  ширкті алыстату үшін бар күш қайратын жұмсады. Қараңғылық және артта қалушылық себебімен бидъа мәселелерін тез арада тазартуды мақсат етті. Олардың кейбіреулері мыналар:

    а) Сахабалардың бірі Дирар ибн Әзуардың رضي الله عنه қабірін зиярет етіп, мұсылмандардың  әр түрлі мұхтаждарын одан сұраулары;

    ә) Осыған ұқсас мақсаттармен Абу Дүжара және Тарфийа делінген ағаштардың зиярат етілуі;

    б) Зайд бин ал- Хаттабтың атымен аталған мұнара және Әмір қызының үңгірі делінген орындардың  медет сұралынатын жер болуы;

    в) Қабірлерді көтеріп әсемдеу, жабу мен әшекейлеу және осыларға ұқсас бидъаттың етек алуы;

    г) Сопылық тариқатының шектен шығуы және дінде жоқ жаңалықтарды дінге енгізулері;

    д)  Бір мәселенің дәлелін білместен, Аллаһтың дініне енгізулері;

    ж)  Дұрыс дәлелдер алынбай соған ұқсас сөздердің дәлелге алынуы;

    з) Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің хадисінде  халал мен харамның ашық болғандығын, екеуінің арасындағы  күмәнді мәселелерге  мән берместен әр мәселе жайында кесіп айтылуы;

  • Мухаммад бин Сулайман ширктің түрлері мен дәрежелерін былай түсіндіреді:  

          1) Үлкен ширк: Ғибадатта, әмірге бағынуда амалдың Аллаһтан басқаға болуы.

    2) Кіші  ширк: Көз бояушылық (рия), Паиғамбарымыз صلى الله عليه و سلم Хаким риуаят еткен хадисте былай бұйырады: «Көз бояушылықтың азы да ширк».

             3) Жасырын ширк: Мүмін осы ширкке білместен душар болуы мүмкін. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم былай деді: «Бұл үмметтегі ширк қараңғыда қара таста жорғалаған қара құмырсқаның ізінен де жасырынырақ».

                       Жазушының еңбектерінен кейбіреулері:

             1)Китабут-Таухид.                                                                                                                                                                                                                       2)Кәшфуш-Шубуһат.                                                                                                                                        3)Ал- Усулү,с-Саласа Фи,ддин.

          Құрметті оқырман! Сіздерге Аллаһтың рахметі болсын. Әрбір мұсылман ер және әйелге төмендегі мәселені үйреніп, амал етулері парыз:

         1) Білім: дәлелімен Аллаһты,  Оның Пайғамбарын және ислам дінін білу;

    2) Амал: осы ілімге амал ету;

    3) Шақыру: адамдарды тура жолға шақыру;

    4) Сабыр: адамдарды тура жолға шақыру кезіндегі қиыншылықтарға сабыр ету.

           Аллаһ Тағала былай бұйырады: Мағынасы: «Заманға серт, негізінен адам баласы зиянда, бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер бір- біріне шындықты үгіттесіп сабырға шақырғандар; олар зиянға ұшырамайды. (Аср 103:1-3)

    Имам Шафиъи رحمه الله : «Егер Аллаһ Тағала құлдарына осы сүреден басқа бір сүре түсірмегенде, осы сүре жеткілікті болар еді» дейді. Бухари  رحمه الله  « Ілім; сөз бен амалдан бұрын келеді» деген. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады: Мағынасы: (Мухаммад  صلى الله عليه و سلم) «Енді біл! Шын мәнінде Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мү,мін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле....» (Мухаммад 47: 19)

    Аллаһ Тағала осы аятта амал мен шақырудан алдын ілім керектігін айтты. Яғни  істелген амалдарды біліп және соның әсерлі орындалуы керектігін білдіреді. Әрбір балиғатқа жеткен мұсылман ер және әйелдің төмендегі үш мәселені үйреніп, оған иман келтіріп, соған лайықты амал етулері парыз.

    Біріншісі: Аллаһ Тағала бізді жаратып, ризық берді. Аллаһ құлдарын бостан бос қалдырмады, бізге Пайғамбар жіберді. Осы Пайғамбарға мойынсұнып, оның көрсеткеніндей амал еткендер жәннатқа кіреді, ал оған қарсы келгендер тозаққа кіреді. Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Расында Біз перғауынға Пайғамбар жібергендей, сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік. Сонда перғауын Пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық» (Мүзәмміл 73:15.16).

    Екіншісі: Аллаһ Тағала ғибадатта Өзіне жақындататын бір періште немесе жіберген бір Пайғамбары болсын, Өзіне ширк  қосуда ешқашан разы болмайды. Аллаһ Тағаланың мына аяты осыған дәлел болады:

  «Шын мәнінде мешіттер Аллаһқа тән, ендеше Аллаһпен бірге ешкімді шақырмаңдар». (Жын 72:18)

    Үшіншісі: Аллаһты жалғыздап, ғибадатты жалғыз О    ған жасап, Пайғамбарға мойынсұнғаннан кейін, оған қарсы келгенді, ең жақының болсада оларды дос тұтуға болмайды. Аллаһ Тағала   былай бұйырады: «Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары, яки туыстары немесе ағайындары болса да Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Аллаһ иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен  қолдаған және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын пейіштерге кіргізеді.  Аллаһ олардан разы, олар да  Аллаһтан разы. Міне бұлар, Аллаһтың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Аллаһтың жамағаты олар құтылушылар (Мүжәдәлә 58:22)

             Ибрахим عليه السلام нің діні, яғни таухидке шақыру діні. Бұл дін құлшылықты жалғыз Аллаһ Тағалаға арнап ғибадат ету діні. Аллаһ Тағала таухидті барлық адамзатқа әмір етті әрі оларды  осы мақсатпен жаратты. Осыған орай Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Зәрият 51:56).

    Бұл жерде «тек Өзіме құлшылық етсін» деу, Өзін ғибадатта бірлеу Аллаһ Тағаланың ең үлкен әмірі: «Аллаһ Тағалаға құлшылық қылыңдар, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар». (Ниса 4:36)

     Таухид: Аллаһ Тағаланы ғибадатта жалғыздау. Тиым салынған нәрселердің ең үлкені ширк, яғни  Аллаһ пен бірге басқаға дұға ету. Егер адам баласына парыз болған негізгі үш мәселе туралы сұралса, оған мына жауап айтылады: құлдың Раббысын білуі, Пайғамбары Мухаммад  صلى الله عليه و سلم  ды және ислам дінін білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бірінші қағида:

      Егер сенен «Раббың кім?» деп сұралса, айтқын: Раббым- мені және барлық әлемді жоқтан бар етіп жаратқандардың иесі және нығмет беруші. Одан басқа Жаратушы Тәңір жоқ. Ол менің Раббым. Одан басқаны Тәңір деп танымаймын. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһқа тән» (Фатиха 1: 2).

    Аллаһ Тағаладан басқаның барлығы жаратылыс, яғни жаратылған. Мен де бұл жаратылыстардың бірімін. Егер сенен Раббыңды қалай таныдың деп сұраса, Оның Құрандағы аяттары арқылы және жаратқан  жаратылыстары арқылы таныдым деп жауап бер. Өйткені түн мен күндіз, күн мен ай барлығы Аллаһтың аяттарынан. Аллаһтың барлығы мен бірлігін білдіретін басқа да  дәлелдер жеті қабат аспан мен жеті қабат жер және екеуінің арасындағы барлық нәрсе Оның жаратылыстарынан.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Түн мен күндіз және күн мен ай Аллаһтың дәлелдерінен. Күнге де, айға да сәжде қылмаңдар, оларды жаратқан Аллаһға сәжде қылыңдар; егер Оған құлшылық қылатын болсаңдар» (Фуссилат 41:37). 

    «Күдіксіз Раббыларың сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыға көтерілді. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Аллаһ бүкіл әлемнің Раббы» (Ағраф 7:54).

    Рабб—Құлшылық жалғыз Оған жасалады, яғни Аллаһ Тағала бір аятта былай бұйырады:

    «Әй, Адам баласы! Сондай сендерді де, сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар. Ол сондай  Аллаһ, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаһға серік қатпаңдар»  (Бақара  2: 21 - 22).

    Муфассир Ибн Касир  رحمه الله былай деді: Бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратушы ғибадатқа лайық жалғыз Ол ғана.

    Ғибадат дегеніміз—Аллаһ Тағаланың жақсы көріп, әрі разы болатын барлық құлшылығымыздағы жасырын және ашық түрде жасалынатын амалдар мен сөздердің жиынтығы.

    Ғибадаттың түрлері: Аллаһ Тағаланың бұйырып әрі жақсы көретін, жасырын және ашық түрде жасалған бүкіл амалдар мен сөздерді қамтитын ұғымды құлшылық деп айтады. Олардың кейбіреулері: иман, ихсан, дұға ету, қорқу, үміт ету, тәуекел ету, өз қалауымен бет бұру, тартына қорқу, мойынсұнып қорқу, тітіреніп қорқу, Аллаһтан күтілетін жәрдем, Оған сиыну, құрбан шалу, Оның үкімдерін қабыл етіп сөз беру. Осылардан басқа Аллаһтың әмір еткен құлшылық түрлерін Оның бұйырғанындай орындау.

     Бұл ғибадаттың барлығы тек Аллаһ үшін орындалады. Егер де ғибадаттың біреуі Аллаһтан басқаға орындалатын болса, мысалы: өліктерден немесе (салих) әулиелерден жәрдем сұрау, олардан қорқып, өздеріне бір пайда беретіндіктеріне сенсе және өлілердің әруағын жәрдемге шақырса, ислам дұшпандарын дос тұтса, бұлардың барлығы үлкен ширкке жатады. Адамды исламнан шығаратын үлкен куфр. Осы ғибадаттар үшін жеке-жеке дәлелдерді қарастырайық.

      Аллаһ Тағала былай бұйырады:

      «Мешіттер Аллаһтікі. Аллаһ тұрғанда басқа ешкімге құлшылық етпеңдер». (Жын 72:18)

    Дұға:

    Кімде-кім дұғаның бір бөлігін Аллаһтан басқаға арнаса, кәфір әрі мушрик болады.

    «Біреу Аллаһпен бірге дәлелсіз басқа бір Тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды». (Муминун 23:117)

    Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم Абу Дауд риуаят еткен хадисте былай дейді:     «Дұғаның өзі ғибадат».

    Аллаһ Тағала дұға  етудің  ғибадат  екенін төмендегі аятта  айтады:

    «Рабыларың: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында маған құлшылық қылудан паңсығандар, олар қор болып, тозаққа кіреді» дейді. (Ғофир 40:60)

           Қорқу:  

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

             «Жақтастарына жаны ашымайтындар—шайтандар, олардан қорықпаңдар, шын иман еткен болсаңдар, менен ғана қорқыңдар»  (Али Имран 3:175)

             Үміт ету:

             Алаһ Тағала былай бұйырады:

    «... кімде-кім Раббысымен жүз көрісуді үміт етсе, оның ісі ізгілікті болсын, Раббысына істеген құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін». (Кәһф 18:110)

    Тәуекел ету:      

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Егер Аллаһқа сенетіндерің рас болса, тәуекел етіп Оған ғана сиыныңыздар». (Мәида 5:23)

    Келесі аятта: «Ал кім Аллаһқа тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады».  (Талақ 65:3)

   Рағбат-сауабынан үміт етіп, бет бұру.

   Рахбат-Аллаһқа мойынсұнып , азабынан қорқу.   

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Үміт артатын еді және қорқып жалбарынып жүретін. Бізге бас ие ғибадат ететін». 

        (Әнбия 21:90)

    Қорқу (Тітіреніп қорқу):

    Бұл Аллаһты танитын адамдардың қорқынышы. Мұның алдыңғы қорқыныштан айырмашылығы, Аллаһты жақсы таныған адамдарда болады.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Олардан қорықпаңдар, менен қорқыңдар». (Бақара 2:150)

    Қайту: (Тәубеге жақынырақ бет бұру, оралу).

     Аллаһ Тағала былай бұйырады:

              «Раббыларыңа қайтыңдар. Оған бой ұсыныңдар». (Зүмәр 39:54)

    Жәрдем сұрау, жалбарыну:

    Аллаһ Тағала былай бұйырады: «(Иа, Аллаһ!) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз».   (Фатиха 1:5)

    Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم  былай дейді:

 «Егер жәрдем сұрасаң, тек Аллаһтан ғана сұра».  (Тирмизи 2648)

    Пана сұрау, сиыну.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Адамдардың тәңіріне сиынамын де». (Нас 114:1)

    Басына қиыншылық түскен кезде жәрдем сұрау.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Жаратқанға жалбарынып көмек сұраңдар, сендерге артынан мың періште жіберіп көмектесемін» деді. (Әнфәл 8:9)

    Құрбандық: Аллаһ Тағала былай бұйырады:

     «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Аллаһ үшін» де. «Оның серігі жоқ. Осыған бұйырылдым және мен бой ұсынушылардың алғашқысымын»де.  (Әнғам 6: 162-163)

    Ал сүннеттен дәлел келтіретін болсақ, Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم нің Муслим риуаят еткен хадистінде былай дейді: «Аллаһ Тағала өзінен басқаға арнап  құрбан шалғандарға  лағнет етті».

    Сөз беру: 

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Олар өздері берген уәдені (нәзірін) орындайды әрі қиыншылығы қисапсыз Қиямет күнінен қорқады». (Инсан 76:7)

            

Екінші қағида:

    Ислам дінін дәлелімен білу.

     Дәлелімен білу дегеніміз, жасаған амалдарымызды Аллаһ Тағаланың әмір еткеніндей және  Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم ның көрсеткеніндей орындау.        

    Осымен қатар ислам дініне қайшы келетін сөздер мен іс-әрекеттерімізді биъаттардан сақтау делінеді.

             Ислам діні: Таухидпен Аллаһтың бірлігіне мойынсұну, Оны ғибадатта жалғыздау, ширктен және ширк жасаушыдан алыс болып оларға дұшпан болу. Аллаһтың жалғыздығына мойынсұну дегеніміз, барлық ғибадат амалдарын тек Аллаһ үшін жасау болып табылады.

             Ислам дінінің негіздері:

    Ислам, иман және ихсаннан құралады. Әр негіздің жеке-жеке бөлімдері бар.

    Бірінші бөлім: Исламның шарты бесеу:

    1-Кәлима шаһадат айту.

    2-Намаз оқу.

    3-Зекет беру.

    4-Ораза тұту.

    5-Хажылыққа бару.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Аллаһ Тағала, періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді». (Әли Имран 3:18)

   Бұл аяттан кәлима шаһадат исламның ең бірінші негізі екенін көреміз. Калима шаһадаттың  мағынасына тоқтала кетсек, «Лә иләха иллаллаһ»—Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ.

    Лә иләһа—сөзінің мағынасы, тағутты және өзін құдай дәрежесіне жеткізгендерді мойындамайтындығына, олармен барлық қарым-қатынасты үзетіндігіне, Аллаһтан басқа өзіне құлшылық еткізгендердің бәрін мойындамайтындығына  Аллаһқа сөз беру.

    Иллаллаһ-тың мағынасы, Раббыма арналған құлшылықтарымда (адамдардың көзқарастарына, өзімнің қалауыммен бидъаттарға ілеспейтіндігіме, Құранда және Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم ның  сүннетінде құлшылық қалай баян етілсе, солай істейтіндігіме)  мүлкінде ұқсасы болмаған Аллаһты құлшылықтарда жалғыздайтындығыма сөз беремін.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Сол уақытта Ибраһим عليه السلام әкесіне әрі еліне: «Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім» деді. «Бірақ мені жаратқан Аллаһ басқа. Өйткені Ол,  мені тура жолға салады». «Ибраһим عليه السلام бұл (Аллаһты бірлеу) сөзін кейінгі ұрпақтарына мұра етіп, қалдырды. Әрине олар осыған қайта оралар». (Зұхрұф 43:26, 27, 28.)

    (Мухаммад صلى الله عليه و سلم): «Әй, Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Содай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шексіз біз мұсылман болдық» деңдер (Әли Имран 3:64).

             Мухаммад Расулуллаһ صلى الله عليه و سلم  .

    Пайғамбарымыз Мухаммад صلى الله عليه و سلم  ның Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді» (Тәуба 9:128)

    Мухаммад صلى الله عليه و سلم ның Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік берудің мағынасына тоқталатын болсақ, Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің әміріне мойынсұнып, жеткізген хабарын растап, тиым салған нәрсесінен сақтанып, оның көрсеткеніндей Аллаһқа ғибадат ету.

    Таухид, намаз және зекеттің түсіндірілуіне дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:          «Олар; ғибадатты, нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы тұп-тура дін». (Бәйинә 98:5)

    Оразаның парыз болуына дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылынғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар». (Бақара 2:183)

    Хажылықтың парыз болуына дәлел ретінде.Аллаһ Тағала былай дейді:

   «...Оның жолына шамасы келген кісілер, Аллаһ үшін Қағбаны зиярат ету (хаж қылу) керек. Ал кім қарсы келсе Аллаһ барлық әлемнен бай». (Әли Имран 3:97)

 

            Исламның екінші негізі -«Иман».

    Иман: Тілмен айтып, жүрекпен бекітіп, денемен амал ету.

    Иманның бөлімдері жетпіске жуық. Иманның ең жоғарғысы  Лә иләһа иллаллаһ, яғни Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ. Ал ең төменгісі жолдан адамдарға зиян келтіретін нәрселерді алып тастау.  Ұялу да иманның бөлімдеріне кіреді.

    Иманның шарттары алтау. Бір кісі бұл шарттардың біреуіне иман келтірмесе, ислам дінінен шығады және кәпір болады:

  1. Аллаһқа иман келтіру.
  2. Періштелерге иман келтіру.
  3. Кітаптарға иман келтіру.
  4. Пайғамбарларға иман келтіру,
  5. Ақырет (қиямет) күніне иман келтіру.

     6. Тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһтан екендігіне иман келтіру.

 

    Бұл алты шартқа байланысты Аллаһ Тағала дәлел ретінде былай бұйырады:

   «... Бірақ кім Аллаһқа, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға иман келтірсе және ... міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар».

    Тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһтан екендігіне дәлел ретінде былай дейді: «Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен (тағдыр қылып) жараттық» (Қамар 43:49)

     Ислам дінінің үшінші негізі «Ихсан».

    Ихсан: Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат ету. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрғанына сену.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Шынында Аллаһ тақуалармен, сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге». (Нахыл 16:128)

    Бұл аяттағы тақуа сөзі, Аллаһ Тағалаға еш нәрсені (ширк) ортақ қоспай,  Аллаһтан қорқып, харам нәрселерден ұзақ тұрушылар. Ал ихсан етушілер, Аллаһқа мойынсұнуда құлдық міндеттерін толық орындайтындар. Аллаһ Тағала мұндай құлдарын сақтап, қарсы пікір айтушылардан үнемі қорғап, жеңіске жеткізіп отырады.

    Аллаһтың олармен бірге болатынына байланысты Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаһқа тәуекел ет. Ол, сені тіке тұрған сәтте, көріп тұрады. Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де, түнгі (тәһажжүд намазына тұруыңды да, басқа тәһажжүд намазына тұрғандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рукуғ, сәждеге көшіп намаз оқуыңды Аллаһ көреді. Рас ол Аллаһ, әр нәрсені естуші, білуші». (Шуғара 26:217-220)

    Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мухаммад صلى الله عليه و سلم ) әрқандай бір жағдайда болсаң, Аллаһ тарапынан бір Құран оқысаң және сендер бір іс істесеңдер, әлбетте оған шомған кездеріңде, сендерді көреміз. Сондай-ақ, жердегі көктегі  тозаң салмағындай нәрсе Раббыңнан жасырылмайды.Тағы одан кішісі, үлкені ашық бір Кітапта бар». (Юнус 10:61)

    Пайғамбарымыздың صلى الله عليه و سلم сүннетінен дәлел келтіретін болсақ, Омар ибн Хаттаб  رضي الله عنه дан риуаят етілген атақты Жәбірейіл хадисінде ол былай дейді:

    «Бір күні Пайғамбарымыздың صلى الله عليه و سلم жанында отырған кезімізде жанымызға аппақ киімді, қара шашты, жолаушыға ұқсамайтын, ешкім танымайтын бір кісі кіріп келді. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ның жанына отырып, тізесін Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ның тізесіне жақындатып, қолын тізесіне қойып былай деді? «Ей, Мухаммад, Ислам дегеніміз не?» деді. Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم: «Ислам дегеніміз, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық Тәңір жоқ екеніне, Мухаммад صلى الله عليه و سلم  оның құлы және елшісі екеніне куәлік етуің, намаз оқуың, зекет беруің, ораза тұтуың, күшің жетсе хажылыққа бару» деді. Кісі: «Дұрыс айттың» деді. Біз оған таң қалдық, әрі сұрап әрі оны дұрыстап отыр. Кейін: «Иман дегеніміз не?» деді. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم : «Иман—Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, Пайғамбарларына, Ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһтан екеніне иман етуің» деді. Кісі кейін: «Ихсан дегеніміз не?» деді. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم : «Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат етуің, сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр» деді. Сосын кісі: «Қиямет қашан болады?» деп сұрады. Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم : «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді (яғни, Аллаһтан басқа ешкім білмейді)» деді. «Олай болса, Қияметтің белгілері қандай?» деп сұрады. «Күңнің өз қожайынын тууы, жалаңаяқ, жалаңаш кедей шопандардың өз араларында биік-биік үй салумен жарысуы» деп жауап берді.

    Омар رضي الله عنه  айтады: «Сосын ол адам орнынан тұрып, шығып кетті. Біраз уақыттан кейін Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم айтты: «Ей Омар, сауал қойған кім екенін білесің бе?» деп сұрады. Біз: «Аллаһ және оның елшісі жақсы біледі»  дедік. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم : «Бұл келген Жәбірейіл عليه السلام. Сіздерге діндеріңізді үйрету үшін келді» деді.

          

 Үшінші қағида:

    Пайғамбарымыз Мухаммад صلى الله عليه و سلم  ды тану.

    Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің әкесі Абдуллаһ, атасы Хашиминің ұлы Абдулмутталиб. Хашими Қурайыш тайпасынан , ал Қурайыш  Арабтан, ал Араб болса Аллаһтың Халилі (сүйген құлы) Ибрахим عليه السلام ның ұлы Исмайыл عليه السلام ның ұрпағынан. Адамдардың ең ардақтысы Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ға Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын. Ол 63 жыл өмір сүрді. Қырық жасында Пайғамбарлық келді. Ең алғаш Ғалақ сүресіндегі «Иқро» аятымен нәби болды.

    «Ей, жамылғысына оранған тұр енді»(Мүддәссір) аятымен расул болды. Оның елі Мекке еді. Аллаһ Тағала Пайғамбарымыз Мухаммад صلى الله عليه و سلم  ды бүкіл адамзатты ширктен сақтандыру үшін және таухидке (Аллаһтың бірлігіне ) шақыру үшін жіберді.

     Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Әй жамылушы! Тұр енді! Адамдарға ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Әр түрлі күнә-лас істерден аулақ бол! (Қылған ісіңді) көп міндет қылма! Раббың үшін сабыр ет». (Мүддәссир 74:1-7)

    Аяттағы (тұр және ескерт) сөзінің мағынасына тоқтала кетсек, адамдарды ширктен сақтандырып және таухидке шақыр делінген. Ал (Раббыңды ұлықта. Киіміңді таза ұста) аятында Раббыңды таухидпен ұлықтап, амалдарыңды ширктен тазала, (Күнә істерден алыс тұр) аятының мағынасында (Ар-Ружз—пұт) пұттардан және пұтқа табынушылардан алыс бол деген.

     Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم 13 жыл адамдарды таухидке шақырды. Пайғамбарлықтың 10-ші жылында Миғраж оқиғасы болды, яғни көкке көтеріледі, онда 5 уақыт намаз парыз болды. Бұдан кейін Меккеде 3 жыл болып, сосын Мадинаға хижрат етті.

    Хижрат: (көшу).

    Хижрат дегеніміз, Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің үмметінің ширк жұртынан, ислам жұртына; бидъад жұртынан, сүннет жұртына көшуі. Хижраттің бұл үкімі мұсылмандарға Қиямет күніне дейін парыз етілген.

    Аллаһ Тағала былай бұйырды:

    «Өздеріне өздері зиян жасағандардың (Меккеден көшпей қалғандардың) жандарын алуға келгенде, періштелер олардан «Қай жағдайда болдыңдар?» деп сұрайды. «Жерімізде (Меккеде) біз шамасыз жағдайда болдық» – дейді олар. «Көшемін десең Құдайдың жері кең емес пе еді? дейді (періштелер). Міне солардың (көшпегендердің) баратын жері де жаһаннам. Ол дегенің сұмдық орын. Ал әл-ауқатсыз ерлердің, әйелдердің, жас балалардың, жол білмейтін шарасыздардың жағдайлары бұған жатпайды. Соларға Аллаһ кешірім еткей. Аллаһ өте кешірімді, әрі қайырымды. (Ниса 4:97-99)

    Басқа бір аятта Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Ей, мүмін пенделерім! Менің кеңістігім (жерім) кең екені даусыз. Маған ғана ғибадат жасаңдар». (Анкабут 29:56)    

     Тәфсірші Имам Бағауий رحمه الله былай дейді: «Бұл аят, кейбір мұсылмандардың Мадинаға хижрат етпей Меккеде қалып қоюларына байланысты түсті. Аллаһқа құлшылық жасауда таухидке қатысты амалдарын орындай алмағандары үшін және ширкке бармауы үшін қиындық көрген жерінен хижрат етуді Аллаһ Тағала мүміндерге  әмір етті».  

      Имам Ахмад رحمه الله және Абу Дауд رحمه الله риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз   صلى الله عليه و سلم былай дейді:

    «Тәуба есігі жабылмайынша, хижрат есігі жабылмайды. Ал тәуба есігі күн батыстан шыққанша ашық болады». 

    Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلمМадинаға хижрат еткеннен кейін ораза, зекет және жамандықтан қайтару сияқты исламның басқа да үкімдері әмір етілді. Бұл үкімдерге байланысты аяттардың түсуі 10 жылға дейін созылды. Пайғамбар صلى الله عليه و سلم хижраттың оныншы жылында қайтыс болды. Оның діні Қиямет күніне дейін жалғасады.

    Оның үмметіне көрсеткен жақсылығынан артық басқа ешқандай жақсылық жоқ. Ол тыйым салған жамандықтан асқан басқа жамсандық жоқ. Ол көрсеткен жақсылық-- таухид және Аллаһ жақсы көріп, разы болатын сөздер мен амалдар. Ал Ол тыйым салған жамандық—ширк, яғни құлшылықта Оған ортақ қосу. Аллаһ Тағала  Пайғамбар صلى الله عليه و سلم  ды бүкіл адамзатқа елші етіп жіберді және оған мойынсұнуды адамдар мен жындарға парыз қылды.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    (Мухаммад صلى الله عليه و سلم): «Әй, адам баласы! Мен барлығыңызға Аллаһның елшісімін; Ол сондай Аллаһ, жер мен көктің иелігі Оған тән ...» де. (Ағраф 7:158)

    Аллаһ Тағала Мухаммадпен صلى الله عليه و سلم  дінді аяқтады:

    «Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым». (Мәида 5:3)

    Әр бір мүмін Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم  ның өлетініне және барша адамдардың өлгеннен кейін қайта тіріліп, есепке тартылатындығына және жасаған амалдарының нәтижесін көретіндіктеріне иман келтіруі керек.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «(Мухаммад صلى الله عليه و سلم) шынында сен де өлесің, олар да өледі. Сосын сендер, Қиямет күнінде Раббыларыңның хұзырында дауласасыңдар». (Зүмәр 39:30,31)

    Келесі аяттарда:

    «Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз». (Таһа 20:55)

    «Аллаһ сендерді жерден өсіріп өндірді. Сосын сендерді, Ол жерге қайтарады, сонан кейін қайта шығарады». (Нұх 71:17,18)

    Аллаһ Тағала бүкіл адамзатты өлгеннен кейін қайта тірілтіп, есепке тартып, жасаған амалдарына қарай жаза немесе сый беретінін мына аятта білдіреді:

    «Көктегі әрі жердегі нәрселер Аллаһқа тән. Сондай жамандық істегендер, істегендерімен жазаланады да, ал жақсылық істегендер, жақсылыққа бөленеді». (Нәжім 53:31)

    Өлгеннен кейін қайта тірілуді жалғанға шығарған адамның кәпір болатынын Аллаһ Тағала мына аятта айтады:

        «Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мухаммад صلى الله عليه و سلم) оларға: «Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаһқа оңай» де». (Тағабун 64:7)

    Аллаһ Тағала барлық Пайғамбарларды; Аллаһқа ғибадат етіп, Оған ешнәрсені ортақ қоспағандарды жәннатпен сүйіншілеп, ал Оған ширк келтіргендерді тозақ азабымен қорқыту үшін жіберді.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Пайғамбарларды عليهم السلام қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік. Елшілерден عليهم السلام кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін. Аллаһ Тағала аса үстем, хикмет иесі». (Ниса 4:165)

    Пайғамбарлардан расулдардың алғашқысы—Нұх عليه السلام. Расулдар мен нәбилердің соңғысы—Мухаммад  صلى الله عليه و سلم.

    Нұх عليه السلام ның алғашқы расул екендігіне дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «(Мухаммад  صلى الله عليه و سلم) Нұх عليه السلام және одан кейінгі Пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік». (Ниса 4:163)

    Аллаһ Тағала Нұх عليه السلام нан бастап Мухаммад  صلى الله عليه و سلمға дейінгі барлық Пайғамбарларды, өз үмметттеріне құлшылықта Аллаһты жалғыздап, ғибадат ету үшін және пұттарға құлшылық қылудан қайтару үшін жіберді.

     Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар» дейтін елші жібердік». (Нахыл 16:36)

    Аллаһ Тағала барлық құлдарын тағутқа сенуден қайтарып, Өзіне мойынсұнуды парыз етті.

    Ибн Қойиюм رحمه الله тағутты былай сипаттайды: «Тағут—құлдың Аллаһтан басқаға құлшылық етуі және  басқаға еріп мойынсұнуы».

    Тағуттың түрлері көп, оның бастапқылары бесеу:

    1.Ібіліс (шайтан), Аллаһ оны лағнет етсін;

    2. Өзіне құлшылық қылуға келісім беруші;

    3. Адамдарды өзіне ғибадат етуге шақырушы;

    4. Ғайып ілімді меңгеруге таласушы;

   5. Және Аллаһ түсірген шариғаттан басқамен үкім қылушы.

Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөздері: 

    «Дінде зорлау жоқ. Расында туралық азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаһқа иман келтірсе, сонда ол үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Аллаһ әр нәрсені естуші, білуші». (Бақара 2:256) Осы аяттан «Лә иләһа иллАллаһ» (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ) сөзінің мағынасы шығады.

    Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم   хадисінде былай дейді:

     «Әр нәрсенің басы Ислам, ал оның тірегі намаз және шыңы Аллаһ жолындағы күрес (жихад)».

 

   

 

 

 

Төрт негіз:

    Саған берілген нығметтерге шүкір етушілерден бол, басыңа қайғы қасірет келген кезде сабыр ет және күнәларыңа тәуба етіп кешірім сұра. Бұл үшеуі дүниелік және ақыреттік бақытың (бақытынан).

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

   «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым». (Зарият 51:56)

    Аллаһ сені Өзіне ғибадат ету үшін  жаратқаннан кейін білгін, ғибадат  таухидпен бірге болмаса, ғибадат болмайды. Ал намаз, тазалықпен бірге болмаса, намаз болып саналмайды. Таза нәрсеге лас нәрсе түсіп бұзылғандай, ғибадатқа ширк кіргенде солай бұзылады.

     Ғибадатқа ширк араласқаннан кейін, ол бұзылып, иесінің амалы босқа кетіп, Ақыретте тозаққа түсушілерден болады. Сен үшін мұны білу өте маңызды. Аллаһтан тілерім, сені ширктен сақтасын.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

  «Аллаһ Тағала Өзіне ортақ қосқанды жарылқамайды (кешірмейді) да, бұдан өзге қалаған  кісісін жарылқайды ...». (Ниса 4: 48 және 116)

    Әр түрлі ширктерден ұзақ болып, бірақ ықыласымен ғибадат  етпеген кісі Аллаһтың кітабынан мына төрт ақиқатты білуі керек:

    Біріншісі: Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلمмен соғысқан кәпірлер, Аллаһ Тағаланың ризықтандырушы және өлтіріп-тірілтуші, пайда және зиян беруші, бүкіл іс Оның қолында екенін біліп, қабыл қылса да, Аллаһ оларды  мұсылман етіп қабылдамады және Өзінің елшісіне олармен соғысуды бұйырды.

 Аллаһ Тағала олар туралы былай бұйырады:

   (Мухаммад صلى الله عليه و سلم): «Сендерді аспаннан, жерден кім ризықтандырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім игерді?»-де. Олар «Аллаһ» дейді. «Ендеше Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?» де.  (Юныс 10:31)

    Екіншісі: Аллаһқа жасаған ғибадаттарында араға дәнекер қою арқылы  Аллаһқа ортақ қосқан мүшриктер, бұл істегендерін ширк емес деп, былай дейді: «Пайда беруші Аллаһ екенін білеміз. Біз тілейтінімізді тек Аллаһтан сұраймыз».

    Олар туралы Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаһқа тән. Сондай Аллаһтан өзгені дос тұтқандар: «Біз бұларға Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз» (дейді). Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Аллаһ Тағала үкім береді. Расында Аллаһ, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды» (Зүмәр 39:3)

    Шапағат туралы  Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Олар, Аллаһтан өзге, өздеріне зиян не пайда бармейтін нәрселерге шоқынып: «Оларды, Аллаһтың қасында шапағатшымыз» дейді. (Юнус 10:18)

    Шапағат екі бөлімнен тұрады:

    1.Рұқсат етілмеген шапағат.

    2.Рұқсат етілген шапағат.

    1. Рұқсат етілмеген шапағат дегеніміз, Аллаһтан басқа жәрдем бере алмайтын басқа біреуден  шапағат сұрау.

    «Әй, мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу, достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын, Аллаһ жолында жұмсаңдар. Ал қарсы болушылар, олар залымдар». (Бақара 2:254)

    2. Рұқсат етілген шапағат дегеніміз, Аллаһтан сұралынатын шапағат. Аллаһ Тағала  сөзі мен амалдарына  разы болған  құлдарына Өзінің рұқсатымен шапағат ақысын береді.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

                        «Оның хұзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?». (Бақара 2:255)

    Үшіншісі: Аллаһ Тағала Пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم ды әр түрлі құдайларға табынған адамдарға жіберді. Олардың кейбірі ай мен күнге және салих (әулие) адамдарға, ал енді кейбіреулері Пайғамбарларға, періштелерге, тағы кейбіреулері ағаштар мен тастарға табынатын еді. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم   ширк келтірушілердің  барлығына қарсы соғыс ашты.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Олармен ешбір фитна қалмағанға дейін және дін бүтіндей  Аллаһтікі болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, расында Аллаһ олардың істегендерін толық көруші». (Әнфал 8: 39)

    Аллаһ Тағала ай мен күнге табынғандар жайында былай дейді:

    «Түн мен күндіз және күн мен ай Аллаһтың дәлелдерінен. Күнге де, айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаһқа сәжде қылыңдар; егер Оған құлшылық қылатын болсаңдар». (Фуссилат 41:37)

    Періштелерді тәңір санағандар туралы Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Сондай-ақ олар сендерге: «Періштелерді, пайғамбарларды тәңір жасап алыңдар!» деп бұйырмайды. (Әли имран 3:80)

    Пайғамбарларға ғибадат етушілер жайында Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Әй, Мариам ұлы Иса! Адамдарға Аллаһты қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар, деп сен айттың ба?» дейді. (Иса عليه السلام): «Әй, Аллаһ! Сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен, оны анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толық білушісің» дейді. (Мәида 5:116)

    Салих (әулие) адамдарға табынушылар туралы Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Олардың сиынғандары; (періштелер, пайғамбарлар, жындар). Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті». (Исра 17:57)

    Ағашқа және тастарға табынғандар жайында Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Әл-Ләт пен әл-Ғұззаны көрдіңдер ме? Және тағы үшінші Мәнәтті ше? (үш пұттың аттары)». (Нәжім 53:19,20)

          Әбу Уақид Әлләйси رضي الله عنه  былай дейді:

  «Біз Аллаһтың елшісі صلى الله عليه و سلم   мен бірге Хунайын жорығына шыққан едік. Біз болсақ, сол кезде жаңадан кәпірліктен айрылған едік (мұсылман болдық). Көпқұдайшылардың лотос ағашы бар еді. Олар оның маңында оңашаланып (береке тілеп ұлықтайтын еді), оған қару жарақтарын (береке қонсын деп) іліп қоятын. Ол ағашты «ілгектері бар» атауымен атап кеткен. Біз бір лотос ағашының маңынан өтіп бара жатқанда былай дедік: Иә, Аллаһтың елшісі, бізге де олардың «ілгектері бар» сияқты бір ағаш істеп беріңіз. Сонда Аллаһтың елшісі صلى الله عليه و سلم  бұны естіп : Аллаһу акбар (Аллаһ ұлық!). Бұл айтқандарың бұрынғылардың жолы. Жаным Оның қолында болғанмен ант етемін! Сендер Исраил ұлдары Мұса عليه السلام ға: «Бізге олардағы сияқты бір құдай істеп бер»-деп айтқандарындай айттыңдар. Мұса عليه السلام оларға: «Сендер надан болып жүрген қауымсыңдар»-деді. (Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم  сөзін жалғастыра): Сендер міндетті түрде сендерден бұрын болғандардың  (яһудилер мен християндардың) жолдарын қуасыңдар» деді. (Ат-Тирмизи бұл хадисті риуаят етіп, оны сахих деген).

    Төртіншісі: Күмәнсіз қазіргі уақыттағы мүшриктердің ширк етулері (ортақ қосулары) бұрынғы мүшриктердің ширкінен де күштірек. Өйткені бұрынғы мүшриктер жандары қиналған кезде ширкті тастап, тек қана Аллаһқа ғана бет бұратын. Жан қиналысы кеткен соң, қайтадан Аллаһқа ортақ қосуды бастайтын еді. Ал қазіргі мушриктер болса,  қиыншылық жағдайда Аллаһқа ғибадатта ортақ қосып, Аллаһтан басқа неше түрлі нәрселерге табынады.

    АллаһТағала былай бұйырады:

    «Қашан олар кемеге отырса, дінін Аллаһқа арнаған түрде жалбарынады да, оларды құтқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаһқа серік қосады».   (Анкабут 29:65)

 

                       Исламды бұзатын (діннен шығаратын) 10—нәрсе:

 

    1—Теңі және ұқсасы болмаған Аллаһқа ғибадатта ортақ (ширк) қосу.

    Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Негізінен Аллаһ, Өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Ал және кім Аллаһқа ортақ қосса, расында өте ұзаққа адасты». (Ниса 4:116)

    2— Аллаһ пен өзінің арасында  бір дәнекер қою, бұларды дұғамен шақырып, жәрдем сұрау.

    3—Мүшриктерді кәпір деп санамау және бұлардың куфрінде күмәні болмау немесе бұлардың көзқарастарын дұрыс деп қабылдау.

    4—Кімде-кім Пайғамбар صلى الله عليه و سلم ның әкелген тура жолынан басқа тура бір жол бар деп сенетін болса және оны жоғары ұстап, қошеметтеп және басқаларының шығарған үкімдерін, ислам үкімдерінен жақсы деген ниет болса, мысалы: тағутқа сенушілердің үкімдерін Пайғамбар  صلى الله عليه و سلمның  әкелген үкімдерінен жоғарырақ және абзал деп қабыл етсе, осылай істеп сенгендер кәпір болып саналады.

    5—Кімде-кім Аллаһ Тағала пайғамбарымыз  صلى الله عليه و سلم арқылы жіберген істерінен бір істі жек көрсе немесе оған қарсы іс істесе куфр еткен болып саналады. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Шынында олар Аллаһтың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Аллаһ олардың амалдарын жойды». (Мұхаммед 47:9)

        6—Аллаһтың дінінен болған қандайда бір нәрсенің үкімін немесе бір сауапты істі немесе жазасымен мазақтау, яғни діннен бір нәрсені мазақ етсе, ол куфрге апарады, соған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай деп бұйырады :         

    «Егер олардан сұрасаң: «Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік» дейді. Оларға «Аллаһпен, аяттарымен және Елшісімен   صلى الله عليه و سلم  қылжақтаған болдыңдарма?»-де. Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар (кәпір болдыңдар). Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімін күнәһәр болғандықтарының салдарынан азапқа ұшыратамыз». (Тәуба 9:65,66)

    7—Сиқыр, сиқырдың барлық түрлерін кім істесе немесе ризалық білдірсе, ол да куфрге кіреді.  Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. (Бақара 2:102)

    8—Мұсылмандардың мушриктерге  жәрдем беруі. Олардың қастарынан жер алу. Бұған дәлел ретінде Аллаһ Тағала былай бұйырады:      

    «Әй,  мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір біреулерінің достары.  Сендерден кім оларды дос тұтса,  сонда күдіксіз ол олардан. Расында Аллаһ залым елді тура жолға салмайды». (Мәида 5:51)

    9—Кейбір адамдар пайғамбарларға моиынсұнбай-ақ қойса болады десе, бұл кейбір адамдардың пайғамбар صلى الله عليه و سلم ның шариғатынан тыс шығуға болады деп, яғни Муса عليه السلام ның шариғатынан Хызыр عليه السلام да шықты ғой деп сенсе, бұлда куфрге алып барады.

     10-Аллаһтың дінін үйренуден бас тартып және онымен амал қылмайтындар туралы Аллаһ Тағала былай бұйырады:

    «Рабыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәһарлардың лайықты жазасын береміз». (Сәжда 32:22)

Осы аталған он бөлімдегінің барлығы исламмен байланысқан.                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-11-13 20:01:35     Қаралды-4876

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »