Овуляция және сары денешіктің пайда болуы. Ұрғашы малдардың қанында ЛГ және эстрогендер концентрациясы ең жоғары деңгейде болса, фолликула дер мезгілінде өз дәрежесінде жетіліп, пісіп жетілген ооцитте овуляциясына әкеледі. Фолликул размерінің үлкеюі жалғасып, нәтижесінде фолликул өзі өсіп және фолликулярлық сұйық көбейеді.
Фолликулдың сыртқа шығып томпиып тұрған орнын стигма деп атайды және ЛГ қанда ең жоғарғы концентрациясы болғанда (овуляциядан кейін сәтке өткеннен соң) сол облыста сипатты өзгерістер болады. Фолликулярлық сұйық көлемі көбейгенмен, фолликулярлық қуыстың ішкі қысымы ұлғаймайды. Ал овуляция моментінде жұмыртқамен қоса біраз қоймалжың сұйық бөлінеді.
Фолликул қабырғасы жұқарып өзгеруіне байланысты, оның жарылуы, пайда болған коллагенез ферменті арқылы процесті тездетеді. Сонымен қатар, стигма астында (кроликте) лизосомалар саны көбейеді. ЛГ, ПГҒ-2 және ПГҒ-2С° көп пайда болуын стимулдейді.
Түйіршікті (гранулезная) жасушалар протеолитикалық ферментті синтездейді, ал бұл плазминогеннің активаторы-бұның синтезі ФСГ бөлінуін стимулдейді. Осы өзгерістердің бәрі фолликул қабырғасының дәнекер ұлпасын бұзуға дайындайды және үзілуін тездетеді (К. Остин, 1987). Сондықтан, ЛГ әсерінен преовуляторлық фолликулінде прогестерон және простагландиндер синтезін көбейтеді. Одан соң ЛГ толық не жуан (тучная) жасушаларында гистамин синтезін стимулдейді. Осы айтылғандардың бәрі, яғни гормондардың әрекеттері түгелдей дерлік овуляция процесі қалыпты жагдайда жүруіне мүмкіншілік туғызады.
Күйлеу уақытымен ЛГ овуляторлық шынының арасы 6-дан 18 сағатқа дейін. Овуляция ЛГ шыңынан соң шамамен 24 сағатқа созылады. Ал ЛГ шыңы, 8-12 сағат арасында ұстап тұрады. Б. Гипофизден ФСГ бөлініп шығады, ол жыныс безінің доминантты фолликулына (ДФ) әсер етеді, оның өсуін және дамуын қамтамасыз етеді. ДФ эстрогендері бөле бастайды (Е), оның ықпалы тиетін ағзаларға, жатырға-оның жиырылуына және гиператорфиялық процес жүруіне; б) ДФ-жетілу мүмкіндігін арттыруға; в) орталық нерв жүйесіне, яғни жануарлар жыныс белсенділігіне; г) гипофизгеол ЛГ овуляторлық бөлінуін стимуляциялайды, оның өзі овуляциялайды және сары денешіктің (СД) жетілуіне себебі тиеді. В. Лютеальды фазасында негізінен гормон прогестерон бөлінеді, қанда концентрациясы көбейеді. Буаздылық дамымаған жағдайда жатыр шырыш эпителийі мен ет тканынан шығаратын простагландин Г әсерінен сары денешік лизиске ұшырайды да, қайтадан жыныс цикпінің фолликулярлық фазасы дамиды. Сонымен, овуляция процесіне соңғы әрекеттер стигма маңындағы гомеостаздан басталады да, бұл құбылыс 1 сағаттан соң фолликуляр сұйығы сыртқа шығады. Бұл мезетте жұмыртқа жасушасы сәуле тәрізді венецтік фолликул жасушаларымен қоршалған.
Айта кету керек, бұл овуляция процесінің нағыз механизмі әліге дейін арнаулы бақылаулар мен түсіндіруді қажет етеді. Бұл құбылыста жоғарыда айтылғандардан басқа да факторлар қатысатынына күмән жоқ. Кейбір гипотеза бойынша фолликул қабырғасының өздігінен тесілуі не жарылуы, оның беріктілігінің төмендеуінен, оған әкелетін нәрсе сол жердегі қан тамырлары жұмыстары баялап, не ферменттердің локальды іс-әрекетінің белсенділігінің артуынан деп есептейді. Ферменттер гипофиз гормонымен (ЛГ) стимулденеді. Осылардың әрекетіненжыныс бездік стромасы тегіс ет жасушалары қасиеттеріне сәйкес, олардың импульсивтік жиырылуынан фолликул қабырғасынан жарылу белсенділігі артады да овуляцияланады. Дегенмен, қазіргі уақыттағы гипотозолар бұл құбылыстың жүруіне нақты толық адекатты түсініктемелер бере алмайды.
Овуляцияланған жұмыртқа жасушаның құрылымы. Овуляцияланған жұмыртқа жасушасы (яйцаклетка) орташа размері 110-нан 140 микрометр (мкм) болады. Оның үш қабығы белгілі: алғашқысы (сарыуыз), бұны ооциттің өзі синтездейді және ұрықтану моментінде цитоплазма қабығына өте тығыз түрде жақындап, қоршайды. Бұл қабық барлық сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасында болады. Екінші, мөлдір қабық (zona pellucida ZР), оның ішкі бөлімін ооциттің өзі синтездейді, ал сыртқы фолликулярлық жасушалармен синтезделеді, оны үшінші қабығы деп атайды. Бұл қабық құстарда жақсы дамыған, бұның пайда болуы овуляциядан соң, жыныс түтікшесімен сыртқа шығу жолында жасалады.
Сондықтан, овуляцияланған сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын гопа реііисісіа қоршайды, оның айналасында сәулелік венец (соrоnа radinta) жасушалары жауып тұрады, оның соңы жұмыртқаны ұстап тұратын төмпешікпен (cumulus oophotus) жалғасады. Ооцит плазматикалық мембранасы жабыспайды және оолема мен гопа реііисісіа-гликопротеин.ооциттарды және имплантация алдындағы ұрпақтардықоршап тұрады малда әрқалай ауытқиды; тышқанда ол жіңішке инемен жақсы тесіледі, ал кроликтер мен норкалар жуандау және қатты. Жұмыртқа жасушасының мөлдір қабығын қолмен, не химиялық жолмен ажыратқанда турлік ұрықтану процесінің сақталуын жояды. Мысалы, кроликтің жұмытрқа жасушасына егеуқұйрық және тышқан спермийлері, сонымен қатар, алтын атжалман жұмыртқа жасушасына адамның мүйізді ірі қара малының, кемірушілердің, маймылдың, дельфиннің және қораздың спермийлері оңай енеді.
zona pellucida ZР құрамынан тәрт типті гликопротеиндер табылған, олардың әріптермен белгілейді ҒZР-1, ZР-2, ZР-3, ZР-4, олардың молекулярлық массасы тиісінше 8200, 6100, 5500 және 2100 сәйкес, ZР-3 көмегімен спермийлер zona pellucida мен байланысады, ал спермийлер жұмыртқа жасушаларына енгеннен соң, сол гопа реііісиба өз қасиетін жояды, жұмыртқа жасушасына басқа ешқандай спермийлердің кіруіне мүмкіншілік болмайды, яғни басқа гликопротеиндер белсенділігімен арнайы үрықтанулы қабығы пайда болады.
Жұмыртқа жасушасы гопа реііисісіа сыртынан сәулелік венецпен (тәжбек) қоршалған, ол ешқандай шекарасыз-ақ ооцитгі ұстайтын төмпешікке өтеді, олардың негізгі фолликуляр жасушалары мен желатин тәрізді массадан құралған. Кумулюс негізінен гиалурон қышқылдарынан тұрады. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанылатын орынға жеткенше түтікшенің ресничкалық эпителийлерінің көмегімен және фермент-гиалуронидазы әсерінен, кумкулюс жасушаларынан құтылады. Жұмыртқа жасушасының кумулюс қабығын құрайтын жасушаларды жоғалтуын денудйция деп атайды.
Сары денешік (желтое тело). Овуляциядан соң, оның орнына жыныс безінде фолликул жасушалар компанентінен сары денешік пайда болады. Қалыпты сары денешіктің пайда болуы, тек қана фолликулде жеткілікті гранульдік жасушалар болған жағдайда және ол жасушаларда ЛГ үшін көптеген рецепторлар болуы керек.
Овариальдық фолликул жарылғанда, ондағы әжептеуір сұйық сыртқа төгіледі де, жыныс безі стромасы жиырылады, нәтижесінде фолликулярлық қуыс кішірейеді. Майда қан тамырларынан аққан қан қуысты толтырады да, барлық фолликула ішіндегі қалдықтармен қосылып ұйысқан масса пайда болады. Овуляцияланған фолликул орнына сары денешіктің пайда болуына сол орында болатын басқа өзгерістердің де себебі тиеді. Айталық, дәндік жасушалары ісініп, цитологиялық жасуша белгісін береді және стероидтық гормондар шығаруға дайындала бастайды. Фолликул қуысындағы орталық ұйынды фагоцитоздың әсерінен кішірейеді, азаяды. Дәндік қабақта қан капиллярлары болмайды, дегенмен осы мезгілден басап қан тамырлары дами бастап, қатты воскуляризацияланады (қан тамырларының пайда болуы). Осы қан тамырлары арқылы фолликула қабығының ішкі-майда жасушалары келеді. Олар дәндік қабық арасында орналасады. Моноовуляторлық түрлерде (адам) овуляция оң не сол жыныс безінде кездейсоқ тәртіпте жүреді. Ал ең аз деген екі типті лютеоциттер (сары денешік жасушаларының) болады: ірі және майдалар (адамда үш типті-К жасушалары) болып бөлінеді. Сары денешік массасының үлкеюі негізінен лютеоциттердің размерлеріне байланысты (гипертрофия), ал оның санының көбеюіне емес гиперплазия). Демек, преовуляциялық фолликулде жасуша қанша болса. сары денешікте сонша жасуша болады деген сөз. Оның сары денешік деп аталу себебі, фиксацияланбаған материалда оның сары г.сті болуына байланысты. Себебі, сары денешік жыныс безіндегі дәнекер ұлпадан, лютеиндік жасушалардан, қан фибрин ұйындыларынан және ұйыған қаннан құралады. Сары денешіктің үш түрін бөлектейді: диэструстық-белсенділігі аз және қысқа өмірлі, бұл овуляциядан кейін буаздылық болмаған жағдайдағысы; екіншісі, белсенділеу және өмірлілігі ұзақтау псевдобуаздылық сары денешігі (спермийлер жіберілмеген контустан кейін пайда болады); үшіншісі, буаздылық сары денешігі-бұның өмірлігі ең ұзақ және шексіз белсенді. Гормональдық қарым-қатынасы әр түрлі малдарда (жануарларда) әр қилы болады, мысалы: егеуқұйрық пен саулықта ЛГ қалай керек болса, пролактин де солай керек. Ең қызығы сары денешікте де әжептеуір эстрогендерді синтездейді. Дегенмен, негізгі гормоны прогестерон-ол жатыр шырыш қабатын дайындап, болашақ ұрпақтың өсуіне. имплантациясына жауапты болады. Ал егер, буаздылық дамымаса, не болмаса, сол сары денешік гипофиз гонадотропиндеріне сезімталдығын жоғалтса, арнаулы ЛГ рецепторларының жасушаларда азаюына әкелуі мүмкін, соның салдарынан сары денешік солады, қайтуына әкеледі. Сонымен, саулық жыныс безінің сары денешігі, өзінің секреторлық даму деңгейі 6-8 жыныс циклі күндеріне дейін созылады, өзінің гормоны прогестеронның деңгейін бірқалыпты мөлшерде 15-ші күнге дейін синтездейді де, ендігі күйлеуіне 1-2 күн қалғанда прогестеронның мөлшері төмендейді. Ең көп прогестерон концентрациясы сары денешік фазасында 2 нг\мл жетеді. Ал осы деңгейдің азаюы шамамен 16 жыныс циклі күнінде болады. Егер де буаздылық пайда болса, онда сары денешік өзінің өсу және секрециялау қалпын сақтайды. Одан басқа, буаздылық кезінде сары денешік екі стероидты емес гормондарды синтездейді, бірі релаксин- буаздылық аяғына дейін сақтау үшін, яғни жатыр қабаттарын жиырылудан сақтаса, екіншісі, окситоция-тек қана жыныс безі венасына бөлінеді (К. Остин, 1981). Буаздылық сары денешігінің сақталуы ұрпақтың және оның айналасындағы қабықтары жасушаларының тұрақты түрде хориондық гонадотропин гормондары әсерінен болады. Ретрогрессивтік өзгерістер сары денешіктер не басқа типті дегенерация болғанда фиброздық инвалюция сипат алады. Оның мәнісі жасушалар структуралары жойылады, оның орнына талшықты дәнекер ұлпалары дамиды. Қартайып, күні өткен сайын ұлпалар ағарып, тыртықтанып-ақ денешік деп аталады. Диэструстық сары денешіктің ұзақ тіршілігі жануарлардың класына байланысты, айталық, ит пен кенгурудың сары денешігінің ұзақтылығы буаздылық болмаса да, буаздылық мерзімімен тең. Ал, екінші кластық жануарлар (приматтар, тұяқтылар, кемірушілер) буаздылығы болса, сары денешіктері ұзақ қызмет жасайды, ал буаздылық болмаса қысқа тіршілік етеді (ол бұл малдардың плацентасының лютеотроптық белсенділігі жоғары болуынан). Егер жыныс цикпі сары денешігінің қызметі буаздылық сары денешігінен ұзаққа созылса, ондай жануарларды үшінші класқа
Жарияланған-2019-06-20 10:43:36 Қаралды-7177
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина