UF

Үйрету - мұның өзі иттерді адамға қажетті әрекеттерді оның бұйрығы бойынша дұрыс және тоқтаусыз орындауға дағдырландыру. Үйрету - адамнан ықылас қоюды, табандылықты, шыдамды және итке деген сүйіспеншілікті талап ететін ұзақ процесс. Итті үйрету үшін бұған қоса үйрету әдістері мен иттерді жекелеген тәсілдермен үйретудің техникасын және оның теориялық негізінің кейбір мәселелерін жақсы білу керек.

Бүкіл үйрету ісі И. П. Павловтың жоғарғы нерв қызметінің рефлекстері туралы іліміне негізделіп құрылған. Рефлекс - бұл ит немесе кезкелген хайуанат организмінің сыртқы немесе ішкі әсерге, организмге қоршаған ортадан немесе оныңөз ішінен қандай жолмен болса да әсер ететін нәрсенің бәріне жауай қимылы. Хайуанаттың бүкіл мінез-құлқы, барлық қимыл-әрекеті рефлекске құрылған. Рефлекстер, яғни организмнің сыртқы әсерлерге жауабы оның тамыр жүйесі арқылы өтеді. Бір тамырға түскен барлық әсер ең алдымен орталық нерв жүйесіне (ми мен жұлын) беріледі, ал басқа тамырлар арқылы белгілі дәрежеде бұл әсерлерді қабылдауға итті мәжбүр ететін жауаптар келеді.

Рефлекстер - шартсыз, табиғи және шартты болын болінеді. Шартсыз рефлекстер- бұлар барлықиттерде болады және туа салысымен (күшіктің шешесінің бауырын сору рефлексі) немесе біртіндеп, хайуанаттың жетілу шамасына қарай көріне бастайды. Шартсыз рефлекстер хайуанаттың өмірін сақтау үшін, оның негізгі қажеттерін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Хайуанаттарды шартсыз рефлекске үйретіп жатудың қажеті жоқ. Жалпы иттерді үйрету үшін 5 түрлі шартсыз рефлекстің айрықша маңызы бар: тамақішу, ауырсыну, қорғану, болжау, жыныстық рефлекстер. Бұл рефлекстер негізінен иттің мінез-құлқын айқындайды, оларды міндетті түрде білу және үйрету кезінде ескеру керек.

Тамақты ішу рефлексі - иттің тамақ іздеуге және жеуге тырысуы. Оның байқалуы аш иттерде қанның химиялық құрамының өзгеруіне қарай олардың нерв жүйесіне әсер етуіне байланысты болады. Тамақ ішу рефлексі әр түрлі итте әр түгрлі жолдармен байқалады: кейбіреулерінде ол өте күшті сезіледі. Мұндай иттер кез келген тамақты аса қомағайлана жейді және үнемі тойымсыз келеді. Басқаларында бұл одан гөрі баяуыраң болады, ондай иттер тамаққа көп қызықпайды. Үйрету кезінде тамақ ішу рефлексі міндетті түрде ескеріледі, өйткені аш ит барлық иісті аңғарғыш келеді, бірдеңе іздеумен болады, ал бұйрықты нашар орындайды.

Ауырсыну рефлексі - бұл да иттің сақтануына әсер етеді, өйткені ит өзін ауыртып тітіркендірген ортадан қашуға, ол жерден кетуге ұмтылады. Бұл рефлексті де үйрету кезінде пайдалану керек.

Болжау және қорғану рефлекстері иттің өмірін сақтауды қамтамасыз етеді. Ит өзіне таныс емес жерге барып қалса оның болжау рефлексі оянады - ит жаңа ортамен аса сақтықпен танысады, барлығын қарап, иіскелеп шығады, ешқандай қаупі жоқ па, соны анықтайды. Қандай да бір қауіп туғызатын нәрсе байқалған жағдайда қорғану рефлексі қосылады - ит ырылдап қорғанысқа дайындалады. Қорғану рефлексінің 2 түрі бар: белсенді қорғану және енжар қорғану. Белсенді қорғану рефлексі бар ит өзіне белгісіз немесе қауіп туғызатын нәрсеге кездескенде тіксінген затын үре немесе ырылдап бас салады. Керісінше, енжар қорғанысты ит ырылдап, құйрығын екі артқы аяғының арасына тығып қарсыласпай жөніне кетеді. Кейбір иттер қорыққан затынан елеулі қашықтықта тұрып алып үреді.

Жыныстық рефлекс - тұқым жалғастыру рефлексі, белгілі бір жаста (8-10 айда және одан үлкен) пайда болады. Ол иттердің мінез-құлқына өте күшті әсер етеді. Қаншықтар ұйығып жүрген кезінде, әдетте, бұйрықты өте нашар орындайды, олар барлық итке алаңдайды, ал аң аулау кезінде тіпті қашын кетуге дайын тұрады. Төбеттерге бұл рефлекс бұдан да күшті әсер етеді және әдетте аң аулағанда қашпық бірге жүрсе бұйрыққа көнбейді. Бұл рефлекстерден басқа да иттердің мінез-құлқына және оларды үйретуге белгілі дәрежеде әсер ететін рефлекстер де бар. Мысалы, тырсиып кеткен қуықтан немесе тік ішектен келетін әсер иттердің жұмыстан бас тартуын туғызуы мүмкін, өйткені олардың әсерінен болған мидағы қозу өте күшті болады да басқа рефлекстердің бәрін тоқтатады. Ауырған иттердің жай-күйі де рефлекстердің айқын көрінуіне тосқауыл болады. Үйрету кезінде шартсыз рефлекстердің иттің мінез-құлқына әсерін міндетті түрде білу және ескеру қажет.

Қалыпты жағдайда тіршілік ететін ит өзін қоршаған ортаның ықпалын, айналасындағы тірі және әлі заттардың әсерін сезінеді. Ит осы әсерлерге бейімделіп, оларға бойын үйретеді немесе керісінше одан қашып, аулақ жүреді. Иттердің қоршаған жағдайларға бейімделу процесі, белгілі бір шартты рефлекстерге дағдылану процесінде болып табылады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде ми қабында жасалады. Шартты рефлекстерге дағдыландыру үшін шартсыз рефлекстермен қатар немесе олардан сәл ғана бұрынырақ әрекет ететін шартты тітеркендіргіштердің әсері қажет. Үйретуде шартты тітіркендіргіштер - бұлар шартты рефлекстер тудыратын әр түрлі сигналдар. Олар: дыбыс (сөз, ысқырық), әр түрлі қимылы болуы мүмкін. Бұлардан басқа бізге керексіз болғанымен шартты рефлекстерде дағдыландыру үшін қажет шартты тітіркендіргіштер тәулік ішіндегі белгілі бір уақыт, қоршаған ортаның ерекшелігі, көмекші адамның бет-әлпеті мен киімі, т. б. болуы мүмкін. Мысалы: итпен бір жерде ғана жұмыс істеу иттің тек осы ортада ғана шартты рефлексін туғызады, басқа орта итке дәл мұндай әсер етпейді, үйрету уақыты да итке дәл осындай ықпал жасайды. Егер итті тек таңертең және күндіз дағдыландырса, ол кешке және түнде үйретуді қабылдамайды. Иттің мінез-құлқын дамытуда тек қана бір көмекшіні немесе адамдарды тек белгілі бір киім кигізіп пайдалану, сол адамға немесе оның киіміне деген табанды рефлекс қалыптастырады. Иттерді үйрету кезінде киетін халатқа ғана дағдыландырылған ит, көмекшінің өзіне назар аудармастан оның шешіп тастаған халатына тап береді. Шартты рефлекстерге дағдыландыру кезінде шартты тітіркендіргіш әсері жағынан шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы керек (тыйым салатын бұйрықтарды үйретуден басңа, бұл кезде керісінше болу керек). Әсері тым күшті шартты тітіркендіргіштерді қолдану шартты рефлекске дағдыландыру жұмысын қиындатуы мүмкін.

Шартсыз тітіркендіргіштер - бұлар организмде шартсыз рефлекстердің пайда болуын туғызатын себептер. Мысалы, тамақтың болуы (шартсыз тітіркендіргіш) иттің шартсыз тамақ рефлексінің пайда болуына бастайды - ит тамақты жейді. Қоршаған ортадан әсер ететін сыртқы және әр түфлі ішкі органдарында пайда болатын ішкі шартсыз тітіркендіргіштер болады. Үйрету кезінде сыртқы шартсыз тітіркендіргіштер пайдаланылады: тамақ (дәм) арқылы және механикалық тітіркендіргіштер (қарғы бауын жұлқу арқылы әсер ету, қолмен, шыбықпен немесе сыммен қақпайлау, сылап-сипау).

Ішкі шартсыз тітіркендіргіштер - аштық немесе тоқтық, қуықтың немесе тік ішектің несепке толуы, иттің аурулы күйде болуы және т. б. - әдетте күшті болады және шартсыз рефлекстердің тежелуіне алып келеді. Мұндай кезде ит бұйрықты өте ықылассыз орындайды немесе жұмыс істеуден мүлдем бас тартады. Сондықтан үйретуші өз жұмысында ішкі тітіркендіргіштердің әрекетін міндетті түрде серуендетіп, оған 10-15 минуттай уақыт еркін жүгіруге (ұзын қарғыбаумен немесе бос жіберіп) мүмкіндік беру керек. Итті тамақтандырған соң екі сағаттан кейін ғана онымен жұмыс істеген жөн. Өте аш итпен, әсіресе тамақ жеуден бас тарту жөніндегі бастапқы сабақтарды өткізу кезінде жұмыс істеуге болмайды. Сонымен бірге итпен сабақ өткізгенде ауа райы жағдайларын да ескеріп отырған жөн - 20°-тан төмен тым қатты суықта және +30°-тан жоғары тым қатты ыстықта, сол сияқты жаңбырдан кейін немесе жер өте су болып жатқан кезде де жұмыс істеуге болмайды. Мәселен, балшықка жатқан ит «жат» деген бұйрықты кейінірек, қалыпты жағдайда да ықылассыз орындайды. Күшті жел соққан күндері дежұмыс істеген тиімсіз. Кейінірек ит әбден үйренген кезде итті ауа райының кез келген жағдайында жұмыс істеуге дағдыландырады. Үйретудің бас кезінде бөгде алаңдатушы тітіркендіргіштерді: адамдарды, малдарды, машиналарды, т. б. ескеру керек. Біртіндеп үйрету тәсілдерін иттің меңгеруіне қарай жаттықтырушы, бөгде         тітіркендіргіштерге көңілбөлмеуіне қол жеткізу үшін итті дағдыландырып үйретеді.

Үйрету кезінде      пайдаланылатын шарттытітіркендіргіштер - бұлар, ең алдымен сөзбен бұйрық беру (дыбыстық сигнал), осыларға байланысты шартты рефлекс қалыптасады. Ит сөздің мағынасын түсінбейтіндіктен және оны сол айтылуына қарай есте сақтамайтындықтан, үйрету кезінде белгілі бір бұйрықты әр кезде біркелкі айту керек. Мысалы, егер біз итті отыруға «отыр» деген бұйрық бойынша үйреткен болсақ, онда бұл команданы әрдайым «отыр» деп айтуымыз керек, ал, бір сабақта - «отыр», екіншісінде «қозғалма» және т. б. бұйрық беруге болмайды. Өйткені ит үшін әр сөз бұйрық, сондықтан осы бұйрықтар бонынша қажетті әрекеттер жасауы үшін оны жеке-жеке сөз арқылы шартты рефлекске дағдыландыру керек болады. Бұл үйретуді өте баяулатады және итті қалтықсыз жұмыс істеуге дағдыландыруды қиындатады. Бұйыру кезінде иттің дауыс ырғағын (интонация) өте сергек ажырататынын да ескеру керек. Сондықтан бұйрық айқын да анық, әдеттегі сөйлеу мәнерімен беріледі. Бұйрық берердің алдында егер ит үйретушіге қарамай тұрса өзіне қарату үшін оның атын атайды. Егер ит үйретушіге қарап тұрған болса ит рефлексін бұйыру мен өзінің атына қатар дағдыландырмау үшін оның атын атап алаңдатпайды. Бірінші бұйрық орындалмаған жағдайда, екінші бұйрық көтеріңкі дауыспен, қорқыта беріледі, ол да орындалмаса күн теу әдісін қолдану керек.

Бұйрықты баяу, жігерсіз беру, дауыс ырғағын пайдаланбау және күштеп қондіру әдістері шартты рефлекстің қалыптасуын баяулатады, иттің бұйрықты бұлжытпай орындауына кедергі жасайды. Ит мұндай жағдайда істеуге тиісті міндетіп 3-4, кейде одан да көп бұйрықтан кейін орындайды.

Дыбыстық тітіркендіргіштер ретінде дауыстанбұйырумен, қоса ысқырық та пайдаланылады. Үйрету кезінде ысқырық кобінесе итті шақыру үшін қолданылады. Бірақ кейбір үйретушілер әр түрлі қысқа және ұзақ ысқырық тәсілдерін қолдану арқылы, оларды бүйрық ретінде және басқа дағдыларды үйретуге пайдаланып жүр.

Дыбыстан бұйырумен қоса - қимыл-ым да қолданылады. Мұның өзі іс-әрекетті иттің орындауы үшін қолімен әр түрлі қимыл жасап бұйыру.

Сабақты жоспарлағанда бәрінен бұрын сабақ откізетін орынды таңдап алу керек. Ол жеткілікті дәрежеде кең, жазық және айтарлықтай тегіс алаң болуы, онда кез-келген бағытта жүгіруге болатындай ыңғайлы болуы керек. Үйрету алаңын таңдау кезінде, сондай-ақ жақып арада жүріп жатқан транспорттың, малдың, бөтен иттердің және бөгде адамдардың болмауын да алдын-ала тексеру керек. Жазды күні сабақты, ең дұрысы күн ысымай тұрып ертеңгілік немесе ыстық қайтқан соң кешкілік өткізген жөн. Қыс айларында керісінше, күн жылынған кезде күндіз өткізу тиімді. Сабақтың ұзақтығы иттің жасына және үйрететін тәсілдердің санына қарай 1,5-2 сағат болады. 10 айға дейінгі күшіктерге сабақ өткізу уақыты 0,5-1 сағатқа дейін. Итті тек белгілі бір жерде ғана жұмыс істеуге дағдыландырмас үшін, сабақ өткізілетін орынды әрдайым ауыстырып отыру керек. Итпен сабақ өткізу ол бұйрықты бұлжытпай орындағанша қарғы бауып шешпестен жүргізіледі. Егер итпен қарғы баусыз жұмыс істеуді тым ерте бастаса, онда мұның өзі иттің мінез-құлқының қалыптасуын қиындатады.

Үйрету табысты болу үшін үйретушінің итпен қарым-қатынасының, яғни олардың өзара байланысының аса зор маңызы бар. Бұл қарым-қатынас күшікті тәрбиелеу барысында қалыптасады, ал егер үлкен ит немесе 3 айдан асқан күшік асырағанда, оны үйретпестен бұрын өзіңе жақындату, итпен жақсы қарым-қатынас қалыптастыру керек. Ит (күшік) үйретушіге етене жақын болуы, оның шақыруына ықыласпен келуі керек. Егер ит үйретуші адамнан қорқатын болса немесе оған қарсылық білдіретін болса, олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнамайынша сабақ өткізуге болмайды. Бұл үшін үйретуші итті өзі тамақтандыруы, оны өзі күтуі, серуенге шығуы керек, оны сылап-сипап, шыдамдылық көрсету арқылы қорқынышын басуға тырысу керек. Иттің қабағандығын да тамақ беріп, оған жылы сөйлеп, бірқалыпты қарау арқылы жеңуге болады. Егер мұның бәріне қарамастан ит ұзақ уақыт бойы үйретушіге икемделмей қойса, онда оны басқа ұйретушіге беру немесе сатып жіберу керек.

Итті белгілі бір дағдыға үйретуде төмендегідей шарттарды сақтау керек:

1. Сабақ басталар алдында итті жеткілікті түрде серуендету, яғни ұзын қарғы баумен (егер мүмкіндік болса - қарғы баусыз) 10-15 минут бойы жүгірту.

2. Сабақтың әр 15-20 минуттан кейін итке 5-10 минут бос уақыт беру.

3. Бір сабақтың үстінде 1 бұйрықтан артық үйретуге болмайды. Үйретілген бұйрыққа шартты рефлекс әбден қалыптасқаннан кейін ғана, 2-3 сабақтан соң келесі бүйрыққа үйрету керек.

4. Жоғарыда айтылғандай иттер үйретуші айтқан сөздердің мағынасын түсінбейтіндіктен «отыр» деген сөзді «отырғын», «жат» деген сөзді «жатқын», т. б. деп бұйрықтың айтылуын өзгертуге болмайды.

5. Шартты тітіркендіргіш, яғни бұйрық, ым барлық уақытта шартсыз тітіркендіргіштен бұрын жүруі керек. Басқа сөзбен айтқанда, егер, біз итке «бері кел» деген бұйрық беріп, ол келгеннен кейін дәм берсек, ит бұйрық пен дәмнің арасындағы байланысты бұйрықсыз келген итке дәм беріп, одан кейін «бері кел» десек, бұл екі әрекетіміздің арасындағы байланысты ит әлде қайда баяу, нашар игереді, ал кейде мүлдем қабылдамайды. Егер алдымен механикалық әсер ету арқылы немесе дәм беріп итті отырғызып, ал одан кейін оған «отыр» деген бұйрық берсе немесе қатар келе жатқан итті алдымен қарғы бауымен жұлқып тартып, ал одан кейін «қатар жүр» деген бұйрық берілсе бұл бұйрықтарға да шартты рефлекс өте баяу қалыптасады.

6. Итке бұйрық бергеннен кейін, оны міндетті түрде орындату керек.

7. Үйрету кезінде иттің жасын, дене бітімін және жоғары нерв жүйесінің (мінез-құлқының) түрін, сондай-ақ оның мінез-құлқындағы басым қасиетті ескеру керек. Кұшікке үлкен итке қойылатын талап тұрғысынан келуге болмайды - күшік тынышсыздау, тез қозғалып келеді, оның шыдамдылығын қалыптастыру қиын, күшіктің сүйектері мен буындары үлкен итке қарағанда әлсіз болады. Бірақ үлкен иттердің өзі де әр түрлі. Егер батыл да күшті иттерге оның қалыпты күйіне теріс әсер етпей қатаң бұйырып, қарғыбауынан жұлқып тартуға болатын болса, ал әлсіз, жасқаншақ иттер мұндай бұйрықтың әсерінен қатты қорқып жұмыс істеуден бас тартады. Күшікті күштеп жұмыс істету, яғни механикалық әсер ету одан қорқақ, жасқаншақ, жұмысқа жарамсыз иттің шығуына алып келеді.

Иттердің жынысы мен тұқымының да маңызы бар. Бір тұқымдарда төбеттер қаншықтарға қарағанда, әдетте қатал дауысқа шыдамды келеді. Дәл осы сияқты кавказ, ортаазия және неміс овчаркалары, колли мен пумаға қарағанда қатқыл үнді керек етеді, ал соңғыларына жылы сөйлеп, еркелету керек.

8. Бұйрықты орындаған итті міндетті түрде ынталандырып отыру керек, үйретудің бас кезінде дәм беріп және еркелете отырып «жақсы» деген ынталандырғыш сөзді қолданады. Кейінірек тек «жақсы» деген бұйрықты ғана айту керек. Кейбір дағдылар үйретудің аяғында да, мысалы «бері кел» деген бұйрық бойынша ит келгенде дәм беріп ынталандырады.

Үйрету әдістері. Иттерді әр түрлі дағдыларға үйретуде тәсілдерді құрудың методикасын, қашан және қандай әсерге қолдануды, яғни үйретудің әдістері мен техникасын білу керек.

Үйрету әдістерінің төрт турі бар:

1. Дәммен ынталандыру. Иттің белгілі бір әрекетті дәмнің көмегімен орындауына қол жеткізу. Итке дәмді көрсетіп тұрып, оны қажетті әрекетті орындауға мәжбүр етеді, сосын дереу дәм беріп ынталандырады. Ешқандай механикалық әсерге (күшпен көндіруге) жол бермеу керек. Әдетте мұндай тәсілді кішкене күшіктерге және үйретудің бастапқы кезінде қорқақ иттерге қолданады. Иттің бұйрықты жеткілікті дәрежеде орындамауы, жұмыста сенімді болмауы - бұл әдістің кемшіліктері болып табылады. Дегенмен оның көмегімен итті барлық дағдыларға оңай үйретуге болады.

2. Механикалық әдіс - бұйрықты орындауға күшпен көндіру, яғни әр түрлі қысым жасаудың көмегімен орындату. Бұл әдіс тәртіпті қамтамасыз ету және жұмысты тоқтаусыз істеу жағынан алғанда едәуір тиімді, бірақ мәжбүр ету әдісін дұрыс қолданбаған жағдайда ит үйретушіден қорқа бастайды немесе керісінше оған өшігеді. Бұл әдісті күшіктерге қолдануға болмайды. Әдетте үйретудің механикалық әдісі нерв жүйесі берік, дәмге мүлдем қызықпайтын иттермен жұмыс істегенде пайдаланылады.

3. Қарама-қарсылық әдісі - бұл алғашқы екеуінің біріккен түрі. Үйрету күшпен көндіру мен ынталандыруды қарама-қарсы қою негізінде құрылған: итке бұйрықты орындағаны үшін дәм береді де орындамаса күштеп көндіреді. Алғашқы екі әдістің құнды жақтарын дұрыс үйлестірген жағдайда қарама-қарсылық әдісі мейлінше тиімді келеді, өйткені дәмді пайдалану дағдыларды қалыптастыруды шапшаңдатады және механикалық әсер ету күшін біршама азайтады; ал күшпен көндіру әдісі иттің жұмысындағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Қарама-қарсылық әдісі қызметтің барлың түрі бойынша ит үйретуде қолданылады.

4. Еліктеу әдісі - сирек қолданылады. Бұл үшін әдетте үйрету кезінде, иттің ашу-ызалану қабілетін дамыту үшін үрмейтін итті немесе күшікті қабаған итпен қатар байлайды. Оған еліктей отырып, екіншісі де үре бастайды. Еліктеу әдісі көбінесе күшіктердің кедергіден өту үшін үйреткенде қолданылады. Бірақ бұл әдіс бақташылық қызметке үйрету кезінде, күшіктерді енесімен немесе отарда қызмет ететін басқа да үлкен иттермен бірге өсіргенде кең қолданылуы мүмкін. Жұмыс істейтін иттерге еліктеп ол да қойды баға бастайды.

Үйретудің өзі, әдетте, жалпы курс әдістерін және арнайы курс әдістерін үйрету, яғни итті белгілі бір қызметке пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру болып бөлінеді. Ит үйретуді, әдетте, үйретудің жалпы курсынан бастайды, үйретушіні тыңдауға, оның бұйрықтарына бағынуға тәрбиелейді. Үйретуді әрқашан қарапайым істен бастап, бірте-бірте күрделілендіре түседі, яғни иттің теріс қылықтарын тоқтату сияқты қарапайым дағдылардан бастап жүргізеді.

Ит үйретудің мынадай жалпы курстың дағдылары қалыптастырылады:

Итті өз атына, қарғы бауға, шынжырға, тұмылдырыққа үйрету. Үйретушіге бұйрық бойынша келуге, еркін тұруға, үйретушімен қатар жүруге, отыруға, орнына қайтып баруға, лақтырған затты алып келуге, жер бауырлап жүруге, кедергілерден секіріп өтуге, екі бағананың арасына қойылған темірдің үстімен жүруге, сатыға шығуға, жерден табылған немесе бөгде адам берген тамақты жемеуге, бұйрық бойынша үруге, теріс қылықтарды тоқтатуға, жүзуге, мылтық дауысынан қорықпауға, жүрісін баяулатуға, бұйрық бойынша алға жылжуға үйрету.

Бақташы иттер мұнымен қоса «айна» деген бұйрық бойынша қандай да бір кедергіні айналып жүруге үйретіледі. Жалпы ауыл шаруашылығында пайдаланылатын бақташы, сондай-ақ күдізтші иттерге осы әдістердің бәрін үйрету міндетті емес. Ит аса маңызды деген жалпы тәртіп әдістерін білуі керек, өйткені иттерді мал отары немесе күзет жағдайында басқа да адамдар пайдалана алатындай болуы керек.

Итті өз атына үйрету. Итті өз атына үйрету әдетте күшік кезінде, оны сатып алғаннан кейін немесе енесінен айырғаннан кейін дереу жүргізіледі. Иттің аты айтуға ыңғайлы және күшік алыстан еститіндей ашық, жаңғырып тұратын болуы керек. Итті өз атына үйрету үшін күшікке тамақ берген сайын оның атын айтып шақырады, сондай-ақ онымен ойнаған, серуендеген кезде де қайталайды, оны әрдайым сылап-сипап, дәм береді. Әдетте 2-3 күннен кейін күшік өз атын жақсы білетін болады. Үлкен иттердің атын сирек өзгертеді, ал қажет болған жағдайда осындай әдіспен үйретеді.

Қарғы мен қарғы бауға үйретуді де күшік кезінде жүргізеді. 1,5 ай шамасында күшікке қарғы (шүберектен немесе таспадан тігілген) кигізеді. Қарғы өте кең болмауы керек, ол иттің басына еркін кигізілетіндей шамада болғаны жөн. Күшіктің мойнын онша қыспай лента немесе шүберек байлап қоюға да болады, ол күшікке кедергі жасамауға тиіс. Осындай қарғыны күшікке 2-3 күн тағып қояды. Әдетте осы уақыт аралығында күшік оған алаңдауын қояды. Сосын бұл қарғыны шешіп тастап қайтадан өлшеп басқасын кигізеді. Мұны да бірнеше күн тағып қояды, сосын шешіп алып күшікті серуенге шығарар алдында ғана кигізетін болады. Күшік қарғыға әбден үйренгеннен кейін және оны алып тастауға тырысуын қойған соң күшікті қарғы бауға үйрете бастау керек. Бірінші күні қарғыға 1,5-2 метр жіп жалғап күшікті онымен жүгіруге жібереді, қарғы баудың бір нәрсеге ілініп қалмауын бақылап отыру керек. Екінші күні қарғы бауды қолға ұстап, бірақ күшіктің қимылын бөгемей оның жүрген жағына бірге жүру керек. Одан ары қарай күшіктің қимыл еркіндігін біршама шектей отырып, қарғы бауды біртіндеп тарта бастайды. Егер күшік қарсылық көрсетсе, отырып немесе жатып алса, қарғысын сыпырып тастауға әрекет жасаса, оны ойынға немесе дәм беріп айналдыру, күтпіктің тартынған жағына қарай жүру, біртіндеп бұрыңғыжүріп келе жатқан жағына қарай бұру керек. Әдетте 3-5 күннең, ары кетсе бір аптадан кейін күшік карғы баумен жүре бастады. Үлкен иттерді де қарғы мен қарғы бауға күшіктер сияқты үйретеді, ал егер ит қашып кететіндей қаупі болса, онда қарғыға ұзын жіп жалгайды және итті сол жіппен қоя береді. Қарғы баудың ұзындығын біртіндеп азайтып отыру керек, өйткені үлкен ит күшікке қарағанда үйретушінің ырқына қиындықпен үйренеді. Итті қарғы мен қарғы бауға үйретуге дейін дағдыландыру керек.

Тұмылдырыққа үйрету. Тұмылдырық көшеде итпен бірге жүрген кезде, итті қоғамдық көлікпен тасымалдағанда керек; қабаған иттерге тұмылдырықты кейде бақташылық қызметке үйреткен кезде кигізеді. Итті тұмылдырыққа ол қарғы баумен жүріп дағдыланғаннан кейін ғана үйрете бастайды. Серуенге шығар алдында итке жібі бар қарғы тағылғаннан кейін тұмылдырық кигізу керек. Сол қолмен итті қарғыға жақын тұстағы жіппен немесе тура қарғыдан ұстап тұрып оң қолмен тұмылдырықты кигізеді. Тұмылды рықты жылдам және шебер кигізе білу керек, сондықтан итті оған үйретпестен бұрын тұмылдырықты қалай кигізуді, қай жердегі қапдай қайысты тарту керектігін жақсы біліп алу керек. Тұмылдырықты кигізген соң дереу қайыстарын тартып, итті бір нәрсеге айналдырын, серуендейтін орынға қарай беттеу керек. Ит тұмылдырықты шешіп тастамақ болып әрекет жасаса, оны жылдам қимылмен алаңдатады, ал тым табандап тұрып алса «фу» деп бұйрық беріп қарғы баудан жұлқып қалады. Тұмылдырықпен еркін жүретін иттерді «жақсы» деген бұйрықпен ынталандырып, тұмылдырық арқылы дәмнен бірер үзім береді. Серуендейтін орынға келген соң тұмылдырықты шешіп алады, ал үйге қайтарда қайта кигізеді. Тұмылдырықтан қорқатын немесе тым қабаған және оны кигізуге мүмкіндік бермейтін иттерге мынадай әдіс қолданған жөн: тұмылдырықтың ішіне бір кесек ет салып, оны кигізбестен итке жегізеді. Ит оның ішіндегі етті жайбарақат алып жегенше осылай жалғастыра береді, содан кейін барып оны итке кигізеді. Алғашқы кезде тұмылдырықты 10-15 минуттай алмайды, біртіндеп иттің тұмылдырықпен жүру уақытын бірнеше сағатқа созады. Тұмылдырық иттің басының көлеміне қарай таңдап алынады. Ол тартылып тұрган кезде иттің көзіне тие беретіндей тым үлкен және ит аузынаша алмайтындай тым кішкентай болмауы керек. Иттіц аузын аштырмайтын тым тар, әрі бітеу тұмылдырық жаздың күні итті қатты ыстықтатады және мұндайда итке ыстық өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан тұмылдырық бітеу және ит ешкімді тістей алмайтындай сенімді болуымен қатар, теріден немесе таспадан жасалған торлы (тоқылған) тұмылдырық қолайлы болып табылады. Жылдың жылы мезгіліндегі қолайлы темір тұмылдырықты қыс күндері пайдалануға болмайды, ал қолданған күнде де оның сымдарын қандай да бір материалмен орап тастау керек. Қатты тартып тастаса иттің дем алысына кедергі жасайтын, бостау қалса иттің аузын еркін ашуына мұмкіндік беретін түймелі тұмылдырық жайшылықта қолдануға қолайсыздау. Дегенмен осы тұмылдырықтың біршама өзгертілген түрі бақташының иттерін үйрету кезінде пайдаланып жүр. Тұмылдырықтың мұндай түрі итке аузын еркін ашуға мүмкіндік бермейді және ит қойды тістей алмайды, тек тұмсықпен түрткілеуі ғана мүмкін.

Ит немесе күшік қарғы баумен жүруге әбден үйренген соң мойын жіпті жайлап жұлқи тартуға қарсыласпайды, үйретушімен қалыпты қатынасқа түседі. Бұдан кейін үйретуді бастай беруге болады.

Иттің дұрыс әрекетін ынталандыру. Ит өз міндетін алғаш рет түсініп, оны дұрыс орындаған жағдайда үйретуші хайуанды «жақсы» деген бұйрықпен мақтай отырып, өзінің ырзалығын білдіруге тиісті. Иттің дұрыс әрекетін осы команда бойынша ынталандыру, үйретудің жалпы және арнаулы курстарындагы барлық бұйрықтарды дағдыландыру үшін қолданылады. Бұл команда әрқашан иттің дұрыс әрекетінен кейін беріледі. Мұндай бұйрық беру кезінде итті дәм беріп және сылап-сипап ынталандырады.

Иттің үйретушіге келуі. Әдетте ит үйрету осыдан басталады, алғашқы, ең маңызды дағды иттің үйретушіге оның шақырып бүйыруы бойынша келуі болып табылады. Бұл әдісті үйретуде пайдаланылатын шартты тітіркендіргіштер «бері кел» (ко мне) деген бұйрық сөзді және иық деңгейіне дейін көтерілген оң қолды дереу түсіру қимылын айтады. Күшікті бұл бұйрықты орындауға үйрету өте ерте жастан шамамен 1,5-2 айлығында басталады. Сабақ негізінен серуен кезінде өтеді. 5-10 метр жерге жүгіріп кеткен күшіктің атын атайды, ол назар аударған кезде оның атын қайталап айтып: «бері кел» дегенбұйрық береді. Егер күшік шақыруға дереу келмесе бұйрықты қайталап айтады немесе кетуге жиналғандай артқа шегіну керек. Жүгіріп келгең күшікке дәм береді, «жақсы», «бері кел», «жақсы» деген сөздерді қайталап, оны сылап-сипайды. Содан кейін күшік «жөнел» (гуляй) деп оны қоя береді де серуенді жалғастырады. Бір сабақтың үстінде мұндай жаттығуларды 5-6 рет қайталау керек және күшікті жалықтыратындай тым жиі қолдануға болмайды. Күшікке ешқандай күштеп көндіру шарасын қолданбау керек. Әдетте күшіктер бүйрық бойынша келуге оңай үйренеді, бірақ, әсіресе 3,5-4 айлық күшіктерге егер шақырып алып қарғы бау байлайтын болса көбінесе алысқа қашып кетіп жақындауды қояды, немесе келетін болса айнала жүгіріп ұстатпауға тырысады (барлық күшік мұндай емес, дегенмен көбі), осыны ескеру керек. Сондықтан бұл жаста шақырып келтіруге қарғы баумен дағдыландырады. Қарғы бау ұзын, 5-10 метр болады және серуен кезінде күшікті онсыз жібермейді. Күшікті қарғы бау жететін жерге дейін жіберіп, оның атын атап, «бері кел» деген бұйрық береді. Егер күшік «бері кел» деген бұйрыққа келмесе, оны қатаңдау дауыспен қайталайды және қарғы баудан жайлап жұлқып көреді. Бұл жағдайда да келе қоймаған күшікті қарғы бауынан жайлап тартып, «бері кел» деген сөзді қайталайды. Күшік келісімен оған дәм беріп «жақсы», «бері кел» деп еркелете сөйлеп, сылап-сипайды. Одан кейін «жөнел» деп қоя береді. Қарғы бау арқылы шақырып алу күшік «бері кел» бұйрығы бойынша үйретушіге ешқандай кедергісіз жүгіріп келгенге дейін жалғастырыла береді. Осыдан кейін күшікті, қысқа қарғы баумен жіберіп көру керек, бұл кезде де дереу жүгіріп келетін болса, қарғы бауды мүлдем шешіп тастайды. Ал егер күшік бұйрық бойынша келуді қоя бастаса қарғы баудың ұзынын қайта байлайды.

Үлкен итті де осылай үйретеді. Тек онымен жұмыс істегенде бірден ұзын қарғы бау қолданылады жәпе күшпен көндірудің қатаңдау шараларын қолданады. Мысалы, бірдеңелерді иіскелеп немесе ойынға айналып «бері кел» деген бұйрыққа келе қоймаған итті бұйрықты қорқыта қайталағаннан кейін қарғы бауынан қаттырақ жұлқи тартып, өзіне жақындату керек, ит келгенде «бері кел» деген бұйрықты қайталау керек. «Бері кел» деген бұйрықты ит өз еркімен немесе күшпен орындаған күнде де оған әрқашан дәм беріп ынталандырылады, өйткені итәрқашан үйретушіге өз еркімен келуі керек. Итті босқа да дағдыларға үйрету шамасына қарай шакырып келтіру әдісі күрделене түседі. Енді ит жүгіріп келгенде одан үйретушіні айналып өтіп, оның сол аяғына жанаса отыруды талап етеді. Бұл үшін итке қолды түсіріп бұйрық берместен бұрын бір кесім дәм алып, сосын итке «бері кел» деген бұйрық береді. Ит жүгіріп келген уақытта оған дәмді иіскеткеннен кейін оң қолын артына ұстап, дәмді сол қолына алады да итті еліткен күні сол жағына шығарады, содан кейін оған «отыр» деген бұйрық береді және ит отырған соң «жақсы», «бері кел», «жақсы» деген сөздерді айтып оған дәмді береді. Итті қарғы бауынан тартып та сол жағына шығаруға болады: ит келген уақытта оң қолымен қарғыға таяу жердегі жіптен ұстап арт жағынан айналдырып жіпті сол қолыпа алады да итті сол жағына шығарады, отырғызып ынталандырады. Арт жағынан айналдырып өткізгенде иттің бір жерін ауыртып алмауға тырысу керек. Ит адамды жақын айналып өтуі тиіс.

Итті айналып өткізбей-ақ сол аяққа жанастыра отырғызуға да болады. Ол үшін итті шақырып алып, ол келген соң оң қолмен қарғы баудан алып, сол қолымен желкесінен ұстап итті сол жағына отырғызады. Бұл жағдайда ымды сол қолымен жасауға болады. Ит бірінші бұйрық бойынша қарғы бауымен келіп үйретушінің қатарына өз еркімен отыратын болғган соң, ендігі жерде итті қарғы баусыз шақырып келтіруге үйрете бастайды. Алдымен итті жерге сүйретілген ұзын қарғы бау арқылы жібереді (мұның өзі ит бір нәрсеге алаңдап кеткенде жіптен ұстап жұлқып тоқтатуға мүмкіндік береді), содан кейін қысқа қарғы бау арқылы үйретеді. Соңында қарғы бауды мүлдем шешіп тастайды. Итті қарғы баусыз келуге үйрететін сабақтарға көшпей тұрып, оны ең алдымен кез-келген жағдайда келуге үйрету керек. Бұл үшін үйрету, сабақ өткізу тәсілдерін біртіндеп күрделілендіре береді. Алдымен итке етене таныс, алаңдататын тітіркендіргіштер жоқ ортада, бұдан кейін таныс емес, алаңдататын тітіркендіргіштер (бөтен иттер, адамдар, малдар) бар жерде үйрету сабағын өткізеді. Алғашқы бұйрықты ит тоқтаусыз орындайтындай болғанда ғана оның қарғы бауын шешіп алады. Сондықтан бұл дағдыны толық қалыптастыру айтарлықтай көп уақытқа созылады. Ит бұл әдісті жақсы меңгерген күнде де оны шақырғанда келгені үшін әр кез дәм беріп ынталандырып отыру керек. Ит бұйрық бойынша келіп үйренген соң, оны ыммен шақырып келтіруге дағдыландырады. Бұл үшін итке «бері кел» деген бұйрың бере отырып, оң қолдың алақанын төмен қаратып иықтың деңгейіне дейін көтереді, одан кейін қолды жылдам түсіріп жамбасқа тигізеді. Алғаш бұйрық пен ым қатар беріледі, одан кейін алдымен ымды жасап бұйрықты тек ол орындалмаған кезде ғана айтады, ақыр соңында тек ым ғана жасалады. Бұдан кейін итті не бұйрықпен не ыммен шақырып алады.

Теріс әрекеттерге тыйым салу. Бұл да итті бағындыруға қажетті негізгі дағдылардың бірі. Шартты тітіркендіргіш - «фу» (немесе болмайды) бұйрығы, шартсыз тітіркендіргіші - күштеп көндіру (қарғы баудан жұлқи тарту, парфорстан тарту, сыммен немесе солқылдақ шыбықпен соғу, қатты зеку). Бұл дағдыны үйретуді ерте жастан бастаған пайдалы, бірақ күшікті шошытып алмай абайлап әрекет жасау керек. Әрі өте кішкентай күшік бізге ұнамайтын бірдеңе істесе (мебельді немесе аяқ киімді мүжгілеп тастаса және т. б.) оған көтеріңкі дауыспен «фу» деп бұйырып, күшікті жаймен тұмсығынан шапалақтайды. Қатты айқайлауға болмайды, ұруға тіпті болмайды. Күшік өскен сайын оған тыйым салу да күшейе береді. «Фу» бұйрығы бойынша арнайы сабақ өткізілмейді оны қажетті жерінде бере отырып әрдайым қайталайды және орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл бұйрықты үйрету барысында қатқыл қарғы мен парфорс жақсы көмектеседі. Қатқыл қарғының кедір-бүдыры жіптен тартқанда қатты ауыртады. Парфорс әсіресе итке біраз қашықтықтан әсер етуге тиімді. Ит үйретушінің қасында тұрып жағымсыз әрекет жасаған жағдайда (мысалы жердегі бірдеңені тістесе) онда қарғы баудан жұлқудан басқа, механикалық әсер ету мақсатында оны сыммен немесе көк шыбықпен ұрып тоқтату керек (бірақ қарғы баумен соғуға болмайды, өйткені ит одан қорқып қалады). Тыйым салатын «фу» («болмайды» бұйрығы мен оны өтімді қыла түсетін механикалық әсер теріс әрекеттің басталуына тұспа-тұс дәл келуі немесе алдын ала жасалуы керек. Мысалы ит тауықты немесе мысықты қууға әрекеттенгенін үйретуші көрген бойда, бірден қорқыта «фу» деген бұйрықты беруі керек, ал ит бәрібір қуа жөнелсе оны қарғы баудан жұлқып қалу керек (жұлқудың өзі иттің тұлғасы мен жасына сәйкес болуы тиіс). Егер ит жақын жерде болса оны сыммен немесе солқылдақ шыбықпен ұрып тоқтатады. Теріс әрекеттің тоқтауын «жақсы» деген бұйрықпен ынталандырады. «Фу» бұйрығы әрқашан қатаң, қорқыта айтылады. Бұл бұйрықты иттің теріс әрекетін дереу тоқтату қажет болған жағдайда ғана пайдалану керек. Егер ит «отыр» деген бұйрықты тыңдамай түрегеліп жүріп кетсе, үйретуші «отыр» деген бұйрықты қорқыта беруі керек, бірақ «фу» деуге болмайды. Болмашы себептермен «фу» (болмайды) бұйрығын жиі пайдалану, оны қорқыта айтпай жұмсақ айту иттің бұл бұйрықты тыңдауып әлсіретеді, оның тоқтаусыз орындалуын тежейді. Теріс әрекеттерге тыйым салудың күнделікті өмірде өте маңызды жәтхе қажетті әдіс екендігін ескере отырып, оны үйретуді аса байыппеп жүргізу керек. Итпен қарғы бауын шешпей сабақ өткізу, ол кез келген теріс әрекетті бірінші бұйрық бойынша, ешқандай механикалық әсерсіз тоқтатпайынша жүргізіле береді. Сабақ одан кейін жерге сүйретілген ұзын жіппен, қысқа жіппен, ақыр аяғында қарғы баусыз өткізіледі.

Жағымсыз әрекеттерге тыйым салу дағдысына жеткілікті дәрежеде жақсы үйретілмеген ит одан әрі қарай бұл бұйрыққа ең керекті сәтінде бағынбай, үйретушіге көптеген қырсықтар жасауы мүмкін. Бұл әдіске дағдыландыру үшін итті әр түрлі бөгде тітіркендіргіштер: мал, адамдар, машиналар бар жерде серуендетіп, оларға ұмтылмақ болған әрекеттерін «фу» бұйрығымен қайтарып тастау керек. Жағымсыз әрекет тудыратын себеп болмаса жағымсыз әрекет те болмайды. Итті жерден ештеңе тістеп алмауға дағдыландыру туралы, тамақтан бас тарту жайы талқыланғанда тәптіштеп айтылады. Ит еркін (қарғы баусыз) бос жүрген кез-келген жағымсыз әрекетті бірінші бұйрық (тіпті болмаса - екінші) тоқтатуға үйренгенде, бұл дағды қалыптасты деп есептеледі. Егер иттің қандай да бір әрекетті доғаруы үшін 3-4 мәрте немесе одан да коп «фу» (болмайды) ден айқайлауға тура келсе, онда бұл әдісті әбден үйренді деп есептеуге болмайды және күштеу (механикалық әсер) арқылы көндіру үшін қарғы баумен сабақты одан әрі жалғастыра беру керек.

Итті еркін-бос жіберу. Бұл көмекші әдіс болып табылады. Итпен сабақ өткізу кезінде әр кез нерв жүйесін демалдыру үшін итке үзіліс беріп отыру керек. Итті «еркін жіберу» үшін «жөнел» бұйрығы және иттің жүгіретін бағытына қарай оң қолды сермеу - ишараты қолданылады. Бұйрық еркелете, ынталандырып айтылады. Иттің үйретушіден бөлек кетуі үшін онымен қатарласып 2-3 қадам жүгіруге болады. Бұл әдіске әрдайым жаттықтырады. Итті серуенге немесе түзге шығарған сайын оған міндетті түрде «жөнел» деп бұйыру керек. Алғашқы кездерде, итті бұйрық бойынша шақырғанда көну, жағымсыз әрекетті тоқтату дағдылары қалыптаспай тұрғанда оны серуенге ұзын жіппен жібереді. Кейінірек итті қарғы баусыз жібереді, бірақ оның соңынан мұқият қадағалап, дер кезінде қажетті бұйрықты беріп отырады. «Жөнел» әдісі күшікке шақырып келтіру әдісімен бір мезгілде 1,5-2 айлығында үйретіледі. Күшік «бері кел» бұйрығы бойынша иесіне келген кезде, оны ынталандырады да «жөнел» деп қоя береді. Үйрету кезінде итті еркін жіберу шараларының барлығы да «жөнел» бұйрығымен білдіріледі. Мысалы, алғашқы сабақтарда итті шақырып алып, сылап-сипайды, дәм береді де «жөнел» бұйрығын айтып қоя береді. Қатар жүріп келе жатып үйретуші белгіленген қашықтықты жүріп өткен соң ол итті қатар жүру қозғалысынан да осы бұйрықпен босатады. Ит еркін күйде «жөнел» бұйрығынан кейін ғана болатынына дағдылану керек.

Үйретушімен қатар жүруге үйрету. Бұл әдісті игеру ит қарғы бауға және қарғы баумен жұлқи тартуға әбден үйренгеннен кейін басталады. Бұл жағдайда «қатар жүр» («рядом») бұйрығы және сол қолмен жауырынды шапалақтау шартты тітіркендіргіштер болып табылады. Шартсыз тітіркендіргіш - қарғы баумен жұлқи тарту. Қатар жүруге үйрету игерілуі өте қиын әдіс, ол иттің еркіндігін мейлінше шектейді, сондықтан да оның нерв жүйесіне өте қатты әсер өтеді. Итті бұл дағдыға үйретудің мақсаты - оған кез-келген жағдайда үйретушінің сол жағында қатарласа жүруді үйрету болып табылады. Қатар жүру әдісінің итті тәртіпке шақыруда өте зор маңызы бар, өйткені ит ешқандай тітіркендіргішке алаңдамастап адаммен қатар жүруге немесе отыруға үйренеді. Бұл итті мейлінше жектейді, сондықтан нерв жүйесі әлі беки қоймаған күшікпен 6-7 айға дейін жұмыс істеуге болмайды, ал үйретуді бастаған жағдайда оны қажытуға, ызаландыруға болмайды. Қатар жүру қозғалысын алғаш үйрете бастағанда үйретуші, ұзындығы 150-200 метр, алаңдатқыш тітіркендіргіштері жоқ тегіс алаңды таңдап алады (машина сирек жүретін сүрлеу және тас төселген жақсы жолдар). Таңдап алынған орында итті 10-15 минут серуендетеді, сосын шақырып алып, сол қолмен қарғыдан 15-30 см қашықтау ұстайды да (иттің бойына байланысты), қарғы баудың ілмектеп шалынғап ұшын оң қолға алады. «Қатар жүр» деген бұйрықты айтып, жылдамдата басып түзу жүріп кетеді. Ит үйретушінің сол жағында оның аяқтарымен бір сызың бойында жүріп отыруы керек. Ит осы күйді өзгертпеуге тиіс (алға озып кетуге, бір жанына қарай жүгіріп кетуге немесе қалып қоюға болмайды). Егер жүріп келе жатқанда ит озып кетсе «қатар жүр» бұйрығын жылдамдау айтып, сосын қарғы бауынан тартып қалу керек. Ит жан-жағына алаңдап, артта қалын қалғанда да осылай істейді. Бұл жағдайларда бір жанына немесе алға қарай жұлқиды (бірақ жоғары емес). Ит шегіншектеп қалса, күштеп тартуға болмайды, оны қарғы бауынан жұлқып өз орнына әкелу керек. Қарғы баумен жұлқудың алдында «қатар жүр» деген бұйрық айтылады, жұлқу мен бұйрықты бір мезгілде жасауға да болады. Жұлқудан кейін айтылған «қатар жүр» бұйрығы онымен байланыспайды, бұл шартты рефлекстің игерілуін қиындатады. Үйретуші итпен бірге 150-200 метр аралықты жүріп өткеннен кейін тоқтап, итке «жөнел» деген бұйрықты береді де оны қарғы баудың жеткен жеріне дейін бос жібереді. Еркін жүру 5-10 минутке созылады, сосын итті қайта шақырып алып, қатарласып алып жүреді. Бір сабақтың үстінде қатар жүру жаттығуын 5-6 рет қайталауға болады. Ит жас, қызу қанды және тынымсыз болса оны тартқылау да жиілейді. Мұның өзі нерв жүйесіне шамадан тыс күш түсуіне әкеледі, сондықтан күшіктерге немесе өте тынымсыз, қозғалғыш иттерге алғашқы сабақтарда жаттығу сирек (5-6 рет емес 3-4 рет) жүргізіледі және итке алаңдауға мүмкіндік болмас үшін жылдам-жылдам жүруге тура келеді. Итті қатар жүруге үйрету кезінде үйретушінің итті тым қысқа жіппен жетектеуіне, қарғыға өте жақын жерден қысып ұстауына болмайды. Ит әрдайым тартына беретіндіктеп оның қарғы бауып 10-15 см ұзындау етіп, яғни ит алға немесе бір бүйірге еркін шығатындай етіп ұстау керек. Ұзындау, қозғалуға біраз еркіндік беретін қарғы бау қажет болған жағдайда итті күшпен көндіруге (механикалы әсер) мүмкіндік береді және мұның өзі бұдан кейін итті алғашқы бұйрықтан кейін-ақ жұлқуды күтпестен қатарласа дұрыс жүруге мәжбүр етеді. Бұған керісінше тым қысқа тартылып тұратын қарғы бау итке қателесуге мүмкіндік бермейді, дұрыс қозғалыс пен теріс қозғалыстың арасында қарама-қарсылық туғызбайды, өйткені иттің мойнындағы қатты тартылған қарғы бау иттің тартынуына қарай оған үнемі механикалық әсер етіп отырады.

Алғашқы сабақтарда итті өте жиі жұлқылауға тура келетіндіктен оның жағдайын зер салып бақылап отыру керек, егер ит ызалана бастаса (қорқып, қалтырап, тартқанда жер табандап тұрып алса немесе керісінше ырылдап қарғы бауды тістелесе) қатар жүргізу қозғалысын тоқтатып, итке үзіліс беру керек. Сабақты ит әбден тынышталған соң қайта жалғастыруға болады. Қатар жүру дағдысы айтарлықтай ұзақ жаттығуларды талап етпейтіндіктен, оны мейлінше игеру үшін сабақтан басқа да (мысалы серуенге шығу, қайту) мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану керек. Біртіндеп иттің алға немесе бір бүйірге шығып кетуі азая бастайды. Сол кезде әдісті күрделілендіруді - жүру жылдамдығын шапшаң қадамнан орташаға, тіпті жай аяңға дейін бәсеңдетуді бастау керек. Ит жай жүрген кезде тартыншақтауын қойса, онымен қозғалыс ырғағын ауыстыра отырып жүру керек (мысалы, 20 м орташа қадаммен 10-15 м шапшаң, одан кейін жай аяңмен 15-20 м, жүгіріп – 10-15 м және с. с.). Қозғалыс ырғағын өзгертпес бұрын итке «қатар жүр» деген бұйрық беріледі. Қозғалысты өзгертумен қатар оның бағытын өзгертуді, бұрылыстарды да жаттықтыра бастайды. Алдымен аса шұғыл емес, көлбеу бұрылыстар жасалады, одан кейін әр түрлі бұрылу әдістері үйретіледі. Бұрылыстардың алдына міндетті түрде «қатар жүр» бұйрығы берілетіндігін және сонымен бірге егер оңға бұрылу керек болса ит аздап артта қалатындай етіп және оның алдыңғы аяқтарын басып кетпеу үшін мойын жібінен ептегі тарту керектігін, ал солға бұрылғанда ит қалып қоймас үшін оны керісінше алға оздыру қажет екендігін есте сақтау керек. Ит әр түрлі қозғалыс шапшаңдығын және бұрылыстар арқылы жүруді жақсы меңгерген соң қарғы бауды бос ұстап, қатар жүруге үйрете бастайды, яғни енді жіпті қарғыдан 15-30 см қашықтықта емес, ендігі жерде итке еш қысым жасамай еркін салбырап тұратындай, сонымен қатар оны қажет жағдайда жұлқып қалуға мүмкіндік беретіндей шамамен 50 см қашықтықта ұстайды. 2-3 сабақтан кейін жіпті иттің арқасына асып немесе жерге сүйретіп итті бос қоя береді және тағы 2-3 сабақтан кейін мүлдем шешіп тастайды. Бұл жағдайларда мыналарды ескеру керек: ит қарғы баусыз үйретушінің аяғынан 10 см қашықтықта, жартылай озыңқырап (яғни үйретушінің оң аяғымен бір сызықта кеуде тұсына дейін) қатар жүруі тиіс, ол қозғалыс ырғағын өзгерткенде және бұрылыстарда үйретушіден алыстап (озып немесе қалып) кетпеуі керек. Егер ит үйретушідеи бір бүйірге қарай алыстап, бірде озып, бірде қалып жатса онда қарғы бауды шешу әлі ерте. Мұның өзі қарғы баумен көбірек жұмыс істеу керек екендігін аңғартады. Қатар жүруді үйрету кезінде тоқтаған жерде итті отырғызып үйретеді. Бұл үшіи тоқтар алдында итке «қатар жүр» деген бұйрық береді, одан кейін тоқтатып қарғы бауды жоғары тартып тұрып, бір мезгілде «отыр» деген бұйрық береді; бірнеше сабақтан кейін тоқтаған кезде «қатар жүр» бұйрығымен бірге тек қарғы бауды ғана жайлап тартып отырғызады, тағы бірнеше сабақтан соң тек «қатар жүр» бұйрығы ғана беріледі. Ит өз бетімен отырмаған жағдайда ғана қарғы баудан тартып отырғызады. Ит бос жіппен жүріп үйренісімен (одан да ертерек) «қатар жүр» бұйрығымен бірге итті сол қолмен жамбасына ептеп ұру арқылы отырғызып үйрету керек. Мұндай ым алғашында бұйрықпен бірге, сосын өзі бөлек жасалынады. Үйрету кезінде сабақ өткізілетін орынды ауыстырып отырған жөн. Өйткені ит тек белгілі бір жерде ғана қатар жүруге дағдыланып кетеді; қарғы бауды шешкенге дейін сабақты әртүрлі алаңдатқыш тітіркендіргіштер бар, әсіресе мал мен машиналар жүретін ортада өткізу пайдалы, өйткені иттің оларға еті үйренуі керек. Ит үйретушімен қатар жүру әдісін игерген соң, оны велосипедшімен, атты адаммен қатар жүруге үйретуге болады.

Итті отырғызып үйрету. Шартты тітіркендіргіші - «отыр» бұйрығы. Ол үшін оң қолды жылдам алға созып, алақанды жоғары қаратқан күні иық деңгейіне дейін көтеру керек. Мұның өзі итті бұйрың бойынша отыруға және келесі бұйрықты естігенше сол күйінен қозғалмауға үйретуді мақсат етеді. Итті отырғызып үйрету басқа әдістерді игеру кезінде көмекші әдіс ретінде пайдаланылады. Күшіктерді отырғызып үйрету олар қарғы баумен жүріп үйренісімен-ақ басталады. Күшік секіре алмау үшін аяқпен қарғы бауды басып тұрып, оған оң қолмен дәм ұсынады, оны иіскетіп, оң қолды дәммен бірге жоғары көтереді де, күшіктің арт жағына апарады. Осы кезде «отыр», «отыр» деп бұйыру керек. Дәмге жетуге тырысқан күшік, басын жоғары көтерген күйі отырып қалады. Оған «отыр» деп бұйырып, дереу дәмді беру керек және сол отырған қалпында 1-2 секунд ұстаған соң «жөнел» деп бұйырады. Әдетте күшік өте тез, 2-3 сабақтан кейін-ақ отыра бастайды. Өте қабаған иттерді, әсіресе тебеттерді тура осындай әдіспен үйретеді.

Иттерді отыруға үйретудің мынадай да әдістері бар. Үйретуші сол жағына тұрған итке жартылай бұрылады, оң қолмен қарғыдан 20 см қашықтау етіп жіптен ұстайды, ал сол қолын жамбасқа жақынырақ иттің беліне қояды. Одан соң «отыр» деген бұйрық беріп, оң қолымен қарғы бауды жоғарылата артқа қарай тартады, ал сол қолмен иттің белінен төмен басады. Әдетте ит отырады. Отырған соң дәм беріп, «жақсы» бұйрығымен ынталандырады. Бір сабақта отырғызу шараларын 5-6 рет қайталайды. Алғашқы 2-3 сабақта отырған соң итті осы күйінде 3-4 секунд ұстайды, сосын «жөнел» бұйрығымен қоя береді. Біртіндеп итті «отыр» күйінде ұстауды 15-20 секундқа дейін өсіреді. Итті отырғызған соң алғашында ойша онға дейін, ал одан кейін 100-ге және сөйтіп санауды арттыра береді. Әрбір сабақ сайын иттің шыдамдылығын анықтайды (1-де 10-ға дейін санау, 2-де 20-ға дейін санау, 3-де 40-қа дейін және т. б. ары қарай), егер ит қажетті санды санап біткенге дейін тұрып кетсе, онда итті қайта отырғызып, есепті ит тұрып кеткеп кездегі саннан бастап жалғастырады. Ит үйретушінің қасында 60-қа дейін және одан да көп санағанша отырып үйренген итті, ендігі жерде өзінен алыстау ұстап үйрету керек. Ол үшін итті отырғызып, үйретуші жартылай бұрылып, иттің алдына тұрады және оған тұруға рұқсат берместен 20-ға дейін санағанша ұстап тұрады. Келесі сабақта үйретуші иттің қарсы алдына тұрады да сосын артқа бір қадам жасайды (шегінеді). Қарғы бауды сол қолмен ептеп тартыңқырап ұстайды. Егер ит тұрса, үйретуші дереу «отыр» деп бұйырады, алға бір қадам жасап, итті отырғызады. Келесі сабақта артқа екі адым жасауға болады және т. б. Ит 4-5 адым қашықтағанша тұрып кетпей отыруға үйренсе, одан шегіншектеп емес кәдімгідей жүріспен алыстап көруге болады, тек қана ит атып тұрмас үшін оны бақылап отыру керек. Егер ит өзінен алыстауға әбден үйренген болса, онда оны 4-5 қадам жерден айналып жүріп немесе алға қарай кетіп, ал сосын 2-3 адымнан оңға, солға қашықтап көру керек. Үйретуші кетіп қалған кезде иттің орнында қалу дағдысын қалыптастыруда қазықпен жұмыс істеудің көп пайдасы бар. Бас жағында сақинасы бар 1,5 метр темір қазық керек. Сабақ өткізу кезінде жерге отырған иттің қарғысына дейінгі биіктікте қазық қағылады, сосын қарғы бауды сақина арқылы өткізіп, оны тарта отырып иттеп қашықтай береді. Егер ит тұруға әрекеттенсе оған қорқыта дауыстап «отыр» деген бұйрық береді және қарғы бауды тартып ұстаған күйі үйретуші итке жылдам жақындайды, оны отырғызып қайта кетеді. Тартылып тұрған қарғы бау ит тұрып кеткен күннің өзінде де оған орнынан кетуге мүмкіндік бермейді. Алғашқы сабақтарда қарғы бауды тартып ұстайды, ал одан кейін біртіндеп босата отырып ақыр аяғында жерге тастайды. Ара қашықтықты тым көп өсірумен әуестеніп кетпеу керек. Алдымен ит 4-5 метрге дейін, яғни иттің жаңа бұйрықты естігенше қозғалмай отыру дағдысын қалыптастыра отырып осы межені толық игеріп алу керек. Содан соң итті отырғызу және одан қашықтау немесе иттің алдында ары-бері жүру, немесе 60-100 санағанша оны айналып жүру дағдысы игеріледі. Отыру итті айтарлықтай шаршатады, сондықтан 30 секундтан артық оны күштеп отырғызуға болмайды. Ит тиісті уақыт отырған соң, оған келіп «жақсы», «отыр», «жақсы» деу керек, сылап-сипап немесе дәм беріп, «жөнел» деген бұйрықпен қоя беру керек. Итпен қашықта тұрып жұмыс істеуді бастағанда ұзын (10 метрге дейін, бірақ 6 метрден кем емос) қарғы бау керек, оны иттеп қашықтағанда алға қарай лақтырып тастайды. Үйретуші иттен 4-5 метр қашықтағаннан кейін, иттің шыдамдылығып қалыптастыру үшін, бір бүйірге қарай немесе оны айналып жүріп кету керек, одан кейін алыстаудың ырғағын біртіндеп өзгерту (жылдам жүріп, кейде жүгіріп) керек. Үйретуші кез-келген бағытқа қашықтағанда ит орнында отыра беретіндей және 15-20 секунд бойы қозғалмай отырған жағдайда ұзау қашықтығын дереу 10 метрге дейін өсіруге болады, ал 1-2 сабақтан кейін 20 метрге дейін және арттырады.

Итті жатуға үйрету. Шартты тітіркендіргіштігі «жат» бұйрығы мен ишарат, сондай-ақ шартсыз - механикалық әсер (қарғы бауынан тарту, шоқтығынан басу) және дәм беру болып табылады. Жату - бұл да арнайы үйрету кезінде қосымша шара ретінде қолданылатын, тәртіпке шақыратын әдіс. Оны қалыптастыруға отыру әдісі игерілген соң, яғни ит «отыр» бұйрығын күштеусіз орындайтын болғаннан кейін кіріседі. Итті жатуға үйретудің бірнеше жолдары бар: өздерін қозғауға мүмкіндік бермейтін күшіктер мен қабаған иттерді жатуға дәмнің көмегімен үйретуге болады. Ол үшін итті сол жағында қатар ұстап тұрып отырғызады, сосын оған жартылай бұрылып сол қолмен қарғы жіптен ұстайды, ал оң қолмен дәмді көрсетеді. Содан кейін дәм ұстаған оң қолды алға созып күшіктен төмен түсіреді, ал сол қолмен қарғы бауды жайменен төмен тартады. Күшік дәмнің артынан ұмтылып жата кетеді. Оны «жақсы», «жат» бұйрығымен ынталандырып, дәм береді де 1-2 секундтан кейін «жөнел» бұйрығымен тұруға рұқсат береді. Шыдамдылықты жаттықтыру және қашықтықта тұрып жұмыс істеуге үйрету де «отыр» бұйрығындағы сияқты, қазықтың көмегімен жүргізіледі. Ол жатқан иттің биіктігіндей етіп қағылады. Әр түрлі биіктікте қағылған 2 қазықтық болғаны дұрыс.

Дәм берін жатқызумен қатар итті мынадай жолмен де жатуға үйретеді. Итті дәл жоғарыда айтылғандай отырғызады да, сол қолдың алақаны жоғары қарайтындай, ал бармақ сырт жағынан келетіндей етіп қарғы баудан ұстайды, оң қолмен ит қарғысынан 25-30 см қашықтау етіп мойын жіптен тартып, итке «жат» деген бұйрық береді, ал оң қолмен итті мойын жіппен алға қарай және төмен тартады. Ит жатқан соңоны бұйрықпен және дәммен ынталандырады. Сол қолмен иттің шоқтығынан ұстап сылап-сипауға болады. Егер ит жатпаса, иттің шоқтығынан басып тұрып оң қолмен оның алдыңғы аяқтарып жылдам алға тартып қалуға болады. Бұл әдіс жайбарақат, қаппайтын иттерге қолданылады.

Итті қатар тұрып та жатқызуға болады. Ол үшін қарғы бауды сол аяқпен басып ұрып, «жат» деген бұйрық беру және қарғы бауды жоғары тарту керек. Жұлқудың өзі итті жатқызатындай күшпен орындалуы тиіс. Бұл әдісті әдетте, иттің бойында «жат» бұйрығына деген шартты рефлекс қалыптасқаннан кейін қолданады. Үйретуші өзінен 4-5 метр жерге кеткенге дейін назар аудармай, жатқан күйінде қалуға үйренген итті, «отыр» және «жат» ымдарына жаттықтыруға болады. Бұл үшін итті отырғызып, қарғы бауды тарта ұстап үйретуші оның алдында 1,5-2 метр жерде тұрады, қарғы бау иттің тұмсығының үстінен отетіндей қарғының сақинасын төмен қаратып айналдыру керек. Оң қолдың алақанын төмен қаратып алдыға қарай иықтық деңгейіне дейін көтереді, сосын итке «жат» деген бұйрық береді де қарғы бауынан ұра оң қолды жылдам төмен түсіреді. Ит жатқан кезде оны «жақсы» деген бұйрықпен ынталандырады. Итті жатқан күйінде 5-10 секунд ұстап оған «отыр» деген бұйрық береді және «отыр» ымын (оң қолдың алақанын алға қаратып иық деңгейінде немесе одан сәл биіктетіп көтеру) жасай отырып иттің қарғы бауының астыңғы жағынан ұрық итті отырғызады. Сосын сәл ұстап «жөнел» немесе «қатар жүр» бұйрықтарын береді. Бір сабақта мұндай жаттығуларды 5-6 рет қайталауға болады. Алдымен ымдау бұйрықпен қоса, сосын өз алдына бөлек беріледі.

Итті тұруға үйрету. Тұру әдісі бақташы және күзетші иттері үшін міндетті емес, бірақ ол иттің денесін тазалау кезінде пайдаланылады. Итті үйретуді отырғызу бұйрығы игерілген соң бастайды. Итті отырғызып, оған жартылай бұрылады да сол қолмен оның қарнының астынан көтереді, сонымен бір мезгілде қарғы бауынан алға тартады. Шыдамдылықты жаттықтыру және алыста тұрып жұмыс істеуге көшу осыдан бұрыңғы әдістердегі сияқты жүргізіледі.

Итті орнына қайтару. «Орныңа бар» бұйрығы. Арнаулы қызмет әдістерін игеру кезінде көмекші әдіс ретінде қолданылатын тәртіпке шақыру әдісі. Күзетші иттеріне үйретілмейді. Бұл әдіс ит «жат» әдісі бойынша шыдамдылыққа және алыста тұрып жұмыс істеуге әбден дағдыланғаннан кейін үйретіле бастайды. Итті жатқызып оның алдына таныс зат - жұмсап алдыратын таяқша және т. б. қояды, сосын 3-4 метр қашықтау барып иттің алдына тұрады да оны «бері кел» деген бұйрықпен шақырып алады. Ит келген соң оны 5-10 секунд ұстап, оған «орныңа бар» деген бұйрық береді, оң қолды таныс заттар жатқан жаққа қарай сілтейді Сосып жайлап тартып итті орнына апарады, оған заттарды көрсетіп «орныңа бар», «жат» деген бұйрықтарды береді де дәм беріп ынталандырып итті орнына жатқызады. Сосын иттен алыстау тұрын осы әдісті қайталайды. Бұл әдісті қазықтың көмегімен орындау өте қолайлы, тек қарғы баудың шатысып қалмай шытыршықтан еркін өтуін қадағалау керек. Итті ұзындығы 5-6 метр қарғы баудан ұстап қазықтың жанына жатқызады, қарғы бауды шығыршықтан өткізіп иттің жанына заттар қояды да одан қарғы баудың ұзындығының жартысындай ары кетеді, сосын итті шақырып алып 5-10 сек. ұстайды, «орныңа бар» деген бұйрық береді де оң қолды заттар жаққа қарай сілтейді, сол қолмен қарғы баудан ұстап итті қажетті бағытқа қарай жылдам тартады. Ит қазыққа барысымен оған «орныңа бар», «жат» деген бұйрықтарды береді. Жатқан итке келіп дәммен ынталандырады. Ит орнына бұйрық бойынша қайтып баратындай болған соң ара қашықтықты өсіруге болады. Әр сабақта 3-5 метрге дейін ұлғайтуға болады. Ит өз орнына 25 метрден кем емес аралықтан арғы баусыз қайтып баратындай болса және келесі бұйрықты естігенше қозғалмаса әдіс игерілді деп есептеледі. «Жат» және «орныңа бар» бұйрығы кезіндегі шыдамдылықты жаттықтыру уақыты 5 минутке дейін созылуы мүмкін.

Иттің затты әкеп беруі. «Алып кел» бұйрығы. Лақтырылған затты әкеп беру (аппортировка) - белгілі бір жерді тінту және із қуу жұмысына ұйретуде қолданылатын көмекші әдіс. Бақташы иттері үшін міндетті емес, күзет иттері үйретілмейді. Әдетте үйретуді күшік кезінде жүрғізу тиімді, ол кезде күшікпен ойнап жұріп оған әкеп беретін таяқша немесе басқа ойыншықтар лақтырылады. Үлкендеу күшіктерді затты әкеп беру әдісіне жаттықтыру үшін аппорт (ит алып келетін зат) дайындап алу керек. Бұл мақсатта жуандығы 2-3 см және ұзындығы 20 см шамасындағы бұтақ, осы көлемдегі таяқша жасай береді, итке ыңғайлы болуы үшін аппортты әдетте екі ұшын жуандау етіп (гантель тәрізді) жасайды. Аппорт үшін, әсіресе затты тістеуге құлқы жоқ иттер үшін көлемі сай келетін іші қуыс сүйек пайдалануға болады, оны ит мұжып қоймас үшін 2-3 қабат етіп шүберекпен орап жақсылап байлап немесе тігіп тастау керек. Күшікті қарғы бауынан ұстап сабақ өтетін жерге барады. Бой жаздырады, сосын шақырып алып оның тұмсығының алдында лақтыратын затты айналдырып оның назарын осы затқа аударады. Сосын затты күшіктен 1-2 метр жерге лақтырып «алып кел» деп бұйырады. Әдетте, күшік дереу тап беріп затты қақшып алады. Сол кезде оны шақырады да (немесе қарғы баумен тартып алады), «бер» бұйрығын беріп затты алады, ал күшікке дәм береді. Егер күшік затты құлықсыз алса онымен ойнау корек, оған затты тістету, сосын лақтырып, күшікпен бірге бару керек және ол иіскелей бастағанда қайта лақтыру немесе домалатып жіберу керек. Күшік затты алысымен оны «жақсы» деген бұйрықпен ынталандырады. Күшік лақтырылған затты жақсылап тістеген соң оны шақырып алып «бер» деген бұйрықпен аузынан алу керек. Үлкен иттерді де осылай үйретеді. Егер иттаяқшаны алмаса оған сүйек лақтыру немесе «аппортты» аузына салып бірнеше секунд ұстап тұру сосып «бер» бұйрығын беріп қайтып алу керек. Бұл үшін доптарды да пайдалануға болады.

Кедергілерден (тосқауылдан, белдеу темірден, сатыдан және т. б.) өту. «Алға» бұйрығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын иттер үшін кедергідеп өту міндетті емес, бірақ мұны үйреткен артық болмайды. Күзетші иттерін биіктікке секіруге үйретпейді. Кедергіден өтуді әдетте күшік кезінен-ақ серуендеуге шыққан кезде кішігірім бөгеттерден, арықтардан, үйінділерден, т. с. с. өту арқылы бастайды. Кедергі алдында «алға» немесе «тосқауыл» деген бұйрық беріледі, сосын үйретуші кедергіні аттап өтіп күшікті шақырады. Күшіктің жас шамасына қарай кедергінің ені мен тереңдігін ұлғайтып отырады. Алдымен үйретуші күшікпен бірге секіреді, сосын күшіктің өзін жібереді.

Биіктікке секіруге үйрету үшін де күшік кезінен бастаған дұрыс. Кішкене күшіктің сүйектері мен буындары қатпағандықтан оны тым биік тосқауылдан секіртуге болмайды. Сабақты күшіктің 3 айлығында, яғни ол қарғы баумен жүре бастағанда бастауға болады. Жалпы биіктігі 10-20 см 1-2 тақтай қойылады, сосын күшікті қарғы бауынан ұстап осы тақтайға жақындайды, күшікке оларды иіскетіп және «тосқауыл» деген бұйрық беріп тақтайдан аттап өтеді. Мұндай тосқауылдан әдетте күшік үйретушінің артынша-ақ секіріп кетеді.

Мұндай жаттығуды күшіктің өзі үйретусіз-ақ тосқауылдан қарғып дағдыланғанша 3-4 рет қайталайды. Бұны үйретуге әдетте бір сабақтың өзі-ақ жеткілікті. Одан кейін биіктігі 20-30 см дейін өсіреді. Тақтайлар күшік айналып өтуге болмайтындай ұзын және егер күшіктің аяқтары тиіп кетсе құламайтындай жақсы бекітілген болуы керек. Тосқауылға жаңылдап, одан аттап өтеді, сосын күшікті «бері кел» бұйрығымен немесе дәммен шақырады. Секіру сәтінде күшікке «тосқауыл» деген бұйрық беріледі. Күшік дәмге немесе «бері кел» деген бұйрық бойынша тосқауылдан секіріп (немесе жер бауырлап) үйретушімен бірге өтуге жақсы дағдыланған соң, оны жалғыз жүтіріп келіп секіруге үйретеді. Үйретуші күшікті біршама алға оздырып жүгіреді, күшік тосқауылға жақындағанда оған «тосқауыл» деген бұйрық береді, ал үйретуші кедергінің алдында тоқтап қалады. 15-30 см тосқауылмен сабақ өткізу, күшік бұйрық бойынша өз еркімен секіріп өткенше жүргізіледі. Содан кейін биіктікті 35-40 см дейін өсіреді, т. с. с. Биіктікті біртіндеп өсіру керек және 6-7 айлық күшік үшін оны 60 см-дан арттыруға болмайды. Ересек күшіктер мен үлкен иттерді де осылай үйретеді, тек алғашқы тосқауылды бірден 25-30 см қылып қою керек. Ит бір метрден үлкен биіктікке секіре бастағаннан кейін оған көмектесу керек, яғни оған алдыңғы аяқтарымен тосқауылдың үстіне ілігетіндей етіп астынан демеп жіберу керек. Бұл үшін итті алдымен тосқауылдың алдында сәл тұрғызып үйретеді. Яғни итті тосқауылдан 1,5-2 метр жерге отырғызады, үйретуші тосқауылға жақындап иттің қатарына тұрады да «тосқауыл» деген бұйрық береді. Белдеудің үстімен және сатымен жүру. Белдеу жерден 70 сантиметрден 1,2 метрге дейін биіктікте қойылған көтерілуге және түсуге арналған 2 қигаш тіреуі бар бөрене. Бастапқыда жаттықтыру үшін белдеу аласа және жалпақ етіп жасалады (жоғарғы жағы сүргіленген бөрене немесе ені 20-30 см тақтай).          Тақтай үстімен ит жүргенде майысып кетпейтіндей   жуан болуы керек. Күшікті белдеу ағашпен жүруге айдан кейін ғана үйрету керек. Одан үлкейгесін де бола береді. Алдымен күшікті белдеу тақтайдың үстіне қойып, қарнынан демеп немесе дәмді көрсетіп тұрып оның үстімен абайлап жүргізеді. Сол қолмен күшікті қарнының астынан демеп, ал оң қолмен қарғыдан 20 см қашықтау ұстап және «алға» деген бұйрықты қайталай отырып оны ептеп алдыға тартады.    Осылайша күшікті түсетін жерге дейін әкеледі де секіріп кетуге жібермей абайлап түсіреді. Жаттығуды         бір сабақта 3-тен артық қайталауға болмайды, ал егер   күшік қатты қорқатын болса 2 рет те жетеді. Күшікті демеп тұрған қолды біртіндеп ол күшіктің қарнына    тимейтіндей етіп төмен түсіреді, бірақ мүлдем тартып алуға да болмайды, өйткені күшік құлап секіргендей болса, оны ұстап үлгеру керек. Күшік (ит)       белдеумен өзі жүріп және түсіп үйренген соң оны белдеуге шығуға үйретеді. Сосын күшіктің өзін жібереді. Үйретуші алдымен күшікті секіріп кетуге жібермеуге тырысып оның артынан жүріп отырады, ал одан кейін белдеуге көтерілетін жерде қалады және сосын күшік түскен соң оны шақырып алып ынталандырады. Күшік (ит) белдеумен қарғы баусыз-ақ секіріп кетпейтіндей еркін жүретін болған соң одан биіктеу белдеуге көшуге болады. Алдымен иттің секіріп түспеуін бақылап оны қарғы баумен алып жүру керек. Отыруға үйренген итті белдеу ағаштың алдында 5-10 минут аялдатады, сосын «алға» деген бұйрық береді.

Сатымен жүру. Күшікті шамамен 3 айлық кезінде сатымен жүруге үйретеді. Сабақ жүргізу үшін жалпақ, тегіс басқыштары бар арнайы қысқа саты керек. Күшікті қарғы бауынан ұстап, сатыға жақындайды және «алға» немесе «саты» деп бұйрық беріп көтеріле бастайды. Егер күшік қорықса, оны тыныштандырып, аяқтарын басқышқа ауыстырып қою керек. Басқыштарға дәм қоюға да болады. Үстіне шыққан соң күшікті дәм беріп және «жақсы» деген бұйрықпен ынталандырады, сосын абайлап түсіреді. Иттің түхуі шығуына қарағанда қиынырақ. Сондықтан күшіктің асықпауын қадағалап отыру, оның қарғы бауынан ұстап басқыштан секіріп кетуге мүмкіндік бермей алдымен түсу керек. Күшік осындай сатыдан жүріп үйренгеннен кейін ұзынырақ, тіктеу қойылған, әр түрлі ашық баспалдақты сатыларға көшу керек. Жүрісті бірте-бірте күрделендіру және иттің сатының үстінде құлап қалмауын немесе одан секіріп кетпеуін бақылау керек. Егер ит сатының үстінде соғылып қалса ол одан қорқатын болады. Сатыда үйретушімен бірге жүріп үйренген итті міндетті түрде қарғы баусыз жалғыз жібереді. Итті қарғы бауымен жіберуге болмайды, өйткені ол бірдеңеге оралып немесе ілініп қалуы, немесе ит оны басып қалып тепе-теңдігін (орнықтылығын) жоғалтып алуы мүмкін.

Итті бөтен адам берген тамақты ішпеуге үйрету. «Болмайды» бұйрығы. Бұл әдістің кез-келген ит үшін, әсіресе селолық жерлердегі ит үшін зор маңызы бар. Итті жерде жатқан немесе бөгде адам берген тамақты жемеуге үйрету оны улану, қандай да бір аурумен ауру қаупінен алдын ала сақтандырады. Әдісті жаттықтыруды бәрінен дұрысы күшік кезден бастау керек. Әлі өте кішкене күшікке жерден бірдеңе алып жей бастағанын көре салысымен оған «фу» немесе «болмайды» деп бұйырып, ол жеп жатқан нәрсені алып күшікті тұмсығынан ақырын шапалақтау керек. Күшік негұрлым үлкен болса, оны соғұрлым қаттырақ ұруға болады. Сонымен қатар өте ерте жастан күшікті тек белгілі бір жерде өзінің ыдысынан ғана тамақ жеуге үйреткен жөн. Бөтен адамдарға күшікке тамақ беруге рұқсат етпеу керек. Күшікке 6-7 ай болғанда оған бөтен адам берген тамақты жемеуді үйретуді түпкілікті аяқтау керек. Бұл әдісті игеру үшін күшікке мүлдем таныс емес немесе таныс болғанымен күшіктің иесінің семьясына жатпайтын бірнеше бөгде адам керек. Бұл адамдарға (көмекшілерге) алдымен жақсылап нұсқау беру, оларға нені қалай істеу керектігін түсіндіру керек. Әдіске жаттықтыру үшін күшікті қарғы бауынан ұстап серуенге алып шығады. Серуендетіп жүргенде бөгде адам (көмекші) келеді, иттің атын атайды да оған сол қолының алақанына салып тамақ (күшік жақсы көретіп бір кесек ет, нан, печенье) ұсынады. Бұл кезде күшікті қарғы бауынан қысқа етіп ұстап тұрады. Егер күшік ұсынылған тамақты алуға әрекет жасаса (алдымен осылай болады да) онда үйретуші дереу «фу» (болмайды) бұйрығын қорқыта дауыстап қарғы баудан жұлқып қалады, ал тамақ ұсынушы адам дәмді жұдырығын қысып тұрып не сол қолымен, не оң қолымен күшікті тұмсығына ұрады. Содан кейін көмекші кетеді, ал үйретуші күшікті еркелетіп, онымен серуендеуін жалғастыра береді. 5-10 минуттан кейін жаттығуды қайталайды. Бір сабақта жаттығуды бір (дұрысы екі) көмекшімен 3-4 рет қайталайды, бірақ келесі сабақта басқа адам болуы керек, әйтпесе ит тамақты бір ғана адамнан алмауға дағдыланып кетеді. Егер екінші сабақта да кұшік тамақты алуға бәрібір әрекеттенсе көмекші енді оны қолмен ғана емес, арқасынан сыммен немесе шыбықпен ұрып қайтарады. Көмекшілерді, сондай-ақ сабақ өткізілетін орынды міндетті түрде ауыстырып отыру керек. Кушік тамақты алуға әрекеттенгенде үйретуші бұйрық беруге тиіс және күшік дәмді жегеннен кейін ғана емес, ол дәмді алғысы келген кезде-ақ қарғы бауды қатты тартып қалу керек.

Күшік бөгде адамның қолынан тамақ алмауға үйренгеннен кейін, оған тамақты жерге тастай бастайды. Бұл былай болады. Көмекші күшік жетектеген үйретушіге жақындайды, күшіктің атын атайды да және оған дәмді көрсетіп тұрып оны күшік бірден қағып ала алмайтындай етіп жерге лақтырады. Күшік тамақты алуға әрекеттенсе үйретуші «фу» немесе «болмайды» деген бұйрық беріп қарғы баудан тез жұлқып қалады, ал көмекші сыммен немесе шыбықпен алдыңғы аяқтарынан ұрады. Көзге тиіп кететіндіктен тұмсықтан ұруға болмайды. Күшік лақтырған тамақты жемеуі былай тұрсын, тіпті иіскемеуі де керек, керісінше ол көмекшінің өзіне үруі тиіс. Көмекшіні тістеп алмас үшін итті байлап қоюға болады. Күшік ұсынған және жерге тастаған тамақты үйретунің бар кезде алмайтын болған соң, енді мұны үйретуші жоқ кезде жаттықтыру керек. Ол үшін иттің (кушіктің) қарғысына ұзын жіп (шнур) байлайды да сосын үйретуші баспанаға, немесе иттің арт жағына кетеді. Көмекші келіп күшіктің атын атайды да тамақ ұсынады. Егер күшік тамақты алса (немесе иіскесе) онда үйретуші баспанадан шыққастан «фу» деген бұйрық беріп, жіпті қатты тартып қалады, ал көмекші күшікті қолымен немесе шыбықпен ұрады. Содан кейін көмекші кетеді, үйретуші баспанадан шығады да күшікті еркелетіп, қайта кетеді. Екінші жақтан басқа көмекші келеді және күшіктің атын атап онымен сөйлесіп, оған тамақ тастайды. Мұндай сабақтар күшік (ит) бөгде адам лақтырған немесе ұсынған тамақты алуды қойғанша жүргізіледі.

Осы әдістерді жаттықтырған соң жерден табылған тамақтан бас тартуды түпкілікті игеруге көшуге болады. Ол үшін алдын ала таңдап алынған алаңның әр тұсына тамақ (ет, нан және т. б.) шашып тастайды. Үйретуші тамақ жатқан жерлерді білуі керек. Сосын үйретуші қарғы баумен итті жетектеп осы жерге әкеледі, итке «жөнел» деп бұйырады да ит міндетті түрде тамақ тасталған тұстан өтетіндей болып алға жүреді. Егер ит тамаққа назар аударып оны ұзақ иіскейтін болса «фу» бұйрығын беріп, жұлқа тартады. Итке тамақты ұзақ иіскетпеу, әуелі сондай-ақ тістетпеу керек. Итті тамақтан бас тарту жөніндегі сабақтың алдында тамақтандырып алу қажет. Тамақты бас салатын ашқарақ иттер үшін, бір кескен дәмді ортасынан жарып ішіне ащы қызыл бұрыш сеуіп немесе қыша жағып қоюға болады. Оның өзі ит бірден жұта алмайтындай кесек, ал бұрыш оте ащы болуы тиіс. Алдымен итпен қысқа, одан соң ұзып жіппен жұмыс істейді, сосын ит әр жерге лақтырып тасталған тамақтарға назар аудармайтын болғаннан кейін қарғы бауды шешіп тастайды. Жерге тастайтын тамақ пен сабақ өткізуге арналған алаңды әрдайым өзгертіп отыру керек. Селолық жердің, әсіресе бақташының иттерін өлген малдың өлексесіп, сондай-ақ мал сойған кездегі түрлі қалдықтарды жемеуге міндетті түрде үйрету керек.

Үріп дыбыс беруге үйрету. Бұл әдістің мақсаты үйретушінің бұйрығы бойынша итті үруге үйрету болып табылады. Бұл көмекші әдіс болып табылады және қазір негізгі дағдыларды жаттықтыруда пайдаланылады. Шартты тітіркендіргіші «дауыс» (голос) бұйрығы мен шынтақты бүгін жоғары көтерген оң қолды бұлғау ишараты. Шартсыз тітіркендіргішке әр түрлі нәрсені қолдана береді. Өте тиімді әдістердің бірі дәмді көрсетіп тұрып үргізу. Үйретуші итті алдыңғы жағына отырғызады, ит секіре алмайтындай етіп қарғы бауды басып тұрады да «дауыс» деп бұйырып оң қолмен итке дәмді көрсетеді. Ит дәмді алуға әрекеттеніп секіреді, қыңсылайды, ақыр аяғында үре бастайды. Ит үрісімен немесе үруге ыңғайланғанда оған дәмді бере қояды. Бұдан соң дәмді тек кәдімгідей үргеннен кейін ғана береді. Ит бұйрық және ым бойынша үйретушінің жанында тұрып үре бастаған соң, оған әр түрлі қашықтықта тұрып бұйырып үйретеді. Иттер әдетте бұл әдіске тез дағдыланады, әсіресе сабақ 3-4 айлық күшіктермен жүргізілсе өте жылдам үйренеді.

Егер ит дәмге үрмесе оны мына әдістердің бірімен үргізуге болады.

Итті бейтаныс жерге байлайды да үйретуші «дауыс» деген бұйрықты қайталап одан алыстай береді. Көбінесе ит кетіп бара жатқан иесінің артынан үреді. «Жақсы», «дауыс», «жақсы» деп қайталап дереу бұрылу керек, итке жүгіріп келіп сылап-сипап, дәм беру керек. Мұндай жаттығуларды бір сабақта 2-5 рет қайталайды. Қайтарда міндетті түрде «дауыс» бұйрығын беру керек. Егер ит бұл кезде де үргісі келмесе, онда алғашқы сабақтарды кешқұрым көмекшінің қатысуымен өткізіп көруге болады, көмекші бұтақтардың арасынан әр түрлі сыбдыр туғызады, ал үйретуші осы кезде итке «дауыс» деп бұйырады. Алғашқы кезде барлық жағдайда итті әуелі үрмек болғаны үшін де ынталандырады. Қабаған иттерді оны қуған немесе ызаландырған адамға қарсы үргізуге болады.

Бұл бұйрыққа дағдыландыру үшін екінші бір үйретілген иттің көмегін де пайдалануға болмайды. Үйретіп жүрген ит пен үйретілген итті бір-біріне жетпейтіндей етіп қатар байлайды. Үйретуші екі итке де «дауыс» деген бұйрық береді, үйретілген ит үретін болғандықтан оған дәм береді. Сосын тағы «дауыс» деп бұйырады. Әдетте 2-3 жолы қайталанған соң қасындағы итке қалай дәм беріп жатқанын көрген ит оған еліктеп үре бастайды. Үйретіліп жүрген итті одан да қатты ынталандыру үшін, оған дәмді иіскетеді де сосын оны көрсетіп тұрып, «дауыс» деп бұйырады. Дәмді үрген итке береді. Үйретіліп жүрген ит үрген жағдайда дәмді алдымен соған, сосын үйретілген итке береді. Осыдан кейін жаттықтыруды тағы екі рет қайталап, үйретілген итті алып кетеді. Бірақ бұл әдістердің бәрі де тек қана алғашқы кездері қолданылады. Ит бұйрық бойынша үре бастағаннан кейін оларды ендігі жерде пайдаланбайды.

Жүзуге үйрету. Бұл әдіс иттің барлық дене мүшелерінің дамуына жақсы көмектеседі. Әдетте иттер судан қорықпайды және ықыласпен малтиды. Олар құлақтарына су кіріп ауыратындай суға күштеп итеріп немесе лақтырып жібергенде ғана қорқуы мүмкін. Әдетте итті жүзуге үйретушімен бірге жаттықтырады, үйретуші суға түсіп итті өзіне шақырады. Егер ит аппортты алып жүруге құштар болса оны суға тастап сосын алып келуге жіберуге де болады. Тек қана терең су көрмеген иттердің қорқынышын сейілтсе болғаны, олардың бәрі де жүзе алады. Иттің судан қорықпауы үшін қарғы бауынан ұстап саяз суда (жылғада немесе арықта) жүру керек, итті біртіндеп терең жерлеріне апарады. Үйретуді жазда өткізген жөн: ит ыстықтағандықтан суға түскісі келеді. Тек қана иттің (күшіктің) бірден шұңқырға түсіп кетпеуін қадағалау керек, одан шошып қалуы мүмкін.

Мылтық дауысына және басқа қатты дауыстарға үйрету. Бақташылыққа және күзетте пайдаланылатын иттерді міндетті түрде мылтық даусынан қорықпауға дағдыландыру керек. Үйрету бұйрықсыз жүргізіледі және барлық итті осылай үйреткен дұрыс. Итті мылтық даусына үйрету үшін алдымен пистонмен атылатын балалардың тапаншасы пайдаланылады. Тамақтану немесе серуен кезінде күшіктен (иттен) алыс жерден атады. Күшік мылтық даусына назар аударса үйретуші оны ойынға, дәмге айналдырады. Біртіндеп жақыннан атып, ақыр аяғында күшіктің жанынан атады. Ит (күшік) балалардың тапаншасының даусына назар аудармайтын болған соң, старт беретін тапаншамен атуға көшеді, оған да көңіл бөлмесе, аң аулайтын мылтықтармен атуға болады. Тек қана алыстан (200 метрден кем емес) бастау керек. Атыс даусын біртіндеп жақындатудың ерекше маңызы бар, өйткені итті қорқытып алу өте оңай, ал сосын мылтық дауысынан қорықпауға бір-жолата үйрету аса қиын.

Итті күннің күркіреуіне үйретудің де зор маңызы бар. Көптеген ит күн күркіреуден қорқады. Оқытуды күшік жасынан бастайды. Оны да мылтық дауысына үйрету сияқты жүргізеді. Яғни күн күркіреп, найзағай жарқылдағанда күшіктің қасында болып, егер ол қорықса ойнап, еркелетіп айналдыру керек. Бұл әсіресе бақташы және күзетші иттері үшін ерекше маңызды, олар ауа райының кез-келген жағдайында жұмыс істейді және күн күркіреп дауыл тұрғанда қой ықтап кетеді де, сонда оларды қайырмалап тоқтату керек. Итті (күшікті) кездейсоқ қатты дауысқа үйрету үшіп серуендеп жүргенде қураған бұталарды сарт еткізіп сындыру керек немесе бірдеңемен ұруға болады. Бірақ бұл жерде иттің жасын, сондай-ақ нерв жүйесінің күйін әр уақытта ескеріп отырған жөн.

Итпен әр алуан даңғыр, шу көп жерде: жөндеу шеберханаларының, гараждардың, құрылыстардың және т. б. маңында серуендеген пайдалы, әр түрлі дыбысқа үйренген ит кез келген жағдайда алаңдамай жұмыс істейді.

Иттің жүру қарқынын бәсеңдету. «Ақырын» бұйрығы. Әр түрлі негізгі әдістерді жаттықтырғанда қолданылатын көмекші әдіс. Шартты тітіркендіргіші - «ақырын» бұйрығы, шартсызы - қарғы баудан тарту. Басқа әдістермен бірге де және бөлек те игеріледі. Мысалы белдеу ағаштың үстімен ит аса жылдам жүреді. Сол кезде «ақырын» бұйрығы беріліп, қарғы бауды абайлап тартады да жүру қарқыны бәсеңдетіледі. Ит жай жүре бастаған соң оған «ақырын» бұйрығын қайталайды да қарғы бауды босаңдау етіп ұстайды. Егер ит жүру қарқынын қайта жылдамдатса осы әрекетті тағы қайталайды.

Бұл бұйрық сатымен жүргенде де осылай игеріледі. Ит «алға» бұйрығын жақсы меңгерген соң бұйрыққа дағдыландыруды дербес жүргізеді. «Алға» бұйрығын беріп итпен бірге жылдам адымдап жүру керек, сосын қозғалыс қарқынын бәсеңдетіп, итке «ақырын» бұйрығы беріледі, сонымен бір мезгілде қарғы бауды да тартады. Ит жүру қарқынын бәсеңдеткеннен кейін «ақырын», «ақырын» деп қайталап қарғы бауды босатады. Егер ит қарқынын қайта күшейтсе, онда «ақырын» деп қатты бұйырумен бір мезгілде қарғы баудан жұлқып қалуға болады. Итті қарғы баумен алып жүретін жағдайда бұл әдісті серуендеп жүргенде де жаттықтыруға болады. Қысқасы, ит бұл әдісті жақсы игергенше жаттықтыру ұшін кез-келген қолайлы сәтті пайдалану керек. Бақташы иттері ушін бұл әдіс малды қораға кіргіздіру және көшіп қонған кезде мал айдау әдістерін үйретуде өте қажет.

Итті үйретушінің алдында жүруге үйрету. «Алға» бұйрығы. Арнаулы қызмет әдістерінің кейбіреуін жаттықтырғанда пайдаланылатын көмекші әдіс. Ит үйретушінің алдында жүруі үшін кез-келген қолайлы жағдай пайдаланылады. Яғни итті қандай да бір себептермен қатар жүргізуге болмайтын барлық кезде бұйрық беріп, оны алдыға жібереді. Итті үйрету үшін арық, канал, дуалды бойлай жүретін жалғыз аяқ жол да өте қолайлы орын болып есептеледі. «Қатар жүр» бұйрығы бойынша итті мойнындағы ұзын жібінен ұстап оны алға сан жүретін жерге келеміз. Итке «алға» деген бұйрық беріп және оң қолды қозғалыс бағытына қарай сілтеп қарғы баудан жайлап тартып оны алға шығарамыз және иттің қалай жүріп бара жатқандығына қарап қарғы бауды біртіндеп босатып ит соңынан жүру керек. Оның артқа қайтпақ болған әрекетін «алға» бұйрығымен және егер ол бәрібір бұрылса қарғы баумен алдыға салу арқылы қайтарып тастайды. Ит қарғы бау жеткен жерге дейін барған соң оны «отыр», «жат» немесе «тұр» деген бұйрықтармен тоқтатады, жақындап келіп дәм береді де қайта алға салады. Егер ит қарғы баудың жеткен жеріне дейін алға ынтамен жүріп отырса, жіпті жерге тастауға да болады. Ит қайта бұрыла бастаған сәтте оны «отыр» немесе басқа бір бұйрықпен тоқтату керек. Ит бұйрық бойынша алға түсіп келесі бұйрықты естігенше алаңдамай жүгіріп отыратын болған соң сабақты тегіс жерде-ақ өткізуге көшу керек. Үйретушінің бұйрығы бойынша ит алда жүгіріп отыруы тиіс, оның жан-жаққа бұрылмақ болған әрекеті сол бұйрықты қаттырақ айту арқылы тиып тасталады. Алдымен итті қарғы баудың ұзынымен жаттықтырады, сосын қарғы бауды шешіп тастайы. Алға түсіп жүгіргісі келмейтін иттерді қозғалыс бағытына қарай тас немесе кесек лақтырып қызықтыруға болады немесе итті отырғызып, қандай да бір зат (жұмсап жіберіп алдыратын зат та болады) алады да оны алдымен 10, ал одан соң 15-20 және одан да көп метр жерге апарып қояды және қойылған заттың бағытына қарай «алға» бұйрығымен итті жібереді.

Басында «алып кел» деген бұйрықты да беруге болады. Ит затқа жүгіріп жеткен кезде оны «жат» бұйрығымен жатқызады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-18 12:04:41     Қаралды-5101

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »