UF

Кез-келген ит өсірушіге де, шопанға да иттің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін білудің зор маңызы бар.

Ит денесі өздеріне тән қызмет атқаратын түрлі органдар жүйесінен тұрады. Оның тек өзіне ғана тән белгілер құрайтын жүйелері бар. Сол белгілеріне қарай олардың тұқымын ғана ажыратып қоймай, жекелеген иттердің стандарттар негізінде ерекшеліктерін де, яғни әрбір тұқым нормасына дәл келетін-келмейтінін де айыруға болады.

Ит қаңқасы. Ит денесінің бүкіл сүйегі қаңқа құрайды. Ол бас, кеуде және аяқ қаңқасы деп ұшке бөлінеді.

Бас қаңқасы бет сүйек пен бас сүйектен тұрады. Бас сүйек қуысында ми жатады. Бас сүйектің жекелеген тұқымдарға тән формасы да, ұзындығы да әр түрлі болып келеді.

Бас сүйекке мықты шайнау бұлшың еттері арқылы қимылдайтын астыңғы жақ буын арқылы қосылады.

Тіс. Үстіңгі жаққа да, астыңғы жаққа да тіс шығады. Сақа иттің 42 тісі, күшіктің 25 сүт тісі болады.

Сақа ит тісінің формуласы мынадай: (3*1*4*2)/(3*1*4*3). Бұлекі жақтың әрбір жартысында үш күрек тіс, бір азу және төрт жалған азу тіс (премоляр) бар дегенді білдіреді. Сонымен бірге астыңғы жақтың әрбір жартысында үш-ұштен тұрақты азу тіс (моляр), ал үстіңгі жақта екі-екіден моляр болады.

Астыңғы жақтың бірінші азу тісі және үстіңгі жақтың жыртқыш азу тісімен аралас өскен, премолярлары өте мықты жетілген. Сондықтан да жыртқыш тістер деп аталынады.

Кейде тіс әлгінде айтқан қырық екіден аз болады, оны ақ тіс, яғни олигодонтия, ал кейбір кезде тіс қырық екіден көп болады, оны полиодонтия, гикердонтия деп атаймыз.

Иттің тісі толық болуға тиіс. Тістердің қатар түзеу формасы тістесу деп аталынады. Әрбір тұқым иті тісінің дұрыс тістесуі белгілі бір стандартпен ажыратылады. Егер үстіңгі күрек тістер қатары төменгі күрек тістерге дәл келсе, төменгі күрек тістер үстіңгі күрек тістердің ішкі жағына еніп тұрса мұндай тістесу қайшы тәрізді тістесу, ал енді екі жақтың да күрек тістері бір-біріне дәл келсе тістеуік тәрізді немесе түзу тістесу деп аталынады.

Сондай-ақ астыңғы күрек тістер бір-біріне жақындамаса немесе, керісінше, яғни астыңғы жақ үстіңгі жақтан ұзын болса, сол ұзын-қысқалық дәрежесіне қарай мұның өзі қатты не болмаса бульдог тәрізді тістесу деп аталады.

Кеуде қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғадан және төс сүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы омыртқадан, дәлірек айтқанда 7 мойын омыртқадан, 13 омыртқадан, 7 бел омыртқадан, 3 құйымшақ омыртқадан (ол құйымшақ деп те аталынады) және 20-23 құйрық омыртқадан тұрады.

Бірінші мойын омыртқа атлант деп аталынады. Ол бас сүйекке барып жалғасады. Оның басқа омыртқалардан айырмашылығы жазың та тегіс болады. Екінші мойын омыртқа эпистрофия деп аталынады. Эпистрофияның алға қарай өсіңкі жалшасы болады. Осы екі омыртқа басты қозғалысқа келтіреді.

Омыртқаларға буындар арқылы қабырғалар жалғасып, кеуде қуысын жасайды. Иттің 13 жұп қабырғасы, соның ішінде 9 нағыз және 4 жалған қабырғасы бар. Жалған қабырғалары төс сүйекке қосылмайды. Кеуде қуысы маңызды органдар - жүрек пен өкпені қорғайды.

Бірінші омыртқадан бастап, он бірінші омыртқаға (диафрагмалы) дейін омыртқа қанаттары артқа қарай бейімделген, ал он екінші, он үшінші омыртқалардың қанаттары жоғары қарай бағытталған. 7-бел омыртқаның қанаттары алға қарай бейімделген. Үш құйымшақ омыртқа қосылып, бір сүйек құрайды. Құйрық омыртқалары құйрың осін жасайды. Ол қозғалуға бейім тұрады. Құйрық омыртқаларында жұлын жататын ойық болмайды. Иттің кейбір тұқымдарының құйрығы стандартңа сай кесіледі.

Алдыңғы және артқы аяқтар. Ит кеудесіне мықты бұлшық еттер арқылы алдыңғы аяқтар қосылады. Олар жауырыннан, тоқпан жіліктен, екі жіліншіктен, екі қатар болып орналасқан білезік сүйектен, сондай-ақ иттің табанын құрайтын табан сүйек пен башпайлардан тұрды.

Иттің артқы аяқтары жамбасқа қосылған. Жамбастың өзі қасаға сүйектен, шат сүйектен, шонданай сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтаса бітіп, мықты тарамыспен құйымшаққа қосылады.

Қасаға сүйектің үстіңгі жағындағы шеткі қыры дөңестеу болады. Оны сербек деп атайды. Шонданай сүйектің шығыңқы тұсы шонданай басы деп аталынады.

Жамбастың буын ойығына ортан жіліктің басы түседі. Бұл буында шағын ғана тобық сүйек болады. Тілерсек кішкентай және үлкен асың жіліктен, яғни асық жілік пен шотаяқтан тұрады. Сөйтіп күрделі тірсек буыны сүйектеріне қосылады. Оның ең үлкен сүйегі - толарсақ. Толарсақ сүйектің артқа қарай бағытталған қанаты бар. Ол кезеген басы деп аталынады.

Артқы жіліншік бірдей төрт сүйектен тұрады. Иттің табанын құрайтын олар башпайларға ұласады.

Иттің ең активті органы - бұлшық ет аппараты. Ол орталық нерв жүйесінің сигналымен жиырылып, созылады және бастапқы қалпына түседі. Бұлшық еттердің жиырылып, созылуы, кеуде қуысын ұлғайтып, тыныс алуына мүмкіндік береді.

Иттің нерв жүйесі - орталық және шеткері (ми және жұлын) жүйкелерден тұрады. Шеткі жүйкелердің көптеген нерв талшықтары иттің бүкіл денесінде орналасады. Оның кейбіреулері шеткері нерв жүйесінен нервтік тітіркенулерді орталық нерв жүйесіне (сезгіш нервтер), енді біреулері - орталық нерв жүйесіндегі тітіркенуден пайда болған қозу жағдайын шеткері нерв жүйесіне (қозғалу, бағыт-бағдар беру) жеткізіп отырады.

Иттің миы - ми сыңарынан, мишықтан және сопақша мидан тұрады. Сыртқы сұрғылт зат ми сыңарын қоршап, қабық қызметін атқарады, ал ми сыңарының ішінде аң зат болады. Ми сыңарыныңқабығы нерв клеткаларының үлкен қабатынан тұрады және құрылымы күрделі, оның үстіне әр учаскеде әр түрлі болады. Сондай-ақ ми сыңарының қабығы жоғары нерв қызметінің ит организмінің барлық бағытын ретке келтіруде және оны сыртқы ортаға бейімдеуде басты роль атқарады.

Мишық домалақ болады. Ол сопақша мидың үстінде жатады. Мишықтың қызметі - қозғалысты үйлестіру, олардың күннін, ретін, ұзақтығын реттестіру, организмнің тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Сопақша ми тканінің сыртқы ақ заттан, ішкі жағы сұрғылт заттан тұрады. Бұл мидың қызметі - зат алмасу, жүрек пен өкпе жұмысын, ас ішуді басқару сияқты күрделі шартсыз рефлекстерді орындау.

Ит жұлыны омыртқа қуысында (каналында) орналасқан. Жұлынның сұрғылт затының формасы Н әрпіндей болады. Оның үстіңгі бөлігінде дененің шеткі бөліктерінен тітіркенуді қабылдап, оларды төменгі бөлікті қозғалысқа келтіретін немесе жасырын клеткаларға өткізеді. Сөйтіп шеткі бөліктерді қоздырады.

Жұлынның қызметі - қозу күшін шеткі бөліктерден миға және одан кері өткізу, сондай-ақ қозғалыс (жүріп-тұру), зәр бөлу, нәжіс бөлу сияқты қарапайым (шартсыз) рефлективтік әрекеттерді орындау.

Сезу органдары. Бұл органдар өздерінің нерв ұштарымен сыртқы ортаның әсерінен болатын тітіркенулерді, жарықты (көру), дыбысты (есту), иісті (иіскеу) тағы басқаларды байқауға, қабылдауға арналған.

Көру органы. Ит көзінің анатомиялық құрылысы мен қызметі өзге мал көзімен бірдей. Әсіресе ит қозғалғап нәрсені тез байқап, заттың түрін тез айырады. Бірақ ол жалпы фонын ғана танығаны болмаса, түсін айыра бермейді. Сондай-ақ оның екі көзі бірдей кез-келген затты бір мезгілде көре алмайды. Себебі иттің әр көзінің өз аясы болады. Жүріп келе жатқан жанды денепі ит 500-700 метр қашықтықтан көре алады.

Есту органы. Ит организмінде есту органы ерекше орын алады. Оның ішкі құрылысы малдың есту органының құрылысындай. Иттің құлағы, яғни дыбыс ұстағыш мүшесі формасы, орналасуы және мөлшері жағынан әр түрлі. Олар құлағын тез қозғайды және дыбыс шыққан жаңқа ңарай түре алады. Иттің есту органы секундына 80 мың ауытқуға дейінгі жиілікте дыбыс (адам 60 мыңға дейін ғана) қабылдай береді. Сондай-ақ ит бір-бірінен 1/16 тон айырмашылығы бар екі дыбысты айыруға қабілетті. Естілер-естілмес шуылды ит 24 метр қашықтықтан (адам 3-4 метрденғана) естиді.

Иттің тез есту қабілеті оған тітіркендіргіштерді жылдам да анық айыруға мүмкіндік береді. Олар өзіне берілген бұйрықты дыбысты өте айқын ажырату қабілетінің арқасында ғана орындайды. Әйтпесе ит сөз мәнін түсінбейді. Түсінуі мүмкін де емес. Сондықтан да ит үйрету кезінде өте қысқа, анық сөздер ғана қолданған дұрыс.

Иіс сезу органы - мұрын қуысындағы мұрын жолының үстінен және мұрын желбезегінің артқы бөлігінен орын алады. Осы орынның кілегей қабығында ұршық сияқты болып иіс сезу клеткалары жатады. Иіс сезу органдарының өсінділері кілегей қабықтың бетіпе шығып, бірнеше иіс сезу қылшықтары бар иіс сезу қапшықтарына барып жалғасады. Нерв клеткаларының осы сезгіш (нәзік) ұштары тым қашықтан және ауадағы болар болмас иістің өзін өте тез сезеді. Мысалы кейбір аңшы иттері жел жақта келе жатқан аңның исін 800-1000 метр жерден біледі.

Мұрын қуысы ұзына бойы мұрын желбезегімен бөлінген. Оның алдыңғы бөлігі шеміршек те, артқы бөлігі сүйекке айналады. Осы мұрын қуысының бүйірінде кеуілжір болады.

Кеуілжір мұрын қуысын үшке бөледі. Олар төменгі, ортаңғы, үстіңгі мұрын жолы деп аталады. Төменгі мұрын жолы бірте-бірте кеңейіп, ортаңғы жолға жалғасып кетеді. Ал үстіңгі мұрын жолы жіңішке де тайыз.

Жайбарақат тұрғанда және қалыпты тыныс алғанда иттің жұтқан ауасы төменгі және ортаңғы мұрын жолы арқылы өтеді. Ал үстіңгі мұрын жолына ауа ит жиі және терең тыныс алғанда (иіскегенде) ғана өтеді.

Итті түрлі қызметке пайдаланғанда белгілі бір дәрежеде оның сезімталдығының орны ерекше. Олардың иіскеп білу қабілеті қазіргі кезде техникалық анализаторлардың өзінен артық. Ит едәуір қашықтықтың өзінен аңды, құсты, адамды, не бөтен итті пісінен-ақ айыра біледі.

Дәм сезу және түйсіну органы. Дәм сезу органының ең басты бөлігі дәм сезу клеткалары болып табылады. Олар тілдің үсті мен бүйірінде орналасады. Солардың көмегімен ит берілген астың ішуге жарамдылығын немесе жарамсыздығын біледі.

Дәм сезу дегеннің өзі терінің ең басты қызметі. Тері сезгіш нерв ұштарына толы болады. Сөйтіп бір нәрсеге жанасқанда жылудың не суықтың әсерінен болатын тітіркенулерді қабылдайды. Солардың әсерінен ауырсынады.

Қан айналу жүйесі. Ит жүрегінің, күре тамырының, капилляр тамырларының, көк тамырының құрылысы басқа да жан-жануарлардағыдай. Қан олардың жүрегі арқылы орта есеппен минутына 3-5 рет, яғни әрбір 17 секунд сайын өтеді. Организміндегі қан мөлшері иттің тірілей массасының 1/13 бөлігіндей. Жүрек соғу жиілігі саңа итте минутына 60-80 рет, ал күшікте 100-120 рет. Сақа ит денесінің қалыпты қызуы 37,5-39, ал күшікте бұл көрсеткіш 38,5-39,5 градус.

Тыныс алу органы. Тыныс алу органының ең негізгі мүшесі - өкпе. Оған түсетін ауа иттің мұрын қуысынан өтеді. Сөйтіп жылиды, ылғалданып, шаңнан тазарады. Содан соң өңеш пен көмекей арқылы өкпеге өтеді.

Жайшылықта ит әрбір тыныс алған сайын 0,5 л ауа жұтады. Ал үлкендігі орташа ит жүгіргенде оған минутына 30 л ауа қажет.

Ас қорыту органы. Ит - ет қоректі. Оның ішектерінің біршама қысқа болатындығы да сондықтан. Ішектерінің жалпы ұзындығы 3-6 м шамасында болады. Иттің ауыз қуысына түскен ас, шайналып, сілекеймен жұмбаздалады. Содан соң тілдің көмегімен көмекейге түседі, одан қарынға барады.

Орташа ит қарынының сыйымдылығы – 2-2,5 л. Ішек-қарын омыртқаға шажырқай арқылы ілініп тұрады.

Иттің ащы ішегі мен тоқ ішегінің анатомиялық құрылысы және олардың қызметі басқа да жан-жануарлардікіне ұқсас.

Көбею органы. Қаншықтың жыныс аппараты жатыннан, аналық безден, аналық клеткадан және қынаптан, ал жатынның өзі денеден, айдардап тұрады. Күшіктер сонда жатады. Қаншықтың жыныс органының сыртқы бөлігі ілгек деп аталады. Ішкі бөлігі жатын мойнымен ұштасатын осы ілгек қынаптың кіре берісі де болып табылады.

Әбден жетілген аналың клетка (қаншықтарда бір мезгілде бірнеше аналық клетка жетіледі) аналық безден тұңым жолына түседі де сонда ұрыңтанады. Ұрықтанған аналық клетка жылжып жатын айдарына жетеді. Сөйтіп күшік сұлбасы сол жерде толық құрылғанша жетіле береді.

Төбеттің көбею органына шәует жолы, ен, жыныс мүшесі және қосымша жыныс безі жатады.

Шәует жолы сопақша болады. Ол төбеттің клеткасы - шәует жетілетін органы болып табылады. Шәует жолы ұмада орналасады.

Қуыс камералы жыныс мүшесі шағылысар алдында қан тасқынынан ісініп, қатаяды. Қуыс камераларда буылтықтар пайда болады. Ұрық шығарар сәтте сол буылтықтардың көлемі мүлде ұлғайып, төбет пен қаншық ілінісіп қалады. Бұл жағдай 15-20 минутқа, кейде тіпті 40-50 минутқа созылады.

Иттің зәр шығару органы бүйрек, несеп ағар, қуың, несеп шығару каналы болып табылады. Осы мүшелер организмнен пайдаланылған өнімдерді сыртқа шығарады. Бүйректен әрбір 5 минут сайын зәрге айналған зиянды заттардан арылған барлық қан өтіп болады. Ит тәулігіне 1-2 литрге дейін зәр шығарады.

Тері - итті ыстықтан, суықтан, физикалың және химиялық әсерлерден сақтайды. Сонымен бірге ол сезу кейде зәр бөлу органы болып та табылады. Теріде сезгіш нерв ұштары, май бездері мен жүн түбірлері болады. Жақсылап тамақтандырған ит терісінің астында жұқа май қабаты құралады. Ит жүні бүркеме жүннен, негізгі және жұмсақ жүннен, түбіттен тұрады. Осы түбіт ит организмін сыртқы температураның әсерінен қорғайды. Иттің сезу қылшық үстіңгі және астыңғы еріндерінде, бұгағында және кірпігінің маңында өседі. Тері бездері тек қана табанының жұмсақ етінде болады. Олар сезу қызметін де атқара береді.

Ит экстерьері. Экстерьер дегеніміз - иттің сыртқы түрі. Организмнің құрылысы мен атқаратын қызметі өзара байланысты болғандықтан экстерьер асыл тұқымды жануарлар мен пайдаланылуға тиіс жануарларды іріктеудің ең негізгі көрсеткіші болып табылады. Ит экстерьері әдетте көзбен көріп бағаланады. Иттің сыртқы түрі де, кейбір жеке мүшесі де бағалануға тиіс.

Иттің дене мүшесі. Бас - иттің тұқымдық ерекшеліктерін білдіретін негізгі мүшесі. Оның түрі мен формасы тұрақты түрде тұқым қуалайды. Олардың басы сыртқы формасы, көлемі және бас сүйегі мен бет сүйегінің ұзындығы, еріндерінің қалыңдығы мен жұқалығы жөнінен әр түрлі келеді.

Иттің басы көлемі мен құрылысы жағынан ауыр және жеңіл болып екіге бөлінеді. Оның біріншісі кавказ, ортаазия овчаркалары сияқты тағы басқа ірі ит тұқымдарына тән. Олардың маңдайы кең, түмсығы қысқа әрі жалпақ болады. Ірілігі орташа иттердің басы көбіне сына тәрізді сопақ, ұзынша және жеңіл келеді.

Ит басының бас сүйегі жалпақ немесе жіңішке, маңдайы тегіс немесе шығыңқы болады. Бас сүйектің тұмсыққа ұласар тұсы жатық келеді. Жағы жетілген сайын иттің бет сүйегі де өсе береді.

Иттің тұмсығы ұзын, қысқа немесе бас сүйектің ұзындығымен бірдей болады. Ол, яғни тұмсық формасы бойынша үшкір, үшкірлеу немесе доғал бола береді.

Тұмсығының ұшы көбінесе қара түсті, кеуекті, ылғалды, танауы кең болады.

Көзі формасы бойынша дөңгелек. Түсі - қоңыр, ашық қоңыр, көкшіл. Көз түсінің практикалық маңызы жоқ. Әйтседе оның ит түсіне сәйкес келуі керек.

Құлақтары тік (лайка, неміс овчаркасы), енді біреулерінің құлағының ұшы төмен қарағанда тікейің-кіреп (колли), ал кейбіреулерінің құлағы салбырап тұрады.

Кавказ овчаркасы мен ортаазия овчаркасының құлақтарын жарақаттанудан, түрлі аурулардан, тіпті қасқыр тартып кетуден сақтандыру үшін күшік кезінде қысқартып, кесіп тастаған дұрыс.

Мойын - бастың қозғалмалы тірегі. Көптеген иттің мойны ұзындығы бойынша басының ұзындығымен бірдей немесе сәл қысқалау болады. Мойынның мықты, бұлшық етті болуы қажет.

Ит кеудесі формасы бойынша оның қиғаш ұзындығы шоқтығынан биік кезде ұзыншалау болады, ал қиғаш ұзындығы мен шоқтығынан биіктігімен бірдей кезде дөңгеленіп, төңкеріліп тұрады.

Шоқтық бес кеуде омыртқасының сабағы және жауырынның үстіңгі жиегі қосылған тұста орналасқан. Әлгі бес омыртқа сабағы мен жауырын жиегін иттің мойны мен алдыңғы аяқтарын қозғалысқа келтіретін мықты мускулатура қосып тұрады. Осы мускулатура сондай-ақ мықты тарамыстармен алдыңғы аяқтардың, мойын, бас, арқа бұлшық еттерінің жалғасатын орны мен тірегі болып есептеледі.

Арқа. Шоңтық, бел, сауыр қосылып, иттің «үстіңгі жағын» құрайды. Арқа мен бел иттің алдыңғы жағы мен артқы жағын қосып тұратын көпір секілді.

Жазық және кеуде омыртқасының төмен орналасуына байланысты болатып сәл ғана шұңқырды есептемегенде, жалпак, арқа формасы ең жақсы арқа болып табылады. Оның үстіне әлгі шұңқыр ит денесінің кемшілігі болып есептелмейді, өйткені мұның иттің қабілетіне ешқандай зияны жоқ.

Кемшілігі бар деп қайқы және құныс арқаны айтады. Қайқы арқаның мускулатурасы мен тарамыстар жүйесі әлсіз болады. Бұл иттің жүрістен тез шаршауына әкеліп соғады. Ал егер ит құныс болса кеуде қуысы тар, қабырғасы жалпақ, алдыңғы екі аяғының арасы тар келеді. Мұндай жағдай көбіне нашар жетілген, дұрыс күтіп-бағылмаған иттерде кездеседі.

Бел. Арқа сияқты белге де жүріс кезінде көп күш түседі. Ол бұлшық етті, мықты, жазық, сәл дөңестеу болуға тиіс. Неғұрлым бел қысқа келсе, солғұрлым мықты болады. Әсіресе белдің оралымды да қозғалмалы болғаны дұрыс. Өйткені ол артқы аяқтарды қозғалысқа келтіреді.

Қайқы немесе құныс, шығыңқы және бұлшық еті дұрыс жетілмеген бел нашар белге жатады.

Сауыр белдің құйымшаққа келіп тірелер тұсының жалғасы, артқы аяқтардың мықты да ұзын бұлшық еттерінің бекитін орны болып табылады. Сондықтан да ол жалпақ та ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, мықты болуға тиіс.

Кеуде қуысының формасы сопақ, үстіңгі жағы тұқыл, астыңғы жағы үшкір келеді. Кеуде қуысының көлемі ит арқасының, қабырғаларының және төс сүйегінің ұзындығына байланысты, ал тереңдігі садақ-сүйек қатынасы бойынша жоғары, садақсүйек деңгейлес немесе одан төмен болады. Кеуде қуысының қажетті тереңдігі садақсүйек деңгейлес формада болады.

Қарын - кеуде қуысынан шанқа қарай созылып жатады. Қарны тым салбырап тұрса да, тым қабысып тұрса да иттің кемшілігі болып есептелінеді.

Құйрық - итке қатты қозғалыс, яғни жүгірген кезінде кеудесін басқаруға көмек беретін басты құрал. Ол құйрығын бұру арқылы бұрылуын жеңілдетеді, бағытын өзгертеді.

Сондай-ақ құйрық иттің көңіл-күйін де білдіреді. Мәселен, ит қуанғанда, бір нәрсеге риза болып еркелегенде құйрығын бұлғаңдатады. Ызаланғанда құйрығын тікейтіп алады. Қауіптенсе құйрығын артқы екі аяғының арасына қыса қояды. Аң-құстың иісін сезіп, ізге түскенде құйрығын бір түсіріп, бір көтеріп отырады.

Алдыңғы аяқтар. Әрбір алдыңғы аяқ иықтан (жауырын, иық-жауырын буыны, тоқпан жілік), алдыңғы саннан, алдыңғы тізеліктен, жіліншіктен және сыйрақ пен табаннан тұрады.

Алдыңғы аяқтарға салмақ көп түседі. Ол денені алға қарай қозғалтады, бұрылуға мүмкіндік береді, тежейді. Ит қалт тоқтай қалғанда оған үлкен күш түседі. Иық сүйегі иттің тура жүруіп қамтамасыз етсе, жауырынның ұзындығы, тоқпан жілік, олардың қосылысы ит адымының мөлшеріне, жүрістің бірқалыптылығына әсер етеді. Иық тік болса ит адымын қысқартады.

Иттің алдыңғы аяқтарының кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: екі алдыңғы аяқ арасының тым жақындығы. Бұл жағдай, әдетте, кеуде қуысы тар, рахитпен ауырып, соның салдарынан аяқтары қисайған иттерде болады; тірсегінің ішке қарай майысуы, маймақтығы, тобанаяқтығы.

Иттің алдыңғы аяғының бес башпайы болады. Оның біреуі сирағының ішкі жағын ала біткен. Ол жер баспайды. Артқы аяғында сондай 4 башпай бар, бірақ кейде жіліншіктің ішкі жағынан бесінші башпай да бітеді. Ол күшік туғаннан кейін алғашқы күндері-ақ кесіп тасталынады.

Әрбір артқы аяқ тізе буынының сүйектерінен, тілерсектен, тірсек буынынан, тірсектен, артқы жіліншіктен, табаннан тұрады.

Ит жүгіргенде алғашқы демейтін де осы артқы аяқтар. Ол демеген кезде сауырға, белге әсер етеді. Артқы аяққа күш қатты жетілген мускулатура арқылы беріледі. Ал ол мускулатура тірсек буынына дейін созылып жатады. Ол құрғақ, енді және мықты келеді. Өйткені ит секіргенде күш осы мускулатураға түседі.

Ит жіліншігі сүйек пен тарамыстан тұрады. Ал артқы аяқтарының құрылысы да, алдыңғы аяқтарының құрылысындай болады. Артқы аяқтардың негізгі кемістігіне сауыр мен белдің бір деңгейде тұруы, тізе және тірсек буыны бұрыштарының түзуленуі, сондай-ақ имек аяқтық жатады.

Имек аяқтық дегеніміз - ит сауыры мен тірсегінің тым қиғаштығы, жіліншіктің қисықтығы. Жалпы имек аяқтық әлсіз, дұрыс күтім болмай өсірілген және кәрі иттерге тән.

Ит жүнінің қызметі - организмді сыртқы орта әсерлерінен қорғау, ит денесінің қалыпты температурасын сақтауын қамтамасыз ету. Ит жүні бұдан бұрын айтқанымыздай қылшықтан, түктен және түбіттен тұрады.

Қылшық жүн олардың ішіндегі ең ұзыны, ол қатты және жуан келеді. Ол иттің мойнында, арқасып қуалай сауырында және аздап аш бүйірінде өседі.

Түк одан жіңішкелеу және қысқалау болады. Ол ит денесінің өн бойында өседі. Осы түк пен қылшық қосылып, жалпы жүн деп аталады.

Түбіт олардың ішіндегі ең қысқасы да жіңішкесі.

Ит жыл сайын ерте көктемде және күзде түлейді. Әсіресе көктемгі түлеу кезінде жүн өте көп түседі. Осы кезде оларды әдеттегіден гөрі жиірек тазартып отыруға тура келеді.

Ит түсі әр түрлі болып келеді. Әсіресе ақ, әр түрлі реңді сары, қоңыр, көк, қуаңсары, қара т. б. болады.

Иттің конституциялық типтері. Конституциялық тип дегеніміз жоғары нерв қызметінің барлық ерекшелігі, сондай-ақ иттің экстерьері мен интерьері. Ол сыртқы орта мен пайдалану сипатына қарай бірнеше ұрпақ бойы қалыптасады.

Конституция тұқым ңуалайды, оның ең соңғы қалыптасуы сыртқы ортаның әсері бойынша аяқталады. Әрбір тұқымға белгілі бір конституциялық тип тән болады. Сонымен бірге сол тұқым ішінде де түрлі конституциялық типтер кездеседі.

Тәжірибеде иттің конституциялық типі әдетте экстерьері меп мінез-құлқына қарай анықталады.

Иттің бес конституциялық типі бар. Олар - шираң, күйрек, сөлекет, болбыр, жұқалтақ деп аталады.

Конституциялық тип таза күйінде сирек кездеседі. Ит конституциясы көбіне екі тип қосылған ауыспалы типке тән. Ал оларға сипаттама беру үшін екі тип қосыла жүреді. Бірақ бірінші басымырақ тип деп аталады.

1. Ширақ тип. Жоғары нерв қызметі бойынша бұл типке жататын иттің көбісі ұстамды, ширақ келеді. Түрлі шартты рефлекске тез дағдыланып, ол дағдысын тұрақты сақтайды. Бұл типтің иттері жұмысқа төзімді, тез үйретіледі. Сүйектері жақсы жетіледі. Мускулатурасы мықты, білеуленіп білініп тұрады. Терісі айтарлықтай қалың. Денесіне тығыз тартылады, серпіледі. Басы ұзынша, бас сүйегі жалпақтау, сына секілді.

2. Күйрек тип. Жоғары нерв қызметі бойынша бұл типке жататын иттер шыдамсыз, тез ашуланады және олардың тежелу процесі әлсіз. Шартты рефлекске тез де оңай дағдыланғанмен оны тұрақты сақтай алмайды. Сондықтан да тұрақты түрде үйретіп отыру қажет. Бұл типтің иттері тез қозады, ширақ, жүйрік, жұмысқа төзімді келеді.

Сүйегі мықты, жақсы жетілген, бірақ жіңішке, мускулатурасы да мықты. Білеуленіп білініп тұрады, дегенмен жіңішкелеу болады. Жұқа терісі денесіне жабыса біткен.

Басы ұзыншалау, салыстырмалы түрде жіңішке, тұмсығы үшкір.

3. Тұрпайы тип. Жоғары нерв қызметі бойынша бұл типке жататын иттерді ұстамды десе де болады. Бірақ болбыр тип итіне қарағанда ширақ. Шартты рефлекске тез дағдылана қоймайды. Сондықтан да бұл типтің итін үйрету қиынға соғады. Шартты рефлекс қалыптастыруға да уақыт көп кетеді. Дегенмен өте төзімді, сүйегі ірі, мускулатурасы мықты. Терісі тығыз да қалың.

Бұл типтің иттері тіршілікке бейім, күй талғамайды, жергілікті жағдайға тез көндігеді.

3. Болбыр тип. Жоғары нерв қызметі бойынша ұстамды, тіпті селсоқ. Шартты рефлекске тез дағдылана алмайды. Бірақ тежеу процесіне байланысты рефлекстерді оңай сіңіреді. Бұл иттер өте сылбыр, енжар келеді. Көп қозғалғысы келмейді. Соған байланысты үйретуге көне қоймайды.

Сүйегі ірі, мускулатурасы бос, терісі денесіне жабыспай, қатпарланып бос жатады. Семіруге бейім.

Басы қысқа, жалпақ, тұмсығымен қосылып кеткен. Тұмсығы қысқа әрі жалпақ, ерні салпы келеді.

4. Жұқалтақ тип. Бұл типке жататын иттер тез қозады, ашушаң, нерв жүйесі әлсіз келеді. Сүйектері бос, мускулатурасы әлсіз де жұқа. Жүні жіңішке. Мұндай иттердің тіршілікке бейімділігі де нашар. Оларды үнемі күтіп, арнайы режиммен ас беріп отыруға тура келеді. Нерв жүйесінің әлсіздігіне орай үйрету қиынға соғады.

Басы жіңішке, тұмсығы үшкір.

Бақташы ит тұқымдары. Тұқым дегеніміз - жалпы шығу тегі, экстерьері бойынша ұқсас, белгілі бір пайдалануға арналған және өз міндетін атқару сапасы мен экстерьері тұқым қуалайтын ит тобы.

Қазіргі кезде иттің 400-ге жуық тұқымы бар. Оның бәрін адам өз қажетіне қарай шығарған.

Ит тұқымы үнемі жаңартылып келеді. Бұл адамның жаңа, құнды мақсат үшін ұмтылуы деп түсіну керек. Иттің тиісті типіне деген қажеттілікті түрлі жағдайдың өзі туғызды. Адам иттің өзіне қолайлы сапасын пайдалануды атамзаманнан-ақ үйренген. Белгілі бір мақсат үшін кімге ит керек болса, ол сол мақсат үшін тиімді деген ит күшігін асыруға тырысты. Сөйтіп экстерьері, мінез-құлқы жөнінен бірінен-бірі өтетін ит тұқымдары шықты.

Ит тұқымдарының бірегей жүйесі әлі жоқ. «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, ондай жүйе әр елде әр түрлі. Турасын айтқанда, ол жүйе кейбір тұқымның сапына және пандаланылуына байланысты.

Бұрыннан мал жаюға немесе қой, ешкі, ірі қара, шошқа, жылқы күзетуге пайдаланылған иттер бақташы иттер немесе овчарка деп аталады.

Бақташы иттердің кейбір тұқымы, мәселен, неміс овчаркасы, өзінің керемет қабілетінің арқасында қазіргі кезде түрлі қызметтерге пайдаланылып жүр.

Бақташы иттердің дене құрылысы дұрыс әрі мықты болуга тиіс. Сонда ғана ол тәулік бойы күзетке де берік, мал жаюға да шыдамды болады. Бақташы иттің жүні қалың, төзімді, батыл, сақ, бөгде кісіні тыңдамай, тек өз иесін ғана тыңдайтын болуы керек. Сонымен бірге оның аңшылық инстинктін жетілдірмеу қажет. Өйткені ол аң ізіне түсіп, не құс аңдып кетсе мал күзету де, оны жаю да далада қалады.

Бақташы ит тұқымдары негізінен мал шаруашылығы жақсы дамыған және отты жайылымы мен тау шалғыны мал жаюға аса қолайлы елдерде жақсы жетілдірілген.

Батыс Европа елдерінде мал жаюдың сан алуан жағдайларына қарай бақташы иттің де түрлі тұқымдары пайдаланылады. Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның таулы аудандарында бақташы иттің біріне бірі қатты ұқсайтын тұқымдары қалыптасқан. Олардың қатарына словак чувач, венгр кувач және солардың жақын туысы - поляктың Подгаль овчаркасы жатады. Венгрлердің дәстүрлі мал жаю әдістеріне сәйкес онда командор, пуми, пули және муди сияқты ит тұқымдары шоғырланған. Командор мен пулидің жүні өте ұзын. Өйткені олар жата кетуге бейім. Оның үстіне ұзын жүн оларды суықтан, жауып-шашыннан сақтайды.

Ағылшын бақташы иттері дүние жүзіне көп тарап, әйгілі болған. Солардың ішінде, әсіресе ұзын жүнді колли (шотланд овчаркасы) көпке белгілі. Ал қысқа жүнді колли мен бордер-колли әлі де болса кең тарай қойған жоқ.

Дүние жүзіне, соның ішінде біздің елімізге де қызмет иті, әсіресе бақташы ит ретінде аса кең тараған ит - неміс овчаркасы.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-13 13:40:12     Қаралды-17644

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »