UF

Египет пен Вавилонның өз тұсындағы озат мәдениеті мен ғылымы іргелес отырған ежелгі Грецияға ауысқан. Грек ғалымдары білім қуып ел кезіп, өмірлерінің ондаған жылдарын шет мемлекеттерде, әсіресе Египет пен Вавилон да өткізген. Ғылымдар тарихында есімдері қалған Пифагор, Фалес, Гиппарх, Аристотель, Евклид, Архимед т. б. ежелгі Шығысты аралап, белгілі ғалымдардан кеңес алып, өзге халықтардың өмірлерімен танысып, ұлы адамдардың дәрежесіне жеткен. Грек ғалымдарының бірсыпырасы Египетте тұрған.

Гректер өздерінің ұстаздарынан да асып түсіп, астрономияны үлкен ғылымға айналдырған. Бұған тіпті «астрономия» атауы грек сөзі екендігінің өзі-ақ дәлел болады. Грек астрономдары шын мағынасындағы ғалымдар болды, жартылай соны, жартылай жұлдызшы абыздарға олардың тіпті көлеңкелері де ұқсамайды. Абыздар нұрлы аспанды көрдей қараңғы дінмен байланыстырып, таза дүниені лайлап, ғылымды былықтырған болатын. Грек астрономдары табиғатты тазартып, оны дін мен соқыр сенімдердің қоқысынан арылтты. Олар дүниені түсінудің бірден-бір дұрыс жолы - диалектикалық материализмге жетіп тоқтады.

Ежелгі гректердің дарынды астрономы Гиппарх болды (б. з. б. 160-125 жылдар). Ол аспан ғылымының алуан түрлі мәселелерін зерттеп, бақылау практикасын теориялық есептеулермен ұштастырды. Аспанды математика тілінде сипаттап, бұрын сөз жүзінде баяндалып, абыздардың аузында жүрген астрономияны дәл ғылымға айналдырды.

Мұнымен бірге ол сфералық тригонометрияның іргесін қалап, математиканың өзін ілгері бастырды.

Гиппарх жұлдыздардың өз заманындағы дәл каталогын жасады, онда 1022 жұлдыздың орны айтылды. Жылдың ұзақтығын ол 365 күн 5 сағат 55 минут деп қорытты (қатесі 6 минуттай). Күн мен түннің теңелу нүктесінің жыл сайын аздап жылжып отыратынын, оның алғашқы орнына 26 000 жылда қайта оралып келетінін ашты. Бұл құбылыс прецессия деп аталады. Гиппарх Жер мен Айдың ара қашықтығын да есептеп шығарды. Жер бетіндегі қалалардың, белгілі орындардың, су ортасындағы аралдардың т. б. географиялық координаталарын (ендіктер мен бойлықтарын) астрономиялық бақылау арқылы анықтауды тұңғыш рет Гиппарх ұсынды. Оның астрономияға қосқан- бұлардан басқа да үлестері бар.

35 жасында дүние салған Гиппарх көп зерттеулерін аяқтай алмай кетті. Оларды аяқтауды және ұзақ уақыт (мыңдаған жылдар) бақылауды қажет ететін кейбір болжауларды тексеріп, тиісті астрономиялық шамалардың арасындағы байланыстарды дәл түрде тағайындауды кейінгі ұрпақтарға өсиет етті. Бұл өсиеттер астрономия тарихында зор роль атқарды.

Гректерде бұлардан басқа да ұлылы-кішілі астрономдар болды, ғылымға олар да еңбек сіңірді. Біз өзіміздің алдымызға астрономия тарихын баяндау мақсатын қоймайтындығымыздан, оларға бөгеле алмаймыз, тек Птолемейге ғана тоқталамыз.

Ежелгі заманның асқан ұлы астрономы Египет жеріндегі Александрия қаласында (бұл қала Грецияға қараған, Александр Македонскийдің атымен аталған) өмір сүріп, сонда қызмет істеген грек ғалымы Клавдий Птолемей болды (91-168 жылдар шамасы). Оның жазған еңбектерінің түпнұсқалары сақталмаған, ең негізгі еңбегі - «Мегалэ синтаксис» деген кітабын («Ұлы құрылыс») орта ғасырларда араб астрономдары өз тілдеріне аударып, «Альмагест» деп атаған, оның мағынасы - «Ұлы шығарма».

«Альмагест» 13 кітаптан құралған. Онда автор сфералық астрономияның қарапайым мәселелерінен бастап, Күн мен Ай қозғалысының, олардың тұтылуларын алдын ала есептеудің, планеталар қозғалысы теориясының, календарьдың т. б. аса қиын проблемаларын қарастырған. Оның үстіне мыңнан артық жұлдыздардың Гиппарх жасаған каталогын тексеріп, оларды дәлірек есептегі көрсеткен. Кітапта астрономиялық өлшеу аспаптарының құрылыстары мен пайдалану жолдары айтылған. «Альмагест» - ежелгі дүниенің астрономиялық энциклопедиясы.

Бірақ бертін келе үлкен кітаптан үлкен қате табылды. Птолемей баяндаған әлем системасы ғылымға қайшы, бекер болып шықты. Оның Жер - дүние ортасы, Күн мен планеталар соны айналып жүреді деп түсіндіретін ілімнің - геоцентрлік системасының жалғандығы анықталды. Бұл системаның орнын поляк астрономы Николай Коперник (1473-1543) ұсынған, кіндікте Күн болады, Жер мен планеталар Күнді айналып жүреді деп есептейтін ілім - гелиоцентрлік система алды.

Гректердің өте ерте замандағы календары шым-шытырық еді. Ол Ай мен Үркердің қозғалыстары бойынша жасалған. Б. з. б. VIII ғасырда өмір сүрген грек ақыны Гесиод Үркерді ұзақ жыр еткен. Оның мына бір:

Шығыстан Үркер туса егініңді ор, Батса - көктем, егісті егетін бол, Қырық күн, қырық түн ол көқтен безіп, Жоғалып қараңғыда шегеді жол, - деген үзіндісінен гректердің Үркер козғалысын жақсы білгендігі көрінеді. Ежелгі дүниенің ұлы дәрігері, грек Гиппократ жыл маусымдарын былай тиянақтаған: «Үркердің таңертеңгі бататын кезінен жазғытұрғы күн мен түннің теңелуіне дейін қыс болады, күн мен түннің осы теңелуінен Үркердің таңертең тууына дейін жазғытұры болады, Үркердің таңертең туатын кезінен Арктур жұлдызының таңертең туатын кезіне дейін жаз болады, осыдан Үркердің таңертен бататып кезіне дейін күз болады».

Греция кішкентай ел болғандығына қарамастан, онда жүзге тарта календарь болғаи. Әр аралда, тіпті бір аралдағы екі қалада әр түрлі календарьлар қолданылғай. Мысалы, Родос аралында айлар смитний, артамитий, агрпаний, иакинтий, панамос, карпенос, далий, тесмофорий, диостий, теодайсий, педагейтный, бадромий болғанда гелиополитандықтарда айлар нисаи, арар (жарар), әзір (езір), таміз, аб, илюль, аг, төрін, гелом, кану, сабат, адад (адар) деп аталған. Б. з. б. 593 жылы Афины патшасы Солон халдейлердікіндей сегіз жылдық календарь қолданылсын деп әмір еткен. Бірақ сегіз жылдық календарьды бірсыпыра аралдар қабылдамаған. Оның үстіне халдей календарының дәлдігі нашар болатын. Грек календарын түзеп, бір ізге салған адам Метон (б. з. б. 460 жылы туған, өлген жылы белгісіз) болды.

Құдайлардың мекені деп саналған атақты Олимп тауында аңыз бойынша б. з. б. 776 жылы Геркулес батыр олимп ойындарын - олимпиадалар өткізіп отыруды шығарған. Олимпиадаға әрбір төрт жылда бүкіл Грецияның спортшылары жиналатын болған. Сексен жетінші олимпиада кезінде Афины астрономы Метонның календары жарияланған.

Астананың бас алаңына 29 және 30 жерден тесіктер шығарылған мәрмәр діңгектер орнатылған, онда айдың фазалары мен шоқжұлдыздардың суреттері салынған. Бұл - жылдағы айлар мен ай фазаларын қабыстырып отыратын схема еді. Метонның есебі бойынша 12 жыл 12 айдан, 7 жыл 13 айдан есептеледі. Соған сәйкес 125 ай 30 күннен, 110 ай 29 күннен алынады. Грек календарының негізіне алынғаи бұл ереже Метон айналымы деп аталады. Осыдан бастап 200 жыл бойы ай есебі Ай бойынша, жыл есебі Күн бойынша жүргізілетін болды. Демек, грек календары айлық-күндік, яғни аралас календарь болды.

Метон айналымының негізгі ерекшелігі мынада: әрбір өліара (немесе толық ай) 19 жыл өткенде тропиктік жылдың сол күніне келеді. Мысалы, 1958 жылғы 26 қарашада толық ай болды, 1977 жылғы 26 қарашада де толық ай болды.

Метон өзінің календарын б. з. б. 432 жылғы 27 маусымда жариялады.

Бертін келе мұндай тас діңгектерге жазылған календарьлар басқа қалаларда да орнатылды.

Метон айналымындағы күн жылы өзінің нақты мәнінен жетпіс алтыдан бір үлестей артық. Бұл дәлсіздікті, аздап болса да, б. з. б. III ғасырда өмір сүрген грек астрономы Калипп тузеді. Ол 940 айдан құралатын 76 жылдық айналым ұсынды. Калипп айналымы бойынша 441 ай 29 күннен, 499 ай 30 күннен есептелді. Бұл есептің бірінші жылы біздің заманымыздан бұрынғы 330 жылға келеді.

Ежелгі Римде астрономия айтарлықтай өріс алған жоқ. Римдіктер өз бетімен ғылыми зерттеулер жүргізбеді, аспанды бақыламады. Рим империясы құлдар еңбегіне суйенген арамтамақ мемлекет еді. Олардың календары абыздардың қолжаулығы болды.

Бұдан 2700 жыл шамасы бұрын қолданылған календарьда жыл мынадай 12 айға бөлінді:

1. Мартиус - 31 күн,

2. Априлис - 29 күн,

3. Майус - 31 күн,

4. ІОниус - 29 күн,

5.  Квантилис - 31 күн,

6. Секстилис - 29 күн,

7. Септембер - 29 күн,

8. Октобер - 31 күн,

9. Новембер - 29 күн,

10. Децембер - 29 күн,

11. Януариус - 29 күн,

12. Фебруариус - 28 күн.

Мұнда 30 күндік айлар жоқ, жыл - 355 күн. Жыл басы - мартиус. Бірінші ай соғыс құдайы деп саналған Марстың құрметіне осылай аталған («Марс» - орыс тіліне сәйкестендірілген сөз, латынша - «мартиус»). Екінші айдың аты «аперире» - жару, ашу деген сөзден шыққан. Бұл айда ағаштар бүршік жарады, жер көктеп, «қойнын ашады». Хирургияда айтылатын «операция» сөзінің тегі де осы. Үшінші ай - майус, ол көктем гүлдерінің кұдайы деп саналған әйел Майяның аты. Сұлулық пен ғашықтык құдайы - Шолпан осы Майядан туған деп түсіндірілген. Төртінші ай - юниус, жердің шұрайлы болуын билейтін әйел құдай Юнона дегеннің аты. Одан кейінгі 6 ай латынша реттік сан есімдер: квиптилис - бесінші, секстилис - алтыншы, септембер - жетінші, октобер - сегізінші, новембер - тоғызыншы, децембер - оныншы деген сөздер. Он бірінші ай - еткенді де, болашақты да билейтін, алдындағысын да, артындағысын да көріп тұратын, есіктер мен жолдарды да басқарып отыратын құдай деп саналған Янустың атымен аталған. Соңғы, он екінші ай өлім құдайы Фебруоның атымен аталған. Фебруоның айы тезірек бітіп қалсын деген ниетпен, оған 28 кун ғана берілген.

353 күндік болғанымен рим жылы ай есебіне сүйенген жыл емес. Римдіктер айды елемеген. Ол күндік жыл да емес, 29 және 31 күндерден кесіп-кесіп жасай салған сырмақ. Сондықтан Күн қозғалысына да қабыспайды. Абыздар календарьды кейініректе жыл мезгілдеріпе сәйкестендірмек болып талаптанған. Сол мақсатпен олар мерцедоний дегенді ойлап шығарған. Ежелгі Рим жылы нақты жылдан 10,25 күн кем. Бұдан үш жылда бір ай, тоғыз жылда үш ай жиналады. Осы ретсіздікті жою үшіп әрбір төрт жылда артық 45 күн қосылатын болған, сонда жылдардағы күндер былай қайталанып отырған: 355, 378, 355, 377. 22 және 23 күндік қосымшалар мерцедонийлар деп аталған, бұлар жылдың ақырғы фебруариус айына қосылған. Латынша «мерцес» - «салық төлеу» деген сөз, жылдық салық осы кезде толық төленіп бітуге тиісті болғаң. Аңыз бойынша бұл реформаны жасаушы Нума Помпилий деген патша.

Мерцедоний енгізгеннен календарь жөнделген жоқ, кайта бұрынғысынан да сорақы болып шықты. Мерцедонийды оз алдына ай етіп, жылға енгізуге болмайтын болды: рим ғұрпынша 12 - қасиетті сан, 13 - қырсықтың саны. Жылда 13 ай болмау керек. Әр айға қосып, мерцедонийды 12 айға шашып жіберсе, тура 24 күн болмағандықтан дәл 2 күннен келмейді, бір айға артық, бір айға кем тиеді. Бұл айларды «билеп отырған» құдайларды таластырып, «қырғынға ұшыратады». Айлардың біріне қоса салып (ол айды 31+22 = 53 күн деп), жылдағы 12 айдың санын сақтауға тағы реті келмеді, онда күн қосылмай қалған айлардың құдайлары әлек» салатын болды. Міне, Рим діншілдері осылай ойлайды. Ақыры абыздар тоқтамға келді: фебруариус айы 23-не дейін саналып, «бөгеле» тұратын болды, одан кейін мерцедоний қойылды. Мерцедоннйдің 22 немесе 23 күні өткен соң, одан кейінгі күндер бұрынғы тоқтап қалған фебруариустың жалғасы ретінде 24, 25, 26, 27, 28 деп саналып, аяқталатын болды. Мерцедоний ай дәрежесіне ис бола алмады, жылға тек фебруариуста ұрланып кіріп-шығатын болды. Абыздар бұл «әдістерімен» құдайларды төбелестен сақтап қалды.

Мерцедоний жылды ұзартып жіберді. 4 жылда римше орта есеппен 355 + 355 + 378 + 377=1 465 күн, бір жылда 1 465:4 = 366,25 күн болып шықты. Мұның нақты жылдан бір күні артық. Сондықтан бас абыз жылды кейде қысқартып, кейде ұзартып, өзгертіп отырды. Римді басқарушылар - консулдар жыл сайын, бір жыл мерзімге, бірінші қаңтарда сайланатын еді. Бас абыз (ол понтифекс максимус деп аталған) ұнатпаған консулды ертерек орнынан түсіру үшін жылды қысқартатын, ал өзіне жаққандарын, пара бергендерін көбірек ұстау үшін жылды өзінше ұзартатын болды. Осының салдарынан Рим календары әбден шатасты, салықтар мерзімдерінде жиналмады, дін мейрамдары тиісті уақыттарда өтпеді. Ақыры император Юлий Цезарь календарьды жөндеуге мәжбүр болды.

Рим календары бұрын Рим империясына қараған батыс европалық елдерге - Англия, Франция, Германия, Швеция, Италия, Греция, Испания тағы басқа елдерге және христиан діні арқылы Шығыс Европа халықтарына таралған.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-28 14:39:06     Қаралды-2964

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »