UF

Осы күні Вьетнамда ресми түрде григориан календары қолданылады. Мемлекеттік мекемелерде айлар қаңтар, ақпан т. с. с., жылдар 1978, 1979 т. с. с. деп жазылады. Осымен қатар, көбінесе шаруашылық салаларында ескілікті календарь да өмір сүріп келеді. Ол - ай календары, вьетнамша «әм лит» деп аталады. Бірақ Вьетнамның ай календары Вавилон календарынан өзгеше.

Вьетнам жылдары да екі түрлі - жай жыл және кібісе жыл. Жай жылдар 12 айдан, кібісе жылдар 13 айдан құралады. Айлар «бірінші ай», «екінші ай» т. с. с. деп аталады. Негізгі 12 айдың тақ нөмірлілері 29 күннен, жұп нөмірлілері 30 күннен есептеледі. Кібісе жылдары қосылатын он үшінші ай 30 күн етіп алынады, ол «тханг нюан» деп аталады. Жай жылдарда 354, кібісе жылдарда 384 күн болады. Ай календарын күн календарына қабыстырып отыру үшін, кейде 2 жай жылдан кейін, кейде 3 жай жылдан кейін қосымша ай енгізіледі. Ол мәселені бақылаушы астрономдар шешеді. Жыл басы қаңтардың аяғынан ақпанның аяғына дейінгі аралықта келетін өліара (ай орағы мүлде көрінбейтін түн) бойынша анықталады. Мұндай күндер 1976 жылы 31 қаңтарға, 1977 жылы 18 ақпанға, 1978 жылы 7 ақпанға келді. 1979 жылы 28 ақпанға келді. Бұл күн, жыл басы - жаңа жылдың бірінші күні вьетнам тіліпде «тет» деп аталады («тэт» деп те жазылады, египеттіктердің тот айына мұның ешқандай қатынасы жоқ). Сөйтіп, тет ақпан ішінде көшіп жүреді, әр жылы ар күнге келеді.

Вьетнамда жылдың бірінші маусымы - көктем. Тет әрі көктемнің, әрі жылдың басы болып есептеледі, бейбітшілікте ол зор ұлттық мейрам ретінде атап өтіледі. Дәл мағынасы бойынша вьетнам тілінде «тет» - «мейрам» деген сөз. Вьетнамдықтар 1 қаңтардағы европаша жаңа жылды мейрамдамайды. Тет, өліара өткеннен кейінгі, түнгі сағат 12-де басталады. Вьетнамда гүлдердің сан алуан түрлері өседі. Тет мейрамында вьетнамдықтар бірін-бірі құттықтап, бау-бау гүл береді. Біздегі сияқты шырша қою дәстүрі жоқ. Оның орнына вьетнамдықтар кесілмеген, жәшікте өсіп тұрған, бармақтай-бармақтай жемістері бар 3-5 жылдық шабдал ағаштарын немесе мандарин ағаштарын қояды. Бұл жаңа өсіп келе жатқан жеміс ағаштары жақсылықтың, бейбітшіліктің, бақыттың нышаны болып есептеледі.

 

ВЬЕТНАМ АЙНАЛЫМЫНЫҢ ТАБЛИЦАСЫ

 

Айналымныц 1-жылы - зап тыйы, 20 жылы - кун муи, 65-жылы - мау нго (біздің 1979 жылымызға сәйкес) т. с. с. Дәуірі — б. з. б. 2637 жыл.

 

 

Зап

Ат

Бин

Дин

Мау

Ки

Кань

Тан

Ням

Кун

тыйы

1

 

13

 

25

 

37

 

49

 

шиу

 

2

 

14

 

26

 

38

 

50

зав

51

 

3

 

15

 

27

 

39

 

мао

 

52

 

4

 

13

 

28

 

40

тхнн

41

 

53

 

5

 

17

 

29

 

тиі

 

42

 

51

 

6

 

18

 

3)

нго

31

 

43

 

55

 

7

 

19

 

муй

 

32

 

41

 

56

 

8

 

2.0

тхан

21

 

33

 

45

 

57

 

9

 

зау

 

22

 

34

 

46

 

58

 

10

туат

11

 

23

 

35

 

47

 

59

хой

 

12

 

21

 

36

 

48

 

69

 

 

Тет болатын күні кешке қарай вьетнамдықтар көшеде кетіп бара жатқан ақ сақалды қарт адамдардың (таныса да, танымаса да) соңына еріп, 200-300 метр жаяу жүрің қалуды жөн көреді, бұл жоралғы бір жағынан жасы үлкендерге көрсетілетін құрмет болса, екінші жағынан жасы кішілердің ұзақ өмір сүруіне себін тигізеді деп есептеледі. Бейбітшілік жылдары тет мейрамы үш күнге созылады. Бірінші күні семья, от басы, ата-анаға арналады. Онда енші алған балалары, немерелері, басқа қалаларда тұрып кызмет істейтін немесе оқуда жүрген балалары мен немерелері, мүмкін болғанынша, үлкен үйлеріне жиналып, ата-аналарын, туыстарып құттықтайды, мейрамды бірге қарсы алады. Екінші күні достармен, көршілермен, қызметтес жолдастармен кездесу болады, би биленіп, ән шырқалады, көшелер меп алаңдарда әр түрлі ойындар мен спорт жарыстары өтеді. Үшінші күні қалаларда коллективтік кештер, селоларда сол село адамдары жиналған кештер өткізіледі. Ханойдың орталық ауданында «Иесіне қайтарылған семсер көлі» деп аталатын әдемі айна көл бар. Астана халқының көпшілігі теттің екінші күнін сол көлдің басында өткізеді.

«Жер тармақтары» деп аталатын мүшел жылдары 12 хайуанның вьетнамша аттарымен аталады. Олар:

  1. тыйы (тышқан),         7) нго (жылқы),
  2. шиу (буйвол),           8) муй (ешкі),
  3. зан (жолбарыс),        9) тхан (мешін),
  4. мао (мысык),             10) зау (тауық),
  5. тхин (ұлу),                11) туат (ит),
  6. тиі (жылап),              12) хой (доңыз),

Демек, вьетнам айналымында сиыр орнына буйвол (бұл - сиырдың Қазақстанда кездеспейтін бір түрі, денелі, ірі келеді), қоян орнына мысық, қой орнына ешкі алынған. Вьетнам айналымының нақты құрылысы кестеде көрсетілген.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-28 14:34:44     Қаралды-2450

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »