UF

Мың тоғыз жүз қырық бесінші жылдың көктемі еді. Түнерген, тұнжыраған, былжыраған көктем емес, айдарынаи жел ескен, айбары тау солқылдатқан, маңдайыпап күн сәулесі жарқырағап көктем еді. Жауыз фашистердің сасық ойпаты болған Берлиннің тізе бүгуіне санаулы-ақ күп қалып еді. Майданнан келетін «қара Кағаздардың» сиреп, құлақ шыңылдатқап қайғылы музыканың үзіліп, қарт ата-аналардың көздерінің жасы іркіліп, беттеріне қап жүгіре бастаған көктем еді. Сарғая күткен, 1418 күнге созылған, жойқын соғыстың аяқталатын, Рейхстагқа Жеңіс туы тігілетін, дүние жүзінің бірталай халықтарың бостандық пен тәуелсіздік жолыпа түсіретін, цифрмен Қысқартып жазбай, сөзбен толық жазуға лайықты көктем еді. Совет Одағының маршалы Иван Степанович Конев қолбасшысы болған бірінші Украин майданынын әскерлері Берлинді оңтүстіктен соғып, Совет Одағының маршалы Георгий Константинович Жуков қолбасшысы болған бірінші Белорус майданының әскерлері шығыстай Соғып, гитлерлік Германияның қос өкпесі бірдей суырылый жатқан көктем еді. Бірінші Украин майданындағы генерал-полковник Д. Д. Лелюшенко басқарған үшінші танк армиясы мен генерал-полковпик II. С. Рыбалко басқарған төртінші танк армиясы, бірінші Белорус майданындағы генерал-полковник М. Е. Катуков басқарған бірінші танк армйясы мен генерал-полковник С. И. Богданов басқарған екінші Танк армиясы болат «жұдырықтармен» шықшыттан жеміріп, ертегінің жалмауызындай көрінген фашистік рейхтің миын аузына түсіріп, езуіп тіліп жатқан көктем еді. Мыңдаған самолеттер, он мыңдаған зеңбіректер минометтер, жүз мыңдаған пулеметтер мен автоматтар, фрицтерге жұмбақ болған «катюшалар» дүние жүзін жаулап алмақшы болған зұлымдардың сазайып тартқызып жатқан, солдаттап маршалға дейінгі совет батырларының ғасырлар бойы өшпейтіп ерлігіпің көктемі еді. Жеңіс көктемін көргендер жыл сайын азайыпкеледі, олар өткен күндерді толғана естеріне алады. Еске түскенде тыртық болып біткен ескі жараның орны сыздап кетеді. Ерлік көктемін көрмеген жастар оны кітаптардан оқып, кинофильмдерден көріп білулері керек. Отан намысын қорғауда ерлер ісінен үлгі алулары керек. Мәңгілік от пен Белгісіз солдаттың зиратына тәжім етіп жүрулері керек.

Айтылғалы отырған оқиға осы 1945 жылдың көктемінде, Палестина жерінде болды.

Палестинада, Иордания корольдігінің жерінде «Өлі теңіз» деп аталатын үлкеп көл бар. Көлдің батыс жағында, одан екі километр қашықтықта, ертеде қираған Құмыран қаласының жұртрі бар. Осы күні ескі жұрттың маңын көшпелі арабтар - бәдәуилер мекендейді, Олардың ауылы да Құмыран деп аталады. Құмыраннан солтүстікке қарай, 13 километр жерде, Иерихон қаласы бар.

Бір бәдәуидің Мұхаммед Әддиб есімді 15-16 жасар баласы Өлі теңіз бен Құмыранның аралығында ешкі бағып жүреді. Түстен кейін ойың бір ешкісі кем болып шығады. Бақташы бала олай жүгіреді, бұлай жүгіреді, ешкіні таба алмайды. Төңірекке тағы да бір рет көз салмақ болып, ешкіге «кебенек келуін» Тілеп, жақын жердегі адырдың шоқтығына шығады. Адырда бір үңірейіп түрғйп тесік тасты көреді. Ешкі көлеңке іздеп, осы тастый қуысына кірмеді ме екен? Жанына келіп қараса, қуыстың арғы жағы бір ауыл адам сыйып кетерлік қараңғы үңгір екен. Мұхаммед Әддиб үңгірге тас лақтырады, бірақ үңгірден ешкі шықпайды, сынғап балшық құмырадан салдыр-гүлдір еткен бір түсініксіз дыбыс шығады да, тоқталады. Ненің дыбысы екенін біле алмай, Мұхаммед Әддиб аңырып тұрады. Үңгірде аң да, құс та, жылан-шаян да болуы мүмкін емес, өйткені ол маңда бір тамшы су жоқ, шөлді жер. Баланың түсінігі бойынша, онда тек жын-шайтан ғана бола алады. Тәуекелге бел байлап, не болса да өз көзімен көрмекші болып, бала-бәдәуи үңгірге кіреді.

Бір болар-болмас саңлаудан үңгірге әлсіз жарық түседі екен. Сол бойынша үңгірдің ауыз жағып аралап, шаң басқап, ыбырсыған шөп-шаламның арасынан Мұхаммед Әддиб бес-алты үлкен балшық құмыра көреді, біреуі сынып жатыр. Әлгі салдыр-гүлдір еткен сол болуы керек, Бүтін тұрған құмыраларды таяқпен ұрып сындырып көргенде олардың біреуінде буылған зат бар екендігі байқалады. Басқа, кісі қызығарлық ешнәрсе табылмайды. Буманы сыртқа алып шығып, жарыққа қарағанда ол әр жерінде жазуы бар, тозығы жеткен қайыс болып шығады. Ешкіден күдерін үзген Мұхаммед Әддиб буманы үйіне ала қайтады, илеген қайысты шәркеге жамау қылмақшы болады.

Бақташы бала қалған ешкілерін айдап, кешке қарай ауылға келеді. Жоғалғап ешкі маңырап алдынан шығады, ол ыстыққа шыдай алмай, әбден шөлдеп, су ішуге күпдіз ауылға кетіп қалған екен. Маадайынан шыпылдап шыққан терін сүртіп, күні бойы көрген бейнетін айтыгі, Мұхаммед Әддиб үйінің босағасына отыра кетеді. Буманы тастай салады. Ол әкесіңің көзіне түседі.

- Балам-ау, оның не нәрсе? - дейді әкесі, буманың не екенін біле алмай. Үйден кеткенде баласының қолында тек таяқ қапа болатын.

- Бір сірі қайыс, анау адырдың басында бір есіз қалған үңгір бар екеи, ешкі іздеп жүріп соған тап болдым, үңгірдің ішінен алдым, шәркеге жамау қыламын, - дейді баласы.

Буманы шешіп көреді әкелі-балалы екеуі. Тозған көп, ескі былғары десе де, ескі қайыс десе де болады. Мөлшері ешкі терісіие жақын, әр жерінде жазу бар. Қандай жазу екені белгісіз. Мұсылман жазуына ұқсамайды. Оның үстіне жазу әр жерде екі-үш таңбадан, тұтас түскен бір жол да жоқ. Әкесі жазудан сескене бастады. Қөздері шүкірейіп, мұрттары тікірейіп, езулері еріксіз жыбырлап, сасқалақтауға айпалды. Жазу молданың немесе ағылшын чиновнигінің қолынан шыққан жазу емес, олар қағазға жазады және жол-жол етіп, тұтастыра жазады. Мешіттің маңынан немесе қара жолдың жиегінен табылған жазу да емес, жын-шайтанның ойпаты болған ескі үңгірдеп табылған жазу. Шайтандар әріптеріп себезелеп, солай әр жерге шашып жазады дегенді естуі бар.

- Қой балам, мерт боларсың, жалаң аяқ жүрсең де, шәркеңді онымен жамама, пері соғып кетер, болмаса аяғыңнан айырылып, мүгедек болып қаларсың, - деді әкесі біраздап соң. - Ол адырда жып-шайтан жүреді дейтін үлкендер. Баяғыда сол маңда бір кісіні пері соғып кетіпті, ол сорлы түйе бағып жүріп, перілердің жолында ұйқтап қалса керек.

- Мен үңгірдің ішіне де кіріп шықтым, жын-шайтанның дыбысы да, оты да, ізі де жоқ.

- Ой, қарағым-ай, олар саған көріне ме, мен шайтанмын деп, сенің алдыңа келіп, сәлем бере ме?

Сонымен, шәрке жамалмайтын болды. Мұхаммед Әддиб әкесімен салғыласқан жоқ. Кейін білетін біреуден сұрармыз деп, бумаңы қораның бір түкпіріне апарып қойды.

Мұхаммед Әддиб ешкілерін баға берді. Реті келгенде үңгірден табылған жазулы қайысты қаладан келген саудагерлерге, салық жинайтын чиновниктерге көрсетіп жүрді. Олар: «Әдейі осылай жазған шайтан жазуы емес, кейбір сөздері өшіп кеткен, ескі жазу, адам жазған», - деді. «Мұндай жазуларды жинап, өшкен сөздерін тауып оқитын хакимдер болады, соларға көрсету керек, олар Ежелгі Египет пен Вавилоннан қалған, тасқа, папирусқа, балшық плиткаларға жазылған жазуларды да оқып, түсіне алады», - деді байсалды бір чиновник.

Ондай хакимдерді қайдан тауып, қалай сөйлесуге болатындығын бәдәуилер түсіне алмады. Бар ұққандары: әрки дейтін, ескі қалалардың жұртын, жермен жексен болып кеткен зираттарды қазып, көр қопарып, содан алтын аяқ, куміс кесе, жез бақыраш, білезік, жүзік, гәуһар тас тағы басқа бағалы бұйымдар табатып кісілер болады, кейде оларға осы сияқты жазулар да кездеседі. «Әрки» дегендері археологтар болуы керек.

1947 жылы бір топ бәдәуи Құмыраннан 100 километрдей жердегі Вифлеем қаласыиа жәрмеңкеге барды, олардың ішінде Мұхаммед Әддибтің жақындары да болды. Бәдәуилер үңгірдентабылған жазулы қайысты ала барып, сол қаладағы Марк әулие шіркеуінің бастығы митрополит Афанасийге көрсстті. Митрополит-жоғары лауазымды, оқымысты поп, православие дініндегі бір аймақтың діншілдері соған бағынады. Афанасий бір ешкінің құнын беріп жазулы қайысты сатып алды. Бәдәуилер соған да риза болды. Митрополит бәдәуилердің қай жерден келгендігін, аты-жөндерін сұрап, жазып алып қалды. Әрине, онда тұрған ешқандай құпия жоқ. Сатылған қайыс - ұрланған зат емес.

Митрополит грекше, латынша жақсы білетін еді. Бірақ қайыстағы жазуды өзі түсіне алмады. Шақыртып алып, көрсеткен тіл мамалдары жазудың көне еврей тілінде жазылғандығын анықтады. Еврей оқымыстылары қайыстан бірнеше сөзді толық оқып, олардың діни мағынасын айтты. Бірақ жазу толық емес. Қөргендердің кейбіреулері жазулы қайысты ертеде жазылған інжілдің бір бөлігі деді, кейбіреулері - ертедегі інжілге ұқсатып жазған, осы күнгі оқулардың жазуы деді. Ерте заманның заттары сияқты етіп, бұйым жасап сататын ептілер шетелдерде көп болады.

Сонымен, митрополит Афанасий бос жүрген екі археологты, үш негрді жалдап алып, Құмыранға келді. Жазулы қайысты сатқан бәдәуилерді тауып алып, келген жұмысын айтты. Бұрыңғы сауда жөнінде дау жоқ. Енді жаңа сауда болады. Бәдәуилср жазулы қайыстың табылған жерін көрсетіп, митрополиттен үш ешкінің құнын алады. Келісім болды. Белгілі үңгірменжапсарлас тағы да бірнеше үңгір табылды. Олардан әр түрлі заттар және 600-дей жазулы терілер мен тастар шықты. Бұларды артып әкетіп, шіркеуіне апарып тәртіпке келтірді. Көне еврей тілін білетін мамандарға бір-бірлеп оқытып, жазулардың мағынасып латын тіліие аудартып алды. Сөйтті де, кұнды жазуларды жйнап салып алып, шіркеуді тастап, Америка Құрама Штаттарына тартып отырды. Заң бойынша ескі жазулар мен суреттер, археологиялық қазудан табылған бұйымдар сол жердегі мемлекеттің меншігі болып есептеледі. Демек, біліп қалса, Иордания үкіметі үңгірден табылған заттар мен жазуларды алып қояды, митрополитке пайда түспейді. Митрополит сондықтан қашып кетті.

Көне жазуларды, әсірссе ұрланған жазуларды, сату да оңай емес. Алушы табылмауы да мүмкін, полиция ұстап, тергеуі де мүмкін. Ал Құрама Штаттарда сатуға болады, онда заңды ақша билейді. Итальян музейлерінен ұрланған әйгілі суреттер, Үндістан музейлерінен ұрланған қымбат мүсіндер, Бирма мен Индонезиядан ұрланған алтын бұйымдар т. с. с. бәрі де Америкада сатыла береді. Кісі өлтіру құралдары - пистолеттер мен қанжарлар магазиндерде қасық сияқты ешбір тежеусіз сатылады. Айта берсе, онда тірі адамдар да, адамның ар-ұяты да сатылады. АҚШ-та адам тағдырын ақша шешеді. Бұл жайт митрополитке мәлім болатын.

Митрополит Афанасий Америкаға барған соң жазулы қайыстарды 250 мың долларға сатты. Оларды Израильдағы Иерусалим университеті сатып алды.

Құмырап жазуларының қандай мәні бар, оларда не айтылған? Енді осы мәселеге келейік.

Үңгірден табылған жазулар ерте заманнан қалған архив болып шықты. Мұқият зерттеп, толық ғылыми талдау жасай келгенде олардың жазылғанынан бері 2000 жылдай уақыт өткендігі анықталды. Жазулар ертедегі еврей діншілдерінен, дәлірек айтқанда Иерусалим еврейлерінен, бөлініп шыққан бір секта -ессейлер қауымынан қалған. Бұл қауым біраз уақыт осы үңгірді мекен еткен. Б. з. б. I ғасырдың орта шенінде Палестинаны Рим империясы жаулап алған. Ессейлер сол кезде қырылып қалған немесе басқа бір жаққа ауып кеткен болуы керек. Архивтері Құмыран іргесіндегі үңгірлерде қалып қойған. Жазуларда ежелгі еврейлердің діні, әдет-ғұрыптары, шаруашылығы, тұрмысы т. с. с. айтылады.

Еврейлердің діні иудаизм немесе яһуди діні деп аталады. Ол б. з. б. XI-X ғасырлар шамасында Палестинада шыққан. Христиан діні біздің заманымыздың I ғасырында Рим империясында қалыптаса бастаған. «Христиан» сөзі «Христың (яғни Христостың) жолына түскендер» деген сөз. Ислам діні біздің заманымыздың VII ғасырында Арабстанда шыққан. Яһуди дінінің көптеген жосықтары христиан және ислам діндеріне енген. Бұл діндердің уағыздары баяндалатын «қасиетті» кітаптар бар. Біз бұл жерде діндердің тарихы мен жосықтарына тоқтала алмаймыз, қажет ететін оқырмандар олар жөнінде мағлұматтарды осы жолдар авторы мен доцент К. Нұрмағамбетовтың «Атеистке көмекші» атты кітабынан («Қазақстан» баспасы, Алматы, 1970) оқып алуларына болады.

Құмыраннан табылған жазулар жөніндегі хабарларды алғаш естігенде христиан және яһуди дінбасылары куанып қалды. Бұл хабарлар бойынша, Құмыран жазулары Иисус Христостың көзі тірісінде жазылған болады, өйткені Кішкене Дионисий есебі мен шіркеу ережелері бойынша Христос біздің заманымыздың 1-жылы туған делінеді. Ол туралы Құмыран жазуларында айтылуға тиіс. Ал шіркеулерге мәлім діни кітаптар одан 1000 жыл соң жазылған. Ежелгі еврейлердің ең ерте жазылған қолжазба «қасиетті» діни кітабы біздің заманымыздың тек 916 жылы ғана жазылған, ол ғылыми әдебиетте «Кодекс Петрополитанус» деп аталады, Совет Одағында, Ленинградтағы М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада сақталып келеді. Ал «Көне өсиет» (орыс тілінде - «Ветхий завет») дейтін «қасиетті» кітаптың ең ерте жазылған толық нұсқасы Сирияның Халеб (Алеппо) қаласында сақталуда. Ол да X ғасырда жазылған. Христостың өзі жазған кітаптарды талап етпеген күнде, соның тұсында жазылған кітаптар сақталып, оларда Христостың аты аталып, істері баяндалса, жартылай сенуге болар еді. Ондайлар атымен жоқ. Христос «өлгеннен» кейін, 1000 жыл өткенде, қайдағы біреулер жазған кітаптар оның сөздерін діншілдерге дұрыс жеткізді деп сендіру өте қиын. Дінбасылар Құмыран жазуларынан Христостың аты шығады, уағыздары, кейінгі ұрпақтарға қалдырған өсиеттері табылады, сөйтіп, құдайдың барлығы, Христостың тарихта болғандығы, опың өлтірілгендігі мен қайта тіріліп келетіндігі, «қасиетті» кітаптардың дұрыстығы мен растығы толық дәлелденеді деп дәмеленіп еді. Бірақ олай болмады. Христос жөнінде бір ауыз да сөз табылмады. Ол айтып кетті деген долбарлар мендіпн жосықтар ессейлердің өздерінен 500-600 жыл бұрын (демек, Христос «туғаннан» көп бұрын) айтылып журген болып шықты.

Христостың өзі туралы ешқандай дерек болмаса, оның «жолына түскен» христиандардың сенімдері қандай болмақ? Кімге сену керек? Не істеп, нені пір тұту керек? Құр крест пен қоңырау діншілдерді шіркеу маңында ұстай ала ма?

Кардиналдар бұл сұрақтарға жауап таба алмады. Бар ойлап тапқандары Құмыран жазуларын оқуға және оларды сөз етуге тыйым салу болды. Рим папасы Пий XII «қасиетті христиан дінін қаңғырған еврей сектасының шатпағымен шатастырмау туралы» бұйрық берді.

Құмыран жазуларында ессейлер қолданған уақыт есебі - календарь бар. Ол Иерусалим еврейлері қолданған календарьдан өзгеше. Ессейлерше жыл 4 ширекке, әр ширек 3 айға бөлінген. Әрбір ширекте 91 күн, 13 апта болған. Ширектің бірінші және екінші айлары 30 күннен, үшінші айы 31 күн болып есептелген. Бұл календарь алдыңғы тақырыпта айтылған дүние жүзілік календарьдың екінші жобасына - Гюстав Армелин жобасына өте жақын. Алайда айырмашылықтары да бар. Ессейлер ширектің үшінші айып 31 күн  алған, ал Г. Армелинде 31 күндік ай - ширектің бірінші айы. Г. Армелии 4 ширектен құралатын 364 күнге жай жылдары 1 күн, кібісе жылдары 2 күн есептеп тыс қосып, оларды жалпы халықтық мейрам етіп отыруды ұсынған болатын. Ал ессейлер мұны өз ережелері бойынша шығарып отырған. Олар әрбір 49-жылды 14 айлық жыл етіп алған. 48 жылда 36 жай жыл және 12 көбісе жыл болады. Сонда, кем қалатын күндер саны 12X2 + 36 = 60 күн, яғни 2 ай болады. Бұл 2 ай 49-жылға қосылып отырған. Ессейлердің 49 санын неліктен алғандығын түсіну оңай: 49 = 7X7. Сонымен қатар 14 = 7X2. Ал 7 саны ертеде «қасиетті сан» болып есептелген.

Ессейлердің календары Ежелгі Египетте қолданылған күн календарына өте жақын, онда Айдың қозғалысы есепке мүлде алынбайды. Б. з. б. X ғасырда Египет патшасы Шешопкі I Палестинаны жаулап алып, мыңдаған еврейлерді тұтқындап, Египетке айдап апарған болатын. Еврейлердің бір бөлігі сол кезде Египет календарын қабылдауы мүмкін. Қалай болса да, өз заманы үшін ессейлердің қалендары қанағаттанарлық дәрежеде.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-22 12:34:31     Қаралды-1796

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »