Астрономияның толық курстарында жылдардың бес түрі қарастырылады. Олардың ішінде календарьға тығыз байланыстысы - тропиктік жыл. Тропиктік жыл дегеніміз - Күн центрінің күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен өтіп, соған екінші рет келгенше өтетін уақыт аралығы. Ол жуық түрде 365,24 орташа тәулік немесе 365 орташа тәулік 5 сағат 48 минут (дәлірек алғанда 365,2421999376 орташа тәулік немесе 365 орташа тәулік 5 сағат 48 минут 46,045 секунд) болады.
Тәуліктердің, айлардың және жылдардың ұзақтығын анықтау оңай болған жоқ. Адам баласы бұл мәселені шешу жолында мыңдаған жылдар өмір өткізді.
Жоғарыда уақытты өлшеу үшін тәулік, ай және жыл алынатыны айтылды. Бұл үшеуінің бірін негізгі өлшем етіп алып, қалған екеуін сол арқылы анықтау жөн болар еді. Бірақ бұлай етуге мүмкіндік жоқ. Тәулік жыл мен айға бөлінбейді, ал ай мен жыл тәулікке бөлгенде бүтін рет болып шықпайды. Жыл, ай және тәулік үшеуі бірден бүтін рет бөлінетін кішірек, басқа өлшемнің де болмайтындығы дәлелденген. Математика тілінде мұндай шамаларды ортақ өлшемі жоқ шамалар дейді. Демек, жыл дәл 12 ай емес, ай дәл 30 күн емес. Соның салдарынан уақыт есебін жүргізуде көптеген қиыншылықтар туады. Бөлшек үлестерді шығарып таетан, тек бүтін сандарды алатын болсақ (мысалы, тропиктік жылдағы 365, 24 тәулік орнына 365 тәулік деп), календарымыз табиғат құбылыстарынан алшақ кетеді, аспан денелерінің қозғалыстарыиа байланыссыз болып қалады. Халықтың пайдалануына қолайлы болу үшін және уақыт есебі аспан денелерінің қозғалыстарына сәйкес келу үшіп календарьлық ай мен жыл алынады, олардың ұзақтығы әр кезде әр түрлі болады. Айлардың 28, 29, 30, 31 күннен, жылдардың 365 немесе 366 күннен есептелетіні осыдан.
Сонымен календарьда орташа күндік тәулік, календарьлық ай меп жыл қолданылады, Жоғарыда келтірілген тәуліктердің, айлардың, жылдардың басқа түрлерін осыларды тсксеріп, түзеп отыру үшіи пайдаланады. Астрономдар нақты тәулік, түйіндік ай, тропиктік жыл т. с. с. пайдаланып, халыққа түсінікті, әрі тиянақты болатыи календарь жасайды.
Тропиктік жылдың басы - 22 наурыз, календарьлық жылдың басы - 1 қаңтар. Синодтық айдың басы - өліара, календарьлық айдың басы - әр айдың бірінші күні. Астрономиялық тәуліктің басы - күндізгі сағат 12, түс кезі, календарьлық тәуліктің басы - әр халықта әр түрлі: күн шыға, күн бата, түн ортасы. Совет Одағында календарьлық тәуліктің басы - түнгі сағат 12. Сондықтан да совет халқы 31 желтоқсанда түнгі сағат 12-ден ете жаңа жылды қарсы алады.
1977 жылы жер шары өз осінен, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, сәл шапшаңырақ айналды. Соның салдарынан 1977 жыл, аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген астрономиялық уақыт бойынша, әдеттегі ұзақтығына жетпей, сәл ертерек аяқталды. Ал дәл сол кезде, аспан құбылыстарына тәуелсіз, уақыт ағымын біркелкі көрсетіп отыратын атомдық сағаттар бойынша 1977 жыл аяқталу үшін тағы да бір секунд уақыт өтуі керек болды. Сөйтіп, бұл екі түрлі уақыттың жылдық айырмашылығы бір секундқа жетті. Алшақтық дереу түзетілді: Москва түбінде орналасқан Менделеево поселкесінде, Бүкіл одақтық физика-техникалық және радиотехникалык, өлшеулер ғылыми-зерттеу институтының кезекші операторлары 1978 жылы 1 желтоқсанға қараған түнде, 00 сағатта, уақыт пен жиілік галонының көрсеткішіне бір секунд қосып жазды.
Бір уақытты Жердің әр түрлі меридиандарында тұрған сағаттар әр түрлі көрсетеді. Ол түсінікті де: Жер шары айналып тұратындықтан, бір жерде түс болғанда екінші бір жерлерде күп бағып бара жатады, ал үшінші бір жерлерде таң біліне бастайды. Бұдан жергілікті, поястық (белдеулік) және дүние жүзілік уақыт ұғымы туады.
Жергілікті уақыт - әр қаланың, ауылдың ғеографиялық орнына сәйкес уақыт. Мысалы, Алматы уақыты, Шымкент уақыты, Семей уақыты т. с. с. Алайда практикада әр елді мекеннің жергілікті уақыты қолданыла бермейді. Бұл дұрыс та. Егер әр мекен өз уақыты бойынша қызмет істесе, әр ауылдың, ауылдық уақыты әр түрлі болар еді, ал аудан мен облыс орталығы олардан да өзгеше уақытқа қарар еді. Соның салдарынан алуан түрлі уақыт есебі туып, халық шаруашылығын ұйымдастыру және басқару қиындар еді.
Бүкіл жер шары 24 меридиан арқылы 24 сағаттық поясқа бөлінген (өйткені Жер өз осін 24 сағатта айналып шығады). Әр поястың екі шетіндегі меридиандардың аралығы географиялық бойлық бойынша 15 градус. Поястар Жер полюстерінде түйіседі де, экваторға қарай кеңи береді. Бір поястың ішіндегі елді мекендер уақытты бірдей есептейді. Сағаттық поястар № 0, 2, 3, ..., 23 деп белгіленеді. Англия мен Франция нолінші поясқа, ГДР мен Италия бірінші поясқа жатады. СССР жерінде, екіншіден он екіншіге дейін, он бір пояс бар. Москва мен Санкт-Петербург екінші пояста, Алматы мен Целиноград бесінші пояста. Бір облыстағы аудандардың уақытын бір жүйеге келтіру мақсатымен, поястардың шекаралары меридиан сызықтары бойынша дәл алыпбайды, одан аздап ілгерілі-кейінді ауытқыған түрде алынады.
Сағаттық поястар Совет елінде 1919 жылдың 1 шілденен бастап қолданылып келеді.
Англиядағы Гринвич обсерваториясының (нолінші пояста) көрсететін уақыты дүние жүзілік уақыт деп аталады.
Әрбір күн, шартты түрде, бойлығы 180 градус болатын меридианда басталады деп есептеледі. Бұл меридиан датаның өзгеру сызығы деп аталады. Дата өзгеру сызығының батыс жағында шығыс жағындағыдай бір күн артық саналады (шығыс жағында бұрыңғы тәулік әлі аяқталмаған, батыс жағында жаңа тәулік басталған). Мәселен, кеме 20 сәуір күні дата өзгеру сызығынан шығыстан батысқа қарай өтсе, өткеннен кейін 21 сәуір болады, ал батыстан шығысқа қарай өтсе, 19 сәуір болады.
Совет Одағының сағаттары СССР Халық Комиссарлары Советінің 1930 жылғы 16 маусымдағы декреті бойынша бір сағат алға қойылған. Бұл сағаттардың көрсететін уақыты декреттік уақыт деп аталады. Мысалы, Алматыда сағат кешкі 6 болса, оның поястық уақыты - сағат 5, Совет халқының бәрі де қазір декреттік уақыт бойынша қызмет істейді. Радиодан берілетін уақыт та осы декреттік уақыт.
Москва уақыты дегеніміз - Москва қаласының декреттік уақыты, яғни екінші поястың уақытынан бір сағат артық есептелетін уақыт, ол дүние жүзілік уақыттан 3 сағат алда. Лондон мен Парижде сағат 7 болғанда, Москвада 10 болады. Украинаның, Белоруссияның, Молдавияның, Балтық жағалауындағы республикалардың және РСФСР-дің солтүстік-батыс облыстарының уақыты Москва уақытымен бірдей, бұлар негізінен алғанда екінші пояста орналасқан. Сонымен қатар, тарихи дәстүр бойынша, Татарстанда, Горький облысында, Краснодар және Ставрополь өлкелерінде де Москва уақыты қолданылады (бұлар үшінші пояста орналасқан). Совет Одағында поездардың, кемелердің, самолеттердің қозғалыс графиктерінде және телеграммаларда Москва уақыты көрсетіледі.
Алматы уақыты - Алматы қаласының декреттік уақыты, яғни бесінші поястың уақытынан бір сағат артық есептелетін уақыт. Ол Москва уақытынан 3 сағат, дүние жүзілік уақыттан 6 сағат алда. Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Шыңғыс Қазақстан, Семей, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының уақыттары Алматы уақытымен бірдей, ал Орал, Ақтау, Манғышлақ, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарының уакыттары Алматы уақытынан 1 сағат кейін.
Декреттік уақыт кәсіпорындарда жұмысты ертерек бастап, ертерек аяқтау үшін, демек, кешкі сағаттарда жарықты аз жағып, электр энергиясын үнемдеу үшін қабылданған. Жаңа жыл мейрамын декреттік уақыт бойынша түнгі 12-де бастаймыз (бұл поястық уақытпен 11). Ал поястық уақытпен 12-де бастасақ, түнгі сағат 1-ге дейін (декреттік уақыт бойынша) күтіп отыру керек. Осы бір сағаттың өзінде миллиондаған киловатт-сағат энергия жұмсалады. Мәселен, бір Санкт-Петербург қаласында сағат сайын 150 мың киловатт-сағат энергия жұмсалады, бұл 6000 сом деген сөз. Осының арқасында жыл сайын елімізде жүздеген миллион сом қаражат үнемделеді.
Практикада уақыт өлшемдерін ірілеп немесе ұсақтап пайдалануға тура келеді. Осыдан уақыттың төмендегі туынды өлшемдері шығады: ғасыр - 100 календарьлық жыл, жұма немесе апта - 7 орташа күндік тәулік, сағат - орташа күндік тәуліктің 24-тен бір үлесі. Сағаттың 60-тан бір үлесі - минут, минуттың 60-тан бір үлесі - секунд, секундтың 60-тан бір үлесі - терция, терцияның 60-тан бір үлесі - кварт, кварттың 60-тан бір үлесі - квинт. Латын тілінде «минута» - «бөлгенде шыққан үлес» деген мағына береді. «Секунд» - «екінші ретте», «терция» - «үшінші ретте», «кварт» - «төртінші ретте», «квинт» - «бесінші ретте» (әрдайым 60-қа бөлгенде) шығатын үлестер.
Ерте замандарда Азия халықтарының бірсыпырасы, солардың ішінде түркі тілдес халықтар да, уақытты 12 жылдық айналым бойынша есептеген. 12 жыл - 1 мүшел болып есептелген. Американың ежелгі халықтарының бірі - майялар уақыттың 20 жылдық айналымын қолданған. Олар 20 жыл уақытты катун деп, 20 катун (400 жыл) уақытты бактун деп атаған.
Халық шаруашылығы есептерінде бесжылдықтар (5 календарьлық жыл) мен календарьлық жылдың ширектері - тоқсандар (кварталдар) қолданылады.
Орташа күндік тәулікте 24 сағат болатындықтан, 24X60=1440мин.= 1440x60 = 86 400 секунд болады. Сондықтан соңғы кезге дейін секунд дегеніміз орташа күндік тәуліктің 86 400-ден бір үлесі делініп келді. Соңғы кезде ғалымдар, тәуліктің тұрақсыздығын еске алып, бұл анықтамадан бас тартты. Өлшеуіштер мен таразылар жөнінде Парижде болып өткен IX халықаралық конференция метр мен секундтық жаңа анықтамасын қабылдады. Оның 1960 жылғы 14 қазандағы қаулысында секунд былай анықталған:
«Секунд - 1900 = тропиктік жыл ұзақтығының 1 : 31556925,9747 үлесі». Бұл анықтама бойынша секунд бұрынғыдай тәулікпен байланыспайды, тропиктік жылмен айланысады. Кез келген тропиктік жыл емес, тек 1900 = тропиктік жыл алынады, өйткені тропиктік жыл да тұрақты шама емес, ол бір ғасырда 0,53 секундтай кеміп, қысқарып отырады.
Секундтың жаңа анықтамасы календарьға елеулі өзгеріс енгізбейді, өйткені секундтың атауы бұрынғыша қалады, тек шамасы дәлірек алынатын болады.
Ғылымдардың өздеріне тән атаулары болады. Кейбір таулар бірнеше халықтың тілінде кездеседі. Оның әр түрлі ебептері бар: халықтардың этникалық жақындығы, қоныстарының көршілес болуы, ұзақ уақыт қарым-қатынас жасауы т. с. с. Бұған ғылыми кітаптардың ертеде қай тілдерде жазылғандығының да қатынасы бар. Мәселен, Европа ғалымдарының еңбектері ғасырлар бойы латын тілінде жайылып келген. Итальян Галилей, француз Декарт, неміс еплер, ағылшын Ньютон т. б. шығармаларын латын тілінде жазған. Сол сияқты, орта ғасырларда Шығыс ғалымдарының бірсыпырасы еңбектерін араб тілінде жазып жариялаған. Орта Азия мен Казақстан ғалымдары - Хорезми, Меруәзи, Ферғани, Жауһари, Фараби, Бируни т. б. Көбінесе араб тілінде жазған. Бірақ шығармаларының жазылған тілі автордың ұлтын анықтай алмайды. Өз тұсында алатын тілі мен араб тілі ғылыми мәселелерде халықаралық тідер ролін атқарған. Бұл тілдердегі ғылыми атаулар - терминдер көптеген елдерге жайылған. Араб тіліндегі терминің латын тіліне, латын тіліндегі терминнің араб тіліне ауысқан мысалдары да аз емес.
Қазақ тіліндегі астрономия мен календарьға байланысты терминдерді төрт топқа бөлуге болады: 1) қазақ тіліндегі немесе көне түркі тіліндегі атаулардан жасалған терминдер, 2) араб тілінен енген терминдер, 3) тікелей грек, латын тілдерінен немесе орыс тілі арқылы сол тілдерден енген терминдер, 4) басқа халықтардың тілдерінен енген бірен-саран терминдер.
Бірінші топқа «Күн», «Ай», «жұлдыз», «көк», «мезгіл», «күн», «түн», «ай», «жыл», «Үркер», «Жетіқарақшы», «Темірқазық» т. с. с. терминдер жатады. Бұлар - ертеден келе жатқан атаулар, көпшілігі белгілі көне түрку жазуларында кездеседі. Аздаған жергілікті ерекшеліктерін есепке алмасақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ, ноғай, азербайжан, татар, башқұрт, ұйғыр, тува т. б. түркі тілдес халықтарға ортақ болып келеді. Жылды монғолдар «жил» дейді.
Норвегия ғалымы академик Тур Хейердалдың есімі ғылыми жұртшылыққа кеңінен мәлім. Ол мұхиттарда саяхаттар жасап, әр түрлі халықтардың мәдени тарихын, кейінгілерге қалдырған ескерткіштерін зерттеп келеді. Хейердалдың баяндауынша Полинезияның (Ұлы мұхиттың орта тұсындағы көптеген аралдардың) ертедегі, жойылып кеткен халықтары құрылықтардың қайсысынан шыққаны белгісіз, әйтеуір қытайлықтар мен жапондықтар емес. Ол халықтар жыл басын Үркердің шілдеден кейін көрінуінен есептеген, календарьларын Үркерге негіздеген. Осы халықтардың мәдениеті мен календары бертінгі полинезиялықтарға және Американың ежелгі халықтары - ацтектерге, майяларға, инкилерге ауысқан. Айтылып отырған белгісіз, тұқымы құрып кеткен халықтар Қүннің көзін «көн» деген. Бұл мағлұматтар оқырмандарға ой салуы мүмкін: ежелгі полинезиялықтар ғундармен немесе ежелгі түркілермен аталас Сибирь халықтары болмады ма екен? Ғундар мен ежелгі түркілер «Күн» деген, үркер календары оларда да болған. Көптеген ғалымдар Американың ежелгі халықтарын ертеде Беринг бұғазынан өтіп, Аляскаға барған Шығыс Сибирь халықтарының жұрағаттары деп есептейді. Жапониядағы айын халқы - Шығыс Сибирьден барған халық, олардын тегі жапондардан мүлде бөлек. Финдер мен венгрлер ерте кезде Сибирь мен Орал тауының аралығын мекендеген. Ежелгі полинезиялықтар Ұлы мұхиттын, аралдарына қайдан және қашан барған? Бұл мәселелер болашақ этнографтардың, лиигвистердің және тарихшылардың үлесіне қалуға тиіс.
«Уақыт», «ғасыр», «заман», «сағат», «Сүмбіле», зодиак шоқжұлдыздарының ескіше атаулары т. б. араб тілінен еніп, азын-аулақ өзгерістерге ұшырап (мысалы, арабша: «уақт», «ғасыр» т. с. с.) қазақ сөздері болып кеткен. Бұлар терминдердің екінші тобына жатады.
«Астрономия» атауы «астрон» және «номос» деген грек сөздерінен шыққан, біріншісінің мағынасы - «жұлдыз», екіншісінің мағынасы - «заңдылық». Ертеде бұл ғылым «жұлдыз ғылымы» болып есептелген. «Гелиос» (мағынасы - «Күн») пен «гео» (мағынасы - «Жер») да грек сөздері. Қазіргі ай аттары (қаңтар, ақпан, наурыз т. с. с.), «календарь», «орбита», «меридиан», «космодром» т. с. с. атаулар латын тілінен енген. Бұл үшінші топтағы терминдердің саны өте көп және олар көптеген халықтардың тілдерінде қолданылады.
Төртінші топқа вавилон, парсы, үнді, орыс т. б. тілдерінен ауысқан бірен-саран терминдерді жатқызуға болады. Мысалы: «тамыз» - вавилонша «томмуз», «наурыз» - парсыша «ноуруз» «маусым» - үндіше «маусун», сонымен қатар орыс тілінен енген «елка», «пояс», «спутник» т с. с. бар.
Біз астрономия мен календарьдың қазақ тілінде қалыптасқан жүздеген терминдерін саралап шыққанымызда, қытай тілінен (хань тілінен) ауысқан бірде-бір терминді ұшырата алмадық.
Жарияланған-2019-05-21 14:34:22 Қаралды-2060
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина