UF

Қай халықтын болса да шаруашылығы мен мәдениеті, тарихы, сол тарихындағы ұлы өзгерістері уақыттан тыс бола алмайды.

Материя мәңгі өзгерісте, қозғалыста, бір күйден екінші күйғе ауысып отырады. Бұл қозғалыс пен өзгеріс кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістік пен уақыт - материя болуының негізгі формалары. «Кеңістіктен тыс болмыс бар деу қандай зор мағынасыздық болса, уақыттан тыс болмыс бар деу де сондай зор мағынасыздық болып табылады» (Ф. Энгельс. Анти-Дюринг, Қазақ мемлекет баспасы, 1957 жыл, 54-бет).

Дүниені түсіну үшін материяны білу керек, ал материяны білу үшін, оның екі формасын - кеңістік пен уакытты - зерттеп, солардың қасиеттерін, өздеріне тән ерекшеліктерін білу қажет.

Уақыт ағымының қайтымсыз сипаты бар, ол өткен шақтан келер шаққа қарай, бір-ақ бағытта өтеді. Олай болса, оның өлшемі біреу ғана. Сондықтан уақыттың бұрын өткен бөлігі қайта оралып, екінші рет келмейді.

Таулар мен теңіздердің пайда болуы, химиялық реакциялар мен биологиялық процестердің өтуі сияқты өзгерістер ғана емес, адамзат дамуы да уақытқа байланысты.

Табиғат құбылыстарымен қатар қоғам өмірінде кездесетін өзгерістер де белгілі бір уақыт ішінде болады, тарихта азды-көпті із қалдырады. Бір кезде Египеттің (Мысырдың)пергауын патшалары зәулім пирамидалар салдырғанда он мыңдаған құлдарды тас жаншып өлтіргең. Өз тұсында Ассирия патшасы қанішер Ашшурбанипал адам терісінен қайыс илетқең. Ежелгі Персияның жыртқыштары -Кир мен Дарий, гректерден шыққан Ескендір Зұлқарнайын - «қос мүйізді» Александр Македонский, Азияның қорқаулары - Шыңғысхан мен Ақсақ Темір жер жүзін қан сасытқан. Адамзатқа жасалған зұлымдықтың бірін өзіміз де көрдік: Гитлер мен Майденек дегенде бұрын құлақ естіп, көз көрмеген айуандықтар есімізге түседі. Осылардың бәрінің куәсы - уақыт.

Уақыт тек бақытсыздықты ғана тіркеп, тізіп отырмайды, ол халықтардың ерлік істерін, бостандық жолында бастарынан кешірген ұлы шайқастарын, ғылым мен техниканың тамаша табыстарын да өз шежіресіне кіргізеді. Адамзат данышпаны Владимир Ильич Лениннің мәңгі өшпес жарқын өмірі, Россия халықтарын помещиктер мен капиталистердің тепкісінен құтқарып, құлдық бұғауын үзген, жер шарының алтыдан бір бөлігінде жұмысшылар мен шаруалардың өз өкіметін орнатып, дүние жүзі еңбекшілеріне бақыт жолын көрсеткен Ұлы Октябрь социалистік революциясының даңқты күндері, балғалары жер солқылдата соғылған советтік бесжылдықтар, еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігін ерлікпен қорғап, неміс-фашист басқыншыларының күлін көкке ұшырған, одан әрі Европа мен Азияның бірталай халықтарын империализмнің қанды шеңгелінен босатып, туысқан социалистік елдер семьясының іргесін қалаған совет халқының Ұлы Отан соғысындағы отты жылдары, тың даланың төңкеріліп түскен соны құйқасы мен миллиардтап өндірілген алтын дәндер Уақыт кітабына алтын әріптермен жазылды. Қазақ жерінің кіндігі - Байқоңырдан ұшып, космос кеңістігін зерттейтін жасанды спутниктер, алуан түрлі ракеталар, тізімі Юрий Алексеевич Гагариннен басталатын ержүрек космонавтарды алып ұшқан корабльдер де уақыт шежіресінен өз орындарын алды.

Жаңа уақыттың- ескі дүниені жаңартатын уақыттың - келіп жеткендігін атақты «Аврора» крейсерінің тарихи зеңбіректері мен жұмысшылар ұстаған қызыл тулардағы «Вся власть Советам!» деген жазулар хабарлаған болатын. Бұл хабар дүниені дүр сілкіндірді. Қарғыс таңбасы басылғандай азап шеккен, ашыққан және ашынған миллиондардың көзіп ашып, санасын оятты, отаршылық пен нәсілшілдікке қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарын тудырды.

Орыс халқында «уақыт - алтын» деген мәтел бар. Бұл мәтел тек совет дәуірінде ғана іске асып отыр. Әрбір совет азаматы, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін, уақытты қатты қадірлейді, оны орынды жұмсап, мүмкіндігінше толық пайдаланады. Ұйқысынан оянған бақытты бөбектер тиісті сағатында балалар бақшасына, ал оқушылар мектебіне барады. Жүздеген ат күшін моторына жинаған жойқын тракторлар күн сайын ондаған гектар жерлердің қыртысын аударып, Отан дастарқанының молшылығын қамтамасыз етеді. Жер астын кеулеген болат өңештер газ бен мұнайды тиісті уақытында мыңдаған километр қашықтыққа жеткізеді, миллиондаған киловатт қуаты бар электр станциялары миллиардтаған киловатт-сағат энергия өндіреді, алып заводтар меп фабрикалар Совет Одағының күш-қуатын сағат сайын арттыра түседі.

Еліміздің ұлан-байтақ территориясында, тіпті бұрын тұлпардың тұяғы, сұңқардың қанаты күйеді деп саналғаи жерлерде де, поездар ерсілі-қарсылы ағылып жатады. Мыңдаған вагондар мен он мыңдаған жолаушылар бір графикке, бір уақытқа - Москва уақытына бағынады. Сәскеде Европадан шығып, түсте Азияға тоқтап, кешке Австралияға барып қонатын «Ту-144», «Ил-62» самолеттері де осы уақытқа қарайды.

Олай болса, уақыт ел өмірінің аса маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Сондықтан халық шаруашылығын ілгері бастыру үшін, өндіргіш күштерді тезірек өркендету үшін уақыттың әрбір минутын есепке алып, оны ұқыпты пайдалану керек. «Бүкіл экономия, сайып келгенде, уақытты үнемдеуге әксліп соғады» (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Архивы, 4-том, 119-бет).

Өмір мен өлім айқасқан соғыс майдандарында уақыттың қадірі жайшылықтағыдан да арта түседі. «Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді»,- деп ұлы қолбасшы А. В. Суворов айтқандай, уақыт - тарихтың негізгі арқауы. Ал уақьггтың кілті - календарь. Сондықтан әрбір мәдениетті адам, әсіресе совет жастары жүздеген халықтардың даналығын бойына сіңірген, мыңдаған жылдық шежіресі бар, әрі өткен өміріміздің белгісі, әрі алдағы жолымызды пұсқаушы календарьды білуі керек. Қазір туған бала алдымен ЗАГС кітабына жазылады, туу туралы куәлік - дүниеге келген адамның тұңғыш документі болып табылады. Бұл тізімдерде адамның туған жылы тіпті цифрмен де жазылмайды, сөзбен толық жазылады. Семья құрған адамдардың некелері де осы тәртіппен жазылады. Бұл мемлекеттік маңызы бар тізімдерді жасау мекемелерінде мыңдаған адамдар қызмет істейді. Тиісті документтерде азаматтардың белгілі бір оқу курсын бітірген, қызметке алынған, қызметтен босатылған, ерлік көрсеткен, наградталған, депутат болып сайланған т. с. с. уақыттары көрсетіледі. Жиналыстар мен съездердің протоколдарында да уақыт көрсетіледі. Екі мемлекеттің келісімінде уақыт екі түрлі календарь бойынша көрсетілуі де мүмкін. Әрбір адамның өмір жолы сайып келгенде, календарьдың екі датасымен анықталады, мысалы, «Л.Н.Толстой (1828-1910)» деген жазу ұлы жазушының 1828 жылы туып, 1910 жылы қай гыс болғандығын білдіреді. Бұл мағлұматтардан календарьдың өмірмен біте қайнасып жатқанын көреміз.

Календарь - халықтардың ғасырлар бойы жасаған алтын қазыналарының бірі, атадан балаға қалып келе жатқан асыл мұрасы. Оны жақсарту, ғылыми негізге келтіру жолында дүние жүзілік ғылым мен ой-пікірдің Гиппарх пен Птолемей, Бируни мен Хайям, Лаплас пен Гуасс сияқты аса дарынды қайраткерлері еңбек еткен.

Россияның ғасырлар бойы қолданылып келген ескілікті календарын Петр I біраз жөндегі кетті. Ол арнайы указ шығарып, «дүние жаралғаннан саналатын 7208 жыл» делінген уақытты «Христос туғаннан саналатын 1699 жыл» деп есептейтін, жылдың басын бұрынғыдай 1 қыркүйектен есептемей, 1 қаңтардан есептейтін етті. Осыған байланысты, сол кездегі европалық календарь бойынша 1700 жылдың 1 январында жаңа жыл мейрамы атап өтілді. Сөйтіп, Петр I Россия календарын юлиан календарына сәйкестендірді.

XX ғасырдың басында Россия календары Англия, Франция, Германия, Италия, Швеция т. б. елдер қолданған григориан календарынан (оның юлиан календарынан айырмашылығы ілгеріде айтылады) 13 күн кейін қалды. Мысалы, Батыс Европаша май айының сегізі сол кездегі Россия календары бойынша сәуірдің жиырма бесі болды. Патша үкіметі бұл алшақтыққа мән бермеді, календарьды түзетпеді. Осының салдарынан Россияның шетелдермен дипломатиялық қатынастарында, халықаралық конференцияларда және сауда келісімдерінде елеулі қиыншылықтар туды.

Россия календарып тек Совет үкіметі ғана түзетті. Революцияның алғашқы айында-ақ, ескіше 1917 жылы 16 қарашада, РСФСР Халық Қомиссарлары Советі календарь реформасын дайындайтын комиссия құрды. Халық Қомиссарлары Советі комиссия дайындаған жоба негізінде ескіше 1918 жылы 24 қаңтарда «Россия республикасында батыс европалық календарьды қолдану туралы декрет» қабылдады, оған В. И. Ленин қол қойды. Декрет бойынша 1918 жылы, ескіше 31 қаңтардан кейін келетін келесі күн 1 ақпан делінбей, 14 ақпан болып есептелді. Одан әрі 15 ақпан, 16 ақпан т. с. с. болып есептелді. «Правда» газетінің 1918 жылы шыққан сандарын қарасаңыз, ақпанның алғашқы 13 күнінде шыққан сандарын таба алмайсыз. Іс жүзінде газет үзіліссіз шығып тұрған, бірақ календарь есебі айтылын отырған 13 күнді аттап өткен.

Революцияны тұншықтырмақ болып, сырттан шетелдік интервенттер, іштен ақ гвардияшылар шабуыл жасап жатқанда, жас Совет үкіметінің бұл мәселеге соншалық көңіл болуі календарьдың ел өмірінде зор роль атқаратындығын корсетеді.

Совет үкіметі календарь мәселесіне бертінде де оралып отырды, 1929-1940 жылдар аралығында уақыт есебіне тағы да үш рет түзету енгізілді.

Қалендарь жөніндегі мәселе - жеке адамдардың өміріне, мемлекеттердің ішкі істеріне байланысты ғана мәселе емес, халықаралық маңызы бар үлкен мәселе. Сондықтан да дүнне жүзілік конференцияларда календарь туралы мәселе 55 жыл бойы талқыланып, көптеген айтыстар тудырып, әлі күнге дейін дұрыс шешімін таппай келеді. 1923 жылы Женевада Ұлттар лигасының жанынан Дүние жүзілік калепдарь реформасының комитеті кұрылған болатын. Қейін, Ұлттар лигасы тарап кеткенде, бұл комитеттін дайындаған материалдары Біріккен Ұлттар Ұйымынын Экономикалық және әлеуметтік советіне берілген. 1953 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Үндістан үкіметінің талап етуі бойынша, календарь туралы мәселе қарап, бұрын тапсырылған және болуға мүмкін жобаларды талқылауды, қорытындылар мен ұсыныстар жасауды өзінің Экономикалық және Әлеуметтік советіне жүктеген. 1954 жылы бұл совет дүние жүзілік календарьдың бір жобасын мақұлдап, оны бекіту үшін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясына ұсынған. Бірақ кейбір елдердің (олардың ішінде Америка Құрама Штаттары да бар) жаңалықты жақтырмайтын үкіметтері, «діншілдердің түсініктеріне сәйкес келмейді» деген желеумен, ұсынылған календарьдың қабылдануына бөгет жасады. Сондықтан қаралған мәселе шешімсіз қалды.

Қалендарь жеке адамдарға да, мемлекеттерге де қажет, ол бүкіл адамзатқа да қажет. Жақсы календарь табиғат құбылыстарына сәйкес, ғылым табыстары негізінде жасалады. Табиғат үнемі өзгерісте болып, ғылым үздіксіз дамып отыратындықтан, мүлтіксіз дәл және мәңгілік календарь жасауға болмайды, ол мүмкін емес. Сондықтан календарьлар анда-санда түзетіліп, кемелдендіріліп отырады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-21 14:28:43     Қаралды-2038

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »