UF

Кіріспе

 

Асыл тұқымды мал өсіру зауыттарында, шаруашылықтарда ірі қара малының тұқымдық қасиеті және шаруашылық қажеттілігін бағалау үшін жыл сайын бұқаларды, сиырларды және төлдерді шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша бағалаудан (бонитировкадан) өткізеді.

Сүтті және сүтті-етті шаруашылықтарда бұқаларды, сиырларды және жас малды жыл бойы бонитировкаласа, ал етті сиыр шаруашылықтарда малдарды тамыз айының орта шенінен қазаннан аяғына дейін бонитировкалайды.

Сүтті және сүтті-етті ірі қара малы ауыл шаруашылық министрлігінің 2000 жылғы арнаулы нұсқауы бойынша бонитировкаласа, етті ірі қара малдарын осы министрліктің 1999 жылғы нұсқауы бойынша бонитировкалайды.

Асыл тұқымды мал өсіру зауыттарында және басқа шаруашылықтарда бонитировкалауды зоотехник-селекционерлер өткізсе, асылтұқымды мал фермаларында бонитировканы зоотехниктер, т.б. мал мамандары өткізеді. Кейбір шаруашылықтарда бонитировканы өткізуге мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіру станциясының мамандары немесе осы асыл тұқымды малды жақсы білетін, олармен ғылыми жұмыс жүргізетін ғылыми қызметкерлердің көмектесуі арқылы өтеді.

Малға сынау қорытындысына берген балл, міндетті түрде сырт пішіндегі кемшіліктерді көрсетілген анықтау мен толықтырылады. Малдың сырт пішіні мен дене бітімі сүтті бағыттағы тұқым малының типіне тән болуы тиіс. Бұқалардың жыныстық белгілері айқын, белі мен бөксесі, артқы сирақтары мықты, сиырлардың желінінің түрі, (үш түрлі болады: тегене, домалақ, ешкі емшек тәрізді) бауырына қабысуы, бөлшектерінің дамуының біркелкілігі талапқа сай болғаны жөн. Біркелкілік индексі (БИ) алдыңғы бөлшектерден сауылған сүттің тәуліктік сүтке пайызбен алғандағы қатынасы, БИ-дің көңілден шығатын көрсеткіші - 40 пайыз және одан жоғары.

Жас малға 20 балл деген бағаны тұқымымен жынысы айқын болса, жан-жақты дамыса, кеудесі өте жақсы дамыса (кең, терең, жауырын сырты бунақсыз) арқасы, белі, сауыры түзу, бөксесі жақсы дамыған болса ғана береді. Сирақтары дұрыс басылып, сүйегі мықты, ешқандай нәзіктік немесе сөлекеттік жоқ болуы тиіс.

Белгілерінің жиыны бойынша қорытынды класын анықтау. Сүтті бағыттағы малдың қорытынды класын анықтау генотипі және фенотипі бойынша сынауға бөлінеді.

Малды сырт пішіні мен дене бітімі бойынша сынау. Бұқаның сырт пішінін және дене бітімін 30 балдық бағана бойынша, сиырды 10 және жас малды 10 балдық бағана бойынша сынайды. Бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын 3-5 бұзаулаған соң, сауын маусымының 2-3 айларында сынайды.

Егер малдың сырт пішіні мен дене бітімі көрсетілген мерзімде сыналмаса, онда сынақты келесі бонитировкада жүргізеді.

 

1.Негізгі бөлім

Әдебиетке шолу

1.1.1 Ірі қараны бонитировкаға дайындау

Ірі қара малын бонитировкалау үшін әрбір шаруашылықта комиссия құрылады. Әр сиырдың 305 күн сауылған сүтін есептейді, әрі сол сүттің орташа майлығы мен белогын анықтайды, сиырлардың номерін, таңбасын тексереді; номерлері, таңбалары анық болмаса немесе жоқ болса, оны қайтадан жаңартады, сиырлардың машинамен саууға жарайтындарын анықтайды, әр малды таңертең суарудан және азықтандырудан бұрын тірідей салмағын өлшейді, ал сауын сиырларды бұзауланғаннан кейін 2-5 айлығында өлшейді, малдардың конституциясы мен экстерьерін бағалайды, мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіру жұмыс кітабына жазылатын малдардың мүше өлшемдерін алады. Бонитировкалау кезінде малдың тұқымы мен шығу тегі, өнімділігі, өсіп дамуы, экстерьері мен конституциясы, ұрпақ сапасы мен төл беру қабілеттігі есепке алына отырып, баға беріледі.

Малдың асыл тұқымдық сапасын және алатын орнын белгілеу үшін асыл тұқым мал зауыттарында, асыл тұқым мал фермаларында, қолдан ұрықтадыру станцияларында жыл сайын барлық бұқаларды, сиырларды, асыл тұқымды ұрғашы тайыншаларды, бұқашықтарды бонитировкадан өткізеді.

Сиырларды жыл бойы сауын маусымы аяқталысымен бонитировкалайды. Бонитировканың қорытынды есебі қазанның бірінші жұлдызында  тапсырылады.

Бонитировканы шаруашылықытың селекционер зоотехнигі, малды асылдандыру қызметкерлері, жекелеген жағдайда тұқым ерекшеліктерін жақсы білетін ғылыми қызметкерлер жүргізеді.

Бонитировка жүргізудің алдын да селекционер зоотехник малдың:

  1. Атауын, жеке номерін, туған уақытын анықтайды.
  2.  Генотипін - тұқымын, тұқымдық қанын, ата-енесінің класын, атасы мен енесінің ұрпағын көрсеткіштері бойынша сапасын анықтайды.
  3. Фенотип сапасын 305 күнде немесе қысқарған сауын маусымындағы сүттілік деңгейімен есептейді, сүттің майлылығын (белогінің), алынатын май мөлшерін (кг) есептейді, сиырдың салмағын бұзаулағаннан 2-5 ай өткен соң анықтайды.
  4. Суалу және сервис - кезеңдерінің ұзақтығын анықтайды. Тұмса туған сиырлардың - ұрықтандырғандағы жасын және тірі салмағын, бұзаулаған жасын анықтайды.
  5. Мемлекеттік асыл тұқым мал тіркейтін кітапқа іріктеп алынған малдың дене өлшемдері жазылады: шоқтығының биіктігі, кеудесінің тереңдігі, кеңдігі, орамасы, денесінің қиғаш ұзындығы (өлшегіш таяқпен және таспамен өлшейді), бөксесінің кеңдігі, сербек аралығы, жіліншігінің орамасы. Малды суретке түсіреді.

Малдың тұқымдылығын анықтау. Оның шыққан тегі мен ата енелерінің тұқымдылығы арқылы шешіледі, анықтау уақытында малды көзбе көз көреді.

Тұқымдылығы бойынша малдарды таза тұқым, будан және жақсартылған тұқым деп бірнеше топқа бөледі.

Таза тұқымға: біріншіден туыстас немесе ата тегі бір тұқымнан шыққан малды жатқызады. Әрине, ата тегінің немесе туыстас екендігін дәлелдейтін құжаттар болуы керек. Екіншіден IV ұрпақтың буданы (қандылығы 15/16), егер бұл сіңірге шағылыстыру арқылы алынса, әрі осыны дәлелдейтін құжаты болса, әрі осы мал таза тұқымға ұқсас болса, таза тұқым деп есептейді. Үшіншіден тұқымдас тұқымды малды бірімен бірін шағылыстырғанда алынған ұрпақтарын таза тұқым деп есептейді. Туыстас тұқымды мал топтары: а) алатау, швиц, лебедин, кавказдың және карпаттың қоңыр ірі қара малдары, ә) симментал, сычев және монбельярд, б) қара ала, қара ала эстон, қара ала литва, әулиеата, голланд және голштин фриз т.б. ірі қара малдары, в) қырдың қызыл, данияның қызылы, эстонияның қызылы, белоруссияның қызылы және англер ірі қара малдары, г) герефорд, қазақтың ақ бас ірі қарасы, ғ) шортгорн, курган т.б. ірі қара малдары жатады. Бұдан тұқымдылығына біріншіден екі тұқым малын шағылыстырудан пайда болған ұрпақтарын (жоғарыдағы үш кезектен басқаларын), екіншіден ұрпақ будандарын «өзара»шағылыстырудан (жоғарыдағы үш кезектен басқаларын) шыққан ұрпақтарын, үшіншіден жергілікті және жақсартылған малдардың будандарын жатқызады.

Тұқымдылығын зоотехникалық және асыл тұқымдық құжаттар негізінде, малдың міндетті түрде тұқымдық типін көрген соң қояды.

Тұқымдығы бойынша малды таза қанды және будан деп бөледі.

Таза қанды малға:

а) ата енесі бір тұқым малы болғанда;

ә) таза қанды ата енесі мен генетикалық туыстас тұқым малымен будандасқанда (алынған будан тұқымы енесінің тұқымы деп есептелінеді)

Кесте 1 - Мал ұрпақтарының тұқымдылығын (қандылығын) анықтау

 

Енесінің тұқымдылығы

Атасының тұқымдылығы

Таза тұқымды

IV  ұрпақ буданы (қандылығы 15/16)

Таза тұқымды

IV   буын  үрпағының

буданы (15/16)

III буын    ұрпағының

буданы (7/8)

II   буын   үрпағының

буданы (3/4)

I    буын    ұрпағының

буданы (1/2)

Жергілікті

Таза тұқымды

Таза тұқымды

 

IV - будан (15/16) немесе таза тұқымды

III будан (7/8)

 

II будан (3/4)

 

I будан (1/2)

IV   будан   (15/16)   немесе  таза

тұқымды

 

IV-будан (15/16)

III будан (7/8)

II будан (3/4)

I будан (1/2)

Тұқымдылығын зоотехникалық және асыл тұқымдық құжаттар негізінде, малдың міндетті түрде тұқымдық типін көрген соң қояды.

  1. Қара ала тұқым тобы: қара ала, әулиеата, литва қара аласы, бушуев, эстон қара аласы, истөбе, тагил, голланд, голштин, британ фриз, неміс қара аласы, даттың қара аласы, полына қара аласы;
  2. Қызыл тұқым тобы: қырдың қызылы, эстон қызылы, литва қызылы, польша қызылы, латыштың қоңыр қызылы, горбатов қызылы, англер, даттың қызылы, белорусс қызылы;

1)   Сары ала тұқым тобы: симментал, сычев, монбельярд;

2)   Қоңыр тұқым тобы: швиц, кострома, лебеда, алатау, кавказдың
қоңыры, юрин;

  1. Қорған және шортгорн (етті бағыттағы);
  2. Украина ақбасы, гренинген;
  3. Айршир, норвегияның қызыл аласы, шведтің қызыл аласы.
  4. Сіңіре будандастырудан алынған 4-інші буыннан бастап, жақсартатын тұқым типі айқын малдар.

в)     Кіріспе будандастырудан алынған 3-інші буын малын өзімен өзін жұптаудың қортысында енесінің тұқымдық типі айқын малдар.

г)      Жасампаз будандастырудан алынған малды жаңа тұқым ретінде бекіткен соң.

ғ) Қабылданған бағдармаларға сәйкес республика деңгейінде отандық тұқыммен әлемге әйгілі тұқым генефондысын пайдаланып шығарылған (енелік тұқым қанындағы жақсартқыш тұқым малының өзіндік үлесі көрсетілген) малдар.

II.    Қалған малдың барлығы да буданға жатады.

ІІІ. Репродуктор шаруашылықтардағы малдың қанының құрамында жақсартқыш тұқым малының үлесі 75 пайыз болса, атасының тұқымына жатқызады.

IV. Бір тұқым малына жататын будандардан алынған малдың тұқымдылығын 1- кесте бойынша анықтайды.

Малды сырт пішіні мен дене бітімі бойынша сынау. Бұқаның сырт пішінін және дене бітімін 30 балдық бағана бойынша, сиырды 10 және жас малды 10 балдық бағана бойынша сынайды. Бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын 3-5 бұзаулаған соң, сауын маусымының 2-3 айларында сынайды.

Егер малдың сырт пішіні мен дене бітімі көрсетілген мерзімде сыналмаса, онда сынақты келесі бонитировкада жүргізеді.

Малға сынау қорытындысына берген балл, міндетті түрде сырт пішіндегі кемшіліктерді көрсетілген анықтау мен толықтырылады. Малдың сырт пішіні мен дене бітімі сүтті бағыттағы тұқым малының типіне тән болуы тиіс. Бұқалардың жыныстық белгілері айқын, белі мен бөксесі, артқы сирақтары мықты, сиырлардың желінінің түрі, (үш түрлі болады: тегене, домалақ, ешкі емшек тәрізді) бауырына қабысуы, бөлшектерінің дамуының біркелкілігі талапқа сай болғаны жөн. Біркелкілік индексі (БИ) алдыңғы бөлшектерден сауылған сүттің тәуліктік сүтке пайызбен алғандағы қатынасы, БИ-дің көңілден шығатын көрсеткіші - 40 пайыз және одан жоғары.

Жас малға 20 балл деген бағаны тұқымымен жынысы айқын болса, жан жақты дамыса, кеудесі өте жақсы дамыса (кең, терең, жауырын сырты бунақсыз) арқасы, белі, сауыры түзу, бөксесі жақсы дамыған болсағана береді. Сирақтары дұрыс басылып, сүйегі мықты, ешқандай нәзіктік немесе сөлекеттік жоқ болуы тиіс.

Белгілерінің жиыны бойынша қорытынды класын анықтау. Сүтті бағыттағы малдың қорытынды класын анықтау генотипі және фенотипі бойынша сынауға бөлінеді.

Генотипке: тұқымдығы (тұқымдық қаны), тегінің сапасы - ата-енесінің класы, ұрпағының сапасы бойынша сынау жатады.

Фенотипке: сиырды - сүттілігі (сауылған сүт,сүтінің майлылығы мен белоктігі, сүт майлылығы шығымы), сырт пішіні мен дене бітімін сынау, сүт беру жылдамдығы, тірі салмағы бойынша бағалау жатады. Бұқалар мен жас малда тірі салмақ және сырт пішіні мен дене бітімін сынау балдары есепке алынады.

Әрбір белгі көрсеткіш тұқым стандарты мен салыстырылады да балл беріледі. Генотип пен фенотип балдарының жиыны бойынша малдың класын шығарады. Барлық мал үшін балдардың ең жоғарғысы - 100. Барлық жиналған балдың генотиптің үлесіне жататыны: бұқалар үшін 60, ал сиырлар үшін - 20, жас мал үшін 50 пайыз.

Бұқа мен асыл тұқым бұқашықтарды: элита - рекорд, элита және I кластарға жатқызады. Сиырлар мен жас тайыншаларды: элита рекорд, элита, І-ІІ кластарға жатқызады. Көрсетілген кластардың талабына сай келмейтін малдарды кластан тыс деп атайды.

 

Кесте 2- Малдың класын белгілі жиынтығы бойынша анықтау

 

Класстар

Бұқалар-бұқашықтар

Сиырлар-тайыншалар

Элита-рекорд

85-100

85-100

Элита

75-84

75-84

I класс

65-74

65-74

II класс

-

55-64

 

Кесте 3 - Бұқаның, сиырдың белгілерінің қорытындысы бойынша класын анықтау

 

Белгілері

Балдары

 

1

2

 

Генотип (барлығы 60 балл) Соның ішінде: а) енесінің класы Элита рекорд

Элита

I класс

 

25 20 15

 

ә) енесінің сүтінің майлылығы стандарттан

 

0,3 және одан артық

5

0,2 және одан артық

3

0,1 және одан артық

1

б)   бұқаның  немесе   оның   атасының  ұрпағының   сапасы   бойынша

 

3-кестенің жалғасы

категориясы:

 

А1Б1А2Б2А1Б3

30

А1А2А2Б1А2Б2А2Б3

25

А3Б1Б2Б3А3Б1А3Б2А3Б3

20

ұрпағының сапасы бойынша сынақ қорытындысы болмаса, атасының

 

класын есептейді.

 

Элита-рекорд

10

Элита

5

Фенотип - (барлығы 40 балл)

 

Сырт пішіні мен дене бітімі (барлығы 30 балл)

 

1.1 Жалпы түрі:

 

а) тұлғасы

1-3

ә) бұлшық еті

1-3

в) сүйегі

1-3

1.2 сырт пішінінің мүшелері барлығы (барлығы 21 балл)

 

а) бас пен мойын

1-3

ә) кеуде

1-3

б) шоқтық, арқа, сауыр

1-3

в) денесінің ортаңғы бөлімі

1-3

г) бөксе

1-3

ғ) сирақтары

1-3

2. өсіп жетілуі (тірі салмағы, барлығы 10 балл) тұқымның стандартына

 

сай және одан да жоғары

10

тұқым стандартының 95-99%

5

барлық балл жиыны

100

Генотип (барлығы 10 балл)

 

а) енесінің класы элита-рекорд

5

Элита

4

I класс

3

II класс

-

э) ұрпағының сапасы бойынша атасының категориясы

 

А1Б1А2Б2;А1 Б3

5

А1А2А2Бі;А2Б2А2Б3

4

А3Б1;Б2Б3, А3Б1;А3Б2А3Б3

3

немесе, атасының класы:

 

Элита-рекорд

3

Элита

2

I класс

1

Жиыны

 

II. Фенотип (барлығы 90 балл)

 

а) сүттілігі (5 балл)

 

сүт майлылығы стандартпен салыстырғанда:

 

60-69%

35

70-79

38

 

80-89

45

 

90-99

44

 

100-109

47

 

110-119

50

 

120-129

53

 

130-139

56

 

140-149

59

 

Сиырдың сүтінің белоктігі жөнінде сынау қортындысы болса, онда тұқым стандартынан 0,3% және одан да жоғары болса - 4 балл, 0,2% жоғары болса - 3 балл, 0,1% жоғары болса -2 балл қосымша беріледі. Сиырды пайдалану ұзақтығы ескеріледі, бұзаулаған соң, әрбір келесі бұзаулағаны үшін қосымша 2 балл алады және сиырдың 2 және одан да көп ұрпағы болса, қосымша балл қосылады.

Малдың сырт пішіні мен дене бітімі сүтті бағыттағы тұқым малының типіне тән болуы тиіс. Бұқалардың жыныстық белгілері айқын, белі мен бөксесі, артқы сирақтары мықты, сиырлардың желінінің түрі, (үш түрлі болады: тегене, домалақ, ешкі емшек тәрізді) бауырына қабысуы, бөлшектерінің дамуының біркелкілігі талапқа сай болғаны жөн. Біркелкілік индексі (БИ) алдыңғы бөлшектерден сауылған сүттің тәуліктік сүтке пайызбен алғандағы қатынасы, БИ-дің көңілден шығатын көрсеткіші - 40 пайыз және одан жоғары.

Элита - рекорд немесе элита тобында сауылып жүрген ұрпақтары болса, онда сиырдың қорытынды бағасы I класс жоғарылатылады.

Элита - рекорд класына сүтінің майлылығы стандарттан артық, ал өткен сауын маусымындағы сүт өнімі I кл. Стандартына төмен емес сиырлар ғана жатады.

Алғаш бұзаулаған сиырды сауын маусымы аяқталған соң сүтіндегі май мөлшері (кг) бойынша сынайды, ал   екі - үш және одан да көп бұзаулаған сиырларды  сауын маусымы бойынша жоғары класқа жататын маусымы бойынша сынайды.

Алғаш бұзаулаған сиырлардың сауын маусымы қысқа болса, яғни   240 күннен аз сауылса, онда жас малдың сынақ бағанасы бойынша сыналады.

Кесте 4- Жас малдардың белгілерінің қорытынды класын анықтау

 

Белгілері

 

 

Балдары

Еркек

тайынша

Ұрғашы

тайынша

1

2

3

Генотип (барлығы 10 балл)

 

 

Генотип (барлығы 50 балл)

 

 

Соның ішінде:

 

 

а) енесінің класы: элита-рекорд

20

20

Элита

15

15

I класс

10

10

II класс

-

5

ә) енесінің сүтінің майлылығы стандарттан

 

 

0,3 және одан да артық

5

5

0,2 -«-«-« -« - «

3

3

0,1 -«-«-«-«-«

1

1

б) атасының ұрпағы бойынша сапасы:

 

 

А1Б1;А2Б2;А1Б3

25

25

А1А2А2Б1;А2Б2А2Б3

20

20

А3Б1Б1Б3А3Б1А3Б1А3Б3

15

15

Немесе атасының класы: элита-рекорд

15

15

Элита

10

10

I класс

-

5

Фенотип (барлығы 50 балл)

 

 

а) сырт пішіні (барлығы 50 балл)

 

 

өте жақсы

20

20

жақсы

15

15

қанағаттанарлық

12

12

ә) өсіп жетілу (тірі салмағы барлығы 30 балл)

 

 

стандартқа сай

30

30

стандарттан 95-99%

20

20

стандарттан 90-94%

15

15

Балдарының жиыны

100

100

 

Жасы 24 айдан артық буаз құнажындарының тірі салмағының стандарты алғаш бұзаулаған құнажын салмағы мен бірдей.

Енесінің класы кластан тыс болса, онда ұрғашы тайынша I класқа, енесі II класс болса, элита класына, ал енесі I класс болса, ондай тайыншалар элита - рекорд класына жатпайды.

Бонитировка қорытындысында іске асырылатын шаралар. Бонитировка аяқталған соң малдың ерекшеліктерін ескеріп, олардың алатын орнын анықтайды.

Ол үшін малды былайша топтастырады: асыл тұқымды ядро - бұл топтағы сиырлардан ең алдымен табын жаңартатын, ұрғашы тайыншалар алынады. Асыл тұқымды мал зауыттарында асыл тұқым ядросындағы сиырлар арасынан жақсы сиырлардан «бұқалардың енесі»тобын құрып, олардан «аталық із» және туысқан топтарын жалғастыратын асыл тұқым бұқашықтар өсіреді. Өндірістік топтағы сиырлар; табын жаңартатын ұрғашы тайыншалар;

Сыртқа сатылатын бұқашықтар мен ұрғашы тайыншалар тобы; Бордақыланатын жас малдар. Бонитировканың   қорытындысы   бойынша  жеке   жеке   немесе   жеке топтар бойынша жұптау жоспары жасалынады.

Бонитировка негізінде табынды толықтыру, бұзау өсіру, малдың өнімін көтере түсу үшін істелетін шаралар жоспары жасалады. Асыл тұқым мал тіркейтін кітапқа жазылатын мал анықталады. Малды келешекте асылдандыру жоспары жасалынады да, аталық із, аналық ұя малдарын, типтерді, тұқымдарды жетілдіре түсетін, асыл тұқым мал сатып алу және сату шаралары жасалынады.

 

1.1.2 Сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқым бонитировкасының қорытындысы

 

Малды жеке-жеке жан-жақты сынау негізінде табынды асылдандыру жұмысы жөнінде зоотехникалық қорытынды есеп жасалу керек.

Студент табын малына зоотехникалық сипаттама жазуы керек. Тұқымдылығы, класы, жасы, сүттілігі, тірі салмағы, сырт пішіні, желіннің морфологиялық және функциялық қажеті жөнінде, генеологиялық құрылымы, туыс топтардың өнімділік сапасы туралы, жалпылама сұрыптандыру тиімділігі және малды «арнайы жұптау» жоспарын жасау қажет.

Бонитировкадан өткен сиырларды бұзаулау санына қарай бөледі. Табындағы жас сиырлар (1,2,3 бұзаулағын орта жастағы ( 4,5,6,7,8) және кәрі сиырлар (9,10,11,12,13,14). Әр топ сиырлардың орташа жасын анықтау үшін, сол бұзаулау санын сиыр санына көбейтіп, шыққан жиынын сиырдың барлық санына бөлу арқылы анықтайды. Әр малды комплексті бағалаудың нәтижесінде зоотехникалық есеп құрастырады. Ол үшін сүтті және сүтті-етті бағыттағы малдардың стандартымен салыстырады.

 

Кесте 5-Сиырлардың сүттілігінің тұқым стандарты

 

Атаулар

305 күн сауын маусымындағы сүттілік, кг

Сүтінің

майлылығы,

%

305 күн сауын маусымындағы сүт майы, кг

 

 

бірінші

екінші

үшінші және одан артық

Майлылық

Белоктік

бірінші

екінші

Үшінші және одан артық

Қара-ала

Голштин

Қызыл

Сары-ала

Қоңыр

Айршир

джерси

2925 3780 2610 2430 2520 2925 2700

3240 4140 2970 2790 2880 3140 3300

3600 4500 3330 3150 3240 3800 3600

3,6

3,6 3,7 3,8 3,7 4,1 5,0

3,2 3,2 3,3 3,3 3,3 3,4 3,7

105

136

97

92

93

133

150

117 149 110 106 107 143 165

130 162 123 120 120 141 180

 

1.2 Технологиялық бөлім

 

1.2.1 Етті бағыттағы ірі қара тұқымын бонитировкалау

 

Етті бағыттағы ірі қара тұқымын қыркүйек пен қазан айларында жыл сайын бонитировкадан өткізеді. Бордақылаудан шаруашылықтағы өгіз, пішпе және бордақылауда тұрған малдардан басқа барлық ірі қара өткізіледі.

Бонитировка кезінде малды тұқымдығы, ата-тегі, тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, сүттілігі, ұрпағының сапасы, төлінің өсу мүмкіндігі және денсаулығы бойынша сынайды.

Өнімділігін анықтау. Сиырдың сүттілігін төлінің 6 айдағы тірі салмағы бойынша анықтайды. Жас сиырлардың сүттілігін сынағанда сиырларға қойылатын талапты бірінші бұзаулаған сиырларға 10%, екінші бұзаулаған сиырларға 5%- ға кемітеді.

Сақа сиырлардың сүттілігін бұзауы 6 айлығында ең жоғарғы салмақ көрсетсе, сол бойынша сынайды.

Бұқалар мен сиырлар 5 жасына дейін және жас малды соңғы таразыға тартылған өлшемі бойынша, ал сақа малды ең жоғарғы тірі салмағы бойынша сынайды.

Малдың табыннан өсу қабілетін зоотехникалық және ветеринариялық есеп бойынша сынайды. Сиырларды геникологиялық тексеруден өткізеді, бұқаларды жыныстық белсенділігіне, шауқатының көлеміне, ұрығының сапасына және оны келешекте пайдалану мүмкіндігіне қарай анықтайды. Жыл сайын төлдейтін және аналық мейірімі жоғары сиырлар сынақта жоғары балл алады.

Дене бітімі және сырт пішінін сынау. Сиырларды дене бітімі мен сырт пішіні бойынша 3 және 5 жасында, бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын сынайды. Тұлғасының тұқымдық типіне, ұқсастығына, жан жақты дамығандығына көңіл аударады.

Асыл тұқым мал зауыттары, шаруашылықтардағы, фермалардағы бұқалар мен сиырлады 100 балдық бағана, қатардағы шаруашылық табынындағы малды 5 баллдық бағананы қолданып сынайды. Дене бітімі мен сырт пішінін сынағанда тұлғасындағы сынақ балын кемітетін кемшіліктеріне көңіл аударады. Сырт пішінін сынағанда балл беріп сынаумен қатар дене мүшелеріндегі ерекшеліктерін және ақаулар мен кемшіліктерді де есепке алады.

Жас малдың тұлғасын жалпы келбеті және 5 балдық бағана қолданып, өсіп жетілуін бағалайды: өте жақсы -5, жақсы -4, қанағаттанарлық -3, қанағаттанғысыз -2. Жарты балл қосып сынау арқылы бағасын анығырақ дәлелдеуге болады.

«Өте жақсы» деген бағаны жынысы мен тұқымдығы айқын, жақсы өсіп жетілген, кеудесі өте жақсы дамыған, жоны құйымшағы, сыуыры жақсы дамыған, сирақтары дұрыс басылған және сүйегінде нәзіктігі мен сөлекеттігі жоқ мал алады.

 

Кесте 6- Сиырлардың дене бітімін сынау бағанасы

 

Малдың дене  мүшелері мен жалпы өсіп жетілуі

Жоғары балл алу үшін қойылатын талаптар

Сынақ бағанасы

Негізгібалл

Коэффициент

Жалпы балл

Жалпы  келбеті,   өсіп жетілуі,    тұқымдық типінің айқындығы

Тұлғасы   жан   жақты   дамыған   кең,

домаланған, тұқымға  тән   еттілік  типі айқын

5

3

15

Бұлшық еттері жақсы жетілген,сүйегі

Мықтьқ сөлекеттігі жоқ

5

2

10

Сырт  пішіні мүшелері:

 

Басы, мойыны

Басы  жеңіл,  тұқымына  тән,  мойыны қысқа етпен жақсы қапталған

5

1

5

Кеудесі

Кең, терең, жауырын  сыртында  ойық  жоқ. Төстігі жетілген, бөлектенген, шығыңқы

5

2

10

Шоқтығы, жоны сауыры

Шоқтығы кең, ет басқан түзу, жоны мен   сауыры   жалпақ,   ұзын   бұлшық еттері жақсы жетілген

5

3

15

Құйымшағы (сауыры)

Түзу, кең және ұзын,  етпен жақсы  қапталған. Құйрығы дұрыс қонған

5

2

10

Сан еті

Бұлшық  еті  жақсы  дамыған  тізесіне

қарай түсіңкі

5

2

10

Желіні

Барынша жақсы жетілген, түрі дұрыс

5

3

15

Сирақтары

Берік, тұяғы дұрыс басылған.

5

2

10

Жиыны:

 

 

 

100

 

Малдың белгілерінің қорытынды көрсеткіші бойынша класын анықтау. Малдың белгілерінің қорытынды көрсеткіші бойынша мына  төмендегі кластардың біріне жатқызады:

Элита рекорд, элита, I класс, II класс және кластан тыс. Қорытынды класын шығаруға қажет мәліметтер жоқ болған жағдайда, малды класқа бөлмеген жас мал тобына қосады.

Бұқа, сиыр және жас малдың қорытынды класын, жинаған балы бойынша анықтайды.

Элита-рекорд-81 балл және одан жоғары Элита    -71-80 балл

I класс   -61-70 балл

II класс -51-60 балл

Кластан тыс 50 балдан және одан да төмен.

Сиырлардың класын анықтау. Сиырдың класын барлық белгілерінің жиыны бойыншаанықтайды: тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, сүттілігі, тұқымдығы, шыққан ата тегі, төлінен өсетіндігі.

Сиырлардың класын барлық белгілерінің жиыны бойынша кестедегі бағана бойынша анықтайды.

Бірінші туған сиырдың қорытынды класы, егер төлі бонитировка кезінде 6 айға толмаса, жас мал сыналатын бағана бойынша сынайды, ал тірі салмағы үш жасар сиыр салмағындай болуы керек.

Элита рекорд қорытынды класына тірі салмағы мен сүттілігі I класс талабынан кем емес, тұлғасында көзге түсер ақауы жоқ, IV буыннан төмен емес сиырлар жатады.

 

Кесте 7 -Сиырлардың қорытынды класын шығару бағанасы

 

Белгілері

балл

а) сүттілігі, класы

Элита-рекорд

Элита

I класс

II класс

 

35

30

25

23

ә) тірі салмағы, класс

Элита

I класс

Элита-рекорд

II класс

 

20

15

25

12

б) сырт пішіні мен дене бітімі

Класс 100 б бағана б/ша 5 б бағана б/ша

Элита-рекорд 85 одан жоғ.

Элита 80-74 4,0 I класс 75-79 3,5 II класс 70-74 3,0

 

г) генотип (барлығы - 25балл) класс:

Элита-рекорд

Элита

I класс

II класс

 

25

20

15

13

Соның ішінде:

Тұқымдығы:

Таза қанды

IV буын

III буын

II буын

 

 

10

8

7

Енесінің класы

Элита-рекорд

Элита

I класс

II класс

 

6

5

4

3

Атасының класы

Элита-рекорд

Элита

I класс

II класс

 

2

5

4

3

Атасының класы ұрпағының сапасы бойынша сыналған

Элита-рекорд

Элита I класс

2

5

       4

Балдар жиыны

 

100

Бұқалардың класын анықтау. Бұқаның класын бірнеше көрсеткіштері бойынша шығарылған қорытынды класы бойынша анықтайды. Тірі салмағы, сырт пішіні мен дене бітімі, өз өнімі бойынша сынау қорытындысы және ұрпағының сапасы, тұқымдық қандылығы мен шыққан тегі.

 

Кесте 8 - Белгілердің қорытындысы бойынша бұқаларды сынау бағасы

 

Белгілері

Балдар

1

2

Генотип (барлығы 10 балл)

а) тірі салмақ,класс

Элита-рекорд

Элита

I класс

 

35

30

25

ә) сырт пішіні мен дене бітімі, класс

100 балдық бағана             5 балдық бағана

Элита-рекорд 90 жоғ.                4,5

Элита 85-89                                4,0

I класс 80-84                               3,5

 

 

20

15

10

б) өз өнімі бойынша сынау, класс

Элита-рекорд

Элита

I класс

 

10

5

2

в) генотип (барлығы 35 балл, класс)

Элита-рекорд

Элита

I класс

 

35

30

25

Ұрпағының сапасы бойынша сынау (селекциялық индексі 100 балл және одан жоғары)

Элита-рекорд

Элита

I класс

 

 

10

8

7

Тұқымдық қаны:

таза қанды

IV буын

III буын

 

10 8

7

Енесі, класс

Элита-рекорд Элита

I класс

 

5 4

3

Атасы, класс

Элита-рекорд Элита

I класс

 

5 4

3

Анасы ұрпағының сапасы бойынша сыналған класс

Элита-рекорд Элита

I класс

 

5 4

3

Балл жиыны

100

Элита - рекорд және элита қорытынды класына сырт пішіні мен дене бітімі бойынша 4,5 балл, тірі салмағы I класс талабынан төмен емес жас мал жатады.

Элита қорытынды класына өз өнімі бойынша сынақта тәуліктік қосымша салмағы 1000 г, өсу энергиясын көрсеткен, тұқымдық қаны IV буыннан төмен емес және ата тегі тексерілген бұқашықтар жатады.

 

Кесте 9 - Жас малдың белгілері бойынша қорытынды класын анықтау

 

Белгілері

Балдар

1

2

а) тірі салмақ,класс

Элита-рекорд

Элита

I класс

II класс

 

35

30

25

23

ә) сырт пішіні мен дене бітімі, класс

                    5 балдық бағана

Элита-рекорд        5

Элита                     4

I класс                    3

II класс                   2

 

 

20

15

10

5

б) өз өнімі бойынша сынау қорытындысы, класс

Элита-рекорд

Элита

I класс

 

10

5

2

в) генотип (барлығы 35 балл, класс) Элита-рекорд Элита

I класс

        II класс

3

5

30

Тұқымдық қаны:

Таза тұқым

IV буын

III буын

I буын

 

2

5

20

 

Енесінің, класы:

элита-рекорд

Элита

I класс

II класс

10

8

7

6

Атасының, класы: элита-рекорд

Элита

I класс

8

7

 

Ұрпағының сапасы бойынша сынақ қорытындысы

Элита-рекорд

Элита

I класс

 

10

6

10

Балл жиыны

100

 

1.2.2 Етті бағыттағы ірі қараның бонитировка нәтижесін қорыту

 

Етті бағыттағы ірі қара табынының сипаттамасы: тұқымдылығы, класы, өнімі, сырт пішіні мен дене бітімі, сүттілігі; шығу тегі, тектік құрамы, туыстас топтарының өнімділік қасиеті, жалпы сұрыптаудың әсерін анықтау, мемлекеттік мал зауытындағы жұп таңдаудың жоспарын құру, малдарды бонитировкалаудың маңызы  зор.

 

2 Тіршілік қауіпсіздігі

 

Техникалық қауіпсіздік және өндірістік - санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.

Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады.ірі қарамен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.

Кезеңі нұсқау іріқара шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болу фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық арашылар қатысады.

Ірі қара шаруашылығында еңбек шарты қора - жай ауасының зиянды газдармен, шаң - тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты    болады. Соған байланысты ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Ірі қара шаруашылығының еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықтарта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора - жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.Сондықтан да ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Ірі қара шаруашылығыдағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.

Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.

Санитарлық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі.

 

Қорытынды

 

Сүтті және сүтті-етті ірі қара малы ауыл шаруашылық министрлігінің 2000 жылғы арнаулы нұсқауы бойынша бонитировкаласа, етті ірі қара малдарын осы министрліктің 1999 жылғы нұсқауы бойынша бонитировкалайды.

Сүтті және сүтті-етті шаруашылықтарда бұқаларды, сиырларды және жас малды жыл бойы бонитировкаласа, ал етті сиыр шаруашылықтарда малдарды тамыз айының орта шенінен қазаннан аяғына дейін бонитировкалайды.

Асыл тұқымды мал өсіру зауыттарында және басқа шаруашылықтарда бонитировкалауды зоотехник-селекционерлер өткізсе, асылтұқымды мал фермаларында бонитировканы зоотехниктер, т.б. мал мамандары өткізеді

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қобылбаев Қ.П Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж, 45-65 беттер
  2. Оразбеков Ж , Төлебаева Б.К Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар 1991 ж, 78-85 беттер
  3. Ысқақбаев Б.Б Сиырды қолда өсіру -Алматы Қайнар 1987 ж, 36-54 беттер
  4. Төреханов А.Ә, Каримов Ж.К, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж, 251-269 беттер.
  5.  Бусев Г.С. Итоги выращивания и откорма молодняка крупного рогатого скота,  молочных  н  малочно-мясных  пород  //Новое  по  откорму  и  нагулу крупного рогаггого скота н овец. -М., 1956. -С. 67-69.
  6.  Вишневский М.В. Закономерности роста желудочно-кишечного тракта в онтогенезе крупного рогатого скота //Животноводство. -М., 1960. -№7. -С.33-37.
  7. Григорьев Н.Г., Гаганов А.П.  Влияние концентрации обменной энергии рациона   качества   мясо   откармливаемых   бычков   //Молочное   и   мясное скотоводство. -М, 1989. -Вып.12. -№9. -C.16 .
  8.  Девяткин А.Н. Ірі қараны комплекстерде өсіріп, бордақылау. -Алматы: Қайнар, 1980. -200 6.
  9.  Дьяков CM. Высокопитательные корма в рационах молодняка крупного рогатого  скота на откорм //Молочное  и мясное  скотоводство.  -М.,   1990. -Вып.12.-№8.-СЛ8.
  10.  Жузенов Ш.А., Жазылбекова Н.А., Жусупов М. Эффективность произ-водства говядины в зависимости от съемной живой массы бычков казахской белоголовой  породы //Животноводство,  кормопроизводство  и  ветеринария. -Алматы: Бастау, 2006. -№2. -С.72-73.
  11.  Жузенов Ш.А., Жусупов М., Кулиев Т.М. Как правильно выращивать бычков казахской белоголовой породы до высокой кондиции //Агроинформ. -Астана, 2006. -№8. -С. 17-18.
  12.  Журавская Н.К., Алехина Л.Т., Отряшенкова Л.М. Исследование и контроль качества мяса и мясопродуктов. -М.: Агропромиздат, 1985. -С.63.
  13.  Зарпуллаев   Ш.Н., Жуманбаев А.С., Алиханов Ж. Интенсивное выращивание, откорм и мясная продуктивность некондиционного молодняка крупного рогатого скота //Научные основы развития сельского хозяйства на юге Казахстана: сб.науч.трудов ЮКИНИИСХ. -Алматы: Бастау, 2001. -С.204-216.
  14.  Зарпуллаев Ш.Н., Алиханов Ж. Интенсивные  методы  подготовки некондиционного молодняка крупного рогатого скота на мясо //Матер.межд. науч.-практ.конф. -Алматы, 2000. -C.112-113.
  15.  Карманов А.Г. Влияние типа кормления молодняка крупного рогатого скота на формирование сельского хозяйства. -М., 1961. -Т.З. -С.87-92.
  16.  Комаров Л.Л. Производство говядины при разных формах специализации. -М., 1971.-187 с.
  17.  Кравченко А.И.Влияние разного уровня протеина и его заменителей на  откормочные и мясные качества тонкорунных ягнят //Проблемы интенсифи-кации овцеводства. -Ставрополь, 1974. -С. 158-160.
  18.  Кулешов   П.Н.   Влияние   питания   на   формы   тела   и   на  характер  продуктивности //Избранные работы. -М., 1949. -С.247-262.
  19.   Кулиев Г.К. Рост и развитие скелета некоторых пород овец в отгонно-горных условиях Азербайджана. -Баку: Изд. АН АзССР, 1979. -№3. -59 с.
  20.   Левантин Д.А. Теория и практика повышения мясной продуктивности в скотоводстве. -М.: Колос, 1966. -С.232-236.
  21.  Левантин Д.Л. Влияние питания на рост, развитие и мясные качества молодняка симментальской породы //Советская зоотехния. -М.,  1950. -№1. -С.52-62.
  22.  Левантин Д.Л. Возрастные изменения костяка крупного рогатого скота //Сб.науч.трудов ин-та морфологии им.А.Н.Северцова. -М.: AH CCCP, 1957. -ВЫП.П.-С.98-Ю7.
  23.  Левантин Д.Л. Производство говядины //Справочник. -М.: Агропром-издат, 1987. -223 с.
  24.  Левантин Д.Л. Пути увеличения производства говядины. -М.: Гос.изд-во с.-х. литературы, 1958. -С. 7-8.
  25.  Левантин Д.Л. Теория и практика повышения мясной продуктивности в скотоводстве. —М.: Колос, 1966. —132 с.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-08-17 17:19:22     Қаралды-5224

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »