UF

АДАМ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

 

Қан

 

Қанның    маңызы.   Қан   мен   лимфа   және  ткань  аралық  сұйықтық   организмнің    ішкі   сұйық   ортасын   құрайды   да,  бүкіл  дене  клеткаларын,   тканьдерін   жуып   жатады .

Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық  және  химиялық    қасиеті    біршама   тұрақты  болады,   сондықтан  да  организмдегі    клеткалардың    тіршілік   процесі   қалыпты    жүріп жатады.

Қан  қан тамырларымен    ағады     да,     организмнің    барлық  клеткаларына    қоректік    заттарды  тасу  қызметін  атқарады.  Мысалы,  қан  тканьге  глюкоза,  амин  қышқылдары,  май,  витамин,  минерал  заттарын,  суды,  оттегін  т.б.қоректік  заттар  жеткізсе,  екінші  жағынан  зат  алмасу  процесінің  нәтижесінде  организмнен  бөлінген  ақырғы  өнімдерді  (мочевина,  аммиак,  несеп  қышқылы,  көмір  қышқылы)  сыртқа  шығару  органдарына:  бүйрекке,  тері  бездеріне,  ішекке  және  өкпеге  апарады.

Иммунитет  -  қандағы  лейкоциттердің  фагацитоз  процесіне  бейімділігі.Қандағы  қорғағыш  денелер  организмдегі  микробтарды,  олардың  бөлетін  улы  заттарын  зиянсыздандырады  және  зиянды  белоктарды  ыдыратады.

 

Қанның   құрамы,  мөлшері. Физикалық  және  химиялық  қасиеттері.

 

Қанның  құрамы  мен  мөлшері.  Қан  -  клетка  құрылысы  жоқ, сарғылттау  келген  сұйық  зат  -  плазмадан  және  оның  ішінде  жүзіп  жүрген  қанның  клеткаларынан  тұрады.  Қанның  клеткаларына  қанның  қызыл түйіршіктері (эритроциттер),  қанның  ақ  түйіршіктері (лейкоциттер),  қан  пластинкалары  сияқты  клеткалар (тромбоциттер)  жатады.

Қан  құрамының  55-60  проценті   плазма, 40-45  проценті  қан түйіршіктері. Қалыпты  жағдайда  қанның  жалпы  мөлшері  адамның  дене салмағының   1/13  бөлігіндей  болады  да,  ол  организмде  біршама  тұрақты сақталады.  Егерде  қан  тамырларына  қанның  орнын  басатындай сұйықтық  жіберіп,  қанның  сұйықтық  мөлшерін  көбейтсек, көп  ұзамай-ақ  қанның  мөлшері  бұрынғы  мөлшеріне  қайта  келеді.  Қандағы  артық  сұйықтықтың  біраз  бөлігі  дереу  бүйрек,  тері  арқылы  шығарылса,  ал  қалған  көп  бөлігі  тканьге  өтеді.  Кейіннен  сол  өткен  сұйықтың  ыдырау  өнімдері  сыртқа  шығару  органдары  арқылы  біртіндеп  организмнен  шығарылып  тасталынады.  Қанның  жалпы  мөлшерінің  1/3  бөлігі  қан тамырларының  жарақаттануынан  бірден  ағып  кетсе  организм  өліп  кетуі  мүмкін. Мұндай  жағдайда  организмге  дереу  қан  немесе  қанның  орнын  басатын  сұйық  ерітінді  құю  керек.

Қанның  осмос  қысымы. Жартылай  өткізгіш  жарғақ  арқылы  бөлінген   екі  ерітіндінің   (NaCl ) біреуінің  ішінде  ерітілген  заттың  концентрациясы    екіншісімен  салыстырғанда  көп  болса,  су  концентрациясы  көп  ерітіндіге  қарай  ауысады.  Себебі  жартылай  өткізгіш  жарғақ  еріткішті,  яғни  суды  өткізеді  де, ерітілген  затты  өткізбейді.  Жартылай  өткізгіш  жарғақтан  еріткіштің  (су)  өтуіне  жұмсалатын  күшті  осмос  қысымы  деп  атайды.

Эритроциттердің  және  дене  клеткаларының  осмос  қысымы  клеткаларды  қоршап  жатқан  сұйықтықтың  осмос  қысымымен  бірдей  болады.

Эритроциттердің  гипертоникалық  және  гипотоникалық  ерітінділерде  бұзылып,  тіршілігін  жоюын  гемолиз  днп  атайды.

Қанның  актив  реакциясы.  Қанның  актив  реакциясы  гидроксил ( OH )  және  сутегі  (Н)  иондарының  арақатынасымен  анықталады  да,  практика  жүзінде  сутегі  көрсеткішімен  беріледі. Ол  рН  деген  белгімен  белгіленеді. Сутегі  көрсеткіші   -  рН  -  сутегі  ион  концентрациясының  теріс  ондық  логарифмы.  Қанның  бұл  реакциясы  (рН)  орташа  есеппен  7,36-ға  тең.  Қанның   рН  7-ден  төмен  немесе  8-ден  жоғары  болып  өзгеруі  организмнің  тіршілігі  үшін  өте  қауіпті.

Қанның  ұюы.  Қанның  ұюы  плазмадағы  еріген  белок  фибриногеннің, ерімейтін  фибрин  белок  жіпшелеріне  айналуынан  болады. Фибриннің  түзілуі  тромбин  ферментінің  қатысуымен  жүреді. Қанда  оның  тек  қана  активсіз  формасы -  протромбин  болады.

Протромбинді  актив  фермент  тромбинге  айналдыру  үшін,  фермент протромбиназа  керек,  бірақ  ол  қанда  актив  күйде  болмайды.  Фибрин  жіпшелері  түзілуі  үшін,  алдымен  плазмадағы  тромбоген  ферменті  активтеліп  тромбинге  айналып,  дайындық  қызметі  жүреді. Ұю  процесінің  барлық  кезеңдері  кальций  ионының  қатысуымен   жүреді.

Кальций  ионын  қымыздық  қышқылды  натриймен  тұндырса,  қанның  ұю  қасиеті  жойылады.

Фибриноген  белогы  мен  протромбин  ферменті  бауырда  жасалады.  Протромбиннің  жасалуына  К  витамині  қатысады.

Қанның  ұюы  -  өте  күрделі  тізбектелген  реакциялардан  тұратын  процесс.

Қанның  ұюын  4  негізгі  фазаға  бөлуге  болады:

  1. протромбиназа  ферментінің  активтелуі;
  2. протромбиннің  тромбинге  айналуы;
  3. белок  фибриногеннің  фибрин  жіпшелеріне  айналуы;

4)  ұйыған  қанның  тығыздалуы;

Қанның  ұюындағы  тромбоциттердің  ролі.  Қан  ластинкалары (тромбоциттер)  -  ядросыз,  өте  кішкентай  қанның   тұрақсыз  клеткалары. Тромбоциттердің  қызметі    қанның  ұюына  өте  тығыз  байланысты. Қанның  ұюының  басталуының  өзі  тромбоциттер  бұзылған  кезде  түзілетін  актив  фермент  тромбокиназа  әсерінен  жүреді.

Тромбоциттердегі  ерекше  зат  ретрактозим,  қанның  ұйығандағы  қоймалжың  затының  тығыздалуы  үшін,  фибрин  жіпшелерінің  қысқырып  жуандауының  жылдам  жүруін  қамтамасыз  етеді.

Қанның  ұю  жылдамдығы  әрбір  организмнің   ерекше  қасиетіне  байланысты.

Қанның    ұюы  -  қанда    тромбин,    протромбин    мөлшері    көбейсе, қан      тамырларының     хеморецепторлары    тітіркеніп    рефлекторлық    жолмен      қанға   оны    ұйытпайтын    заттар  шығарады.   Мысалы,  бауырда  синтезделетін    гепарин,    тромбопластин,  протромбин,   тромбин,  фибриноген,  адреналин, серотонин  тағы  да  басқа  қанның  ұю  процесіне  қатынасатын  белоктар  өзара  әрекеттесіп, қанды  ұйытпайтын   күрделі  комплексті  қосылыс  жасайды. Сонда  қан  ұюына қатынасатын  комплекстер,  қанды  ұйытпайтын    күрделі  комплексті  қосылыс жасайды.  Сонда  қан  ұюына  қатынасатын  комплекстер,  қанды  ұйытпайтын  системаға  кіріп,  қанның  қан  тамырында  ұйып  қалу  қаупінен  сақтайды. Қанды  ұйытпайтын  система  бұзылса,  қанның  тұтқырлығы  артады.  Ұйыған  қан-  тромб  қан  тамырын  бітеп  тастап,  организмді  өлімге  әкеліп  соқтыруы  мүмкін,  қанды  ұйытпайтын  системаның  өте  сирек  кездесетін  бұзылуы   қанның  ұю  қасиетін  толық  жояды.  Бұл  құбылыс    гемофилия   деп  аталады. Гемофилия  әке  жағынан  тұқым  қуалайтын,  өмірге  өте  қауіпті  ауру.

Қанның клеткалары. Эритроциттер – қанның қызыл түйіршіктер. Олардың құрамындағы гемоглобинде тыныс алу пигменттерінің тобына жататын хромопротеиндер бар. Олар өттегімен өте оңай қосылыса және ажыраса алады.

Эритроциттер белок алмасу процесіне қатысады, амин қышқылдарын өз бетіне сіңіріп тасиды.

Эритроциттер –ядросы жоқ, екі жағы ойыс келген жоғары дәрежелі қан клеткасы. Ядро орнына тыныс алу пигменті гемоглобин пайда болған. Эритроциттердің ақ түсті стромасы (скелет) және қабығы бар. Қабығы – липодид, белок комплексінен тұрады да, коллоидтар мен Nа, К, Са иондарын өте нашар, ал С1, НСО3 аниондарын, Н, ОН ион-дарын жақсы өткізеді. Эритроциттер мен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей болмайды. Адам эритроциттерінде натрийге қарағанда калий ионы көп, ал плазмада керісінше.

Эритроциттердің саның 1 мм3 қанда ерлерде 5-5,5 млн, әйелдерде - 4,5-5 млн. жуық. Жаңа туған жас балаларда эритроциттер саны әр түрлі жағдайларға байланысты көбейіп, азайып тұрады. Санының көбеюін - эритроцитоз, азаюын - эритроцитопоэз деп атайды. Ауаның барометрлік қысымы төмендегенде  (биіктікке көтерілгенде), уақытша ауыр жұмыс жасағанда, кейбір психико-эмоциялық жағдайларда организмде су мөлшері азайып (қатты терлегенде), қан тамыры жарақаттанып, қан көп аққанда т. б. эритроцитоз байқалады.

Ал әртүрлі қан ауруларында (анемия) эритроциттер көп бүлінсе, қан клеткаларын жасайтын органдар жұмысы өзгерсе т. б. эритроцитопоэз байқалады. Эритроциттердің негізгі функциясы газ алмасу процесі. Бұл міндетті құрамындағы гемоглобин атқарады.

Эритроциттер организмде қорғаныш қызметін атқарады. Олардан кейбір микробтарды зарарсыздайтын эритрин деген зат бөлініп алынған. Эволюциялық даму процесінде, әсіресе омыртқалыларда, эритроциттердің құрылысы күрделене түседі. Оның себебі, олардағы зат алмасу процесінің күшеюімен қатар жүреді. Осыған қарай эритроциттердің пішіні, көлемі және саны өзгеріп отырады. Адамда эритроциттердің көлемі кішілеу, саны көп болады. Көлемінің кішіреюі жалпы санының көбеюі есебінен жалпы ауданының өсуіне мүмкіншілік береді. Неғұрлым ауданы үлкен болса, соғұрлым тыныс алу қызметі жоғары болады. Эритроциттердің пішінінің де, құрылысының да өзгеруі осыған байланысты. Олардың ортасының ойыс болуы (адам эритроциттерінің екі жағы ішке қарай ойысынқырап келеді) эритроциттердің денесіне оттегінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді. Ал тромбоциттер сияқты эритроциттерде ядро болмайды, себебі ішін толық гемоглобин алып жатады.

Гемоглобин және оның құрылысы мен қасиеті. Гемоглобин организмде оттегін тасушы, көмір, қышқыл газын шығарушы пигмент болып табылады.

Гемоглобин - (Нв) өте күрделі химиялық қосылыс. Молекула салмағы - 68.800.  Ол белок глобин және белоксыз бөлімі терт молекула гемнен құралады. Әрбір гемоглобин молекуласында темір атомы болады. Ол оттегімен оңай қосылып, айрыла алады. Гем актив — фермент, ал глобин - гемнің белок тасушысы. Оттегімен қосылысқан гемоглобинді ксигемоглобин деп атайды.  Оны НвО2 деп белгілейді. Гемоглобиннің бір молекуласы темірдің қосымша байланыстары арқасында 4 молекула оттегімен әрекеттесіп, темір екі валентті күйінде қалады. Гемоглобиннің көмір қышқылымен қосылысын карбогемоглобин деп атайды. Ол былай НвСО2 деп белгіленеді. Мүнда гемоглобин көмір қышқылымен өте тұрақсыз, жеңіл диссоциацияланатын қосылыс береді. Сондықтан ауада азғантай мөлшерде
иіс болса да қанға өтіп, оттегі мен гемоглобиннің әрекеттесуіне кедергі жасайды. Мүндай жағдайда адам иіс тиіп өліп қаладй.      

Гемоглобинге азот тотығы, метилен көгі сияқты темірді тотықтыратын заттар әсер еткенде, темір үш валенттіге айналады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин (НвО) дейді. Метгемоглобин де, карбооксигемоглобин сияқты, гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуіне кедергі жасайды. Организмде эритроциттердің бұзылуына байланысты гемоглобин ыдырап отырады. Гемоглобин сүйек кемігінде эритробласт клеткаларында жасалады.

Бауыр және көк бауырда эритроциттер бұзылып, құра-мындағы гемоглобин ыдырағанда, гемнен темір молекула-лары бөлінеді де, әрі қарай тотықтану реакциясы жүріп, гемоглобиннен пигмент билирубин түзіледі. Ол өттің құрамы мен ұлтабарға барып, онда стеркобилин мен уробилинге айналып, нәжіс пен несеп арқылыорганизмнен шығарылып тасталынады.

Скелет және жүрек еттерінде миоглобин деген гемоглобин бар. Олардың гемін тасушы глобин белогының молекулалық салмағы гемоглобиннің белогынан азырақ болады.

Миоглобин организмде барлық қосылысатын оттегі санының 14 процентін байланыстырады. Еттер жиырылып, қан капилляры тарылып, қан келмей қалған уақытта миоглобин ет талшықтарын оттегімен қамтамасыз етеді.

Қанның топтары. 1901 жылы дені сау адамның қанын екінші адамға қүйғанда, эритроциттер келімделіп қалатындығы байқалған.

Желімделіп қалуды агглютинация деп атайды.

Кейбір адамдардың эритроциттері екінші адамның канының плазмасымен қосылғанда агглютинациялануын зерттеу нәтижесінде қан құю арқылы емдеудіқ ғылыми негізгі салынды.

Адам қанындағы эритроциттерде екі түрлі желімденетін зат: агглютиноген А және агглютиноген В болатыны, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат: агглютинин a және агглютинин b бар екені анықталған. Бір адам қанында агглютиноген А мен агглютинин a, агглютиноген В мен агглютинин b болмайды. Сондықтан бір организмнің өзінің эритроциттері бір-бірімен желімденбейді яғни агглютинацияланбайды.

Эритроциттердегі агглютиногеннің, плазмадағы агглютининнің бар-жоғын зерттеп, есептеп барлық адамдардың қанын 4 топқа бөлуге болатыны анықталған. Қаны I топқа жататын адамдардың эритроциттерінде агглютиноген болмайды, плазмасында агглютинин a және b  болады. Қаны II топты адамдардың эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин a болады. Қаны III топқа жататын адамдардың эритроциттерінде агглютиноген В және плазмасында агглютинин a болады. IV топ қаңның эритроциттерінде А және В агглютиноген бар, ал плазмасында агглютининнің екеуі де болмайды.

Агглютинация жүрсе плюс ( + ), жүрмесе минус(—) деп белгілеу арқылы, төмендегі таблицада қанның қандай тобын қай топтағы қаны бар адамға қүюға болатыны көрсетілген.

 

Плазма тобы (агглютининдер)

 

 

Эритроциттер тобы (агглютиногендер)

жоқ I (-О)

II (А)

III (В)

IV (АВ)

I      (a) және (b)

 

 

+     

+

+

Н    (b)

+

+

III   (a)

+

+

IV   (О) (жок)

 

Эритроциттердің ағглютинациясы тек агглютиноген А мен агглютинин a, агглютиноген В мен агглютинин b кездессе ғана жүреді. Сонда I топты  барлық   (I, II, III, IV) топтарға құюға болады.  II топты II және IV топқа, III топты III және IV, ал IV топты тек IV топқа ғана қүюға болады. Қан құярда дәрігерлер қанның тобын ұқыпты түрде айырып барып құяды.  Қанның тобын айыру үшін зерттелетін қанның әуелі бір тамшысын II топтың плазмасымен, содан кейін екінші тамшысын III топтың плазмасымен араластыру керек. Егер қан I топқа жатса, екі тамшыда да агглютинация жүрмейді, IV топ болса, екеуінде де агглютинация жүреді,  II топ болса, агглютинация III топ плазмасымен қосылған қан тамшысында жүреді, ал III топ болса, керісінше, II топ плазмасыңда жүреді.)

Кан (зеретін адамды донор, қан қабылдайтын адамды реципиент деп атайды. Донордан бір алғанда 300-400 мл мөлшердей қан алуға болады. Айына бір рет жоғарыда көрсетілген мөлшердей қан алғаннан организмде айтарлықтай физиологиялық өзгерістер болмайды, адам денсаулығына зиян келмейді. 2-3 жетіде қанның мөлшері бұрынғы қалпына қайта жетеді.

1940 жылы, қан құю процесін ұдайы зерттеу нәтижесінде эритроциттерде агглютиноген А мен В-дан басқа, үшінші агглютиноген заты бар екені табылған. Ең бірінші рет бұл агглютиноген Масасus rhesus маймылының эритроциттерінде табылғандықтан резус-фактор аталынып, Rh-деп белгіленген.

85% адамдардың қанының эритроциттерінде резус-фактор табылған, оны оң резус-факторлы қан (Рһ+) деп атаған. Ал 15% адамдардың эритроциттерінде резус-фактор болмағандықтан, оны теріс резус-факторлы қан (Рһ-) деп атаған. Теріс резус-факторлы қаны бар адамға, оң резус-факторлы қан құйылса, құйған қанда қорғағыш денелер жасалады. Осы қорғағыш денелер жасалған қанға, екінші рет тағы да оң резус-факторлы қан құйылса, соңғысы қанның оң резус-факторы, құйған қанның қорғағыш денелерімен әрекеттесіп, эритроциттер желімделіп, тіршілігін жояды.

Резус-фактор тұқым қуалайды. Егер шешесінің қаны Rh+ болып, әкесінің қаны Rh+ болса, ұрықта Rh+ болуы мүмкін. Бұл жағдайда ұрықтың қанындағы (Rh+) оң резус-фактор жатыр арқылы анасының қанына өтіп, онда қорғағыш денелер жасалады. Кейіннен анасының қанындағы қорғағыш денелер қайтадан ұрыққа жатыр арқылы өтіп, ондағы   эритроциттерді    агглютинациялайды, соның нәтижесінде ұрық еледі не қан ауруларының ауыр құбылысы байқалады. Қанында қорғағыш денелер жасалғандықтан, анаға да оң резус-факторлы қан құюға болмайды. Жануарлар қанының құрамындағы агглютинин және агглютиногеннің мөлшері мен құрылысына байланысты, олардың қанының тобы адам қанының тобынан көп не аз болады. Мысалы, жылқының қаны 4-топқа, қойдын, қаны 3-топқа, ал шошқаның қаны бірнеше топқа бөлінеді.

Лейкоциттер. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, организмде қорғаныс қызметін атқарады. Олардың атқаратын негізгі қызметі: фагоцитоз, қорғағыш денелер жасау, белок алмасу процесі кезінде бөлінген улы заттарды зиянсыздандырып ыдырату.

Дені сау адам қанының бір куб миллиметрінде 6-8 мыңға жуық лейкоциттер болады. Лейкоциттердің санының көбеюін лейкоцитоз, лейкоциттердің санының азаюын лейкопения деп атайды. Лейкоцитоз әр түрлі, қабыну сияқты, ауру кезінде және дені сау адамдарда да байқалады, мысалы ас қорыту процесі, дене жұмысы, ауру түйсіктері күшті сезім әрекеті кездерінде т. б. Лейкоциттер екі үлкен топқа бөлінеді:

1) түйірлі лейкоциттер немесе гранулоциттер;

2) түйірсіз лейкоциттер немесе агранулоциттер.

Түйірлі лейкоциттер тобына эозинофильдер, базофильдер, нейтрофильдер жатады.

Нейтрофильдер езін қоршаған ортаға лизосомды ферменттер бөледі. Базофильдер қанды ұйытпайтын системаның құрамына кіретін активті - гепарин өнімін көбейтеді, әрі биологиялық активті-гистамин синтезіне катынасады. Түйіршік лейкоциттерге - моноциттер мен лимфоциттер жатады. Моноциттер - барлық лейкоциттер санының 4-8 процентін құрайды. Олар сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде және дәнекер тканьдерінде жасалады. Моноциттер макрофагтар деп аталады да, ңейтрофильдер сияқты қызмет атқарады.

Лимфоциттер барлық лейкоциттер санының 25-35%-ін қүрайды, лимфа туйіндерінде, көк бауырда, кілегейлі қабықта дамып жетіледі. Бұл клеткалар кабыну процесіне ұшыраған организмнің қайта қалпына келуін қамтамасыз ететін реакцияларға қатысады.,

Адам мен жануарлар қанында лимфоциттердін, Т және В түрлері бар. Екеуінің де алғашқы формалары сүйек миында жасалады, кейін Т   лимфоциттер   өзінің  дамуын тимуста, ал В лимфоциттер ішектің қабырғасында аяқтайды. Егер тимусты алып тастасақ қанда тек В лимфоциттер болады. Қалыпты жағдайда Т және В лимфоциттері өзара байланыса отырып жұмыс жасайды.

Т лимфоциттері организмдегі барлық иммунитет процесінің активті факторы әрі ұйымдастырушысы. Организмдегі антигендермен жанасу арқылы, Т лимфоциттері олардың генетикалық құрылымын сақтап, онымен күресетін қарсы дененің синтез программасын анықтайды. Т лимфоциттерінде фагодитоз процесін активті түрге түсіретін заттар да синтезделеді. Т лимфоциттері организмге жат тканьдер мен белоктарды, әрі организмнің өзініқ өзгерген (өлген) немесе мутанттарды жою қызметін де атқарады.

Лимфоциттер қан жасаушы органдардың қызметін реттейді. Әсіресе Т лимфоциттері сүйек миында пайда болған басқа ствол клеткаларын жояды.

Лимфоциттер қарсы денелердің құрамына кіретін b және g глобулиндерді синтездей алады.

Т лимфоциттерінің қатысуымен қарсы дене пайда болатын «фабрика» - плазмоциттердің программасы жасалады.

Лейкоциттер - ете аз, емір сүретін қан клеткалары. Олар 7-14 күн ғана тіршілік етеді. Лимфоциттердін. ішінде өте ұзақ тіршілік ететін түрлері де бар. Мысалы Т имфоциттері антигенмен жанасқаннан кейін, қарсы дене жасалатын «фабрикаға» айналып, ұзақ уақыт тіршілік етеді.

Лейкоциттердің қорғаныш функциясы ретикулоэндотелия системасымен (РЭС)  байланыса отырып орындалады.

Ретикула және эндотелия клеткалары, гистоциттер де (кезеген байланыстырғыш ткань клеткасы), лейкоциттер сияқты қанға, ткань сүйықтығына түскен басқа жат денелерді жұтып жібереді.

 

ҚАННЫҢ   ЖАСАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАН СИСТЕМАСЫНЫҢ РЕТТЕЛУІ

 

Қан түйіршіктерінің жасалуы және бұзылуы. Қан клеткалары түзілетін және олардың бұзылатын органдары да қан системасына жатады. Бұл системаға: сүйек кемігі, бауыр, көк бауыр және лимфа бездері кереді. Үлкен адамның қан клеткалары сүйек  кемігінде түзіледі.   Ал   ұрықтың   дамуында   сүйек   кемігімен қатар бауыр да осы қызметті коса атқарады. Адам өскен сайын бауырдың бұл қызметі бірте-бірте жойылады.

Қанның клеткалары түзілетін органдарды қан жасаушы органдар дейді.

Бір тәулікте 200-250 млрд эритроциттер түзіліп тұрады. Олар сүйек кемігіндегі ядролы эритробласт клеткасынан жасалады. Олардың протоплазмасындағы рибосомадан тұратын түйір затында гемоглобин түзіледі.

Эритроциттер шамамен 120 күн тіршілік етеді, содан кейін бауыр мен көк бауырда үнемі бұзылып отырады. Олар бұзылғаннан кейін гемоглобиннің құрамында темір молекуласы жоқ өт пигменттері — билирубин мен биливердин түзіледі. Ал бұзылған гемоглобиндегі темір молекулалары жаңадан пайда болған гемоглобиннің құрамына өтеді.

Қан жасаушы органдардың реттелуі. Организмнің қалыпты жағдайында жасалатын және бүзылатын эритроциттерінің жалпы саны бірдей болады. Организмде оттегінің жетіспеуі, эритроциттердің санының шамадан тыс көбеюіне әкеліп соғады.

Орыстың атақты ғалымы, дәрігер С. П. Б о т к и н  өткен ғасырдың 80-жылдарында қан жасаушы органдар қызметін нерв системасы реттейтіндігін ашты. С. П. Боткин өзінің лабораториясында иттерге мынадай тәжірибе жасады. Сүйек кемігіне келетін нервті тітіркендіргенде, олардың қанында эритроциттердің саны артқан, ал симпатикалық нервті тітіркендіргенде лейкоциттердің саны артқан.

Тамақ ішкеннен кейін ас қорыту процесі күшті жүреді, сол уақытта лейкоциттердің саны артады, мұны тамақ лейкоцитозы деп атайды. И. П. Павловтық оқушылары зерттеп, тамақ лейкоцитозын шартты рефлекс арқылы жасауға болатынын дәлелдеді. Қан жасаушы органдарда, сүйек кемігінде, көк бауыр, бауыр, лимфа бездерінде толып жатқан рецепторлар бар. Осы рецепторларды тітіркендірсе, әр түрлі физиологиялық реакция береді. Сонымен, қан жасаушы органдар нерв системасымен екі жақты байланыста болады: біріншіден, қан жасаушы органдар өзінін қызметін реттей отырып, жоғары нерв системасынық импульсін қабылдайды, екіншіден, өзінің физиологиялық жағдайын орталық және жоғары нерв системаларына хабарлап, өзінің және организмнің өзгеруіне байланысты жаңа рефлекстердің пайда болуын реттейді.

 

ҚАН АЙНАЛУ ОРГАНДАРЫ

Қан және лимфа айналудың жалпы с х ем а с ы. Жылы қандыларда қан организмді толық бір рет айналып шығу үшін жүректен екі рет ағып өтуі керек: бірінде жүректің сол жақ бөлімінен, екіншісінде оның оң жак бөлімінен ағып өтеді. Жүректің сол жақ қарыншасы канды қолқаға айдап шығарады. Ал колкадан - артерия тамырлары өте ұсақ артериялар мен артериолдарға тарамдалып, бүкіл организмді артерия қанымен қамтамасыз етіп отырады. Өте ұсақ артериялар және артериолдар жіңішке капилляр тамырларға тарамдалып, кейіннен тарамдалып бөлінген капилляр тамырлар өзара қайта бірігіп,  вена тамырының негізін  құрайды. Ұсақ вена тамырлары бірте-бірте бірігіп, іріленіп вена тамырларын түзеді. Екі вена куысымен аққан вена қаны жүректің оң жақ жүрекшесіне келіп құяды.

Қан айналу системасының сол жақ қарыншадан қолқа түрінде басталып, оң жақ жүрекшеге келіп құятын қанның жолын - қан айналудың үлкен шеңбері деп атайды. Қан айналудың үлкен шеңберін құрайтын артерия тамырларында оттегіне қанық артерия қаны ағады. Қапиллярға келгенде артерия қаны өзінің құрамындағы оттегінің біразын тканьге береді де, оның орнына зат алмасу процесінің нәтижесінде тканьде түзілген көмір қышқыл газымен әрекеттесіп, вена қанына айналады.

Оң жақ жүрекшеге құйылған вена қаны кейіннен оң жақ карыншаға ауысады да, одан өкпе артериясы және оның тармақтары арқылы өкпе кепіршіктеріне қарай бағытталып ағады. Өкпе капилляры мен өкпе көпіршіктері арасындағы газ алмасу процесі арқасында вена қанындағы көмір қышқыл газы шығып, оның орнына оттегі қанға өтіп, қан артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу системасының оң жақ қарыншадағы өкпе артериясы турінде басталып, сол жақ жүрекшеге келіп өкпе веналарымен аяқталған бөлігін қан айналудың кіші шеңбері немесе өкпелік шеңбер деп атайды. Бұл шеңбердің капиллярлар қабырғалары арқылы қан өкпедегі ауадан оттегін алып сіңіреді, клеткалардан әкелген көмір қышқыл газды бөліп өкпеге шығарады.

Сонымен қанның толық бір айналуы   екі   жарты шеңберд ден, осы шеңберлер аркылы организмдегі барлык кан мөлшepi бip жуйемен ағып тұрады (1-түстi таблица).

Қан тамырлар системасы ішінде аққан қан организмнің клеткаларымен тікелей жанаспайды. Клетканың сыртын қоршап тұрған сұйық орта ткань сұйықтығымен жанасады. Ткань сүйықтығы клеткалардың арасындағы барлық бос жерді алып жатады да, дененің барлық салмағының 50%-ін құрайды. Қан капиллярларының ішінде еріген заттары бар судың біраз мөлшері ткань сұйықтығына өтеді. Ткань сұйықтығының артығы ірі екі лимфа тамырларына етеді де, вена қуыстары арқылы оң жақ құлақшаға құяды. Бүкіл организмдегі артық ткань сұйықтығы екі лимфа тамыры арқылы ағып кетіп отырады.

 

ҚАН ЖӘНЕ ЛИМФА АЙНАЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Организмде қан және лимфа айналудың маңызы зор, олар тасушы, реттеуші қызмет атқарады. Өкпеден, ішектен ағып өткен қан оттегімен және қоректік заттармен байиды да, бүкіл организмніқ тканьдеріне, клеткаларына осы заттарды жеткізіп түрады. Зат алмасу процесінің нәтижесінде олардан бөлінген ыдырау өнімдерін реттеп, пайдаланатын өнімдерді пайдаланып, ал пайдаланбайтын өнімдерді шығаратын органдарға жеткізеді.

Қан құрамына бүкіл организм органдарын езара байланыстырып, реттейтін екінші бір органның бөлген биологиялық актив заты - гормондар. Ол шапшаң таралып жеткізіліп отырылады. Қан айналу шеңберлерімен қанның үздіксіз ағуы және лимфа тамырлары арқылы лимфаның артығының ағып кетуі, тканьмен сыртқы ортаның зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде ткань сүйықтығының ортасы салыстырмалы тұракты бір шамада сақталады да, организмніқ тіршілік қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.

Ж ү р е к. Жүрек - көкірек қуысында орналасқан қалың ет органң. Оның қабырғасы жүректің көлденен, жолақ ет талшықтарынан құралады да, дәнекер тканьмен тартылып біріктіріліп бір тұтас болып тұрады. Жүректің сыртын берік дәнекер тканьнен түзілген перикард (жүрек қабы) қаптап жатады. Перикардтың ішкі жағы мен жүректін сыртқы жағын жұқа, әрі тегіс эпителий клеткалары қаптап жатады. Жүрек қабының ішінде жүрек жиырылғанда үйкелісті азайтатын жүрек сұйықтығы болады.

Жүректің   нерв   импульсін   еткізетін   жолдарын жүрек ет талшықтары және   оларды   жалғастырып тұратын күрделі протоплазмалық кепіршелер торы кұрайды. Сондықтан жүрек еттері жиырылғанда «барлығы немесе жоқ» - деген заңға бағынады.   Бұл   заң   бойынша, егер жүрекке келетін   нерв   импульсінің   күші    ет   талшықтарын   түгел жиырылта алатындай болса, жүрек жиырылады, ал одан куші   кем   болса,   жүрек   жиырылмайды. Жүректің және барлык   кан   тамырларының   ішкі   жағы   жұқа, тегіс әрі жылтыр тығыздала орналасқан клеткалар қабатынан тұрады, оны эндотелие деп атайды. Эндотелие қабаты қаннын іште ұйып   қалмауын   реттейді.   Әр түрлі  ауруларға байланысты эндотелие қабаты   бұзылғанда, жараланғанда оның іші кедір-бұдыр болып, қан  тамырының  ішінде қан ұйып, оны   бітейді   де, қанның  ағуына   кедергі   жасайды.

Миокард — жүректің негізгі массасын құрайтын ортаңғы ет қабаты. Миокардтың кұрылысы   мен  функциясында өзіне тән ерекшелігі, әрі сирек кездесетін өзгешелігі бар. Миокард  құрылымдық ерекшелігіне байланысты скелет ет талшықтары мен   ішкі органдар қабырғасын құрайтын бірыңғай салалы ет  талшықтарынын арасынан орын алады. Миокардтың құрылысы, скелет етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына өте ұқсас. Екеуінің де саркоплазмасында    актин    және   миозин   миофиламентінен   тұратын миофибриллдер бар, тек миокардта саркоплазма ретикулумы сиректеу.   Екеуінде  де   жиырылу   процесі   уақытында саркоплазма ретикулумынан кальций ионының  саркоплазмаға шығу механизмі ұқсагі, тек миокардта кальций ионы сыртқы ортадан да кіреді.

Саркоплазмадағы кальций ионының концентрациясы әр уақыт миокард ет талшықтарының жиырылу биіктігін анықтайды да жүректің күшті жиырылуына әсер етеді. Миокард ет талшықтары өзара бірігіп, біртұтас тор немесе синцитий құрайды.

Әрбір осындай тордың ішінде жан-жағына тарамдалған формасы цилиндр тәрізді миокардиалдық көптеген талшықтары бар. Параллель орналасқан жүрек ет талшықтары осы миокардиалдың талшықтары аркылы өзара байланысып, біртұтас ет қабатын құрайды. Жүрек етінің кез келген синцитиінде пайда болған қозу толқыны, миокардқа бірдей жылдамдықпен жайылады.

Жүрек еттерінің негізгі физиологиялық қасиеттері. Жүрек еттерінде де, скелет еттері сияқты козу, жиырылу, қозу толқынын өткізу қасиеттері болады.

Қозу. Электрлік, механикалык, температура, химиялық тітіркендіргіштер арқылы әсер етсек, жүрек еттерінде қозу пайда болады.

Жүрек еттерінің жиырылу күші скелет еттеріндегі сияқты тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Олар порог күшіне максимальды жиырылады да, содан кейін тітіркендіргіштің күшін қанша өсірсе де жиырылу биіктігі өзгермейді. Жүрек еттерінің жиырылу биіктігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің осы қасиетіне Боудичтің жоғарыда айтылған «барлығы немесе жоқ» деген заңы негізделген. Бұл заңға миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Мысалы, барлығының да өзгеруіне, температура, еттердің созылуы, шаршауы т. б. факторлар әсер етеді.

Микроэлектрод техникалық әдіс арқылы ғалымдар, қозбай тұрған жүрек ет клеткаларының цитоплазмасы, клетканың ішкі бетімен салыстырғанда теріс зарядталып, клетканың сыртқы беті поляризационалады. Мембрананың бұл потенциялының биіктігі 80-90мВ. Қозу уақытында клетка мембранасында  потенциалдық  айырым  бірқатар азаяды. Соның нәтижесінде натрий  катионы мембрана аркылы клетканың ішіне кіріп, цитоплазма өзінің теріс зарядынан айрылады, клетка мембранасы деполяризацияланады да оқ  зарядқа ие болып, потенциал биіктігі 20-30 мВ-ке теңеледі. Жүрек ет клеткаларында, скелет еттерімен  салыстырғанда әсер потенциалы үзаққа созылады.

Жүрек еттері минутына 70 рет жиырылса, әсер потенциалы 0,3 секундқа созылады. Ал жүректің жиырылуы жиілесе әсер потенциалы уақыты қысқарады, сиресе,  керісінше ұзарады.

Бір козу толқыны екіншісімен неғұрлым тез ауысып отырса, соғұрлым әсер потенциалы шапшаң өтеді. Міне осы жағдай синус түйінінде пайда болған әр түрлі қозу ритміне байланысты, жүрек еттерініқ жұмыс кабілеті өзгеріп, әрі соған бейімделіп отырады. Жүрек еттерінде қозу толқыны ұзақтығының тез езгеруі аркасында, жүрек бір түрлі жұмыс ритмінен екіншісіне ауысуына мүмкіндік алады. Жүрек етінің қозу уақытында немесе іле қозудан кейін тітіркендіргішке жауап қайтара алмауын абсолюттік рефрактерлік кезен. деп аталған. Бүл кезен үзақтығы әсер потенциалынан қысқа болады да журек систола уақытымен сәйкес келіп, жүрек еттері біркелкі жиі келген импульске ұзак  уакыт кыскарып жауап бере алмайды. Себебі жүрек жиі берілген тітіркендіргіштің барлығына кезегімен жауап беріп үлгере алмайды.

Абсолюттік  рефрактерлік кезеңнен кейін жүректе қозу аздап кетеріледі. Осы уақытта жүрек өте күшті берілген тітіркендіргішке жауап қайтара  алуын  салыстырмалы  рефрактерлік кезең  деп атайды. Бүл кезеңнен кейін өте күшті қозу кезеңі байқалады да, экзальтация кезеңі басталады. Бұл кезеңде жүрек еттері қозу пайда ете алмайтын тітіркендіргіштің (подпорог) күшіне де қозып жауап қайтарады.

Өте қатты созылған жүрек еттері, өте күшті жиырылады. Мұны Старлингтің «жүрек заңы» деп атайды, бүл заңдылық жүрекке өте   көп   қан кұйылғанда байқалады.

Жүрек  еттерінін, ете қатты созылуы,  актин мен миозин белоктарының жанасу келемін кебейтеді де, жиырылу биіктігі артады.  Жүректің  шығаратын  қан  көлемінің артуының  адаптациялық  манызы зор. Мысалы өте ауыр дене қызметін жасағанда жүрек еттерінің жиырылу күші симпатикалық нерв арқылы реттеліп, миокардта зат алмасу процесі күшейіп, жұмыс істеп тұрған жүрек еттері жақсы қоректенеді. Жүректің жиырылу жылдамдығына ауа, дене температурасы, күн мен жыл тәуліктері, психико-эмоциялық процестер, нерв системасының жалпы физиологиялық жағдайы т. б. факторлар әсер етеді.

Сүтқоректілер  мен  құстардың жүрегі төрт камераға бөлінген. Жоғарғы  бөлімінде  оң және сол жүрекшелері, ал төменгі белімінде оң және сол қарыншалар орналасады. Жүрекшелердің қабырғасы жұқалау келеді де ол  вена тамырларымен келген канды қарыншаларға кұяды. Қарыншалардың қабырғасы калыңдау болады, өйткені қан жүректен артерия қан тамырлары арқылы шығарылып, бүкіл организмге таратылады.

Жүрек өзінің насостық ролін атқаруы үшін қақпақтармен қамтамасыз етілген, олар автоматикалык жолмен жабылуы арқасында қан тамырларына шығарылған канды кері қарай ағызбайды. Жүректін, екі жақ белігіндегі жүрекшелері мен қарыншаларынын арасында тесік бар. Ал жүректің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігінің арасында қатынас жоқ. Сонда жүректің екі жақ бөлігінде насостар бар сияқты (оң жақ және сол жақ насостар). Оң жак. жүрекше мен қарыншаның тесігін жауып тұратын қақпақты үш жаңтаулы қақпақ,  ал  сол жақ жүрекше  мен  қарыншаның тесігін   жауып   тұратын   қақпақты   қос жақтаулы қақпақ деп атайды. Бұл қақпақтар жабылғанда қан жүрекшелерге қарай ауысып өтпеуі үшін тесікті дәл жауып тұратын кақпақтардың жіңішке тарамыс жіпшелері болады. Олардың бір жағы кақпақтар жармасына бекітілсе, екінші жағы жіңішке  қарыншалардың   ішкі  қабатындағы емізік  етке бекітіледі. Қарыншалардан шығатын екі ірі артериялардың түбінде де дәнекер тканьнен жасалған екі айшык кақпақтар бар. Бірі оң жақ қарынша мен өкпе артериясы, екіншісі сол жақ қарынша мен қолқа арасында орналасады. Қан қарыншалардан артерия тамырларына шығарылғанда, бұл қақпақтар қабырғаға жабысады да, қанның ағу бағытына ешқандай кедергі   жасамайды.  Ал қарыншалар босаңсығанда, артерия тамырларында қан қысымы жоғары болғандықтан, қан кері қарай қарыншаға ағады, сол кезде кері аққан қан айшық қақпақтардың куысына толады да, өкпе артериясы мен қолқаның  көлденең  кесіндісін жауып тастап, қанды қарыншаларға өткізбейді  (III түсті таблица).

Оң жақ жүрекшеге келіп кіретін екі үлкен қуыс веналарда   және   сол  жақ   жүрекшеге   келетін өкпе вена қан тамырларында- ондай қақпақтар жоқ, сондықтан жүрекшелер қанының біраз мөлшері вена тамырларына қайта құйылады. Кері құйылатын қан мөлшерінің аз болу себебі: вена тамырларының жүрекшелермен   жалғасатын ұшында жүрекшелер жиырылар алдында өзінен-өзі жиырылып қалатын   деңгелек   бұлшық   еттер   бар.   Оң   жақ   жүрекшеге өкпеден басқа барлык, денеден   жиналып   ағатын қан екі үлкен қуыс венамен келіп құяды. Жоғарғы қуыс вена қанды бастан, екі қолдан және дененің жоғарғы бөлімінен, ал төменгі куыс вена екі аяқтан   және  дененің төменгі бөлімінен жинайды. Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншамен   салыстырғанда   қалыңырақ   болады, себебі: сол қарынша қолқа арқылы артерия  қанын   бүкіл денеге  таратып ағызады, ал оң жақ қарынша қанды тек әкпеге айдайды.

Қанның жүрек арқылы жүретін жолын қыскаша төмендегідей сипаттауға болады. Барлық денедегі қан оң жақ жүрекшеге құйылады да толғаннан кейін оның жиырылуынан үш жақтаулы қақпақтар ашылып, қан оң жақ карыншаға өтеді. Содан кейін оң жақ қарынша жиырылады, үш жақтаулы қақпақтар жабылады да, айшық қақпақтар ашылып, вена қаны жүректен өкпе артериясы аркылы өкпеге шығарылады. Өкпеге шыққан вена қаны көпіршіктері арқылы артерия қанына айналып, өкпе вена қан тамырымен сол жақ жүрекшеге келіп құяды. Толғаннан кейін оның қабырғасы жиырылуынан екі жақтаулық қақпақ ашылып, қан сол жақ қарыншаға ауысады, Сол жақ қарынша толғаннан кейін жиырылады, екі жақтаулы қақпақтар жабылып, айшық қақпақтар ашылады да қан үлкен қысыммен қолқаға шығарылып, бүкіл үлкен кан айналыс шеңбері арқылы таралады.

Жүректің ет талшықтарын жүрек камераларынан өтетін қан қоректендіре алмайды, себебі: канның құрамындағы қоректік зат пен оттегі жүректің қабырғасы қалың болғандықтан диффузия жолымен өте алмайды. Жүректің ішкі ет талшықтарына артерия қанын қолқаның басталар жерінен тармақталған жүрек артерия тамыры жеткізеді. Ал жүрек ет талшықтарынан жиналған вена қаны, жүректің вена қан тамырлары арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.

Жүректің жиырылуы. Жүректің қызметі ұрыктың даму кезеңінің ең алғашқы сатысынан басталып, организмнің барлық тіршілік процесінде үздіксіз белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады. Организмнің барлық тканьдері үздіксіз оттегін қажет еткендіктен, оны жеткізіп тұратын қан үнемі ағуы керек. Ал қан тамырларында қанның, ағуы жүректің жиырылуына - байланысты болғандықтан, жүрек бірнеше минут тоқтаса да, ми клеткаларына оттегі жетіспейді де, адам есінен танады, жүрек тоқтаса, адам өледі.

Адамның жүрегі қалыпты жағдайда бір минутта 5 литрге жуық қанды, ал бір соққанда 75 мл қанды қабылдап және сонша қанды шығарады. Сонда әрбір минут сайын жүректен организмдегі қанның барлық мөлшері өтіп отыратын сияқты. Ал шынында барлық қан мөлшері бір минутта жүректен ағып өтпейді: қысқа жолмен ағатын қам бірден көбірек, ал ұзын жолменен ағатын қан жүрекке қайта келіп құйып үлгермейді.

Адам жүрегі 70 жыл ішінде 2600 миллионға жуық жиырылып, 155 млн литрдей (150 мың г) қанды жүрек қабылдап және сонша қанды шығарып тұрады. Сонда жүректің қызметі орта есеппен  салмағы   10 тонна   жүкті, 16 км

1 - с у р е т. Жүректің өткізгіштік системасы.

1 — синусоартериальдық   түйін;

2 — атриовентрикулярлық   түйін;

3 — Гис   шоғыры.

биіктікке көтеруге кеткен күшпен тең.    Бұл - салмағы   300 грамға   жуық   органның   қызметі.  Адамның дене қызметі күшейген    сайын    жүректің   бір минуттағы соғу саны мен бір  минуттағы қабылдап және шығаратын қанның көлемі де артады.  Жүректі   шынықтырғанда мысалы, спортшыларда жүректің, соғу саны азайып, жүрек ет  талшықтарының  жиырылуы   күшейеді   де,   әр   соққанда қабылдап   және   шығаратын қанның  көлемі  көбейеді,    сонық    нәтижесінде    жүректің минуттық көлемі артады. Жүрекке келетін нервтерді кесіп тастаса да, жүрек соға береді. Бұдан біз жүректің қызметі мидан импульс келмей қалса да, тоқталмай соға беретінін  көреміз.   Бөлініп   алынған   жүректі   денедегідей физиологиялық сүйықтыққа салса, жиырыла береді.  Мұндай сырттан тітіркендіргіш берілмей өзінен-өзі жиырылуды жүрек еттерінің автоматикалық қасиеті деп атайды. Мұндай автоматикалық қасиет жүрек еттерінен бөліп алынған жеке жүрек ет талшықтарындай да   бар екені анықталған. Бұл қасиет жүрек ет талшықтарындағы атиптік ет тканьдеріндегі гликогенге бай Пуркенье талшықтары, нерв клеткалары мен олардың өсінділері және үлкен ми сыңарларының қыртысынан келетін екі нерв системасының талшықтары қосылып, барлығы жүректің қозу импульсін өткізетін система құрайды (1-сурет). Бүл система жүректе ғана болады да орталықтан  тебетін   нервтермен   келген нерв импульстерін қабылдап, жүректің қызметін әр түрлі жағдайларға байланысты езгертіп реттеп отырады. Бұларда нерв тканінің және ет тканінің қасиеттері бар.   Мұндай системаның жобасы төменгі сатыдағы омыртқалыларда да болады. Мысалы: балықтар мен бақанын, жүрегінде веноздық синус деген жеке бөлімі   бар.   Веноздық синусқа қан вена тамырларынан құйылады да кейіннен ол қан оң жақ жүрекшеге   ығыстырылып  шығарылады. Ал жоғарғы   сатыдағы дамыған омыртқалыларда веноздық синус жойылып, оның орнында толып жатқан атипті.к ет тканьдерінде нерв түйіндері қалып, өткізгіш системасының басы - синус түйіні пайда   болған.   Бұл   түйін жоғарғы вена қуысының оң жақ жүрекшеге жалғасатын жерінде орналасқан. Осы түйін екіге тарамдалып, бірі төменгі вена қуысына карай, екіншісі оң жақ жүрекшенің қабырғасының бойымен орналасады. Екінші атиптік ет тканьдері мен нерв клеткаларының топтасқан жерін атриовентрикулярлық түйін деп атайды. Бұл түйін екі жүрекшелердін  арасында орналасады. Осы түйіннен төмен қарай тармақталған қарыншаларды бөліп тұрған пердеге келіп тіркелетін қалың ет шоғыры орналасады, мұны Гис шоғыры деп атайды. Гис шоғыры оң және сол тармаққа белініп, қарыншаларды алып жатады. Әр қарыншадағы Гис шоғырынық аяғы тарамданып жіңішке жеке талшықтарға бөлініп, олардың аяғы қарыншалардың қабырғасын құрайтын қалың ет қабаттары мен емізік еттердегі атиптік ет талшықтарымен жалғасады. Гис шоғыры қозу импульсін жүрекшелерден қарыншаларға еткізеді. Әрбір белгілі уақыт арасы еткен соң веноздық синус түйіннен жүрекшелердің еті арқылы жиырылу толқыны тарайды. Ол толқын атриовентрикулярлық түйін арқылы Гис шоғырының бойымен қарыншаларға етеді. Жүрекшелер мен қарыншалардың арасын байланыстыратын ет талшықтары жоқ. Олардың үйлесімді жиырылуы өткізгіш жолдары арқылы реттеледі. Импульс веноздық синуста пайда болып өткізгіш жолдар арқылы қарыншаларға дейін бір бағытта еткізіледі. Сонда импульс жоғарыдан темен қарай өтеді, ал кері бағытта импульс жүрмейді, мұны жүректің градиент заңы деп атайды.

Веноздық синус жүректің соғу жылдамдығын реттейтіндігін сол түйінді жылыту немесе салқындату арқылы дәлелдеуге болады. Жылытса жүректің соғуының жиілегенін, салқындатса баяулайтындығын байқауға болады. Егер әр түрлі ауруларға байланысты веноздық синус бұзылса, оның қызметін атриовентрикулярлық түйін атқарады.

Жүректің әрбір соғуы жүрек еттерінің жиырылуынан және босаңсуынан тұрады. Қалыптағы соғу жиілігі 1 минутта 75 рет. Жүректің еттерінің бір рет жиырылуы мен босаңсуы жүректің толық айналымы болып табылады. Жүректін, толық бір айналым жиырылуына 0,8-0,9 секунд уақыт кетеді. Қарыншалар мен жүрекшелер бір уақытта жиырыла алмайды. Алдымен жүрекшелер жиырылады, оған 0,1 секунд уақыт кетеді, одан кейін қарыншалар жиырылады, оған 0,3 секундтай уақыт кетеді. Ал қалған 0,4-0,5 секундта жүректің барлық камералары босаңсып тыныс алады. Алғашқы жиырылу толқыны пайда болатын веноздық синус оң жақ жүрекшеде орналасқандықтан оң құлақша сол құлақшадан бұрынырақ жиырыла бастайды.

Ж ү р е к т і ң  ж и ы р ы л у ы р ғ а ғ ы. Жүрек ырғақпен жұмыс істейді, оның еттерінің жиырылуы босаңсуымен кезектесіп отырады. Жүрек еттерінің жиырылуын - систола, босаңсуын - диастола - деп атайды. Жүректің толық бір айналым сатысын жүрекше жиырылуынан бастап кезекті жүйелілігімен баяндаймыз.

1. Ж ү р е к ш е л е р д і ң  ж и ы р ы л а  б а с т а у ы — жүрекшелердің жиырылуы кезінде жиырылу толқыны веноздық синус түйіннен басталып жүрекшелердін, қабырғасымен таралып, қанды қарыншаларға карай ығыстырады. Қарынша қанға толады, өйткені онда кысым жүрекшедегіден төмен, әрі екі-үш жақтаулы қақпақтар ашық. Атриовентрикулярлық түйіннен импульс жай жүріп, әрі қарай Гис шоғырына кетеді.

2. Қ а р ы н ш а л а р д ы ң    ж и ы р ы л а     б а с т а у ы.  Гис шоғырымен өткізілген импульс қарыншалардың ет қабатына жетіп, олар жиырыла бастайды, қысьщ тез артады. Екі-үш жақтаулы қақпақтар жабылып, жүректе ең бірінші дыбыс пайда болады.

3. Қ а р ы н ш а л а р д а    қ ы с ы м н ы ң   а р т у ы.    Қарыншаларда пайда   болған  қысым   артерия тамырларындағы қысыммен теңескенше   өте   жылдам   арта бастайды. Айшық   қақпақтар   жабық   болғандықтан, кан қарыншаларда болады.

4. А й ш ы қ   қ а қ п а қ т а р д ы ң   а ш ы л у ы.   Қарыншалардың ішкі қысымы артерия тамырларының кысымынан арта бастағанда, айшық қақпақтар ашылады да, қан қысымы жоғары жерден кысымы   төмен   өкпе   артериясы мен    қолқаға   қарай   ығысып   шығады.    Қарыншалардың
жиырылуы аяқтала бастағанда, қанның ығыстырылу шапшаңдығы темендейді. Қарыншалардың босаңсу кезеңі басталады.

5. Қ а р ы н ш а л а р д ы ң    б о с а қ с у    к е з е ң і н і ң б а с т а л у ы.   Қарыншалар босаңсыған сайын, қысымы да артерия тамырларындағы  қысымнан  төмендей  бастайды. Сол  кезде   айшық  қақпақтар   жабылып, жүректе  екінші дыбыс пайда болады.

6. Қ ы с ы м н ы ң   к е м у  к е з е ң і.  Айшық қақпақтар жабылған   соң   да   қарыншалардың   қабырғасы   одан әрі босаңси бастайды, қысым да кеми береді.   Бұл кезде қарыншалар жиырыла басталғанда, жабылған екі-үш жақтаулы қақпақтар да сол қалпын өзгертпейді, себебі: қысым жиырылған сайын пайда болатын жұмыс тогын дененің сыртынан электрокардиограф деген құрал арқылы қисық сызық түрінде жазып алуға болады. Егер жүректің қызметі өзгерсе, жұмыс тогын тіркегендегі қисық сызықты қалыпты жағдайдағы қисық сызықпен салыстыру арқылы жүректің қай бөлімінін. жұмысының өзгергендігін білуге болады.

Қозған және бөгеліп тұрған тканнің арасын жалғап, пайда болған биотокты тіркеп алуға болады. Жүректің қозып түрған бөлімі - теріс бөгелісі - оң электр зарядымен зарядталады. Ал қарынша жиырылса, теріс электр зарядымен зарядталады да, тыныштықта тұрған жүрекшемен салыстырғанда қозып, жиырылғанда қарынша теріс электр зарядымен зарядталады. Қозған және козбай бөгеліп тұрған жердіқ арасындағы электр потенциалы айырымынан пайда болған электр тогы дененің барлық жеріне таралады.

Жүрек жүмыс жасағанда пайда болған биотокті тіркеп алуды электрокардиограмма деп атайды. Жүрек әр жиырылған (цикл) сайын электрокардиограммада 5 тіс пайда болады. РQРSТ - тісі жүрекшелер қозғанда пайда болған электропотенциялық айырымын көрсетеді. QRS тістері қарыншаларда қысым жоғарылап, ондағы қозудың өзгере бастағанын, тісі аяқталғанын керсетеді.

Р-Q тістерінің ара қашықтығы, өткізгіш жолдар арқылы қозу толқынының жүрекшеден қарыншаға өткізілуіне кеткен уақытты көрсетеді. Р-Т тістерінің ара қашықтығы  механикалық систоланың уақытымен сәйкес  келеді.

Ж ү р е к  қ ы з м е т і н і ң  н е р в  а р қ ы л ы  р е т т е л у і. Жүректің физиологиялық бір қалыпты қызмет етуі организмнің сол уақыттағы сыртқы және ішкі ортасына өте тығыз байланысты. Организмнің тіршілігіне қарай жүрек қызметі үнемі бейімделіп, нерв арқылы рефлекторлық жолмен реттеліп отырады. Жүректің қызметін орталықтан тебетін симпатикалық және кезеген нервтер реттейді. Жүрекке жақындағанда симпатикалық нерв талшықтары кезеген нерв талшықтарымен қосылып бір нерв құрайды. Сондықтан жүректің көпшілік жеріндегі нерв торларының құрамында екі нерв талшығы болады.

Ж ү р е к т і ң  с и м п а т и к а л ы қ  н е р в т е р і.  Жүректің симпатикалық нервтерін тітіркендірсе, жүректің қызметі жылдамдайды. Бұл құбылысты 1866 жылы ағайынды Циондар ашты. Олар симпатикалық нерв талшығын - жүректің қызметін жылдамдататын нерв деп атады. Ал 1886 жылы И. П. П а в л о в итке тәжірибе жасау арқылы симпатикалық нерв талшығы жүректің қызметін күшейтетіндігін де дәлелдеді. Жүректің қызметін күшейтетін симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендіру арқылы жүрек еттерінің жиырылу биіктігін арттырумен (тездетуімен) қатар, тоқтап қалған жүректі қайта жұмыс жасатуға болады. Бұл нерв талшығы жүрек еттеріндегі зат алмасу процесін жоғарылату арқылы жүректің ет талшықтарын жақсы коректендіреді де барлық тіршілік процесін, яғни қозуын, жиырылуын және импульс өткізу жылдамдығын арттырады. И. П. Павлов бұл нервке трофикалық нерв деп ат берді (трофикалық - қоректендіруші - деген сөз).

Жүректің жұмысын жылдамдататын симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде жүрекшелер мен қарыншалардың жүмысындағы аракатынас бұзылады. Мысалы, қарыншалар бір жиырылғанда, жүрекшелер екі рет жиырылып үлгереді (ырғағы 1 : 2 болады).

Ал жүректін, жұмысын күшейтетін симпатикалық нерв талшығын тітіркендірсе, осы бұзылған арақатынасты өзінін  қалпына келтіреді (ырғақты 1 : 1 теңейді).

Симпатикалық нерв талшықтарын кесіп тастаса, жүректің соғу ырғағы баяулайды жүрек тоқтап қалады.

Ж ү р е к к е  к е з е г е н   н е р в т е р д і ң  ә с е р і. Кезеген нервтерді тітіркендірсе, жүректің жиырылуы баяулап, тоқтап қалады. Жүректің қозуы әрі сол қозу импульсін өткізуі баяулайды, жүрек еттерінің жиырылу биіктігі төмендейді, босаңсу уақыты артады.

Кезеген нервтің ядросы сопақша мида орналасады да, үнемі тонусы жоғары болады. Кезеген нервтердің ядроларының аздап болса да, үздіксіз қозу күйінде болуы, қандағы адреналин гормоны мен калий ионына байланысты. Себебі, бұл заттар симпатикалық нерв системасын да қоздырады. Ал симпатикалық нерв системасының қозуы кезеген нервтіқ бөгелуін оңайлатады.

Барлық вегетатив нервтері сияқты жүректің қызметін реттейтін нервтер де 2 нейроннан тұрады. Бірінші нейрон өсінділері, ядросы сопақша мида жататын кезеген нерв. Кезеген нерв жүректің рецепторына жетіп аяқталады. Осы жерде екінші нейрон орналасады да, өсінділері веноздық синус түйініне, жүрекшенің еттеріне, артриовентрикулярлык. түйінге барып аяқталады. Жүрек қарыншалары кезеген нерв арқылы нервтенбейді.

Жүрекке импульс жеткізетін симпатикалық нервтің бірінші нейроны жоғарғы бес кекірек жүлын сегментінің алдыңғы мүйіз тәрізді бөлігінің бүйір бөлімінде орналасады. 

Бұл нейрондардық өсіндісі мойын және көкірек симпатикалық түйіндеріне келіп аяқталады. Бұл түйіндерде, екінші нейрон орналасады, оның аксондары жүрек өт талшықтарына барып аяқталады. Жүректің симпатикалық нервтерінің көбісі (ganyl stellatum) жұлдыз тәрізді түйіннен шығады.

К е з е г е н   н е р в т і ң  ж ү р е к к е  ә с е р і. 1845 жылы ағайынды Веберлер жүректің қызметін кезеген нерв баяулатып, диастолы уақытын ұзартатындығын сол нервті тітіркендіру арқылы дәлелденген.

Электр тоғымен кесілген кезеген нервтің шеткі бөлімін тітіркендіргенде жүректің жауап эффектісі тітіркендіргіштін, күшіне байланысты екені анықталған. Әлсіз тітіркендіргіш жүректің жиырылуын баяулатқан. Бүл жағдайды - теріс хронотропты эффект, ал жүрек еттерінің жиырылу биіктігінің (амплитудасының) төмендеуін - теріс инотропты эффект деп атаған.

Күшті тітіркендіргішпен әсер еткенде жүрек біраз уақыт тоқтап қалады. Себебі кезеген нерв жүректің қозуын төмендетеді, оны қайтадан қоздыру үшін тітіркендіргіштің күшін есіру керек болады. Кезеген нерв әсерінен жүрек еттерінің қозуының төмендеуін теріс батмотропты эффект, жүрек еткізгіш жолдарынан импульс өту жылдамдығы баяулауын теріс дромоторопты зффект дейді.

Ж ү р е к к е  с и м п а т и к а л ы қ  н е р в  ә с е р і. Симпатикалық нервті тітіркендіргенде жүрек еттерінің жиырылу күшінің есуін - оң инотропты эффект дейді. Симпатикалық нерв тітіркенгенде жүректің еткізгіш жолдарынан импульс өту жақсарады.

Ж ү р е к  қ ы з м е т і н  р е т т е й т і н  н е р в  о р т а л ы қ т а р ы. Жүрекке импульс жіберетін нерв орталықтары үнемі қозып тұрады. Қезеген нервтер бөгейтін, ал симпатикалық нервтер арқылы жүректің қызметін күшейтетін әрі жылдамдататын импульс жеткізіледі.

Кезеген және симпатикалық нервтер арқылы нерв орталықтарынан жүрекке берілетін импульстер, әсері, кезеген нервті және симпатикалық нерв шығатын екі жұлдыз тәрізді нерв түйінін кесу арқылы дәлелденген. Сонымен бірге бұл тәжірибеден симпатикалық нерв орталықтары аса жақсы қалыптаспағанын байқауға болады. Жүректің әр түрлі рецепторларынан пайда болған импульстерді кезеген нерв, сопақша мидағы нерв орталығына жеткізіп, олардың тонусының үнемі жоғары   болуын  қамтамасыз   етеді. Әсіресе колқа доғасы мен каротид синусы рецепторларының импульстері кезеген нерв орталықтарының тонусын жоғарылатып тұрады. Бүл рецепторлардың бүлінуі сопақша мидағы кезеген нерв орталығының тонусын төмендетеді.

Кезеген нерв ядросының тонусы ұзақ уақыт жоғарылағанда жүрек соғысының сиреп, баяулауы - брадикардия, төмендегенде жүрек соғысының жиілеп, жоғарылауы - тахикардия деп аталады. Жүрек қызметі қан тамырларының рефлекгосендік зоналары арқылы, рефлекторлык. жолменен де реттеледі.

Жүрек қызметін бас мидың қыртыс қабаты реттейтіндігі шартты рефлекстер әдісі арқылы дәлелдёнген. Жүрек қызметін реттейтін нерв орталықтары жұлын мен сопақша мидан жоғары жатқан аралық мидың гипоталамус бөлімін-де де орналасады.

Ал бас ми қыртысының маңдай бөлімі мен мишықтағы нерв орталықтары жүрек қызметін өзгертіп реттейді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-12-08 16:45:55     Қаралды-12306

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »