UF

АХМЕТ ДОНИШ

 

Тәжік халқының айтулы ұлдарының бірі Ахмет Дониш өмір сүрген XIX ғасырдағы Бұқар әмірлігінің саяси-әлеуметтік жағдайы тағылықтың, надандықтың, адам нанғысыз діншіл фанатиктердің ордасы еді. Жалпы Бұқар әмірлігі Шоқан Уәлиханов айтқандай, ол кезде «өзінің қоғамдық құрылысы жағынан барып тұрған мүшкіл халде. Ол дамудың патологиялық дағдарысына ұшырап отыр», - еді. Бұқар әмірлігіндегі бұл кезең феодалдық-монархиялық билік пен ислам діні жайлаған қара түнек, озбырлық пен ескіліктің көрпесін айқара жамылған дәуір еді.

Міне осы ортада туып, өмір сүрген Ахмет Дониш өз халқының келешегі, үміті туралы ойға түсті, сарылып еңбек етіп, жақсылықты Бұқар мен Россияның байланысынан күтіп, орыстың озық мәдениетін талмай насихаттады. Бұл идеяға Ахмет Дониш, әсіресе Ресейдің астанасы Петербургқа 3 рет Бұқар әмірінің елшілігіне мүше болып барып, Ресей өмірімен жете танысқан соң белсене кірісті.

Өз халқына прогрестің ұлы жолын сілтей білген Ахмет Дониш 1827-жылы Бұқар қаласында туды. Ахмет Дониш оның ресми аты емес, әдеби лақап аты. Оның шың аты - Махмуд Насырұлы. Жас кезінде басы үлкен болуына байланысты, оны құрдастары Ахмет Қалла деп те атаған. Кәллә - тәжік тілінде бас деген сөз. Соңынан оның көп оқып, көп білуіне байланысты оны данышпан Ахмет, немесе Ахмет Дониш деп атап кеткен.

Бір ғана қаланың өзінде 365 мешіт, 103 медресесі болған Бұқарда өмір сүрген Ахметтің әкесі сауатсыз болса да, имам болған. Шешесі сауатты, әрі өлең де шығаратын талантты кісі екен. Сондықтан болар, Ахмет Дониш 9 жасынан-ақ Сағди, Жәмилердің өлеңдерін жатқа айтып, әдебиет мәселесіне үйір болады. 9 жасынан 14 жасқа дейін медрессеге даярлайтын оқу орнында оқып, 1841-жылы медрессеге түседі. Медресседегі шәкірт кезінен Ахмет Доништің қабілеттілігі көзге түсе бастайды. Күндіз-түні оқу, іздену дәуірі басталады.

Бұл кезде «қасиетті» Бұқарға орыс өмірінің шындығы көбінесе азербайжан, татар әдебиеттері арқылы жететін. Тәжік әдебиетінде орыс елінің шындығы осы әдебиеттер арқылы көрініс беретін. Мәселен, азербайжан тілінде шығатын демократиялық бағыттағы журнал «Молла Насыреддин» Бұқар әмірін аяусыз әшкерелеп отырған. Буйлиннің айтуынша, Бұқар әмірі бұл журналдың әрбір саны қолына тиген сайын жындана жаздап, берекесі кетеді екен. Өйткені, бұл журналда Бұқар әмірінің өмірі әшкереленетін еді.

Ахмет Дониш те бұл тілдегі шығармаларды қадағалай оқыған. Ол Россияға барғанда Азербайжанның ірі оқымыстысы Мырза Қазамбекпен танысады. Қазамбек өз дәуіріндегі Шығыс пен Еуропа мәдениетін тел еміп өскен, Шығыс тану ғылымында атақты кісі болған, университетте оқып жұрген кезінде Чернышевский парсы тілін осы Қазамбектен оқыған. Қазамбек орыс қоғамының прогрестік бағыттағы өкілдерімен кең араласқан. Шығыс мәселесіне үнемі назар салып, қызыға көңіл бөлген. Қазамбек оған қаланы, оның мәдени-ғылыми орталықтарымен таныстырып, көп кеңеседі. Осы кеңесі туралы Ахмет Дониш былай дейді:

«Ол: - Сіз қай қаладансыз? - деп сұрады.

- Бұқарданмын, - деп жауап бердім. Ол біраз отырды да: - Мен көптеген қолөнерді, әскери істі білемін, тілмаш та бола аламын. Егер мен Бұқарға барсам, сендердің үкіметтерің маған не береді? - деп сұрады.

- Сені шпион деп біледі де, соңынан өлтіреді, - дедім.

- Бұрын Бұқарға қолөнерді білетін білімпаз адамдар бармады ма?

- Барғанымен оларды қамауға алды, соңынан өлтірді, - дедім» - деп, Ахмет Дониш әмірге білім де, ғылым да, қолөнер де қажетсіздігін айтып ренжиді. Тіпті Ахмет Дониш Қазамбектің қолқалауымен Ресей туралы өлең де жазды. Ахмет Дониш тәжік әдебиетінде тұңғыш рет Ресейдің сол кездегі астанасының өмірі туралы, ондағы құрылыс пен театр, музей, парктері туралы тұңғыш өлең жазып, оны дұрыс суреттеген жазушы болды. Ол Ресейге барғанда Мәскеуді да аралап, орыс әйелдерінің ерлерімен бірге ашық жүруін қызықтай жазады, оған мән береді. Ресейдің өмірімен жан-жақты танысқан соң, Бұқар әмірінің үстемдігін, Маңғыт династиясының жойылуын көксейді. Ахмет Доништің бұл ойы Ресей мен Бұқардың өмірін үнемі салыстырып отыруынан да байқалады.

Петербургте патша министрінің орынбасары Стремоухов дегеннің қабылдауында болып, оның сыйлаған глобусын Бұқарға алып келіп, өз шәкірттеріне глобусты қалай пайдалану керектігі туралы кеңес беріп, жердің шар тәрізді екендігі туралы трактатын жазады. Оның бұл трактаты 1949-жылы ғана табылып, белгілі болып отыр.

Ахмет Дониш те алғашқы кезде халықты азаптан құтқару үшін билеушінің әділетті болуы керек деген ойда болады. Сондықтан да ол өзін әмір қызметке шақырғанда, әмірдің алдына өзінің талаптарын қояды, соңынан әмірге әділетті болу туралы арнайы хат та жазады, бірақ әмір Ахмет Доништің пікіріне құлақ та салмайды. Ахмет Дониш өз тілегінің іске аспайтынына көзі жетіп, өз еңбектерінде әмірдің озбырлық, ел талаушылық саясатын батыл әшкерелейді. Бұл туралы өзінің «Рисаласында» былай деп жазады: «Кімде-кім базарға бір қанар мақта әкеліп, оны 3 дирхамға сатса, оның үштен екісін әмірге беруі керек» - деп әшкерелей жазды. Ахмет Дониш әмірді, оның бектері мен діни қызметкерлерін ел талаушылар шайқасы, ал қала полициясын олардың сардары деп қарап, олардың халық қамын ойлаудан аулақ екеніне ызаланып, өзінің «Сирек кездесетін оқиға» деген кітабында былай деп жазды:

«Маңғыт әкімдері кеңсе істерін өз қолдарына қаратып, ойына келген нәрсенің бәрін де жүгенсіздікпен өздерінікі етіп алды. Ең ақыры жесір әйелдерді де аямай, ең соңғы рызығы болған қамбадағы астығын ұрлап, мұның бәріне де өздері иемденіп, бұзықшылық жолына сарп етті. Билікті дәулеттілердің арасында ішкілік, құмарпаздық, бұзықтық кең өріс алды. Ал кедейлер не істерін білмей, дихандар мен қала еңбекшілері түрлі салықтар мен қорлаудан азап шегіп, қапаста қалды.

Әмір мен уәзір, рухани ұламалар мен атқамінерлер - бәрі бір топ баскесерлер болып, бірін-бірі қолдап отырды. Сен, кітап оқушым, сол адамдардың панасы - әмірдің өзі мен сұлтаны қандай адам деп сұрарсың? Бұған назар салсаң, өзің де көресің: арсыз бастық та құдды сондай, ал мишраб-полиция бастығы да үнемі мас, карташыл, ол үлкен жолдағы күллі ұрылар мен баскесерлердің сардары». Бұл жай оның өз еңбектерінде жан-жақты жазылып, талданғанымен, ол кезде басылмай, тек қолжазба күйінде тарады.

Ахмет Дониш өз еңбектерін тілдей-тілдей қағаздарға жазып, оны өзінің достарының оқып талқылауына беріп отыратын болған. Ол мұны әдет етіп кетеді. Тек қана өзінің көңілдес достарының қатты талап етуімен өз еңбектерін соңынан жинап, топтастыра бастайды. Саяси-әлеуметтік мәселелерге арналған туындыларын жинап, 16 тарауға бөліп, «Сирек кездесетін оқиғалар» деген атпен топтайды. Ахмет Доништің бұл еңбегі оның айтулы шығармаларының бірі саналады. Өйткені бұл еңбек Ахмет Доништің көзқарасын дұрыс көрсететін құнды шығармасы. Осы еңбегінде Бұқар халқының санасын тұмандандыратын діни-фанатиктік шығармалар «Сайқалнама» мен «Абумүслімнама» сияқтылардың кеңінен тарап, эмираттың қолдауымен Бұқар мен Россияның байланыста болуына кедергілер жасалынып отырғанын халықтық мүдденің тұрғысынан аяусыз сынға алады.

Ал «Маңғыт әмірлерінің тарихы» деген шығармасында билеу жүйесі қандай болу керек деген мәселеге тоқталып, бұл туралы өзінің пікірін ортаға салады.

Ахмет Дониш дін ордасы Бұқардың ішінде өмір сүрсе де, табиғат-тану ғылымымен көп айналысып, бұл мәселеде де өнімді еңбектер жазды. Оның «Жұлдыздар көрінісі» («Ма назир-ал-навокиб»,) «Ұлы заң» («Намус-ал-адам»), «Таңдамалы қаулылар» («Мунтахат-алах ком»), «Трактаттар» («Рисала») деген еңбектері осының айғағы.

Ахмет Дониш діни Бұқарда дүниенің жаралуы туралы діни уағыздардың басым болып, қылт еткен жаңа пікірді аяусыз қудалауына қарамай, астрономия ғылымымен терең шұғылданды. «Ат жылының календары» және «Күннің шығуы мен батуының кестесі» деген еңбектер жазып, ай мен күннің тұтылуының табиғи заңдылығы туралы ғылыми түсінік берді. Садриддин Айни өзінің бір естелігінде: Ахмет Доништің күннің тұтылатынын халыққа алдын ала айтып, оған халық сенбей, соңыра бұған көздері жеткен соң таңданып, оның білгіштігіне риза болғандарын айтады.

Жердің сілкінуі туралы мәселені де ол ғылыми тұрғыдан таныған. Жер сілкінуі діншілдердің аңызы бойынша емес, жер массасының ішіндегі әрекеттердің нәтижесінен болады деп түсіндіреді.

Бұқарда мұндай іспен шұғылданудың бәрі де «таза нәрсе емес» деп қаралатын. Бұл жай Ахмет Доништің кезіндегі медресе оқытушысы Тұраптың тағдырынан да ашық көрінді. Руханилар Тұраптың жаңашыл ниетін жақтырмайды. Ол дыбысы шықпайтын, өте жеңіл кебіс киеді. Тұраптың мұнысы өз басына бәле боп жабысып, руханишылар «оның кебісінен шошқаның үні шығады, бұл адам таза емес» деп, қуғынға алған соң, ақыры Тұрап өз елінен қашып кетуге мәжбүр болады.

Ахмет Доништің осындай жағдайда өмір сүре жүрін, Бұқар инкивизициясының қылышынан қан тамып тұрғанда ағартушылық бағытта талмай әрекет етуі, Ресей мен Бұқардың байланысын көксеп, орыс тілін үйренудің қажеттілігін, табиғат ғылымдарының жетістігін насихаттауы - үлкен ерлік, прогрессивтік мәні зор еңбек еді.

Ахмет Дониш тек жазып қана тынбай, басқа ойшыл ақын жазушылар мен ғалымдардың еңбегін насихаттаушы да болды. Бұл оның Мырза Әбдікәдір Бедилдің, Құсайын Вайыздың, Мұхаммед Таһир ибн Әбілқасымның шығармаларын қолмен көшіріп, таратуынан да көрінеді. Ол тіпті Хилалдың «Шах пен дәруіш» атты шығармасын да көшіріп таратқан. Әрине, бұл шығармалардың Ахмет Доништің көзқарасына да белгілі дәрежеде әсері болғанында сөз жоқ.

 

Пайдаланған әдебиет:

Мырзахметов М. Ахмет Дониш. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары (ІХ-ХІх ғасырлары). Құраст: Исқақов Б. -Алматы, 1964. 293-297 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-11-24 10:54:14     Қаралды-2073

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »