ЖЕР БЕТІНДЕ ТІРШІЛІКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫНАН ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР
Осы күнгі жердің құрылымы мен құрамы бұл оның ұзақ уақыт тарихи дамуының нәтижесі.
Қазіргі уақытта жер қыртысының даму тарихы ең жасынан бастап төмендегі эралар бойынша бөлінеді:
Кайнозойлық (жаңа тіршілік эрасы)
Мезозойлық (орташа тіршілік эрасы)
Палеозойлық (ежелгі тіршілік эрасы)
Протерозойлық (өте ежелгі, көне тіршілік эрасы)
Археозойлық (алғашқы тіршілік эрасы)
Эралардың периодтарға бөлінуіне байланысты шөгінділердің (тау жыныстарының) пайда болуы төмендегі геохроникалық кестеде берілген. (кесте 1.1)
Археозойлық жыныстар бұл кристалдық сланец, гнейс және граниттер. Гнейстерді жете үйрену соны көрсетеді, олар ежелгі шөгінді тау жыныстарының метаморфизациялық процестерінің арасында пайда болған. Бірақ археозойлық эрада пайда болған шөгінді тау жыныстары сақталмаған.
Протерозойлық жыныстар археозойлық эрадағы кристалдық жыныстардың үстінде болып, олардың өкілдері бұл гнейс, сланец, кварцит және мраморлар. Протерозойлық топқа жататын жыныстардың ішінде сол уақытта жасаған жануар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі.
Археозойлық және протерозойлық жыныстар (немесе оларды докембрия деп аталуы) кейінгі пайда болған жыныстардың кристалдық іргетасын құрайды.
Археозойлық эрада вулкандардың қарқынды атқылауы мен таулардың пайда болуы туралы болжам бар. Жер қыртысының қатты учаскелерге – платформаларға және қозғалушаңдығы (жылжымалығы) – геосинклиналдарға бөлінуі осы уақытқа тура келеді.
Палеозойлық эра. Палеозойлық эрадағы тіршілік құрылық пен суда өмір сүрген әртүрлі органикалық тіршілік өмірінің әртүрлілігі және көптігімен сипатталады. Сол ежелгі кембрийлық периодтағы эрада теңізде медуза, шұбалшын және сол сияқты қарапайым жануарлар жасаған.
Кесте 1.1
Геохроникалық шкала (Г.И.Швецовтың мәліметі бойынша)
Эралар (топтар). |
Периодтар (жүйелер). |
Ұзақтық уақыт, млн. жыл. |
Органикалық дүниенің өзгешелік (ерекшелік) кескіні. |
Кайнозой kz |
Төрттік (антропо-гендік) Q |
1 |
Период басында адамның пайда болуы, қазіргі өсімдік пен жан-жануарлардың дамуы. |
неоген N |
25-30 |
Сүйекті балықтардың, сүтпен қоректенушілердің, құстардың қарқынды өркендеуі. Жабықты ұрықтардың өркендеуі. |
|
Палеоген Pg |
30-35 |
---------------------------------- |
|
Мезозой мz |
Борлы (бор) Cr |
55-60 |
Ірі қалталы құстардың өркендеуі. Сүтпен қоректенушілердің дамуы. |
Юралық (юра) J |
25-35 |
Ұшатын құстармен кесірткелердің пайда болуы.(археоптерикс). Жалаңаш тұқымдылардың, жіңішке жапырақтылардың өркендеуі. |
|
Триасты (триас) T |
30-35 |
Бірінші сүтпен қоректенетін қалталы және сүйекті балықтардың пайда болуы. Жалаңашты тұқымдылардың (пальма, қылқанды ж.б) дамуы. |
|
ПермьP |
25-30 |
Бауырымен сүйеніп жүруші айуандар. Жалаңаш тұқымдылардың пайда болуы. Тас көмірлі флораның азаюы. |
|
Палеозой рz |
Таскөмірлі (Карбон)-С |
50-55 |
Ағаш тәрізді өсімдіктердің молдылығы(папоротниктер). Қосмекенділердің дамуы.Құрт құмырсқалар, жәндіктердің пайда болуы. |
Девонды (Девон)-Д |
45-50 |
Сауытты балықтардың өркендеуі. Жер бетінде бірінші төртаяқтылар (стегецефалдар) ескі атам заманғы папоротниктердің пайда болуы. |
|
Силурлы (силур)-S |
40-45 |
Сауытты балықтардың пайда болуы. Акулалар мен еңкіштер омыртқасыздар мен су балдырларының дамуы. |
|
Ордовикті (Ордовик) -О |
70-80 |
Жер бетінде бірінші жануарлардың пайда болуы. Омыртқасыздар мен су балдырларының одан әрі дамуы. |
|
Кембрийлік (Кембрий)-Сm |
70-90 |
Омыртқасыздан трилобиттер және археоциаты. Субалдырлары және қарапайым жер үстінде өсетін өсімдіктер – псилофиттер. Омыртқалылар әлі жоқ. |
|
Протерозойлы (Кембрийге дейін) Pt |
|
600-800 |
Омыртқасыздардың алдықтарының жаман сирек сақталған қалдықтары. Субалдырлары, споралар. |
Археозойлы (Архей) А |
|
1000-жоғары |
Организмдердің ешқандай қалдықтарының болмауы. |
Өсімдіктерден сол уақытқа тура келетіні тек балдырлар. Жер бетінде шаяндар және сол сияқты жәндіктер пайда бола бастады.
Кейінгі Силур периодында жоғарыда айтылған жәндіктерден тыс үлкен шаяндар, коралдар, тікенділер және басымен жүретін жануарлардың дамуы басталды.
Силур периодының екінші жартысында бірінші омыртқалы жануарлар – сауытты балықтар пайда болады. Осы периодтың ақырында құрлықта өсімдіктерден папоротник сияқты өсімдіктер және бірінші дәнді өсімдіктер пайда болып дами бастады.
Силур және Ордовик периодтарында таудың пайда болу процестері күшті болды.
Кейінгі Таскөмір периодында жердегі өсімдіктердің алуандығымен (папоротниктердің түрлілігі каломиттер және тағы басқа) сынатталады. Бұлардың үлкендігі және көптігі кейінгі тас көмір кендерінің пайда болуына алып келеді. Бұл периодта құрлықта өрмекшілер, үлкен көпаяқтылар және инеліктердің пайда болуымен бірге дамуы тура келеді.
Палеозойлық эраның барлық периодтарында теңіздердің бірнеше рет тасуының салдарынан әк тастар (известняк), саздар, гипс және басқа жыныстардың үлкен қабаттары пайда болған.
ТМД территориясында әк тастардың, песганиктердің, қара саздардың тас көмір дәуіріне тура келетін үлкен қабаттарын кездестіреміз. Олардың қалыңдығы 0,5-10 км дейін барады. Қазіргі кезде таскөмір қазып алатын жерлерде әк тастар мен песганик өндіретін көп карьерлердің барлығын білеміз.
Мезозойлық эра. Бүл периодта ұзындығы 26 м биіктігі 5 м болған үлкен динозаврлар мен ұшатын кесіртке-динозаврлар пайда болған. Борлы периодта жердегі өсімдіктер күшті өзгерген. Осы пертодтың ақырында бір өзекті, екі өзекті өсімдіктер – пальма ағаштары, қайыңдар, емен, үйеңкі ағаштары пайда болған. Мезозойлық эраға күшті таулардың пайда болу процестері тура келеді, нәтижеде қазіргі кездегі тізбекті таулар пайда болған. Мысалы: Америкадағы Кордильер таулары, Азиядағы Верхоян қатпарлы таулары және т.б.
Бұл эрада пайда болған және көп тарқаған әк түсті песганиктер құрылыс материалдар есебінде көп қолданады. Бұл тау жыныстары Кавказ, Қырым, Карпат, Манғышлақ тауларында және үлкен және кіші Балканда, Копетдак жоталарында жердің бетіне шығып жатады.
Кайнозойлық эра. Бұл эраның үш периоды – палеоген, неоген және төрттіктер өздерінің ұзақтық уақытымен ажыралып тұрады. Бірінші екі периоды - үштік деп аталып, бұл осы эраның ең ұзақ дәуірі (70 млн. жыл шамасында) төрттік дәуір уақыт бойынша қысқа болып, шамасы 1млн. жыл үшінші дәуірде өсімдіктер мен жануарлар қазіргі формасына өте жақындаған периоды болып есептеледі.
Үшіншілік дәуірдегі Европадағы тропикалық климаттан субтропикалық климатқа одан кейін бірқалыпты орташадан, бірқалыпты суық климатқа ауысқан, өсімдіктер болса субтропикалық жыл бойы көк өсімдіктерден оңтүстік кеңдіктегілерге, мысалы қайың және бірқалыпты кеңдікте басқа да өсімдіктерге ауысты.
Жануарлар дүниесі де күшті өзгерген: бұл периодта борлы периодпен салыстырғанда суқоректілер, тұяқты жануарлар, кемірушілер және де сол сияқтылар пайда болған.
Периодтың басында қарапайым сүтқоректілер болған болса, периодтың ақырында жылқылар, шошқалар, түйелер, жолбарыс және сол сияқты жануарлар пайда болған.
Мұнан басқа үштік периодтың жалғасында жер шарының рельефі де өзгерген. Борлы периодтың ақырында Кавказ, Қырым, Альпі таулары толық жасалған болса, Карпат таулары, Камчатка таулары, Сахалин, Куриль аралдарындағы таулар және Орталық Азия мен Қазақстандағы кейбір таулардың пайда болуы осы уақытқа тура келеді.
Юра және борлы жастағы көпшілік әкті тастар мен песганиктер (құмтастар) өте берік болғандығынан олар жол құрылысында өте көп қолданады.
Үшінші периодта таулардың пайда болуымен бірге, жер материгінің кейбір жерлерінің көтерілуі мен төмен түсуі (шөгуі) болып тұрады. Жер шарының үлкен жерлерін су басып отырды, нәтижеде су астында шөгінділер пайда болып, олар келешекте сазды қабаттар, ұлутастар, әкті тастар, әртүрлі құмдар қабатының пайда болуына алып келді.
Әдебиеттер тізімі
- Қ. Ибрагимов, Ж.А. Үсенқұлов, Б.С. Байболов, Э.И. Қарабаев «Инженерлік геологиядан негізгі мәліметтер. Іргетастар мен негіздердің есебі» Шымкент, 2009ж. 134б.
- Ананьев В.П., Переделский Л.В. «Инженерная геология и гидрогеология» М.: Высшая школа, 1980. 271с.
- Пешковский А.М., Пирескокова Т.М. «Инженерная геология». М.: Высшая школа. 1982. 341с.
Жарияланған-2016-10-14 16:13:50 Қаралды-8500
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану