ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ТОРКӨЗДІ ЖАБУЛАРЫ БАР ҮЙМЕРЕТТЕРДІ ТҰРҒЫЗУ
Мақсаттылықпен пісірілген құралымдар түріндегі ауқымды жабулар тұтас күйінде көтеру тәсілімен құрастырылады. Мұндай жабулардың құрастырмалары ірілендіру мен пісіру элементтердің тігінен орналасуын дәлме-дәл өлшеуге мүмкіндік беретін домкрат қондырғылары бар биіктігі 1,2метрлік арнайы рельс және шпал клеткаларында орындалады. Жабуды көтеру үшін әрбір бағананың немесе уақытша болат бағананың ұшар басына жабуға бекітілген және оларды қамтитын, штоктары арнаулы құрастыру оқшаңтайларына жалғастырылған гидравликалық жүк көтергіштер қолданылады.
Жабуды көтеру әдетте үш кезеңнен тұрады. Алдымен жабуды тіреу клеткаларынан 1 м биіктіккекөтеріп, сол күйінде қалдырады. Ол домкраттардың жұмыс сенімділігін, ілмелердің беріктігін тексеру үшін қажет. Содан кейін жабуды болат бағаналардың ұшар басына дейін көтереді. Барлық бағаналардың тігінен орналасуын мұқият өлшегеннен кейін жабуды тағы да 15см-ге көтереді. Сөйткенде ол тіреу топсаларын бағаналардың бастары мен бүйір арқалықтың төменгі аралығына бекітуге мүмкіндік береді. Содан соң жабуды бағаналардың басына түсіреді.
Киевтегі Село құрылысын механикаландыру павильоны үймеретінің ауқымы ат шаптырып жабуы осы тәсілдің кемерімен құрастырылған (9-сурет).
Біздің бұрынғы елімізде түрлі құрылымдық шешімдері бар «Берлин», «Кисловодск», «Модуль», «ЦНИИСК», «ЦНИИПСК», «МАрхИ» және басқа үлгідегі жабулардың құрылымдық жүйелері жасалып, көпке белгілі болған.
Осындай ауқымды жабуларды құрастырудың негізгі ұйымдастырушылық – технологиялық ерекшеліктері жабу элементтерін жермен бір деңгейде блоктарға ірілендіру, одан әрі оларды түрлі көтергіш құралдарының көмегімен жобалық жағдайға келтіру немесе жобалық мөлшерге сәйкес тікелей элементтер бойынша құрастыру болып табылады.
Жабу құралымдарын алдын ала ірілендіру мына екі негізгі үлгілер бойынша жүзеге асырылады.
Біріншісі – жабу құралымының блоктарға ірілендірілген құрастырмасы стендіде мынадай варианттармен жүзеге асырылады: 1- стенділік құрастырма-құралымды бір жерге кейіннен блокты орнататын орынға ауыстыратындай етіп ірілендіру; 2- жылжымалы стенд – құралымды кейінірек блокты жобалық белгіге келтіріп қоятындай етіп, орнында негізгі кранның іс-қимылы аймағында құрастыру; 3- құралымды кейінірек блокты жобалық жағдайға келтіріп қоятындай етіп, жинақтау орнында құрастыру.
Екіншісі – ірілендірілген құрастырманы конвейер линиясында ұйымдастыру, ол жұмысшылар мен механизмдердің анағұрлым біркелкі және ырғақты жұмысымен сипатталады.
\*о,т, |
9-cурет. Кеңістік жамылғысын кұрастыру: 1 - кұрастырган жамыл-ғының көтерер алдындағы калпы; 2 - ленталық көтергіштер; 3 - ленталык көтергіштердін көлденең байламдары; 4 - тартпалар |
Құралымдарды тікелей құрылыс алаңында құрастыру көп жұмысты қажет ететіндіктен, жүк көтергіш механизмдердің жеткіліксіз пайдаланылатындығынан, жылжымалы төсеніштерді бір реттілікпен дайындаудың ауырлығынан және басқа себептердің салдарынан жекелеген элементтерден жобалық жағдайда құрастыру тәсілі кеңінен қолдау таппады.
Әдебиеттер:
- Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
- Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
- Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
- Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
- Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006.
Жарияланған-2016-10-13 14:47:55 Қаралды-2821
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина