ҮЙМЕРЕТТЕРДІ ИМЕЛІ КҮМБЕЗДІ ЖАБУЛАРМЕН ТҰРҒЫЗУ
Екі топсалы имелер. Екі топсалы име құралымдар бір-бірімен байлаулар және құмалар арқылы қосылатын жекелеген имелер жылжымалы мұнараларды қолдану арқылы имелердің құралым элементтері, жылжыиалы әдістегі имелердің ірілендірілген блоктары түрінде құрастырылады. Жекелеген имелерді құрастырған жағдайда алғашқы екеуін тартқыштардың көмегімен жобалау жағдайында бекітеді, одан кейінгі барлық имелерді бұрынғы инвентарлық кергіштермен қосады. Мұндай жағдайда прогондар жоғарғы жағынан арнаулы төсеніштерді пайдалану жолымен құрастырылады. Имелерді құрастырудың бұл тәсілі еңбектің көп жұмсалуын қажет етеді, әрі жұмыс өндірісін едәуір қиындатады. Ірілендірілген блоктармен құрастырған кезде қондырғыда жастықшалар қажеттігі болмайды, жоғарыды орындалатын жұмыстық көлемі кемиді, көтеру мөлшері қысқарады.
Таллиндегі жасанды мұз айдыны үймеретінің жабу құралымы екі және үш имелі ірілендірілген блоктармен құрастырылған. Ірілендірілген құралымдар үшін үш уақытша тіреулер қолданылған. Оларға екі име қойылған. Әрбір име бағана элементін қоса есептегенде (3-сурет) төрт элементтен құрастыруға қойылған.
3-сурет. Жаппалы муз айдынын, жамылғы кұралымдарын қурас-тыру: 1 - кран; 2 - уақытша тірек; 3 - кереге көз прогондар; 4 - инвентарь саты; 5 шпалдар; I, II, III - раманың алғашкы, аралык жэне жобалык калпы |
Ірілендірілген құрастырма мен имелерді құрастыру жыланбауыр табанды кранмен жүзеге асырылған. Прогондарды бекіткен кезде құрастырма үшін инвентарлы аспалы сатылар қолданылған.
Имелердің ірілендірілген құрастырмалары былайша біртіндеп жүзеге асырылған. Алдымен екі уақытша тіреуге екі Ф1 элементін орнықтырып, прогондарды бұрандалармен бекіткен. Бес прогонды Ф1 элементтеріне орнықтырғаннан кейін екі Ф2 элементін қосқан, соңғылары екінші жағымен уақытша тіреулердің екінші жұбына тірелген. Одан әрі Ф3 элементтерін орнықтырған, бұлар болса бір жағымен алдында құрастырылған Ф2 элементтерімен жымдастырылған. Ф2-ні екінші жағына лайықтап құрастырған кезде жастықша қойылып, олар Ф2 және Ф3 қосылғаннан кейін алынып тасталған. Әрбір Ф4 элементті Ф3 элементтеріне бұрандалардың көмегімен қосқан.
Прогондары бар екі имеден құралған, салмағы 10 тонналық ірілендірілген блок жобалық жағдайға кранмен бұру тәсілі арқылы орнықтырылған. Ф4 элементтерін көтерген кезде топсалы қосылған Ф3 элементтері төменгі жақтарымен жер бойымен жылжып, көтерудің аяқталу сәтінде өске таяп келіп, тік қалыпқа келеді. Ф4 элементтерін тіреулерге орнықтырғаннан кейін оларды тұрақты бұрандалардың көмегімен Ф3 элементіне бекіткен. Соңғы үш имені бір ірілендірілген блокпен құрастырған. Блокты стропылау имелердің жоғарғы жағындағы төрт тораптың сыртынан әмбебап төрт стропалармен жүзеге асырылған.
Үш топсалы имелер. Үш топсалы имелерді құрастырудың жоғарғы топсаның санына байланысты кейбір ерекшеліктері бар. Ол көбіне домкраттармен немесе сыналы қондырғылармен жабдықталған жылжымалы мұнаралармен орындалады. Мұндай имелер құралым элементтерімен, жартылай име және жартылай име блоктары түріндегі құрылымдық элементтермен құрастырылады.
Үш топсалы имелердің элементтерін зауыттарда индустриалды тәсілмен жасау мақсатында және олардың құрастыру орнына көлікпен жеткізу қолайлы болуы үшін әрбір жартылай имені кейде жинақ элементтеріне бөледі. Мұндай жағдайға үстіңгі жағында домкрат қондырғыларымен бірге жұмыс алаңдары бар, жинақтау барысында қозғалатын аралық уақытша тіреулерді пайдалану арқылы құралым элементтермен жүзеге асырылады (4-сурет). Тіреулер уақытша жолдармен жылжитын шаналарға орнықтырылады.
Ұшы топсалы имелерді құрастырған кезде әрбір құралымды элементтің ауырлық орталығы тұсында стропыланады және кранмен жеке-жеке көтереді. Жартылай именің бірінші жартысын аспалы жағдайда өкшелі топсаның көмегімен тіреуге қояды да топсадағы бұру жолымен бір жағын өкшелі топсаға жақын тіреуге орнықтырады, ал екінші жағымен өткін орталығындағы тіреуге қояды.
Жартылай именің екінші жартысын соған ұқсас құрастырады және екінші жартылай именің екінші бөлігін жоғарғы топсаның құлыпты жырақшаларының өстері үйлескенге дейін төмендетеді.
4-сурет. Қойма гимараттарын құрастыру: 1 - мұнаралы кран; 2 - ұстіңгі галерея; 3 - имеделердің күрастыру жапсарлары; 4 - домкрат құрылғылары бар жылжымалы мұнаралар; 5 - жерасты галереялар
Өткіндігі 65м дейінгі үш топсалы имелері бар құрастырма темірбетон ангарлары имелердің өсі бойымен орналастырылған жылжымалы мұнараның көмегімен құрастырылады. Салмағы 30 тоннаға жуық осындай әрбір жартылай име бір немесе екі өздігінен жүретін крандармен орнатылады.
Құралым шешімдеріне сәйкес күмбезді жабулары бар үймереттер уақытша тұрақты тіреулерді қолдану арқылы аспалы әдіспен немесе тұтас түрінде тұрғызылады. Құрылыста күмбездердің өздерінің құралымдық шешімдеріне, жұмыс үлгісіне қарай ерекшеленетін екі түрі кездеседі. Оның біреуі қабырғалы да, екіншісі торкөзді, шілтерлі келеді.
5-сурет. Болат құралымды күмбездерді құрастыру: а - спорт зал күмбезі; б - панорамалык кинотеатр күмбезі; 1 - діңгек; 2 - діңгекпеп бірге орнатылатын шыгыршык; 3 - ванта
Қабырғалы күмбездер әрқашанда уақытша тіреулерді қолдану жолымен құрастырылады (5-сурет). Мұнда уақытша тіреулердің орнына крандардың мойындары мен мұнаралы пайдаланылуы мүмкін. Уақытша тіреуде бірінші кезекте күмбездің құралым элементі болып табылатын жоғарғы тіреу шығыршығы құрастырылады. Оның биіктегі орналасу жағдайын түзеу үшін, ал одан әрі барлық құрастырылған күмбезді ажырату мақсатында уақытша тіреу мен тіреу шығыршығы аралығына домкраттар қойылады. Домкраттарға күтім, тіреу шығыршығын қарастырып, ажырату уақытша тіреуге орналастырылған жұмыс алаңында атқарылады. Мұның үстіне тіреу шығыршығы биіктігі жағынан ғана емес, сонымен қатар, барлық жағынан дәлме-дәл өлшенуі керек. Өйткені бүкіл күмбездің геометриясы оның орналасу жайымен айқындалады.
Содан соң белгілі бір дәйектілікпен ілеспі элементтер – күмбез қабырғалары құрастырылады. Олар алдын ала ұзына бойына ірілендіріледі, осының өзі қосымша аралық тіреулерден айырылуға мүмкіндік береді.
Алдымен кез келген диаметр бойынша бір қабырғаны екіншісіне қарама-қарсы, одан соң тағы екеуін перпендикуляр көлбеу күйінде орналастырады. Одан әрі құралған төрт секторлардың әрқайсысынан біртіндеп күмбездің бүкіл орамын біркелкі толтыра отырып, бір-бір қабырғадан құрастырады. Қабырғаларды осындай біртіндеп орналастыру тіреу шығыршығына жүктің біржақты түсуін болдырмайды, осының өзі сайып келгенде уақытша тіреудің пішіні өзгеруін кемітеді (тіктен ауытқу) және күмбездің белгіленген геометриялық пішінін сақтауды және өлшеуді жеңілдетеді.
Күмбездердің көлеміне қарай өткін, биіктік құралымдарды құрастырған кезде жыланбауыр табанды, мұнаралы немесе рельсті крандар қолданылуы мүмкін. Олар сыртынан екі параллельді немесе бір айналмалы жолға, әйтпесе жерасты ғимараттары жоқ жағжайда күмбездің ішкі жағына орналастырылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда құралымдарды құрастыру арнаулы радиалды бұрылыс қондырғысының (6-сурет) көмегімен жүзеге
асырылады. Мәскеуде өткіні 64,5метрлік цирк күмбезінің құралымы осындай тәсілмен құрастырылған. Ол үшін күмбездің түп ортасына биіктігі 34 метрлік уақытша орталық металл тіреу қойылған. Ал оның өзі манеждің бетоннан құйылған негізіне сүйенген. Орталық тіреудің жоғарғы алаңына күмбездің қыртысты орталық тіреу шығыршығы орнатылған. Орталық тіреу шығыршығының ішіне орнықтырылған мұнараға жүріп-тұратын арбаның көмегімен жүк көтергіштігі 30 тонналық радиалды – бұрылмалы қондырғысы қолданылды. Радиалды – бұрылмалы тіреу қондырғысы биіктігі 4,5 метрлік айналмалы металл эстакадаға төселген рельс жолымен орын алмастыратындай қозғалыста болған.
6-сурет. Цирк жамылғысыныи болат құралымдарын курастыру: 1 - уакытша кұрастыру тірегі; 2 - тарамдалған-айналатын құрылығы; 3 - кранасты эстакадасы |
Күмбездерді аспалы тәсілмен немесе тұтас күйінде құрастыру жылжымалы металл ферма-шаблонның және құрастырма тақталарды ұстап тұратын ілмелері бар бағаналардың көмегімен шығыршықты белдіктерді біртіндеп құрастыру жолымен жүргізіледі.
Жарияланған-2016-10-13 14:34:10 Қаралды-2862
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина