ЖОСПАРA
КІРІСПЕ
I тарау Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны.
1.1. Көп қылмыстар туралы түсінік.
1.2. Көп қылмыстардың жеке қылмыстардан айырмашылығы.
2 тарау Көп қылмыстардың нысандарының көрнеу белгілері.
2.1. Қылмыстардың жиынтыгы.
3 тарау Көп қылмыстар түрлері.
3.1. Қылмыстардың қайталануы
3.2. Қылмыстық бірнеше мәрте жасалуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Құқық қорғау органдарына қылмыскердің бірнеше қылмыстық әрекетпен тіркелгені туралы фактілер түсіп жатады. Осы қылмыстық-құқықтық баға өзгереді. Кей жағдайларда істелген істі бірнеше қылмыстық-құқықтық тәртіпке жіктеу керек, мысалы, қылмыс жиынтығы, ал кейде жасалған іс бір нормада қаралады (мысалы, қайталанушылық). Кей жағдайларда жаза беру, оны өтеу тәртібі және жаза ауырлығы өзгереді. Заңды сақтау мақсатында бұл мәселелерді шешудің ыңғайлы жағын табу керек. Жағдайлардың барлығы ұқсас болғандықтан, яғни бір адамның бірнеше қылмыс істеуі туралы мәселені жинақтап бір жиынтық ретінде қарастырылған жөн. Осы орайда қылмыстық құқық саласы мен тергеу-сот іс-тәжірибесіндегі өзекті әрі негізгі мәселе - қылмыстық әрекетін зерттеу болып табылады. Өйткені құқық қорғау органдары қылмысты азайту барысында қылмыстың қайталануын болдырмау үшін, көптік қылмыспен үнемі күресіп отыру керек.
Көптік қылмыс мәселелерін теориялық өңдеу саласында жазылып, 60-шы жылдары шыққан атақты ғалымдардың - Кафаров Т., Кудрявцев В., Малков В.П., Яковлевтің шыққан еңбектері арқасында қылмыстық-құқықтық ғылым елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
Бір адамның қылмыс қайталауы, бір қылмыс істеген қылмыскерден гөрі қоғамға көп қауіп тигізетіндіктен, оған арналған жаза да ерекше сипатта болуы тиіс.
Айта кететін бір мәселе, көптік қылмыс қиындықтары мен оны жеке қылмыстан ажырататын қарастыру әлі де өндеу мен зерттеуді қажет етеді. Әзірге оның теориясындағы және іс- тәжірибесіндегі көптеген сұрақтары әрқилы, сондықтан біркелкі қылмыстық заң қолданылмай жүр. Қорыта келе айтарымыз, көптік қылмыс мәселесі әлі де толық шешілмеген. Сондықтан қылмыстық кодекске көптік қылмыс, оның түрлері мен формалары және солармен іргелес жасалатын жеке қылмыстар туралы заңдар еңгізілуі тиіс.
1 тарау Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны.
1.1. Көп қылмыстар туралы түсінік.
Қылмыс қашанда қоғамдық қатынастарға зиян тигізіп, мемлекет пен қоғам тарапынан теріс қөзқарас қалыптастырады. Ал, адамның бір емес, бірнеше қылмыстық әрекет жасауы қоғамға немесе жеке азаматтарға моральдық, материалдық нұксан тигізеді, соның салдарынынан қылмыскер де мемлекетке, қоғамға, жеке азаматтарға деген теріс қатынас тұрақтанады. Бір адамның қайталап қылмыс істеуі, моральдық қатынаста тұрақты қалыптаспаған адамдарға, яғни жастарға теріс әсер етуі мүмкін. Осы орайда оларда қылмыс жазасын алмай, коғам есебінен өмір сүру мүмкін деген түсінік қалыптасады.
Сот іс-тәжірибесінде бір адамның бірнеше қылмыс істеуі - сирек құбылыс емес. Адамның бір уақытта немесе алма-кезек бірнеше қылмыс істегені туралы факт тергеу-сот органдарында жеке қылмыс пен бірнеше қылмысты шектеуге, қылмыс көптігі үшін жазалаудың шектеуге итермелеген себептерді анықтауға байланысты белгілі құқықтық сұрақтар туындайды. Осы және басқа нышандар құрамын қамтиды.
Қылмыстардың көп түрлері алдын-ала ұйымдастырылған қылмыстық әрекетті қамтиды. Көп қылмыстарға деген құқықтық баға –қоғамға аса қауіпті қылмыстық әрекет формасы. Қазіргі Қылмыстық Заңға "Көп қылмыстардың ұғымы жоқ. Көп қылмыстар ұғымы қылмыстық құқық саласында өңделіп жатқанымен бұл ұғымды қалыптастыруда атқарылған нақты жұмыстар жоқ.1
Қылмыс рецидиві, қылмыс жиынтығы деген ұжымдар жатады. Бұл пікірде көп қылмыстар болмысы мен құқықтық әрекеттінің формалары ғана сипатталып, бұл қылмыстық-құқықтық түсініктің белгілері, мазмұны және көлемі анықталмайды.
П.С. Дагель көп қылмыстарды бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс істеуі деп анықтаған. Көп ұғымын сипаттауда Ю. Мельников пен Н. Алиев те осы белгілерді атап өткен. Бірақ тек осы белгіні көрсетумен шектелу қарастырылып отырған ұжымды сипаттауда жеткіліксіз. Бір адамның бір немесе бірнеше қылмыстық әрекеті туралы фактілердің бәрі көп қылмыстық құқық түсінігінде қамтылмайды. Сондықтан да көп қылмыстар ұғымын анықтауда, алдыңғы белгілерінен басқа қарастырылып жатқан ұғымның мазмұнын дұрыс сипаттауға керекті басқа да белгілер қажет.
Көп қылмыстар ұғымына В.Н. Кудрявцев басқа түсінік береді. Оның ойынша көп қылмыстар жеке қылмыстарды қарастыратын Ерекше бөлімнің бір нормасымен қамтылмайды. Бірақ көп қылмыстың бұл белгілері істелген істің Ерекше бөлімнің бір нормасымен қамтылмауы, көп қылмыстардың барлық түріне баптарына түскенде және қылмыс жиынтығы жағдайында ғана қамтылады.
Е.А. Фролов, Р.Р. Талиакбаров көп қылмыстар дегенде қылмыстық заңда бірнеше заң бұзушылықтың бір адам қолынан шықты деп түсінген.2
Бірақ "тәртіп ақымы" деген термин бірнеше қылмысқа бір уақытта жауапты, бір адамның көп қылмыстар әрекетінің барлық түрінде орын алмай, тек қылмыс қайталанушылығында, қылмыс жүйелігінде орын алатын жағдайларды білдіреді. Жазасын толық өтеп болғаннан соң адамның жаңа қылмыс істеуі бұл ұғымға жатпайды.
Көп қылмыстар ұғымына бір адамның бірнеше қылмыс істеп, сот жауабына тартылуы ғана емес, сонымен бірге жазасын өтеген соң істелуге жаңа қылмыстық әрекеті де енуі керек.
Бұл қатынасқа Б.А. Куринов пен И.М. Гальперин дәл анықтама берген: "Бір адамның сотталғанға дейін істеген бірнеше қылмысы мен сотталған соң істеген қылмыстары түгелдей көп қылмыстар болады"-дейді.3
И.М. Гальперин былай дейді: "Қылмыскер жауапкершілікке тартылмай тұрып, өзара бағасы жоқ әртүрлі құрамды, бірнеше қылмыс немесе біртекті бірнеше қылмыс істесе, не сотталған соң жаңа қылмыс көп қылмыстары жатады.4
Ұғымды зерттеу барысында адамның бірнеше және әртүрлі қылмыс істеуіне немесе жауапкершілікке тартылмай тұрып біртекті қылмыс істеуге, жеке қылмысқа шектеу қойылған. Бірақ И.М. Гальперин анықтамасында көп қылмыстардан басқа қылмыс түрлері орын таппаған. Б.А, Куринов тұжырымында толық болмаса да бұл мәселелер бар: "Қылмыстық құқық теориясында көп қылмыс деп - бір адамның екі немесе одан да көп қылмысты сот шешім қабылдағанға дейін және қылмыстык қудалау мерзімі бітпей тұрып істеген қылмысын атайды. Г.Г. Криволапов: "Егер қылмыскер екі қылмыстық әрекеттің біреуі бойынша жауапқа тартылу мерзімі өтіп кетсе немесе амнистия, рақымшылық актісіне ілінсе, не болмаса заңға сәйкес жазаға тартылудан босатылса немесе қылмыстық қудалауда кедергілер кездессе, онда ол жағдайда көп қылмыс болып есептелмейді" – дейді.5
Әдебиетте кездесетін көптеген пікірлерді жинақтай келе, көп қылмыстарға тән жалпы белгілерді шығаруға болады.
Бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс істеуі.
Бұл белгі көп қылмыстардың бәріне ортақ, яғни көп қылмыстар жағдайларының бәріне тән белгі.
Белгілі бір жағдайларда адамның бірнеше қылмыстық әрекетке баруы - оның аса қауіптілігінің дәлелі емес және осы орайда айыпталушыға сот тарапынан қатал үкім кесілмейді.
Мысалы, қылмыскер алғашқы қылмысынан кейін көп уақыт өткізіп, жаңа қылмыс істеуі - қысқа мерзім ішінде бірнеше қылмыс істегенімен салыстыргаңда аса қауіпті мерзім ішінде бірнеше қылмыс істеп үлгерген қылмыскер қоғамға аса қауіпті болып саналады.
Қысқа мерзімдік уақыт ішінде істелген бірнеше қылмыстық іс-әрекет пен қоғамга аса қауіпті қылмыскердің коғамға тигізер зияны қапы сезіледі. Ұзак мерзім ішінде істелген қылмыс зияны, қысқа мерзімде істелінген қылмысқа қарағанда әлдеқайда жеңіл. Осы айтылған пікір барлық жағдайдағы қылмыстар мен қылмыскерлердің қоғамга аса қауіпті емес екенін растайды. Бірақ, көп қылмыстар заң тарапынан қоғамдық қауіп төндірсе де, қылмыскерде қоғамға қарсы көзқарас өмірлік айқындамада орын алады. Ал осы айтылған белгілердің жоқталған, көп қылмыстар үғымы салдарынан көптеген қиындықтар туғызады. Сондықтан қылмыстық құқық теориясы мен сот іс-тәжірибесінде айқындалған мәселе екі әрекеттің жауапкершілікке тартылуының уақыты немесе үкімін орындау мерзімі өтіп кетсе, көп қылмыстар болып табылмайды.Бұрын істелген қылмыс жауапкершілігінен босатылса да, көп қылмыстарға жатпайды.
Сотталу - адамның бір немесе бірнеше рет қылмыс істеуіне байланысты сот үкімі туралы факт бойынша табу соттау дегеніміз -есепке алу және тіркеу арқылы қылмыскер мінез-құлқын бақылау. Сотталу - адамның мемлекет тарапынан бір немесе бірнеше рет қылмыс істегені үшін шығарған соттың ресми шешімі. Осылайша сотталған адам бұрын бір немесе бірнеше қылмыс істеген болып табылады6.
Сонымен қатар, қылмыскер тек қылмыс істеу барысында ғана емес сонымен бірге жаза өтеуде де қоғамға қауіпті болып есептеледі. Қылмыскерге соттың жаза қолдануы - оның жазаны өтеу мерзімінде де қоғамға қауіпті екенін білдіреді.
Мемлекет атынан сот үкімі шығарғанда сотталушыға теріс моральдық баға беріп, келешекте мұндай заңсыздықтың пайдаланбауын көздейді. Осылайша, сотталу айыпталушының жаңа қылмыс істемеуіне ескерту жасайды. Қылмыскер қоғамға кауіпті емес деп танылмайтынша, бұл ескерту күшінде қалады. Жаза қолдану туралы үкім соттың айыпталушыға шығарған шешімін, оның тәртібін бақылаудағы қоғамның және мемлекеттің ролін көрсетеді. Осылайша сотталу қоғам тарапынан сотталушыны бақылау туралы куәлік болып табылады.
Қылмыскердің қоғамға келтірер зияны жазасын өтеп болған соң, ұшты-күйлі жоқ болып кетпейді, сондықтан жазасын толық өтеп, тәртібі түзелсе де, қоғамдық және мемлекеттік бақылауда болады. Жазасын өтеуден және өтеп шыққан уақытта да айыпталушы тәртібін қоғамдық және мемлекеттік бақылау жалпы құқықтық және қылмыстық құқық сипатында болады. Осылайша құқықтық шектеу сотталған адамның жаңа қылмыс істемеуін қадағалайды.
Сотталу адамның бұрын бір немесе бірнеше қылмыс істеп, қоғамға қауіп төндіргенін, сол себептен қоғамның және мемлекетінің бақылауында тұрғанын және жаңа қылмыс істемеуге ескерту ала тұрып, қылмыстық әрекетке барса, онда ол оның дұрыс жолға түспегенін, әлі де қоғамға қауіпті екенін көрсетеді. Осы айтылғандар оның жаза қолдануды дұрыс шешім деп табады.
Көп қылмыстар үғымы қылмыскер тұлғасының қоғамға аса қауіпті екенін дәлелдейтін мәнге ие. Сондықтан да ол ауыр жазаға кесілуге негіз болады. Бірақ бұрын сотталған адам бірінші рет қылмыс жасаған адамға қарағанда қоғамға үлкен зиян тигізбесе, онда оған тым ауыр жаза қолдану дұрыс емес.
Сондықтан да қылмыстық кұқықтағы соттан босатылу көп қылмысты болдырмауға себеп (155-1)
Осы көзқарас ҚР Жоғаргы Сот Пленумында расталды. 1990 жылдың 29 маусымдағы Жоғары Соттың жаза қолдануының жалпы бастамасының іс-тәжірибесі туралы Қаулысында Пленум мынаны анықтаған: "Егер бұрын қылмыс жасаған адам жазасын толық өтеген жағдайда, сот жауапкершілігі жүктелмейді". (7, 16 бет) Соттан босату заңы ҚР Қылмыстық кодексінің 77-бабында қаралады.
Соттан босатылу кезіңде қылмыстық құқықтық әрекеттер тоқтатылып, көп қылмыстың бір құрамдас бөлімі ретінде карастырылмайды.
Қазіргі зандылықта қылмыс жасаған адам қылмыстық жауапкершіліктен және жаза алудан рақымшылыққа ілігу немесе амнистия актісі бойынша босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда жасалған қылмыстық құкықтық жауапқа тартылудың орындалу мерзімі мен жаза үкімнің орындалу мерзімі есепке алынбайды. Сондықтан да амнистия немесе рақымшылық акті бойынша тоқтатылған құқықтық әрекеттер көп қылмыстың құрамдас бөлігі болып қарастырылмайды. Осылайша амнистия немесе рақымшылық акті бойынша қылмыстық жауапқа тартылмаған адам кемінде бір қылмыстық әрекетке барса, онда ол көптік кылмыс болмайды.
Осы айтылған белгілерге сәйкес көптік қылмысты құқықтық жағдайда қарастырылмаған бір адамның екі не одан да көп қылмыстар істелінсе, онда құқықтық қудалауға еш кедергі болмағаны деп түсінеміз.
1.2.Көп қылмыстың жеке қылмыстан айырмашылығы.
Көп қылмысты жеке қылмыстық әрекеттен бір құрамды бөлшектері бар қылмыстар арқылы ажыратамыз. Егер қылмыс жай кұрамды болса және қылмыстық құрамды қылмыс пен көптік қылмысты айырудың қиындығы болмайды.
Бірақ сот іс-тәжірибесінде жеке қылмыс пен көп қылмыстардың ұқсас болатыны сирек құбылыс емес. Ол күрделі, созылмалы қылмыстарда көрінеді.
Күрделі қылмыс деп - бірнеше қылмыстық әрекеттерден құралса және оның әрқайсысының өзіне тән қылмыстық белгілері бола тұрып, ішкі ұқсастығы жағынан бір бүтін болатын қылмысты атаймыз.
Мұндай қылмысқа мысал келтірейік: егер біреудің мүлкін иемдену мақсатында адам өміріне не денсаулығына залал келтірген болса, қарақшылык шабуыл болады.
Жеке күрделі қылмысқа - екі әрекеттен тұратын қылмыстар жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202 бабында дұрыс ақпарат сақталмаған жалған құнды қағаз шығару және ол туралы қате есеп бекіту - бір қылмыс болып саналады. Қылмыскердің осындай бірнеше қылмыстық әрекетке баруына қарамастан аталған істер бір қылмыс құрамына кіреді.
Созылмалы қылмыстар белгілі қылмыстық әрекеттің орындалуын мен қылмыскерге жүктелген заң міндеттерінің орындалмауынан туады.
Дәл осылай Басанов сот шешімі бойынша тағайындалған баласын асырауға арналған қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы бас тартып жүрді. Осы үшін ол сегіз рет жұмысын ауыстырып қаладан қалаға көшіп жүрді. Оның осы қылмыстьгқ әрекетінің ұзақтығына қарамастан, бұл қылмыс көп қылмыстар емес, жалғыз созылмалы қылмыс болады.
Сонымен бірге созылмалы қылмысқа (ҚК-нің 133-бабы) қашқындық, (ҚК-нің 195-бабы) несие қарызын төлеуден әдейі бас тарту, (ҚК-нің 213-бабы) шетелге өткен соң, шетелдік валютаны қайтармау жатады.
Жалғаспалы қылмыс Қылмыстық кодексінің 11-бабына сәйкес бір мақсатта біріккен бірдей қылмыстық әрекеттер тұратын қылмыс болып табылады. Жалғаспалы қылмыс әрекетсіздіктен емес, тек әрекеттер арқылы жасалады. Жалғаспалы қылмысты құрайтын әрбір жеке әрекет жеке қылмыс болуы да болмауыда, яғни әкімшілік тартпауы да мүмкін. Бірақ қандай жағдай болмасын мұндай әрекеттердің әрқайсысы жеке тұрып құқықтық баға ала алмайды, өйткені олар біріккен әрекеттер ретінде жалғаспалы сипатта болады.
Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алсақ болады. Қылмыскердің белгілі уақыттың ара-арасында қоймадан азық-түлікті аз мөлшерде анда-санда ұрлап тұруы - тік қылмысқа жатпайды. Және де әр уақытта қылмыскердің ұрлаған затынан көлемі ешқандай роль атқармайды. Ұрлық мына жағдайда жалғаспалы болып есептеледі: егер ұрлықы заттың көлемі айтарлықтай аз болса және бұл шығын қоғамға зиян тигізбесе, онда Қылмыстық кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыс болып саналмайды.
Ұрлықтан басқа жалғаспалы қылмысқа (106-бабы) ұрып-соғу, (223-бабы) тұтынушыларды алдау т.б. қылмыстар жатады.
2 тарау
КӨП ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ КӨРІНУ
БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық теориясында көп қылмыстың айқындалу белгілері туралы сұрақ әртүрлі шешіледі.
Н.И. Загородников пен Н.А. Стручков көптік қылмыс ұжымын екі не одан да көп жеке қылмыстардан тұратын күрделі құқықтық білім ете бір уақытта немесе бірінен бірі қайталануы қылмыстың шынайы жиынтығы арқылы жүзеге асатын қылмыс деп түсіндіріледі. (22 бет. 2)
В.Н. Кудрявцевтің пікірінше көптік қылмыс формалары кылмыс жиынтығы қайталанушылығы, бірнеше рет қылмыс істеу және рецидив болып табылады. (22 бет. 3)
П.С.Дагель, А.М. Яковлев көптік қылмысқа тек қайталанушылық, рецидив жиынтық үғымдары ғана жатады деген. (22 бет. 4)
М.Т. Кафаров рецидив, қайталанушылықпен шынайы жиынтықты қылмыс қайталануы деп тану үшін, олар әрекеттің әр кезде жасалуымен және жалғасуымен сипатталады, Оның ойынша идеалды жиынтықта мұндай қасиеттар жоқ, сондықтан оны көптік қылмыстың екінші формасына жатқызады. (23 бет. 5)
Көп қылмыстардың екінші формасы В.П. Малковтың концепция анықталған. Ол қылмыстың қайталануы екі негізгі формада , яғни қайталанушылықта және шынайы жиынтықта көрінеді деген. Рецидивті, жүйелікті, бірнеше рет қайталануды және шынайы жиынтықты қайталанушылықтың түрлері деп білген. (23 бет. 6)
Е.А. Фролов пен Р.Р. Талиакбаров қазіргі заңдылықта көптік қылмыстың тек екі формасы, яғни қылмыстың қайталануы мен қылмыстық әрекеттінің жиынтығы бар дейді. Олардың ойынша, қайталану ұғымы деп - бұрыңғы қылмысы үшін сотталған, сотталмағанына қарамастан екінші рет тағы қылмыс жасауын түсінеді. Бірнеше кылмыстық әрекеттердің тіркесіп, ол үшін сот араласпаса, онда ол қайталанушылық, ол бұрын істелген қылмыстың біреуі үшін сотталса, онда мұндай қылмыстар рецидив деп аталады.
Осыған байланысты авторлар қазіргі қылмыстық заңдылықтар қылмыстың қайталануына "қайталанушылық" терминін қолданған. Олардың ойынша "қайталанушылық" терминін анықтауда "қайталану" мен "рецидив" деген жеке ұйымдарды жинақтау дәл болар еді. (24 бет 1)
Е.А. Фролов пен Р.Р. Талиакбаров пікірлері шындыққа жанасса да, белгілі бір анықтауды қажет етеді. Бұл авторлар қылмыс рецидивтін қылмыс қайталанушылықтың бір түрі деп дұрыс айтқан. Бірақ көптік қылмыстың айқындалуының екі формасы жиынтық деген тұжырыммен көптік қылмыстың екі формасына жатқыза отырып, авторлар қылмыс жиынтығы түрлері әлеуметтік-психологиялық және құқықтық табиғаты жағынан бір-бірінен ерекшеленеді және қылмыскер тұлғасының қоғамдық қауіпі әртүрлі сипатта болатынын ескермейді.
Шынайы жиынтық ұғымы қамтитын қылмыстық идеалды жиынтығынан гөрі қоғамға келтірер қаупі жатады. Егер шынайы жиынтық табиғаты жағынан адамның қылмыстық әрекеттерді қайталау уақытымен сипатталса және қайталанушылықтың түрі ретінде қарамаса, онда идеалды жиынтықта қылмыстың қайталану уақыты жоқ.
Идеалды жиынтықта бір әрекетпен немесе әрекетсіздік арқылы субъект кемінде екі қылмыс істейді. Осылайша жиынтықтың қарастырылған түрлері әрқилы әлеуметтік-психологиялық мазмұнға ие болып, көптік қылмыс формалары туралы сұрақты шешуде ескеріле алмайды. (25 бет. 2)
Ю.Н. Юшков көптік қылмыстың айқындалуының үш түрін: қайталанушылық, жиынтық және қылмыстық фактінің көптігі, яғни жеке қылмысқа қарағанда қоғамға үлкен қауіп төндіретін және бір қылмыскердің бірнеше рет қылмыс істеуі деп ұсынды. Көптік қылмыс фактісіне ол бір қылмыстың бірнеше адамды ауыр жарақаттануы немесе бірнеше рет аса қауіпіті бұзақылыққа баруын жалғаспалы қылмысқа жатқызады. Бірақ жаңа категорияның ғылыми оралымына фактіні көптік қылмысты меңгеруі сәтті болмады. Біріншіден, фактілі көптік ұжымына құқықтың көптік қылмысты жатқызуға болады. Бірақ ұжымның фактілі және құқықты деп бөлудің қажеті жоқ, өйткені көптік қылмыс құқықтық қылмыстың ұжымы. Екіншіден қылмысты саралауда адамның бірнеше қылмыс істеуі, қылмыс қайталанушылығы болып, қылмыстық құқықтык заңды қылмыскерге қолдануға тура келеді. Сондықтан да Ю.Н. Юшков ұсынған "көптік фактілі қылмыс" туралы құқықтық категориясы қазіргі қылмыстық заңдылықта және тергеу - сот іс-тәжірибесінде керексіз болады. Ол айыпталушының қылмыстық қайталанушылының формасын анықтамайды.
Көптеген авторлар, көптік қылмыс өз болмысын қылмыс қайталауында, қылмыс жиынтығында және рецидивте деп санайды. Осылайша И.М. Гальперин "көптік қылмыс түрлеріне қылмыс жиынтығы, қайталануы мен рецидивті жатқызады. Бірақ, қылмыстық әрекетті бұлай болу тиімді емес, өйткені ол бір емес бірнеше тұжырыммен сараланады. Қазіргі қылмыстық заңдылықтағы қылмыс қайталанушылығы деп адамның бірнеше қылмыс істеп, жауапқа тартылған жағдайы ғана емес, сонымен бірге жазаны өтеп шыққаннан кейін істелген жаңа қылмысы (ҚК-нің 175-бабы) деп аталады.
Шынайы қылмыс жиынтығы табиғаты жағынан жалпы немесе қылмыстың бірыңғай қайталануы болып табылады. Бұл көзқарасты СССР Жоғаргы Соты да ұстанды. 1972 жылы 11 шілдедегі "Қоғамдық және мемлекеттік мүлікті тонау ісі бойынша соттың іс-тәжірибесі туралы" Қаулыға ұрлыктың барлық қайталану жағдайында ҚК-нің 175 бабында көрсетілгендей қылмыскердің бұрын сотталған, сотталмағанына қарамастан бір жаңа қылмыс жасауы. Егер қылмыскер бұрыңғы қайшысы үшін амнистияға немесе рақымшылыққа ілінсе, кейінгі қылмысы, мысалы, ұрлық қайталануы болып табылады. (27 бет 3)
Осы айтылғандар рецидив, қылмыс жиынтығы және қайталануы қылмыстың біртекті түрлері емесіне көз жеткізеді.
Көптік қылмысты формаларға бөлу үшін, оның құқықтық белгілерін емес, әлеуметтік белгілерін, яғни қылмыстың көптігін қайталану уақытымен алмастырған.
Көптік қылмысты қайталануымен бойынша қылмыскер санасында түрткілердің бірнеше рет болуы қылмыскердің қоғамға қарсы көзқарасының тұрақтылығын, оның қоғамдық қауіпін көрсетеді. Шынайы қылмыс жиынтығында қылмыс қайталануы жоқ болғандықтан, түрткілермен күрес қайталанбайды.
Көптік қылмыстың формаларының айқындалуына қатысты В.П. Малковтің пікірі дұрыс. Ол көптік қылмыстың тек екі формасын: қылмыс қайталануы мен шынайы жиынтықты ұсынды. Сот іс-тәжірибесінде шынайы жиынтық салыстырмалы түрде сирек кездеседі,бірак ол көптік қылмыстың айқындалуының жеке формасы деген қорытындыға кедергі келтірмейді.
Аталған негізгі формалар басқа жіктелу белгілеріне қарай құқықтық және әлеуметтік сипатта белгілі түрлерге бөлінеді. Бұлай бөлуде іс-тәжірибелік мән бар, өйткені көптік қылмыстың түрлері қылмыскер тұлғасының қоғамдық қауіп деңгейін байқатады. Қылмыскердің қоғамға келтірер қаупі жасалған қылмыстылығынан. Қылмыстың әрекеттің санымен, қылмыстың әрекеттер арасындағы уақыт шегімен, қылмыстың сипатынан аса қаупті РЕЦИДИВИСТ деп танылуынан көрінеді.
Келесі бөлімінде көптік қылмыс әрекеттерінің формасы мен түріне толық түрде құқықтық сипаттама беріледі.
2.1. Қылмыстыц жиынтыгы.
Қылмыстық кодексінің 12-бабының бірінші бөлімінде қылмыстың жиынтығына мынандай анықтама берілген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің түрлі баптарында немесе баптардың бөлімдерінде қарастырылған екі не одан да көп қылмыстық әрекеттер жасау және олардың бір-біреуі сотталмаған немесе заңда бекітілген жағдайлар бойынша ҚЖ (90) босатылмаған болуы керек".
Басқаша айтқанда, қылмыстық жиынтықта қоғам үшін қауіпті қылмыстың екі одан да көп құрамы кездеседі. Қылмыскер жасаған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімдерінің түрлі баптарында қарастырылған қылмыс белгілерімен немесе бір баптың екі пунктінде сай келуі керек. Егер адам жеке іс-әрекет жүргізсе, мына жағдайда ол жиынтығы болуы мүмкін. Ол үшін бір қылмыстар аяқталған , ал екінші бірі қылмысқа дайындық қатысу немесе шабуыл ретінде саралануы керек.
Қылмыс жиынтығы оның құрамына кіретін қылмыстың бірден-біреуі үшін адам сотталмаған болса ғана орын алады. Басқаша жағдайда ол қылмыс жиынтығы емес, рецидив немесе қылмыстың екі рет қайталануы болады. Қылмыс жиынтығының екі түрін көрсетуге болады: реалды және идеалды қылмыс жиынтығын кеңірек қарастырамыз. Ал реалды жиынтығы дегеніміз бірнеше әрекет арқылы тұлға жасаған қылмыстардың қылмыстық заңның түрлі баптарына сай келеді.
Реалды қылмыстық жиынтық - қылмыскерді қылмыстык жауапкершілікке тартумен байланыссыз қайталанушылықтың бір түрі. Ол да қайталанушылықтың басқа түрлері сияқты төмендегіше сипатталады: қылмыскер түрлі уақытта екі не одан да көп қылмыстарды әртурлі әрекеттер арқылы асырады. Ол қылмыстар бір ғана қылмыстың шеңберіне сыймайды және қылмыстық заңның түрлі баптары немесе сол баптардың бөлімдері бойынша сараланады.
Реалды қылмыстық жиынтықты тек қылмыскердің сотталғанға дейінгі жасаған қылмыстары ғана құрай алады. Осыған байланысты реалды қылмыстық жиынтық туралы тек қылмыстық жиынтық құрамына кіретін қылмыстардың екеуінің қылмыстық іздестіруінің мерзімі өтпеген жағдайда ғана сөз қозғауға болады.
Реалды қылмыстың жиынтығы басқа да қылмыстың жүйелілігі, жасалуы сияқты түрлерінен ерекшелігі мынады: реалды соған барлық қоғам үшін қауіпті жеке әрекеттер қылмыстык заңда қарастырылған бір ғана қылмыстық нышандар құрамына сыймайды. Бұл олардың біртектіліге және әртектілігіне байланыссыз болады. "Қылмыстық жиынтық біртекті, сонымен қатар ірі қылмысты тудыра алады"6 деген Е.А. Фролов пен Р.Р. Гашкбаровтың пікірі өте дұрыс.
Алайда бірыңғай қылмысты әрекет реалды қылмыстық жиынтық тудыра алатыны туралы бірауызды пікір жоқ. Е.А. Фролов пен Р.Р. Галиакбаров ол мүмкін деп есептеді.7 Е. Прокоповичте осындай пікірде. Оның ойынша, егер адам заңның бір бабында қарастырылған бірнеше бірыңғай қылмыс жасаса, ол жиынтық қылмыс болмайды" мысалы, жауапты тұлға пайдакүнемдік ниетпен арнайы құжатқа өтірік мәліметтерді жүйелі түрде ендіреді (Қылмыстық кодексінің 314 бабы).
Бұндай жағдайларда әр қылмыс жеке сараланбайды, бір бүтінге біріктіріледі. Осындай оқиғалардың бірнеше рет қайталануы жаза белгілеу кезінде жазаны ауырлататын жағдай деп саналмайды.8
В.П. Мадков басқаша көзқараста болып реалды қылмыстық жиынтық бірыңғай қылмыс арқылы қалыптаспайды деген тұжырымға күдікпен қарады. Дәлел ретінде келесі мысалды келтірді. Егер қылмыскер шет мемлекет территориясында мемлекет мүлкін қасақана ұрлады да, Қазақстан Республикасы территориясында жасырынды ол қасақана мемлекет мүлкін жойды және ол қылмыс ашылды, екі қылмыстық әрекеттің де бірыңғай екені даусыз. Оларды тек әртүрлі кодексте қарастырылғандықтан - формализм.
Бірақ жасалған әрекеттердің бірыңғайлығына қарамай, олар қылмыстык жиынтығы бойынша саралануы керек. Осындай бірыңғай қылмыстың жиынтығы сот іс-тәжірибесінде ұжымдық не мемлекеттік немесе жеке мүлікті ұрлауда, сонымен қатар алаяқтықта т.б. аз кездеспейді.
Қылмыстық жиынтық бойынша бірыңғай қылмыс екі жағдайда сараланады: бірінші, қылмыскер шабуыл жасап, қылмыс жасамаса, екінші, жаңа аяқталған қылмыс немесе керісінше болса. Бұл жерде де барлық жасалынган қылмыстар бір шеңберге сыймайды. Егер ол бірыңғай қылмыс әрекетінде алғашқы қатысушылардың бірі болып кейін де сондай қылмысты орындаса жасалынған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін спецификасын, өзгешелігін толығырақ сипаттау үшін, жасалынған істі қылмыстық жиынтығы жағынан саралау қажет.
Осы сұрақ төңірегінде Малковтың көзқарасы дұрыс саналады. Жоғары Сот Пленумы осы пікірді ұстанады. 1992 жылы 27 наурыздағы Қаулыда осылай көрсетілген "Зорлау және басқа да жыныстық қылмыстар жөніндегі сот іс-тәжірибесі туралы көрсетілген қылмыстардың әрқайсысы өз алдына саралану керек. Егер қайталанушылық осы қылмыстың нышандар құрамының сараланған белгісі ретінде көрсетілсе, қылмыстың жиынтығының саралануы екінші қылмыстық ретіндегі саралануын қажет етеді.
Қылмыс жиынтығының бір қиындығы болып, егер жасалынған қылмыстық әрекет Қылмыстық кодексінің бабында қарастырылып, бірақ осы баптардың түрді бөлімдерінде қарастырылуы табылады. Қылмыстық кодексінің 58 бабы бойынша адам екі не одан да көп Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімнің түрлі баптарында қарастырылған қылмыстар бойынша кінәлі деп табылса ғана қылмыс жиынтығына қатысты болады. Қылмыстық кодексі баптарының жеке бөлімдерінде ашылған әр қылмыстың өзіндік ерекшелігін мойындауда соған сәйкес баптың бөлімі жеке санкция қайталанушылығы туралы факт куә болады.
Дәл осы ерекшелікті СССР-дың Жоғарғы Сот Пленумы қылмыс жиынтығын айқындауға тірек етті. Сонымен Жоғарғы Сот Пленумы 1981 жылы 31 шілдедегі "Бірнеше қылмыс жасағандағы жазалау және бірнеше үкім туралы тәжірибе" деген қаулысында көрсеткен: "Қылмыс жиынтығына байланысты заңда" қарастырылған жаза белгілеу ережелері санкциялары бар және бір қылмыстық заң бабы бойынша қарастырылады".
Осылайша түрлі баптар туралы айта отырып, қылмыс жиынтығын атауда заңдылық қылмыстың түрлі қылмыс нышандарының құрамын алып, Пленум 58 бапқа көлемді түсініктеме берді. Сот ісінде көрсеткендей қылмыс жиынтығына кіретін әрекеттері бағыты, орны, уақыты, әдісі. Қылмыстың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне байланысты түрлеріне сипатталады. Бұл қылмыстың түрлі арақатынасы реалды қылмыстық жиынтық қылмыскер тұлғасының әдеттері, білім деңгейі, қоғамға залалдығын түрліше бейнелейді.
Қылмыстық кодексінің теориясы көрсетілген айырмашылықты ертерек байқап, қылмыс жиынтығын реттеу туралы критерий ұсынды. Реалды қылмыс жиынтығының түрлі жағдайын дұрыс түсіну, оны бірыңғай күрделі қылмыстан шектеу мәселесін шешуге көмектеседі. Сонымен қатар процессуалды сұрақтарды шешуге де көмегі бар және қылмыскер жазасын саралауға мүмкіндік береді".
Реалды қылмыс жиынтығы туралы сұрақ қылмыстық заңдылыққа реалды және оны А.Э Яковлев сәтті шешті. Ол реалды қылмыс жиынтығының екі түрін ажыратып көрсетті.
1. Бір-бірімен белгілі бір жолмен байланысқан қылмыстардың реалды қылмыстық жиынтығы.
2. Бір-бірімен тек қылмысты жасаушы бір адам болу фактісі арқылы ғана байланысқан қылмыстардың реалды жиынтығы. Тәжірибе көрсеткендей реалды қылмыс жиынтығының бірінші кіретін қылмыстық әрекеттер арасындағы байланыс мынада: олардың кейбірі екінші қылмыстың шарты, тәсілі, амалы ретінде В.Т. Малковтың пікірінше, белгілі бір жолмен өзара байланысқан қылмыстың реалды қылмыстық жиынтығы мен бірыңғай қылмысты ажырату үшін келесі жағдайда есте ұстау керек.
1. Реалды қылмыстық жиынтық жағдайында бір қылмыс әрекеті келесі қылмыстың шарты болады немесе оған жағдай жасайды, мысалы, суық қару жасап шығару (Қылмыстық кодексінің 252 бабы) және шабуыл жасау (Қылмыстық кодексінің 179 бабы).
2. Реалды жиынтық қылмыс жағдайында бір қылмыс екінші қылмыстың амалы не тәсілі болады, мысалы, қызмет бабын пайдалану және мемлекеттің не ұжымның мүлкін тонау.
3. Реалды жиынтық қылмыс жағдайында бір қылмыс екінші қылмыстың жабудың амалы не тәсілі немесе ол үшін жауапкершіліктен қашу жолы болып табылады. Мұндай реалды жиынтық қылмысқа сатып алушыларды алдау және тонау; зардап шегуші ауыр және орта дене жарақатын алса немесе оның өміріне қауіпті жағдайда қалдырып жол ережесін бұзу; бұзақылық жасау және оның соңынан милиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіп сақтаушының, қоғамдық құрылым мүшесіне қарсылық көрсету және олардың өміріне қауіп төндіру.
4. Реалды жиынтық қылмыс жағдайында бір әрекетті келесі әрекетті пайдаланып жасау не жабу амал, тәсіл шарты жағынан өзара қатысы жоқ, бірақ кауіп төндірудің орнының, уақытының бірлігімен сипатталады. Бұл жерде мына жағдай мысал бола алады: мотоциклді айдап кету, саналы түрде оның негізгі бөлшектерін бұзады және лақтырады.
5. Реалды қылмыс жиынтығы жағдайында уақыттардың бірлігімен сипатталады. Реалды қылмыстық жиынтығы бұндай жағдайда қылмыс жасаудың түрлі уақыттылығының айқындылығымен сипатталғандықтан күрделі қылмыстан ажырату қиындығы жоқ. Мысалы, адам алғашында жеке адамның мүлкін ұрлады, ал бір айдан соң мемлекет иелігіне бағытталған қарақшылық жасады.
Реалды қылмыс жиынтығының екінші түрі тек қылмыстық субъектілері арқылы ғана біріккен. Оны бірыңғай күрделі қылмыстан ажырату қиындық туғызбайды. Сондықтан қылмыстық жиынтығының спецификалық ерекшеліктерін ашып көрсету бізді толықтырып отырған аспектіде тәжірибелік мәнге ие емес.
Реалды қылмыстық жиынтығы мен қылмыс қайталанушылығының байланысты туралы айтсак, бұған қатысты үш көзқарас бар.
С.Т.Закутский қылмыстық жиынтығымен пайдаланушылығының ерекше ұғымы деп есептеген.
Г. Тимейко: "Екі және одан да көп біртектіне әртекті қылмыстан кашан қайталанушылық пен жиынтық туады".
В.Н. Кудрявцев: "Жиынтық пен қайталанушылық кереғар " деп пайымдаған. Оның ойынша қайталанушылықты болдырмайтын қылмыс жиынтығы болуы мүмкін". Г. Тимейко жақтаған екінші көзқарас дәлірек.
Реалды қылмыс жиынтығы қылмыс әрекетінің қайталануы нәтижесінде болады. Сондықтан қылмыс қайталанушылығының белгілері жинақтайтын қылмыс жиынтығы болмайды. Бұл реалды қылмыс жиынтығы туралы сөз қозғағанда ғана жүзеге асады. Кез-келген реалды қылмыстың жиынтығы кей жағдайда жоғары деңгейдегі, ол кейде қылмысты ауырлататын мәні бар қылмыс қайталанушылығын құрады.
Бұрын сотталған қылмыскердің қылмыс қайталанушылығы және түрлері.
Қылмыстың қайталанушылығының екінші түрі қылмыскердің сотталғанымен байланысты. Бұл қайталанушылық аса қауіпті. Ол қылмыскер мемлекет тарапынан өз тәртібіне деген теріс баға басқа қылмыстық әрекет істемеуге ескерту алып, сот алдында жауапта тұрса да, жаңа қылмыс жасайды.
3 тарау Көп қылмыстардың түрлері.
Қылмыс қайталанушылығың бір түрлі қылмыстардың әрекеттерінің түрлері. Қылмыскердің бұрын сотталмағанына, не сотталғанына еш байланыссыз.
Қылмыстардың түрлілігін қылмыс қайталанушылығынан байланысып отырган әрекеттердің санымен толықтырылады.
Қылмыс қайталанушылығында қылмыстық әрекеттің екі рет жасалуы жеткілікті болса, қылмыс түрлерінде ол кемінде үш рет І. (5-50 б.)
Дәл осындай ҚСРО Жоғарғы Сот Пленумында ұсынған. Осылайша, 1984 жылы 26 сәуірдегі Қаулысында "1982 жылы 26 шілдедегі ҚСРО Жоғарғы Сотының Президиумы нұсқауында сот іс-тәжірибесінде кей мәселелерді қолдану туралы" "Қылмыстык және еңбекпен түзеу заңдылығын ары қарай жетілдіру туралы" және 1982 жылы 15 қазанындағы "Заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".Қылмыскердің қоғамдық тәртіпті сынақтан өткізу мерзімінде жүйелі түрде үш не одан да көп мөлшерді бұзғаны.
Үш не одан да көп қылмыс қайталанушылығын әрдайым қылмыс жүйелілігіне жата бермейді. Мысалы, қылмыскер екі рет бір қылмысты әртүрлі жағдайларға байланысты араға ұзақ уақыт салып қайталаса, ол жүйелілігі болмайды.
Қылмыстың тірілігі - қылмыскердің бірнеше қылмысты аз мерзімде араға көп уақыт салмай істеген әрекеті.
Біркелкі жасалған қылмыстық әрекеттер қылмыс түрлеріне, егер бір адам әр тектес қылмыстық әрекетке барса, қылмыс жиынтығы болады.
Түрлерінің ұғымы қылмыскердің қылмыстык жауапкершілікке қарамай тұрып, жасаған қылмыстық әрекеттерін қамтиды. Бұл пікірді қылмыстық заңдылық та қуаттайды, олар сотталған адамның жеке жүйелі қылмыс жасауын есепке алып, шектеу қояды. Осылайша, адамның қысқа мерзім ішінде біркелкі қылмыстық әрекеттерді үш не одан көп рет қайталап, бірде-бір рет сотталмаса жеке жүйелілігі болып табылады. Бұл істелінген істер қылмыскердің белгілі бір теріс жақтарын көрсетеді.
3.1. Қылмыстардыц қайталанушылығы.
Қылмыстық құкық әдебиеттерінде қылмыс қайталануы үғымына анықтама берілген. Қылмыс қайталануы деп бұрын қылмыс адамның, қылмысы үшін жазасын өтемей тұрып, тағы қылмыс істеуін түсінеміз. (30 бет 1)
“Қайталанушылық" термині "қайталау" деген етістіктен, яғни бір нәрсені екі рет-үш рет істеу, ал қылмыстық салада 2-рет қылмыс істеу боп табылады. Демек, қайталанушылық
ұғымы, сапалық сипаттағы негізгі белгі. Ол құқықтық, әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық үғымның ерекшелігін, жасалған қылмыстын санын, қылмысты саралауда және айыпталушыға жаза қолдануында. Қайталанудың сандық жағы қоғамдық қауіпті әрекет істеу үшін керекті қылмыстың құрамдас нышаны сияқты мәнге ие , онда қылмыскер тұлғасының және оның қылмыстық әрекетінің қоғамдык қауіп деңгейі көрінеді. Осы ортақ жағдайлардан тергеу-сот іс-тәжірибенен заң шығарушы биліктің міндеті туындайды.
Қазіргі әрекет етуші заңдылықта қайталану үғымы бірдей мағынада жұмсалмайды.Қылмыстық кодексінің 54 бабының 1 бөлімінде :бұл ұғымға нақты түсінік берілген. Осы бөлімге сәйкес адам бұрын қылмыс жасаған болса, онда кейінгі қылмысы үшін ауыр жазаға кесіледі. Бірақ бұрыңғы қылмыстың сипатына қарай, жазаны ауырлату туралы жағдайды қабылдамауға соттың қақысы бар.
Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша қайталануы ұғымына басқа түсінік берілген. Онда "Қылмыстық кодексінің 175-181 баптарына жасалған бір немесе бірнеше қылмысқа қосымша Қылмыстық кодексінің 248, 255, 260 баптарында қарастырылган қылмыстар істелсе, ол бірнеше рет қайталанған қылмыс."
Бұл жағдайдағы қылмыс қайталанушылығы ұғымы жасалған қылмыстық әрекеттің сипаты жағынан ерекшеленеді. Егер жасалған қылмыстық әрекеттің ұқсастық белгілерін есепке алмасақ, онда қылмыс қайталанушылығы да жалпы белгілерге ие. Бұл жағдайлар қарастырылған көптік қылмыстарды қылмыс қайталанушылығы деп айтуга негіз болады.
Қайталану сөзі заңды мағынасы былай бір адамның кемінде екі рет қылмыс істеуі және әрбір қылмыстық әрекеті үшін жауапқа тартылуы. Қылмыс қайталаушылығы көптік қылмыстың айқындалу формасы жағынан әр уақытта және белгілі уақыттар арасында істеледі, қылмыстық әрекетінің әртүрлі уақытта қарастырылып жатқан көптік қылмыстың арнаулы белгілері болып табылады. Қылмыстық әрекетінің әр уақытта қайталануы Қылмыстық кодексінің 175, 248 бабында бұрын қылмыс жасаған адамның жаңа қылмыс істеуі деп айтылған, осылайша, қайталану болу үшін адамның екі қылмыс істегені ғана емес, сонымен қылмысының бірі екіншісінен бұрын істелгені анықталуы тиіс.
Адамның әр уақытта екі не одан да көп қылмыс істеп ол үшін қылмыстық жауапқа тартылмауы және бұрыңғы қылмысы үшін жазасын өтеп, тағы бір жаңа қылмыс істеуі қылмыс қайталануы болады. Мұндайда заңнан туады: қайталанушылық деп бұрын қылмыс істеген адамның жаңа қылмысқа баруын айтады. Қылмыстық кодексінің 54 бабы бұрын қылмысқа барған адамның әр уақытта бірнеше қылмыс жасауы, жауапқа тартылмағандар да, жазасын өтегендер ,өтеп жатқандар да бұзған болып есептеледі.
Қылмыс қайталануы түсіну, бұрын сотталған не сотталмағанын қылмыстың екі категориясын анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстық құкық теориясында "қылмыс қайталанушылығы қандай әрекеттерден туындайды” деген сұрақ дау туғызады. Кей авторлар қайталанушылық қылмыстың біркелкілігінен туады десе, кейбірі әркелкі заңда тікелей қарастырылатын біртекті және әртекті қылмыстардың қайталануын ажырату керек деген де пікір бар. (Осыған біркелкі, біртекті және әртекті қылмыстың қайталануын ажырату деген де пікір бар), осыған біркелкі, біртекті, әртекті әрекеттерді анықтау мәселесі құрылған. Біркелкі қылмыстық әрекеттер жай құрамда нақты белгілермен сай келеді. Бұл қылмыстардың құқықтық тәсіл арқылы жасалғанын субъект кінәсінің әркелкілігін көрсетеді. Осылайша біркелкі қылмысқа мемлекеттік мүлікті жасырын алу, техникалық құралдарды пайдалану арқылы ұрлау . Осы екі қылмыста құқықтық белгілердің сипаты жағынан ұқсас. Олардың біреуінің техникалық құрал қолдану арқылы жасалғаны ,олардың біркелкілігін өзгертпейді.
Біртекті қылмыстар деп - бірдей күнә пішінімен және бірдей объектіге бағытталған қылмыстар жатады. Мысалы, біртекті қылмысқа Қылмыстық кодексінің 312-бабы пара беру және Қылмыстық кодексінің 311 бабы пара алу қылмыстары жатады. Әртекті қылмыстық әрекеттер өзара құқықтық белгілер арқылы ажыратылады. Демек, әртекті қылмысқа біртекті және біркелкі ұғымы қамтылмайтын қылмыстардың бәрі жатады.
Көптік қылмыстың формасы ретінде қайталанушылықты әртекті, біртекті және біркелкі қылмыстар құрайды.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс қайталаушылығы туралы мәселе әртүрлі жолмен шешіледі. Қайталаушылықты жалпы және арнайы деп бөлу кең тараған.
Жалпы қайталаушылықты адамның әртекті қылмыстар істеуі деп түсінеміз. Жалпы қайталушылығының қылмысты саралауға әсер етпейді. Кейде жазаны ауырлататын жағдай ретінде ғана қарастырылады.
Қылмыстық кодексінің 54 бабына сәйкес алғашқы қылмыстың сипатына қарай, жаза ауырлататын жағдайды сот мойындамауға құқылы.
Арнайы қайталанушылық адамдардың бірдей және біртекті қылмыс істеуі болып табылады. Арнайы қайталаушылық кей жағдайда заңның саралаушы белгісіңде Қылмыстық кодексінің тиісті бөлімінде қатал санкция ретінде сараланады.
Адамның бұрыңғы қылмыс үшін сотталғанына байланысты қылмыс қайталанушылығы екі түрге бөліне алады:
1. Бұрыңғы қылмысы үшін сотталмағанына еш байланыссыз қайталанушылық.
2. Бұрыңғы қылмыс үшін сотталғанына байланысты қайталанушылық (рецидив).
Көптік қылмыстың бірінші негізгі формаларын бұлай бөлу практикалық мәнде болады, өйткені қазіргі қылмыстық заңдардың кей жағдайында қылмыскердің бұрын сотталған немесе сотталмай тұрып қылмысты қайталауы белгілі құқықтық мағына береді.
Әрекет етуші қазіргі заңдылық қайталанушылыктың мына түрлерін:
1. Қылмыстыц бірнеше қайталануы жүйелігі және қылмысты кәсіпкс айналдыру.
2. Шынайы қылмыстар жиынтығы.
3.2. Қылмыстыц бірнеше мәрте жасалуы.
Қылмыс қайталанушылықтың аталған түрлерін кеңірек талдаймыз.
А.С.Пиголкиннің пікірінше "бірнеше рет қайталау" термині "қайталау" терминін өзіне сіңіріп, бір бүтін мағына ретінде қарым- қатынас жасайды. Бірнеше рет жасау, қайталанушылыққа қарағанда, қылмысты екінші рет емес, екі рет жасау деп А.А Пионтковский, В.Д. Меньшачин және В.М. Чихадзе түсіндірген.
Н.И. Гореликтің пікірі бойынша бірнеше рет жасалған қылмыс деп - екі рет қылмыс өтеуі болып табылады.
Н.П. Кучерявый бірнеше рет жасалған қылмысты - қылмыстың қайталануын емес, керісінше қылмыстың бірнеше рет, кемінде екі рет жасалуы деп түсінеді.
Т.А. Караев "қайталанушылық" пен "бірнеше рет істеу" сәйкес ұғымдар деп есептеп, қылмыстық әрекеттерді дұрыс саралауға байланысты және Қылмыстык кодексінің Ерекше бөлімнің бабына мазмұны келтіру үшін "бірнеше рет істеу" терминін қолданудан бас тартып оны "қайталанушылық" терминімен ауыстыру туралы пікір айтқан.
Осының бәрі "бірнеше рет жасау" терминін түсінудегі бірліктің жоқтығын білдіреді, бірақ бұл ұғымды басқа ұғымдармен шектейтін өзіне тән белгілері бар.
Көптік қылмыстың түрі болатьш бірнеше рет қылмыс істеу мен сотталу расына теңдік белгісін қоюға болмайды, өйткені сотталу көптік қылмыстың түрі - рецидивтің белгісі. Жаңа қылмыс істеудегі бірнеше рет қылмыс істеу ұғымы рецидив ұғымымен бірігеді, сонымеп бірге заң шығарушы билікте бұл ұғымдар бір құрамда болса да, әртүрлі мазмұнға ие. Сотталудың бар болуы бірнеше рет істелген қылмысты қылмыс қайталанушылығы емес екенін дәлелдейді.
Б.А. Куринов "бірнеше рет істелген қылмыс" - адамның біртекті қылмыстық әрекетті кемінде екі рет істеуі. Қылмыстар біркелкі және біртекті болуы мүмкін деген. Ол бірнеше қылмыс ұғымын адамның кемінде екі рет бірдей қылмыс істеуі деп түсіну дұрыс емес деп есептеген.
Бұл пікірдің дәл еместігін В.П. Малков пара алу және парақорлық делдал болу мақсатында көрсеткен. Кейбір сот өкілдері парақорлықтың кез-келген формасы бірнеше рет істелген қылмысқа жатқызады. Бұл соттың іс-тәжірибесін 1995 жылы 25 мамырда Жоғары Сот Пленумы дұрыс деп шешпей "Соттардың парақорлық үшін жауапкершілікке заңдар қолдануы туралы" Қаулысында пара беру делдалдық құру бұл қылмыстың бірнеше рет істелгенін анықтайды. Бұл мәселені шешу арқылы "бірнеше рет істелген қылмыс" ұғымын кеңірек түсінуге жол бастайды.
Осылайша бірнеше қылмыстық әрекет қылмыс қайталаушылығының түрі ретіндс бұрын қылмыскердің сотталган сотталмағанына байланыссыз келесі белгілер тән болады:
1. Екі не одан да көп қылмыс істеу.
2. Істелген қылмыстар біркелкі сипатта болады.
3. Олардың бір де біреуі үшін қылмыскер жауапқа тартылмаған.
Демек, бірнеше қылмыстық әрекет ~ адамның екі не одан да көп бірдей қылмыстар істеуі және оның бірде біреуі үшін жауапқа тартылмауы.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Қазіргі заң шығарушы орган көптеген қылмыстық әрекеттердің түрлі жағдайларымен күресті реттейтін көлемді нормалар сапасын қамтиды. Жеке бап ретінде заңды анықтама алған тек сотталған адамды аса кауіпті рецивидист деп тану шарттарына тиісті (Қылмыстық кодексінің 13 бабы) қылмыс жиындығы түсінігіне және соған байланысты жаза белгілеу тәртібі Қылмыстык кодексінің 58 бабында), үкім қылмыс жиындығы бойынша жаза белгілеу реті бойынша Қылмыстық кодесінің 60 бабы) нормалар болып табылады.
Көптеген басқа жағдайларда нормалар Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ереже бөлімі ретінде қылмыстық құқықтық институттардың құрамында қарастырылды. Аса қауіпті рецидив жататын қылмыс жиындығы және үкім жиындығы т.б. қылмыс көптігінің түріне жататындығы белгілі бір нормалар тобы қылмыс көптігін жеке қылмыстық институты ретінде құруға толық негіз бола алады.
Бұл институттың барлық нормалары қылмыстық құқық жүйесінде өзара тың байланыстың қоғамдық қатынастардың біртекті топтарын реттейді. А.М. Яковлев атап көрсеткендей, жиындығы және қылмыстық әрекеттерінің көптігінің басқа да формалары жалпы қылмыс мәселесінің үлкен бөлігін құрайды. Сот жаза белгілемес бұрын жасалғанға құқықтық квалификация беруі керек, қанша қылмыс жасалғанын және қылмыс көптігінің қай формасы орын алғанын анықтауы керек. Бұл жағдай көптік институты тек жаза белгілеуге байланысты нормалардан ғана тұрмайтынын көрсетеді. Бұл түсінікті де. Қылмыстық ннститутының басты қызметі өз бөлімшесіндс заңды реттілікті қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз, құқықтык институт бөлімшедегі барлық нақты сәттерді реттеуге керекті норма жиынтығын толық игеруі тиіс.
Сондықтан институт қылмыстык көптігінің түрлі формаларына анықтама беретін, оның жекелеген күрделі қылмыс көптігінен шекарасын көрсететін нормаларды қамту керек. Сонымен қатар қылмыс және шегін айқындайтын нормалар да орын алғаны жөн. Қылмыс көптігінің институтын қазіргі қылмыстық кодексте "Тұлғаға қарсы қылмыс" тарауынан соң орналастыру жөн. Осы рет бойынша қылмыстық заңдылықта ең алдымен жеке қылмыспен күрес жөнінде түсінігін қалыптасып, соның қылмыс көптігін қылмыстық әрекеттерінің өте қауіпті формасы екенін ұғар еді. Тарауының басында қылмыстық, көптігін институт туралы түсінік міндетті түрде берілуі керек. Қазіргі қылмыстық кодексте қайталанушылықты былай берген жөн: бұрын қандай да бір қылмыс жасаған адамның жаңа қылмыс жасауы (жалпы қайталанушылықты), сонымен қатар бұрын біртекті не соған ыңғайлас қылмыс жасаған адамның жаңа қылмыс жасауы (арнайы қайталанушылық). Бұл арада заңды салдардан дәлірек және қылмыстық зерттеуге процессуалды кедергілер қатысуы міндет емес.
Егер қылмыс белгілі бір бағытқа бағытталып және жиынтығында бірдегі қылмыс тудырса немесе қылмыстық тәртіпте көрсетілген орындалмаған міндеттер ұзақ орындалмаса қылмыс қайталанушылығы болмайды.
Қылмыс қайталанушылығы туралы баптан соң қайталанушылықтың әртүрлігіне анықтама беретін бұрын сотталмағанымен байланысты бап орналасуы ыңғайлы (жүйелілік, шынайы жиындығы, біркелкі еместігі ).
Қылмыстық кодексте қай қайталанушылық түсінігі жоқ, "көптігі" термині бар. Қылмыстың көптігі қылмыстық құкық бабында қарастырылған екі не одан да көп әрекеттердің жасалуы. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімнің түрлі баптарында қарастырылған екі не одан да көп қылмыс жасалуы. Ерекше бөлімнің нақты қарастырылған жағдайда "қылмыс көптілігі" деп атайды. Егер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылса, не соттау мүмкіндігі өшірілсе, ол қылмыстың көптілігі болмайды. Заң шығарушы ұғымын қалдырып, қайталанушылық мағыналық ауқымы кең. Қайталанушылық кең көптілігі, сандық белгілері жағынан отырылмағандықтан, белгілері ұқсас болады. Олардың айырмасы көптілігі бірделі, біртекті және әртекті қылмыстың сотталуға дейінгі, одан кейінде жасалуын қамтиды.
Сонымен қылмыстың бірнешелігі деп мыналарды түсінеміз: адам екі не одан да көп біркелкі қылмыс жасап, ол үшін қылмыстык, жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кетпеуі, қылмыскер амнистия тергеулік орган шешімімен қылмыстың жауапкершіліктен босап шықпауы.
Қылмыстың жүйелігі деп, адамның бір қылмысты үш реттен көп жасауын айтамыз. Сонымен қатар жасалынған қылмыс айыпталушының белгілі бір мінезін көрсетіп, жасалынған қылмыстың жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп не амнистия және рақымшылық актісі бойынша жойылмауы тиіс.
Ойластырылған түрде жасылынган қылмыс деп негізгі не қосалқы табыс көзі болып табылатын, бірақ күн көрінісінің не жүйелі түрде баюдың маңызды кезі болатын табыс шабуға бағытталған бірыңғай қылмыстың жүйесі түрде жасалуын айтамыз.
Қылмыстың жүйелілігі деп, адамның бір қылмысты үш реттен көп жасауын айтамыз. Сонымен қатар жасалынған қылмыс айыпталушының белгілі бір мінезін көрсетіп, жасалынған қылмыстың қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп не амнистия және рақымшылық актісі бойынша жойылмауы тиіс.
Ойластырған түрде жасалынған қылмыс деп, негізгі не қосалқы табыс болып табылатын, бірақ күн көрісінің не жүйелі түрде баюдың маңызды кезі болатын табыс табуға бағытталған бірыңғай қылмыстың жүйесі түрде жасалуын айтамыз.
Қылмыстың жалпы жиынтығы деп Қылмыстық кодексінің Ерекшс бөлімін баптарының бөлімдерінде не түрлі баптарда қарастырылған бірақ олардың бірде біреуі сотталмаған адамның жалғаспалы түрде екі не одан да көп рет қылмыс жасауы.
Осы баптан соң айыпталушының сотталумен байланысты пайдаланушылықтың әртүрлігін айқындайтын норма орналасқаны қажет.
"Рецидив" - латын термині "қайта оралу" деген мағына береді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ол бір нәрсенің әдетте жағымсыз нәрсені қайталануы, қайта жанғыруы деп түсіндіріледі, яғни қылмыстың қайталануы.
Рецидивтің міндетті белгілерінің бірі болып - қылмыс әрекеттерінің қайталануы жатады. Қайталанған қылмыс алдыңғы қылмыспен күнә пішіні жағынан сай келуі де келмеуі де мүмкін. Рецидив болуы үшін жасалған қылмыстық сипаты, ауырлығы жаза түрі, көлемі маңызды емес.
Жасалғанды саралауда және адамды аса қауіпті рецидивист деп тануда күнә пішіндерінің өзара сай келуінің мәні зор.
Рецидив бұрын сотталған адамның жаңа қылмыс жасауы. | Ресейдің Қылмыстық кодексінің рецидивті қауіпті және аса қауіпті деп бөлуі қызығушылық тудырады. Дер кезінде және дұрыс мақсатпен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде осындай жіктемеу ендірілген.
Менің ойымша, нормалар жүйесінің идеалды жиынтық қылмысқа арналған баппен аяқтауы орынды. Идеалды жиынтық деп адамның екі не одан көп қылмыстың әрекет жасап, олардың бірде-біреуі үшін сотталмауын айтамыз.
Идеалды жиынтық қылмыстың қазіргі қылмыстык заңда нормативті негізі жоқ. Сот жариясымен іс-тәжірибесінде идеалды бір қылмыс жиынтығы деп, екі не одан көп қылмыс жасауы.
Н.Ф. Куменованың пікірінше, қылмыстың жиынтығы субъект бір әрекет арқылы түрлі объектілерге екі зиян келтірген жағдайда ғана идеалды болады.
Алайда бұл пікір дәл емес себебі бір әрекет нәтижесінде түрлі объектілерге зиян келер жағдайлар аз емес. Бірақ жасалған қылмыстың бір қылмыстық-құқықтық нормаға күрделі оны идеалды жиынтық қылмыс қатарынан шығады. Мысалы, жол ережелерінің бұзуы және көлікті эксплуатациялау нәтижесінде жапа шегушінің өлуі (Қылмыстық кодексінің 295 бабы). Сондықтан В.Н. Кудрявцевтің пікірін қуаттаймыз. Бірде бір норма жасалынған қылмыстың жолын қамти алмайды. Қылмыс тек екі не одан көп Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі нормасы қолданылса ғана әділ заңды бағасын ашады, бұл жиынтық қылмыстық мәні дейді.
Идеалды жиынтық қылмыс жасалынған заңды құрама емес. Ол бір әрекет арқылы екі не одан көп әртүрлі қылмыс жасалынғанда жалпы шындық спецификасын көрсетеді. Қылмыстың құқық теориясында идеалды жиынтық табиғаты туралы арқылы көзқарас айтылған.
Профессор А.Н. Трайнин былай жазған: "Идеал жиынтық дегеніміз - адамның бір әрекеті арқылы бірнеше қылмыстык норманы бұзылуын айтамыз". Осылайша идеалды жиынтықты ол бірнеше қылмыстық-құқықтық норманын бұзылуы деп қарайды. М.М. Исаев және Н.Д. Дурмановтардың айтуынша идеал жиынтық бір әрекет арқылы екі не одан көп қылмыстың нышандары құрылымы орындалса көрінеді.
Профессор А.А. Пионтковский идеалды қылмыс жиынтығы бірнеше қылмыс дейді. Идеалды жиынтықты адамның бір әрекеті арқылы бірнеше қылмыстық-құқықтық норманың бұзылуы деген тұжырымдамаға қарсы тұрамыз. Идеалды жиынтық қылмыс тек адамның бір әрекеті арқылы бірнеше қылмыстық-кұқықтық норманың бұзылуы ғана емес, ол сонымен қатар екі жеке қылмыстың реалды бар болуы. Сондықтан идеалды жиынның қылмысты бір әрекет арқылы екі не одан да көп әртүрлі қылмыстың жасалуы, яғни адамның бір әрекеті арқылы екі не одан да көп әртүрлі қылмыстың нышандар құрамының орындалуы деп тұжырымдаймыз.
Жасалған қылмысты идеал жиынтық ретінде дұрыс жіктеу үшін былай болу керек.
1. бір объективті
2. түрлі объективті
Егер екі қылмыста зиян келтіруге бір объектіге бағытталса немесе зиян келтіруге жатса бұл идеалды жиынның қылмыс бір объектілі болады. Бір объектілі идеалды жиынның қылмысқа келесі оқиға мысал болады: Макашев электроцехтағы өз жұмысы орнынан үш метр құрыш құбырды дистильді жылытқыштан арамен аралап алып, оны қатардан шығарғаны үшін Қылмыстық кодексінің 187 бабының 1 бөлімі және 175 баптың 1 бөлімі бойынша сотталған. Бұл жағдайда сотталушы тарапынан бір объектіге қол сұғу оқиғасы болған.
Осы сияқты идеалды жиынның қатері мен әрекетінде де бар. Ол қатты толқып тұрып Орешин меп Қожановтың өміріне қауіп төңдіріп, байқаусызда Шубников өмірін қиды. (Қылмыстык кодексінің 24, 105 және 101 баптары)
Келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай бірінші жағдайда жиынның қылмысқа кіретін қылмыс алдын ала ойластырған, екіншіден келесісі байқаусызда болған. Осыған байланысты бір объектілі идеалды жиынның бір күнә пішініне бөлінеді.
А.М. Яковлевтің пікірінше, бір объектіге бағытталған идеалды жиынның қылмыс сол қылмыс жасалу кезінде әртүрлі күнә пішіні болса ғана көрінеді. Егер екі қылмыста да объектімен күнә пішіні сай келсе онда идеалды жиынның емес қылмыстың мамандар құрамының ұтылуы болады. Бұл ереже В.П.Малковтың ойынша сот іс тәжірибесінде бекітілмейді. Идеалды жиынның сияқты сот іс тәжірибесінде идеалды жиынның кіретін қылмыстар бірдегі күнә пішінінде болып және бір объектіге бағытталған жағдайда қылмыс сараланады. Мұнда қылмыстың саралау төмендегі жағдайларда мүмкін болады.
І.Бағытталған объект және бірдей күнә пішіні болғанда ойдың бағыты мен түрлерінде айырмашылық болады (бір нәтижеге бағытталған ой- тура, басқа нәтижеге бағытталса -- жанама және керісінше) немесе байқаусыздық түрлері (бір нәтижеге байланысты қылмыстық сенімділік келесігі байланысты - қылмыстық салақтық).
2 Іс-әрекеттердің бірі аяқталған қылмыс,_келесісі соған ұмтылу. Әр объектілі идеалды жиынтық қылмыс көп тараған. Ол бір әрекет арқылы бірнеше объектіге залал келгенде орын алады. Әр объектілі идеалды жиынтық қылмысқа біртекті күнә пішіні тән. Бірақ мұндай қылмыс жиынтығы қылмыс нәтижесіне байланысты түрлі күнә пішінінде болуы мүмкін.
Сонымен идеалды қылмыс жиынтығы бір объектілі жәнс әр объектілі болады. Өз кезегінде оларда біртекті күнә пішінінде немесе әртекті күнә пішінді қылмыс жиынтығы болып бөлінеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Уголовный кодек Республики Казахстан
2. Уголовный кодекс Республики Казахстан. Толкование и комментирование. 2-й выпуск, Алматы, 1998.
3. Б.Х. Толеубекова. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан, Алматы, 1998.
4. Уголовное право Республики Казахстан, учебник, Алматы, "Жеті жарғы", 1998.
5. М.И. Бажанов Повторность преступлений, как вид множественности преступлений, Харков, Украинская юридическая академия, 1993.
6. Бюллетень Верховного Суда СССР, 1984, № 3.
7. И.И. Горелик Правовая оценка повторного преступления. Минск, 1969.
8. П.С. Дагель Множественность преступлений. Издательство Казанского университета, 1974.
9. Н.И. Загородников, Н.А. Стручков Направления изучения советского права. - Советское государство и право, 1981, № 7
10. Ю.Т.Э. Караев Повторность, неоднократность и систематичность. - Советская юстиция, 1983, № 13
11. Н.М.Т. Кафаров Проблемы рецидива в советском уголовном
праве. Баку, 1972.
І2. Г.Г. Криволапов Множественность преступлений по советскому уголовному права, Москва, 1974.
ІЗ.П.К. Кривошейн Повторность в советском уголовном праве.
Киев, 1990.
14.В.Н. Кудрявцев Теоритические основы квалификации преступлений, Москва, 1963.
15.Б.А. Куринов Научные основы квалифнкации преступлений. Издательство МГУ, 1984.
16.Н.П. Кучерявый Ответственность за мелкое хищение социалистической собственности. Киргизский университет. Фрунзе, 1964.
17.К.А. Панько Рецидив в советском уголовном праве. Воронеж.
Издательство Воронежского университета, 1983.
18.А.С. Пиголкин Толкование нормативных актов в СССР. Москва, 1962.
19.А.А. Пионковский Учение о преступлений. Москва, 1961. 20.Сборник постановлений Верховного Суда СССР 1924-1977, ч.2. Москва, 1978.
21.Сборник постановлений Пленума Верховного Суда по уголовным и гражданским делам, 1995.
22.И.Сапожников Назначение наказания по нескольким приговорам. - Социалистическая законность, 1962, № 8
23.П. Святохин, В.Жгутов К понятиям повторность и неоднократности преступлений. Советская юстиция, 1971, №17
24.Совстское уголовное право: Общая часть. Москна.
Издательство МГУ, 1974.
25. Фролов, Р.Р. Галиакбаров Множествсиность преступных
деяний, как институт советского уголовного права.
Свердловск, 1967.
26.В.Н. Юшков Назначение наказания по совокупности преступлений и приговоров. Москва, 1975. 27.А.М. Яковлев Совокупность преступлений. Москва, 1960.
1 Паиько К.А. Рецидив в советском уголовном праве Воронеж. Изд. Воронежского Университета. 1983. с. 30-31
5 Кудрявцев В.Н. Теоритические основы квалификации преступлений. М. 1963. с. 285
6 Советское уголовное право: Общая часть. М. І974. с.
6 Малков В.П. Совокупность преступлений. Из-во Казанского упиверститеа, 1974, с. 213
7 Закужский С.Г. Практика назначения наказания при совершении нескольких преступлений Ташкснт., 1964. с.75
8 Тимейко Г. Повторность хищений как квалифицирующий признак. Советская юстиция. 1962 с. 29
Жарияланған-2013-04-29 22:37:52 Қаралды-5081
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы