UF

ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ОРЫНДАУҒА ЖОБА ЖАСАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ МЕРЗІМДІК ЖОСПАРЫ

 

Өндіріс объектілерін қайта жаңғыртудың мынандай ерекшеліктері бар: жағдайдың тығыздығы мен көлемінің шектеулілігі; материалдарды, құралымдар мен жабдықтарды берудің тасымалдық үлгілерінің күрделілігі; құралымдык және көлемдік жоспарлау шешімдерінің әр типтілігі; жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үймереттері мен ғимараттарының, қатынас жолдарының қайта жаңғырту үшін құрастырмалық деңгейінің жеткіліксіздігі мен бейімсіздігі; қол еңбегін көп қажет ететіндігімен және механикаландырудың күрделілігімен (құрылыс құралымдары мен жаб­дықтарды қайта құрастыру, жекелеген құралымдарды бұзу, құралымдарды қозғалту және жылжыту, құралымдарды күшейту және басқалар) сипатталатын құрылыс жұмыстарының өзгешелігі; жұмыс істеп тұрған цехтарда құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау кезінде техника қауіпсіздігі жөнінде қосымша шаралардың қажеттігі және басқалар.

Объектіні қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстардың технологиялық құрылымы мен көлемдік жоспарлау сипатының негізінде процестерді уақыт пен кеңістікке барынша сыйылыстыру мақсатымен жалпы жұмыс көлемін технологиялық және құрылыс тораптарымен торап бөліктеріне бөлу, сондай-ақ жаңғыртуды өндірістік жартылай немесе толық тоқтатып жүргізу қажет бол­ған жағдайда тоқтату кеңесін қысқарту жүзеге асырылады.

Технологиялық торап  ішінде технологиялық жабдықтарды қайта құрастыру, іске қосу реттеу жұмыстарына дайындыққа және агрегаттарды, механизмдер мен жабдықтарды байқап көруге байланысты құрылыс құрастыру жұмыстары аралықтарын тех­нологиялық жүйелердің құралымдық оңашаланған бөлігі.

Ќұрылыс торабы  ішінде үймеретті немесе ғимаратты қайта жаңғыртуға және механикаланған құрастыру жұмыстарына дайындықпен байланысты құрылыс құрастыру жұмыстары жүргізілетін өнеркәсіп үймереті немесе оның құралымдық оңашаланған бөлігі.

Технологиялық немесе құрылыс тораптарын құрау және өзара үйлестіру кезінде қайта жаңғырудың деңгейін, түрін және әдісін, өнеркәсіп өндірісі технологиясының жағдайы мен ерекшеліктерін ескеру қажет.

Енді өнеркәсіп үймереттерін қайта жаңғырту кезінде жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастырайық:

Жер қазу жұмыстары. Қайта жаңғырту жағдайында жер қазу жұмыстарын орындаудың технологиясын, ұйымдастырылуын және механикаландырылуын таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:

жұмыс істеп тұрған өндірістің алмасулығы жұмыс кезіндегі тәртібін, көліктер және жүк көтеру құралдарының тиеу мен оларды құрылыс қажеттеріне пайдалану мүмкіндіктерін,тоқтату кезеңінің болуын;

өндірістік орта жағдайын (былғануын, шаңдануын, шу мен тербелістің шектелу мүмкіндіктерін);

кәсіпорындағы жер асты инженерлік жол қатынастарының, жеткіліктілігін;

салмақ түсіп тұрған іргетастарға жақын тұста шпунт қағу мен топырақты ауыр тегістегішпен тығыздау, қазаншұңқыр мен оларды қазу кезінде жұмыс істеп тұрған үймереттер құралымдарының бүтіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін;

жер асты суларының деңгейін төмендету немесе тартып шығарылатын суды зауыттың жалпы су ағатын және селдік канализациясына қосылар алдында тұтандырғышқа құятын уақытша су құбырларын немесе науалар төсеу қажеттілігін;

жер қазу жұмыстарын орындау мен технологиясының тех­ника қауіпсіздігін қамтамасыз етумен алдын ала келістірілген қосымша талаптарын.

Қазаншұңқыр мен орлар қазу. Жұмыс істеп тұрған цехтарда жер асты құралымдары мен ғимараттарын тұрғызу кезін­де қазаншұңқырлар мен олардың қабырғаларын бекіту мен олардың беріктігіне баса назар аудару керек, өйткені жақын мандағы салмақ түскен еден учаскелері мен іргетастарға бүтіндігі соған байланысты.

Сулы топырақтан шұңқыр жасаған кезде жер асты суының деңгейін жасанды әдіспен төмендеткен жөн. Су деңгейін төмендету әдісі құрғатылатын қазаншұңқырлардың немесе олардың тереңдігіне және топырақтың сүзгіштік құрамына байланысты таңдалады.

Таршылыќ жағдайда ќабырғаларды бекітуді қазаншұңқырлар мен оларды күлбете қазып, қосымша жұмыстар көлемін қысқарту үшін шығарылған топырақты орнына қайта төгу және еден қабаттарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырған жөн.

Қолданыстағы үймереттер мен ғимараттарға жұмыс іргетасынан төмен деңгейге орлар мен қазаншұңқырлар қазу аталмыш үймереттер мен ғимараттардың қалпы өзгермеуін және толық сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер қарастырылған жұмыс өндірісі жобасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Экскавациялық жабық түрлері қазаншұңқырлар мен орлардың тереңдігіне, шығарылатын топырақтың көлемі мен тобына, қазаншұңқырлар мен олардың қабырғаларын шекіткіштердің жеткіліктілігіне және қайта жаңғыртылатын үймереттер мен ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдеріне байланысты таңдалады.

Қайта жаңғырту учаскесінде жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын қолданыстағы барлық көлік жолдарын бөлшектеу, технологиялық жабдықтарды, үйлердің кірпіш қабырғалары мен аралықтарын бұзу қажет.

Технологиялық жабдықтардың астындағы іргетастарын бұзу. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғырту процесінде бұзылуы тиіс құрылыс құралымдары жұмыс өндірісінің жағдайы мен ерекшелігіне қарай жекелеген құралымдық элементтерін тиісті орындарына пайдалану үшін толық немесе жартылай бұзылатын құралымдарға бөлінеді.

Толық бұзылатын құралымдарға бетон іргетастар жатады. Бұл орайда іргетастарды бөлшектеу мен бұзу қысылшың жағдайда да, бос алаңда да жүргізіле береді.

Тұтас құйма бетон іргетастарды бұзу үшін бетонды кесектерге, жарықшақтарға бөліп уататын бұзушы жабдықтар қолданылады.

Құрылыс құралымдарын бұзу және бөлшектеу процесі мынандай технологиялық операциялардан тұрады:

бұзуға дайындықтан топырақ пен қоқыстан тазартудан, жапсарлас құралымдардан босатудан, бұзу жұмыстары қамтитын шекаралар мен учаскелерді белгілеуден, шпурлар бұрғылаудан;

материалды бұзудан  жұмыс органын шпурға қосудан, материалға әсер етуден;

материалды бөлшектеуден материалды уатудан, арматураны жалаңаштау мен одан кейін кесуден, бұзу аймағынан бетонды жинаудан.

Технологиялық жабдықтардың астына туннелдер мен іргетасты орнату. Жұмыстар құрамына мыналар кіреді: қалып орнату; арматура орнату; бетон қоспасын төсеу; жертөле қабырғаларының құрама темірбетон шығырларын құрастыру; туннел аралықтарының темірбетон тақталарын құрастыру.

Қалыптаушы машиналардың астына туннел мен іргетастарды орнату жөніндегі жұмыстар өндірісі басталғанға дейін мынандай дайындық жұмыстары орындалуы тиіс: технологиялық жабдықтарды бөлшектеу; жұмыс істеп тұрған кірпіш қабырғаларды, қоршауларды, іргетастарды, туннел қабырғаларын (бөлшектерін), рельс жолдарын бөлшектеу (бұзу), одан кейін оларды территориядан шығару; құрылыс машиналары мен механизмдері кіретін ойықтар орнату; жер асты жолдарын салу; құрылыс алаңының электр энергиясымен және сумен жабдықталуын қамтамасыз ету; туннел мен іргетастарды орнату їшін қазаншұңқыр қазу; құрылыс материалдары мен құралымдарын қалап орналастыру үшін алаңды тазарту және жоспарлау; алаңға уақытша электр жарығын, өтетін жолдар т.б. орнату, тиісті белгілер қоя отырып, құрастыру аймағына қоршау орнату; құрамалы элементтерді жеткізу, қалау; құрастыру және такелаждық тетіктерді, жабдықтарды және бұйымдарды жеткілікті мөлшерде дайындау. .

Жабдықтардың астына туннел мен іргетастар орнату жұмыстарын құрамында мамандандырылған звенолары бар кешенді бригадамен орындау ұсынылады.

Технологиялық жабдықтардың астына туннел мен іргетастар орнату ушін бірыңғайлы инвентарлык алмалы-салмалы ағаш-металл қалып пайдалану тиімді.

Өндіріс объектілерін қайта жаңғырту кезінде бетондау жұмыстарын НИИСП құралымдары ірі және шағын қалканды қалыптар пайдаланған тиімді. Оларды қабырға, іргетас, тіреуіш және басқа құралымдарды бетондауға арналған және бірлескен құрастырма ретінде де, бөлек те пайдалануға болады.

Құрылыс құралымдарын нығайту. Темірбетон құралым­дарын нығайтудың барынша көптараған әдістері мыналар болып табылады:

құрамалы және берік темірбетон құралымдарын темірбетон құрсаулармен, үш жақты қабықпен және бір жақты бетонмен бекітіп, қосымша арматура орната отырып бетондау. Нығайту құралымы бетонның класы нығайтылатын құралымының бетоннан бір класс жоғары болуы, бірақ В 15-тен төмен болмауы тиіс, іргетастарды нығайту үшін В 12,5 бетонын пайдалануға бола­ды;

шойын элементтермен нығайту: алдын ала темірбетон құрсаулардың тарту қабілетін арттыру үшін екі жақты және бір жақты металл тіректерді; алдын ала тіреуіштердің тарту қабілетін қал­пына келтіру үшін құрсауларды; әсіресе, динамикалық және вибрациялық күштер әсер еткенде Арқалықтардың тарту қабілетін арттыру үшін металл шпренгельдерді пайдаланады.

Алдын ала ширатылған тіректермен нығайту технологиясы орталық жүктелген бағаналарға арналған, олардың жасанды қабілетін ию әдісін қолданып 1200 кН-ге дейін арттыру үшін пайдаланады.

Металл тіреуіштер құрастыру кезінде жұќа планкалармен қосылатын екі элементтен тұрады. Нығайту бұрыштары ВСтЗсп5 маркалы болаттан 8509-86 ТОСТ бойынша, қосу планкалары ВСтЗсп маркалы болаттан дайындалады.

Көп қабатты үймереттерде тіреуіштерді нығайтуды төменгі қабаттардан бастау, яғни жұмыс өндірісін төменнен жоғары қарай жүргізу керек. Келесі қабатқа материал ашық құрастыру ойығы арқылы тельфермен беріледі.

Аса тар жағдайда құрастыру кезінде металл тіректерді элементтеп құрастыруға болады.

Кран астындағы темірбетон арқалықтарын нығайту. Технология ашық кран эскадасының кран астындағы темірбетон арқалығының төменгі белдеуін нығайту жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған.

Кран астындағы темірбетон Арқалықты нығайту төменгі белдеуде бетонның  үстіңгі қабатын орнатумен тиянақталады.

Төменгі белдеуде бетонның беткі қабатын кранасты арқалығының қалыбы ретінде орнатқанда әдетте аспалы дірілдеткішті ажырамайтын блок-форма қолданылады. Бетон ерітіндісін құралымға қалыптың қабырғалық ернеуіндегі саңылаулар және кра­насты аралығының тік қырлары арқылы құйылады.

Арматуралық жұмыстар сапасы, сондай-ақ бетондық беткі қабаты дайындау және бұрынғы арматураны тазарту жасырын жұмыстар актісімен тіркелуі тиіс.

Тұтас темірбетон жабындарын нығайту, Технология қалыңдығы 120 мм қырлы тұтас темірбетон жабындарды олардың төменгі жағына бекітілген металл торлармен токреттеу ар­қылы нығайтуды қарастырады.

Жұмыс өндірісі басталғанға дейін: нығайтылатын құралымдарға тым жакын (0,7-1 м) өтетін инженерлік-технологиялық коммуникацияларды - металл қаптамалар мен технологиялық жабдықтарды  ағаш қалкандармен берік корғау; аралықтар арқылы технологиялық құбыр|)  металл құрсаулар  қалыңдығы 3 мм табақ болаттан гильзалар қойып, оларды тіреуге қамыттармен бекітілуі; жұмыс орнын инвентарлық қоршаумен оңашалау және қажетіне қарай технологиялық ойықтарды жабу; жұмыс жүргізілетін аймақты уақытша жарықпен қамтамасыз ету керек.

Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған жағдайда тұтас темірбетон жабындар құралымдарын нығайту кезінде жұмыс жүргізуге рұқсат наряд алу қажет.

Жұмыс істеп тұрған жағдайда нығайту мынандай техноло­гиялық реттілікпен орындалады:

инвентарьлық ағаштар орнатылады;

темірбетон жабындардың беткі қабаты дайындалады (бетон­ды коррозиядан бөлінген қорғаныс қабаты берік қабатына дейін тазартылады, қажет болған жағдайда қолданылып жүрген арматуралар тазартылып, тегістеледі); қосымша арматуралардың қосылған тұстарында Арқалықтардың төменгі қырлары 1/2 ди­аметр ашылады; беткі қабаттың катпарлылығы жетімсіз жағ­дайда кертік жасалады;

арқалықтардың қолданыстағы арматураларының қамыттарына жанасу қырлары бойынша бекіткіш бұрыштар орнатылып, бекітіледі;

жобаға сәйкес қырлы арқалыктардың төменгі бұрыштарына қосымша арматура пісіріп жабыстырылады;

алдын ала дайындалған торлар тірек қырлы бекіткіштердің арасына тартылып, күршектерге бекітіледі; тордың қырлы арқалықтар аралығындағы 10 мм-ден артық салбырап тұруын болдырмау үшін ол белдеу жапсырмалардың көмегімен ПШ-52 құрастыру пистолетінен дюбельдермен атылып, темірбетон тактаға бекітіледі; бұрыштама фиксаторларға және қырлы арқалықтардың күшейткіш арматураларына арматуралық тор тартылады.

Нығайтылатын құралымдардың беткі қабатын торкеттеу мы­нандай реттілікпен жүргізіледі: жабын тақтасы арқалықтардың қабырғалық қырлары. Арқалықтардың төменгі қырларын

бетондау алдында торкрет ерітінді бекігеннен кейін бұрыштық қырларға струбциналармен жұқа асбесті-цемент табақтарынан жасалған қалып қалқандары қойылады. Торкрет бетон әркайсысы 15 мм-лік қалыңдықпен екі қабат жүргізіледі.

Қоғамның  артып  жатқан  қажеттілігін  қамтамасыз  ету  үшін  өнім  өндірісінің  көлемін  арттыру   үшін  тек  интенсификация  негізінде  қол  жеткізуге  болады,  яғни  өндірістің  материалды – техникалық   базиске  сапалы  өзгерістерді   енгізуге  болады.  Ал  бұл  өзгерістер  өндірістік   қуаттылықты  толық  пайдалануға  және  шикі  затпен  отынның  барлық  түрлерін   қолдануға,  жұмысшылардың  еңбегін  оңтайландыруға  ,  ол  жұмыстардың   қолайлы  және  өнімді  болу  үшін   мүмкіндік  береді.  Ал  бұл  жағдайда   өндірісті  техникалық     қайта  жабдықтаумен  қайта  құру  болып  табылады.

Сонымен  қатар  тағы  бір  факторды - яғни  өндірістің  өнімнің  өзге  түрлерін  дайындауға  да  мүмкіндіктің  туатынын да айту  керек.

Қайта  жабдықтаудың  негізінде  ескі  техникаларды  жанасымен  ауыстыру , құрылғыларды модернизациялау,  кешенді  техникаландыру  және  өндірісті  автоматтандыру ,  техникалық  процестердің   жүзеге  асырылуын,  өндірісті  ұйымдастыруды  жақсарту  және  жаңаландыру мен   кооперативтендірудің  даму  ерекшеліктерінде  шексіз  заттың  тиімді  түрлерін  қолдану,  шығаратын  өнімнің  сапасын  арттыру,  еңбектің  ұйымдастырылуын  жүзеге  асыру  және  т.б болуы  қажет.

Техникалық  қайта  жабдықтау  және  қайта  құру  жағдайларында  құрылыс  өндірісін  жоспарлау, жобалау,  қаржыландыру,есептеу  және  ұйымдастыруды  ретке  келтіру  мақсатында  кеңейту,  өнеркәсіпті  қайта  құру  және  техникалық  қайта  жабдықтау   ұғымдары  қолданылады.

Жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорынның  кеңеюі - бұл  қосымша  және  жаңа  өндірісті  құру,  жұмыс  істеп  тұрған  цехтар мен   негізгі  объектілердің  қосымша  және  жаңа  өндіріс  аудандарын  құру  үшін,  сондай-ақ  фирмалар мен  өндірістерді  құру  үшін  жүргізетін  жұмыстар.

Егер  жобалық  қайта  өңдеу  процесінің  қажеттілігі  мен  экономикалық  мақсаттылығы  бір  уақытта кәсіпорынның  кеңеюі мен  жүзеге  асатын  жұмыс  ітеп  тұрған  мағынадағы  объектілердің  қайта  құрылатын  жүретін  болса,  онда   сәйкесінше  жұмыспен   шығындарды  кәсіпорынды    кеңейту  жобасының  құрылымына  қосады.  Алайда  еркін  есепте  жеке    бөлімдерінде  қамтиды.  Бұл  жағдайда  мұндай  жобаны  жоспарлы  және   есептік  көрсеткіштерде  жұмыс   істеп  тұрған  кәсіпорынның  кеңеюіне  қатыстырады.

Жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорынды  қайта  құру - жұмыс  істеп  тұрған  цехтар мен  объектілерді  негізгі,  қызметтік  және  дәрежелік   белгілеріне  байланысты,    сол  ғимаратты  еш  кеңейтусіз  ,  негізгі  құрылысты  сақтап  қалып,  оның  техникалық   экономикалық деңгейінің  ғылыми-техникалық  прогрестің  дәрежесіне  жету  және    өнімділік  қуатын  арттыру  үшін   кәсіпорынның  кеменді  жобасы   бойынша  қайта   құрылып  сипатталады.  Сонымен  қатар  бұл  жобада  өнімнің  сапалы  арттыруы  және   ойлы  номенклатурасының  өзгеруін,  негізінен  жұмысшылардың  санын  арттырмай ,   бір  уақытта  олардың  еңбек  жағдайлары  жақсарту  қоршаған  ортаны  сақтауды  қамтиды.

Жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорынды  техникалық қайта  жабдықтау - жеке  өндірістерді,  цехтардың  және  алдыңғы  қатарлы  техниканы  өндіру  негізіндегі   аймақтың,  техниканың - экономикалық  дәрежесін  жоғарлату, технологияландыру,  механикаландыру,  және  автоматтандыру,  модернизациялау  және  ескі   физикалық  қажетті  емес  құралдарды  жаңа  аса  өнімді  және  жұмыс  көрсеткіші   бойынша  жалпы  зауыттың   шаруашылыққа  тиімді  және  көмекші  қызметтері  бар  технологияны  өндіру  іс-шаралары  болып  табылады.

Жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорынды  техникалық  қайта  жабдықтаудың  мақсаты  өнім  шығарудың  барлық  мүмкіндіктегі    интенсификациясы,   өнім  шығарудың  өндірістік  қуатының  артуы,  өнім  сапасының  өндірістік  еңбек  арттырудың   қамтамасыз  ету  бойынша   жақсаруы  және  жұмыс  орындарының  қысқаруының  алдын  алу   және  өнімнің  өзіндік  құнын  сақтау,   материалды  және  отын- энергетикалық   ресурстарды  үнемдеу  ,  содай-ақ  өзгеде   техникалық- экономикалық   көрсеткіштерді  жақсарту  б.т .   Өнеркәсіптегі  құрылыстық- монтаждық   жұмыстардың  үлесі    техникалық  қайта  жабдықтауға  арналған  капитал  қорының  10%  артпауы  керек.

КСРО-да   құрылыс  банкінің  қолдауымен   жүргізілген  3,5 мың   құрылыс   объектілерін  зерттеуден,   қайта  құрумен  техникалық   қайта  жабдықтау   арзан  болған   Жаңа  құрылған  1 рубьлдік   капитан  сыйымдылығының  өнімі   1,21 рубьлді  құраса  ол  кеңейтілген  кәсіпорындарда  1,08 рубьлді ,  қайта  құрылған  кәсіпорындарда  0,48  рубьлді,  ал техникалық  қайта  жабдықталған  кәсіпорындарда-0,83  рублді  құраған.  Жаңа  құрылыс  орнының   шығынды  өтеу  мерзімі 4,8  жылды  құраса  , ал  қайта  құрылған  кәсіпорын  шамамен 4  жылды, ал  техникалық  қайта  жабдықталған  кәсіпорындарда   шығынның  өтелуі  шамамен3,5  жылды  құраған.  Мұндай  жағдайда,   қайта  құру  кезінде  алдынғы  кәсіпорын  ауданымен  тұрақты  жұмыс  күші  жағдайында   өнімнің  шығарылуы  артып  ,  сапалы  жақсартылатыны  айқындалады.  Ал  қайта  құрылған  кәсіпорын  олардағы  тұрған  және мәдени-тұрмыстық мәніндегі   объектілермен  қамтамасыз  етуде   жаңа  жұмысшыларды  тарту  керек  болады.  Ал    қайта  құрулармен  кәсіпорындарды   қайта  жабдықтау  кезінде  бұл   қиыншылықтар  жойылып  ,  жаңа  құрылыс  орнына  қарағанда    әлеуметтік-экономикалық   жағынан  тиімді  болып  саналады.

Техникалық  қайта жабдықтаумен  қайта  құрудың  туынды   жобасын  дайындау  негізінде   өнімдік  қуатын  пайдалануды  арттыру  бойынша,   өнімнің  шығаруына  арттыру,  еңбектің  өнімділігін  арттыру  бойынша,   өзіндік  құнын  төмендету  үшін  және  өзінің  материал  сыйымдылығын  төмендету бойынша  сәйкесінше  алға  мақсаттар  қойылуы  тиіс.  Сонымен  қатар  бұл  жұмыстар  үшін  құрылыстық-монтаждық ,   жобалық  және  қатарлы  жұмыстар  үшін  капитал  капитал  қажет  екендігінде  қарастырған  жөн.

Өндірістік  орынды  кейінгі  уақыттарда  мақсатқа  бағытталған  түрде  сақталу  немесе  функциясының  өзгеруі,  қайта  құрулары,  тұрған  үйлер  сияқты төзу  дәрежесімен  анықталады.

Өнеркәсіп  кешенінің   ғимараттарымен  құрылыстарын   экстутациялау  кезінде  жобаға   материалды,  конструкцияларды  және  т.б. таңдау  кезінде    есепке  алынған  көптеген   табиғи  және  технологиялық  жерлерге  ұшырайды.   Алайда  тәжірибеде  құрылыс  материалдары мен  конструкцияларының   жиынтығы  мемлекеттік  стандарттағы   белгілері  ерекшеленуі  мүмкін .  Сондықтанда  көптеген  факторлардың    көлемдік  әсерлерін   ғимараттар мен  құрылыстардың   жедел  тозуына  жүруі  мүмкін.    Ең  алдымен  бұл   гольваникалық    цехтармен,  тазалау  құрылыстарына  қатысты.

Өндірістік   даму   технологияны  жылдамдығымен,  қысымымен,   температурасымен,  пайда  болуымен  және   агрессивті  ортаның  ықпалымен   механикалық  күш  әсер   екендігі  жағдайдың   пайда  болу  жолмен  жүріп,   бұл  құрылыстың   жылдам  бұзылуына  алып  келеді.

Өндірістік  орындармен  құрылыстардың   мүмкін  болатын  ақаулары  мен  физикалық  төзуді,  келесідей   негізгі  себептермен,   классификациялауы  мүмкін оларды  тудырған  себептер,   конструкцияны  бұзушы  коррозиялық  процестің    механизмін   келтірудегі  қиындықтар.

Моральдің  төзу,   яғни  экономикалық  тиімділікті  жоғалту  екі   формада   жүреді.

Бірінші - олардың  алдыңғы  құнынан  төмендеуі  уақытына   сәйкес  келеді. Ол  қоғамдық  қажетті  еңбектің  құрылыста,  сондай-ақ  объектілерді  көлемінің  төмендеуінен   туындап  отыр.

Екінші - жұмыс  істеп  тұрған  құрылыстың    параметрлерінің  күрт  нашарлап   кетуінен  туындап отыр,   яғни  бұл  кезде   ғимаратта  бұл  өнімді    реорганизация   керектігін  көрсетеді.

Архитектуралық - жоспарлық  құрылымдардың, құрылыстың  үш   негізгі  кезеңімен  топтастыруға  болады: 1.топ-1945ж  дейін  созылған  кәсіпорын,2.топ- 1946ж -1960ж аралығында  созылған  кәсіпорындар  құраса,  3.топ  -1960ж  бергі  барлық  жаңа   салынған  кәсіпорындар  кіреді.

Құрылыстың 2-ші  кезеңіндегі  кәсіпорынның  архитектуралық – жоспарлық құралымы  жоспарланған   шешімдердің  реті  орындалумен,  негізгі  өндіріс  орындарының  жоғарғы  дәрежеде  қорғалумен  сипатталады.   Машина  жасау  кәсіпорындарда  құрылыста  негізінен  күрделі  бір  этажды  жоғарғы  жағы  нақты  ашық  болып  келетін    ғимараттар  қолданылады.

Құрылыстың  3-ші   кезеңіндегі  кәсіпорындарды   жоспарлауда     объекті  жоғарғы   дәрежеде     қорғау  болып  негізгі   ғимараттар  өздерінің  үлкен   көлемімен,  өлшемімен  өлшенеді.  Мәселен  бұл  машина  жасаудың  ірі  кәсіпорынға  қатысты  болуы  мүмкін. Тұтасымен  алғанда  кәсіпорынды  құру  шешімімен  прогрессивті, технологиялық прогрессивтерді  ұйымдасуға  мүмкіндік  берді.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-12 14:21:12     Қаралды-2284

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »