ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАС ЖОСПАРЫ
Жаңғырту жобалау нактылы обьектіні салу технологиясы және ұйымдастыру жөніндегі көптеген шешімдердің ішінен мақсатқа толық жауап беретіндей eң тиімдi деген жобаны таңдауға мүмкіндік береді. Жаңғыртуға тиімділігін
Жаңғыртуға негізгі техникалық-экономикалық керсеткіштері: кұрылыстың өзіндік құны, еңбек сыйымдылығы және құрлысты салу мерзімі болып табылады.
Бұл ретте оған негіз болар алғашқы мәліметтер объектіні салу шарттары мен оның көлемдік-пландық және конструкциялық шешімдері кіреді . Объектіні тұрғызу шарттарына:
- құрылыс ауданының геологиялық-климаттық сипаттамасы ;
- құрылыс аланының жағдайы;
- ресурстык сипаттамалар.
Объектіні салудың, көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешімдердің шарттарын талдау нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстарынының тізімдері мен құрамы белгіленеді. Осыдан кейін ішінен құрылыстың нақтылы жағдайына неғұрлым тиімді болады дегенін таңдап алу үшін олардың турлы нұсқа жасалады.
Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс технологиясын Жаңғырту тәжірибесі керсетті жүргеніндей, ұйымдық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде қандай да болсын шешім қабылдаудың нәтижелері қандай болатынын күш бұрын кешенді түрде есепке алудың маңызы зор. Мәселе құрылыс жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруы құрылыстың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізуінде болып отыр. Мысалы, жұмыстың өзіндік құнының қандай болуы, құрылыс мерзімінің қаншалыққа созылуы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі және басқа да аса маңызды көрсеткіштер осыларға тәуелді.
Әдетте жұмыстардың біреуінің технологиясын өзгерту басқа да жұмыстарға әсері тигізеді. Сондықтан ұйымдык-технологиялык шешімдерді таңдау кезінде барынша жақсы нәтижеге жетумен 6ipгe басқа да жұмыстардағы керсеткіштердің жақсаруына әсер етіп, экономикалык ұтыс беретіндей түріне тоқталу керек. Бұл, кұрылыстың барлық, технологиясы мен Жаңғырту жүйелі, кешенді талдау жургізуін талап етеді, осымен 6ipгe баға керсеткіштері мен еңбек шығындары тұрғысынан жұмыс бағалайтын кешенді көрсеткіштердің әлі жасалмағанын назарда ұстау қажетпен ecкеріп отырған дұрыс. Сондықтан бағасы жеңіл үнемді әдіс еңбек шығындары немесе еңбекпен қорғау талаптарын қамтамасыз ету болып шығуы мүмкін.
Жұмыстың құрылыс жұмыстары еңбекпен кеткен шығынның ақшалай түpi. Жұмыстардың өзіндік құнына заттай еңбек (материалдыкэлементтер, энергия, негізгі қорлардың аммортизациясы) және тipi еңбек (жалақы және қосымша ақылар) кіреді. Жұмыстардың өзіндік құны осы өндірістік-техникалық және ұйымдық жетілдіруінің деңгейін бейнелейтін басты көрсеткіштердің бipi болып есептеледі. Ол мына темендегі формула бойынша анықталады:
К= (Ж+М+П+Т) Кк
Мұндағы Ж - жұмысшылардың тапқан жалақысы; М - материалдардың бұйымдардың және кұралымдардың құны, бұған дайындау-қоймалық шығын мен объекті жанындағы қоймаға материалдардың әкелу құны да қосылады; П - машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайалануға кететін шығындар; Т - көлк шығындары; Кк- қосымша шығындарды есепке алып отыратын коэффициент, оның ішіне әкімшілік-шаруашылық шығындары, өрттен қорғаушылар мен күзет кызметкерлерін ұстауға кететін қаржы, ескірген саймандар мен құралдарды жөндеуге, алмастыруға, материалдар мен құралымдарды пайдалануға кететін т.б. шығындар кіреді.
Машиналар мен механизмдерді пайдалануга кететін шығындар мына формула бойынша есептеледі
П=Б+П +Т /Т + П * Т ж
Мұндағы Б - машиналарды тасымалдауға, жинақтауға және оларды белшектеуге, машиналардың жұмыс iceyi үшін қажет уақытша қондырғылар жасауға кететін бірмезгілдегі шығындар (кран жүретін жолдар, электр желілерін тарту және басқалар); Пж – жылдық пайдалану шығындары (механизмдердің амортизациясына бөлінген қаржы және т. б.); Пал - алмасудағы пайдалану шығындары (машиналардың жұмыс icтeyiн қамтамасыз ететін машинистердің және басқа да адамдардың ецбегіне төленетін ақы, энергоресурстардың, электр куатының, отынның, сығымдалған ауаньщ, жағар май мен сүрту материалдарының құны, күрделі жөндеу және оған ұқсастар, қосымша
бөлінген қаржылары барлардың басқа барлық жөндеу түрлеpiнe кететін шығындар); Тн - процесті орындау кезінде машиналарды пайдалану алмасулардың, мөлшерлі саны; Тж - бip жыл ішінде машиналардың жұмыс істеу алмасулардың мөлшерлі саны.
Құрылыс процесінің өзіндік құнының элементтері БМБ (ЕН и Р), КМЕ-нің (СНиП) 4 бөлімше сәйкес материалдардың жинақтарында көрсетілген бұйымдардың және жабдықтардың, құрылыс машиналары мен жабдықтардың машинаалмасу бағаларын, осы сияқты басқа да мөлшерлк құжаттарды басшылыққа ала отырып есептеледі.
Жұмыстың еңбек сыйымдылығы жұмыстарға кеткен еңбек шығындарымен сипатталады. Еңбек сыйымдылығы бірлігінің өлшемше адам-сағат (ад-с) немесе адам-құн (ад-қ) алынады. Олар жумыс мөлшерлі жұмыс уақытының шығынын керсетеді. Жұмыстардың барлық түpлepi бойынша жұмыс бойынша еңбек сыйымдылығының көрсеткштepi БМБ-да көрсетілген.
Процесті орындаудың ұзактығы операцияларды бірыңғай технологиялық процестерге байланыстыру және сызықтық графиктер мен циклограммаларды жасауда анықталады. Нақтылы жұмыс көлемін орындауга кететін уақыт шығыны кептеген өндірістік факторларға: жұмыстың түрлері мен көлеміне, технологиялық процестерді жаңғыртудын түрі.
Уақытша ғимараттар мен құрылыстар құрылыс алаңының орналасу және бұрыннан бар түракты ғимараттарды пайдалану жағдайын ескеріп барып тұрғызады. Уақытша тұрмыстық, санитарлық және кызметтік ғимараттардың қажеттігі құрылыс алаңында жұмыс істейтін жұмысшылардың санын, олардың тұрақты тұратын жерлерін, құрылыс алаңының елді мекеннен қашыктығын және тағы басқаларын ескеру арқылы салынады. Қалыптасқан құралымға қарай селолық құрылыста жұмыс істейтіндердің кәсіпкерлік құрамы пайыздық карым-катынасына мынандай болып келеді: 83 пайызы жұмысшылар, 13 инженер-техник қызметкерлер, 3 кызметкерлер және 1 пайызы кіші қызмет көрсетуші қызметшілер мен күзетшілер.
Селолык құрылыс жағдайында бетон дайындау тораптары мен қондырғылары әдетте құрылыс ұйымыныңтірек базасын-да, сондай-ак кұм, үсақ тас, қиыршык тас және басқалар жинастырылған орындарға тақау орналасады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілердің мерзімдік жоспарларын жасаған кезде құрылысты іске қосу кешендерін (объектілерін) ұйымдастыру карастырылады. Құрылысты кешендермен (объектілермен, ғимараттармен) ұйымдастыру олардың пайдаланылуы тұтасымен, жеке-жеке бөлмей тап-сыруды қарастырады.
Жұмысты ретімен жүргізу жалпы құрылыстық, құрастыру және арнайы құрылыс жұмыстарын өзара байланыстыруды қажет етеді. Құрылыстың жалпы салыну мерзімін қысқарту және жұмысшылар мен құрылыстағы машиналарды тиімді пайдалану үшін мерзімдік жоспарында жұмысты тасқынды әдіспен атқару және түрлі процестерді үйлестіру арқылы жүргізу қарастырылады. Уақыты жағынан жекелеген құрылыс процестерін ұштастыру барлықтұрғызылатын құралымдардың орнықтылығына және атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздік ережесіне сәйкес келуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ғимараттарын тұрғызуды қамту аймағына және учаскелерге бөлген кезде үяшық үлгі жұмыс ауқымының бірлігі ретінде пайдаланылуы мүмкін емес. Өйткені бұл жағдай жұмыс ауқымының шағындығына және объектіліктаскынды ұйымдастырудың қиындылығына негізделген. Сондықтан қамту аймағы ретінде ғимараттың анағұрлым ірі учаскелерін алған жөн. Мұндағы жұмыс көлемі звенолар мен бригадалардынтолықауысыммен барынша өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Жұмысты учаскелер мен қамту аймағына бөлшектеуде құрастыру механизмінің ыңғайлы және қауіпсіз жұмысын, тасымал құралдарының еркін жүрісін қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Құрастыру учаскелері мен камту аймағының санын көбейту өндірістік процестерді құрастыруға, құрылыстың мерзімін қысқартуға және жұмыс өнімділігінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Құрылыстың бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіші мыналар: уакытша жолдар мен инженерлік коммуникациялардың ұзындығы мен құны; құрылыс-құрастыру жұмыстарының сметалык күнының 1 миллион теңгеге жатқызылған уакытша ғимараттар мен құрылыстардың көлемі мен құны; құрылыстың жалпы құнындағы күрылыс шаруашылығының жалпы үлгісі мен кұны.
Жұмыстарды атқарудың мерзімдік жоспарының техникалык-экономикалык сарапталуы мынандай көрсеткіштермен жүзеге асырылады: сметамен салыстырғандағы өзіндік құны; құрылыс жұмыстарының механикаландыру дәрежесі және құрылыс алаңының 1 текше метр көлеміне немесе 1 шаршы метріне жұмса-латын еңбек; құрылыстың мөлшері немесе директивалык мерзімімен салыстырғандағы құрылысты салудың ұзақтығы.
Мерзімдік жоспардың негізгі көрсеткіштеріне құрылыстың салыну ұзақтығын қысқарту жатады. Мерзімдік жоспардың варианттарымен салыстырғанда өзіндік кұнды кемітуден алынатын экономикалықтиімділік мына формуламен анықталады
Эк = (СгС2) + Ен(К-К2),
мұндағы Cj-C, - кабылданған шешімге байланысты құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік кұны; Е - құрылыстың мөлшерлік коэффициенті; К,-К2 - негізгі және айналымдық өндірістік қор құнындағы айырмашылық.
Құрылыс-құрастыру жұмыстарын механикаландырудың маңызды шарттарының бірі - машиналардың параметрлерін дұрыс таңдап алу және олардың техникалык мүмкіндігінің өндірістік технологиялыкталабынасәйкес келуін анықтау.
Қолданылып жүрген жер қазатын машиналардың селолық ғимараттардың жер асты бөліктерін жоспарлау мен үйлесімдік шешіміне техникалык сипаттамасына жасалынған талдаулар бір шөмішті экскаваторлардың шөмішінің ені іргетаска арналған ордың енінен едэуір артык екендігін көрсетеді. Бұл механизм күшімен, сондай-ак кол күшімен аткарылатын жер қазу жұмыстарының ауқымын ұлғайтуға соктырады. Сондықтан да селолык құрылыста шөмішінің ені ұзартып немесе шақтап отыру мүмкіндігі бар доңғалакты экскаваторларды қолданған тиімді.
Осы жерде озінің техникалық параметрі жағынан селолық жерлерде пайдалану талабынажауап беретін құрастыру жұмыстарын механикаландыруға арналған арнайы құралдар жасағаны жөн.
Селолық құрылыс өндірісінің жағдайы жүк қамтитын алмалы-салмалы қүрылғыларды әмбебап болуын талап етеді. Өйткені бұл түрлі құралымдықэлементтерін стропылауға, жүкті сенімді ұстап тұруға жағдай жасайды және орын алмастыру кезінде оның орнықтылығын камтамасыз етеді.
Село құрылысында құрамалы үйлер мен құрылыстар эле-менттерін мәжбүр түрінде құрастыру эдісі кеңінен өрістетілуі керек. Бұл әдісті қолданғанда стропылау және қайта ағыту жұмысын қолмен атқаруды болдырмайды, технологиялыкбосқатұру азаяды, құрастыру цикілінің ұзактығын қысқартады.
Қүрылыс өндірісін жетілдірудің негізгі бағыттары құрылысты кешенді механикаландыру мен индустрияландыру, яғни оны біртіндеп зауыттык дайындама элементтерінен үйлер мен ғимараттарды тұрғызудың бірыңғай онеркәсіптік-қүрылыс процесіне айналдыру.
Жұмысты тасқынды етіп ұйымдастыру және қayiпciздiгiн қамтамасыз ету ушін ғимаратты учаскелерге, алымдарға, ярустарға бөледі. Әр учаскеде құрылыс құрылымдарын кұрастыратын қатар немесе жүйе бойынша мамандандырылған тасқындар ұйымдастырылады.
Ғимараттың өзi немесе оның әр учаскесі құрылымдарды орнатудың талап алынған әдісін ескере отырып алымдарға бөлінеді, оларда барлық кешенді құрастыру жұмыстарының (мамандандырылған тасқынның) жекелеген процестері (жекелеген тасқындар) жүйелі түрде атқарылады.
Алымдардың көлемдері жұмыс процестерін ұйымдастыру үшін жұмыс аумағымен қамтамасыз етуге, олардың үзіліссіз істеуіне, жабдықтарды құрастыру және құрылыс процестерінін келесі түрлері үшін жұмыс аумағын құруға, ғимараттардың құpaлымдық epeкшeлiктepiнe және техника қayiпciздiгi тaлaптарының орындалуынын жағдайларына қарай анықталады. Егер темір-бетонды бағаналар іргетастың ойықтарына жинақталатын болса, құрылымдарды орнату және түйіскен жерлерді жөндеп, өңдеу процестерінің үзіліссіздігін ескере отырып алымның ең кіші деген көлемін анықтау қажет. Процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, алымдағы құрылымдарды орнатудың ұзақтығы tо түйіскен жерлердегі бетонның жобадағы беріктігіне жететін уақытына t6 тең болуы керек, яғни to > tб. Алымның көлемі ондағы крандар жұмысының ұзақтығына қарай анықтала түседі, крандар жұмысы алмасуға немесе жарты алмасуға катысты есе рет болуы керек.
Көпқабатты үйлердің құрылымдарын құрастыру қабаттар бойынша жүргізіледі Әдетте құрылымдардың ерекшелктеріне, олардың түрлеріне, тасымалдау және құрылымдарды ірілендіріп құрастыру жағдайларына, крандардың жүк көтеру қуатына, олардың жүкті қаншалықты биікткке көтеретіндігіне байланысты қаңқалы көпкабатты ғимараттар ярусының биіктігі бip, екі, үш немесе төрт қабат, көп ретте екі - үш қабат деңгейінде қабылданады. Кұралымдар алдағы атқарылар жалпы құрылыстық және арнаулы жұмыстарды қамтамасыз ету ушін жекелеген учаскелерде белгіленген кезек бойынша пайдалануға беріліп отыруы керек.
Жарияланған-2016-10-12 13:42:35 Қаралды-2141
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина