UF

ЖАҢҒЫРТУ ҚҰРЫЛЫСЫН УЙЫМДАСТЫРУ ЖОБАСЫН ЖАСАУ ҮШІН БАСТАПҚЫ   МАТЕРИАЛДАР

 

Құрылыстың бас жоспарында қолданылып жүрген, бұзылуы, күшейтілүі арттырылуы тиіс құралымдар мен ғимараттар, сондайақ қосымша түрғызылатын құрылымдар мен ғимараттар көрсетіледі. өнда көтергіш-көліктер және құрастыру машиналары мен механизмдерінің жүмыс істейтін аймағы айрықша бөлінуі және үйлесіледі бекітілуі, жұмысшылардың оның ішінде  қайта  жағыртылып   жатқан  объектінің  сыртымен  жүреді  ұйымдастыру  мүмкіндігі  болмаған   жағдайда   цехтарды  немесе  учаскелерді  пайдаланатын   қызметшілердің  жүретін  жолдары  бөлінуі  және  бекітілуі  тиіс. 

Айрықша  тар  жағдайда  құрылыстың  бас жоспарында  құрылыс  құралымдары   мен  материалдарын  жинайтын,  құрылыс  жабдықтарын  сақтайтын,  топырақты  уақытша  орналастырылатын  орындар  мұқият  анықталуы  қажет.

Құрылыстың  бас жоспарында  жұмыс  өндірісіне   бөлінген  учаскелердің  шекаралары  мен  құрылыс- құрастыру  жұмыстары  өндірісінің   аса   қауіпті   аймақтары   нақтылы   белгіленуі  тиіс.

Қайта   жаңғырту   жөніндегі   жұмыстар   өндіріс  жобасының   құрамындағы   мерзімдік   жоспар  қайта  жаңғыртуды   ұйымдастыру   жобасының  кешенді  торлық  графигі   негізінде  жане  варианттық  жобалау  мен   объектідегі   жұмыс  техналогиясының    эканомикалық   дәлелдемесіне  негіз  болады.

Жұмыс   өндірісінің   мерзімдік   жоспары   құрылыс   жұмыстары   мен  қайта    жаңғыртылатын   өндірістің   техналогиялық  процестерін   немесе  құрылыс – құрастыру   жұмыстары   жүріп   жатқан   кезде   кәсіпорынның ,  корпустың,   цехтың   уақытша   тоқтау   мерзімдерін   үйлестіру   тәртібін  анықтауға   мүмкіндік   береді. Бұл  орайда  жұмыс   графигі   құрылыс – құрастыру   жұмыстарының   толасыз  ұйымдастырылуын   қарастыруды  және   жұмыстың   кеңістік  пен  уақытқа   ұйымдастыру   тәуелділігін;  қайта  жаңғырту   жұмыстарының   жұмыс   істеп  тұрған  өндірістен  әрекеттестігін,  қайта  жаңғыртудың   құрылыс – құрастыру  жұмыстарын  орындау  үшін  кәсіпорындардың   көтергіш – көлік  жабдықтарын  жеткізу  мерзімін,  жекелеген   техналогиялық   жүйелердің  тоқтатылу  мерзімі  мен  ұзақтығын; жұмыс  істеп   тұрған   кәсіпорын   мен  құрылыс – құрастыру   ұйымының   қайта  жаңғырту   басталғандағы,  жүріп  жатқандағы   және  аяқталғаннан  кейінгі  жұмыс   алмастыруларының   санын   қамтып   көрсетуі   тиіс.

Мерзімдік  жоспар  әдетте   жекелеген  жұмыс   түрлерінің   техналогиялық  карталары   ескеріле  отырып,  БМБ  негізінде  есептеледі. Бұл  орайда   картаға  түсірілген   еңбекті   қажетсіну  молшерлері   мен  жұмыстың   ұзақтығы,  машина  уақтының   шығындары,  энергетикалық  және  материалдық  ресурыстарға   сұраным   пайдаланылады.  Объектілерде қайта  жаңғарту  жағдайлары   әртурлі   болатындықтан  аталған  мөлшерлер  өзге  объектілердің  ұқсас  жағдайларында  алынған  нақтылы  деректер  негізіне  белгіленуіде  мүмкін. Өнеркәсіп   объектлерінің  мерзімдік  жоспарында  барлық  жұмыстар  жүйелі  үш  кезеңге  бөлінуі  тиіс, олар: тоқатылғанға  дейінгі,  тоқтатылған  және  тоқтатылғаннан  кейінгі  кезеңдер.

Тоқтатылғанға   дейінгі  кезеңде  негізгі  өнеркәсіп  өндірісін  тоқтатпай  жүзеге  асыруға  болатын  материалдарды  жеткізу  жолдарын  дайындау,  қажетті  құрылыс  машиналары  мен  механизмдерін,  жабдықтарды  орнату,  энергия  ресурыстарымен  қамтамасыз  ету  және  басқа  жұмыстар  атқарылады.  Бұл  кезеңде  негізгі  жұмыстардан   қоршауды,  резервтегі  коммуникацияларды  бөлшектеу;  жұмыс  істейтін   жабдықтардың  астындағы   іргетасын  кейін  жарылыспен  бұзу  үшін  шпурлар  бұрғылап  тесу;  техналогиялық  құбырларды,  жеделдеткіш  қораптарын  алдын  ала  дайындау,  бақылау  және  ірілеп  жинау, құрастыру   сиқтарын  орнату  және басқа  кейбір  жұмыстарды   орындауға   болады. 

Тоқтатылған   кезеңде  тәртіп  бойынша  құрылыс – құрастыру  жұмыстарының  және  жабдықтарды   құрастыру  мен  іске  қосу – реттеу  жұмыстарының  негізгі  бөліктері   атқарылады.  Бұл  кезеңдегі  жұмыстың  ұзақтығын  қысқарту  үшін  еңбек  майданының   ресурыстар  мен  орынды  толықтыруларын,   жұмыстың   көп   алмасулық   өндірісін,  жұмыстың  тек  жеткілікті   еңбек   майданын   құру   талаптарымен   және  қауіпсіздік  техникасы  талаптарымен   шектелетін  қосарландыруды  барынша  көбейтуді қамтамасыз  еткен   жөн.

Учаскені   қайта   жаңғыртудың   тоқтатылғаннан   кейінгі  кезеңде  қайта  жаңғыртылып   жатқан   өндірістің   жұмысымен   оны  іске  қосқаннан  кейін   қосарлана  салынатын   еденнің   таза  бөліктерін   салу,  кейбір  өңдеу  жұмыстары,   құрастыру  ойықтарын   толтыру,  көгалдандыру  сияқты   жұмыстар   орындалады.

Оъбектілерді   қайта   жаңғырту   кезінде  әдетте   жұмыс  майданының  шектелуіне,  қайта  жұмыс   орындарының   тарлығына,   еңбек  жағдайының  қауіпсіздігін   қамтамасыз   етуге   қатысты  көмекші  сипаттағы  қосымша  жұмыстар  мен  операцияларды   орындау  қажеттігіне   байланысты   жұмыстың  орындалу  ұзақтығы   мен  қол  еңбегін  қажет  етуі  арта  түседі.

Жұмыс  көлемінің  шектеулігіне,  еріксіз  тоқтауға,  құралымдар мен  бөлшектер   көлемінің   негізгі  сипаттамаларға  сәйкес  келмеуіне   байланысты,   әсіресе  үймереттердің   немесе  ғимараттардың  ішінде  жұмыс істейтін   машиналардың   пайдалану   өнімділігі  төмендейді.    

 

Жаңғырту кезінде жұмыс өндірісінің ерекшеліктері

 

Өндіріс   объектілерін   қайта   жаңғыртудың   мынадай   ерекшеліктері  бар: жағдайдың   тығыздығы   мен  көлемінің   шектеулілігі;  материалдарды,  құралымдар  мен  жабдықтарды   берудің   тасымалдық  үлгілерінің  күрделілігі;   құралымдық  және  көлемдік – жоспарлау  шешімдерінің  әр  типтілігі;  жұмыс   істеп  тұрған   кәсіпорын   үймереттері   мен   ғимараттарының,   қатынас   жолдарының   қайта   жаңғырту   үшін   құрастырмалық   деңгейінің   жеткіліксіздігі  мен  бейімсіздігі;  қол  еңбегін  көп   қажет  ететіндігімен  және  механикаландырудың   күрделілігімен  (құрылыс  құралымдары   мен   жабдықтарды   қайта  құрастыру,  жекелеген  құралымдарды   бұзу,  құралымдарды   қозғалту  және   жылжыту,  құралымдарды   күшейту   және   басқалар)   сипатталатын   құрылыс   жұмыстарының    өзгешелігі;   жұмыс   істеп   тұрған   цехтарда   құрылыс- құрастыру  жұмыстарын   орындау   кезінде   техника   қауіпсіздігі   жөнінде  қосымша   шаралардың    қажеттігі    және    басқалар.

Техналогиялық    немесе   құрылыс   тораптарын   құрау   және   өзара  үйлестіру   кезінде  қайта   жаңғыртудың   деңгейін,  түрін   және   әдісін,  өнеркәсіп   өндірісі   техналогиясының  жағдайы  мен  ерекшеліктерін  ескеру қажет.

Енді өнеркәсіп   үймереттерін   қайта  жағырту   кезінде  жұмыс   істеу  ерекшеліктерін  қарастырайық.

Жер   қазу   жұмыстары.  Қайта  жаңғырту   жағдайында  жер   қазу  жұмыстарын   орындаудың   техналогиясын,  ұйымдастырылуын    және   механикаландырылуын   таңдау   кезінде   мыналарды    ескеру  керек:

Жұмыс  істеп   тұрған   өндірістің   алмасулығы   жұмыс   кезіндегі   тәртібін,  көліктер   және   жүк   көтеру   құралдарының   тиеу   мен   оларды  құрылыс  қажеттеріне  пайдалану  мүмкіндіктерін,  тоқтату  кезңінің  болуын;               

өндірістік   орта   жағдайын   (былғануын,  шаңдануын,  шу  мен   тербелістің   шетелу  мүмкіндіктерін);

кәсіпорындағы  жер  асты   инженерлік  жол  қатынастарының,  жеткіліктігін;

салмақ   түсіп   тұрған   іргетастарға   жақын   тұста   шпунт  қағу  мен  топырақты   ауыр  тегістегішпен   тығыздау,  қазаншұңқыр   мен   оларды   қазу  кезінде   жұмыс   істеп   тұрған   үймереттер   құралымдарының    бүтіндігін   қамтамасыз  ету  қажеттілігін;

жер  асты   суларының   деңгейін   төиендету  немесе   таратып  шығарылатын   суды   зауыттың   жалпы  су  ағатын   және  селдік  канализациясына   қосылар   алдында   тұтандырғышқа   құятын   уақытша  су   құбырларын   немесе   науалар   төсеу   қажеттілігін;

жер   қазу   жұмыстарын   орындау  мен   техналогиясының  техника  қауіпсіздігін   қамтамасыз   етумен   алдын   ала   келістірілген   қосымша   талаптарын.

Қазаншұңқыр  мен   орлар   қазу.  Жұмыс  істеп  тұрған   цехтарда   жерасты   құралымдары   мен  ғимараттарын   тұрғызу   кезінде   қазан   шұңқырлар   мен   олардың   қабырғаларын   бекіту   мен   олардың   беріктігіне   баса  назар  аудару   керек,  өйткені   жақын   маңдағы   салмақ  түскен   еден   учаскелері   мен  іргетастарға   бүтіндігі  соған  байланысты.

Технологиялық  жабдықтардың астындағы  іргетастарын  бұзу. Жұмыс  істеп   тұрған   кәсіпорынды   қайта   жаңғырту  процесінде  бұзылуы  тиіс  құрылыс   құралымдары   жұмыс   өндірісінің   жағдайы   мен   ерекшелігіне   қарай   жекелеген   құралымдық   элементтерін   тиісті   орындарына  пайдалану  үшін   толық   немесе  жартылай   бұзылатын   құралымдарға   бөлінеді.

Технологиялық   жабдықтардың   астына   туннелдер  мен   іргетасты  орнату.  Жұмыстар   құрамына   мыналар  кіреді: қалып  орнату;  арматура  орнату;  бетон   қоспасын   төсеу;  жертөле   қабырғаларының   құрама  темірбетон   шығырларын   құрастыру;  туннел   аралықтарының   темірбетон  тақталарын   құрастыру.

Құрылыс   құралымдарын   нығайту.  Темірбетон  құралымдарын   нығайтудың   барынша   кең  тараған   әдістері   мыналар  болып   табылады.

Алдын   ала   ширатылған тіректермен   нығайту   технологиясы   орталық  жүктелген  бағаналарға  арналған,  олардың   жаснды   қабілетін  ию  әдісін  қолданып  1200кН –ге  дейін  арттыру  үшін  пайдаланылады.

Кран   астындағы   темірберон   арқалықтарын   нығайту.  Технология  ашық  кран   эскадасының   кран  астындағы   темірбетон  арқалығының  төменгі   белдеуін  нығайту  жөніндегі  жұмыстарды   орындауға  арналған.

Тұтас   темірбетон  жабындарын  нығайту.  Технология   қалыңдығы  120мм   қырлы  тұтас   темірбетон  жабындарды   олардың   төменгі  жағына  бекітілген  металл  торлармен  токреттеу  арқылы  нығайтуды   қарастырады.           

Қайта жағыртудың тиймділігін айқындайтын өндіріс жобасының  негізгі техникалық –эканомикалық көрсеткіші кәсіпорынның  немесе оның бөлшектерінің дайындық жұмыстарынан бастап қайта жаңғыртылған қуаттардың пайдалануға берілген сәтіне дейінгі қайта құру жөніндегі барлық шаралардың жүзеге асырылу уақыты болып табылады.Бұл уақыт қайта жаңғыртудң ұзақтығымен сипатталады.

Жаңа құрылыс сияқты қайта жаңғыртудың  ұзақтығыда  эканомикалық, жобалық,  ұйымдастыру  дайындықтарының  және  қайта  жаңғыртуды  жүзеге  асырудың  барлық  кезеңдеріне  бастапқы  көрсеткіштердің  бірі  болып  табылады.

Объектіні  қайта жаңғырту,  немесе  техникалық  қайта жарқаттандырудың  дайындық  жұмысының  орындалуынан  бастап,  объектінің  пайдлануға  берілуіне  дейін Мемлекеттік  қабылдау  комиссиясының  қабылдау  актісі  бойынша  есептеп  шығарылады.

Жұмыс істеп  тұрған кәсіпорынды  қайта  жағыртудың  ұзақтық  мөлшері  жұмыс  істеп  тұрған  өндіріс  кәсіпорындарын  қайта жаңғырту  мақсатымен сәйкес келетін,  құрылыс  техникасы мен  техналогияларының  деңгейі,  жұмысты  ұйымдастырудың   озық  әдістері  мен  түрлері  ескеріле  отырып,  құрылыс өндірісі  мен  қайта жаңғыртылатын  кәсіпорынның  ұйымдастыру- технологиялық  және   ресурстық  мүмкіндіктері  негізінде  айқындалатын  жұмыстар  кешенін  орындаудың  барынша  мүмкін  уақыты болып  табылады.

Мөлшерлерге  мыналар  қосылады; жалпы ұзақтығы; дайындық кезеңінің  ұзақтығы;  жабдықтарды  құрастыру,  өндірісті  тоқтату  ұзақтығы.

Дайындық  кезеңінің  ұзақтығы  «Құрылыс  өндірісін  ұйымдастыру»  3.01.01-85  ҚМЕ  бойынша  дайындық  жұмыстарына  сәйкес  анықталады  және  ол  әдетте  қайта  жаңғыртудың  жалпы  ұзақтығының  20-25 пайызын құрайды.

Технологиялық  жабдықтарды  құрастыру  ұзақтығы  ескі жабдықтарды  қайта  жабдықтау  уақыты  ескерілмей  жаңа  құрылыс  ретінде белгіленеді. Әр объект  бойынша  келтірілген  қайта  жаңғырту  ұзақтығы мына формуламен анықталады. Тк ≠ Тку – Кк1 · Кк2 · Кк3 · Кк4 · Кк5  мұндағы  Тқұж  - қайта  жаңғырту құрылысын  ұйымдастыру  жобасының,  деректері  бойынша  объектіні  қайта жаңғырту  ұзақтығы ; Кк1-Кк5 көлемдік  жобалау  шешімдері; құрылымдық  шешімдер,  жұмыс  құралымдары  құрылыс  алаңының тығыздығы, қайта  жаңғыртудан  ұйымдастыру  әдісі  факторларының  жаңғыртудың  ұзақтығына  әсері  ескерілген  түзету  коэффициенттері.

Осы  формула  бойынша  белгіленген  қайта  жаңғырту  ұзақтығы түпкі нәтижеде  осындай   объект  құрылысының    мөлшерлерлері     ұзақтығынан асып   кетпеуі  тиіс.

 

Жаңғырту    құрылысын   ұйымдастыру   жобасының   құрамы

         

Қайта  жаңғырту  кезіндке  жұмыс  өндірісінің  жобалары   құрылыс-құрастыру   жұмыстарын   орындаудың,олардың  сапасын   жақсартуға  өзіндік  құны  мен  еңбекті  көп  қажет  етуін  төмендетуге,  объектілерді  қайта  жаңғырту  ұзақтығын  қысқартуға  құрылыс  машиналары   мен  жабдықтарын   пайдалану,  деңгейін   арттыруға   мүкіндік  беретін  барынша  тиймді   әдістерін  анықтау  үшін  жасалады.Жұмыс  өндірісінің  жобалары  әдетте  объектіні   жаңғыртуға,  жекеленген   барынша   күрделі  жұмыс  түрлеріне  дайындық   кезеңдегі  жұмыстарға  арналып   жасалады.

Өндіріс  кәсіп   орындарын   қайта  жағырту   кезіндегі  жұмыстар  өндіріс  жобасының   құрамына  мыналар  кіреді:  жұмыс  өндірісінің  мерзмдік  жоспары,  құрылыстың   бас  жоспары ;  күрделі  жұмыстардың  техналогиялық  карталары;  жалпы  құрылыстың  жұмыстар  (жер қазу,  бетон  дайындау,  құрастыру  және  басқа) мамандандырылған жұмыстар  (электір  құрастыру,  снитарлық  техникалық), сондай-ақ  дайындық  кезеңіндегі   жұмыстар;  жұмыс  істеп  тұрған  үймереттермен  ғимараттарды  бөлшектеу;  инженерлік  жүйелер  мен  электр  кабельдерін  құрылыс  жүретін  учаскеден   шығару; уақытша  жолдар  салу;  уақытша үймереттер  мен ғимараттар  құрылыс  (оның  ішінде  нженерлік  жүйелерді  салу  бар).Жобақұрамына  сондай-ақ  түсіндірме,  ресурыстардың   тусуі  мен  пайдалану   тізімі  мен  кестесі  жұмыс  өндірісі  қаупсыздыгының  жобалық ­ ­­­-технологиялық  құжаты  қосылады.

Қайта  жаңғырту  жұмыстары  өндірісінің   жобасы   құруға   қажетті   негізгі  деректер  қайта   жаңғыртылатын  объектіні   жобалау   алдындағы зерттеу деректері жұмыс жобасы, сметалар, әртурлі ресурстармен (жеткізу түрлері, мерзімдер көлік, жиынтықтау зауыттың дайындық  денгейі) қамтамасыз ету шарттары . 

Құрылыс  құралымдарын   бөліктеу және бөмішектеу  жұмыстарын өндірісінің жобасын жасауда  ауыстырылатын және  қайта  жаңғарту кезінде   сақталатын   үйреметтер   мен  ғимараттар   құралымдарының   техникалық   куәландыру   актілері   негізге   алынады .

Жұмыс   ұйымдастыру  үлгілерінің  варианттары   қайта   жаңғартылатын   аралықтың  түріне оның  жұмыс істеп тұрған үймеретпен, ғимаратпен арақашықтығы және қайта жарықтандырымған аралықтағы алаңда   іркетастың   жертөленің   техникалық    және   басқа  жабдықтардың  алатын   орнына  қарай  белгінеді .

Қайта  жаңғартуда   жүргізудің   ұйымдастыру   әдістерін   таңдауға   өндірістік    шешімдердің   мөлшерлеу- жоспарлау  және  құралымдық   шешімдері   ықпал   етеді. Бұл  орайда  үймереттің   жоспардағы   кескін   үйлесімі   құрастыру   крандарын   көп   мөлшерде   қолдануға   немесе   олардың   орын   алмастыруына  әкеліп   соқтырады. Бұл  типсіз,  стандартты  емес  құралымдардың   көбеюін   туғызады. Өндірістік  үймереттерді   қайта  жаңғырту   кезінде  әдетте,  типтендіру  объектісі   типтік   техналогиялық   процестер   болады.  Типтік   шешімдер  үш  кезеңге   арналып   жасалады.  Бірінші  кезеңде   өнеркәсіптің белгілі бір салаларының объектілерін қайта жаңғытудың  техникалық –еканомикалық талдауы жасалады.

Екінші кезеңде барынша тиімді вариант негізінде қайта жаңғырту техналогиясын талдау жузеге асырылады.

Үшінші кезеңде қаралып отырған саланың объектілеріне жұмыс істеп түрған өндірістік жағдайында барынша сәйкес келетін жұмыс түрлері өндірісінің техналогиясы бойынша типтік шешімдер жасалады және жумыс өндірісінің жобаларын қүрастыруға курделі қаржыны жөспарлауға,құрылыс машиналары мен механизмдерге , тағы басқаларға мұқтаждықты анықтауға қәжетті деректер дайыдалады.

Типтік техналогиялық карталарды жасаудың алдында объектіні қайта жаңғырту техналогиясына тұтастай ішінде осы талданатын карталардың негізінде енгізілетін процестер бойынша жүмыстың қарқындылығы, қүрылыс машиналарының жиынтығы жүмыс өндірісінің кестесі сияқты негізгі мәліметтері бар талдау жасалады. 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-12 13:37:48     Қаралды-2012

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »