UF

ПСИХОСТЕНИЯ

 

Аурудың аты гректің «психе» - жан, сана және «астения» - әлсіздік деген сөздерінен құралған. Психастения «ойшыл» типке жататын адамдарда, яғни біріншіге қарағанда, екінші сигнал жүйесі басым адамдарда пайда болады.

Нерв жүйесіне қатты күш түскен кезде босаңсу ең алдымен онсызда әлсізірек болып табылатын қызметтен, біз айтып отырған дәл осы жағдайда - бірінші сигнал жүйесінен көрінуі табиғи нәрсе.

Сыртқы дүние мен ішкі органдардан келген сигналдар ми қабығына түседі (бірінші сигнал жүйесі) әрі сол жерде екінші сигнал жүйесі арқылы танылады, жинақталады, талданады. Психастения кезінде ми қабығына келіп түсетін сигңалдарды ми қабығы бұлыңғыр, әлсіз қабылдайды. Соның салдарынан адам айналасындағының бәрін бұрмалап, теріс қабылдайды. Ол көріп, естіп, сезіп тұрғаны айқын да анық екеніне нанбайды.

Психастенияға тән құбылыстарды: характердің мазасыз-секемшіл белгілерін, өзін кемсітушілік сезімі мен үрейлі, мезі ететін жағдайларды осылай түсіндіруге болады. Ауру адамдар өз қабілеті мен мүмкіндіктерін жете бағаламайды. Соның салдарынан өмірде кездесетін қиындықтар оларды үрейлі қорқыныштарға душар етеді.

Психастениядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ, әдетте белгілі бір оқиғалар мен көрініске қатыссыз мезі қылатын қорқыныштар тән.

Характердің психастениялық белгілері тіпті сау адамдарға да тән. Өз таныстарыңызды естеріңізге түсіріңіздерші. Өзіне сенбейтін, секемшіл, аса тақуа адамдарды міндетті түрде табасыз. Ал егер белгілі бір себептердің әсерінен олардың жоғары нерв қызметі бұзылса, невротикалық белгі күшейіп, психастенияның айқын түріне ұласып кетеді.

Адам «бір жақты» жетіліп тек ой еңбегін ғана артық бағалап, іс жүзінде психикалық қызметті басқаратын орталықтарды ғана жаттықтыратын болса, онда психикалық және дене қызметі саласының арасында өзінше «теңсіздік» пайда болады. Ал бұл невротикалық жағдайлардың дамуына алып келеді.

Бұдан бұрын, ересек адам бұлшық еттерінің массасы бүкіл дене салмағының 40 процентіне жуығын құрайды, деп айтқанбыз. Бұл - мидың белгілі орталықтары басқаратын қуатты қозғағыш аппарат. Бұл аппаратты жаттықтыру және дамыту арқылы сіз бұлшық ет қызметін басқаратын нерв орталықтарына да тамаша жаттығу жасайсыз. Мускул жаттығуларымен айналысыңыз. Міне, сонда функциялар бұзылмайды, организм тіршілігінде үйлесіміздік болмайды.

Ауруларды қабылдайтын «сәрсенбі күндерінің» бірінде, 1934 жылғы 5 желтоқсанда И.П.Павлов психастениямен ауыратын адаммен әңгімелесіп отырып, былай деген болатын: «Осыдан миллион жыл бұрын адамның басты қызметі - механикалық қызмет болатын. Сонан соң адамға ең жақын жануар - маймылды алып қараңызшы. Ол қандай қозғалғыш, сан алуан айла-амалдарды қалай шебер жасайды десеңізші. Ең соңында, анатомиядан сіз адам денесі бүкіл біздің организміміздің құрамына кіретін көптеген мускулдардан тұратынын білесіз. Сондықтан бүкіл тарих бойына жақсы жаттыққан денеміздің осы бөлігін тыныштықта, жұмыссыз қалдыру - орасан зор зиян. Бұл бүкіл біздің тіршілік-тынысымыздың ара қатынасын қатты бұзбақ. Демек, толық (мықты деген ұғымда) адам болу үшін өз режиміңізге дене еңбегін енгізу қажет. Сіз біздің денеміздің екінші бөлігін - мускулдарды - тіпті ұмытып кеткенсіз, осы жайға байланысты дене еңбегін енгізіңіз, оны біздің жағдайымызда ой еңбегімен бір қатарға қойыңыз».

Осы сөздердің мәніне үңіліп көріңіздерші. Шынында, психастениямен дене еңбегінен қашқақтайтын, ой еңбегімен шұғылданатын адамдар ауырады. Олардың денешынықтырудан іргесі аулақ, қарапайым дене жаттығуларының өзі оларды қажытады, ал кейде тіпті ашуландырады.

Психастениямен ауыратын адамдармен әңгімелесіп, оларға физкультурамен үнемі айналысыңыз, деп кеңес бергенімізде: «Бос сөз?» - деп жаратпаған сөздерін талай естідік.

Ал іс жүзінде психастения дамуға бейім адамдарда невроздың осы түрі пайда болуының негізгі факторы дене шынықтырумен айналыспау болып табылады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-09-29 16:15:14     Қаралды-2997

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »