БАУҒА АРНАП ЖЕРДІ ТАҢДАП АЛУ
Бауға арнап жерді дұрыстап таңдап алудың жеміс ағаштарының өсуі мен жақсы өнім беруі үшін аса маңызы бар. Жер учаскесі дұрыс таңдап алынбаса жеміс ағашы нашар өседі, олардың өнімі де аз болады. Мұндай жеміс мезгілінен бұрын солып қалады.
Бау еккенде жіберілген қателіктерді соңынан түзету қиынға соғады. Сондықтан да бау егу алдында маман агрономның қатысуымен жақсы учаскені, сондай-ақ ағаштың жас талдарының жақсы сорттарын таңдап алған дұрыс.
Жер учаскесін таңдап алған кезде жердің бедеріне, ашык желге ұшырамауына, топырағына және жер асты ылғалының болуына ерекше көңіл бөлінуге тиісті.
Жер бедері. Бау үшін ең қолайлы жер - жазық немесе еңістегі 10-15 градустай болатын учаскелер. Таулы аудандарда бау үшін 30-35 градустық беткейлерді пайдаланған жөн. Қазан шұңқырлы жер бау егуге жарамсыз келеді, өйткені мұндай жерге айнала дөңестердегі суық ауа жиналады. Мұндай жерлердегі бау үсікке жиі ұшырайды. Республикамыздың солтүстік-шығыс облыстары үшін бұл жағдайдың ерекше маңызы бар, өйткені бұл облыстарда бау егу үшін сайлы жерлерді, өзен сағаларын бөлуге болмайды, өйткені мұндай жерлерде күз ерте басталады және көктемгі ызғар кеш кетеді.
Жер асты суы жақын (1-1,5 метрде) ойпат учаскелер алдын ала құрғатпайынша бау егу ұшін жарамсыз келеді. Мұндай учаскелерді тек жидек өсіруге ғана пайдалануга болады. Сортаң топырақты учаскелерді алдын ала жақсартып, өңдемейінше бау егуге болмайды.
Қазақстанның оңтүстік және солтүстік-шығыс облыстары үшін тау беткейлерінің ерекше маңызы бар. Тау алқаптарының температурасы және топырақ жағдайлары жазық жерлерден гөрі едәуір жақсы болады және мұндай жерлердегі бау үсікке аз шалдығады. Таулы жерлердің ылғалдылық жағдайы да жазық жерлерден гөрі жақсы болып келеді. Мұның өзі бұл жерлерде суармай-ақ бау өсіруге мүмкіндік береді.
Тау беткейлерінің де ерекше маңызы бар. Қазақстанның оңтүстігінде бау егу үшін ең жақсысы таудың терістік, шығыс және батыс беткейлері. Мұнда әдетте ауа райының температурасы күндіз де, түнде де көп өзгермейді, топырақтың ылғалдануы да жақсы болады. Оңтүстік беткейлерде қуаң келеді және температурасы шұғыл өзгеріп тұрады, сол себепті бау орналастыру үшін оншалықты жарамды болмайды.
Шабдалы, қызыл шие және алмұрт өсіру үшін таудың батыс және оңтүстік-батыс беткейлері қолайлы. Алма, шие және алхоры өсіру үшін солтүстік-шығыс және батыс беткейлерді пайдаланған жөн.
Республикамыздың солтүстік-шығыс облыстарының бірнеше аудандарында жылылық аз болады, бұл жерлерде бау отырғызу үшін жердің оңтүстік-батыс және онша еңіс емес оңтүстік беткейлері тиімді. Бірақ бұл жерлерде де жеміс ағаштарын қыста күн көзінен аман сақтау жөніндегі шараларды күшейту қажет.
Тау алқабынан бау отырғызу үшін жерді таңдап алғанда, биік аймақтық ерекшелігін және жеміс ағаштарының жеке түрлерінің талабын әрдайым есте сақтау керек. Таудың төменгі аймағы (теңіз деңгейінен 900-1200 метр биіктікте) жаратылыс жағдайлары өсу мезгілі ұзақ болатын алманың, алмұрттың, өріктің және алхорының аса бағалы сорттарын өсіруге мейлінше қолайлы келеді. Мұндай жерлерде жидектер де жақсы өседі.
Орталық аймақта (теңіз бетінен 1200-1500 метр биіктікте) алма, алмұрттың күздік сорттары, әсіресе алхоры, өрік, шие және жидектер жақсы өседі. Сүйекті дақылдар мен жидектер үшін ауа және топырақ жағдайынан қарағанда бұл аймақ ең қолайлы деп есептеліледі.
Биік таулы аймақта теңіз деңгейінен 1500-1800 метр биіктікте алманың жаздық және күздік сорттарын ғана өсіруге болады, өйткені, бұл жерлерде қыстық сорттар үшін жылылық жетіспейді және олардың жемісі өзіне тән сапалы дәрежеде пісіп-жетіле алмайды. Бұл жерде шие, алхоры және жидектер де жақсы өседі.
Таулы алқапта бау үшін учаскелерді таңдап алғанда беткейдің әрбір бөлігінің түрлі дақылдарға жарамдылығы ескеріледі. Беткейдің тік, құрғақ, тасты жоғарғы бөлігінде және су айырық жотада өрік өсіріледі, беткейдің онан төменгі бөлігінде - алхоры, алмұрт, алма және жидектер өсіруге болады. Шатқалдардың сағалары көбінесе алма, алмұрт, түйе жаңғақ және жидек өсіруге қолайлы.
Өрік қуаңшылыққа мейлінше төзімді, өрікті оңтүстік беткейлерге орналастыра беруге болады, ал шабдалы оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс беткейлерде, соның ішіндс өте-мөте ылғалды учаскелерде жақсы өседі.
Түйе жаңғақ ылғалды көп керек етеді, оны жердің солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, шығыс және батыс беткейлеріне орналастыруға болады. Таулы жерлерде бауды суаруды ұйымдастыруға мүмкіндік болған жағдайларда жердің оңтүстік беткейлерінде жемістің барлық тұқымдары өсіріледі.
Таулы алқаптан және тау баурайларынан бауға арнап учаске алған уақытта тау басындағы қатқан мұздан келетін суық ауаның ықпалына үздіксіз шалдығатын жерді пайдалануға болмайды. Мұндай учаскелер, көбінесе тау жоталарының кұлама аузында болады. Егер, осындай учаскелерді бау егуге пайдалануға тура келсе, оны қуатты белдеулермен бауды қоршап қойған дұрыс.
Топырақ. Бау отырғызуға топырағы кұнарлы жер бөлінеді, топырақ қабатының қалыңдығы кемінде 1,5-2 метр болуы қажет. Бау өсіру үшін ең қолайлы - кара, бозғылт қоңыр топырақ. Жеміс ағаштары сұр топырақты жерде де ойдағыдай өседі, бірақ мұнда жердің топырағына органикалық тыңайтқыштар енгізу қажет. Бау өсіру үшін өзен сағаларындағы шабындық жердің топырағы да жарамды келеді, алайда, ондай жердің топырағы сазданбаған болуға тиіс.
Қазақстан жері топырағының көпшілігі бау өсіруге жарамды. Бау өсіруге мелиорация жұмыстары жүргізілмеген сортаңды топырақ мүлде жарамсыз. Батыс Қазақстан және Гурьев облыстарында жер асты суы таяз жатқан құмдар кездеседі. Органикалық тыңайтқыштар енгізген жағдайда осындай топырақты жерді де бау өсіруге пайдалануға болады.
Қөп шайылған және тасты топырақты, қыртысы жұқа (0,75 метрге дейін) жерлер бау егуге жарамсыз келеді.
Суландыру қорлары. Қазақстан жағдайында жеке меншік бау өсіруге жерді таңдап алғанда суару мүмкіншіліктерін ескеру қажет, өйткені жерді суару аса зор роль атқарады. Суару, әсіресе, бау ағаштарын еккен алғашқы жылда өте қажет. Себебі - егілген ағаштардың өнуі, оны мезгілімен суаруға байланысты. Ағаштың жеміс беруі үшін де суарудың маңызы бар, өйткені тек жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз еткен жағдайда ғана жеміс ағаштарынан жылма-жыл мол енім алып тұруға мүмкіндік жасалады.
Жеміс ағаштарын отырғызу алаңында топырақты әзірлеу. Жеміс ағаштарының тамыр жүйесінің негізгі тұлғасы және өсу тамырлары жер бетінен 30-70 сантиметр тереңдікте болады. Сондықтан бау отырғызу алдында, өңдеу арқылы топырақта ылғалдың көп жиналуына, ауаның жақсы баруына қолайлы жағдай жасалады. Бұл үшін ағаш егілетін учаске күрекпен терең жыртылады (жерді аударады).
Жеке меншік бақ иесінде минералдық және органикалық тыңайтқыштар жетіспеген жағдайда, оларды тек ағаш отырғызатын шұңқырларға ғана енгізуге болады. Бұл үшін отырғызу алдында әрбір шұңқырдың түбіне 5-10 грамм суперфосфат, калий тұзы және селитра енғізіліп, олар топырақпен мұқият араластырылады. Калий тұзы орнына ағаш немесе тезек күлін де пайдалануға болады. Мұнымен бірге ағаш отырғызылатын жерге шіріген көң енгізіп, оны топырақпен араластырса жақсы нәтиже береді. Шіріген көңді әрбір ағаш шұңқырына 15-20 килограмнан енгізуге болады.
Тау беткейіндегі топырақтың сумен шайылып кетуін азайту үшін, ол жерлер көлденең жыртылады. 10 градустан тік беткейлерде террассалау жүргізіледі. Жайпақ жер учаскесі алдын ала, ағаш отырғызудан бұрын бұталардан және жеміс бермейтін ағаштардан тазартылады.
Ылдилылығы орташа мөлшерлі беткейлердегі (10 градустан 18 градусқа дейін) учаскені ағаштардан және бұталардан тазартқаннан кейін, олар алдын ала бөлшектеніп, болашақ ағаш отырғызылатын қатарлар таспаланып жыртылады (күрекпен аударылады). Мұндай жерді жаппай күрекпен аударуға болмайды, өйткені мұның өзі топырақтың шөгіп кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Таспалап өңделінген жердің көлденеңі барлық қатар-аралықтары кеңдігінің жартысына тең болуға тиіс.
18 градустан тік беткейлерде, егер сатылау күзде жүргізілмеген болса, жерді бөлшектегеннен кейін кеңдігі 1-1,2 метр және тереңдігі 0,7 метр шұңқыр қазылады. Бұл жұмыстар Алматы маңындағы таулы аңғарлардағы жер үйлерде кең қолданылады.
Бұл әдіс бойынша, қатарлары белгіленіп алынғаннан кейін шұңқырларға ағаштар жай әдіспен отырғызылады. Мұнан кейін күзде жерді күрекпен қайта аударған кезде ағаш діңі айналасындағы шұңқырдың көлемі ұлғайтылады, сөйтіп, 4-5 жыл өткен соң олардың аралықтары тұтасады. Террасты дұрыс жасау үшін дің төңірегіндегі жердін тұтасу аралығындағы дөңес жерлер тегістеледі. Алкап баурайы бұталар (қарақат) егу арқылы нығайтылады, бұлар баурайдан 1-1,5 метр жоғары отырғызылады, ал баурай дәнді және бұршақты шөп егу арқылы шымдандырылады. Бұл әдіс тік беткейлердегі террасты жоюға мүмкіндік береді, сонымен бірге ағаш отырғызу, сызық жоба жүйесі бойынша жұргізілген болса, 5-8 жылдық бауларда да террастарды жоюға мүмкіндік болады.
ЖЕР ҮЙ ІРГЕСІНДЕГІ УЧАСКЕНІ БӨЛУ
Бау орналастыруды кварталдарға бөлу. Егілетін жеміс ағаштарының тұқымдары мен сорттарына қарай, жергілікті ауа райы мен климаттық жағдайларын, топырақ құрылымын, үй шаруашылығындағы құрал-саймандарды ескере отырып, үй іргесіндегі бауға арналған жерді кварталдарға бөледі. Бауда жеміс ағаштарын дұрыс орналастыру қажет. Өйткені, ауа райының қолайсыз жағдайына төзімді болуы, егілген ағаштардың көп жасауы, жеміс беру мезгіліне тез жетуі, сондай-ақ жеміс ағаштарының өнім беруінің бірқалыпты үздіксіз болуы, ағаштардың дұрыс орналасуына байланысты.
Жеміс ағаштары айналадағы ортамен әрдайым тығыз байланыста болып өседі. Қазақстанның ауа райының шұғыл өзгеріп тұратынын ескере отырып жеміс ағаштарының өсуі және жеміс беруі үшін оларға қолайлы жағдай, ағаштарды жиі отырғызу арқылы жасалады. Жер үй іргесіндегі бауларда ағаштарды осылай орналастырғанда, бауға ең жақсы микроклимат жасалады, отырғызылған ағаштар айналада қорғаныстар болғандықтан күнге кұймейді және аңызаққа шалдықпайды, ал бұлардың әрбір жеміс ағашының өнім беруі үшін ерекше маңызы бар.
Алматы, Жамбыл, Шымкент және Талдықорған облыстарында жекелеген жер үйлерінде, учаскелерінде бақ талдары мынадай схемамен отырғызылған: 10х10 м; 8х 8 м; 6х8 м; 5х6 м; 5х5 м. Демек жер үйлерде, үй іргесіндегі баулар ұшін жоғарыдағы схема тиімді болмайды.
Қазақстан бойынша 80-90% үй іргесіндегі бауда алма мен алмұрт ағаштары үшін аралық мөлшерлері 4х4 м; 4х5 м; 4х6 м болады. Өрік ағашын 5x7 мөлшерінде отырғызуға болады, алхорыны 3х5 м. Қызыл шие мен шиенің тез өсетін сорттары үшін аралық мөлшері 4х6 метр, ал онша тез өспейтін сорттары үшін (Любская, Гриот остгеймский, қызыл шие, шабдалы) 3х4 метр болып белгіленеді.
Жеке меншікте бау ағаштарын тік бұрыштап, жиілетіп отырғызу әдісі қолданылып жүр, бұл әдіе жеміс ағаштарының биологиялық талаптарына сай келеді, әрбір жеміс ағашының көп жеміс беруіне қолайлы жағдай жасайды.
Бұл тәсілдер жеке меншік бау иелеріне тиімді, ал ауыл жағдайында, механикалық мүмкіншілігі бар жердегі шаруашылыққа пайдасы бар деп айта алмаймыз.
Қатарларды оңтүстіктен солтүстікке қарай бағыттап жасағанда, ағаштарға күн сәулесінің жақсы түсуі қамтамасыз етіледі, мұның республикамыздың солтүстік-шығыс облыстары үшін ерекше зор маңызы бар. Бірақ ағаштардың оңтүстік-батыс жағындағы бөлегі көбірек құрап кететіндігін еске ала отырып, катарлардың бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағыттаған жөн. Мұнымен қатар оңтүстікте суарудың қолайлылығын да еске алу керек, суару бороздаларының ылдилығы 0,008 м боларлықтай бағыт беру керек, мұндай жағдайда ағаштарды суарған кезде топырақ оншалықты көп шайылмайды.
Қатарлардың бағыттары белгілі болғаннан кейін баудың жерін бөлуге кірісуге болады. Тік бұрышты жүйе бойынша бөлгенде кварталдың үзын екі қатары бойына, белгіленген аралықтар бойынша негізгі қатар жасалынады. Мұнан кейін қысқа қатардағы және оған жарыстыра салынған ішкі жағындағы әрбір 4-5 ағаш отырғызылатын орындары негізгі отырғызылатын және жиілету ретінде отырғызылатын ағаштардың немесе жиде бұталарының орындары өлшеуіш лентасымен немесе рулеткамен белгіленеді.
Мұнан кейін ұзын жіпті алып, қатарларда кесе көлденең қағылған қазықтарға немесе қадаларға керу керек, осы жерлерде ағаш отырғызу орнының белгілері жасалынады. Белгіленгеи қатармен жүріп отырып, олардың түйіскен жерлеріне қазық қағады, қатарлардың бағытына қарай олардың дұрыстығын өлшеп көреді. Қазықтарды қаққаннан кейін өзара перпендикуляр бағыттар бойынша баудың орнын бөлудің дұрыстығы тексеріледі.
Бірінші қатарда жеміс ағаштарының орнын бөліп болганнан кейін, екінші қатардағы жеміс ағаштарының орнын белгілеуге көшу керек, тағысын тағылар.
ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗУ
Жеке меншік жер үй учаскелік бау орнын бөліп, оның қатарларын белгілегеннен кейін, жеміс ағашы отырғызылатын шұңқырлар қазылады.
Жеміс ағашы осы шұңқырлардың ортасына егіледі, ал шұңқырдың айналасына бақылау қазықтары қағылады. Мұның ұзындығы 1,5 метр жұқа тақтайдан алып, оны үш жерден, ұзындығын бірдей етіп кесу керек. Жұқа тақтайдың әрқайсысын қақ ортасынан және екі жақ ұшынан теседі.
Ортаңғы тесікке ағаш орнын белгілейгін қазық орнатылады, ал шеттегі тесіктерге бақылау қазықтары қағылады (1-сурет). Мұнан кейін ортаңғы қазықты алып сол жерден ағаш отырғызылатын шұңқыр қазылады.
Жел қатты болатын жерлерде ағаш отырғызу үшін қазылған шұңқырдың ортасынан ағаш отырғызатын жерге қазық қағылады. Ағаш отырғызылатын шұңқырдың кеңдігі 1-1,5 метр және тереңдігі 60-70 сантиметр болуы шарт. Топырағы құнарсыз, қиыршықты немесе балшықты ауыр топырақты жерде ағаш отырғызылатын шұңқырды едәуір кең және терең ету керек (1,5х0,8-1,0 м) Шұңқыр қазған кезде топырақтың мейлінше құнарлы жоғарғы қабаты бір жаққа үйіледі де, ал төменгі қабаттың топырағы екінші жаққа үйіледі, өйткені, топырақтың құнарлы бөлегін ағаш отырғызатын кезде ағаштың тамырына таяу, шұңқырдың төменгі жағына салуға тура келеді. Демек, құнарлы топырақ, жас тамырдың өсіп дамуына, қоректік затты мол береді.
1-сурет.
Ағаш отырғызу
2-сурет.
Ағаш отырғызылатын шұңқырды қазудың схемасы
Отырғызу үшін толық жарамды, бірінші немесе екінші сортты материал пайдаланылады. Бракқа шығарылған, сондай-ақ толыспаған еқпе шыбықты егу үшін пайдалануға болмайды. Әсіресе егілетін ағаштың тамыр жуйесіне ерекше назар аударылады, ағаш тамырының құрғап кетуіне жол беруге болмайды.
Екпе ағаштар отырғызылатын шұңқырларға шағын кеспекке салынып жеткізіледі, осындай кеспектің үштен бір бөлігіне су немесе сұйық балшық (су немесе сұйық балшық ағаш тамырларын толық жабатын мөлшерде) құйылады.
Ағашты отырғызған кезде шұңқырдың түбіне (төмпешіктер) топырақтың өте-мөте құнарлы бөлігін салу керек, мұнан кейін бақылау қазығына ағаш отырғызылатын жұқа тақтайды қойып, егілетін ағашты шұңқырдың дәл ортасына орналастыру қажет. Егілетін ағаштың тамыры барлық жаққа бірқалыпты таратылып, оның үстінен топырақ салынады. Ағашты отырғызған кезде оның тамырларына топырақты тығыздап салу үшін ақырын сілку керек. Шұңқырдың төрттен бір бөлігіне топырақ салып болғаннан кейін ағаш тамыры төңірегіндегі топырақ тығыздалады, сонан кейін қалған топырақ салынады, тағы да тығыздалғаннан соң ағаштын төңірегін тығыздап тегістеуге болады (2-сурет).
Ағаш тамыр мойнына дейін немесе одан 3-2 сантиметр жоғары отырғызылады, сөйтіп тамыр мойыны топырақ басылғаннан кейін шұңқырдың бетімен бірдей болуға тиіс. Терең отырғызылған ағаш нашар өседі, өйткені тамыр жүйесіне ауа жеткіліксіз болады. Егер ағаш жоғарыда айтылғаннан биік отырғызылса тамырдың негізгі бөлігі топырақпен жабылмай қалса, ағаш тамыры тез құрғап өте нашар өсетін болады.
Жел қатты соғатын аудандарда жаңалап отырғызған ағаштар жел шайқалтып тамыр жүйесін қозғалтуына және оның тік орнатылған қалпын бұзуына жол бермеу үшін, жаңадан отырғызылған ағаштың жанына қазық қағып, ағашты соған қоса таңып қою керек. Қазық ағаштың негізгі бұталарынан төмен болуға тиіс. Суармалы аудандарда топырақ толық қанғанға дейін су беріледі. Суды бороздалар арқылы жеткізуге болады. Суармайтын аудандарда егілген ағашты қолдан суаруға болады, әрбір ағаштың түбіне 4-5 шелек су құйылады. Суарғаннан кейін 1-2 куннен соң ағашты түзету, топырақты қопсыту жұмыстары жүргізіледі, ағаш қазыққатаңылады.
Отырғызылған ағаштың жақсы өнуі үшін бұтақтарының бөрікбасын кесу қажет, кескенде оның ұзындығының кемінде үштен бір мөлшеріндей етіп кесуге болады. Егер бұлай етпегенде тіпті өнген ағаштың өзі де жақсы өспейді, оның жапырақтары үлкен болмайды, осының салдарынан жас ағаш өзіне қажетті қоректік заттар қорын күзге дейін жинап алмайды, ал мұның өзі қыста жас ағаштың үсікке шалдығуына әкеп соғуы мүмкін.
Оңтүстік облыстар үшін: алманың, алмұрттың және өріктің биік болып өсетін сорттарының қатараралықтары 6 м, арасы 5 м; алма мен алмұрттың аласа есетін сорттарының, қызыл шиенің, шие мен алхорының биік өсетін сорттарының қатараралықтары 5 м, арасы 4 м; шиенің, алхоры мен шабдалының аласа өсетін сорттары 3 х 3 м.
Солтүстік, Шығыс, батыс облыстары үшін: алманың, алмұрттың, өріктің биік өсетін сорттарын, аласа сидам сүректі немесе бұталап отырғызғанда 5 х 4 м, жатаған түрлеріне 4 х 6 м;
алма мен алмұрттың аласа өсетін сорттарын, қызыл шиенің, алхорының, шиенің биік өсетін сорттарын сидам сүректі және бұталап отырғызғанда 4 х 4 м, жатаған түрлеріне 4 х 3 м.
Шие мен алхорының аласа өсетін сорттарын отырғызғанда - тиісінше 3 х 3 м және 3x4 м.
Жер үйде егу тәртібін көрсететін төмендегі схеманы ұсынамыз.
Жеміс ағаштарын отырғызу мерзімі және бау кітабын қолдану. Жеміс-жидек ағаштарын отырғызу мерзімі жөнінде, қандай болса да жергілікті жағдайдың ауа райымен санасуға тура келеді. Көктемде жауын-шашын көп болатын жерлерде, ағашты көктем шығысымен ерте отырғызған жөн, өйткені мұндай жағдайда ағаш жемісі жақсы өніп, тез піседі, қысқа дейін едәуір жетіледі. Жауын күзде, ерте болатын аудандарда және жер бетіне қар қалың жауатын жерлерде, ағашты күзде отырғызуға да болады. Күзде ағашты мүмкіндігінше ерте отырғызу керек, өйткені суық түсер алдында 15-20 күн бұрын ағаш өніп, тамыры үлгеретін болуға гиіс.
Ағашты күзде отырғызғанда тамыр жүйелерін аман сақтаудың шараларын қолдану қажет. Бұл үшін отырғызылған ағаштың түбіне биіктігі 20-30 сантимегр және диаметрі 70 сантиметрге дейін топырақ үйіледі, сондай-ақ қар тоқтатылады. Мұндай топырақты ағаштың төңірегінен алуға болмайды, үю үшін топырақты қатараралығынан алу керек.
Таулы жер жағдайларында ағашты көктемде ерте отырғызу жақсы нәтиже береді. Ағаштардың қурап кетпеуі үшін күзде отырғызылған ағаштарды бұталауға болмайды, бұталау көктемге қалдырылады. Ағашты отырғызғаннан кейін баудағы ағаш сорттары туралы қолда бар мәліметтердің барлығы да бау кітабына жазылады, онда мыналар атап көрсетіледі:
а) ағаш отырғызу мерзімі (күні, айы, жылы);
б) отырғызылған материалдың қанша жыл өсірілгендігі және қайдан алынғандығы;
в) ұластырушысы;
г) әрбір сорт ағашының саны, қандай қатарға отырғызылғандықтары (мұнда қатарлардың және қатардағы ағаштардың саны қай жақтарынан бастап саналатындығы көрсетіледі).
Бау кітабында сорттардың орналастырылуының жоспар схемасы болғаны жөн.
Бау кітабында қандай агротехника жүргізілгендігі жазылады, баудың топырағы қашан өңделгендігі, суарылғандығы, топырағының қопсытылғандығы, тыңайтқыштар енгізілгендігі, жиналған өнім және оның мөлшері, тағысын тағылар көрсетіледі.
Бау кітабында ағаштардың үсікке шалдыққандары, нөсер соққаннан, аңызақтан, жәндіктерден және аурулардан болған түрлі зияндар түгелдей жазылады.
Мұндай жазулардың жеке меншік бау-бақшада, жеміс-жидектерге қандай да болсын агротехника әдістерін дұрыс жүргізу үшін аса маңызы бар.
Жеке үй іргесі учаскесіндегі шаруашылығының, колхоз аулаларының, елді-мекенді көгалдандыруда жас жеміс өндіруді арттыруда маңызы аса зор. Үй іргесіндегі баулар учаске иелерінің табысын арттыра түседі.
Жеке үй іргесіндегі учаскелер әдетте мынадай көлемде: колхоздарда 2500 шаршы метрге дейін (0,25 гектар), жұмысшылар поселкелерінде 500-700 шаршы метрге дейін (0,05-0,07) болды. Мұндай учаскелерде 15-60 түпке дейін үлкен жеміс ағаштары, 100-ден 300 түпке дейін таңқурай, қарақат және тошала, 10-20 түп жүзім және 1000-пан 300 мың түпке дейін бүлдірген егуге болады.
Осындай бау жылына 1000-1500 килограмға дейін жеміс және 600-800 килограмға дейін жүзім мен жидек: өнімін бере алады. Бауды мұқият күтіп, жеміс ағаштарының мол өнімді сорттарын іріктеп алған жағдайда бұлардан көп жеміс жиналады.
Жеке үй учаскесінде бау өсіру, жеміс ағаштарын отырғызудың және күтудің жалпы ережесі, өндірістік және жеке меншік бау өсіру жағдайдағы сияқты. Бірақ кейбір ерекшеліктері де бар.
1. Жеке үй іргесіндегі бау өсіргенде ағаштар өндірістік, жер үйдегі баудан гөрі едәуір жиі егіледі.
2. Мұнымен қатар шекілдеуікті және сүиекті дақылдарды араластырып отырғызуға да болады. Мұндай жағдайда алма, алмұрт және ерік 8x6 метр аралықта отырғызылады да, қатарлар және қатараралықтары өрік, шие және шабдалымен толықтырылады.
Жидек дақылдарын учаскедегі бос жерге, катараралыктарына және баудың қатарларына отырғызуга болады. Солтүстік облыстарда ағаштардың жатаған түрлері отырғызылады, сондықтан қатараралықтарына жидектерді орналастыру едәуір қиынға соғады. Бау ағаштарын еккеннен кейін мұнда қатараралықтарына тек булдіргенді егуге болады, бұларды бес-алты жылдан соң жеміс ағаштары өсіп жетілген уақытта баудан біржолата шығарып тастауға болады. Ағаштарды жармалай сидам сүректі немесе түптеп өсіретін жерлерде жидек дақылдарын қатараралықтарында еркін өсіруге мүмкіндік бар.
Себебі, жеке үй іргесі учаскесінде бауды күнбе-күн бақылап отыруға мүмкіндік болады.
Жеміс ағаштарының тұқымдары мен сорттарын іріктеп алу. Жеке үй іргесіндегі бауға және жер үй жеміс ағаштарының тұқымдары мен сорттарын іріктеп алғанда, олардың жемістерін ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік боларлықтай мақсатты көздеу қажет. Бұл үшін жеміс ағаштарының әр кезеңде пісетін түрлі тұқымдары мен сорттары (жаздық, күздік және қыстық) егіледі. Жидектерден бүлдіргенді, таңқурайды, қарақатты (негізінен қара қарақатты), тошаланы, жемісті тұқымынан - шиені, алхорыны, алмұртты, алманы өсіруге болады. Оңтүстікте, мұнымен бірге өрік, шие, шабдалы және жүзім өсіріледі.
Жеке үй іргесіндегі бауға отырғызу үшін стандартты, бағалы, әрбір облысқа лайықтандырып аудандастырылған сорттар іріктелініп алынады. Мұнымен бірге күтімді өте-мөте көп керек ететін епекше қасиеттері бар (жемісі ірі, ерекше көрікті, дәмді, тағысын тағылар), «әуестік» деп аталатын сорттарды өсіруге болады.
Жеке үй іргесіндегі бауға егуге арналған учаскені алдымен атқа жегілген плугпен терең жыртуға немесе күрекпен қазуға болады. Мұнымен қатар топыраққа көң, шірінді, құс қиы енгізіледі. Бау жерін бөлу және оған ағаш отырғызу жұмыстары, өндірістік және жер үй бау егу сияқты, тәртіппен жүргізіледі. Мұнда бауға еккен ағаштарды алғашқы жылы әрдайым суарып тұруға баса назар аударылуға тиіс.
ЖЕМІС-ЖИДЕК АҒАШТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Жеміс ағашы жабайы және мәдени өсімдіктер (көбінесе қолдан өсірілген) құрамындағы күрделі организм. Жеміс ағашы жер бетіндегі бөлігі - діңнен, оның бүйірінен шыққан жуан бұтақ пен бұтақшадан тұрады.
Дің - тік қалпында тұрған өсімдіктің негізгі бөлігі. Оның жер бетінен бұтақ шыққан жеріне дейінгі бойын сидам сүрегі (штамб) деп атайды. Діңнің бүйір тармақтарынан шыққан бұтақтары бар бөлігін - бұтақты орталық бой дейді. Діңнің жоғарғы жақ бөлігін ұзарту бұтақшасы дейді.
Ағаштың діңінде негізгі бұтақтар орналасады, олар тармақтанып екінші, үшінші, тағы басқа бұтақтар деп аталып жүр. Үстіміздегі жылы өсіп шыққан бұтақша өркен деп аталады (3-сурет). Алма және алмұрт ағаштарында жеміс бұтағының мынадай түрлері болады:
а) жемісті бұтақ - жеміс бұтақшалары өте қысқа (3-5 см), бұтақшалардың ұш жағында бір жеміс бүршігі болады. Жемісті бұтақтар бүйір жағынан түсіп қалса, оның орыны сақиналы дөңгелектеніп жабылады;
б) копьеца (жеміс беретін көп жылдық бұтақ) - ұзынырақ (5-15 см) келген, тармақтанбаған жеміс бұтақшалары;
в) жеміс шыбықшалары - ең ұзын (15 сантиметрден артық) жеміс бұтақшалары, олардың жан-жағында вегетативтік бүршіктер, ал ұш жағында - жеміс бүршіктері болады.
3-сурет.
Жеміс ағашының негізгі бөлімдері
1 - негізгі тамырлар; 2 - шашақты ұсақ тамырлар; 5 - сидам сүрегі; 4 - бірінші қатардағы негізгі бұталар; 5 - екінші қатардағы бұтақтар; 6 - дің, 7 - жеміс беретін бұтақтар.
Сүйек тұқымдылардың жеміс органы көбінесе шоқ түпті бұтақша және жемісті бұтақ болып келеді. Шоқ түпті бұтақша - қысқа бұтақша, оның ұш жағында вегетативтік бүршік, ал жан-жағына шоғырланып гүл бүршігі орналаскан. Жемісті бұтақ - көбіне алхорының ағашында кездесетін өте қысқа жеміс бұтағы. Әсіресе шиеде және басқа сүйекті дақылдарда ұзындығы орташа болып өсетін бұтақтар кездеседі, олардың бүйір бүршіктерінің бір бөлімі вегетативтік, екінші бөлігі - гүл бүршік болады.
Вегетативтік бүршіктер мен жеміс органдарында жапырақтар мен бүршіктер болады. Жапырақтың сабақпен ұштаскан жерін сабақ буыны дейді, ал екі буынның арасындағы сабақтың бөлігін - буынаралық дейді.
Алма мен алмұрт ағаштарының бүршіктері вегетативтік, жемістік болып екіге бөлінеді. Жемістік бүршік, вегетативтік бүршікке қарағанда өзінің жуандығымен және ірілігімен көзге түседі. Әлі көктемеген, бірақ көктеу қабілеттілігін сақтап қалған бүршіктерді бұйыққан бүршіктер деп атайды. Шекілдеуікті жеміс ағаштарының бұйыққан бүршіктері көктеу қабілеттілігін сақтап қалуы 20 жылға дейін, тіпті онан да артық уақытқа созылады, бірақ көптеген сүйектілердің бұйыққан бүршіктерінің өмір сүру мерзімі едәуір қысқа болады.[1]
Жеміс ағашы сидам сүрегінің тамырға айналатын жері тамыр мойын деп аталады. Тамыр мойыны, әдетте, ұластырылған жерінен 5-6 см төмен болады.
Алма ағашының тамыр жүйесі негізгі тамырлардан (женді толыспаған), онан таралатын бүйір тамырлардан, ұсақ тамырлардан және оларда пайда болатын тамыр түктері бар, ақ түсті сіңіру тамырларынан құрылады, сөйтіп олар өсімдікті қоректендіреді. Сіңіру тамыршалары 3-4 аптадай пайдалы әрекет етеді, сонан кейін олар қоңырланып суды, қоректік заттарды сіңіру қабілеттілігінен айрылады. Сондықтан ағаштың жақсы өсіп, жеміс салу үшін сіңіру тамыршаларын бұрынғы қалпына келтіруге себепкер болатын топырақ күтімді болуы қажет.
Қазақстан жағдайында алма ағашының тамыр жүйесі көбінесе 2-2,5 метр тереңдікте жатады. Сіңіру тамырларының басым көпшілігі (75-80%) 100-125 см терендікке жайылып кетеді. Тамырдың өңделген жерде 10-15 см терендікте, шымды жерлерде – 5-8 см тереңдікте орналаса бастағаны байқалады. Тамырлардың жатық бағытта таралуы бөрікбастың бұтағынан 2-2,5 есе артык болады.
4-сурет.
Шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштарының құрастытырылу түрлері
1-жемістік шыбықша; 2-жемістік бұтақ; 3-жемістік - бұтақ; 4-жеміс беруші; а-жапырақ бүршігі, б-жеміс ұясынан түскен жемістің ізі; в-жеміс бүршігі; 5- шиенің аралас жеміс бұтағы. а-шоқты (гүлді) бұтақ.
Көптеген сүйекті жемістердің тамыр жүйесінің топыраққа енуі, алма ағашының тамыр жүйесіне қарағанда едәуір тайыздау болады. Жидекті ағаштардың тамыр жүйесі мұнан да тайыз жерге жатады. Бүлдірген тамырының топыраққа 45 см терең енетіні сирек кездеседі. Ал жүзімнің тамыр жүйесі керісінше, көбінесе 4-5 м тереңдікке кетеді (4-сурет).
Жеміс-жидек ағаштардың да, жүзімнің де жер бетіндегі бөлігінің және тамыр жүйесінің таралуы, көлемі, өсуі мен жеміс салуы, өсімдік отырғызылған топырақтың құнарлығына, өсімдіктің күтіміне, ауа райына байланысты болады. Қажетті агротехниканы қолдана отырып, жер үй іргесіндегі учаскеде ағашты күту жұмысын жүргізу қолға алынады, сөйтіп өсімдіктен көп түсім алу қамтамасыз етіледі.
ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІМДІГІНІҢ ӨСУ ДӘУІРІ
Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзімнің мынадай тіршілік кезеңдері болады: өсімдіктердің бүкіл тіршілігін қамтитын үлкен кезең және кіші немесе жылдық кезең - бұл өсімдік неше жыл тіршілік етсе де, соның бәрін қамтиды.
Бақта отырғызылған жас ағаш алғашқы кезде жедел қарқынмен өсе бастайды. Онан кейін ол жеміс салады, жемісі белгілі бір кезеңге дейін өскен соң, қысқа мерзімнің ішінде қурауының салдарынан, әуелі ұсак, онан кейін ірі бұтақшалары әлсірей бастайды. Ірі бұтақшалардың қурауы кенже бұтақшалардың бұйыққан бұтақшаларының өсуіне себепкер болады, соның есесінен ағаштың бөрікбасы уақытша «күзеледі».
Жеміс ағашы тіршілігінің үлкен кезеңінде мынадай үш негізгі дәуірге: ағаштың өсу дәуіріне, толық жеміс салу дәуіріне және қурау дәуіріне бөлінетіні айқындалып отыр. Ағаштың бір дәуірінен екінші дәуірге өтуі бірте-бірте болады. Сондықтан жоғарыда аталған негізгі дәуірлердің арасында тағы да аралық дәуірлер болады.
Егілген жеміс ағашының әр түрлі дәуірінде әр қилы күтім қажет болғандықтан, біз бұл мәселені толығырақ қарап өтелік. Мысал ретінде, негізгі жеміс дақылдарының ішінен алма ағашын алалық (5-сурет).
1. Ағаштың жедел өсу дәуірі (ағаштың отырғызылуынан бастап жеміс сала бастауына дейін). Бұл дәуірде (егілген ағаштың 6-7 жасы) негізгі бұтақтар мен тамырлардың жедел өсе бастайтындығы байқалады. Өсу дәуірінің аяқ шенінде алғашқы жемістік бүршіктер шығады. Бұл дәуір жас бұтақшалардың өте көп болып өсуімен және өсу процесінің күздігүні кеш аяқталуымен сипатталады. Бұл кездегі агротехникалық шаралар ағаштың бөрікбасын қалыптауға, көктемде және жаздыгүні бұтақшалардыц өсуіне қолайлы жағдап туғызуға; күздігүні өсу процесін мезгілінде тоқтатуға бағытталады.
5-сурет.
Жеміс ағаштарының тіршілік кезеңдері: І-өсіру дәуірі; І а-өсуден жеміс беруге көшуге дейінгі дәуірі; ІІ-толық жеміс беруі дәуірі; II а-жеміс беруден семіп қуруга өтетін дәуірі; ІІІ-сему дәуірі; ІII а-ағаштың жер бетіндегі бөлігінің толық семуі және тамырдан балауса бұталардың өсуі.
1-а. Ағаштың жедел өсуі мен толық жеміс сала бастауының арасындағы аралық дәуірі (ең алғашқы түсімімен ең көп жеміс алуына дейін), бұл ағаштың 6-7 жылдан 18-20 жылға дейінгі жасын камтиды. Бұл дәуірде ағаштың бөрікбасының көлемі ұлғайып, жеміс органдарының саны артады, бірақ жас бұтақшалардың өсуі әлсірей бастайды. Жемістері үлкейіп, жоғары сортқа жетеді. Бұл дәуірдің алғашқы шенінде екінші дәрежедегі бұтақшалардың қалыптасуы аяқталады. Ағашты бұтағанда, бөрікбастарының селдіреуі күшейе түседі. Ағаш егілген жердің топырағын куткен кезде өңдеудің, суарудың және тыңайтқышты енгізудің маңызы арта түседі. Дәуірінің соңғы кезінде бұтақшаларын қысқартып кесудің де маңызы артады.
2. Толық жеміс салу (ағаштың ең жоғарғы түсім беретін) дәуірі, егілген ағаштың 18-35 жылға дейінгі жасын қамтиды. Бұл дәуірде алма ағашының бөрікбасы өте көлемді келеді. Бұтақшаларының өсуі алғашқы дәуірдегідей де бәсеңдей түседі. Алғашқы, аралық кезеңінде қурай бастаған бөрікбастың, орта шеніндегі жеміс бұтақшаларының бұл дәуірдегі кұруы күшейе түседі. Бұл дәуірдегі агротехника шаралары ағаштың өсуін жақсарту үшін қолайлы жағдай туғызуға және жыл сайын бірқалыпты жоғары түсім алуға бағытталуы тиіс. Ағашты сумен жақсылап қамтамасыз етумен және қоректендірумен қатар, бұл дәуірде алманы суық соғудан және зиянды жәндіктерден қорғаудың айрықша маңызы бар. Ағаштың бұтақшаларын кесіп қысқартудың да қажеттігі арта түседі.
2-а. Толық жеміс салуынан бастап қурауына дейінгі аралық дәуір (жеміс салуының бәсеңдеуі, негізгі бұтақтары ұшының қурауы, ұзын өгей бұтақшалардың шығуы). Дәуір егілген ағаштың 35-40 жылға дейінгі жасын қамтиды. Бұл дәуір ағаштың бөрікбасы көлемінің кішірейе бастауымен, жеміс органдарының көп құрып кетуімен және түсімінің төмендеуімен сипатталады.
3. Алғашқы қурау дәуірі (мұнан былайғы уақытта да жеміс салуының бәсеңдеуі, ірі бұтақтардың құруы, ұзын өгей бұтақшалардың өсуі және олардың жеміс сала бастауы). Бұл дәуірде ағаштың бөрікбасының көлемі едәуір кішірейе бастайды. Агротехника шарасы алғашкы дәуірдегілердей, бірақ ол ағашты күзеуге дайындық жасаумен және күзеуге дайындап қойған ұзын өгей бұтақшаларды отырғызумен толықтырылады.
Негізгі бұтақтардың ауысуы өсудің, жеміс салудың жаңа бүйірінен шыққан бұтақтарға көшуі, жақсы күтімде тұрған ағаштарда, екі, кейде үш ретке дейін қайталауы мүмкін, бірақ әрбір ретте де бұтақтардың ауысуы нашарлай береді, бөрікбасының көлемі бірте-бірте кішірейе түседі, ақырында ағаштың жер бетіндегі бөлігі бүтіндей құрып кетеді. Кейбір сүйекті дақылдарда, мәселен, бұйыққан бүрлері ұзақ уақыт өмір сүретіндігімен көзге түсетін шиеде, негізгі бұтақтардың ауысуы, балапан бұтақшалардың шығуы есебінен болады.
Ағаштың кіші немесе жылдық кезеңі - тоқырау дәуірі және өсу дәуірі болып екіге бөлінеді.
Тоқырау дәуірі кезінде ағаштың бөрікбасында ешқандай өсу процесі болмайды, бұл жағдай ағаштың жапырақтары түскен кезде басталады да, көктемде бүршіктерінің толуына дейін созылады. Тоқырау дәуірінде жас бұтақшалардың өсуі байқалмаса да, тамырлары өсе беруі мүмкін, сонымен қатар дем алады, тамырларының суды сорып, бұтақшаларына жіберіп отырғандығы байқалады. Осыған байланысты жеміс ағаштарының және бұта тектес өсімдіктердің қыстыгүні тоқырауын, өсімдіктің тіршілік әрекетіндегі толық тоқырауы деп қарауға болмайды.
Алайда, мұндай жеміс ағаштарын күтуге арнаулы шаралар қолдана отырып, олардың тоқырау сатысынан шығу мерзімін өзгертуге, сөйтіп ол мерзімнің ұзақтығына әсер етуге болады.
Өсу кезеңінде жеміс ағашының бүршіктенуі, гүл шашуы, жапырақ сала бастауы, жас бұтақшаларының шығуы, жемісінің өсіп жетілуі, жапырақтарыныц сарғайып түсуі байқалады. Өсімдіктің әрбір түрінде, оның барлық фазасы өзара және айналадағы жағдаймен байланысты бола отырып, белгілі бір кезекпен өтеді, бірақ ауа райының жағдайына қарай өсімдіктің календарлы мерзімі бір жылдың ішінде әр түрлі болып өзгеруі мүмкін. Жеміс өсімдігінің кейбір фазасы бір жылдың ішінде екі рет қайталануы мүмкін. Мысалы, кейбір аудандарда алма, алхоры ағаштарының, тағы басқа тұқымның жас бұтақшаларының екінші рет өсуін және гүлденуін жиі байқауға болады.
Қазақстанның континенттік климаты жағдайында бақтағы ағаштарды куту жұмысын тек олардың өсу дәуірінде ғана емес, сонымен қатар күздігүні де өсу дәуірінен тоқырау дәуіріне өткен кезде де жүргізу өте қажет. Бұл екі арада баптау және суару жұмыстарын мезгілінде тоқгату арқылы, ағаштардың өсуін доғара тұрудың, сөйтіп ағаш сүрегінің жақсы пісуіне және суыққа шынығуына жағдай туғызудың маңызы зор. Бұл әсіресе отырғызылған ағаштар тіршілігінің алғашқы және екінші дәуірінде өте қажет.
6-сурет.
Жеміс беретін алма ағашының көктемгі фенологиялық фазасы; а-бүршіктің бөртуі; б-жемістік бүршіктің ашылуы; в-өскін бүршіктің ашылуы; г-гүлдің түйін таетауы; д-гүл шанағының оқшаулануы; е-шанақтардың ашылуы; ж-жемістің түйін тастауы; з-жалпақ тостағаншаларының ұласуы (Фетисов ғылымы бойынша)
Алма ағаштарының ұзақ уақыт өмір сүруі 25-30 жылдан 100-120 жылға дейін, бірақ Қазақстандағы қолдан отырғызылған ағаштардың бұл мерзімі көбінесе 40-50 жылға дейін созылады. Ағаштың жеміс органдары аз уақыт емір сүреді, олардың өмір сүру ұзақтығы көбінесе 5-12 жыл, бірақ 15-18 жылға дейін де жетуі мүмкін.
Алма ағаштарының көптеген сорттары 6-7 жылдан ксйін жеміс сала бастайды. Дұрыс және жақсылап күткенде алма ағашы жыл сайын (үздіксіз) жеміс береді (6-сурет).
Қазіргі уақыттағы егіліп жүрген алма ағашының сорттары өздерінің мерзіміне қарай жазғы (ерте пісетін), күзгі және қысқы (кеш пісетін) болып бөлінеді. Қөптеген қысқы сорттардың сақталу мерзімі май-июнь айларына дейін барады.
Сүйекті жеміс ағаштары деп ішіндегі дәні қатты сүйекшеден біткендерін айтады. Сүйекті жемістер алма ағашымен бір тұқымдас және бұлардың шыққан тегі прунускаға жатады.
Алма және алмұрт ағаштарына қарағанда сүйекті жемістер тез жеміс салады және олардың жемісі тез піскіштігімен айрықша көзге түседі.
Сүйекті жемістердің шекілдеуікті дақылдардан айрықша бір өзгешелігі, жоғарыда айтылған бүршіктері мен жемістері құрылымының ерекшеліктерінен басқа, олардың жеміс бүршіктері жас бұтақшаларының жанынан шығады, ал ұш жағындағы бүршік әрдайым вегетативтік бүршік болып саналады.
Қөптеген сүйекті жемістердің, әсіресе бадам, шабдалы, өріктің тоқырау дәуірі қысқа болады және ерте көктеумен көзге түсе отырып, көктемгі суық соғудан қиындық көреді.
Тұқымнан өсіріп көбейту. Бұл әдіске (жер үй іргесіндегі бақтарда пайдаланбайды) - жеміс беретін өсімдіктердің өз тұқымынан өсіп көбею қабілеті жатады. Қөбіне мұнымен жаңа сорттар шығару үшін ғылыми-зерттеу институттары айналысады, питомниктерде ұластыру жұмыстарында айтарлықтай сорттары жоқ және сортты материалдар бермейтін-шырмауық шиені, Қанада (Қарзин) алхорысын, грек жаңғағын және басқа бірсыпыра түрлерді өсіріп көбейту үшін, сондай-ақ егіс қорғау алқаптарына отырғызуға арнап, жеміс және жидек дақылдарының (өрік, алша, қарақат, грек жаңғағын, т. б.) шыбықтарын (өскіндерін) өсіру үшін пайдаланады.
Вегетативтік жолмен өсіріп көбейту. Вегетативтік жолмен өсіріп көбейту дегеніміз - өсімдікті, оның өніп-өсетін (вегетативтік) мүшелерінің - тамырларының, өркендерінің, бүршіктерінің, атпа бұтақшаларының көмегімен өсіріп көбейту. Бұл әдіс өсімдіктің бір бөлігінен (мүшесінен) бүкіл бір жаңа өсімдік өсетін (регенерациялық) табиғи қасиетіне сүйенеді.
Вегетативтік жолмен өсіріп, көбейтілген өсімдіктердің тұқымынан өсіріп алынған өсімдіктердің негізгі артықшылығы - оған аналық өсімдіктердің ерекшеліктері жақсырақ дариды.
Вегетативтік жолмен өсіріп көбейтудің тәсілдері көп-ақ, бірақ оларды негізгі үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) сабақ пен тамыр бөлшектерінің тамырлануы; 2) ұластыру. Бұлардың арасындағы принципті айырмашылықтар сол, біріншіден, олардың өз тамырлары болады, ал екіншісінде, ұластырушы өсімдіктің тамыр жүйесінің қызметі арқасында өсіп көбейеді.
Вегетативтік жолмен өсіп көбеюдің бірінші тобына жататындардың ішінде неғұрлым көбірек тарағандары мыналар: өркеннен өсіріп, көбейту; тікпе шыбықтарды қалемшеден (тамырдан және сабақтан) өсіру; тамырдың атпа бұтақтарымен және балапан бұтақшаларымен, «мұрттар» арқылы өсіріп көбейту (бүлдірген мен құлпынайдың мұрттарындағы тамырланған дегелектер арқылы).
Өркеннен өсіріп көбейту. Дусен, парадизка, айва, тошала, қарақат және жүзім сияқты жеміс дақылдарының аласа өсетін ұластырушылары өркеннен өсіріп көбейтіледі. Өркеннен өсіріп көбейтудің бірнеше тәсілдері бар, олар: жантайма, тік, доға тәрізді өсіру тағы басқалар. Жеміс шаруашылығында көбірек қолданылатыны - өркенді жантайма және тік тәсілмен өсіру.
Жантайма өсетін өркендер. Аталық бұталардан төмен және ыңғайлы орналасқан былтырғы жылғы бұтақшасын төмен қисайтып, күні бұрын дайындалған тереңдігі 8-10 см шұңқырға салады да, топырақты себелеп жабады. Оны бірден көміп тастауға болмайды, өйткені бұтақшаның бүршіктерінің дамуын тежейді.
Бірсыпыра уақыт өткен соң бүршіктерден бұтақшалар (өркендер) өсе бастайды. Олардың биіктігі 10-15 см болғанда түбіне топырақ үйеді, үйілген топырақтың биіктігі өркеннің биіктігінің жартысындай болуға тиіс. Вегетация кезеңі ішінде топырақ тағы 2-3 рет үйіледі. Үйме топырақтың биіктігі 20-25 см болады. Үйілген топырақ ылғалды болғаны жөн. Бұл жас бұтақшалардың (өркендердің) тамыр қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Тамыр жайған жас бұтақшаларды (өркендерді) күзде аналық өсімдіктерден айырады да, тікпе материал ретінде пайдаланады немесе өсіріп жетілдіру үшін питомникке отырғызады.
Тік өркендер. Ерте көктемде аналық бұтаның жер бетіндегі бөлегі қырқылып қысқартылады, топырақ бетінде қалдырылған түбірдің биіктігі - аласа өсетін ұластырушылар үшін 2-3 см, тошала мен қарақат үшін - 10 см болады. Бүршіктерден өркендер өсіп, олардың ұзындығы 10-25 см жеткенде олардың түбіне, жантайма өркен өсіргендері сияқты, топырақ үйіледі. Үйілген топырақ үнемі ылғалды болуы және өркенге тығыз жабысып жату керек.
Күзде, қазан айының аяғында – қараша айының басында, өркендердің түбіндегі топырақ ашылып, өркендер аналық өсімдіктен айырылады. Егер өркендер күзге дейін жақсы тамырланып үлгірмесе, оны аналық өсімдіктен айыруды көктемге қалдыруға болады. Көктемде өркендерді айыруды кешіктіруге болмайды, өйткені аналық өсімдіктер әлсірейді, ал ауыстырып отырғызған өркендер нашар өседі.
Қалемшеден өсіріп көбейту. Көптеген жас өсімдіктер тамырдың және сабақтың қалемшелерінен өсіп көбеюге бейім. Қалемшеден өсіріп көбейту үшін аналық өсімдіктің сабағынан немесе тамырымен бір бөлегі кесіп алынып, көктемде топыраққа отырғызылады. Осы кесіп алынған бөліктен дербес жаңа өсімдік өсіп қалыптасады. Бұл әдіс қарапайым, қымбат та емес және арнаулы тәсілді қажет етпейді.
Тамырдың қалемшесінен таңқурай, қара бүлдірген және өте сирек болса да алма ағаштары өсіп көбейеді. Бұл әдіс әсіресе тамырдың атпа бұтақтарын өте аз беретін таңқурай сорттарын (мысалы, Новость Кузьмина сорты) өсіріп көбейту үшін өте маңызды.
Қалемшені әдетте күзде дайындайды, себебі көктемде таңқурай өсімдігі ерте оянады да, бұл кезде оның тамырын кесіп зақымдауға болмайды. Қалемше алу үшін аталық өсімдіктің жіңішкелігі 0,3 см кем емес тамырларын пайдаланады. Тамырды аталық бұтадан кем дегенде 50-60 см қашықтықтан қазып алу керек. Әйтпесе оның зиян шегуі мүмкін. Қесіп алынған тамыр ұзындығы 10-15 см бірнеше бөлікке бөлінеді. Осылай алынған қалемшелер подвалда, ылғал топырақты көктемге дейін сақталады. Қалемшелерді отырғызу үшін ор қазылады немесе күректеп тереңдігі 10 см борозда тартылады. Қалемшелер бірінен соң бірі тізіліп (тұтас лента етіліп) орға немесе бороздаға отырғызылады да, топырақпен жабылады. Бұл қалемшелерден күзге карай жақсы дамыған тамыр жүйесі бар өркендер өседі.
Сабақтың қалемшесінен өсіріп көбейту үшін алғашқы айналған сабақ та, жас сабақ та пайдаланылады. Бұл қарақат пен жүзімді өсіріп, көбейтудің негізгі әдісі болып табылады. Бұл әдісті аласа өсетін ұластырушыларда және тошаланың бірсыпыра сорттарын (Хаутон, т. б.) өсіріп көбейтуге қолданылады.
Қалемшелері күзде дайындалады. Қөктемде отырғызу үшін қарақаттың қалемшелерін қыстың аяғында дайындауға да болады. Қалемшелердің ұзындығын 18-20 см етіп кеседі, оның төменгі ұшын бүршіктің дәл түбінен, жоғарғы ұшын - бүршіктен 1-1,5 см жоғары кесіледі. Қалемшелердің түбін бір жаққа қаратып будалап байлайды, сонан кейін салқын подвалға немесе ішіне ағаш үгіндісі төселген траншеяда сақтайды. Сақтаған кезде қарақат пен жүзім қалемшелері бір жағына қисайтып қойылады, ал аласа өсетін ұластырушылардың қалемшелері түбі жоғары қаратылып тік қойылады.
Қарақат пен тошаланың қалемшелерін отырғызатын ең қолайлы мерзім - ерте күз; Алматы облысы үшін – қыркүйектің екінші жартысы, республикамыздың солтүстік облыстары үшін — қыркүйектің бірінші жартысы.
Қалемшелерді жақсы өңделген, борпылдақ және ылғалы жеткілікті топыраққа, жер бетіне 1-2 бүршігі шығып тұратындай етіп отырғызу керек. Бір катардағы қалемшелердің арасы - 10 см, қатарлардың аралығы жүзімдік үшін 100-120 см.
Жүзімдіктің қалемшелерін көктемде жылыған топыраққа отырғызған жақсы (отырғызылатын тереңдіктегі жылылық 8-10). Мұндай жылылық Алматы облысында 15-20 апрельден бастап республикамыздың солтүстік-шығыс облыстарында 10-15 майдан бастап болады. Ойдағыдай күтілсе жаз бойы қалемшелерден пайдалануға жарайтын жақсы тікпе шыбық немесе ұластырушы пайда болады.
Жас сабақтардың қалемшелерін тошаланы, қарақатты, кейде шие мен таңқурайды өсіріп көбейту үшін пайдаланады. Қалемшелерді бұтақшалар кауырт өсіп, жаңа ғана ағашқа айнала бастаған шақта кесу керек. Бұл мерзімнен кешігу немесе ерте кесу қалемшелердің сапасын төмендетеді - олар нашар тамырланады.
Бұталардаң қалемшелерді бұлтты күндері немесе таңертең ерте кескен жөн, өйткені мұндай кезде өсімдік тканінде ылғал қоры мол болады. Қалемшені кесу және топыраққа отырғызу арасында көп алшақтық болмағаны жөн. Қалемшеге бұтақшаның жоғарғы ұшы пайдаланады. Ол әр қалемшеде 1-2 буын аралық (5 см шамасы) және 1-2 жапырақ болатындай етіліп кесіледі. Қалемшелерді кептірмей әкелісімен суға салу керек. Таза және ылғал топыраққа 1,5-2 см тереңдікке, бір-бірінен қашықтығы 5-8 см етіп отырғызылады. Тамыр жайған қалемшелер күзде питомникке көшіріліп отырғызылады. Бұлардан келесі жылы қуатты бұталар өсіп қалыптасады, олар бауға отырғызылады.
Тамырдың балапан бұтақшаларынан өсіріп көбейту. Шиенің, алхорының және қызыл шиенің кейбір сорттары тамырдан көптеген балапан бұтақшалар шығарады, олар әдетте жоғарғы жақтағы тамырдың қосымша бүршіктерінен пайда болады. Бұл балапан бұтақшаларды отырғызатын материал ретінде пайдалануға болады.
Балапан бұтақшаларды аналық бұтадан күзде де (бүршік ісінгенге дейін) айырып алуға болады. Бұл жұмысты күрекпен істеуге тура келеді. Аналық өсімдіктен кесіп алынған балапан бұтақшалар, пайдалану бағытына қарай питомниктегі, немесе баудағы тұрақты орынға отырғызылады. Тамырдың балапан бұтақшалары арқылы көбейту әдісіне, тамырдың атпа бұтақтары арқылы көбейту өзінің табиғаты жағынан тым ұқсас. Мұнда да атпа бұтақтар көген тамыр мен қосымша тамырлардағы бүршіктерден пайда болады. Бұл - таңқурайды өсіріп көбейтудегі негізгі әдіс. Оны шие мен алхорының бұта тәрізді өсетін сорттарына да пайдалануға болады.
Тамырдың атпа бұтақтары көктемде пайда болады. Олар жаз бойы өзінің тамыр жүйесін құрайды және жер астындағы бұтақшаларын шығарады. Сол жылдың күзінде немесе келесі жылдың ерте көктемінде қазып алып отырғызуға болады. Аналық бұтаны зақымдамау үшін, оған ең кемі 50, см қашықтықта жатқан атпа бұтақтарды да пайдалануға болады, оларды кесіп алғаңда аналық бұтаның тамыр жүйесі өте аз зақымданады. Жас атпа бұтақшаларды жетілдіру учаскесінде отырғызады, одаң күзге дейін жақсы сапалы тікпе шыбық өсіп жетіледі.
Мұрттар арқылы өсіріп көбейту. Бұл - бүлдірген мен құлпынайды өсіріп-көбейтудің негізгі әдісі. Гүлденуден кейін пайда болатын өскіндерде-мұрттарда буындар түзеледі, кейін ол буындардан топырақтың әсерінен тамырдың жұрнақтары дамып шығады. Топыраққа тиген дегелектер тамырланады. Тамырланғаннан кейін өскіннің дегелекті аналық бұтасымен жалғастырып тұрған бөлігі, өзінің тіршілігін жоя бастайды. Ал тамырланған дегелек плантацияға отырғызуға жарайтын дербес өсімдікке айналады.
Жақсы көшет 2-3 жылдық екпеден алынады. Бұдан қарт плантациядан дайындалған мұрттар нашар дамиды және одан өскен өсімдіктер өнімді аз береді.
Сирек отырғызылған материалдардың бірінші жылғы шығымы жиі отырғызылғандағыға қарағанда аз болады, бірақ екінші және үшінші жылдары шұғыл көбейеді.
ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ҰЛАСТЫРУ
Ұластыруға арналған қалемшелер суық жерде (ең ыңғайлысы мұз сақтайтын орында) сақталынады, олар ұластырғанша бірқалыпты жағдайда болуы тиіс. Бұлай етпесе қалемшелер ұластырушы ағашқа жөнді бітісіп өспейтін болады.
Көктемде ұластырудың ең көп таралған әдістері мыналар: қиыстыра ұластыру, қабыстыра ұластыру, қабық астына ұластыру және жарып ұластыру (7-сурет).
Қиыстыра ұластыру әдісін қолданғанда ұластырушы мен қалемшенің жуандығы бірдей болуы тиіс. Мұнан кейін ұластырылған жерді жөкемен байлап қояды. Ұластырылған жері мен қалемшенің ұш жағына ағаш ұнын (клей) жағып қояды.
Қабыстыра ұластыру әдісі, ұластырушы қалемшені біраз жуанырақ болғанда қолданылады. Мұнда қиыстыра ұластырылғандағы сияқты қалемшеден қиғаш қиық жасайды. Ең алдымен ұластыруды түбір етіп кеседі, сонан соң түбірдің буйірінен қиғаштап қиық жасайды, оның жоғарғы жағындағы ені қалемшенің жуандығындай болуы тиіс. Мұнан кейінгі қиықтарды қиыстырады.
Қабық астына ұластыру әдісі ұластырушы қалемшеден біраз жуанырақ болғанда қолданылады. Ұластырушыны түбір етіп кеседі де, түбірдің қабығын ұзына бойына кеседі. Қалемшеден алғашқы жағдайдағыдай қиғаш қиық жасайды. Онан кейін ұластырушының қабығының ернеулерін көтеріп, қабықтың астына қалемшені орнатады. Ұластырылған жерді байлап, ағаш ұнын (клей) жағып қояды.
Жарып ұластыру әдісін, ұластырушы аса жуан бол ғанда (ересек ағашты кайтадан ұластырғанда) колданады, мұнда қалемшеде қарама-қарсы екі жақ бүйірінен (сына тәрізді етіп) бір емес, екі қиғаш қиық жасайды. Ұластырушы түбір етіп кеседі де, түбірдің үстінгі жағынан жарады. Пайда болған жарыққа сына тәрізді етіліп жасалған қалемшенің бір бөлігінің қабығын (камбиін) ұластырушының қабығымен қиыстырып орналастырады. Ағаштың ұластырылған жерін байлап, ағаш ұнын (клей) жағады немесе пленкамен таңып қояды. Ұластырудың барлық әдістерінде де ұластырылатын қалемшенің 2-3 бүршігі болуы тиіс.
7-сурет.
Қалемшелердің түрлі әдістері: а-жай қиюластыру, б-негізгі шыбыңқа жанамалап ұластыру; в-қабығын аршып ұластыру; г-негізігі шыбықты жарып ұластыру
Өсімдіктің бөрікбасын қалыптау. Егілген ағашты күту жұмысын жеңілдету үшін және жемісті мол алу үшін жеміс ағашының бөрікбасын қалыптайды, яғни бөрікбастың бұтақтарын белгілі бір жүйемен икемге келтіреді. Қалыптау арқылы, ағаштың бірқалыпты өсуін, сапалы жемісті мол беруін қамтамасыз етерліктей бөрікбас құруға болады. Жақсы бөрікбас сына қоймайтын мықты келеді, ал бұтақтарының жақсы орналасуы - бөрікбастың барлық бөлігіне де жарықтың түсуіне қолайлы жағдай туғызады.
8-сурет.
Бөрікбасы жақсы қалыптасқан екіжылдық алма ағашы.
Бөрікбастардың өзара айырмашылығы мынада: олардың біреуінде бойбұтақтың бар болып, екіншісінде жоқ болуында, күлтебасты келуінде немесе діңнің ұзына бойына жуан бұтақтардың сирек орналасуында және күлтебастардағы бұтақтардың санының өз иә көп болуында. Бойбұтағы сақталған және бұтақтарды сиректеу орналасқан ағаш өзінің діңін қатайта береді.
Бөрікбастың ең көп таралғаны – күлтебастың сатылы (ярусты) түрі. Күлтебасты – сатының түрін шығару, бір жаз бойы өмір сүре алатын шекілдеуіктілердің биіктігі 70-80 см және сүйектілердің биіктігі 50-60 см болғанда, басын бұтақтау арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс көктемде, бүршік атқанша орындалады. Кесу жұмысы пышақпен, бау қайшымен (секатор) жүргізіледі. Кесілмекші бүршіктер тікенегі бар жақта болуы тиіс.
Бұтақталған, бір жаз бойы өмір сүретін өсімдіктің бүршігінен бүйір бұтақгалар өсе бастайды, оларды тек жоғары алты бүршігін ғана қалдырып, ағаштанғанша сындырып тастау қажет. Олардың бесеуі жан-жағына оағытталған, бөрікбастың негізгі бұтақтары, ал алтыншысы (жоғарғысы) бойбұтақ болып табылады (8-сурет).
Сүйекті дақылдардың көпшілігі ешбір бұтақтау жұмысын жүргізбестен-ақ өзінің бөрікбасын екінші сатысында өсіре бастайды. Тек алхоры мен шиенің кейбір сорттары ғана бұтақтау жұмысын жүргізуді қажет етеді. Сүйектілердің бөрікбасындағы бүйір бұтақтардың саны, тұқымы мен сортына байланысты, алтыдан онға деңін болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта сиретілген бұталар сатылы жұйе бойынша екпе шыбықтардың бөрікбасын қалыптастыру кеңнен қолданыла бастады. Сиретілген - сатылы бөрікбастың бір сатысында емес, бір-екі жыл қалыптасқан бұталардың екі сатысында 5-8 негізгі шыбықтар болады. Әрбір саты айналасында біркелкі орналасқан 8-4 шыбықшадан тұрады. Жақсы дамып, ағаш діңімен берік қосылуды қамтамасыз ету үшін сатыдағы орбір бұтақ кемінде 70° жапсарлас бұрыш жасауы керек. Әрбір сатының арасы 20 см-ден кем болмауға тиіс. Екінші сатының бұтақтары бірінші саты бұтақтарының арасындағы жерлерге орналасады, яғни бірінің үстіне бірі мінгесіп жатпауға тиіс. Бұл сатыларының арасында өскен бұтақтар тұқымданады.
Бөрікбастың қалыптасу процесінде бұтақтардың әркелкі өсетіндігі жиі байқалады. Егер өсуді тәртіптеуге тиісті шара қолданылмайтын болса, ағаштардың бөрікбастары біржақты болып қалады.
Бұтақтардың өсуін тәртіптеу төмендегі әдістер бойынша жүзеге асырылады: 1) күшті өсіп кеткен бұтақтардың ұшын тұқыру немесе қырқу; 2) өсуден кейін қалып қойған бұтақтарды жапсыра байлау жолымен неғұрлым тік жағдайға түсіру. Бұл жұмыс бұтақтар қаулап ескен кезде (мамыр-маусым айларында) жүргізіледі.
ЖАС БАУ АҒАШТАРЫН КҮТУ
Жас бауда қолданылатың барлық агротехника отырғызылған ағаштардың жақсы өнуіне және онан әрі өсуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталуы керек. Тез өскен ағаштардың негізгі тұлғасының шапшаң қалыптасып, оның жеміс беретін бұтақтары өседі, сөйтіп жеміс беру кезеңі ерте басталады.
Жас бауды күту жүйесі қатараралықтарының топырағын өңдеуден, мезгілімен суарудан, тыңайтудан, керексіз бұталарын кесуден құрылады, мұнымен қатар ағашты қысқы үсіктен аман сақтау және зиянды жәндіктер мен түрлі ауруларға қарсы күрес шаралары жүргізіледі.
БАУДЫҢ ҚАТАРАРАЛЫҚТАРЫН БАПТАУ
Жас бау егілген жер учаскесі бірнеше жыл бойына толық пайдаланылмайды, осыған орай олардың аралықтарындағы бос жерлерге басқа дақылдар егуге болады. Мұның өзі өте тиімді. Мұндай дақылдар ретінде көкөністерді, картопты, бақша дақылдарын, тамыр жемісті өсімдіктерді, жидектерді, бұршақты өсімдіктерді және екпе шөптерді (жоңышқа, беде, т. б.) өсіруге болады. Мұның ішінде өсіруге қолайлысы ерте лісетін овощ дақылдары, түйнекті тамыр жемістілер және жидектер болып саналады, бұлар топырақтың жақсы өңделуін, үздіксіз суарылып тұруын және тыңайтқыштар енгізілуін керек етеді.
Осы дақылдарға қолданылған жоғарғы агротехника жас ағаштардың өсуіне ойдағыдай пайдалы әсер етеді. Жас баудың ағаш аралықтарындағы бос жерлерді де қосымша дақылдар егу үшін пайдалануға болады, тек ағаш діңдерінің айналасындағы шұңқыр жерді бос қалдырып, ағаштың еркін өсуіне жағдай жасау қажет.
Қатараралықтарындағы өсімдіктерді суарған кезде аса ұқыпты болған жөн, мұнда тамыз айының аяқ кезінде және қыркүйек айының бас кезінде егісті суаруға болмайды, өйткені мұндай суару жас ағаштарының өсуін ұзаққа созып, оның суық түскенде үсіп кетуіне әкеп соқтырады.
Жас бау егілген учаскені тұрлі дақылдар өсіруге пайдаланған кезде топырақтың құнарлылығын кемітпейтін, тиісті ауыспалы егіс тәртібін қолданған, оның құнарлылығын арттыра беретін шараларды жүргізген жөн. Учаске міндетті түрде минерал және органикалық тыңайтқыштармен қоректендіріледі.
ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ
Топырақты өңдеу баудың жүйектерінің қатараралықтарын және жеміс ағашының айналасын немесе таспа тіліктер аралығын өңдеуден құралады. Бұл қатараралықтарында қолданылған ауыспалы егіс тәртібіне сай жүргізіледі. Ағаш түбіне таяу жердегі топырақты өңдеудің тереңдігі ағаштың тамыр жүйелерінің топыраққа сіңу тереңдігіне сәйкес (12-15 сантимегр) болады. Егер, топырақ мұнан терең өңделсе, ағаштардың тамыр жүйелеріне зиян келуі мүмкін. Ағаш түбінен алыстағаннан кейін жер өңдеудің тереңдігі 18-20 сантиметрге дейін жеткізіледі. Қатараралықтарды 20-25 сантиметр тереңдікте күрекпен жыртуға болады.
Ағаш түбіндегі жердің көлемі әдетте оның бұталарының жалпы аумағы мөлшерінде өңделеді. Ағаштарды отырғызғаннан кейінгі алғашқы екі жылда, ағаш төңірегіндегі өңделетін жердің диаметрі кемінде 1-1,5 метр болуға тиіс. Бұдан кейінгі жылдарда ағаш төңірегіндегі жерді өңдеу бірте-бірте ұлғайтылып 5-6 метрге дейін жеткізіледі.
Үй іргесі учаскесінде бауга көң жеткіліксіз болған жағдайда, көк шөпті тыңайтқышқа қолдануға да болады Қазақстанның оңтүстігінде жүргізілген көк шеп тыңайтқыштарының ішінде аралас өсірілген сиыр жоңышқа, сұлы жақсы нәтиже береді, бұлар әрбір гектарға 120-150 килограмм мөлшерінде енгізіледі (үш есе сиыр жоңышқа, бір есе сұлы араластырылып себіледі). Қөк шөп тыңайтқышы болатын сиыр жоңышқа бүршіктері жарқыраған түске ие болған кезде, күрекпен аударылып енгізіледі. Бұл өсімдіктер жерде жатып шіріп, қоректік заттарды молайтады. Оңтүстікте көк шөп тыңайтқышын егу мерзімі - тамыз, ал бұларды жырту мерзімі қазан айының аяқ кезі болады.
Жас жеміс ағаштарының жерін өсе бастаған кезде көң сұйығымен үстемелеп қоректендіру де ойдағыдай нәтижелі болып шығады. Екі-үш есе мөлшерде араластырылып, ерітілген көң сұйығын әрбір ағаш іргесіне 4-5 шелектен құю керек. Бауды суару жұмысына ұштастырыла жүргізілген органикалық тыңайтқышпен үстеме қоректендіру де ойдағыдай болады. Бұл үшін су көң салынған шұңқыр арқылы ағызылады. Мұнда көң толық шайылғанға дейін сумен араласады, ал әбден шайылған кезде шұңқырға тағы да жаңадан көң салынады.
ЖЕМІС АҒАШТАРЫН СУАРУ ЖӘНЕ КҮТУ
Қазақстанның жағдайында бау ағаштарын суару мынадай негізде жүргізіледі. Жеміс ағаштары ылғалды өсу кезеңінде (мамыр, маусым, шілде, тамыз айларында) өте-мөте көп керек етеді. Мұнан кейін ылғалдың ағашқа қажеттілігі азая бастайды, бұл мезгілде күн ыстығынан ағаштың құрап кетпеуі үшін аз-аздап суарып тұру керек. Қүзде топырақтың артықша ылғалды болуынан сақтану қажет, өйткені ылғал көп болса ағаштың өсуі де ұзаққа созылып кетеді.
Оңтүстікте мынадай мөлшерде суаруга болады: мамырда бір рет, маусымда 1-2 рет, шілдеде 1-2, тамызда 1-2, қыркүйектің бас кезінде, 1 қазаның аяқ кезінде және қарашаның бас кезінде 1 рет және қыс қарсаңында суарылады. Су беру нормасы гектарына 600-800 текше метр. Оңтүстік Қазакстан облысының қыста қар болмайтын аудандарында жеміс ағаштарын қыста да суаруға болады.
Күзде кеш суаруға ерекше көңіл бөлу қажет, бұл жеміс ағаштарының қыстан жақсы шығуына көмектеседі. Бұл жұмыстың күз қуаңшылықты болып, ұзаққа созылатын аудандар үшін ерекше маңызы бар.
Солтүстік облыстарда суару ерте тоқталады, бұл жерлерде суаруды маусым айының аяқ кезінде, егер ауа райы қуаңшылықты болса августың бас кезінде тоқтату қажет. Солтүстік облыстарды жеміс ағаштарын қыс қарсаңында суару, ағаш жапырақтары жаппай түсе бастаған кезде, қыркүуекте жүргізіледі.
Ерекше тез өсетін сүйекті жеміс ағаштары үшін суару мөлшері кемітіледі. Оңтүстікте мұндай ағаштар тамызда бір рет суарылады. Қыркүйкте суарылмайды, бірақ қыс қарсаңында суару жұмысы (қазанның аяқ кезінде – қарашаның бас кезінде) міндетті түрде жүргізіледі. Өрік ағаштарын екі рет, маусым және шілде айларында суаруға болады.
Баудың қатараралықтарында отамалы дақылдар өсірілсе, мұндай бау бороздалармен суарылады, ал егер бау қатараралықтарында көп жылдық шөп өсірілге болса, су ағаш түбіндегі жерге жаппай жайылып суарылады. Беткейлердегі бауды жиі-жиі суарып тұру қажет, мұндай жерде ағаштар жеміс ағаштарының жаны нан қазылған бороздалар арқылы суарылады.
Суарған кезде топырақтың бір қалыпты ылғалдануын, топыраққа су ағаш тамырының төңірегіне дейін (60-80 сантиметр) сіңуін, сонымен бірге топырақтың шайылып кетпеуін қадағалау қажет. Бұл үшін су шығарылатын бороздалардың барлығына да шым төсеу керек, ал егер трубалар (ағаш, темір, асбодемент, тағы басқалардан жасалған) болса өте қолайлы келеді, бұлардың диаметрі бороздаларға сәйкес болуға тиіс, осылардың барлығы су жіберілетін борозда топырағының шайылып кетуінен аман сақтайды жәңе судың бороздалар арқылы бір қалыпты ағуын қамтамасыз етеді.
Топырақты шайылудан және құрылымдық бөлшектерінің бұзылуынан аман сақтау үшін, жерді суару алдында топырақты қопсыту мен арамшөптерді отаудың қажеті жоқ. Бұл жұмыстарды суарғаннан кейін барып жүргізген нәтижелі болады.
Ағаштарды қалыптастыру жәке бұтау. Жас бау ағаштарын дұрыс бұтау ағаштың бөрікбасын жақсы қалыптастырады, мол өнім бере алатын мықты ағаш тұлғасын жасайды. Бұтау дегеніміз бұтақтарды сирету және қысқарту болып табылады. Бұтақтарды тұгел түбінен қырқып, сирету жүргізген кезде ағаштың бөрікбасы да сирейді. Ал бұтақтарды қысқартқан кезде олардың ұштары ғана шырпылады. Ағаштардың осы бұталған шыбықтарынан тағы да бұйір бұтақтар пайда болады, бұтақтардың өсуі тәртіпке келтіріледі, сонымен бірге олар өз бетімен өспей, қажетті бағытпен өседі.
Ағаштарды отырғызғаннан кейін бұтамай тастауға және адамның көмегінсіз өз бетімен қалыптасуына жол беруге болмайды. Мұндай ағаштар мерзімінен бір-екі жыл бұрын жеміс бере бастағанмен олардың бөрікбасы жақсы берік болмайды. Қейбір сорттарда бұтақтардың түптері жалаңаштанып қалады, жеміс ондай ағаштардың ұш жағына шығады, мұның өзі кейін ағаштың өнімділігіне зиянын тигізеді және кұтуді қиындатады.
Ағаштарды отырғызғаннан кейін алғашқы 3-4 жыл бойына негізгі тұлға бұтақтарды өсіруге, оларды бойбұтаққа бағындыруға және ағаш діңінің бойында дұрыс орналастыруға бағытталған бұтау жұмысы жүргізіледі (9, 10, 11-суреттер).
Күлте басы бес сатылы бұтақ жүйесі бойынша қалыптасқан ағаштарда, бойбұтақты жерден 40-50 сантиметр биіктігінен бастап бұтау жолымен жаңа бүйір бұтақтар өсіріледі, бұлардың ішінен төменгі қатардағы негізгі бұтақтардың аралығында орналасқан екі бұтақ таңдалып алынады. Келесі жылы тағы да 1-2 бұтақ өсіріледі, сонымен ағаштың неғізгі тұлғасын қалыптастыру аяқталады.
9-сурет. Айыр бұталар және сирек бөрікбасты шыбықтарын қай жерден кесу керек екендігі сызықшамен көрсетілген |
10-сурет. Бітік бөрікбасты ағаштарды кесу |
11-сурет. Тік бөрікбасты ағаштарды кесу. |
Екінші және үшінші сатылардағы бұтақтарды қалыптастыру да осы принцип бойынша жүргізіледі. Ағаштың ашасындағы бұтақтардың бірі қырқылады, сөйтіп бүйір бұтақтарды сәйкестіре бұтау жолымен ағашты қалыптастырғанда, тұлға бұтақтар мен бүйір бұтақтардың бәсекелесуі жойылады.
Бүйір бұтақтардың ұзарып өсуін бәсеңдетіп, олар жуандатылады, бұл жуан бұтақтарға кейін жеміс өсетін болады. Мұндай бүйір бұтақтар бүтіндей қырқылып тасталмайды, өйткені бүтіндей қырқылса тұлға бұтақтың түптері ашық қалады да, олардың қабығы қожалақ болып қалады, мұның өзі ағашты өте әлсіретеді және бұтақтардың қурап қалуына әкеліп соғады.
Тұлға бұтақтарындағы келесі бұтақ қатарларын және жуан жеміс бұтақшаларын өсіру үшін, баяу бұтақтанатын сорттарда, тұлға бұтақтары ұштарының, бір жылда өскен ұзындығының ¼-1/3-дей бөлігі бұталады. Бүйір бұтақтары жақсы өсетін сорттар бұталмайды, екінші және үшінші сатыдағы бұтақтардың қалыптасуына қарай бұтау барған сайын кемітіле береді, тек бұтақтардың біркелкі өсуін және ағаштың бөрікбасының жиілеп кетпеуі бақыланып отырылады.
Ал бұталған ағаштар ерте жеміс беретін болғандықтан жеміс берер алдында (егер ағаштар бұған дейін дұрыс қалыптасқан болса) бұтауды толық тоқтатуға болады. Кейінгі ағаштың өсу дәуірінен, жеміс беру дәуіріне көшкен кезде ағаштың бөрікбасының шамадан тыс жиіленіп кетуін жоятын және өнімді болуына қолқабыс тигізетін жеңіл-желпі жекелеу жүргізіледі.
Бұтау ағаш сорттарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес және алдымен жеміс бүршіктерін шығаратын жуан бұтақтардың өсу қабілеттілігіне қарай жүргізіледі. Қазақстанда алма ағаштарының көп сорттары үшін бес жылға дейін шеткі бұтақтар ұзындығының 1/4-1/3 бөлігін шырпып отыратын, қысқарта бұтау қолданылады. Мұндай сорттардың қатарына Апорт, Суйслеппер, Пеструшка, Ренет Орлеанский жатады.
12-сурет.
Бутаны дұрыс және дұрыс емес кесу
Жас кезінде көп шыбықтайтын және жуан бұтақтар шығаратын Ренет Бурхардта мен Грушовка верненскаяны басқаша бұтайды. Мұндай сорттарды қысқарта бұтаудың қажеті жоқ, тек ашалардың бірінің ұшын шырпу және ағаштың бөрікбасы шамалап тыс жиілеп кетпеуі үшін бұтақтарды шамалап жекелей алу ғана қажет.
Қандиль синап және Розмарин сияқты, бөрікбастары пирамида тәрізді болып келетін сорттарда, бөріқбасты кеңейту үшін және ағаштың жеміс беруін түзету үшін, тысқа шығып тұрған шеткі бұтақшалары бұталады. Осының нәтижесінде ағаштың бөрікбасы мейлінше кеңейеді, ағаш баяу өсе бастайды және жеміс беру дәуіріне тез енеді. Зияндалған (сынған), айқасып тұрған және қурап қалған бұтақтардың барлығы қырқылып тасталады.
Бұтау кезінде төмендегі ережелерді сақтау қажет: жас бұтақшаларды бұтаған кезде, қылтанақ қалдырмай бүршіктің жоғарғы жағынан қырқу керек, бұтақшаларды сындыруға және қабықтарын сыдыруға болмайды, кесілетін бұтақты «тұжыра» кесу керек және қылтанақ қалдырмау керек (12-сурет). Жас бауларда ағаш жараларын бау ұнымен немесе майлы бояумен сылау міндетті емес, бірақ ағаштың жарасы тез жазылу үшін жараны өткір пышақпен тазарту қажет. Бұтау ағаш бойына сөл жүру басталғанша, қыс аяғында немесе ерте көктемде жүргізіледі.
Жазғы бұтау маусым мен шілде айларында жүргізіледі. Екінші сол жүгіру дәуіріне тура келетін, бұл кезде бұтау салдарынан болған, бұтақтардағы барлық жаралар кейіннен жақсы өсіп, жетіліп кетеді. Ағашты жазда көп бұтау оларды едәуір әлсіретеді, сондықтан жазда тек шамалап қана бұтау қажет.
Жазғы бұтаудың ең маңызды әдісі - бұтақтарды пенсировкалау. Пенсировкалау арқылы ағаштың бөрікбасындағы бұтақтардың өсуін тәртіптеу және артық бұтақтарды кесіп алып, жеміс бұтақшаларына айналдырады.
Жеміс бауларында бөрікбастары нашар өркендейтін ағаштар жиі кездеседі. Мұндай ағаштарды күшті бұтаумен («кері өсіру» жолымен), жерді жақсы күтумен, жетімсіз бұтақтарды өсірумен, бұтақтар бойбұтақпен бәсекелескен жағдайда тіреуіш қоюмен түзетуге болады, ал бойбұтақ жоқ болса оның орнына ең жақын тұрған кейбір бұтақтарды алу қажет.
Жеміс ағаштардың діңін күту. Қазақстан жағдайында ағашты күтудің аса маңызды шарасы оның сидам сурегі қабықтары мен тұлға бұтақтардың түптерін, ағаштардың өнімділігін және ұзақ өмір сүруін шұғыл кемітетін қыстыгүндері күн көзінен сақтау болып табылады.
Ағаштарды күн соғуына қарсы күресу үшін ағаш діңі мен бұтақтардың түптері күзде әкпен ақталады. Оңтүстік аудандарда жеміс ағаштары сидам сүрегін ең сенімді құтан жусанмен, қамыспен, тағы басқа материалдармен орап қою және ағаштың бөрікбасына әк бүрку тиімді.
Әр түрлі зақымдар нәтижесінде болған ағаш діңіндегі және бұтақтардағы жараларды жазудың өте зор маңызы бар. Ағаштың жаралары сау жеріне дейін пышақпен тазартылып бау замаскасымен сыланады. Егер бау замазкасы жоқ болса, саз бен аңыздан әзірленген форзит замаскасымен сылау қажет.
Ағаш сидам сүрегінің қабығы айнала (сақинаша) сыдырылған болса, «мостик» жолымен ұластыру жүргізіледі. Бұл үшін күні бұрын әзірленіи қойылған шыбықтың екі жағы бірдей жалпақ етіліп жонылады, содан кейін барып шыбықтар ағаштың зақымдалған жерінің төменгі жағынан да, жоғарғы жағынан да қабық ішіне қондырылады, ол мықтап оралып қымталады және бүкіл жара бау құмымен немесе форзит замазкасымен сыланады. Егер ағаш айнала (сақинаша) зияндалмаған болса жараны тазалап, замазкамен сылап қойса да болады.
Ағаш сидам сүрегінің түбінен шығатын жабайы бұтақшалар өсу дәуірінде екі рет қырқылады.
Бау ағаштарын жиілету. Жас бауларда, бау отырғызылғаннан кейінгі екі-үш жыл ішінде ағаштардың сиреп кетуін болдырмау үшін және ағаштардың санының бірқалыпты болуын сақтау үшін жиілету жұмысы жүргізіледі.
Қазір бір-бірінен 10X10; 9X10; 9X9; 8X9; 5X8 метр қашықтықта, бұдан бірнеше жыл бұрын егілген баулар бар. Мұндай ағаштары сиреп қалған бауларда ағаштар нашар өседі, күнге тез күйеді, аязда үсиді; бұлардың ішінде ағаштардың қурап қалуы да кездесіп тұрады. Ағаштардың жағдайларын жерді дұрыс пайдалану мақсатымен мұндай бауларды жиілету қажет.
Бауларды жиілетуді мына төмендегі тәртіппен жүргізген жөн. Егілгеніне 7-8 жыл болған шекілдеуікті жеміс ағаштары арасына сол негізгі егілген сорттың мейлінше аласа сорттары отырғызылады. Сонымен бірге бауларда аудандастырылған стандартты сорттарды пайдалана отырып, сүйекті жеміс ағаштарымен де жиілетуге болады. Егер сүйекті жеміс ағашының бөрікбастары аралығында жеткілікті бос орын болса, ерте егілген бауларды сүйекті жемісті тұқымдарымен (өрік пен қызыл шиені қоспағанда) жиілеткен жақсы. Бауларды жақсы өскен, көктеп шыққанына екі жыл болған тікпе шыбықтармен жиілету керек.
Жерді өңдеу. Қатараралықтардағы жерді өңдеуді арнаулы бау құраддары күшімен жүргізген тиімді.
Егілгеніне бірсыпыра жыл болған бауларда ағаш түптеріндегі ұяларды немесе атызды күту, жыл сайын ағаш түптеріндегі ұялардың топырағын босатып, кұрекпен аударып тұру және жыл сайын көң ендіру және ағаш түптеріндегі ұялардың беттеріне кең немесе басқа да өсімдік қалдықтарын себу болып табылады. Қазақстан жағдайында ағаш түбіндегі ұялардың бетін жабындылау (мульчирование) әрбір учаскеден алынатын жеміс өнімін 20-30% дейін арттырады.
Суару. Жеміс беретін бау ағаштарын суару, топырақта қанша ылғалдың барлығына және ағаштардың фазасына сәйкестендіріле жұргізіледі. Бұдан бұрынғы айтылғандай, жеміс ағаштары бұтақ салған кезде суды көп қажет етеді. Республиканың оңтүстігінде бұл кезең мамыр айында және маусымның бірінші жартысында өтеді.
Бұтақтар өсіп болғаннан кейін, ағаштарда клеткалық сөлдердің жинақталуы күшеюімен байланысты, жеміс бүршіктерін салу кезеңі басталады. Оңтүстік жағдайында бұл кезең, маусымның аяқ кезінде өсімдік бойына су келуін шамалы азайтқан (іріккен) жөн болады, бірақ, ауа райының ыстық, жауын-шашынсыз болуына байланысты ағаштарға ептеп су беріп тұру қажет.
Қазақстанда тамыз айында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұған дейін бүршікшелер салу продесі аяқгалады, ал көпшілік сорттарда жеміс шапшаң өсе бастайды, ерте пісетін сорттың жемістері пісіп қалады. Осы кезде ағаштардың бірқалыпты өсуі және өнімнің сақталуы үшін жақсылап суару қажет болады. Су жетіспесе жемістің өсуі тоқтатылатындығын есте сақтау кажет; онда жеміс солып, ол көбінесе ерте төгіліп қалады.
Егер жаңбыр болмаса, күздің басында ағаштарды қосымша суару кажет. Қазан айының аяғында қарашаның басында топырақта ылғал сақталуына және ағаштардың жақсы қыстан шығуына жәрдем тигізетін күзгі суару жұмысы жүргізіледі.
Осыған сүйене отырып, оңтүстікте ағаштың өсуі дәуірінде суару мерзімдері мына төмендегідей болады: мамыр айында - бұтақтардың өсуін қамтамасыз ету үшін (гүлдеу аяқталғаннан кейін) 1 рет суару; маусымда - жеміс түйіндерінің өсуін және толық сақталуын қамтамасыз ету үшін (түйіндердің «маусымдағы тазалануы» алдында) 1 рет суару; шілдеде - жемістің өсуін жеделдету үшін (жеміс бүршіктерін салып болғаннан кейін және жазғы сорттардың пісуі алдында) 2 рет суару; тамызда жемістердін бірқалыпты өсуі және өнімнің сақталуы үшін (айдың басында, күзгі сорттардың пісуі алдында және айдың аяқ жағында, осы сорттардың өнімін жинап алғаннан кейін) 2 рет суару; қыркүйектің басында, ағаштардың тіршілік әрекетін күшейту және ағаштарды қыстап шығуға жақсылап әзірлеу үшін (қысқы сорттардың өнімін жинар алдында) 1 рет суару; жауын-шашынсыз болған жылдары мамыр және маусым айларында ағаштарды суару бір-бірден арттырылады. Сүйекті жемісті ағаштарына тамыздың бас кезінде тек бір рет су беріледі, ал қыркүйекте суарылмайды.
Суарудың бұл жүйесін қолдану әр гектар жерден 30-40% дейін қосымша жеміс береді.
Ағаштардың өсу дәуірі қысқа - солтүстік облыстарда суару саны азайтылады. Соңғы өсу дәуірінде суару тамызда, ал қысқа қарай суару қыркүйек айында жүргізіледі.
Суару нормасы әр гектарға 700-800 текше метр су мөлшерінде болады, ал қысқа қарай суарғанда топырақтың ылғалдығына, жер жағдайына және баудың тұрған жеріне қарай 1000 текше метрге дейін су беріледі. Жер қыртысының құнарлығы кем учаскелерде немесе қиыршықтас жер бетіне жақын жатқан топыраққа (1-1,5 метрге дейін) бауды суару санын көбейткен жөн, бірақ судың қиыршықтас арасымен жерге сіңігі кетуін болдырмау үшін суды аздап сыздықтатып беру керек.
Жеміс беретін бауларды суару әдісі қатараралықтардағы егілетін дақылдарға байланысты болады. Егер қатараралықтарда көпжылдық шептер егілген болса, ағаш түптеріндегі ұяларда суды түгелдей жайып суару қолданылады.
Егер қатараралықтарға отамалы дақылдар егілген, «емесе күрекпен аударылған (жыртылған) болса, онда әрбір ағаш түбі жанынан су ағатын бороздалар тартылады, бороздамен суару әдісі қолданылады. Жер беті ойлы-қырлы болса немесе су көлбеуі 0,01° бұрыштан астам келетін төбе, тау баурайларында болса, ұялап суару әдісі қолданылады, ағаш қатарларынан 1,5-2,0 метрдей қашықтықта ұя жағалауларынан жүргізілген бороздалардан немесе қатараралықтан салынған бороздалардан ағаштың екі қатарына бірдей қосымша бороздалар арқылы ұяларға су жіберіледі.
«Жалғастырмалы ұялармен» суару әдісі мүлде пайдасыз, бұл әдісті қолданғанда су ағаш түбіндегі бір ұядан екінші ұяга ағып сусып кетіп отырады. Бауды былай суарғанда ағаш түбіндегі босатылған жердің топырағы шайылып кетеді, негізгі тұлға тамырлар жалаңаштанып қалады, ұялардан қоректік заттар сумен қоса ағып кетеді, су жерге жақсы сіңбейді және көптеген су босқа шығын болады.
Жер бедерінің жағдайына қарай ұялап суару орнына бороздамен немесе атыздарға жайып суаруды қолдануға болмайтын жерлерде, жалғастырмалы ұялар тұйық етіліп қайта жасалады. Бұл үшін қатараралықтарында бу бөлгіш бороздалар салынады, ұяларды бір-бірімен жалғастыратын арықшалар бітеледі, егер ұялар кішкентай болса олар кеңейтіледі.
Тыңайтқыш. Жеміс беретін бауда тұрақты мол өнім алу үшін және өнімнің дүркін-дүркін болмай қалуын жою үшін тыңайтқыш міндетті түрде қолданылады. Шіріген немесе жартылай шіріген көн ең жақсы тыңайтқыш болып табылады, бұл көң әр ағаш түбіне жылына екі рет, жалпы көлемі де 50-60 килограмм мөлшерінде ендіріледі. Сондай-ақ, көңді ағаш түбіндегі босатылған жердің үстіне де сеуіп тастауға да болады, бірақ бұл жағдайда оның пайдасы аз болады. Жоғарыда айтылғандай, жеміс ағаштарына қисуын үстемелеп беру жақсы нәтижелер береді.
Фекалия (хлорланбаған) - жеміс ағаштары үшін шорменді тыңайтқыш болып табылады. Фекалия күзгі жер жырту алдында бүкіл бау жеріне тереңдігі 20 сантиметр тереңдікке ендіріледі немесе сидам сүректен 1-1,5 метр қашықтықта әрбір ағаш түбіне (15-25 ұяға) көміледі. Әрбір ағашқа фекалия ендіру нормасы 30-40 килограмм. Фекалияны күзгі сумен бірге сұйық үстеме қорек ретінде де ендіруге болады.
Ағаштарды қимен, фосформен және калиймен негізгі тыңайтуды күзгі өңдеу алдында жүргізеді. Азотты тыңайтқыш үстеме қорек ретінде ағаштың өсуі дәуірінде беріледі. Тыңайтқыштарды ендіру ағаштардың осу кезеңімен байланыстырыла жүргізілуге тиіс. Тыңайытқыштар ендіру нормасы: әр ағаш түбіне азот 20-25 г, фосфор – 10-20 г, калий – 8-10 г. Гектар санына шаққанда, осы нормаларды және ағаштардың өсу кезеңін есепке ала отырып, тыңайтқыштарды мына төмеңдегідей мезгілде беруді ұсынамыз.
Күзде жерді күрекпен аудару (жырту) алдын ала немесе ағаш түптерінің айналасын босатқан кезде әрбір гектарға 90-120 кг суперфосфат және 60-90 кг калий енгізіледі.
Көктемде және жазда азот (күкірт қышқылды аммоний немесе аммиак селитрасы) мына мерзімдерде өндіріледі: 1) гүлдеп болған бойына, бұтақтар өсіп болған кезде, бүршікшелер шыға бастаған кезде (түйіндердің «шілдедегі тазалануынан» кейін), бір гектарға 60 кг; 3) шілденің аяғында, жеміс мейлінше өсе бастаған кезде бір гектарға 30 килограмнан.
Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының тәжірибелері бойынша, бауды тыңайтудың бұл айтылған жүйесін қолданғанда бір гектардан 39-71 центнерге дейін қосымша өнім алуға болады, демек әр ағаш түбінен 30-40 кг қосымша өнім деген сөз.
Ағаштардың бөрікбасы мен сидам сүрегін күту. Жеміс беретін бауда ағаштың бөрікбасын күтудің аса маңызды шарасы, ағаштарды бұтау болып табылады. Бұтау - жеміс бұтактарының өмір әрекеттеріне көмектесу, өсу процестерін күшейту және зақымдалған ауру бұтақтарды қырқып тастау мақсаттарымен жүргізіледі. Мұның өзі ағаштардың жеміс беруіне және жемістердің сапасына пайдалы әсер етеді. Бұтауды қолданғанда бұтақтарды қысқартудың ерекше маңызы бар.
Бұтақтары өсуден тоқталған ағаштарда әдеттегі бұтауға қосымша дүркін-дүркін (5-7 жыл сайын) бұтақтарды шырпу қолданылады. Шыққанына 5-6 жыл болған бұтактардың шеткі бұтакшаларын едәуір қыскарту, мұның өзі жаңа жас бұтақшалар шығуын қамтамасыз етеді.
Ағаш өмірінің үшінші дәуірінде (қурау дәуірі) шыққанына 9-10 жыл болған кәрі бұтақтарды кырқу жолымен ағаштарды жасартатын бұтау жүргізіледі. Мұндай жағдайда ағаш жақсы өсіп келе жатқан бүйір бұтақтарға дейін немесе өгей бұтақтарға дейін бұталады.
Бұтактарды кыскарту және шырпу ағаштың бөрікбасының жиілеп кетуіне колқабыс тигізетіндігіне байланысты, бұтау жұмысын ағаштың бөрікбасын ептеп жекеленуімен ұштастыра жургізу кажет, мұның өзі ағаштардың ауадан жаксы нәр алуына көмектеседі. Ағаштардың мұндай кезеңінде жеміс беретін кәрі бұтақтары мен бұтакшаларының 1/3-1/2 ұзындығын қысқартып, дүркін-дүркін жекелеп алып тұру да пайдалы болады.
Шырпудың пайдасы тимейтін өте кәрі ағаштарда «өгей бұтақтар» шыққан жерде негізгі тұлға бұтақтарды несу жолымен ағаштың бөрікбасын жасарту қажет. Мұндай жасарту әдісін колданғанда ағаш тамырларының тіршілік әрекеттеріне көмектесу үшін түбір бұтаққа тимеу керек.
Жас баулардағы сияқты, бұтауды ағаштардың сорт ерекшеліктеріне сәйкес жүргізу керек. Алматы жағдайында көп тараған Апорт пен Ренет Бурхардтаны бұтаудағы ерекшеліктер мынадай болады:
Апорт ағаштарында аша аралықтарының бұтақтары кырқылып тасталады. Жақсы бұтақтау үшін және жеміс бұтақтарын шығару үшін ұзын бұтақтардың 1/4-1/3 ұзындығы кысқартылады. Бұтақтар өсуі тоқталған кезде шырпылады.
Ренет Бурхардтаның кәрі ағаштарында бөрікбастың жуан бұтақтарының жиіленіп кеткендігі байқалады. Бұл сорттың жартылай тұлға бұтақтары мен кәрі жеміс бұтақтарының бір бөлігін аздап сиретіп оқшаулау қолайлы болады. Шеткі бұтақтар бұталанбайды, ашадан шыққан бұтақшалардың біреуі түбінен қыркылып: тасталады. Қәрі ағаштарда бұтақтар шырпылады.
Осы айтылған сорттар сияқты басқа сорттарды да, ағаштың қай түріне жақын екендігін ескере отырып бұтау қажет. Ересек ағаштарды бұтау сынған және қатты зияндалған бұтақтарды, сондай-ақ қара рак ауруына шалдыққан бұтақтарды қырқып тастаудан басталады. Мұндай бұтактарды бұтау зақымдалған жерден сау жерге дейін жүргізіледі. Сонан соң бір-біріне тиіс (айқасып) тұрған бұтақтар және ағаштың бөрікбасын шамадан тыс жиілетіп тұрған бұтақтар қырқылып тасталады.
Өгей бұтақтар сияқты бұтақтар, егер ағаштың бөрікбасын шамадан тыс жиілетіп тұрса, шыққан жылыақ қырқылып тасталады, қалған өгей бұтақтар бұтақ жоқ бос жерде тұрса, олардың ұзындығының 1/3 бөлігі шырпылады.
Ағаштарды бұтау өткір аспаппен «тұжыра» кесу жолымен жүргізіледі, кесілген жерлер тазартылады жоие жаралары өсімдік (олиф) майына езілген май бояумен, бау ұнымен немесе форзит замазкасымен сыланады.
Бұтауды жер өңдеумен, суарумен және ағаштарға тыңайтқыштар берумен ұштастыру қажет, өйткені осы жағдайда ғана бұтау жақсы нәтиже береді.
Кәрі ағаштарда сонымен бірге кеуек жерлерін тазарту және ол жерлерді өндеу, сидам сүрегінің жаны кеткен, қурап қалған қабықтарынан тазарту жүргізіледі. Тамыр түбіне шыққан шыбықтар үнемі қырқылып тасталады.
ЖЕМІСТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖИНАУ
Жемістерді қорғау ағаштың үсікке шалдығуымен күресуден, жемістерді желдің төгіп кетуінен сақтаудан және өнімді жинаудан тұрады.
Ағаштардың үсікке шалдығуымен күрес жүргізу үшін гұлдену кезінде түтін салу (ыстау) қолданылады. Түтін салудың нәтижесінде жер бетінің сәуле өткізгіштігі азаяды. Бұл әдіс 2-3 градусқа дейінгі шамалы оуықтарда ғана нәтижелі болады.
Түтін салу үшін бау ішіне күні бұрын ылғал сабаннан, жапырақтардан, жаңқалардан және бықсып, бәсен жанатын басқа материалдардан бірнеше шағын шоқы үйінділер жасалады. Әр үйіндінің астына тамызыққа аздап құрғақ сабан және кұрғақ шөптер тығылады. Үйінділердің көпшілігі баудың жел жағына ұйіледі. Олар температура - 2 градусқа дейін төмендеген кезде, әдетте күн шықпастан 1-2 сағат бұрын тұтатылады. Егер үйінділер жалындап жанып кететін болса оларға ептеп топырақ сеуіп бықсытылады. Түтін салу күн шыққаннан кейін 1-2 сағатқа дейін созылады.
Егер аяз болмаса, түтін салу үшін әзірленген материалдар ағаштардың түбіне себуге пайдаланылады. Ағаштың үсікке шалдығуына қарсы күресу үшін барлық ағаштарға ерте көктемде әк ерітіндісін бүрку ұсынылады. Мұндай ағаштар өсу дәуірін 4-5 күн кейін бастайды, сөйтіп гүлдену үсікке шалдықпай кетеді.
Өрік ағаштары мен басқа да сүйек жемісті ағаштарды жазда бұтау, ол ағаштардың көктемгі өсу кезеңін шамалы кешеуілдетеді, сөйтіп гүлденудің үсікке шалдығуынан сақтауы мүмкін. Аяз кезінде жерді көлдете суару ұсынылады.
Бауларда дауыл салдарынан көптеген өнім ысырап болады. Бау қорғайтын шарбақтар мен дауылдардан қорғайтын ағаш алқаптарын жасаумен қатар, өнімді аман сақтау үшін бұтақтарға тіреуіш қоюдың да зор маңызы бар. Өнім мол болған кезде бұтақтардың сынып кетпеуі үшін және жемістерді жел тербелтіп түсірмеуі үшін ағаштардың түптеріне тіреуіштер қойылады. Ол тіреуіштер жерге сүйменмен немесе күрекпен қазылған шұңқырларға қағылады.
Тіреуіштер тіке бұтақтардың ортасына емес, ұш жағына таман, шамамен айтқанда бұтақ ұзындығыныу, 1/3 бөлігіндей қашықтыққа қойылады, өйткені тіреуіштер бұтақтардың үш жағына қойылмаса, бұтактың үш жағы тіреуіш тұрса да сынып қалуы мүмкін. Тіреуіштермен қатар ағашты айнала тіреуіштерді тор жүйесімен қою да жақсы нәтиже береді.
Бұл жағдайда тік тіреуіштер бір-біріне ағаштың 2-3 сатысындағы бұтақтары сүйенетін көлденең ағаштармен жалғастырылады. Тіреуіш орнатудың бұл жүйесі тіреуіш ағаштарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ағаш астарына қойылатын тіреуіштердің қабықтары аршылған болуға және жарықтарында қыстайтын жеміс дақылдарының зиянкестерін жою үшін жыл сайын дезинфекциялануға тиіс. Осы мақсатпен ағаштарға белдік шөп оралған кезде, тіреуіштерге де белдік шөптер оралуға тиіс.
Жемістерді жинау. Шекілдеуікті дақылдардан жеміс жинау - жеміс пісіп жетілген кезде, яғни жұлынған жемістер жерде жатып, толық жетіліп пісе алатын болған кезде, тиісті дәм мен иісіне ие бола алатын кезде жүргізіледі.
Жемісті жинау мерзімін дұрыс анықтаудың зор маңызы бар. Ағаш басында тұрып, кемеліне келіп піспеген жемістер сортқа тән сапаға ие бола алмайды. Олар жерде жатып солып қалады және су татып тұрады. Сондай-ақ, жемісті ағаш басында мерзімінен тыс қалдыруға да болмайды. Ағаш басында көп тұрып қалған жемістер өзінен-өзі төгіліп қалады, сақталған кезде өте пісіп кетеді, мыжылып, ұнтақталып қалады және тез бұзылады.
Жоғарыдағы айтылған жағдайлар 20 жыл ішінде тәжірибе жүзінде анықталған жағдайлар және көз көріп, қолмен ұсталған фактылар.
Кейбір сорттар (Суйслеппское, Титовка, тағы басқалары) бірқалыпты піспейді. Бұл сорттардың өнімі іріктеліп жиналады, яғни ағашта, алдымен піскен жемістер жиналады да, кейіннен қалғандары жиналады.
Жемістердің піскендігі жеміс сабағының жеміс бұтағынан оңай үзілетіндігіне, жемістің өзіне тән түрге енуіне және ішіндегі ұрықтарының ішінара қараюына қараи айрылады. Қысқы сорттар мүмкіндігі болғанша кош, бірақ күзгі қатты аяз басталмас бұрын жиналады.
Жәшіктерге салынған жемістер тиісті жеріне қойылады. Сақтауға арналған жемістер жақсы дезинфекцияланған жеміс қоймаларына (подвалдарға, погребке) тасылады, жеміс қоймаларында температура жылы (+3 ғрадусқа дейін) болуға тиіс. Жемістерді полкаларға жинағанда 4-5 қатардан артық қоймау керек.
ЖЕР ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ЖИДЕК АҒАШТАРЫН ӨСІРУ
БҮЛДІРГЕН ТҮРЛЕРІН ЕГУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ
Ерекшелігі. Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын көпжылдық өсімдік.
Бүлдіргенді егісімен келесі жылы жидек бере бастайды. Бүлдіргеннің тамыры жерге 40-50 сантиметр тереңге тарайды, бірақ бұлардың негізгі бөлегі 25 сантиметр тереңдікте болады.
Гүлденгеннен кейін 20-30 күн өткен соң жемістерідің пісуі басталады. Жидек піскеннен кейін жапырақтар және оның ұштары тағы да шапшаңдап өседі, сонымен қатар сол жылғы шыққан сабақтардың, тұқымдардың түбіне жаңа тамырлар өсе бастайды. Сөйтіп, өсімдік келесі жылы жидек болып шығуға әзірлік жасайды. Бұл бүлдірген сабақтарының өсуі кезеңіндегі аса жауапты мерзім болады, осы кезде ылғалды және қоректік заттарды көп керек етеді. Күз басында сол жылғы шыққан сабақтардың ұшында жидектік бұршақтар қалыптасады.
Жоғары агротехника қолданылған жағдайда бүлдірген учаскесі 6-7 жылға дейін жақсы өнім береді.
Бүлдіргенді егу. Бүлдіргенді егудің қолайлы мерзімі - көктем болып есептеледі, сонымен қатар бүлдіргенді ерте күзде егуге де болады. Көктемде бүлдірген егілген учаскені жақсы күткен жағдайда келесі жылы одан түсім алуға болады. Бүлдірген күзде еккенде, күзгі суық түскенге дейін өсімдік тамыр тартып үлгеруі қажет. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде бүлдіргенді егуді 15 қыркүйектен кешіктіруге болмайды. Күзгі суық түскенге дейін тамыр тартып үлгере алмаған өсімдік өліп қалады. Іле Алатауының суарылмайтын таулы жағдайында бүлдірген тек көктемде ғана егіледі, мұның өзі бүлдіргеннің жақсы өнуін қамтамасыз етеді.
Екпе бүлдіргенді бір таспа етіп егуге де болады, қатараралығының кеңдігі 70-80 см және бір-бірінен қашықтығы 25 см болуга тиіс, қос таспалап отырғызғанда өсімдік аралығы 80+40X25 см болады.
Екпе бүлдірген оншалықты терең емес (7-10 см) бороздаларының жағалауына отырғызылады, мұндай орынға жіп тартып, белгі салынғаннаи кейін кетпенмен жеңілдеп қазылады.
Егер топырақ құрғақ болатын болса екпе бүлдіргенді отырғызбастан бір күн бұрын бороздалар арқылы су ағызып, оларды ылғалды топыраққа отырғызады. Қос таспалап еккен уақытта, оның суару жұмыстарын борозда арқылы жүргізген дұрыс.
Екпе бүлдірген сүңгі қалақпен шұңқыр қазып (8-10 см кішкене күрекпен) немесе қазық қағып соның орнына отырғызылады. Сүңгі қалақпен шұңқыр қазып отырғызған кезде, борозданың бір жағы тік жасалады, өсімдік борозданың осы тік жағына орналастырылып, тамырлары үстіне топырақ салынады, топырақ өсімдік тамырына қарай тығыздалады, екпе бүлдіргенді отырғызған кезде оның тамырлары жоғары қайырылмауын, сонымен бірге бүршіктің жоғарғы жағын топырақ басып қалмауын бақылау керек. Екпе бүлдіргенді таяз отырғызуға да болмайды. Таяз отырғызылған өсімдік өнбей қалады немесе нашар өседі, өнімді аз береді, сыртқы қолайсыз жағдайларға ұшырағыш келеді.
Суарған соң, келесі күні өсімдікті түзеп ретке келтіруге, бүршік шығатын бөлікті босатып, өсімдіктің ашылып қалған тамырына қайтадан топырақ салуға (13-сурет) тиіс.
13-сурет.
Бүлдіргенді отырғызу схемасы:
а – жапырақтардың жоғары қарай қайырылып қалуы;
б – жапырақтардың дұрыс орналасуы;
в – тамырларды дұрыс орналастырмау, терең отырғызылған, бүршік топырақпен жабылып қалған.
Өсімдіктің жақсы өсуін қамтамасыз ету үшін отырғызылғаннан кейінгі 5-6 күннен соң, екінші рет 6-8 күн өткен соң үшінші рет суарылады. Мол өнім алу үшін өсімдіктің бітік болуын қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар. Сондықтан отырғызғаннан кейінгі 8-10 күннен соң өсімдіктің енген-өнбегендігі тексеріледі. Өнбеген жерлерге жаңадан екпе бүлдірген отырғызылады. Егер еккеннен кейін тағы да енбей қалған есімдік болса тамыз айының аяқ кезінде қосымша өсімдіктер отырғызылады, мұндай өсімдіктер жақсы тамыр тарткан өсімдіктердің ұшынан алынады.
Қосымша егу жұмысы (бірінші және екінші рет) жүргізілгеннен кейін міндетті түрде суарылады. Өнбей қалған өсімдіктер саны оншалықты көп болмаса, екінші рет қосымша еккен кезде өсімдік ұштарын өнбей қалған өсімдіктің орнына қарап бағыттап, оны қолдау арқылы өсіруге де болады. Өсімдік тамыр тартканнан кейін, күтудің негізгі шаралары, өсімдіктің бір қалыпты өсуін қамтамасыз ететін болуға тиіс, бұл шаралар - мезгілімен суару, арамшөптерді отау және топыракты қопсыту болып табылады.
Бүлдірген жиі-жиі суаруды керек етеді, өйткені оның тамыры топырақтың жоғарғы қабатында болады, бұлар тез құрғағыш келеді. Өсу кезеңінде бүлдірген небары 11-13 рет суарылады, 6-7 рет топырағы қопсытылады және арамшөбі 3-4 рет оталады. Суару және топырақты қопсыту жұмыстары мөлшермен айтқанда мынадай мерзімдерде жүргізіледі.
Май айында бір рет суарылады, сонан соң топырағы қопсытылады, маусым айында 1-2 рет суарылады, бір рет топырағы қопсытылады, шілде айында 3-4 рет суарылады, екі рет топырағы қопсытылады, тамыз бірінші жартысында екі рет суарылады, бір рет топырағы қопсытылады, қыркүйекте 1-2 рет суарылады, бір рет топырағы қопсытылады.
Мұнымен бірге қазанның екінші жартысында тағы бір рет суарылады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ай сайын бір рет артық суарылады. Әсіресе шілдеде және тамыз айының екінші жартысында жиі-жиі суаруды қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар, өйткені бұл кезде өсімдік шапшаң өседі және өнім беруге әзірленеді.
Бүлдіргенді егер алдында жерге көң шашылса, мұндай жерге минерал тыңайтқышты егілген жылы енгізбесе де болады. Егер түрлі себеппен бүлдірген егілетін жерге көң шашылмаса, гул шығаратын бүршіктің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, тамыз айының орта шенінде толық минерал тыңайтқышпен устеп қоректендіруге болады, бұл үшін әрбір гектарға 60 кг фосфор, 30 кг калий және азот енгізіледі.
Егілген жылы өсімдік ұштарын жұлмаса да болады. Бірақ тамыз айының аяқ кезінде немесе келесі жылғы көктемде қатараралықтарындағы өсімдік ұштарының барлығы да жұлынып алынып, екпе материал ретінде пайдаланылғаны жөн, бұлай етпеген жағдайда өсімдік онан әрі өте береді де, учаскеде шамадан тыс бітік болып, өнімі кемиді.
Сорттарды іріктеп алу. Учаскені реттеу алдында сорттарды іріктеп алудың зор маңызы бар. Бұл үшін ең алдымен әрбір ауданға лайықты стандартты сортты іріктеп алу шарт. Әрбір шаруашылықта түрлі мерзімде пісетін сорттарды еккен жөн. Төменде Қазақстанның түрлі аудандары үшін ұсынылатын қолайлы аса маңызды сорттардың тізімі келтіріледі.
Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстары үшін - Узбекистанская, Луиза, Урожайная, Луи-Готье, Қох.
Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстары үшін - Героиня Маншук, Комсомолка, Любовь Поволжья, Новинка, Память Шредера, Ташкентская, Луи-Готье, Қох, Луиза, Саксонка, Юльке, поздняя Леопольдсгальская.
Солтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс Казақстан облыстары үшін - Рощинская, Аэлита, Любовь Поволжья, Қох, Виктория, Луиза, Комсомолка.
Аса маңызды сорттардың қысқаша сипаттамасы, Урожайная. Бұл сорт Алматы облысында кеңінен тараған. Соңғы кезде республиканың басқа облыстарында да тез тарала бастады. Бұл сорттың ерекшелігі - күтімді оншалықты көп керек етпейді және өте мол өнім береді (гектарына 13-15 тоннаға дейін). Жидегінің ірілігі орташа, формасы дөңгелек, түсі көрікті болып келеді. Пісу мерзімі орташа, өңдеп те пайдаланады және жаңадан жиналып алынған кезде де тұтынады.
Луиза. Казақ ССР-нің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде көп тараған сорт. Бұл сорттың ерекшелігі - түсі әдемі, жидегі ірі, өте дәмді, тасымалға жарамды болады. Түсімі орташа (гектарына 8 тонна). Жидек шығатын ұштары көп болады. Бітік шықса нашар өседі. Бұл сорт күтімді, топырақта көптеген қоректік заттар болуын керек етеді.
Комсомолка. Бұл сорт аз уақыттың ішінде Совет Одағының көптеген облыстарында кеңінен тарады. Оның ерекшелігі - түсімі өте мол (гектарына 20 тоннадан аса) болады. Жидегі ірі, қоңыр қызыл түсті, одемі келеді, пісу мерзімі орташа. Өңдеу үшін өте қолайлы, сонымен бірге жаңадан жинап алған кезде тұтынуға да болады. Бұл сорттың тағы бір ерекшелігі - гүлінің түсі өте нәзік келеді. Сондықтан Комсомолка сортын тозаңдандырғыш сортымен (Рощинская, Саксонка, тағы басқа сорттармен) араластырып егу қажет.
Героиня Маншук. Жидегінің сапасы жақсы және мол онімді болуына байланысты, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тарағаң және мұндағы негізгі сорттардың қатарына енеді.
Бұталары орташа, жинақы, жапырақтары тік тұрады, түсі ашық жасыл. Гүл сидамы қысқа, жапырақ деңгейінен төмен өте берік, сондықтан жидектерінің бәрі бірдей топыраққа түсіп жатпанды. Жидектері ертерек – маусымның бірінші он күндігінде пісе бастайды. Пісіп жетілу 25-30 күнге созылады. Өнімді мол береді.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, мойыны жоқ, жалпақ сына тәрізді, ашық қызыл. Жұмсағы тығыз, қызғылт, хош иісті, онша сулы емес, дәмді. Жас күйінде желінеді, өңделеді. Басқа сорттарға қарағанда бұл тасуға төзімді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент облыстарының барлык, аймақтарында өсіруге ұсынылады.
Любовь Поволжья. Бұтасының жапырағы өте жиі. Маусымның бірінші он күнінде піседі.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, ашық қызыл, бір жағы шошақ келген домалақ. Дәмділігі орташа. Жас күйінде желінеді және техникалық қайта өндеуге жұмсалады. Орал облысында есіруге ұсынылады.
Ташкентская. Жидегі кештеу – маусымның екінші оныншы күнінде піседі, жеміс салуы 18-24 күн.
Алматы облысында өнімді мол береді. Жидегі ірі 7-8 г, айқың қызыл, дәмі қышқылтым-тәтті, сапасы орташа. Негізінен өңдеуге жұмсалады. Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарында ұсынылады.
Узбекистанская. Қазақстанның оңтүстігінде тараған. Бұтасы биік өседі, аздап салбыраңқы. Жапырақтары ірі, қыртысты. Алғашқы жидектері маусымның екінші он күндігінің басында піседі. Жеміс салуының ұзақтығы 22 күн.
Жидектері ірі 8-9 г, шошақ немесе топал шошақ пішінді, бүйірлі, айқын қызыл, жылтыр. Жұмсағы қызыл, сулы, булы. Дәмі жақсы. Жас күйінде жейді және өңдеп те пайдаланады. Шымкеңт, Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік аймақтарына ұсынылады.
Зенга-Зенгана. Жидегі сапасының жақсы және мол өнімді болуына байланысты. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тарады және мұндағы негізгі сорттардың қатарына енеді. Орташа, кеш пісетін сорт. Бұталары биік, жинақы жапырақтары жиі болады, түсі ашық қызыл. Бұл сидамы орташа, жапырақ деңгейінен төмен өте берік, сондықтан жидектерінің бәрі бірдей топыраққа түсіп жатпайды. Десерттік компот жасауға және жас күйінде пайдаланады. Басқа сорттарға қарағанда бұл тасуга төзімді. Сеянец Зигер ФРГ-дан шығарылған сорт. Өнімі кг/м2 шамамен 0,96-1 кг. Гүлі қос жынысты.
Өнімді жинау. Бүлдірген жидегі бірден ғана жиылмайды, пісуіне қарай бірте-бірте жиналады. 7-8 рет жинауға болады.
Жидегі оншалықты берік болмайтын Қох, Луи-Готье сияқты сорттардың жидегін күн аралатып жинауға болады, ал Луиза, Саксонка, Қазахстанская сияқты сорттардың жидегі 4-5 күнде бір рет жиналады. Жидекті оның түбіндегі тостағанша көк жапырағы мен және ұзындығы бір сантиметрге жуық сабағымен бірге жинау керек.
Бүлдірген жинаған кезде учаскедегі барлық шіріген және зияндалған жидектердің барлығы да түгелдей жиналып алынады. Жиналған бүлдіргенді сол күні, әрі кегкенде келесі күні пайдалану керек. Жинап алған бүлдіргенді бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыруға болмайды, сонымен қатар күн көзіне ұзақ уақыт қалдыруға да болмайды. Өйткені күн көзіне қалдырған бүлдірген тез бұзылып кетеді.
Бүлдірген егілген учаскені жасарту. Бүлдірген бұтатасы жылма-жыл өсумен бірге топырақ бетіне жайылып қобырайды, соның нәтижесінде өсімдіктің қоректенуі нашарлайды. Негізгі түптен жыл сайын жас тамырлардың таралуы жас өсімдіктің өсуін нашарлатады және өнімін кемітеді. Бүлдірген бұтасының әдетте төрт жылдан кейін өнімі кеми бастайды. Учаскенің өнім беруін одан әрі жақсарта беру үшін оның топырағын құнарландыру қажет.
Ескі учаскені жасартудың ең жақсы әдісі мынадай: жидекті жинап алысымен суарып, онан кейін бүлдіргеннің жер бетіндегі бөлігін түбіне дейін шауып, сирету қажет. 2-3 күн өткен соң учаскені тағы да суарады, әр гектарға 90 кг толық минерал тыңайтқыш - азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын енгізіп, үстеп қоректендіріледі. Одан әрі күтудің жалпы әдістері қолданылады. Күзге дейін мұндай өсімдік өсіп жетіледі, ал келесі жылы өнім береді. Жасартқаннан кейін учаске екі жыл бойына жақсы өнім береді, оның өнімділігі мөлшермен алғанда 30 процент артады.
Учаскедегі қатарларды ауыстыру арқылы жаңартуға да болады. Бұл үшін қатараралықтарында өсімдік ұштары жұлынады. Бұл әдіс тек 3 жылдан аспаған учаскеде ғана ойдағыдай нәтиже береді, мұндай жерде жеткілікті мөлшерде жақсы өсімдік ұштарын өсіруге болады.
Жоғарыда айтылған комплекстік агротехника шараларын қолдану бүлдіргеннен жыл сайын мол өнім алуға (гектарына 10-13 тоннаға дейін) мүмкіндік береді. Қазақ жеміс-жидек және жүзім ғылыми-зерттеу институты жемістерді сақтау технологиясы бөлімінің плантацияларында, жеке тәжірибе учаскелерінде жақсы сорт жыл сайын гектарына 13-15 тоннаға дейін өнім беріп келеді, ал суарылмайтын таулы жерлерде Луи-Готье сорты кейбір жылдары гектарына 18-20 тоннаға дейін өнім береді.
ТАҢҚУРАЙ ТҮРЛЕРІН ӨСІРІП, ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫ
Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі.
Сорттарды іріктеп алу. Әрбір аудап үшін стандартты сортты өсіру қажет. Өсіруге лайықты аса маңызды сорттар төменде келтіріледі. Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстары үшін - Мальборо, Усанка, Новость Кузьмина, Қутберт.
Алматы және Талдықорған облыстары үшін Мальборо, Новость Кузьмина, Усанка, Орлеанская красавица, Феникс, Кутберг, Солтүстік-Шығыс, Солтүстік, Орталық және Батыс Қазақстан облыстары үшін - Мальборо, Новость Кузьмина, Усанка, Вислуха, Кримзон Маммут, Грачевка № 1 және № 2.
Аса маңызды сорттарға қысқаша сипаттама.
Мальборо. Таңкурайдың өте көп тараған сорттарының бірі. Бұтасы тік өседі, тұқырта байлауды керек етпейді, мол өнім береді. Жидегінің дәні ірі, түсі қызыл, тығыз болып келеді, тасымалға мейлінше қолайлы. Дәмі түщылау болады. Жидегі өңдеуге және жас күйінде пайдалануға жарамды келеді.
Усанка. Таңқурайдың өте көп тараған және жұртқа жақсы мәлім болған сортының бірі. Қысқа төзімді, өнімділігімен көзге түседі. Жидегінің түсі алқызыл, шырынды, ірі, дәмді келеді, десерттік және техникалық сорт деп есептеледі.
Вислуха. Сібірде көп тараған. Суыққа мейлінше төзімді, мол өнімді келеді. Бұтасы биік болып жақсы өседі, бұған хлорозм түспейді. Жидегі орташа, алқызыл түсті келеді, дәмі тәтті болады. Жас күйінде пайдалануға болады, сонымен қатар өңдеуге де жарамды.
Феникс. Алматы облысында өсірілетін суыққа төзімді сорт. Бұтасы орташа, жеміс салатын бұтақшалары қызыл қоңыр, тегіс, үстін балауыз жапқан. Қылтанақтары өте сирек, бұтақшаның орта шеніне дейін ғапа шыққан жіңішке.
Жидектерінің түсі қызыл қоңыр, домалақ, сүйектері орташа, жұмсағы берік. Жұмсағының дәмі жақсы, онда 3,0% кант, 1,20% қышқыл, 20,1 мг% витамині бар. Жидегінің орташа салмағы 2,0 г. Жидегі жас күйінде жеуге де, өңдеуге де жарамды.
Новость Кузьмина. Соңғы кездегі ең көп тараған, өнімді мол беретіндігі, суыққа төзімділігі және жидегінің жақсы сапасы үшін қатты бағаланады.
Бұтасы биік тұрады. Бұтақшаларының төменгі жағындағы қылтанақтары өте жиі, жоғарылаған сайын ұсақталып, өте сиреп кетеді. Жемісті бұтақшалардың орта жеріндегі ұзын гүл сидамына салады.
Жидектері қызыл, көк, ірі, ұзынша келген оймақ тәрізді, өте дәмді, тәтті, нәзік, хош иісті. Құрамында 7,3% қант, 1,80% кышқыл, 27,65 мг% С витамині бар. Жидектерінің орташа салмағы 2 г, жемісі десертке және қайта өңдеуге жақсы.
Новокитаевская - сорттың шыққан жері Украинаның жеміс ғылыми-зерттеу институты Қитаевская Новость Кузьминамен будандастыру арқылы алынған, ерте пісетін сорт. Қазақстанда 1972 жылдан бері аудандастырылған. Қөбіне Алматы облысында егіледі. Өнімі ортадан жоғары. Ауруға төзімді.
Таңқурай егілетін учаскені белгілеу және оны әзірлеу. Таңқурай егілетін жерді белгілеген уақытта оның өсуіне қажетті жағдайларды еске алу қажет. Таңқурай егу үшін ең жақсы учаске желден, аңызақтан таса, ылғалмен қамтамасыз етілген, құнарлы топырақты жер алынады. Таңқурайға егілген жас бауға жақсы жағдай жасалады. Мұндай учаскенің айналасына міндетті түрде қорған ағаштары отырғызылуға тиіс. Оңтүстік жақтағы кұрғақ беткейлер, ашық учаске таңқурай егу үшін жарамсыз болады, өйткені, мұндай учаскенің қарын қыста жел ұшырыгі кетеді, сондай-ақ ойпа жерлерге де таңқурай егуге болмайды. Оның себебі мұндай жерде су іркіліп қалуы мүмкін.
Таңқурай егілетін учаскенің жер асты суы бір метрден жақын болмауы керек. Суарылмайтын учаскелерге сай сағалары, беткейлердің төменгі бөлігі таңқурай еғу үшін қолайлы келеді. Таңқурай егу үшін топырақта көптеген органикалық заттар болуы қажет. Сондықтан таңқурайды еккеннен кейін, одан мол өнім алу үшін учаскені жасау алдындағы жерді негізінен өңдеу жұмысы кезінде, әр гектарға 5-10 тонна көң енгізіледі. Бұған басқа да органикалық тыңайтқыштарды пайдалануға болады.
Таңқурай егілетін жер күзде күрекпен аударылады (жыртылады). Таңқурайдың ең жақсы алғы дақылы отамалы көпжылдық шөп болып есептеледі.
Жаңа учаскеде таңқурайды егу және оны күту. Ерте көктем - таңқурай отырғызу үшін ең қолайлы мерзім болады. Мұндай жағдайда таңқурай отырғызуды кешіктіруге болмайды, өйткені таңқурай бүршігі өте ерте шығады, сол себепті таңқурайды кеш отырғызу көптеген жағдайда нәтиже бермейді. Таңқурайды ерте күзде отырғызуға да болады. Мұндай жағдайда өсімдіктің өсуі аяқталған кезде, жапырақтар түсе бастаған уақытында, қысқы суықтың түсуінен 10-15 күн бұрын отырғызу қажет.
Таңқурайды отырғызу алдында учаске кварталдарға бөлінеді, әрбір кварталдың көлемі екі қатардан болады. Таңқурайды отырғызғанда оның аралықтары мынадай болады: бұталары тік өсетін сорт үшін (Мальборо типі) - 1,5 метр және бұталары жайыла өсетін сорт үшін (Усанка және басқалар) - 2 метр, өсімдіктің бір-бірінен арасы 0,75 метр. Таңқурайды Іле Алатауының баурында суарылмайтын жерде өсіргенде қатараралықтарының аралығы 0,5 метрге кемітіледі.
Екпе шыбықтар 40X40 сантиметр шұңқырға отырғызылады. Жеміс ағаштарын отырғызу үшін белгіленген ережелер мұқият орындалуға тиіс, мұндағы бір айырмашылығы таңқурай питомник өсіретін учаскедегіден 1-2 сантиметр терең отырғызылады. Мұның себебі таңқурай өскенде тамыр жүйелерін жақсы жетілдіру үшін қажет болады. Отырғызылған таңқурай шыбықтары өсе бастағаннан кейін топырақ бетінен 15-20 сантиметр биіктікте кесіледі.
Таңқурайды отырғызғаннан кейін іле-шала суарылады, мұнан кейін өсімдіктің төңірегіндегі топыраққа көң үгіндісі себіледі (қалыңдығы 5-8 сантиметр). Отырғызылған таңқурайды онан әрі күту жұмысы әрбір 15-20 күн сайын суару, топырақты қопсыту және арамшөптерді отау болып табылады. Күзде жас бұтақтарды қысқы суықтан сақтау үшін жерге қарай қисайтады.
Екінші жылы ерте көктем шығысымен иілген бұтақтар қайтадан бұрынғы қалпына келтіріліп жазылады. Мұнан соң құлаған бұтақтар (шыбықтар) қайта отырғызылады, қатараралықтары қопсытылып және қатараралықтарына көптеген өңдеу жүргізіледі. Мұндай жағдайда өткен жылғы төгілген көң угіндісі топыраққа араластырылып сіңіріледі. Таңқурай шыбығы түбінің айналасындағы топырақ жаңадан өсіп келе жатқан шыбықтарға зиян келтіріп алмау үшін 4-5 сантиметр тереңдікке дейін майда етіліп өңделінеді. Бұдан былайғы топырақты және өсімдікті күтіп-баптау жұмысы алғашқы жылғы тәртіппен жүргізіле береді. Күту жұмысындағы ең басты міндет - топырақты қажетті мөлшерде ылғал сақтау, арамшөпті отау.
Таңқурайды отырғызған алғашқы екі жылда мүмкіндігіне қарай катараралықтарын картоп басқа көкөністерді өсіруге пайдаланған жөн. Мұндай жағдайда отамалы дақыл егілетін қатараралықтарына органикалық тыңайтқыштар немесе минерал тыңайтқыш енгізу қажет. Қатараралықтарына отырғызылған отамалы дақылдар таңқурай жеміс бермей тұрған кезде жеке шаруашылыққа табыс кіргізеді, сонымен қатар жас таңқурайдың өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Таңқурай өсірудің екінші жылында да бұта түбінің төңірегіндегі топыраққа көң, үгінді шашу аса пайдалы шара болып табылады. Өндірістік маңызы бар таңқурай отырғызғаннан кейін үш жылдан соң барып жеміс бере бастайды.
Таңқурай жидегін жинау. Жидектің пісу мерзіміне қарай, таңқурай өнімі бірнеше рет жиналады, өйткені таңқурайдың жидегі бірнеше уақытқа бөлініп піседі, сөйтіп жидек жинау бірнеше айға созылады. Таңқурайдың жидегі өте нәзік келеді. Жидекті жеміс пышағымен қиып алады, өйткені оның өзі тұрған күйінде берік келеді.
Бұл әсіресе жидекті тасыған кезде өте қажет. Жидекті жиналған жерде тұтынуға немесе дереу өңдеуге тура келсе жидекті тасуға жеміс пышағынсыз-ақ жинауға болады. Жидек жинаған кезде сыйымдылығы 2-2,5 килограмдық ыдыс қолданылады, бірақ мұндай ыдыстардың сыйымдылығы 4 килограмнан аспауы керек. Жидекті бір ыдыстан екінші ыдысқа қопарып салуға болмайды. Жидек жиналып алынғаннан кейін күн көзіне қалдырмастан дереу погребке (подвалға) апарып қою керек. Жидектін сапасының нашарлап кетпеуіне жол бермеу үшін жиналған өнім сол күні іске асырылуға тиіс.
ҚАРАҚАТ ЖӘНЕ ТОШАЛА ТҮРЛЕРІН ӨСІРУ, ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ
Ерекшеліктері. Қарақат (смородина) пен тошала (крыжовник) бұталы өсімдіктер болып есептеледі. Бұлардың атпа тамырлары болмайды. Негізгі түбінен көптеген шыбықтар өседі. Шыбықшалар түпке жақындаған сайын көп болса, соншалықты берік болып өседі. Бұлардың ең қуаттысы тамырға жалғас шыбықтар болып есептеледі. Қара қарақаттың жеміс бүршігінің тіршілігі 1-3 жылға созылады, мұндай жағдайда бір рет жеміс берген бүршік келесі жылы өнімді аз береді, сондықтан жеміс беру келесі жылы да жас шыбықтарға ауысады. Қарақаттар жеміс беруі жағынан алғанда өте бағалы өсімдік болып есептеледі, оның бұтақтары 2-3 жыл бойы жеміс бере алады. Төрт жылдық бұталарының өнімі аз, жидегі ұсақ болып келеді. Қызыл қарақаттың және тошаланың 6-7 жылдық бұталары жақсы жеміс бере алады.
Қарақат пен тошала көктемде ерте көктейді, таңқурай мен бүлдіргеннен ерте гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-20 күнге созылады. Гүлдегеннен кейін, шамамен айтқанда екі айдан кейін бұл өсімдіктердің жидегі піседі. Тошаланың негізгі бұталарынан көптеген бұтақшалар өсіп шығатынын әрдайым есте ұстау керек, осының нәтижесінде бұта тез жиіленіп түптелгіш келеді. Учаскелердегі өсімдіктердің өнім беру мерзімі 15 жылдай болады, одан артық өскен бұталар көптеген жағдайда пайдасыз болып қалады, сондықтан мұндай бұталарды ауыстырған жөн.
Қуаңшылыққа төзімділігі және күтімді соншалықты керек етпейтіндігі жағынан жидектік бұталардың ішінде сары жылтыр қарақат ерекше көзге түседі. Бұл өсімдік тідті ең қолайсыз болған жылдың өзінде де жыл сайын тұрақты мол өнім береді.
Түрлі жағдайда өсе беруге мейлінше бейім болғандықтан және үздіксіз мол өнім беретіні себепті жылтыр сары қарақат, соңғы жылдарда Орталық және Батыс Қазақстанның жеміс-жидек бауларында кеңінен таралуда.
Қарақат пен тошала егілетін жерді белгілеу және учаскені әзірлеу. Қарақат пен тошала ылғалды сүйетін өсімдіктер. Қарақат сәл көлеңкені де онша елемейді, оған ылғалдың шамадан тыс артық болуы аса зиян келтірмейді. Жазғы температураның өте ыстық болуы бұл өсімдікке қолайсыз келеді. Қызыл қарақат қуаңшылыққа мейлінше төзімді келеді, жарықты көп керек етеді, бұл Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жағдайында қарақатқа қарағанда қысқа төзімді келеді. Тошала қарақаттан гөрі жылылықты және жарықты жақсы көреді. Мұның барлығын қарақат пен тошаланы егуге орын таңдағанда есте ұстау қажет.
Қарақатты егу үшін ылғалды учаскені таңдап алу керек. Бұл үшін ойпат жерді де пайдалануға болады. Таулы жерлерде қарақат егу үшін сайдың сағалары қолайлы келеді. Сондай-ақ беткейлердің ойпатты бөлігін пайдалану керек. Ашық учаскеге отырғызылған қарақаттың түйіндері жаппай түсіп қалатындығы байқалады. Жидегі өте ұсақ болады. Жеміс беретін буршіктері үсіп кетеді, өнім шұғыл кемиді.
Тошала ушін жарық мол түсетін, ылғалы жеткілікті, қарашірікті топырақты жер белгіленуге тиіс. Жарық жеткіліксіз болса тошалаға грибок ауруы әуес келеді.
Қарақат және тошала егу үшін топырақты таңқурай егуге арналған учаске сияқты әзірлеу керек. Бұлар көктемде тыңайтқышты көптеп енгізуде өте жақсы әсер етеді. Бұларды отырғызу алдында жер топырағының беті тегістеліп таңқурай егуге арналған учаске сияқты кварталдарға бөлінеді.
Сорттарды іріктеп алу. Қарақат пен тошаланың бірнеше мың сорты бар, бірақ Қазақстан жағдайында өсіруге бұлардың ішінде біраз сорттары ұсынылады. Төменде Қазақстанда түрлі өңірінде өсіруге арналған аса маңызды сорттардың тізімін келтіреміз.
Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстары үшін - қарақаттан - Боскопский великан, Кент, Лия плодородная, Крандаль Мичурина, Смородина красная немесе Голландская красная, Красный Крест; тошаладан - Мысовский 17 және Мысовский 37.
Алматы және Талдықорған облыстары үшін - қара-қаттан - Боскопский великан, жергілікті қарақат (іріктеліп алынған түрі), Граненая, Масляная, Лия плодородная, Неаполитанская, қызыл қарақаттан - Голландская красная, Звезда Севера, Красный Крест; тошаладан - Мысовский 17, Мысовский 37.
Орталық Қазақстан, Солтүстік-Шығыс, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары үшін. Қарақаттан - Чемпион Приморья, жергілікті қарақаттың іріктеліп алынған түрі, Лия плодородная, Сандерс, Граненая, Неаполитанская, Масляная, Баскопский великан, Крандель Мичурина, Красный Крест; Тошаладан - Хаутон, Долинский розовый, Сибиряк № 1, тошаланың іріктеліп алынған жергілікті сорты.
Қарақат пен тошаланың кейбір сорттары. Қарақат. Боскопский великан. Қазақстанда көптеген облыстарына кеңінен тараған. Бұтасының түбі орташа, сапалы келеді. Тамырға жалғас шыбықшалары аз болады. Жеміс сабақтары ұзын келеді, дара-дара еседі. Жидегі ірі, өте дәмді, сапалы болады. Аса пісіп кетсе біраз бөліп түсіп қалады. Жемісінің пісу мөлшері орташа. Өнімі жақсы келеді. Жидегін өңдеу үшін пайдаланады және жаңа піскен күйінде жинаған кезде де қолданылады.
Чемпион Приморья. Бұтасы қуатты, салалығы орташа болады. Сабақтары орташа немесе ұзын болып өседі. Жидегінің ірілігі орташа, ерте піседі. Өнімі өте жақсы болады. Қысқа төзімді. Өңдеу үшін және жиналған кезде де пайдаланылады.
Лия плодородная. Бұл өте көп тараған сорттың бірі. Мұның ерекшелігі - қысқа төзімді, мол өнімді келеді, бұтасының көлемі орташа, салалы болады. Сабағы ұзынша немесе орташа келеді. Жидегінің ірілігі орташа, пісу мезгілі де сондай. Піскен кезде жемісі бұтадан туспей берік тұра береді. Бұл асханалық және техникалық сорт болып есептеледі.
Неаполитанская. Мол өнімді, суыққа төзімді, бұтасының көлемі орташа болады, алғашқы жылдарда тік өседі, соңынан мейлінше салалы болып жан-жаққа тарайды. Сабағы да, жидегініқ ірілігі де орташа, кейде ірі де болады. Кешігіңкіреп барып піседі. Жидегі жас күйінде және өңдеу үшін де пайдаланады.
Красный Крест. Бұл сорттың ерекшелік қасиеті - жидегі өте сапалы дәмді келеді. Өнімі жақсы болады. Бұтасының көлемі орташа, жан-жаққа жайыла өседі, жидегінің түсі қызыл, сабағына тақалған жердегі жидек ірі болады, ал ұшындағылары ұсақ келеді. Пісу мерзімі орташа, бұл сорт жақсы күтімді және тыңайтуды керек етеді.
Алтайская красная. Алматы облысында кездеседі. Суыққа төзімді және өнімді мол береді. Жидектері маусымның екінші жартысында піседі.
Жемісі ашық қызыл домалақ немесе сәл сопақша. Дәмі қышқылтым-тәтті. Жидектерін жас күйінде жейді және өңдеп те пайдаланады. Бұдан жасалған тосаптың суйкімді қышқылтым дәмі болады.
Алматы облысының тау баурайы, тау етегі аймақтарына ұсынылады.
Узбекистанская крупноплодная. Өнімді мол береді. Жамбыл және Шымкент облыстарында егіледі.
Бұтасы қуатты, жартылай салбыраңқы, жемісті өткен жылы өскен ағашына (бұтасына) салады. Жидектері ірі, 1,5 г, тусі қоңыр көктен қараға дейін барады. Дәмдік сапасы жақсы. Жидектері шольде піседі, бірақ бір мезгілде піспейді. Бұл сорттың бір кемшілігі - жеміс салу мерзімінің екі айға дейін созылатындығы.
Жидектерін жас күйінде жейді және өңдеп те пайдаланады. Жамбыл облысының жазық, тау етегі аймақтарына, Шымкент облысының орталық, тау етегі аймақтарына, Қызылорда облысының орталық және солтүстік-батыс аймақтарына ұсынылады.
Тошаланың Мысовский 37 сорты. Бұл сорттың негізгі қасиеті тошаланың аса қауіпті дерттері - тошала ақ ұнтағына (сферотек) тезімділігі және бұтақшалар арқылы ұласып өсуге қабілеттілігі. Өнімі мол болады. Жидегінің ірілігі орташа, түсі қызыл қошқыл, орташа көлемді кейде кешігіп піседі. Жидегі бұтада берік сақталады. Оның жидегін жас күйінде және өңдеу үшін пайдалануға болады.
Мысовский 17. Сферотекке төзімді сорт. Қүтімді және тыңайтуды көп керек етпейді. Ағаш бұталарына ұластырылып өсіруге де болады. Өнімі көп, жидегінің ірілігі орташа, формасы сопақ келеді, түсі жасыл болады. Қөбінесе жас (жаңа) піскен күйінде пайдаланылады.
Хаутон. Бұл сорттың негізгі қасиеті - сферотекке төзімділігі, мол өнімділігі, ағаш шыбықтарына ұластырылып өсіру мүмкіндігі болып табылады. Жидегі ұсақ келеді, түсі қызыл қошқыл болады, пісу мерзімі орташа - кеш. Өңдеу үшін және жас (жаңа) піскен күйінде пайдаланылады.
Цолинский розовый. Ауруға төзімді сорт. Хаутон сортынан ерекшелігі - жидегі ірі, мол өнімді келеді. Бұл асханаға және техникалық мақсатқа жұмсалады.
Голубка. Сорттың шыққан жері М. А. Лисаивенко атындағы НИИС. Саундерс х Приморский чемпионын будандастыру арқылы алынған сорт. Суыққа өте төзімді. Пісу мерзімі - орташа - ерте, бір жемістің орташа салмағы 0,5-0,6 г. Бір түптен алынатын өнім шамамен 2-2,1 кг. Бүршік кенесімен ауруы орташа. Тозаңдаған кезде 50-60%-ке дейіп жеміс береді.
Жас шыбықтарды отырғызу және оны күту. Жас шыбықтарды ерте көктем шығысымен және ерте күзде отырғызуға болады. Мұндай жағдайда қарақат пен тошаланың бүршігі көктемде өте ерте шығатындығын әрдайым есте сақтау қажет. Шыбықтарды күзде отырғызған кезде олар суық түскенге дейін қалыптасып өнуі керек. Мұнан кеш отырғызуға болмайды, өйткені кеш отырғызылған ағаш күзге дейін өніп үлгере алмайды.
Шыбықтарды отырғызған кезде олардың аралық қашықтығы мынадай болуға тиіс: қарақат үшін қатараралықтары 1,5 метрден, өсімдіктердің бір-бірінен қашықтығы бір метр, әр гектарға 5000 одан да көп өсімдік отырғызылады.
Шыбықтар 30X30 сантиметр шұңқырға отырғызылады. Шыбықтар питомниктегіден 5-6 сантиметр терең отырғызылады (40-45 см). Ағашты терең отырғызғанда оның тамыр жүйелері мейлінше жақсы қалыптасады, мұның өзі тамыр жүйелерінің көптеп салалы болып өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Екпе шыбықтарды отырғызысымен суару керек, мұнан соң әрбір шыбықшада 2-3 бүршік қалатындай етіп, бұтақтары кесіледі. Суарғаннан кейін ағаш төңірегіндегі топыраққа үгінді көң шашу қажет.
Алғашқы 2-3 жылда қатараралықтағы жерді картоп және көкөніс дақылдарын отырғызу үшін пайдаланылады. Қатараралықтарындағы дақылдарға міндетті түрде тыңайтқыш енгізіледі.
Егер қатараралықтары пайдаланылмай бос қалатын болса, қатарға көлденең және ұзынынан жерді қопсытады. Ағаш түбіндегі топыраққа көң үгіндісі енгізілсе, ол жерді қолдан өңдеудің қажеті болмайды.
Жеміс беретін ағашты күту. Қарақат пен тошаланың жемісі учаскесі топырағын күтудің негізіне - суару, топырақты қопсыту, тыңайтқыш енгізу жатады. Қатар- аралыктарының топырағы жаз бойына 2-4 рет өңделінеді. Суару таңқурайды суарған мөлшермен бірдей болады. Қатараралықтарына енін 80-120 см етіп үгінді көң шашады. Шашылған үгінді көңнің қалыңдығы 6-8 см болады. Қарақат пен тошала топырақта қарашіріктің өте көп болуын керек егеді, сондықтан да мол өнім алу үшін учаскеге көң тыңайтқышын жыл сайын немесе жыл өткізіп енгізіп тұру керек.
Қөңді әрбір түпке (8-10 кг) немесе үгінді көң шашқан сияқты бүкіл қатар бойына енгізуге болады. Минерал тыңайтқыштармен бір жылда екі рет үстеп қоректендіріледі. Бірінші рет гүлденгеннен кейін үстеп қоректендіруге болады, бұл жемістің жақсы өсуіне шыбықшалардың жетілуіне әсер етеді. Бұл жолы әрбір гектарға 30-40 кг азот және калий тыңайтқышы енгізіледі. Екінші рет жеміс жинағаннан кейін іле-шала үстеп қоректендіріледі, бұл жеміс бүршіктерінің өсуіне жақсы әсер етеді. Бұл жолы әр гектарға 40-60 килограмм фосфор және 20-30 килограмм азот пен калий тыңайтқышы енгізіледі.
Қарақат пен тошаланы күту жұмысындағы аса маңызды иғарт бұталарды қалыптастыру және кесу болып табылады. Бұталарды қалыптастыру отырғызғаннан кейін екі-үш бұршіктегі барлық бұтақшаларды кесуден басталады. Қалыптастырудың одан арғы міндеті жетілген жағдайда әр түрлі кезеңде өскен 15-20 тамырлы бұтақшалардыц болуын көздейді. Мұнан соң бұтақшалардың саны 15-20-ға жеткізіледі, бұлардың ішінде 4-6 бұтақ бір жылдық және 3-4 бұтақ көп жылдық болып келеді. Қарақаттың бес жылдан асқан бұтақтары кесіліп тұрады. Қызыл қарақат пен тошаланың 6-7 жылдан асқан бұтақтары ғана кесіледі.
Жыл сайын әрбір бұталардың жақсы өсуіне жету керек. Осындай жағдайда ғана қарақат пен тошаладан мол өнім алуды қамтамасыз етуге болады.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде қарақаттың жеміс беретін бүршігі мен шыбықшалары ұшының үсіп кететіндігі байқалады. Үсікке шалдырмаудың ңегізгі шарасы мезгілімен қолданылса, оның мол өнім беруі қамтамасыз етіледі, бұл үшін қыста қарақаттың шыбықтарын иіп жерге көму керек. Бұларды иіп жерге көму тәртібі таңқурайды иіп көму сияқты болады. Мұнымен қоса жеткілікті мөлшерде қар тоқтатылуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл шара Алматы жағдайында өнімді ағашты иіп көмгеннен гөрі 5-8 рет артық алуға мүмкіндік береді. Қызыл қарақат пен тошала мұндай жағдайда қысқа төзімді келеді, тіпті иіп көмгеннің өзінде де үсікке шалдықпайды.
Өнімді жинау. Қарақат пен тошала сорттары көпшілігінің жемісі біркелкі піседі, сондықтан бұлардың жемісі әдетте бір дүркін, ал кейде екі дүркін жиналады. Қызыл қарақат пен ақ қарақатгы сабақтарымен бірге жинауға болады, ал жай қарақаттың жидегі өз алдына жиналады. Қарақатты жинау үшін бүлдіргенді жинайтын ыдыстар қолданылады.
Қарақатты жаңа піскен күйінде пайдаланылатын болса, тошала толық піскен кезде жиналады, ал өңдеу үшін шала піскендері жиналады. Шала піскен тошаланы жинау үшін 6-8 кг ыдыс қолданылады.
Қарақаттың, әсіресе, тошаланың жидегі бүлдірген мен таңқурайдың жидектеріне қарағанда едәуір ұзақ (4-5 күн) сақталады. Жинаған кезде бұл жидектерді де күн көзіне қалдыруға болмайды, жинап алысымен салқын жерге жеткізу керек.
ЖЕР ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ЖҮЗІМ ӨСІРУ
Жүзім ағашы сабағының жаратылысы жылы-суптропиктік аймақтарға өсуге қалыптасқан. Жүзім сабағының лиана тәрізді болып шырмалып өсуі, бұл өсімдікті күту ісін қиындатады, сондықтан жүзім сабағын жерге жантайта өсіруге тура келеді, мұндай жағдайда жүзім күтуге қолайлы болады және сапалы жақсы өнім береді.
Жүзім жылылық пен жарықты сүйетін дақыл. Жылылықпен қатар жүзімнің жарықпен және ылғалмен қамтамасыз болуы, жүзімнің ойдағыдай өсуіне, оның өнімінің саны мен сапасына зор әсер етеді.
Жүзімнің тамыр жүйесінің топыраққа терең бойлап, жердің беткі қабатын ғана емес, сонымен бірге топырақ астында да жақсы пайдалануға қабілеті болғандықтан, жүзім егуге батпақты және сортаңдардан басқа барлық жерлерді пайдалана беруге болады.
Жүзім сабағының өсіп-өну дәуірі алты кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі - сөл жүргізуден немесе көктемгі «жас ағу» деп аталатын кезеңнен бұрын бүршік жаруға дейін басталады.
Жүзімнің өсіп-өну дәуірінің екінші кезеңі бүршік жарғаннан бастап, гүлдей бастағанға дейін созылады. Бұл кезеңде бұтақтар, жапырақтар, гүл шоғырлары, шыйыртпақтар және өгей бұтақтар қаулап өседі. Ауаның температурасы +8° кем болмаған жағдайда, ағаш бүрлеріне су және оттегі жеткілікті дәрежеде келіп тұрған жағдайда, бүршіктер ашыла бастайды. Ауаның температурасы неғұрлым тез көтерілсе, бүршік жару да солғұрлым күшті болады.
Жүзім түбінің барлық көгеретін бөлшектерінің шапшаң қаулап өсуі жүзім сабағының өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Жүзім бұтақтары тәулігіне 6-8 см, ал кейде 10 см астам өсіп отырады.
Өсу дәуірінің екінші кезеңінде жүзім сабағының көпшілігі және бұтақтардың жалпы ұзындығының жартыдан астамы өсетін болғандықтан, жүзім сабағы бұл кезде қоректік заттарды, суды өте көп қажет етеді. Сондықтан өсу дәуірінің екінші кезеңіне қарай жүзім суарылуға және ең алдымен азот тыңайтқыштарымен үстеп қоректендірілуге тиіс.
Осы мақсатпен бұтақтар 5-7 см өскеннен кейін бірінші рет, 15-20 күннен кейін, артық бұтақтарды екінші рет бұталайды. Бұталамай қалдырылған бұтақтар 50-60 см өскеннен кейін қатарлап аспаларға ілінеді.
Үшінші жүзім сабағының гүлдену кезеңі, орта тәуліктік температура +15 градустан кем болмайтын кезде жүзім бітеу гүлдене бастайды. Әсіресе, температура + 20 градус болғанда жүзім жаппай гүлдейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік аудандарында жүзім майдың аяғында, ал Алматы облысында июньнің алғашқы онкүндігінен гүлдей бастайды. Гүлдену 14-15 күнге созылады.
Жүзім сабағы гүлдеген кезде, гүл шонақтарының немесе гүлдердің жаппай түсе бастайтыны (гүл тегілуі) байқалады, мұның себебі гүл шоғырлары мен гүлдерге органикалық қоректік заттардың - қанттың жеткілікті келмеуінен болады.
Жүзім сабағының өсу дәуірінің бұл кезеңіндегі агротехннканың міндеті, гүл шоғырлары мен гүлдердің органикалық қоректенуінің нашарлау себептерін жою болып табылады.
Төртінші кезең гүлдену аяқталғаннан бастап, жеміс пісе бастағанға дейінгі дәуірді қамтиды.
Бұл кезде бұтақтар өсіп болып, жидектері мен ұрықтар өркендейді. Ұрықтанғаннан кейін түйін шапшаң өседі, аналық клетка ұрыққа, дәнек - тұқымға, ал түйін тәтті, балауса етті жидекке айналады.
Сондықтан жүзімнің өсу дәуірінің 4-ші кезеңінде, тік бұтақтарды екінші және үшінші рет аспаға көтеріп байлау, суару, фосфор және калий тыңайтқыштарымен екінші рет үстеп қоректендіру, жерді күту жұмыстарын бір мезгілде жүргізу қажет.
Бесінші кезеңі жеміс пісе бастағаннан бастап оның толық жетілуіне дейін созылады. Бұл кезде жидектерге қант барынша тез жинақталып, органикалық қышқылдардың мөлшері азаяды. Жидектің еті өте нәрлі болып балбырап жұмсарады, ал қабығы тиісті сортына тән түрге ие болады, яғни жүзім ағашының жетілу процесі өтеді.
Алматы жағдайында жүзімнің ерте пісетін сорттары тамыздың басында, орташа пісетін сорттары тамыздың екінші жартысында, кеш пісетін сорттары қыркүйектің орта кезінде піседі. Шымкент облысының жағдайларында 15-20 күн ерте піседі.
Алтыншы кезең жемістердің толық физиологиялық пісуінен жапырақ түскенге дейінгі уақытты қамтиды.
Қазақстан жағдайына бұл кезең Шымкент және Жамбыл облыстарының оңтүстік аудандарында ғана толық өтеді. Басқа аудандарда суық шапшаң түсетін болғандықтан жапырақ түсіп үлгермейді. Осы кезеңде жүзім сабақтары күзгі күзеуден еткізіледі және түптері кеміледі.
Жапырақтары түскеннен кейін, жүзім сабағы тынығу кезеңіне енеді, бірақ ол өзінің өмір әрекетін толық тоқтатпайды. Бұл кезде бұтақ іштеріне пластикалық заттар ауысады және сабақтағы сөл буланады.
УЧАСКЕНІ ТАҢДАП АЛУ ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ЕГІЛЕТІН ЖЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Әдетте жүзім егу үшін жылы, күн сәулесі жақсы түсетін және жақсы суарылатын беткейлер ең жақсы учаске болып табылады.
Қазақстанның оңтүстігінде жүзімдік егуге суармалы жердің барлық учаскелерін, сондай-ақ Талас және Іле Алатауының тәлімі жоталарында пайдалануға болады. Қазақстанның оңтүстігі жағдайында жүзімді көктемде де, күзде де отырғызуға болады. Бірақ жүзімді көктемде отырғызу, әсіресе, қарсыз қысы қатты болған жылдары жақсы нәтиже береді. Жүзімді күзде отырғызу үшін ең жақсы мерзім қазанның аяқ шені болады, ал көктемде отырғызу үшін наурыздың аяғы (Алматы облысы үшін - сәуірдің бірінші жартысы) болып табылады.
Жүзім отырғызудың тереңдігі 60-80 см, диаметрі 1 м етіліп, шыбық отырғызылатын шұңқырлар қазылады. Ауыр және жеткілікті ылғалы бар топыраққа жүзім тайыздау, құрғақ және жеңілдеу топыраққа тереңірек отырғызылуға тиіс.
Суарылатын аудандарда жүзім 40 см тереңдікке отырғызылады. Жүзім дақылы тәлімі жерге егілгенде оны 60 см-ден тайыз отырғызбау керек. Жүзімдік отырғызылатын шұңқырдың диаметрі, егілетін тікпе шыбықтың тамыр жүйесінің қуаттылығына қарай 40 см-ден 60 см дейін болуға тиіс.
Жүзімдікті өскеніне бір жыл немесе екі жыл болған өркендеген тікпе шыбықтардан егу қажет. Отырғызылар алдында тікпе шыбықтар тексеріледі, тамырлардың кесілген жерлері жаңартылады, сонымен бірге зияндалған тамырлар алынып тасталады. Тікпе шыбықтардың жер бетіне көрініп тұратын бөлігі 2-3 бүрден кесілген, бір немесе екі бұтақтан құралуға тиіс.
Тікпе ағаштардың тамырларын дұрыс бағыттау және орналастыру үшін шұңқырдың түбіне 12-15 сантиметрлік бос ылғал топырақтан кішкене төмпешік үйіледі. Бұл төмпешікке тікпе шыбық жер бетіне қалатын көзінің бірі жердің беткі деңгейінде қаларлықтай, ал екіншісі - одан гөрі сәл жоғарырақ тұратындай есеппен отырғызылады. Төмпешік үстіндегі тікпе шыбық тамырлары түзеліп, жан-жағына таратылып қойылады, сонан соң шұңқырдың жартысына дейін топырақ салынып, тығыз тапталады, сонан кейін шұңқыр біржолата көміліп тасталады (14-сурет). Жүзімдік отырғызылып болған бойына дереу суарылады.
14-сурет.
Екпе шыбықты тұрақты орнына отырғызу:
а-топырақ салынбаған шуңқыр, б-топырақ салынған шұңқыр.
Жас жүзімдікті күту. Жүзімдікгің өсу қуаты және жеміс беру кезеңіне енуі, жас жүзімдікті күтуге байланысты. Жүзім түбі жақсы өсуі үшін ең алдымен топырақта үнемі ылғал және қоректік заттардың болуын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан жүзімдікті отырғызғаннан кейінгі бірінші жылда жүзімдікті күту үшін ең алдымен топырақты қопсытып және арамшөптерден таза сақтау керек. Бұл үшін көктемде жүзімдік отырғызылғаннан кейін қатараралықтарының топырағы 10-15 см тереңдікте қопсытылады, өйткені жүзімдікті отырғызу кезінде топырақ қатты тапталып қалады. Жаз бойына 4-7 рет қопсытылады.
Жүзімдіктің өсу кезеңінде мынадай тәртіппен суару қажет: оңтүстікте 5-7 рет (мамырда - 2, маусымда - 1, шілдеде - 2, тамызда - 2). Алматы облысында 3-5 рет (жауын-шашынсыз көктемде, мамыр айында - 1 рет, шілдеде және тамыздың бірінші жартысында 3 рет су беру қажет), әр суарудан кейін топырақ міндетті түрде қопсытылуға тиіс.
Жаздың екінші жартысында бұтақтар жетіле бастайды. Бұтақтардың жақсы жетілуін қамтамасыз ету үшін, олардың өсуін тоқтату қажет, ол үшін тамыз айында бұтақтар шырпылады. Шырпу кезінде негізгі бұтақтар мен өгей бұтақтардағы өсіп жетілмеген жапырақтар мен бұтақтардың ұштары қырқылып тасталады. Осы мақсатпен тамыздан бастап жүзімді суару да тоқтатылады.
Күзде, қыркүйектің аяғында жүзім түптері қалыңдығы 20-30 см топырақпен көміледі.
Соңғы уақытта бұтақтарды әр түрлі материалдармен жауып үстіне 5-10 см жапырақ тастайды.
Екінші жылғы және бұдан соңғы жылдарда жүзімдіктің топырағын күту және жеміс бере бастағанға дейінгі топырақты күту, жүзімді отырғызғаннан кейінгі бірінші жылғыдай болады.
Ерте көктемде жүзімдіктер ашылғанша қатараралықтар күрек бойындай тереңдікте қопсытылады (жыртылады), онан кейін тырмаланады. Сөл жүгіру басталғаннан кейін, бүршік жарғанша жүзім түптері ашылып мына төмендегі тәртіппен кесіледі. Егер кейбір жүзім түптері көгермей қалған болса, келесі жылы көктемде жүзімдіктердің барлығы біркелкі болуы көзделіп, өскеніне 2-3 жыл болған тікпе шыбық отырғызылады.
Жүзім тігілгеннен кейін екінші жылы және одан соңғы жылдарда суару саны қысқартылады.
Жүзімдік егілгеннен кейін екінші-үшінші жылдан бастап жүзім түптеріне тіреуішгер қойылады. Мейлінше көп тараған тіреуіштердің негізгі түрлері қазықтар мен аспалар болып табылады. Егер жүзім сабақтары тақия тәрізді дөңгелене өссе немесе құсқұйрықтанып өссе қазық тіреуіштер қолданылады.
Қазықтың ұзындығы 2-2,5 метр, жоғарғы диаметрі 4-6 см болуға тиіс. Қазықтар жүзім түбінің екі жағына қатар бағытына және жүзім түбінің үлкен-кішілігіне қарай бір-бірінен 40-70 см қашықтықта қағылады, олардың жоғарғы ұштарына көлденең 4-5 см жерден ағаш немесе сым бекітіледі.
Аспаның үш түрі бар: тік аспа, көлбеу және қалқанды аспа. Ең көп тараған түрі тік аспа болып табылады, бірақ Қазақстанның оңтүстігінде көлбеу аспалы, ал жер үй іргесіндегі жүзімдікте қалқанды аспаны қолданудың келешегі зор, қалқанды аспа суармалы жерлердің құнарлы топырақтарын мейлінше толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Көлбеу аспаны, сондай-ақ қалқанды аспаны қолданғанда да жүзім түбі едәуір жерді алып жайылып жатады, оған жарық мол түседі, мұның езі жүзім түбі жақсы өскенде, оның жемісті мол беруін қамтамасыз етеді. Аспа орнату үшін диаметрі 1,5 миллиметрден 3 миллиметрге дейін келетін мырышталған сым темір және ағаш немесе темір бағаналар қолданылады.
Бағаналардың барынша берік болуы және шірімеуі үшін көк дәрі жағылады. Бұл үшін бағаналардың қабығы тазартылып, 5-6 күн бойына ұзындығының 1/3 бөлігі, 5% көк дәріге малынады. Сонан соң бағаналар кептіріледі. Немесе бағаналар шірімеу үшін олардың төменгі жағы айнала шамалы күйдіріледі. Бұл екі әдістің екеуінде де бағаналар шірімей көпке шыдайды.
Жүзім түптері толық қалыптасып болған кезде көп жылдық жуан бұтақтар мен екі жылдық жеміс бұтақтары төменгі екі сым темірге, ал жаңа өсіп келе жатқан көк бұтақтар сым темірдің 3 және 4 сатыларына байланады.
Жүзім түптерін кесу жэне қалыптастыру. Жүзім түптерін кесу және қалыптастыру - жүзім агротехникасындағы өте маңызды әдіс. Жүзім түптерін кесу арқылы оның белгілі бір формасы сақталады, жүзім сабағы жеміс беру кезінде барынша ерте өнеді, сондай-ақ жүзімнен жыл сайын мол өнім алуын қамтамасыз етеді.
Өнім мөлшері жүзім түбін күзеген кезде онда қалдырылған бүрлердің санына байланысты болады. Жүзім түптерінде бүрлер неғұрлым көп қалдырылса, өнім де солғұрлым мол болады.
Ауа райының және топырақтың жағдайларына қарай жүзім түбінің әр түрлі формалары қолданылады. Қалыптастырылған жүзім түбінде мынадай бөлімдер болады:
1) сидам сүрегі (штамб) - жүзім түбінің жер бетінен бастап алғашқы бұтақтарға дейінгі теменгі бөлігі;
2) аша (рукавка) - сидам сүректен жоғары кететін негізгі бұта немесе жер астындағы дәннен шығатын негізгі сүрек жалғасы;
3) мүйізше - ашалардан шығатын қысқартылған көп жылдық бұта және екі жылдық бұта. Бұлардан жеміс буындары шығады;
4) жеміс буыны, бір жылдық екі шыбықтан тұрады, жеміс бұтақшасымен ауысу бұтақшасынан құралады. Жеміс бұтақшалары - екі жылдық бұтаққа өсетін және бүрлері бар ұзын қырқылған сабақ, бұл бүрлерден өнім беретін көк бұтақтар өсіп шығады. Ауысу бұтақшалары - екі жылдық немесе көп жылдық бұтақтарға өсетін қысқа қырқылған сабақ, бұларға жаңа жеміс буыны қалыптасуға және келесі жылы өнім беруге арналған бұтақтар өседі.
Ашалардың, мүйізшелердің және жеміс сабақтарының саны мен олардың орналасу тәртібі жүзім түбінің формасын белгілейді.
Жүзімді кескен кезде мынадай ережелер сақталады:
1. Қесілген жердің барлығы біркелкі, тегіс болуға тиіс.
2. Жеке бұтақтарды Қырыққанда, олар түбінен қырқылады. Жүзім түбінің көп жылдық бөліктері айырларынан немесе өзінен бұрын шыққан кәрі бұтақтарға қабысқан жерінен қырқылады.
3. Әрбір көп жылдық бұтақта немесе ашаның ұшында мүйізшелер болуға гиіс. Өйткені бұл мүйізшелерге жеміс буыны қалыптасады.
4. Жеміс буынында ауысу бұтағы әр уақытта жүзім түбінің орталығының сырт жағында және жеміс бұтақшасының төменгі бөлігінде болуға тиіс.
5. Жеміс бұтақшасы мүйізше үстінде ауысу бұтақшасына қарсы жақта орналасуға тиіс.
Аша мен мүйізшенің екінші жағын жарақаттап алмау үшін олар үнемі бір жағынан кесіледі. Бұл сонымен бірге қоректік заттардың жүзім түбін бойлай кедергісіз қозғалуы үшін маңызды шара болып табылады.
Қазақстан жағдайында, жүзім қыста көмілетін болғандықтан жергілікті жаратылыс жағдайларына барынша сай келетін жүзім түбінің сидам сүрексіз, көп ашалы құсқауырсынды формалы бұталар егіледі.
Бұл форма жүзім түбінің қуатты болуына және оңтүстіктің құнарлы, суармалы жерлерін барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл форманы қолданғанда жүзім түбі икемді, ашалары жерге еркін сиятын болады, мұның өзі жүзімді жақсылап көму үшін қажетті шарт болып табылады. Бұл форма бойынша қалыптастырылған жүзім түбінде өзінің өсу қуатына қарай 4-тен 8-ге дейін аша болады. Егер жүзімдік жақсы күтілсе, алғашқы 2-3 жыл ішінде жүзім түлтерін қалыптастыру аяқталуы мүмкін.
Төрт ашалы құс қауырсынды формалы жүзім бұтасын өсіру төмендегідей жолмен жүргізіледі. Егер жүзім жақсы өркендеген тікпе шыбықтырдан егілген болса, олардың жер бетіндегі бөлігі 2 бұтақтан құралған және бұл бұтактардың арқайсысында 2 бүрден қалдырылғаи болса, онда бірінші жылы 4 бұтақ өсіп шығады. Келесі жылы көктемде кескен кезде жүзім түбінің ортасынан шыққан екі бұтақ 50 см, ал ішкі екі бұтақ - 40 см қысқартылады, бұлар ашаларды қалыптастыруға арналған (сыртқы және ішкі) ашалардың ұзындығындағы кейбір айырмашылықтарды, оларды аспа жіпке (сымға) асқан кезде икемді болу мақсатын көздеп пайдалы деп есептеуге болады. Бұл ашаларда ең жоғарғы 2-3 бүр қалдырылады да, ал бірақ теменгі бүрлер қырқылып тастадады.
Жүзімнің өсу дәуірі ішінде әр ашадан қалдырылған 2-3 бүрден бұтақтар өсіп шығады. Жүзімді отырғызылғаннан кейінгі үшінші жылы көктемгі кесу кезінде әрбір ашадан екі-екіден бұтақ қалдырылады, сонымен бірге сыртқы бұтақ болып шығуға тиісті төменгі бұтақ, ауысу бұтақшалары болу үшін қысқа қырқылады, ал жоғарғы ішкі бұтақ, жеміс буыны болу үшін ұзын қырқылады. Әрбір ашадан жеміс буыны қалыптастырылады, сөйтіп үшінші жылы жүзім беру кезеңіне толық енеді.
Кейінгі жылдары әбден қалыптасқан жүзім түбін кескенде жеміс беріп біткен жеміс бұтақшалары қырқылып тасталады және ауысу бұтақшаларына өскен бұтақтардан жеміс буыны қалыптастырылады. Сөйтіп, ауысу бұтақшаларын қалдыру жүзім түбіне жақын өскен жеміс буынын қалыптастыруға, келесі жылы өнім алуға арналған мақсатты көздейді.
Алты ашалық құсқауырсынды формалы жүзім түбін бірінші жылдан бастап кесу төмендегідей жолмен жүрғізіледі: әрқайсысының 2-3 бүрі бар, тұрақты жерге отырғызылған екі бұтақты, тікпе шыбықтан алғашқы жылы төрт бұтақ өсіп шығады. Бұл бұтақтарда келесі жылы көктемде кескенде 20-25 см екі сыртқы бұтақ, ягни 2-3 бүр қалдырылады, ал екі ішкі бұтақ 40 см етіліп, ашаға арналып қалдырылады, бұл бұтақта өсіп келе жатқан жоғарғы 2-3 бүр қалдырылып, басқалары қырқылып тасталады.
Бір жаз ішінде ашалардың және сыртқы мүйізшелердің әрқайсысында 2-3 бұтақтан өсіп шығады. Келесі жылы көктемде кескен кезде 2 ашаға өскен бұтақтарда бір-бірден жеміс буыны қалыптасады. Төменгі сыртқы бұтақ ауысу бұтақшасына арналып қысқа қырқылады, ал жоғарғы ішкі бұтақ жеміс бұтақшасына арналып ұзын қырқылады. Мүйізшелерге өсіп шыққан төрт бұтақтан аша қалыптасады. Сонымен бірге 2 ішкі бұгақ 50 см, ал 2 сыртқы бұтақ 60 см кесіледі, өсіп келе жатқан 2-3 бүр қалдырылады да төменгі бүрлер қырқылып тасталады. Бұларды бұдан былай қалыптастыру алғашқы екі аша тәрізді етіліп жүргізіледі, ал әрбір келесі жылы жүзім беріп болған бұтақшалары кесіледі және ауысу бұтақтарында жеміс буындары қалыптастырылады.
Сегіз ашалы құсқауырсынды формалы жүзім түбін кесу осы принциппен жүргізіледі.
Қазақстанда жүзім кесу 2 мерзімде өткізілуге тиіс:
1. күзде - алдын ала бұталайды және көктемде - ақырғы рет бұталайды. Жүзімді күзде кескенде бұтақтардың жетікпеген бөліктері қырқылады, ал қалған бөлшектері есу қуатына қарай 1,5-5 метрге дейін қысқартылады;
2. жүзімді ақырғы бұтап кесу көктемде бүршік бөріткеннен кейін немесе бүршік жарылғаннан кейін жүргізіледі, бұл кезде гүл шоғырлары анық көрінеді, бүрлердің пайдаға аспай қалатындарын есепке ала отырып, жүзім түбіне түсетін салмақты қатесіз айқындауға мүмкін болады. Жас жүзімдік тек көктемде ғана кесіледі, ал қысқа қарай кесілмейді.
Қазақстанда жүзім бүрлері мен жүзім ағаштарының суықтан зияндалуы жиі кездеседі. Сондықтан жүзім түптерін сауықтыру мақсатын көздеп, әрбір 3-4 жыл сайын кәрі бұтақтарды тамыр бұтақтарының есесінен қалыптастырып, жас ағаштармен (бұтақтармен) жиі-жиі ауыстырып отыру қажет. Тамыр бұтақтардан ашалар өсіріп шығарып, өгей бұтақтарды пайдалану есесінен неғұрлым шапшаң қалыптастыру әдісін қолдану керек. Мұндай жағдайда тамыр бұтақтардың ұзындығы 60-70 см жетісімен (майдың бірінші жартысында) өгей бұтақтар шығару үшін олардың ұштары шырпылады. Өгей бұтақтардың ұзындығы 15-20 см жетісімен тағы да өгей бұтақтар өсіру үшін алғашқылардың ұштары шырпылады. Соңғы шыққан өгей бұтақтар шырпу кезінде жеміс буындарын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Сөйтіп екінші жылы аша толық қалыптасып, жеміс бере алады. Ашаларды шапшаң қалыптастыру жоғары агротехникамен ұштаса жүргізілуге тиіс.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҮЗІМ СОРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Жүзімнің қазіргі қолданылып жүрген, аудандастырылған сорттары ұсынылады.
Алматы облысы үшін. Тағамдық сорттары: Мускат Венгерский, Кульджинский, Шасла белая, Шасла розовая, Кишмиш черный, Чарас, Хусайне, Нимранг, Мадлен Анжевин, Чуаш, тағы басқа сорттардың шамалы проценті. Шараптық сорттар: Пино (фран, гри), Рислинг, Кульджинский, Серексия, Алиготе, Каберне, Саперави, Ркацители, Сильванер.
Талдықорған облысы үшін. Тағамдық сорттар: Мускат Венгерский, Кульджинский, Шасла белая, Шасла розовая, Мадлен Анжевин, Чиляки және басқа сорттардың шамалы проценті. Шараптық сорттар: Пино (фран, гри), Рислинг, Кульджинский, Алиготе, Каберне, Саперави, Ркацители, Мускат розовый, Рундвейс, Мускат венгерский.
Жамбыл облысы үшін. Тағамдық сорттар: Мускат венгерский, Шасла белая, Шасла розовая, Нимранг, Мадлен Анжевин, Мускат Александрийский, Катта-Курган, Хусайне; шараптық сорттар; Рислинг, Алиготе, Каберне, Саперави, Ркацители, Марастель, Алеатико, Матраса.
Шымкент облысы үшін. Тағамдық сорттар: Мускат Венгерский, Шасла белая, Шасла розовая, Кишмиш черный, Нимранг, Мадлен Анжевии, Мускат александрийский, Катта-Курган, Хусайне, Паркентский, Султани; шараптық сорттар: Пино (фран, гри), Рислинг, Серексия, Алиготе, Каберне, Саперави, Рундвейс, Мускат венгерский, Морастель, Алеатико.
Қызылорда және Гурьев облыстары үшін. Тағамдық сорттар: Шасла белая, Шасла розовая, Мускат венгерский, Мадлен Анжевин, Чиляки, Жемчуг Саба, Астраханский скороспелый және Астраханьский толостокорый.
Алма-Атинский ранний жүзімі. Өте ерте пісетін асханалық сорт. Бұтасының өсуі оргаша, сондықтан оны қатарга бір-бірінен 1,5-1,6 м етіп отырғызуға болады. Жүзімдері орташа, домалақ; ақшыл-көк, күн жақ беті алтын сары. Дәмі өте жақсы, мускат жұпары аңқып тұрады. Қант көп жиналады, жүзімі тәтті болады.
Түсімі жақсы. Суарғанды жақсы көреді, ылғал жетіспесе өнімі кемиді. Алматы облысының тау етегіндегі аймағында, өсу дәуірінде екі-үш рет суаруды керек етеді.
Алматы, Шымкент, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Орал облысында, Семей облысының Ұржар ауданнында, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан төңірегінде сынап көру үшін ұсынылады.
Жемчуг Саба. Өте ерте пісегің асханалық сорт. Бұтасы оргаша өседі, сондықтан оның қатардағы арасын 1,5-1,6 м етіп отырғызуға болады. Өнімі жақсы. Сорттың суыққа төзімділігі орташа.
Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент облысының тау етегіндегі аймағында аудандастырылған. Солтустіктегі жузім өсіретін аудандарда кеңінен таратуға лайық.
Кишмиш черный. Пісу мерзімі ерте - орташа, асханалық, ұрықсыз сорт. Жылыны жақсы көреді.
Бұтасы күшті өседі. Жүзімі орташа, сопақ, түсі қара-көк, дәні жақсы. Кегітіру үшін де пайдаланылады. Шымкент облысының оңтүстік аймағында, Алматы облысының шаруашылықтарының Шелек ауданында жақсы өнім береді. Суыққа төзімділігі онша емес, сондықтан қысқа қарай қар қалың түсетін жерлерде ғана өсімдік материалымен жабуға болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының негізгі аймақтарында аудандастырылған.
Кульджинский. Пісу мерзімі орташа - кештеу, универсалды шараптық және асханалық жүзім. Бұталары күшті өседі. Жүзімі орташа, түсі қызғылт. Дәмі жақсы. Сорттың шығымдылығы жоғары, бұтасының көлемін ұлғайтса өнімділігі арта түседі. Қуаңшылыққа біршама төзімді, басқа сорттардан гөрі аз суарғанның өзінде жақсы өсіп, мол жеміс бере алады.
Алматы облысының оңтүстік-шығыс аймағы мен Шымкент облысының орталық аймағында аудандастырылған.
Мадлен Анжевин. Өте ерте пісетін асханалық сорт. Тек жергілікті жерде тұтыну үшін ғана пайдаланылады, жүзімі тасуға жарамайды. Қала іргесіндегі шаруашылықтардың қала халқын жас жүзіммен жабдықтау үшін, сондай-ақ жер үй іргесіндегі учаскелерде өсіруге болады.
Бұтасы күшті өседі. Жүзімнің ірілі орташа, көкшілдеу-ақ, қабығы жұқа, оңай жарылады. Еті сулы.
Ерекшелігі жас бұтақтары тез жетіледі, суыққа төзімді. Жақсы жауып отырса оны Қазақстанның жүзім өсіретін солтүстік аудандарында және Бақанаста, Зайсанда, Үржарда өсіруге болады. Республиканың тау етегіндегі аудандары мен солтүстігінде аудандастырылған.
Черный сладкий. Орташа, кеш пісетін шараптық сорт. Бұталары орташа және күшті өседі. Жүзімнің ірілігі орташа, домалақ, қара-көк (қара десе де болады).
Ерекшелігі: жемісті тым ерте, отырғызылғаннан соң екінші жылы салады, үнемі мол өнім береді. Суыққа аса төзімді. Қар үнемі қалың түсетін аудандарда жерге жабыстыра жатқызып, жаппай-ақ қыстатуға болады.
Қызылорда, Шымкент облыстарының оңтүстік аймақтарында, Алматы облысының оңтүстік-шығыс аймағында аудандастырылған.
Мускат александрийский. Кеш пісетін асханалық сорт. Ең көп өнім Мырзашөлде алынды. Демек, бұл сорт ыстықты жақсы көреді, ыстық жерде жақсы өнім береді.
Бұталары күшті өседі. Дәмінде аса күшті мускат жұпары бар. Пісетін кезде ауа райы құрғақ болса бұтағында ұзақ сақталады, ал жауын-шашын болса, жүзімдері жарылып, шіри бастайды. Жүзімдері ұзақ сақтауға жарамды.
Шымкент облысының оңтүстік және Қаратау іргесіндегі аймақтарында, Қызылорда облысының оңтүстік аймағында аудандастырылған. Қызылорда облысының оңтустігінде кеңінен таратуға болады, ол жерде өнімді мол береді.
Мускат венгерский. Пісу мерзімі ертелеу-ортаға жататын асханалық және шараптық универсалды сорт. Барлық жерде жақсы, тұрақты өнім береді.
Жүзім бұтағы мейлінше күшті өседі. Жүзімдері орташа және әжептәуір ірі, қою-қошқыл, сәл бозғылт табы, балауыз бозамығы бар. Дәмі өте сүйкімді, мускат жұпары аңқып тұрады. Жүзімдері етті келеді.
Көлеңкені жаратпайды, майда жүзімдері көбейіп кетеді. Суыққа төзімділігі онша емес.
Жүзім пісер кезінде суармаған дұрыс, себебі жүзімдері шытынап жарылып, шіріп кетеді. Бұл сортты тасуға, сақтауға жарамдылығы төмен. Негізінен жергілікті жердің өзінде пайдаланылады.
Республиканың жұзім шаруашылығы бар барлық аймақтарында аудандастырылған.
Ранний Қибрайский. Ерте пісетін жаңа сорт. Өскен жерінде және басқа жаққа апарып жас күйінде тұтыну үшін пайдаланады.
Бұтасының есуі орташа. Жүзімдерінің ірілігі орташа, сопақтау түсі қара-көк. Қабығы мықты, бірақ жегенде білінбейді. Дәмі сүйкімді, жағымды. Өнімі жақсы.
Бұл сорттың ерекшелігі: жүзімнің дәмдік сапасын жоғалтпастан сабағында ұзақ тұра береді, жүзімдері транспортпен тасуға жарамды. Бұтаны тығыздап жіберетін жас сабақтар көп шығады, сондықтан уақтылы шырпып, өгей сабақтарын қырқып отыру керек.
Республиканың жүзіммен айналысатын барлық аудандарында өсіруге болады.
Рислинг. Орташа-кештеу пісетін, сапасы жоғары шараптық сорт, Қазақстанда көп таралған.
Бұтасының өсуі орташа. Жүзімдері майда, ақшыл-жасыл, қара нүктелері бар. Шығымдылығы жақсы. Пісер кезде ылғал жетіспесе жүзімнің сапасы күрт нашарлап, қант жиналуы кемиді.
Суыққа өте төзімді. Қар қалың түсетін аудандарда жерге жақсылап жатқызса, жаппай-ақ қардың астында қыстап шығады. Жартымды қар түспейтін, жерге тоң қалың қататын аудандарда қысқа қарай бұталарын жабу керек, қысқа қарай қамыс бойрамен жапса жақсы қыстайды.
Шампан және асхана шарабы жасалатын барлық аймақтарда аудандастырылған.
Ркацители. Қеш пісетін, сапасы жоғары универсалды шараптық сорт. Бұталарының өсуі орташа. Сорттың ерекшелігі: түп-түзу тұратын бір жылдық сабақтарының түсі қошқыл қызыл болады. Жүзімдерінің ірілігі орташа, көкшілдеу-ақ, күн жағы сарғыш, қоңырқай тартқан. Суыққа мейлінше төзімді. Қар тұрақты түсетін аудандарда жерге жабыстырып, қардың астында жаппай-ақ қыстатуға болады. Ылғалды жақсы көреді, жүзімдері мол ылғалды жақсы көтереді, тіпті пісер кезінде суарғанның өзінде шытынап жарылмайды.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының барлық аймақтарында аудандастырылған. Онан әрі кең тарата беруге әбден лайық.
Тайфи розовый. Қеш пісетін жоғарғы сапалы асханалық сорт. Бұталарының өсуі күшті. Жүзімдері ірі, ұш жағы жұмыр, келтелеу болып келеді, түсі қызғылт және қошқыл қызғылт. Дәмі өте сүйкімді. Қанттылығы онша жоғары емес, 17-20% аспайды.
Сорттың суыққа төзімділігі нашар, сондықтан бұталарды қысқа карай міндетті түрде жабу керек. Жүзімдері тасуға да, сақтауға да өте жарамды.
Шымкент, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының жазық аймағы мен Алматы, Талдықорған облыстарының оңтүстік-шығыс аймағында аудандастырылған.
Тербаш. Пісу мерзімі орташа, шараптық және асханалық универсалды сорт. Соңғы жылдары Қазақстанңың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көп таралған.
Бұталарының өсуі орташа және күшті. Жүзімдері ақшыл көк, әбден піскенде сұрғылт сары. Дәмі кәдімгідей, сәл тіс қармайды. Шығымдылығы жақсы.
Шымкент, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының онтүстік-шығыс және жазық далалы аймақтарында аудандастырылған.
Ранний темносинний. Ерте пісетін асханалық-шараптық жаңа сорт. Бұталарының өсуі орташа. Жүзімдерінің ірілігі орташа, домалақ, түсі қаракүлгін. Қабығы айтарлықтай қалың, жеген кезде білініп тұрады. Дәмі сүйкімді, әдемі мускат жұпары бар.
Шығымдылығы жоғары. Суыққа да жақсы төзімді. Қар қалың түсетін аудандарда жерге жабыстыра жатқызса, жабусыз-ақ қардың астында қыстап шығады.
Қазақстанның жүзім өсіретін барлық аудандарында өсіруге болады.
Халили белый. Ерте пісетін асханалық сорт. Бұталарының өсуі күшті. Жүзімдерінің ірілігі орташа, сопақша, көкшіл-ақ. Бір ерекшелігі - қантты жақсы жинайды. Тасымалға онша емес, жақын жерлерге ғана тасуға болады. Сорт негізінен жылы аудандарда өсіруге жарамды. Алматы облысының оңтүстік-шығыс аймағында аудандастырылған.
Королева виноградников. Ерте пісетін асханалық сорт. Бұталарымың өсуі орташа, жүзімдері өте ірі, аздап сопақтау, түсі алтын-сары, дәмінде нәзік мускат жұпары бар.
Шығымдылығы орташа және жоғары. Қысқа төзімділігі күшті емес. Өнімін өскен жерінде жас күйі тұтыну үшін де, басқа жаққа әкету ушін де пайдалануға болады.
Сортты Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында өсіруге болады, келешегі зор.
Катта-Курган. Қеш пісетін асханалық сорт. Өнімді жылы аймақты аудандарда мол береді. Суыққа шыдамдылығы орташа. Өнімді еккеннен кейін 3-4 жылда береді. Жемісі ірі, түрі ашық-күңгірт, жүзім жасауға тиімді. Шымкент, Қызылорда облыстарында аудандастырылған, мол өнім береді.
Мускат узбекстанский. Өте бағалы шарап жасайтын, кеш пісетін сорт. Еккеннен кейін 2-3 жылда жеміс береді, жыл сайын өнім береді, бұтасының өсуі күшгі, жемісі ірі, көп піскен кезде сарыға айналады. Алматы, Талдықорған, Панфилов аймақтарында өсіріледі.
ЖҮЗІМ АҒАШТАРЫН ӨСІРУ ЖӨНЕ КҮТУ
Жүзім түптерін көктемде ашу және аспаларды жөндеу. Жүзімнен мол өнім алу үшін жузім түптерін ашудың мерзімін дұрыс белгілеудің зор маңызы бар. Егер жүзім түптері белгіленгегі мерзімнен ерте ашылса бөрітіп қалған бүршіктер, сондай-ак жаңа өсіп келе жатқан жас шыбықтар аязға үсіп кетуі, ал жүзім түптері белгіленген мерзімнен кеш ашылса, жер астында жатып бүршіктері мен жас бұтақшалары шіріп кетуі мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында тоң әдетте онша терең қатпайды, көктемде тоң шапшаң ойылып топырақ қыза бастайды, сондықтан бүрлер көбінесе үсуден гері езіліп шіруден көп ысырап болады. Жүзім түптерін ашуды кешеуілдетуге де, бүрлердің топырақ астында жатып өсуіне жол беруге де мүлде болмайды, өйткені мұндай жағдайда бұрынғыша үстіне жаңа өскен бұтақтар сынып, күн күйдіріп ысырапқа ұшырайды.
Жүзім түптерін ашудың ең жақсы мерзімі сол жүгіру кезеңі болып табылады. Жүзім түптерін сөл жүгіру басталған кезде ашуға кірісіп, бүршік бөрту бастағанға дейін аяқтау қажет. Алматы облысында бұл сәуірдің бірінші онкүндігінде тұспа-тұс келеді. Жүзім тұптерін ашқанда сабақтарының сынуына, жаралануына жол бермеу керек.
Жүзім түптерінің үстіндегі топырақ алдымен үстінен ашылады, маусымнан кейін жандарынан аршылады, одан әрі жүзім түбін ағаш немесе темір айырмен көтеріп үстіңгі топырақтан біржолата тазарту ушін ептеп сілку қажет. Жүзім түптері ашылып, күзеліп болғаннан кейін оларды дереу көтеріп аспаларға асып байлау қажет, жүзім туптерінің маңындағы топырақ төмпешіктерді тегістеп, жүзімнің түбін топырақтан тазарту қажет.
Көктемде жүзім түптері ашылғанға дейін аспалар жөнделеді немесе қазықтар (тіреуіштер) қағылады. Аспаларды жөндегенде қисайған бағаналар түзетіледі, түптері босаған бағаналардың түптері нығайтылады, жазда және күзде босап қалған сым темірлер қайта керіледі.
Жүзім сабағын аспаларға асып байлау. Жүзім түптері ашылғаннан кейін және кесілгеннен кейін, аспалары жөнделіп немесе қазықтары қағылып болғаннан кейін жүзім түбінің көп жылдық бөлімдері - ашалары мен жеміс буындары тіреуіштерге асылып байланады, мұны «құрғақ» асып байлау деп атайды.
Жүзім сабағын аспаға асып байлауда ашалар мен жеміс буындарын дұрыстап орналастыру ең жауапты кезең болып табылады. Жеміс беретін сабақтың аспада дұрыс орналасуының зор маңызы бар. Бүршіктердің өсу кезеңі, бұтақтардың бірқалыпты өсуі, жеміс ішінде қант пен қышқылдың тиісті мөлшерде болуы жүзім сабақтарының дұрыс орналасуына байланысты.
Егер бұтақтар тік есетін болса қуатты бұтақтар жоғары қарай өседі де, ал төменгі бүрлер нашар өседі немесе тіпті өспей қалады. Егер жүзім сабағы көлбетіле 45 градустық бұрыш жасап орнатылса, онда бұтақтар кәдімгідей бірқалыпты өседі, дегенмен олардың ең шеткілері күшті болады. Жүзім сабағының көлбей өсуі бұтақтардың бірқалыпты жақсы өсуін қамтамасыз етеді.
Егер жеміс бұтақтары көлбей өссе, бүрлер барынша бірқалыпты қоректенеді және бұтақтар да бірқалыпты болып өседі, сондай-ақ жапырақтар жарықпен жақсы қамтамасыз етіледі, жүзім барынша біркелкі піседі, жеміс салқымдары да ауыр болады.
Жүзім сабақтарының жоғары қарап тік өсуіне, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде жол беруге болмайды, өйткені қысқы қолайсыз жағдайларға байланысты көптеген бүрлер солып қалады, осының салдарынан ашалар бірыңгай ұзарып өсе береді.
Жүзім сабағын орналастыру және аспаларға асып байлау, жүзім түбін қалыптастыруға сәйкес жүргізілуге тиіс. Егер жүзім түбі сидам сүрексіз көп ашалы құс-қауырсынды болып келсе, көп жылдық бұтақ пен жеміс бұтақтары аспаның төменгі екі қатар сымына асылып байланады, аша мен ауысу бұтақшасы төменгі сымға, ал жеміс бұтақшалары жоғарғы сымға асылады.
Жүзім сабағын желісінің, шыққан өнімнің салмағын көтере алатындай берік материалмен байлау қажет. Мұндай материал ретінде жөке, кендір жіп пайдаланылады. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан сабақты аспаға байлаған жіптер қиып кетпеуі үшін, босаңдау етіп байлау керек.
Жерді өңдеу және суару. Жүзімнен жыл сайын мол өнім алу үшін жерді дұрыс өңдеу маңызды жұмыс. Жерді дұрыс өңдеуге мыналар кіреді:
1) жердің қыртысын күрекпен қопара, қатараралықтарды күзде жырту;
2) қатараралықтарды көктемде терен қопсыту және қатардағы топырақтарды қопсыту;
3) қатараралықтарды - жазда қопсыту.
Қазақстанның оңтүстігінде күзде жүзім кесіліп болғаннан кейін қатараралықтар тереңдігі күрек бойы қыртысы қопарылады және жүзім түптері көміледі. Сонымен бірге жер аудара жыртылады, аударылған топырақ жүзім сабақтарының үстіне түсуге тиіс. Тамырланбай жалжал қалпында қалдырылған күзгі жыртылған жер, күзде және кыста ылғалдың топыракка көп сақталуына көмектеседі және топырак арасына ауаның жақсы енуін қамтамасыз етеді, арамшөптерді жояды.
Қазақстаннің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары, жауын-шашыны аз және тұраксыз аймаққа жататындықтан, бұл облыстарда жүзім суармалы дақыл болып есептеледі.
Топырақта ылғал жеткіліксіз болса, жүзім бұтағының өсуі кеміп қана коймай, сонымен бірге оның жетілуі де нашарлайды және жүзім өнімі шұғыл азаяды. Жүзімді тек Талас және Іле Алатауларының бөктерлерінде ғана (суармайтын) дақыл етіп егуге болады.
Жүзімдікті суару мерзімдері жүзім сабағының өсу кезеңдеріне байланысты, ал судың неше рет берілетіндігі жылдық және жергілікті ауа райының ерекшеліктеріне байланысты. Жүзімге бірінші рет су беру жүзім сабағы мен гүл шоғырларының өсу кезеңінде, яғни бүршік жарғаннан бастап гүлденуге дейін (сәуірдің аяғы және мамырдың бас кезі) жүргізілуге тиіс. Бұл уақыттарда бір рет суарудың өзі-ақ жеткілікті. Тек ерекше құрғақ жылдары ғана екінші рет суару кажет болады. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында бұл кезде суды екі реттен кем бермеу қажет. Гүлдеу басталған кезде және гүлдену кезінде су беру тоқтатылады.
Жеміс өсер кезде, бұтақтар өсуін әлі тоқтатпаған кезде және жүзім пісер алдында тағы да суарылады. Бұл кезең Алматы және Талдықорған облыстарында маусымның үшінші онкүндігінен бастап, тамыздың екінші аптасына дейін созылады. Жылдың ауа райына байланысты бұл кезде Алматы және Талдықорған облыстарында жүзімдік 2-3 рет, Шымкент және Жамбыл облыстарында 3-4 рет суарылады.
Жүзім сабағы жақсы жетілу үшін суару Алматы және Талдықорған облыстарында тамыздың екінші онкүндігінен бастап, ал Шымкент және Жамбыл облыстарында – қыркүйектің бірінші онкүндігінен бастап тоқтатылуға тиіс.
Жүзімдікті суарудың тиімді түрі - әр бұтақ түбіндегі шұңқырларды, су сіңіргенше толтырып, келесі шұңқырға борозда жасап, шұңқыр сумен толған соң, үшінші шұңқырға борозда жасап, қалған бұтақ түптерін жоғарыдағыдай айтылған тәсілмен суарылады. Борозда жүзім түбінен жүргізілуге тиіс.
Суару нормасы оңтүстік облыстар үшін 1 гектарға 800-1000 текше метр, оңтүстік-шығыс облыстар үшін 500-800 текше метр болуға тиіс.
Жүзімдікті тыңайту. Жүзімнен мол және тұрақты өнім алу үшін топыраққа тыңайтқыштар енгізу қажет. Тыңайтқыштар жүзім өнімін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге оның сапасын да жақсартады. Жас жүзімдіктер егер алдында шұңқырға тыңайтқыштар енгізіледі, гектарына 30-35 тонна көң (әр шұңқырға 1-2 шелек көң) және 12 грамм фосфор енгізіледі, осы енгізілген тыңайтқыштардың қуаты 3-4 жылға дейін, яғни жүзімнің жеміс беру кезеңіне дейін сақталады.
Жеміс беріп келе жатқан жүзім әрбір 3-4 жыл сайын бір бұтаның түбіне 2-3 шелек көңмен тыңайтылады, көң күзде өсімдік арасын күрекпен терең етіп қазар алдында енгізіледі. Келесі өсу кезеңі ішінде кем дегенде екі рет минерал тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру керек.
Жүзім бұтақтары мен гүл шағырлары өсіп келе жатқан кезде, май айында жүзімдікті азот тыңайтқыштарымен бірінші рет, ал жеміс өсіп келе жатқан кезде, жеміс пісер алдында шілде айында фосфор және калий тыңайтқыштарымен екінші рет үстеп қоректендіріледі.
Жүзімді үстеп қоректендіру кезінде тыңайтқыштарды тамырдың ең көп тараған терең жеріне ендірудің өте зор маңызы бар. Сондықтан үстеп қоректендіргенде тыңайтқыштар тереңдігі 20-25 сантиметрлік шұңқырға немесе жүзім түбінің жанынан салынған жыраға көміледі. Бұдан кейін жүзімдік дереу суарылады.
Жүзім сабақтарын жазда көктей кесу (сындыру). Жүзім сабақтарын жазғы немесе көктей кесуге жүзім түбінің қалыптасуын демеу және қоректік заттарды жүзім сабағының жеке мүшелері арасында дұрыс бөлу мақсатын көздеп артық бұтақтарды кесіп (сындыру) тастау, шырпу, өгей бұтақтарды қырқу және бұтақтардың ұшын қырқу жөніндегі жұмыстар жатады. Бұл операция «құрғақ» кесуді толықтыра түседі, жүзім түбін қалыптастырады және бұтақтардың шамадан тыс жиіленіп, көлеңке астында қалуын жояды.
Кесу (сындыру) бұтақтардың ұзындығы 4-7 см жеткенде және жерде жатқан бұтақтардағы гүл шоғырлары айқын көрінген кезде жүргізу қажет. Басы артық бұтақтарды кескенде (сындырғанда) ең алдымен жүзім түбінің жер астындағы бөлігінен өсіп шыққан бұтақтар (тамыр бұтақтар) жойылады. Сонымен бірге тамырдан өсіп шыққан бұтақтардың ішінен жүзім тамырына сәйкес өскен ең жақсы 2-3 бұтақ аша орнына пайдалану үшін қалдырылады да, басқаларының барлығы кесіледі (сындырылып тасталады). Сонан соң жүзімнің діңі мен ашаларына өскен жеміс бермейтін бұтақтар жойылады. Егер аша өте ұзарып кеткен болса, жеміс буыны жер бетінен жоғары тұрған болса, онда жеміс буынын төмендету үшін төменіректегі 1-2 бұтақты қалдыру қажет.
Жүзім түбінің өскеніне екі жыл болған бұтақтарына бір-бірден екі, ал кейде үш бұтақ («егіз бұтақ», «үш ен бұтақ») өсетін жағдайда жиі кездеседі, бұл бұтақтардан да бір-бірден қалдырылады. Егер жеміс бермейтін болса, басқалары кесіледі (сындырылып тасталады).
Жүзімді тұқылдау. Бұл операцияны істегенде көк бұтақтардың ұсақ жапырақты ұштары 4-6 см қысқартылады. Жеміс бұтақтарына өскен көк бұтақтардың ұштары ғана қырқылады. Сонымен бірге негізгі бұтақтарда, сондай-ақ негізгі бұтақтарға өскен өгей бұтақтар да қысқартылады.
Ауыстыру бұтақтарына өскен бұтақтар қысқартылмайды. Бұтақтардың ұштарын қысқартқанда гүл төгілуіне қарсы және жүзім жемістері ұсақтап кетпеу мақсаты көзделеді. Бұл әдісті қолданғанда қысқартылған бұтақтар уақытша өсуін тоқтатады және гүл шоғырларының қоректенуі жақсарады. Бұтақтарды тұқылдау жүзім түптері жақсы өскен жағдайда, яғни жоғары агротехника жағдайында, сондай-ақ құнарлы суармалы жерлерде өте күшті өсетін және орташа дәрежеде өсетін жүзімдіктерде, гүл көбірек түсетін сорттарда (Рислинг, Саперави, Мускат венгерский, т. б.) жақсы нәтиже береді. Бұтақтардың ұзын гүл шоғырларындағы алғашқы гүлдер ашыла бастаған кезде тұқылдау керек.
Өгей бұтақтарды кесу. Бұрынғы кезде екінші қатарда өскен бір жылдық бұтақтар бірінші-екінші жапырақтың жоғарғы жағынан қырқу немесе шырпу жолымен мінелетін. Мұның себебі жанама өскен өгей бұтақтар жеміс бермейтін, артық бұтақтар деп есептелетін. Қазіргі кезде жеміс бермеу және белгілі бірі жағдайда өгей бұтақтардың негізгі бұтақтардан өнімді аз беретіндігі дәлелденді. Сондықтан Қазақстан жағдайында негізгі көк бұтақтардың көктемде суықтан үсіп кететіндігі, сондай-ақ жүзім ағаштары мен гүлдерінің қыстыгүнгі үсіп кететіндігі жиі болып тұратындықтан, өгей бұтақтардың бәрін бірдей жоюға немесе тұқылдауға болмайды.
Қыс кезінде көптеген бүрлердің үсіп кетуіне байланысты, жүзім туптерінде бұтақ аз болады, сондықтан құрғақ кесу кезінде жеміс бұтағында 2-3 өгей бұтақты қалдыру жолымен жүзім түптеріндегі бұтақты көбейту қажет. Бұл қалдырылған өгей бұтақтар жүзім түбінде қосымша бұтақтардың болуын ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге негізгі бұтақтардағы бүршік жарылуының басталуын кешеуілдетеді, өйткені мұндай жағдайда тамырдан келетін қоректік заттар өгей бұтақтардағы бүрлерге бөлінеді, сөйтіп, негізгі бұтақтардың бүрлері өсуін уақытша кешеуілдетеді, осының арқасында кейде көктемде болатын суықтан аман сақталады.
Жүзім түбіне өгей бұтақтар шығу үшін кек бұтақтарды жазда шырпу қажет. Бұл операцияны істегенде қаулап өсіп келе жатқан бұтақтардың ұшы 15-20 см қысқартылады. Бұл бұтақтарға шыққан өгей бұтақтарды шырпу ұзындығы 5-7 см жеткен кезде, арада бір бұтақтан қалдырып жекелеу арқылы жүргізілу қажет, ал барлық басқа бұтақтарға өскен өгей бұтақтар толық жойылады.
Шымкент, Жамбыл облыстарында негізгі бұтақтар көктемде суыққа шалдығып үсіген кезде өгей бұтақтарды сол жылғы өнімнің орнын толтыру үшін пайдалануға болады. Бұл үшін қойын гүлдер жаңа өсіп келе жатқан кезде, оларды қоректендіруді қамтамасыз етерліктей және жеміс беретін өгей бұтақтар өсетіндей етіп, жүзім гүлдеуден 10-18 күн бұрын негізгі бұтақтардың ұштары тұқылданады. Мұндай жағдайда бұтақтарды тұқылдау жүзімді үстеп қоректендірумен және суарумен ұштастырылуы тиіс.
Бұтақтарды шырпу. Жүзім бұтақтарын бұл әдіспен көктей шырпып кескенде барлық көк бұтақтардың ұштары өсіп-жетілмеген жапырақтарымен бірге 40-50 см қысқартылады. Бұтақтарды шырпығанда олардың өсуі тбқталады, осының нәтижесінде жүзім сабағында пластикалық заттар жинақталып көбейеді, сөйтіп жүзім сабағының жетілуіне қолайлы жағдай жасалады. Сондықтан дұрыс және дер кезінде жүргізілген шырпу жүзім сабағының қысқы суыққа төзімділігін арттырады.
Бұтақтарды шырпу мерзімі жылдың ауа райының жағдайына және жүзімнің сорт құрауына байланысты. Егер ауа райы салқын және жауын-шашын мол жылдары, сондай-ақ жүзім түптері өсіп келе жатса, бұтақтар кеш шырпылады; жауын-шашын аз, жазы ыстық жылдары және жүзім түптері нашар өссе, ерте шырпылады. Шапшаң өсетін сорттарында, өсуі ұзаққа созылатын сорттардан гөрі бұтақты шырпу ерте жүргізіледі.
Бұтақты шырпуға бұтақтың өсуі әбден баяулаған кезде және бұтақтың төменгі жағы жетіле бастап, бұтақтың түп жағы қоңырқай тарта бастаған кезде кірісу керек.
Алматы және Талдықорған облыстарында шырпу мерзімі тамыздың аяғында, ал Шымкент облысында тамыздың бірінші онкүндігіне тура келеді.
Көк бұтақтарды асып байлау. Бұтақтарды сынудан сақтау үшін және бұтақтарға жарық тегіс түсу үшін көк бұтақтар жаз бойына 2-3 рет аспаға асылып байланады. Бұтақтардың ұзындығы 30-40 см жетісімен ол бұтақтар аспаның үшінші қатарындағы сымына алғашқы рет асып байланады. Бұтақтар аспаның келесі қатарына жеткен кезде төртінші немесе ішінара үшінші қатардағы сымдарға екінші және үшінші рет асылып байланады.
Бұтақтар жуандаған кезде оларды байлаған жіп қиып кетпеу үшін босаңдау қазықбаулап байлайды. Бұтақтарды асып байлағанда да Жүзім сабақтарын құрғақтай асып байлау кезінде пайдаланылатын материал қолданылады.
ЖҮЗІМ АҒАШЫНЫҢ ӨНІМІН ЖИНАУ ЖӘНЕ ҚЫСҚА ҚАРАЙ КӨМУ
Жүзім - тез бұзылатын және алысқа апаруға келмейтін жеміс. Сондықтан жүзім өнімін жинауға мұқият әзірлену керек. Ең алдымен өнім жинау кезінде жоспар жасалуға тиіс (шараптық, тағамдық, компот, т. б. еске алып).
Жүзімнің шараптық сорттарының өнім жинау уақыты жеміс ішіндегі қант пен қышқылдың жинақталуы мөлшеріне қарай, шарап шығару талаптарына сай келген уақытында белгіленеді.
Жүзімнің тағамдық сорттарды жеуге толық жараған, жүзім ішіндегі қант 15 процентке жеткен кезде жиналады.
Жүзім сорт-сортымен іріктеліп, жауын-шашынсыз ашық күндері жиналады. Жеміс салымдары қайшымен немесе бұтақ қайшымен кесіледі, 4-5 килограмдық себеттерге немесе көлемі 30X50X20 сантиметрлік жәшіктерге салынады. Зияндалған жеміс салымдары өз алдарына бөлек жиналады.
Жүзімнің кеш пісетін сорттары жүзім сабақтарын күзде кссуден ең кем дегенде 10-15 күн бұрын жиналып болуға тиіс, өйткені жүзім сабағы жақсы қыстан шығу үшін әзірленуге уақыт қажет болады.
Қазақстан жағдайында жүзім барлық жерде бірдей қыстыкүні көмуді талап етеді.
Солтүстік облыстарда қараша айының бас кезінде 6-7 градус суық болып, ауаның құбылып тұратындығына байланысты, жүзім түптері әбден суық түскенге дейін (1 қарашаға дейін) көміліп болуға тиіс. Қенет күщті суық болып кетсе, жүзім сабағы дереу үсікке шалдығады. Сонымен бірге тек бүрлері ғана емес, бір жылдық және екі жылдық бұтақтары да үсіп кетеді.
Қөму алдында жүзім сабақтары аспалардан шешіліп алынып, алдын-ала кесіледі. Сонан кейін әр түп жүзім екі айрылып бауланын байланады, бұл баулар жүзім түбінің екі жағына жапсырылып қойылады, үстіне қалыңдығы 15-20 см топырақ тасталады. Әсіресе, жүзім сабақтарын тереңдігі 25-30 см шұңқырға салып, үстін қалыңдығы 10-15 см топырақ салып көму, немесе ең жеңіл әдісі салафанмен (полиэтиленді материалмен) жауып үстіне 10-15 см топырақпен де жабуға болады.
Жүзімді көмген кезде ашаларды сындырып алмау үшін топырақты алдымен жүзім сабағының ұш жағынан бастап бірте-бірте түбіне қарай көмген жөн. Әрбір күшті жаңбырдан кейін, қаулап жер бетін тегіс жапқанға дейін көмілген жүзімдікті бірнеше рет тексеріп, ашылып қалған жерлерін мұқият қымтап жүру керек.
Жүзімдікті қайта қалпына келтіру. Жеке үй іргесі учаскесінде ғана емес, ауыл шаруашылығы жағдайында жаңа жүзімдіктер егумен қатар, бұрын егілген ескі жүзімдіктер қайта қалпына келтіріледі. Тәжірибе учаскесінің жағдайына байланысты жүзімдікті қайта қалпына келтірудің бірнеше әдісі қолданылады. Жүзімдікті қайта қалпына келтірудің негізгі әдістері мыналар:
а) қайта ұластыру; б) катавлак; в) сабақты өсіру; г) таспалы плантаж.
а) Қайта ұластыру. Қатарланып егілген жүзімдіктерде, жүзім түптерін стандартты сорттармен қайта ұластыру қолданылады. Қайта ұластырудың ең көп тараған әдісі жарып және жартылай жарып ұластыру. Бұл әдісті қолданғанда ерте көктемде, сөл жүргізу басталғанша жүзім түптері 15-20 см қазылып жер бетінің деңгейінен сәл төменірек кесіледі. Мұнан кейін тамыр сидам сүрегі бір жағынан (жартылай жарылып) немесе екі жағынан 4-5 см жарылады. Бұл жарыққа жартылай басқа сорттың бір қалемшесі жарып ұластырғанда екі қалемшесі тығылады. Қалемшенің төменгі ұшы бір түбінен екі жағынан бірдей жонылып жіңішкертіледі, сонан соң жарыққа тығылып мықтап оралып байланады және топырақпен көміледі.
б) Катавлак. Егер қатараралықтарды кеңейту, жүйектердің бағытын өзгерту, тәртіпсіз отырғызылған жүзімдіктерді қатарластырып отырғызу, немесе жүзімдікті жасаргу қажет болса, онда мұндай жағдайда жаппай катавлак әдісімен қалпына келтіру қолданылады.
Жаппай катавлак әдісін қолданғанда ескі жүзімдікте жаңа жүйектер жасалады, бұл жүйектер қолмен агротехникалық жұмыстар жүргізілген кезде, қатардағы әрбір жүзім түбінің орыны белгіленеді.
Жаңа қатараралықтардың жасалатын жерінен тереңдігі 30-40 см, ені 10-15 см жүйектен жүзім түбіне дейін жыралар қазылады. Бұл, жыраларға сабақтары жаңа қатарларда өсірілетін жүзім түптері салынады, Мұндай жүзім түптерінің бүкіл тамыры ашылып, топырақтан тазартылады. Өсіп тұрған бір жылдық және көп жылдық бұтақтарының ішіндегі ең жақсы біреуі ғана қалдырылып, қалғандары қырқылады. Қалдырылған аша жүзім түбінің тамырымен бірге жыраға салынып, ал сабағы жаңа жүзім түбі өсірілетін жерге қарай жайылады, сөйтіп тік бұрыш жасап жер бетіне шығарылады. Сонан кейін жыра топырақпен көміледі, ал жырадан шығып тұрған жүзім сабағы жер бетінде 3-4 бүр қаларлықтай етіліп кесіледі.
Жыраларға салынбайтын жүзім түптерін екінші жылға дейін өз орнында қалдырған дұрыс. Бұл жүзімдіктерді екі жыл бойына өнім алу үшін пайдаланылады да, содан кейін мүлде тамырымен қопарылып жұлынып тасталады.
в) Сабақтан өсіру әдісі. Жүзім жиі егілген болса, қатарлар қисық және жүзімнің тамыр жүйелері жер бетіне жақын жатқандықтан катавлак әдісін қолдану қиын болған жағдайда қолданылады.
Жаппай сабақтан өсірудің катавлактан мынадай айырмасы бар: жаңа қатардан қазылған жыраға жүзім түптері салынбайды, тек жеке сабақтар ғана салынады. Бұл сабақтардан алынатын жүзім түптері екі жылға дейін өз орындарында қалдырылады. Осыдан кейің сабақтан өсірілген жаңа жүзім түбі өздерінің «аналық» түптерінен бөлінеді, кәрі жүзім түптері тамырымен қопарылып алынып та тасталады.
г) Жыраға шыбық егілетін таспалық плантаж. Жүзімдікті қайта қалпына келтірудің бұл әдісі жаппай аралас сорттар егілген немесе стандартты емес сорттар егілген жүзімдіктерде қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда да катавлак әдісін қолданғандағыдай учаске қайтадан бөлінеді: болашақ қатардың орнына күзден бастап тереңдігі 30-40 см, ені 10-15 см жыра қазылады, бұл жыра қысқа қарай көміліп тасталады.
Ерте көктемде осы плантаж суыртпағына 30X50 шұңқырларға жақсы өскен бір жылдық немесе екі жылдық тікпе шыбықтар отырғызылады, бұл шыбықтарды жаз бойына мұқият күту қажет. Қалған кәрі жүзім түптері өнім алу үшін екі жыл бойына пайдаланылады, сонан кейін түбімен қопарылып алынып тасталады.
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Жеміс-жидек және жүзім ағаштарында көптеген зиянды жәндіктер мен аурулар болады. Алайда, бұлардың әрқайсысының келтіретін зияндары бірдей болмайды; шамамен айтқанда жиырмаға жуық жәндіктер мен кенелердің түрлерінен оншақты аурулардың түрлері тараған. Бұл зиянды жәндіктер мен аурулар көбейе келе өсімдіктің өмірі мен өніміне тікелей қауіп туғызады.
Бұл тарауда негізгі зиянды жәндіктер мен аурулардың ең бастылары суреттеліп, оларға қарсы күрес әдістері көрсетіледі.
Егіншіліктегі сияқты, бау және жүзім шаруашылығында да өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу үшін әр турлі - механикалық, биологиялық, агротехникалық, химиялық әдістер қолданылады. Күрестің әр түрлі әдістерін қосарлап қолдана отырып, өсімдіктерді жәндіктер мен аурулардың зияндауынан әрқашанда күн ілгері сақтап қалуға болады. Бау шаруашылығында зиянды жәндіктерге қарсы күрес жүргізудің агротехникалық әдісін, егіншілікте қолданылатын одіспен салыстырғанда мұның кейбір ерекшеліктері бар.
Әр кезде есте сақтайтын жағдай, күзде ағаштарды жою әк ерітіндісімен майлау немесе әк ағаштарды күн көзінің күйдіруінен аман сақтап қана қоймайды, сонымен бірге жоғарыда көрсетілген бірсыпыра зиянкестерді, сондай-ақ алмұрт бүрге шіркейін, жапырақ жегіштерді, тағы басқаларды жояды.
Күзде қурап түскен жапырақтарды жинап жоюдың, қурап қалған және ауру бұтақтарды дер кезінде қырқудың, арамшөптерге қарсы күрес жүргізудің көптеген зиянкестер мен ауруларға қарсы күресте зор маңызы бар.
Жеміс баулары мен жүзімдіктерді күтудің агротехникалық әдістері тек дер кезінде, кешіктірілмей жүргізілсе ғана зиянкестерді жоюда жақсы нәтиже бере алады.
Жеміс ағаштарының жаңа шығып келе жатқан көктері мен отырғызылған шыбықтардың, сондай-ақ жүзім шыбықтарының тамырлары зауза қоңыздары личинкаларынан көп зәбір көреді. Әлі буыны қатпаған шыбықтардың тамырларын, күздік көбелек, тағы басқа қоңыр көбелектер кеміріп зияндайды. Жапырақтарын кейде әр түрлі жұлдыз құрттар мен көбелектер және қоңыз личинкалары кеміріп, жеп қояды. Алайда бұл зияндар әдетте онша зор болмайды. Әр түрлі жастағы жеміс шыбықтарының жапырақтары мен жас бұтақтарына жапырақ шіркейі көп зиян келтіреді. Олар сонымен бірге баулардағы ересек ағаштарға да зиянын тигізеді.
Баулар мен жүзімдіктерде зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жүргізу ісіндегі басты-басты агротехникалық жұмыстардың кейбірсулерін сипаттайық.
Жерді курекпен қопару. Жерді ерте көктемде қопару өрмекші кенелердің, шие бізтұмсығының, құмырысқа шыбындардың, тағы басқа зиянкестердің едәуір бөлігін жояды, өйткені олар жердің үстіңгі қабаттарында немесе жерге түскен ағаш жапырақтары арасында қыстайды.
Ағаштардың қабықтарын тазарту. Алма жемісін жейтін жұлдызқұрттың 60-80 проценті сидам сүрегі қабығы мен жуан тұлға бұтақтар қабықтарының жарықтарында қыстайды. Қызыл кененің жұмыртқалары мен дара жібек көбелегінің жұмыртқалары ағаш қабығының сыртында қыстайды. Сондықтан ағаштардың қабығын тазартудың көптеген зиянкестерге қарсы күресте зор маңызы бар. Біз ағаштардың қабығын тазартумен, оларды түрлі зиянкестерден аластаймыз. Тазартылған қабықтар мен ағаштардан түскен қоқымдар іштеріндегі зиянкестерімен бірге бір орынға жиналып өртеледі. Егер бұлай болмаған күнде бұл зиянкестер көктем күндерінде тағы да ағаштарға барып жабысады.
Қөп жылдық тәжірибемізде жеке үй іргесі учаскесін пайдаланылатын шаруашылықтарда, көптеген ағротехникалық заңдылықты бұзудың салдарынан өздеріне керекті өнімді ала алмай жүргендерін де жиі байқаймыз.
ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР
Зауза қоңызы. Тұмсығында ұзын мұрттары бар, осімдікпен қоректенеді. Зауза қоңыздарының өте көп гүрлерінің бар екендігі мәлім. Біз бұл жерде олардың әрқайсысын жеке-жеке суреттеп жатпаймыз, өйткені олардың өмір әрекеттері бір-біріне өте ұқсас және олардың барлығына бірдей қолданатын күрес шаралары біркелкі болып табылады.
Әр түрлі зауза қоңыздары көктем айларында және жаздың бас кезінде ұшып жүреді. Ұрғашы зауза қоңыздары шамалы ғана тереңдікте жер астында жұмыртқалайды. Олардың жұмыртқаларынан зауза қоңыздарының личинкалары шығады. Бұл личинкалар аппақ, жұмсақ тығыршықтай жұп-жуан болады, «С» әрпі сияқты ішкі жаққа қарай екі ұщы иіліп жатады. Бұл личинкалар әр түрлі өсімдіктердің тамырларымен қоректенеді, әсіресе жас ағаштардың жаңа отырғызылған шыбықтарына зор зиян келтіреді, көбінесе өсімдіктің қурап қалуына себеп болады.
Зауза личинкаларының кейбір түрлері екі жылға дейін, ал кейбір ірілері төрт жылға дейін өмір сүреді.
Жас шыбықтарды отырғызған кезде олардың тамырларына гексахлоран себіледі. Гексахлоран топырақта өте көп уақытқа дейін сақталады және ең аз дегенде бір жыл бойына жас өсімдікті зауза құрттарының зияндауынан аман сақтайды. Жерді өңдеген уақытта көзге түскен личинкалар мен зауза құрттарының жұмыртқаларын теріп алып жүру керек.
Жапырақ биттері. Жапырақ биттердің көптеген түрлері бар. Жапырақ биттері Қазақстанның барлық аудандарында өніп-өсіп келеді. Бұл биттер тез өсіп, жапырақтар мен жас бұтақтарды сорады. Жапырақта жұмыртқа күйінде қыстап шығады. Жапырақ биттері жылтыр, қара, сопақша жұмыртқаларын жаңа шығып келе жатқан бұтақшалардың тамырына салады.
Жапырақ биті - ұсақ кұрт-кұмырысқа делінеді. Оның денесінің ұзындығы 2-3 миллиметрге дейін жетеді. Түсі күңгірт, көктен қараға дейін әр түрлі болады. Жас кезіпде биттердің қанатсыз түрлері де кездеседі. Жапырақ биттерінің әлсіз жапырақтарды түйреп нәрін соратын тұмсықтары болады, бұл тұмсықтармен жапырақтарды, жас шыбықтарды, жемістерді түйреп, олардың нәрін сорады.
Тіршілік әрекеті. Жапырақ биттерінің көп түрлерінің жұмыртқалары ғана қыстап қалады, бұл жұмыртқаларды күзде ағаш бұтақтарына қанатты биттер салып кетеді.
Көктемде жұмыртқалардан личинкалар жарып шығып, жас балауса жапырақтарды сорады. Личинкалар осіп, түлеп, өніп-өсуге бейімделеді. Өзінің 2-3 апталық өмірінде олар 20-40 личинка шығарады; 8-12 тәулікте өсіп жетілген бұл личинкалар осындай жолмен көбейіп өсе береді. Бір жаз бойында жапырақ биті 10-14 рет балалайды. Жапырақ биттері жас бұтақтарға қонып, нәрін сорады. Ақырында жапырйқтар қурап, жас бутақтар бұралып қалады. Жапырақ биттері түскен шыбықтар қурап қалады (15-сурет). Жапырақ биттерінін тәтті, жабысқақ нәжісі жапырақтардың ауа жұтуын қиындатады. Жапырақтар бұл нәжістерге отырған шаңмен баттасып, оларға күйе сияқты саңырауқұлақтар өсе бастайды. Жапырақ биттеріне қарсы күрес, оларды алғашқы байқаған кезде жүргізілуі керек.
Күзде личинкалардың кейбіреулері қанатты ұрғашы биттерге айналады да, кейбіреулері еркек бит болып шығады. Олар кейіннен өзара жұптасады (шағылысады), ұрғашылары жұмыртқа салады, сөйтіп ересек биттер өліп жойылады да, жұмыртқалары қыстап қалады.
Күрес шаралары. Жапырақ биттері түскен өсімдіктерге аралас улар бүркіледі: 4 процент сабын ерітіндісі (бір литр суға 40 грамм сабын) немесе 0,2 процентік анабазин ертіндісіне сабынды екі есе артық қосып (бір литр суға 2 грамм алабазин 4 грамм сабын) бүркіледі. Сондай-ақ темекі немесе алабазин суын қолдануға болады.
15-сүрет.
а-тамырды кеміретін түркстан заузасы және оның ұрығы;
б-алма биті – қанатты аналық түрі; в – қанатсыз бит аналығы және ұрық салмаған түрі; г – алма биті; түскен бұтақ (сол жақта) және бау бұтақ (он жақта); д – алманың қара күйесі; е – ұрық салатын «ұя», бұдан алма қара күйесі жұлдыз құртын шығарады; ж - ұяның беті ашылды, оның ішіндегі қыстан шыққан жұлдыз құрт; з – алма қара күйесі жұлдыз құртының қоректену түрі; сол жақта құрттың қауіп төңдірген жері (жапырақтың сызылған бөлігі), он жақта құрттардың жарақаттанған жапырақтағы ашық көрінісі
Жапырақ биттерінің қаншалықты шығуына (пайда болуына) қарай, бір маусымда бірнеше рет у шашу жүргізіледі.
ШЕКІЛДЕУІКТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ
Алма зиянкестері. Жеміс ағаштарының ішінде алма ағашына жеміс зиянкестерінің көп түрлері зиян келтіреді. Бұлардың ішінде ең қауіптісі төменде суреттелегін жеміс зиянкестерінің жеті түрі болып табылады.
Алма күйесі. Алматы жеміс аймағында және Алматы қаласында алма күйесі - алманың негізгі зиянкесі. Алма күйесі Шымкент пен Жамбыл облысының таулы аудандарында да көп кездеседі.
Күйе жұлдызқұрты жапырақтарды жеп, ағаштарды әлсіретеді, сөйтіп жеміс өнімін азайтады; күйе жеген ағаштар келесі жылы да өнім бермейді.
Ересек күйе - кішкентай ғана көбелек (қанаттарының бір ұшынан екінші ұшына дейінгі), ұзындығы 22 миллиметр. Алдыңғы қанаттарының үстіңгі жағы ақ, арбір қанатында 18-25-тен қара дақтары болады. Артқы қанаттары күлгін, арт жақ ұшында кішкентай шашақшалары болады, артқы қанаттары дақсыз, бір түсті келеді.
Көбелек жаздың орта кезінде алма ағашының бұтақтарына жұмыртқалайды; көбелек жұмыртқаларын жұқа қабықшақ тәрізді «қалқанмен» орап тастайды.
Жаздыгүні жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттардың қалқаны болады, сол қалқанның астынан шықпай қыстап қалады. Қалқанның көлемі 2-4 миллиметрдей болады; әрбір қалқан астында 25-40 жұлдызқұрт қыстайды.
Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 15-20 миллиметрге дейін жетеді. Ересек жұлдызқұрттар денесінің түсі - сарғыш-ақтан бастап қара сұрға дейін келеді.
Долана көбелегі. Долана көбелегі Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Бауларда долана көбелегі көбінесе алмаға зиянын тигізеді, ал жаппай көбейіп кеткен жылдары әр түрлі жеміс ағаштарының гүл-шешектері мен жапырақтарын да қажап жейді.
Бұл әр қанатының бір ұшы мен екінші ұшының аралығы 60-70 миллиметрге дейін жететін, қанаттарында күңгірт тамырлары бар ақ көбелек (16-сурет). Жұмыртқалары ашық сары, 12-14 қырлы, шөлмек тәрізді болады, долана көбелегі жұмыртқаларын әр уақытта топтап салады. Жұлдызқұртының түгі сирек, арқасында және бүйірлерінде үш қара жолағьі және екі қызыл қоңыр жолағы бар, басы мен аяқтары қара болады. Ересек жұлдызқұрттың тұрқы 45 миллиметрге дейін жетеді. Куыршағы буылдырыңқы қара нүктелі теңбілдері бар, ақсары келеді, денесінің ұзындығы 20 миллиметрге дейін жетеді.
Тіршілік әрекеті. Кішкенгай жұлдызқұрттар өрмекші торына оралған, қурап қалған жапырақтар ішінде қыстап шығады, бұл жапырақтар күзде, жапырақтары түсіп жалаңаштанып қалған ағаштардың бұтақтарында айқын көрініп тұрады. Бұлар - долана көбелегінің қысқы ұялары, көктемде, жеміс бүршіктері жарыла бастаған кезде жұлдызқұрттар оянып, өздерінің ұяларынан шығады, ашылған бұршіктермен, сонан кейін жапырақтармен, гүл шанағымен және гүлдермен қоректенеді, зиянкес аса көбейіп кеткен кезде ағаштардың жапырақтарын мүлде жойып жібереді. Гүлдеу дәуірі аяқталғанға дейін жұлдызқұрттар өсіп, алма ағаштары мен басқа ағаштардың немесе бұталардың бұтақшаларына қуыршақтайды. Қуыршақтану дәуірі жарты айға созылады.
Маусымның орта шенінде, алма түйіндері үлкейген кезде қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Бұл көбелектер екі аптаға дейін ұшып жүреді. Сонан соң жұптасып (шағылысқа түседі), ұрғашы көбелектер алма жапырақтарының үстіне 40-90 данадан топтап жұмыртқалайды, 15 күннен кейін жұмыртқалардан жұлдызқұрттар жарып шығып, олар сол бойда-ақ, жапырақтармен қоректене бастайды. Олар 10-15 күн өмір сүреді, олардың заңдары онша байқала қоймайды. Сонан кейін жұлдызқұрттар өздері жеген 2-3 жапырақты және өзін қоса өрмекші тормен шырмап, осы қалпында ұйқыға еніп қыстап қалады.
16-сурет.
а - долана көбелегі; б - жапырактағы долана көбелегініц ұрықтары және ұрықтық жеке түрі көрсетілген; в - долана көбелегінің жұлдыз құрты; г - көбелек - жалғыз жібек құрты - аналық түрі; д - көбелек - жалғыз жібек құрты - аталық түрі, жапырақтағы жалғыз жібек құртының бір түрі; е - бұтақтағы алма битінің қанды түрі; ж - алма жемісіне түскен жеміс жегіш жұлдыз құрты; и-алмұрт бүрге шіркейі; к - бурге шіркей түскен алмұрт
Күрес шаралары. Долана көбелегінің ұялары күзде жапырақ түскеннен кейін, қыста және ағаштар бүршік жара бастағанға дейін, көктемде ағаштардан сыпырып алынып өртеледі. Көктемде жеміс бүршіктері жарыла бастаған кезде ағаштар гұлдей бастағанға дейін долана көбелегі түскен ағаштарға гексахлоран немесе ішек уы дәрілері белгілі мөлшерде бүркіледі.
Қанды алма шіркейі. Бұл шіркей тек алма ағаштарында ғана болады. Алма шіркейі Алматы облысында кездеседі. Қазақстанның басқа облыстарында кездеспейді. Қанды шіркейдің басқа шіркейлерден айырмасы оның денесін ақ ұлпа жүн қаптап тұрады. Шіркейді сыққан кезде - қызыл қоймалжың қан шығады. Сондықтан да оны қанды немесе жүндес шіркей деп атайды. Әдетте бұл шіркей топ-топ болып жүреді, топтасып жүрген шіркейлер ағаш қабығына жабысқан мақта сияқты болып көрінеді.
Тіршілік әрекеті. Шіркейлер ағаш қабығының жарықтарында және жараларында, бұтақтардың сызаттарында өмір сүреді. Әсіресе ағаш діңінен шығатын өгей бұтақтарға әуес болады, алма ағаштардың тамыр жақтарында тіпті тамырларына жабысып тіршілік етеді. Ересек қанатсыз ұрғашы шіркейлер мен олардың жұмыртқалары да осы жерде қыстайды. Шіркей ерте көктемнен бастап қыс түскенше бірнеше рет балалап, өте көбейгіш келеді. Шіркейлер ағаштың және оның қабығының нәрін сорады, осының салдарынан бұтақтар буылдықтанып ісіп кетеді, өсімдік әлсірейді, ал шіркейлер жабысқан тікше материалдар, көбінесе отырғызуға мүлдем жарамсыз болып қалады.
Күрес шаралары. Бұл шіркейдің құпия өмір сүруі (жер астындағы ағаш тамырларында болуы) және өніп-өскіштігі оған қарсы күрес жүргізуді қиындата түседі. Бұған күрестің биологиялық әдісін қолдану жақсы нәтижелер береді. Бұл үшін өте ұсақ паразит жәндік-афелинус қолданылады; мұның денесінің ұзындығы 2,0 мм. Афелинус шіркей денесінің ішіне еніп жұмыртқалайды, оның жұмыртқалары шіркей ішінде өмір сүріп, оның денесінен қоректенеді, сөйтіп ақырында шіркей өледі. Афелинус бір жаз ішінде 7-9 ұрпаққа дейін көбейіп үлгіреді. Сейтіп шіркейдің 90 проценттен астамын жояды. Бұдан өзге тікпе материалдарды - бромды металмен немесе цианды газ жіберіп фумигациялау қолданылады.
Жеке үй іргесіндегі учаскелерде әрбір адамның өздері жүргізуіне де болады. Қүрес шараларының комплексіне мыналар жатады:
а) жеміс бермейтін ағаштарға гексахлоран шашу; сонымен бірге ағаш астындағы жерге де гексахлоран шашылып, сонан соң топырақ күрекпен аударыстырылады;
б) ағаштың шіркей бар жерлерін мазутпен майлайды;
в) шіркей түскен ағаш тамырларына темекі қоқымын, әк немесе күл себеді;
г) көк бұтақтарға сабын араластырған анабазин сульфат шашады (1 литр суға 5 грамнан сабын араластырылады) немесе ДДТ, гексахлоран эмульсиясын бүркеді.
Алма құрты. Алма құрты деп аталатын бұл зиянкес өте қауіпті. Бұл алма құрты оңтүстік облыстарда көп кездеседі, ал Қазақстаиның басқа бау өсіретін аудандарында аз кездеседі.
Алма құрты қанатының бір ұшынан екінші ұшына дейінгі аралығы 20-22 мм болатын ұсақ көбелек. Алдыңғы қанаттары көлденең қара ирек сызықтары бар, көгілдір түсті қанаттарының жоғарғы жағында шағын қара теңбілдері болады. Артқы қанаттары бір түсті қоңыр келеді. Жұмыртқасы жалпақ-домалақ болады, жұлдызқұрттың басы қоңыр, өзі қызыл болады. Денесінің ұзындығы 15-20 мм жетеді, қуыршағы қарынының шет жагында 8 түйір қылшығы бар қызыл қоңыр болады.
Тіршілік әрекеті. Оңтүстік аудандарда (Шымкент және оның оңтүстік аудандарында) алма құрты 3 рет, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында 2 рет, солтүстік аудандарда 1 рет қана өніп-өседі. Алма құрты жұлдызқұрт стадиясында алма діңдері қабықтарының жарығында қыстайды, бұл жарықтарға жұлдызқұрттардың 70 процентке жуығы жиналады, қалған жұлдызқұрттар жуан бұтақтар арасындағы ағаш қабығында қыстайды.
Көктемде жұлдызқұрттар қуыршақтайды, ал алма ағаштары гүлдер кезінде көбелектер пайда бола бастайды. Олар жеміс тұйінінің үстіне барып жұмыртқалайды. Жазда алма құрттарының көбелегі кәдімгі жеміс үстіне екінші рет балалайды. Жұлдызқұрттар алма дәндерімен қоректенеді.
Күрес шаралары. Күзде немесе ерте көктемде ағаш дәндеріндегі және жуан бұтақтардағы қурап қалған қабықтарды мұқият тазартып алып тастау керек. Сонда ғана қыстан қалған көптеген жұлдызқұрттар, ал көктемде көптеген куыршақтар қырылады. Ағашты тазартқаннан түскен қоқымдардың барлығын түгелдей жинап өртеп жіберу қажет. Ағаш діндері мен жуан бұтақтарға қою әк ертіндісін шашу немесе ағаш діңдерін әктеу керек. Алма құрттарының тіршілік әрекеттерінен шығатын бұдан арғы күрес мынадай жолдармен жүргізіледі:
Алма ағаштарының гүлдері түскеннен бірнеше күн кейін, алма құртының көбелектері екі аптадй жаңа түйіліп келе жатқан түйінге жұмыртқа салумен болады. Осы кезде ағаштарға улы қоспаларды бүрку қажет. Бірінші бүрку - алма ағаштарының гүлі түскеннен кейін, екінші бүрку 8-10 күн өткеннен кейін жүргізіледі. Алма құртына қарсы қолданылатын у ретінде 1 литр суға қосып есептегенде мыңаларды пайдалануға болады: гексахлоран эмульсиясы – 6-8 грамм, әкпен араластырған кальций арсенатын - 3 грамм, париж көгі – 1-1,5 грамм және әк 2-3 грамм (соңғы 2 уға 1-1,5 грамнан анабазиин сульфат қосқан пайдалы). Алғашқы у бүрку жеткілікті, мол болуға тиіс.
Гүлденгеннен 10-15 күн кейін алма ағаштары мен алмұрт ағаштарының діңдерінде кенептен немесе ескі шүберектерден, олар табылмаған күнде, сабаннан немесе шөптен белдік шөптер байлау керек. Бұл белдіктердің ені 12-15 см болуға тиіс. Жіңішке шөп белдіктерінің пайдасы аз болады. Бұл белдіктер астына жұмыртқалау үшін құрттар үймелейді. Әрбір 8-10 күн сайын белдіктерді шешіп, оның астына жиналған жұлдызқұрттар мен қуыршақтарды шелекке салып жинап әкетіп отыру қажет.
Егер бұл шаралар істелмесе белдіктер жеміс құрттарының көбеюіне қолқабыс етеді. Әсіресе уланған белдіктердің пайдасы көп болады. Бұл белдіктер гексахлоран эмульсиясына малынады (1 литр суға 20 проценттік 150 грамм эмульсияға батырылған белдіктер кептіріледі, сонан соң келесі күні ағаш діңдеріне буылады). Бұл белдіктердің астына жиналған жұлдызқұрттар бірте-бірте өледі, алайда дүркін-дүркін бұл белдіктерді де бақылап тұру қажет.
Маусым айының бас кезінде алма көбелектерінің екінші ұрпағы пайда болады. Қөбелектердің ұшуын үнемі бақылап отыру қажет. Алма кебелектерінің жұмыртқаларынан бастап жаппай ұшып шыққанына дейін жоғарыда көрсетілген уларды жеміс ағаштарына екі рет бүрку керек.
Бұл кезде бірден кенелерді де өлтіру үшін бүркілетін ерітіндінің әрбір литріне 10-15 грамм күкірт қосылуға тиіс.
Алмұрт зиянкестері. Құрт-құмырысқалар алмаға қарағанда алмұртты едәуір аз зияндайды. Алайда, оңтүстік облыстарының кейбір бауларында алмұрт бүргешіркейі өте көп болады, ал кейде алмұрт жапырақтарын кілегейлі-құмырысқалардың личинкалары зияндайды. Жапырақ биттері түскендігі анықталған кезде әдеттегі қосынды уларды бүрку жолымен күрес жүргізіледі. Алмұрт жемісін алма құрты, жапырақтарын кейде жібек құрты, долана көбелегі де зияндайды.
Алмұрт бұргешіркейі. Бұл бүргешіркейі тек алмұртқа ғана зиянын тигізеді, алмұрт ағашының жапырағын жаппай түсіріп, өнімін шұғыл кемітеді.
Ірі бүргешіркейдің көлденең қара жолақты, бауыры сары болады, кеуде жағында бес ұзынша жолағы бар, қанатты шіркейлерге аздап ұқсайды. Денесінің ұзындығы 2-3 мм келеді. Личинкалар ұсақ жалпақ, қара-көк түсті болады, бірнеше күннен кейін қанаты шыға бастайды.
Тіршілік әрекеті. Бүргешіркейі 3-5 рет, ал Шымкенттің оңтүстік жағында - 5 ретке дейін балалайды. Ересек бургешіркейі алмұрт ағаш бұтақтарының кәрі қабықтары астында қыстайды. Ерте көктемде, мартта оянып жұптасады да (шағылысады) жаңа жарылып келе жатқан бүршіктерде жұмыртқалайды. Бүргешіркейі өте балалағыш келеді. Бір ұрғашы бүргешіркейі 500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаны жарып шыққан личинкаларымен ересек жеміс бүргешіркейі жапырақтарды сорады. Олар өз денесінен көптеген мыс тәрізді жылтыраған тәтті қоймалжың сұйық зат бөледі, мұның өзі ағаш жапырақтарын жылтыратып ағаштардан «шық» болып тамып тұрады. Алмұрт жапырағы түсіп қалады да кейбір жемістер пісіп үлгере алмай көк қалпында солады. Зиянкестердің, әсіресе екінші және үшінші буыны ерекше зиянды келеді.
Күрес шаралары. Ағаштарға 0,5 процентті анабазин қосылған 4 процент сабын ертіндісі (1 литр суға 40 грамм сабын, 4 грамм анабазин араластырылады) бүркіледі.
Гексахлоранның бір проценттік суспензиясы (1 литр суға 10 грамм) екі рет - бірінші рет ағаш жапырақтарында мыс тәрізді шықтар пайда болған кезде, екінші рет 15-20 күннен кейін бүркіледі. Гексахлоран өиім жинаудан ең кем дегенде 2 ай бұрын бүркілуге тиіс, бұлай болмаған күнде жемісті гексахлоранның иісі шығып тұрады.
Ақ ұнтақ ауруы. Ерте көктемде алмұрт ағаштарының жапырақтары мен бұтақтарында ақ ұнтақ пайда болады. Жапырақтар ширатылып, жас бұтақ қурап қалады. Бұл ауру, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде көп тараған. Ауруды қоздырушы құрт ағаш бүршіктерінде қыстап шығады. Сондықтан да ұнтақ шырын, ағаш бүршіктері жарылған соң іле-шала пайда болады. Ақ ұнтақ саңырауқұлақтың спорасының жиынтығы сияқты болады, солар арқылы бауға жұқпалы ауру тарайды. Әсіресе, жас алмұрт ағаштары ұнтақ шықтан қатты күйзеледі, ақ ұнтақ олардың соңғы жылғы бұтағын ғана жойып қана қоймайды, алдыңғы жылдарғы бұтақтарын да құртып жібереді.
Аурудың қоздырушы құрттары ылғалды қажет етпейді, жарық күн сәулесінде де жақсы өсіп жетіле береді.
Күрес шаралары. Ақ ұнтақ пайда болған кезде ауруға шалдыққан бұтақтарды шырпу қажет. Шырпуды ерте көктемде бастап букіл өсу дәуірі бойында жүргізуге болады.
Мұнан басқа ағаштарға гүлдеу алдында 0,5 грамдық әк-күкірт қайнатпасы бүркіледі, сонан соң бұл ағаштар гулдеп болғаннан кейін әрбір 7-10 күн сайын өсу дәуірі бойында қайталана береді.
Қара рак ауруы. Қара рак алмұрт ағашының қауіпті дерті. Бұл ауруды қоздырушы - грибок құрты. Ауруға ағаштың барлық органы түгелдей шалдығады.
Грибок құрты, көбінесе, күтімсіз баулардағы усіген, құнарсыз жерде өсірілген, тағы басқа сол сияқты нашар ағаштарда көбейетін болады. Бұтақтары дұрыс шырпылмаған, яғни түбірлер қалдырылған, ағаш қабығы сыдырылған, кесілген жерлері сапасыз сылынған, ағаш қабығына зиян тигізілген, бұтақтары сындырылған, тағы сол сияқты күтімсіздікке ұшыраған ағаштарда қара рактың өсін көбеюіне қолайлы жағдай жасалады, өйткені грибок споралары ағаш діңі мен бұтақтарына ағаш бойындағы жаралар арқылы жұғады.
Қара ракқа шалдыққан ағаштардың гүл жапырақшалары кушық болады, аталықтары мен аналықтары қарайып кетеді, ауруға шалдыққан жапырақтарда қара нүктелер бар шағын қызылқоңыр теңбілдер пайда болады. Ауруға шалдыққан жердегі ағаш қабығы шытынагі жарылады да ақыры қурап қалады. Ауру тиген жердің үстіндегі бұтақтар көбейе бастайды. Паразит грибоктарымен және споралармен бірге ағаштың дергтенген жерінде қыстайды.
Күрес шаралары. 1. Ауруға шалдыққан, қурап қалған ағаштарды жаз бойы түбімен қопарып құлатып өртеп отыру керек. Қурап қалған және дерттенген бұтақтарды кесіп тастап, ауруға шалдыққан ағаш қабығын сау жеріне дейін тазалап, сонақ соң 5 проценттік темір тотияйынының ертіндісімен дезинфекдиялау қажет. Кесілген жерлерді дезинфекциялағаннан кейін бояу жағын тастау қажет. Қырқылған су бұтақтарды және тазалаудан түскен ағаш қабықтарын ауру жұқтыратын болғандықтан баудан сырт жерде өртеп жіберу керек.
2. Ағаштарға әлі жапырақ шықпай тұрғанда, грибоктарды қыстап жатқан кезінде құрту үшін ағаштарға 5 проценттік ертіндісін бүрку керек. Дәрі бүрку кезінде ағаштың сидам сүрегі мен тұлға бұтақтарына дәріні жақсылап шашқан жөн.
3. Барлық шірік жемістерді үнемі теріп алып отыру қажет.
4. Бауды мұқият күту - сидам суректерді күзде әктеу, суару, жерді дұрыс өңдеу, тыңайтқыштар енгізу ағаштардың термикалық зияндауына және қара ракқа қарсы күресудегі төзімділігін арттырады.
5. Жұмыс кезінде бауда ағаш қабықтарын зияндауға жол бермеу керек.
6. Қара ракқа шалдыққан ағаш бұтақтарын керосинге езілген мыс нафтенатының 20 проценттік ертіндісімен емдеу жақсы нәтиже береді.
СҮЙЕКТІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ
Қазақстанның оңтүстік аудандарында сүйекті жемістерге негізінен мынадай жәндіктер зиян келтіреді: шие бізтұмсығы қоңызы, бұл өсімдіктің бүршігіне және жемісіне зиян келтіреді. Шырышты құмырсқа шыбын және жапырақ биті - бұлар өсімдіктің жапырақтарына қатты зиян келтіреді. Аурулардың ішімде жапырақтардың тесік болуы немесе клястероспориоз өте-мөте зиянды болып есептеледі.
Шие бізтұмсығы. Бұл өріктің, шиенің және қызыл шиенің негізгі зиянды жәндігі, сонымен қатар, алхорыға да зиян келтіреді. Бұл зиянды қоңыздың түсі сары-күлгін келеді, құбылмалы жасыл болып көрінеді, тұмсығы ұзын болады. Денесінің ұзындығы 7-10 мм, личинкаларының аяғы болмайды, түсі ақ, басы қара, доғаланып иілген, ұзындығы 7-8 мм (17-сурет).
17-сурет.
а - шие бізтүмсығы, оның личинкасы және жидекке зиян келтіруі; б - қум. ырсқашыбын личинкасы жеген шие жапырағы; в – жапырақ орағыш жұлдызқұрты; г - құрт зиян келтірген бір шоқ жүзім, жұлдызқұрт өрнегімен төмен түсіп келе жатыр; д - үлкен есек ара; е - жүзім кенесі; ж - зияндалған жапырақ түрі шәне кене түскен бір шоқ жүзім; з - өрмекші кене; и - жапырақтағы өрмекші кененің личинкасы және оның құрты; к - өрмекші кене зияндалған жапырақ түрі.
Тіршілік әрекеті. Қоңыздары ағаш түбіндегі топырақта қыстайды (кейде личинкалары да қыстап шығады). Қөктемде жеміс ағаштары бүршіктенген кезде шие бізтұмсығы қыстаған жерінен шығып ағашқа өрлейді немесе ұшып шығады, сөйтіп ағаштың бүршіктерін, шанақтарын және гүлдерін қорек етеді. Жеміс ағаштары шешек атқаннан кейін қоңыздар жемістің түйіндеріне бір-бірден ұрық салады, бұл үшін жеміс түйінін қажап шұқыр жасайды. Қоңыздың личинкалары жеміс түйіндерін қажап жеп, жеміс сүйектерінің ішіне енеді де, соның дәнін қорек етеді. Жеміс пісер кезде зиянды жәндік орналасқан жеміс түсіп қалады, оның ішінде жатып өсіп жетілген құрт сыртқа шығады да, топыраққа ұрық салады.
Қүрес шаралары. Күзде және көктем шығысымен баудың топырағын күрекпен терең жырту қыстап шыққан зиянды жәндіктердің едәуір бөлегін жояды.
Мұнымен бірге жеміс ағаштарына 0,2% гексахлоранды немесе 0,5% үшхлорлыметофос шашып, жеміс ағаштары гүлдесімен 3 проценттік гексахлоран суспензиясын (1 литр суға 30 грамм араластырып) бүрку керек.
Клястероспориоз. Ауру белгілері. Ағаш жапырақтарында көктемнен бастап күз аяқталғанға дейін кішкене ғана қызыл дақтар пайда болады, оның айналасында қоңыр түсті өрнек болады. Сонан барып, бұл дақтардың орны семіп, жапырақтар шұрық-шұрық тесік болып қалады. Сүйекті дақылдардың бұтақшаларында алғашқы кезде көрінер-көрінбес дақ болады, бұл дақтар бара-бара ойылып ұлғаяды, бұршақтары қарайып барып, семеді. Жемістерге түскен дақ кішкене, бірақ терең ойылады.
Бұл аурудың қоздырғыштары - саңырауқұлақ жіпшелері және споралары зиянданған бұтақшаларда, жапырақтарда және бүршіктерде қыстайды. Клястероспориоз жауыннан кейін өте тез өседі. Бауларды күтпеу, қураған бұталарды және ауру түскен бұтақтарды мезгілімен кеспеу ауру ағаштардың санын едауір көбейте түседі.
Күрес шаралары. Көктем шығысымен немесе күзде жапырақтар түскеннен кейін ауру түскен бұтақтарды және қураған бұтақтарды кесіп жою, түскен жапырақтар мен жемістерді жинау керек. Көктемде жеміс ағаштары бүршіктенгенге дейін немесе күзде жапырақтар түскеннен кейін, жеміс ағаштарына үш проценттік бордос сұйығы бүркіледі.
Жеміс ағаштары гүлдегеннен кейін оған бір проценттік бордос сұйығы бүркіледі. Жеміс піскенге дейін жаңа сөндірілген 2-4 проценттік әк эмульсиясы екі-үш рет бүркіледі.
Клястероспориоз аурумен бірге, сүйекті дақылдарда (шабдалыда және шиеде) саңырауқұлақ және аурулары - жапырақтың берілуі болады. Жабайы алхорыда қызыл дақ аурулары да кездеседі, мұндай аурулар жеміске бүршік қызыл дақтар түсіреді, мұнымен қатар қоңыр жеміс шірігі болады. Мәдени алхорыда бұл аурулар кездеспейді.
ЖИДЕКТІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ
Бүлдіргенге, таңқурайға, қарақатқа жәндіктер оншалықты зиян келтірмейді. Кейде таңқурайдың бүршігіне және сабағына таңқурай қара күйесінің жұлдызқұрты, ал қарақатқа - қарақат қара қүйесі зиян келтіреді. Тошалаға жау көбелек жұлдызқұрты және жалған жұлдызқұрты да түседі. Бұлар өсімдіктің жапырақтарына зиян келтіреді. Бұлдіргеннің жапырақтарына молидрозус қоңыздары әуес келеді. Жидектердің ең қауіпті зиянды жәндігі - бүлдірген кенесі болады.
Бүлдірген кенесі. Бүлдірген кенесі бүршіктен, шанақтан шырынды сорып алады, аз ғана мөлшерде болса да гүлдердің және толық ашылмаған жапырақтардың сөлін сорады. Кене жаппай көп тараса бүлдіргеннің өсуі тоқтап, оның өнімі шұғыл кемиді.
Күрес шаралары. 1. Түрлі аурулардан таңдап екпе шыбықтарды іріктеп алу. Кене тараған шаруашылықтың плантациясынан егілетін материалды алуға болмайды.
2. 45 градусты ыстық суға салып көшеттерді зиянсыздандыру.
3. Жидекті жинап алғаңнан кейін жапырақтарды төмен алып шабу да жақсы нәтиже береді.
Қарақат антракнозы. Бұл ауру жапырақтарға, жидектерге, бүршіктерге түседі. Жапырақтарда ұсақ қоңыр дақ пайда болады. Соңынан барып осы дақтар тұтасады, ауруға шалдыққан жапырақтар қоңырқай тарғын түсіп қалады. Бір жылдық бұтақшаларда дақ ұзынша формада болып түседі де, соңынан ойылып, ұлғаяды. Жидектерде майда қара дақ болады, ал кейде жидектің қабықтары аршылып қалады.
Антракноз - саңырауқұлақ жіпшелері бар ауру. Жазда өсімдіктің ауру түскен органдарына ақбұршақ түспес бұрын споралар жиналады. Ауруға шалдығып түскен жапырақтардағы жидек аурулары көктемде дамып өседі де, оның ішіндегі споралары пісіп-жетіледі. ІІісіп-жетілген споралар әдетте гүлдеу алдында қарақатқа түседі.
Қыста саңырауқұлақ жіпшелері үзіліп түскен жапырақтарда және бұтақшаларда сақталады. Жаз ылғалды болғанда бұл ауру өте тез дамиды.
Күрес шаралары. 1. Түскен жапырақтарды жою. Жерді қазу. 2. Бір проценттік бордос сұйығын «сімдікке үш рет бүркіп шашу; бұл шараны өсімдіктердің гүлдену алдында, гүлдегеннен кейін және екінші рет бүркіп, шыққаннан кейін үш аптадан соң жүргізу керек.
Бүлдіргеннің ақ дағы. Ауру белгілері. Жапырақтарына дөңгелек ақ таңдақ түседі, оның айналасында қоңыр қызғылт жиегі болады. Бұл ауру мамыр-маусым айларында пайда болады. Барлық жерлерге бірдей жауынды жазда көп тарайды. Қоздырғышы - саңырауқұлақ жіпшелері үзіліп тускен жапырақтарда қыстайды.
Күрес шаралары. 1. Бұталарды сирету, түскен жапырақтарды жинап, өртеу, жерді күрекпен қопарып жырту,
2. Жидек ағаштары гүлдер алдында және жидектерді жинап алғаннан кейін бір проценттік бордос сұйығын бүркіп шашу.
ЖҮЗІМ ШЫБЫҚТАРЫНЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ
Шоғыр жапырақорағышы. Шоғыр жапырақорағыш оңтүстіктің барлық аудандарында жүзімдердің негізгі зиянды жәндігі.
Оның көбелегінің жалпы түсі қызғылт қоңыр, алдыңғы қанаттарының түсі қоңыр және қара көкшіл дақты болады, жылтыр жолақты келеді. Артқы қанаттары бір түстес сұрғылт болады, жылтыр жолақты келеді. Көбелектің жалпы денесі қанатын жайғанда 14-15 мм болады. Құрттарының түсі қоңыр жасыл немесе сарғылт болады. Басы жылтыр келеді. Денесінде және басында түктері болады. Ересек қоңыздың ұзындығы 8-10 мм. Личинкасының түсі жылтыр қоңыр қызғылт, құйрық жағында тікенек сияқты қылы болады. Ұзындығы 6-7 мм.
Ташкенттің оңтустігінде жапырақорағыш төрт рет, Шымкент аудандарында үш рет ұрық салып өседі.
Тіршілік әрекеті. Жапырақорағыш қыстаған кезде топырақта, ағаш қабықтарының саңылауларында, негізінен сидам сүректе, ал жүзімдіктердің аспаларында және доғаларында ұрық қалпында болады, сонымен бірге діңдер мен қазықтар жарықтарында (төменгі бөлегінде) қыстайды. Қөбелектер көктемде ұшады, бұл бірінші рет ұрық шығару, әдетте олар сәуірдің орта шенінде ұшып шығады. Бұлардың жалпы саны аз болады, өйткені қыста түрлі себептермен ұрықтардың көпшілігі әсіресе жүзімді жапқан кезде және ашқан кезде қырылады.
Шанақтар шыққан кезде (гүлдер алдында) көбелектер жаппай ұшып, жұмыртқа салады. Бір аналық көбелек әрбір шанаққа 80-100 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның жандануы 5-10 тәулікке созылады. Құрттар шанақтарды және гүлдерді қорек етеді, онан соң жемістің түйіндерін жейді. Құрттардың тіршілігі 15-20 тәулікке созылады. Ұрықтардың өсу дәуірі 7-8 тәулікке созылады.
Қөбелектер екінші рет маусымда жаппай ұрық салады. Бұл кезде осы зиянды жәндіктер бұрынғыдан да көбейе түседі. Қөбелектер жеміс түйіндеріне және пісіп келе жатқан жидектерге жұмыртқа салады. Бір құрт 30-40 түйінге немесе 8-10 жидекке зиян келтіреді.
Жапырақорағыштың үшінші және төртінші рет ұрық салуы өте көп болады.
Күрес шаралары. Жапырақорағышқа қарсы пайдалы нәтиже беретін күрес шараларының бірі жүзімдік шыбықтарын төселмелі түрінен аспалы түрлеріне көшіру болып табылады. Мұндай жағдайда күн сәулесі өте көп түскен шоғырларда және шоқ гүлдерде зиянды жәндіктің жұмыртқаларымен жаңадан өсіп келе жатқан личинкалары қырылып қалады. Мұнымен бірге жүзімдік шыбықтарына арсенат кальций (қышқыл мышьяк кальций) себіледі немесе бүркіліп шашылады. Ең жақсы улы дәрі гексахлоран болып табылады. Жүзім түйін тастағанға дейін гексахлоранды пайдалануға болады. Тозаңдатып шашу үшін бор, ұнтақталған әк араластырылады және мөлшері 1 : 1 болуға тиіс.
Гехсахлоран (5 проценттік) тозаңдату әдісімен, сонымен бірге суспензия түрінде (сумен араластырылып) қолданылады, бір литр суға 30-35 г гексахлоран дустан араластыруға болады.
Шоғыр жапырақорағыш 3-4 рет ұрық салып өседі, сондықтан маусымда жүзімдікті үш немесе төрт рет өңдеуге тура келеді, әсіресе екінші және үшінші рет ұрық шығарған кездегі зиянды жәндіктерге қарсы күрес шаралары мейлінше күшті болуға тиіс.
Өңдеу жұмыстары жаппай жұмыртқа салған кезде жүргізіледі, бірақ алғашқы құрттардың пайда болуынан кешікпеуге тиіс, бұл жұмыс ұрық шығару алдында 7-8 күн бұрын аяқталады.
Жүзімдікті өңдеуді бастау мерзімі жазда көбелектердің пайда болуына және жұмыртқа салуына қарай, срндай-ақ жұмыртқадан құрттың шығуына қарай белгіленеді.
Кенелер. Жүзімдіктердің жапырақтарында кененің екі түрі кездеседі. Оның бір түрі - өрмекші кене, бұлар жапырақтың жоғарғы бетінде болады да, оны орап өрнектерін салады. Мұндай кенені жай көзбен көруге болады. Екінші түрі бұзғынша кене, бұл көзге көрінбейді, жапырақтардың тканьдерінде тіршілік етеді. Кененің екі түрі де жапырақты сорып, оны түсіріп тастайды.
Жүзімдіктің бұзғынша кенесі. Бұл кене «қышытпа» ден аталады, барлық жерде көп тараған жүзімдіктің жапырақтарының бүршіктеніп бұзылуына қарай бұл кененің бар екендігін анықтау оңай келеді. Жүзімдікте кененің түскендігінің белгісі дақтардан білінеді, әдетте, мұндай дақтар жүзімдіктегі бірнеше түпте немесе бірнеше қатарда болады. Кененің бұл түрі өте ұсақ келеді, оны тек микроскоппен ғана көруге болады.
Тіршілік әрекеттері. Бұзғынша кене бір жылдық жүзім шыбықтарының қабығы астында және ағаш жапырақтарында қыстайды. Жапырақ шыға бастағаннан-ақ жапырақтардың төменгі жағының тканьдерінде өсе бастайды.
Кене көптеген ұрық салып өседі. Кене жаздың екінші жартысында өте көп өніп-өседі, қатты зиян келтіреді. Жапырақтардың төменгі бөлегін кене сорып тастағандықтан жапырақтарға ойылған үлкен дақтар түседі. Кене түскен жапырақтарды киіз сияқты түк басады. Бастапқы кезде дақтардың түсі сарғылт болады. Бүршіктің түсі жапырақтан оншалықты өзгеше болмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін жарылған дақтар сарғайып, қоңыр тартады. Көп жағдайларда кене тез көбейеді. Жапырақтар бұзылып тесіледі. Жүзімдік бұталары семе бастайды, жапырақтары түседі, өнім мейлінше кемиді, жүзім кішкентай болып шығады, талдарының өсуі тоқтайды.
Күрес шаралары. 1. Қыс қарсаңында жүзім шоқтарын кескеннен кейін кесілген шыбықтарды жүзімдіктерден шығару керек, сонымен бірге жапырақтар тырмаланып жойылады.
2. Күзде жүзім шыбықтарын көмер алдында немесе көктемде ерте жүзім шыбықтарының бүршіктенуі алдында 5 г әк күкіртті қайнатып, шыбықтарға шашу керек.
3. Зиянды жәндік өте көп түскен бұталарға ұнтақталған күкіртті тозаңдатып шашу немесе 0,5 г күкірт қайнатып бүрку керек.
4. Көктемде жүзімнің бұталарын және жазда бұталарды тазартып кескеннен кейін оның қалдықтары жиналуға тиіс. Жүзімдікті көктей өңдеген кезде зиянды
жәндіктер түскен бұтақшаларды барлығын кесіп, жою қажет.
Антракноз. Бұл аурудың ошағы көбінесе ылғалды учаскелерде: үлкен арықтардың жағалауларында, жер астының суы жақын жерлерде болады. Ауру жапырақтарға, жидектерге және бұтақтарға түседі. Жапырақтарға 3 мм диаметрлі қоңыр қызыл түстес үшкіл дақ түседі, оның айналасында қарайған ою болады. Ауру күшейіп кетсе дақтар арасы бітіп, сіресіп кетеді. Жапырақтың дақ тускен орындары семіп, түсіп қалады.
Жидектерге, дөңгелек, кейде өзара бітіскен дақтар түседі. Ауруға шалдыққан жидектер піспестен, мерзімінен бұрын түсіп қалады. Өте-мөте қатерлісі бұтақтарға түскен оюдың ұлғайған түрі болады. Бұлардың дақтары аралығы және топтарының аралығы кейде тұтасады, сөйтіп үшкілденіп қалады. Мұндай ауру тұскен бұтақтар тез сынғыш келеді, суыққа төзімсіз болады.
Аурудың грибоктері саңырауқұлақ жіпшелері түрінде ауруға шалдыққан бұтақшалардың ішінде және сыртында қыстайды. Жүзімнің өсу кезіндегі ауру тарайтын қайнар бұлағы жазғы споралар болып табылады, бұлар өсімдіктің жер бетіндегі, дің бұтақтарының барлығына да жұққыш келеді.
Ауру ылғалды болғанда және 25-30 градустық теммературада тез өршиді. Антракноз ауруы әсіресе жүзімнің доғалы бөлігінде төселмелі дақылда өте тез кебейеді, аспалы жүзімде бұл аурудың көбеюі онша болмайды.
Күрес шаралары. Күзде жапырақтар түскен соқ ауруға шалдыққан бұтақшаларды кесіп ішінен жинап алып, оларды көктемге дейін отынға пайдалану керек.
Көктемде жерге көмілген жүзім шыбықтарын қазып шығарған соң бүршіктенгенге дейін жүзім шыбықтарын 3 проценттік темір тотияйынға қышқылт күкірт араластырып (1 литр суға 60 г тотияйынға және 2,5 текше метр күкірт қышқылын араластырып) жүзім шыбықтарына жағу немесе жүзім шыбықтарына бұл құрамды ерітіндіні тозаңдатып шашу керек. Өсімдіктің өсу кезінде жүзім шыбықтарына 0,5 г ИСО дәрісі бүркіліп шашылады немесе ұнтақталған күкірт болмаса, ұнтақталып әк араластырылған күкірт тозаңдатылады. Алғашқы өңдеу жұмысы көктемде жапырақ шыққанға дейін жүргізіледі де, екінші өңдеу жұмысы гүлдеу алдында және үшінші жолы гүлденгеннен кейін жүргізіледі.
Тозаңдатып шашудың орнына бір проценттік бордос сүйығын жоғарыда аталған мерзімдерде бүркіп шашуға да болады.
Церкоспориоз. Қөктемде жапырақтардың төменгі бөлігінде грибоктар пайда болады, бұлар жапырақтың төменгі бөлігіне біркелкі тарайды. Жапырақтың жоғарғы жағы бұл кезде сарғая береді. Грибоктар бұтақшаларға да, жидектердің теменгі жағына да түседі. Ауру грибогі күшті дамып кететін болса, бұталардың жапырақтарына және бұтақшаларға жасыл қоңыр түстес грибоктар шығады, бұлар диаметрі бір сантиметр ірі- ірі дақ болып орналасады.
Грибок жапырақтарда және жидектерде спора түрінде қыстап шығады.
Күрес шаралары. Күзде түскен жапырақтарды жинап, өртеу керек. Аурудың алғашқы белгілері біліне басталысымен-ақ 0,5 г ИСО дәрісін бүрку қажет, мұнан соң әр 15 күн сайын қайталап тұруға болады. Күзде немесе көктемде бүршіктелгенге дейін жүзім шыбықтарына 5 г ИСО бүркіліп шашылады.
Бактериялық рак. Жүзім шыбықтарының рагі немесе бұғалығы Қазақстан жағдайында оңтүстік аудандарында жиі кездеседі. Бұл аурудың қоздырғышы - бактерия. Ауру ең алдымен аспаларға және бұтақтарға түседі, тамыр мойындарына және тамырларға түсуі сирек болады, бұларға рак ісік сияқты болып келеді, оның көлемі жұдырықтай, тұсі ақ сары немесе күлгін болады. Ең алдымен ісіктің сырты тегіс, жұмсақ болып келеді де, сонан соң барып қатаяды, тамыр жүйелерімен тұтасады, көбінесе қос қабаттанып бітеді.
Ауру жүзім шыбықтарының өсуіне жол бермейді, жеке бұталарының өсуін тоқтатады, кейде өсімдік түгелдей апатқа ұшырайды. Бактерия өсімдіктің тканьдеріне еніп, шыбықтың жалпы құрылысын бұзады, содан барып шыбық жарылып кетеді. Бұл ауру бактериялық рак тараған питомниктен әкелінген екпе шыбықтардан тарайды. Мұнан соң ауру өсімдіктерді кескенде ауру шыбықтарды кескен құралдар арқылы сау бұталарға жұғады.
Күрес шаралары. 1. Екпе шыбықтарды аурудан аман бұталардан дайындау. 2. Жүзім бұталарын сынудан және суыққа шалдығудан сақтау. 3. Ауру түскен бұталардың бөлігін кесіп, онан соң өртеу. Егер бұтаның ауру түскен бөлігі өте көп болса, мұндай бұтаны жүзімдіктен мүлде жою қажет. Ауру бұталарды кескен соң, ағаш кескен құралдарды 10 проценттік формалин ертіндісімен дезинфекциялау керек.
4. Бұталардың ауру түскен бөлегін кескеннен кейін сол жерді 5 проценттік мыс нафтенаты ерітіндісімен майлау керек (күзде немесе көктемде бүршіктенгенге дейін).
Жоғарыда айтылған паразиттік аурудан басқа грибоктары немесе бактериялары болмайтын аурулар да жиі кездеседі. Бұған хлороз, күнге күю, жапырактың қызаруы, тары басқалар жатады. Көбінесе хлороз жиі кездеседі.
Жеміс пен жидектердің зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданатын химиялық және биологиялық препараттарды пайдалану жолдарына түсініктеме-таблица беріліп отыр. Бұл - ауыл шаруашылығында 1982-1985 жылдар ішінде қолдануға рұқсат етілген тізім бойынша алынды (1-кесте).
1-кесте. Инсектицидтер,акарицидтер, моллюскоцидтер
Препараттың аты |
Әсер ететін заттардың аты |
Шығын кг/га (л/га) нормасы |
Өңдеу объектісіндегі дақылдар |
Зиянды орзанизмдер немесе аурулар |
Тәсілі, өңдеу уақыты, шектелуі |
Өңдеудің соңғы мерзімі, күн |
Өңдеуді қайталаудың максимальды шегі |
|
препараттық |
әсер ететін зат |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Аскартан, 30%-ті концентратты эмульсия |
Дикофол+динокап |
3,0-4,0 2,0-3,0 1,6-2,0 |
0,9-1,2 0,6-0,9 0,48-0,6 |
Алма, алмұрт, алхоры, шие, жүзім, қарақат |
Кенелер -//- -//- |
Ағаштарға дәрі ерітіндісін бүркеу -//- -//- |
30 30 - |
2 2 2 |
Акрекс 50% дымқылданғыш ұнтақ |
Динобутан |
1,5-3,0 6,0-8,0 1,5-3,0 |
1,75-1,5 3,0-4,0 0,75-1,5 |
Алма, алмұрт цитрус тұқымдастар. Тошала, қарақат, таңқұрай |
Кенелер -//- -//- |
- вегетация уақытында, гүлдеу және өнімді жинағаннан кейін бүркеу |
20 20 -//- |
2 2 2
|
Актеллик 50%-тік концентратты эмульсия |
Пиримифосметил |
0,6-3,0 |
0,3-1,5 |
Таңқурай, қарақат, тошала, қой бүлдірген |
Қанкөбелек құмырсқа шыбын, жаукөбелек, жапырақорағыш өсімдік биті, қоңыздар |
Жидектерге вегетация уақытында бүрку |
20 |
2 |
Актеллик 50%-тік концентратты эмульсия |
Пиримифосметил |
0,6-3,0 |
0,3-1,5 |
Жүзім |
Жапырақорағыш, ұнқұрты, жапырақ биті |
Жидектерге вегетация уақытында бүрку |
20 |
2 |
Амбуш (пермасект) 25%-тік концентратты эмульсия
-//- -//- -//- -//- |
Перметрин
-//- -//- -//- -//- |
1,0-2,0
0,4-0,6 0,8-1,2 0,6-1,2 0,6-1,2 |
0,25-0,5
0,1-0,15 0,2-0,3 0,15-0,3 0,15-0,3 |
Алма
Шие Жүзім тошала
Қарақат |
Алма жеміс құрты, тіллакөбелек, алма жасыл биті Күйе нәресте жапырақорағыш және басқа зиянкестер Шие шабыны, жапырақорағыш, тошала шыбыны Жапырақорағыш, күйелер, биттер және басқа зиянкестер |
Жидектерге вегетация уақытында бүрку
-//- -//- -//- -//- |
20
15 25 20 20
|
4
1 5 2 2 |
Амифос 40%-ті концентратты эмульсия |
Амифос |
1,2-4,0 |
0,5-1,6 |
Жүзім |
Ұнқұрты, кенелер |
-//- |
25 |
2 |
Антио, 25%-тік концентратты эмульсия |
Формотион |
1,2-4,0 |
0,3-1,0 |
Алма, алмұрт |
Кенелер, бүргешіркей, жапырақорағыш, жеміс құрт, биттер сымырлар, жалған сымырлар |
Өсімдікке вегетация кезінде бүрку |
20 |
3 |
Антио, 25%-тік концентратты эмульсия |
Формотион |
1,2-4,0 |
0,3-1,0 |
Алхоры, шие |
Жеміс құрты, биттер, сымырлар |
-//- |
20 |
2 |
Антио, 25%-тік концентратты эмульсия |
Формотион |
1,2-4,0 |
0,3-1,0 |
Жүзім |
Жапырақорағыш, кенелер, жүзім ала көбелегі және басқа зиянкестер |
-//- |
20 |
2 |
Гардона – 50%-тік дымқылданғыш ұнтақ
-//-
-//-
-//- |
Тетрахлорвинфос
-//-
-//- |
1,6-4,0
1,6-3,0 1,6-3,0 1,6-3,0
1,2-2,0 |
0,8-2,0
0,8-1,5 0,8-1,5 0,8-1,5
0,6-1,0 |
Алма
Алмұрт Шие Алхоры Тошала
Қойбүлдірген |
Жеміс құрт, жапырақорағыш, жаукөбелек, құмырсқа шыбын және басқалар Жеміс құрт, Алмұрт кенесі, жапырақорағыш және басқалар Құмырсқа шыбын, Жеміс құрт, Құмырсқа шыбын, жеміс құрт, қанкөбелек. Құмырсқа шыбын, жапырақжегіш, бізтұмсық |
-//-
-//- -//- -//- -//-
Вегетация уақытында және өнімді жинағаннан кейін бүрку |
20
20 20 20 20
- |
3
3 3 3
2 |
Гардона, 75%-тік дымқылданғыш ұнтақ
-//- -//- -//- -//- |
|
1,1-2,6 1,1-2,0 1,1-2,0 1,1-2,0 0,8-1,3 |
0,8-2,0 0,8-1,5 0,8-1,5 0,8-1,5 0,6-1,0 |
Алма Алмұрт Шие Алхоры Тошала Қойбүлдірген |
Жеміс құрт, жапырақорағыш, жаукөбелек, құмырсқа шыбын Жеміс құрты, жапырақорағыш, алмұрт қандаласы Құмырсқа шыбын, жеміс құрт Құмырсқа шыбын, жеміс құрт, Қанкөбелек, Жаукөбелек Құмырсқа шыбын, жапырақжегіш, бізтұмсық |
Вегетация уақытында бүрку
-//-
-//-
-//-
Вегетация уақытында және өнімді жинағаннан кейін бүрку
-//- |
20 20 20 20 20 - |
3 3 3 3 2 2 |
УЛЫ ХИМИКАТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ
Егін өнімін түрлі арамшөптер мен зиянкестерден қорғауда минералдық тыңайтқыш пен химиялық препараттардың маңызы өте зор. Мәселен, Біріккен Ұлттар Үйымының мәліметі бойынша, әр жыл сайын дүние жүзінде түрлі есімдік зиянкестері мен ауруларынан 33 миллион тонна астық шығын болады екен. Мұның өзі дақылдардың бір жылда өсірген өнімінің бестен бір бөлігі деген сөз.
Ал бау, жидек, жүзім, картоп, көкөніс және бақша осімдіктеріндегі зиянкестер мен аурулардан болатын шығын астықтағыдан да артық болады.
Бұл кітапшада оқырмандарға қысқаша минералдық тыңайтқыштар мен улы химиялық препараттардың пайдасы мен зияны жөнінде анықтама беруді жөн көрдік.
Кейінгі 10-15 жыл органикалық химияның диқанға, егістіктің ежелгі қорқынышты жауы - арамшөптерге зиянкестер мен ауруларға соққы беретіндей, жаңа қару берген жылдар болды. 2,4-Д бұрынғыдай гербицидтердің бел ортасында болып арамшөптерді, зиянкестер мен ауруларды жоюда, ал инсектицидтер, яғни зиянды насекомдар мен ауруларға қарсы күреске арналған препарат (ДДТ) ең күштісі болды. Сөйтіп, диқанның ғасырлар бойы қажырлы еңбегін жоққа шығарып келген зиянкестерге қарсы күрестің жақсы құралы табылды.
Алғашқы кездің өзінде-ақ шыбынның личинкалары ДДТ-ның бір шаршы сантиметріне жағылған миллионнан бір бөлігіне жанасса болды, олардың өлетіні анықталды. Өсімдіктердің жауларымен химиялық күрестің тағы да бір ойда жоқ сыры анықталды. Ол зиянды насекомдарды жоюмен бірге бұл препарат пайдалыларын да қырып жойды.
Мәселен, бал арасын алайық. Қептеген жеміс ағаштары мен әр түрлі өсімдіктер егілген жеміс бауы үшін, міндетті түрде бал арасы бір гүлдің тозаңын екіншісіне жеткізуге тиіс. Әйтпесе олардың көктемгі бүкіл қоректілігі бос гүл төгумен аяқталады. Оның үстіне егістікті көптеген химиялык препараттармен, оның ішінде кейбір гербицидтермен, мысалы, 2,4-Д гербицидімен өңдеген де бал аралары жаппай қырылады.
Егіннің түсімін сақтаудағы химиялық қызметі мені ролін жоққа шығаруға болмайды. Органикалық гербицидтер мен инсектицидтерді кең көлемде қолдану жылма-жыл жүздеген тонна өнім өндіруге қол нтеткізді. Сондай-ақ бұл жерде өсімдікті химиямен қорғаудың көп мәні бар екенін атап өткен орынды.
Ал жағымсыз жағынан алғанда улы химикаттарды бақылаусыз қолдану шындығында да көп зардап шектіруі мүмкін. Демек, мұнан шығатын қорытынды: химия құдіретін егінді қорғауға қолдануға болады және қолдану қажет, алайда сонымен бірге бұл дүлей күшті ойланбай қолдану адамға зиян келтіру мүмкіндігін де естен шығармау керек.
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМДІ ҰЗАҚ УАҚЫТ САҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ
Осы мақсатта оларды көп өндірумен бірге, ұзақ уақыт сақтауды ұйымдастыруға үлкен көңіл бөліп отыр. Алайда олардың мерзімінен бұрын пісіп кетуінен, жемістерінің өсіріп, физиологиялық және паразит ауруына шалдығуынан, ең жетілдірілген жеміс қоймаларының өзінде де жемістердің едәуір шығынға ұшырауына жол беріліп, товарлық сапасы мен тағамдық құндылығы күрт төмендеп кетіп жүр.
Сондықтан да жеміс-жидек және жүзімді ойдағыдай сақтау мәселесі барған сайын зор маңызға ие болып отыр. Осыған орай жеміс-жидек және жүзімді жинаудың, тасымалдаудың, оларды тауар ретінде өңдеп, сақтаудың жаңа прогрессивті әдістерін жасап, кеңінен тәжірибеге енгізудің үлкен халық шаруашылық маңызы бар.
Жеміс-жидек және жүзім өнімдерінің сапалы сақталуы елеулі дәрежеде, оның пісуіне (жинау мерзіміне), жинау және товар ретінде өңдеу тәсілдеріне байланысты. Осы заңдылықты ескере отырып, белгілі бір объективті көрсеткіштеріне қарай өсіріліп шығарылған егіннің жалпы массасынан, жемістердің анағұрлым сақтауға төзімді бөлігін іріктен алып, ұзақ уақыт сақтау үшін пайдалануға мүмкіндік туады.
Жеміс-жидек және жүзімді сақтаудың белгілі бір факторларын (температура, ауаның біршама ылғалдығы, атмосфера құрамы, ауаның қозғалысы) дұрыс таңдап алып, оны қатаң жүзеге асырған уақытта ғана, жемістерді ойдағыдай сақтауды қамтамасыз етуге болады. Ол факторларды әр түрлі сорттың жемістері үшін ғана емес, тіпті бір ғама сорттың жемістері үшін де, олардың өсірілу жағдайына, жинау мерзіміне қарай сақталу ұзақтығын таңдап алу керек. Бұлай болмаған жағдайда жемістердің көптеген физиологиялық және паразит ауруларына шалдығуы мүмкін.
Жеміс-жидек пен жүзімнің биологиясы (физиологиясын, биохимиясын) мен сақтау техникасын терең де және жан-жақты білгенде ғана көп мөлшерде, ойдағыдай ұзақ уақыт сақтауға болады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Кітаптың бұл бөлімінде Қазақ жеміс-жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көп жылдық зерттеулеріңің нәтижелері, сондай-ақ біздің еліміздегі жоне шетелдердегі осы саладағы арнаулы институттар меп лабораторияларда жүргізілген зерттеулердің мәліметтері де пайдаланылады.
САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЖЕМІСТЕРДІ ЖИНАУДЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Алма мен алмұрттың әрбір сорттарына тән жинаудың ең қолайлы мерзімі бар, осы мерзім ішінде олардың тауарлық сапасы ең жоғары дәрежеде болады да, ұзақ сақталады. Жемістердің пісіп-жетілу дәрежесінің, оларды ойдағыдай сақтау үшін шешуші маңызы бар. Бір сорт жемістерінің пісіп-жетілу мерзімінің әр түрлілігіне қарай, сақталу дәрежесінің де әр түрлі болатындығы белгілі болып отыр.
Климактерийлік кезеңнен, бірнеше күн бұрын жиналған жемістер анағұрлым жақсы сақталады. Жемістерді жинаудың мерзімі олардың сортына, өсіріп шығарудың экологиялық және агротехникалық жағдайларына ғана емес, сондай-ақ өсіп-жетілу кезеңінің ерекшеліктеріне, топырақтың түріне, егуге, ағаштың жасына, шығымдылығына да байланысты болады. Сондықтан тәжірибе жүзінде жемістерді жинаудың ең қолайлы кезеңін анықтау оңайға түспейді.
Жемістерді ерте, сондай-ақ кеш жинау, оларды ұзақ уақыт сақтау талаптарына жауап бермейді. Тым ерте жиналған уақытта жемістердің көлемі қалыпты мөлшерге жетпейді, бояуы мен хош иісі шамалы болады, іші көк, дәмі шөп татып, ашқылтым болады. Мұндай жемістерді сақтаған кезде салмағын елеулі түрде жоғалтқандықтан, күнінен бұрын солады, күйік, ашқылтым ойық ауруына көбірек шалдығады, суықтан өзегі қоңырқай тартып, қолдан реттеп отыратын газды ортада сақтағанда қабығы қоңырайып кетеді.
Тым кеш жинағанда жемістің сабағынан үзіліп түсуі салдарынан өнімінің шығынға ұшырауы байқалады, жемістер бұтақта тұрып-ақ мөлдір нәрсіздік ауруына шалдығады, ал сақтаған кезде ондай жемістер үсікке, қара куйе шірігіне, ұндай үгілгіштік ауруына шалдыққыш келеді. Мұндай жемістер сақтаған кезде тез пісіп, ескіріп кетеді, дәмдік және тауарлық сапасын жоғалтады.
Кешігіп жиналған алмұрт жемістерінің өзегі қоңырқай тартып бұзылады. Осыған байланысты ең қолайлы мерзімді белгілеудің маңызы зор және ұзақ уақыт сақтау үшін жалпы өнімінің ішінен ең қолайлы мерзімде (климактерийлік кезең алдында) жиналған жемістерді пайдалануы керек. Бұл мерзімнен кеш жиналған жемістерді орташа және қысқа мерзімге сақтау үшін пайдаланған жөн.
Осының негізінде тіпті бір бақтан жиналған бір сортқа жататын өнімдердің өзін де пісіп-жетілу дәрежесіне қарай жинау мерзімнің арасы 3-5 күннен асқайтындай етіп, бір бөліп жекелеген жәшіктерге немесе үлдіріктерге орналастыру керек. Ал тым кеш жиналған жемістерді сақтауға болмайды, оларды сатуға, тез тұтынуға пайдаланады.
Жеміс-жидек және жүзім жинаудың ыңғайлы мерзімін анықтау, әдетте көрсеткіштер комплексі бойынша жүргізіледі: жемістің негізі және қабығының бояуына, жемістің өз сүрегіне орнығу беріктіктігіне, дәнінің түр-түсіне, құрамындағы крахмадына, жемістердің жасына және басқаларына қарай анықталады.
Жемістің негізі және қабығының бояуы. Жемістердің пісіп-жетілу барысында онын. (Ренет Бухардта, Ренет (Симиренко, Ренет Ландсберг, Голден Делишес, т. б.) бояулы хлорофильдің біртіндеп ыдырап, бояушы пигменттердің пайда болуы нәтижесінде (ксантофилл) көкшіл қара түстен сары түске дейін өзгеріп отырады. Алманың көптеген сортын жинаудың ең қолайлы (уақыт) мерзімін түр-түсінің өзгеруіне қарап анықтауға болады.
Мұндай сорттардың жемістерін ұзақ уақытқа сақтау үшін, олардың түсінде көкшіл бояуы басымдау келетін, көгілдір сары болған кезде жинау керек. Олардың түсі сарғылтым бола бастаған кезде, орташа мерзімге сақтау үшін қалдырады, ал әбден сарғайып кеткен жемістерді сақтауға болмайды.
Сақтауға жинаған кезде жемістердің негізгі түсін және қабығының бояуын есепке алу керек.
Бояуы қызыл түсті жемістер үшін бұл көрсеткіштерді үнемі қолдана беруге келмейді, өйткені оның бояуы алдымен, оны қоршаған ауаның ылғалдығы мен температурасына байланысты болады.
Ал алмұрт жемістері үшін негізгі бояу түрінің көрсеткіштерін пайдалануға мүлде болмайды.
Жемістің бұтағына орнығу беріктігі. Алманың көптеген сорттарының жемістері әбден пісіп кеткен кезде ағаш бұтағынан үзіліп түседі, ал піспеген көк жемістерді жинаған кезде оның жұлынған орны тегіс болмайды. Жемістер әбден пісіп кеткен кезде сәл қозғасаң болды үзіліп түсе бастайды. Бірақ бұл белгі алмұрт жемісінің піскен-піспегенін білдіре алмайды.
Алмұрт жемісі бұтағынан оңай жұлынатын болса, бұл оның әбден пісіп кеткендігін білдіреді. Бұл көрсеткішті Алматинская красная алмасы үшін де мәні шамалы, өйткені ол жинайтындай пісу дәрежесіне жеткенде де бұтағында берік сақталады. Алманың Апорт, Генет Бурхардта, Заря Алатау, Заилийское сорттарын жинағанда осыларды ескерту керек.
Дәнінің түр-түсі. Жемістердің пісіп-жетілуіне қарай, олардың дәні қоңырқай немесе қара түске енеді. Әдетте, жемістерді дәнінің 3/4 бөлігі қарайған кезде жинау керек деп есептейді. Алайда дәннің бояуына әсерін тигізетін факторлар көп, кейбір сорт дәндері пісіп-жетілуінің қолайлы кезеңі тумастан көп бұрын қоңырқай түске енеді, әлбетте, сондықтан бұл көрсеткішті негізгі көрсеткіш ретінде пайдалануға болмайды.
Жеміс құрамындагы қант пен қышқылдар және олардың арақатынасы да, жемістердің әбден пісіп-жетілгендігінің объективті көрсеткіштері бола алмайды, өйткені жыл жағдайына қарай олардың мөлшеріндегі ауытқулар тым үлкен болады. Бұл көрсеткіштердің жүзім және цитрус тұқымдастары үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жемістердің дәмі мен тығыздығы. Тәжірибелі мамандар бұларды пісіп-жетілу кезеңін анықтау үшін пайдалана алады. Белгілі бір сорттардың шөп татыған және ашқылтым дәмінің жойылып, олардың өзіне тән дәмінің қалыптасуына қарап жинаудың ең қолайлы кезеңін белгілеуге болады.
Жеміс құрамындағы крахмал. Жемістердің өсіп-жетілу кезінде оның құрамындағы крахмал мөлшері көбейеді, ал жеміс піскен кезде олар қантқа айналады да крахмал мөлшері азаяды. Крахмал мөлшерінің өзгеруіне қарап жемістерді жинау мерзімін анағұрлым объективті түрде анықтауға болады. Ол үшін жеміс дәнінің ортасынан тіледі де тілінген жерді йод және йодты калийдің су ертіндісімен (5 г К1 және 5 г І2 0,5 мг сүзіліп тазартылған суда) бояйды. Крахмалға бай (толық) піспеген көк жемістердің үсті түгелге жуық көгілдір түске бөленеді. Жемістің пісіп-жетілуіне қарай ортадан бастап, әлгі көгілдір түс азая бастайды, ал жеміс әбден піскенде әлгі кесілген жердің беті ақ немесе сарғыш-қоңырқай қалпында қала береді.
Осы көрсеткішке қарап, жемістерді жинаудың ең қолайлы мерзімін анықтау үшін, байқаудан өтетін жемістерді белгілеп отырған жинау мерзімінен 2-3 жеті бұрын жинай бастайды және әрбір 2-3 күн сайын бояуының түсіне қарап жемістерде қанша крахмал барын анықтайды.
Крахмал мөлшерін анықтау үшін оның ең көп мөлшерінен 2/3-ке дейін азайғанша, анализді жүргізе береді. Осы мезгілді жемістерді жинаудың ең қолайлы кезеңі деп есептеу келісілген. Дәннің кесілген бөлігінің бет жағы, негізінен шет жағынан бастап бояуын өзгерте бастайды, ал өзегі таза күйінде қала береді. Алмұрт үшін оны жинаудың ең тиімді мерзімі оның құрамындағы крахмал ең көп мөлшерінің 60%-ке жуық болған кезі деп есептеледі.
Ауаға ұшып кететін хош иісті заттардың сандық және сапалық құрамы. Жемістерде ауаға ұшып кететін хош иісті заттардың пайда болуы, оның пісіп-жетілу дәрежесіне тікелей байланысты. Мәселен, жемісті жинар алдында метил эфирі мен 2,4 декадиенді қышқыл эфирінің пайда болуы, алмұрт жемісін жинаудың ең қолайлы мерзімін анықтау үшін, керекті объеқтивті белгі болуы мүмкін, ал бутилацетаттың пайда болуы - алма жемісін жинаудың ең қолайлы мерзімі туғандығын көрсетеді.
Гүлдеуден жинауға дейінгі уақыт аралығы. Бұл уақыт гүлдеу мерзіміне, жеміс ағашының түсімділігі мен жасына қарай өзгеріп отырады. Ерте гүлдеу жемістердің вегетативтік өсу мерзімін бірсыпыра ұзартады, ал кеш гүлдеу, бұған керісінше, оны қысқартады.
Соған қарағанда, алма мен алмұрт жемістерін, жинаудың ең қолайлы мерзімін қандай да болсын бір ғана көрсеткішке қарап анықтауға болмайды екен, ол үшін көрсеткіштер жиынтығын пайдалану ұсынылады.
Алмұрт жемістерінің құрамында крахмал бар кезде жинаған тиімді.
В. А. Гудковскийдің тәжірибесіне қарасақ Қазақстанның оңтүстігі, мен оңтүстік-шығыс жағдайында жемістерді сортына қарай сақтау үшін, жинаудың ең қолайлы кезеңі мынадай болуға тиіс: Апорттікі – 10-15 күн, Ренет Бурхардтанікі - 7-10 күн, Заилийский сортынікі – 5-7 күн, Заря Алатаудікі – 10-12 күн, Голден Делишес, Алматинская красная, Ренет Ландсберга мен Ренет Хшмиренколар үшін 15-20 күн.
Бұл мерзімдердің жемісті өсіріп шығарудың экологиялық және агротехникалық жағдайларына, топырақ түріне, тұрған жеріне, жеміс ағаштарының жасына, түсімділігіне, егу түріне, өсіп-өну кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Осы себептерге орай бір шаруашылықтың территориясында бір сорттың жемістері әр түрлі мерзімде пісіп-жетілуі мүмкін. Жас бақтардан өнімді аз беретін немесе тасталған жерге өскен, сондай-ақ жеміс ағаштары нашар жетілген бақтардан жемісті неғұрлым ертерек жинау ұсынылады.
Жемістерді жинау - бау шаруашылығы бойынша жүргізілетін жалпы жұмыстар комплексінің ішіндегі маңызды да жауапты кезең. Үй іргесіндегі учаскеде бауы бар адамдар қызметінің түпкі нәтижесі, көбіне-көп жеміс жинауды сапалы, әрі дер кезінде өткізуге байланысты.
Ұзақ уақыт сақтау үшін жемістер тиісті дәрежеде пісіп-жетілген және тауарлық сапасы да жоғары болуы керек. Жемістердің денесіне түскен қаңдай да болмасын зақым (тесік, соғылу, жеміс жейтін жәндіктер түсірген зақымдар, таз қотыр, жеміс сабағының жоқтығы), жемістердің қара күйе шірігі ауруына ерте шалдығуына және оларды сақтау мерзімінің күрт қысқаруына соқтыратындығын көп жылғы зерттеулер көрсетті (2-таблица).
2-кесте. Апорт жемістері сапасының сақталғыштыққа тигізетін әсері (сақтау температурасы 30С)
Жемістердің тауарлық сапасы |
Бақылау күндері |
||
26-XI |
20-ХІІ |
30-І |
|
стандартты жемістер шығыны, % |
|||
Стандартты |
100 |
96,9 |
92,7 |
Жеміс сабағынсыз |
98,5 |
97,1 |
82,3 |
Сызаттары бар |
88,2 |
77,9 |
- |
Сызаты жок жылтыр |
99,1 |
96,5 |
90,7 |
Тазы және сызаты бар |
92,3 |
84,1 |
- |
Басылған |
97,6 |
94,1 |
85,8 |
Тесігі бар |
75,8 |
- |
- |
Жеке меншік талабына сай ұзақ уақыт сақтауға тек қана жоғарғы және бірінші сортты жемістер салу ұсынылады. Жинап алуды дер кезінде ұйымдастыру жемістердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Ұзақ уақыт сақтау үшін жемістерді ең қарапайым құралдарды қолдану арқылы, жемір жидайтын сумкаларды пайдалану арқылы, жемістерді сатылап қолмен жинау дұрыс.
Жеміс жинайтын жең-сумка, зат орайтын тығыз матадан немесе брезенттен жасалады. Жоғары жағынан 6-8 миллиметрлік сымнан істелген қатты тірекке бекітіледі. Жеміс жинаушы оны жалпақ бауынан иығына іліп алады, сумканың төменгі жағында ілгегі бар. Сыйымдылығы – 7-9 кг.
Жеміс жинайтын сумка жемістерді ағаштан екі қолмен бірдей жинап, оны ыдысқа тез төңкеруге мүмкіндік береді. Одан жеміс сапасы төмендемейді.
Мұндай сумкаларды ағаштың төменгі бұталарынан жеміс жинағанда пайдалану анағұрлым тиімді, ал жемісті ағаштың жоғарғы жақ басынан жинағанда, қатты темір қаңқалы жеміс жинайтын сумканы немесе түп жағы ашылатын пластмасса шелектерді пайдаланған қолайлы, бұларды ағаштың төменгі сатысынан жеміс жинау үшін де ойдағыдай пайдалануға болады.
Бау столшасы ағаштың басындағы жемісті жинау үшін қолданылады. Биіктігі 1,5-2,0 м. Алдыңғы жағы жіңішкере келген. Мұндай столшаларды жасап алуға болады. Жемістерді ағаштың төменгі қабаты жинау үшін ЛС-2 және басқа алюминий басқыштарды пайдаланады.
Ағаштың төменгі жағынан жемісті жоғары бұтақтағыларына қарағанда 1-2 күн бұрын да, сондай-ақ бір мезгілде де жинауға болады. Ұзақ уақыт сақтауға тименгі қабатынан жиналған жемістерді салған абзал, өйткені олар физиологиялық ауруларға, әсіресе ойық жопе өзегінің мөлдір тарату ауруына төзімді келеді.
Жемістер тірі организм болып табылады және аналық ағаштан жиналып алынғаннан кейін де өзінің тіршілігін тоқтатпайды. Жинап алғаннан кейінгі кезеңде өтетін процестердің жиынтығы жемістердің тым пісіп кетуіне, ескіруіне және құруына әкеліп соқтырады. Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда жемістерді сақтау, жинап алғаннан кейінгі кезеңде, олардың жоғары тонарлық сапасы мен дәмдік құндылығын жоймай отшрып, аз шығынмен ғұмырын ұзарту болып табылады.
Жинап алғаннан кейін жемістерге су да, қоректік заттар да берілмейді. Оларды қоршаған ортамен зат алмасуы, оттегін жұтып, көмір қышқыл газын, су, жылу меп ауаға ұшқыш органикалық заттарды бөліп шығаруынан көрінеді. Бұл физиологиялық процесті тыныс алу деп атайды.
Аналық ағаштың өсіп, тыныс алып тұрған кезінде жиналған энергия бөлініп шығады және ол физиологиялық-биохимиялық процестерге жұмсалады. Бұл энергия ішкі процестерге ішінара ғана пайдаланылады, оның едәуір мөлшері жылу түрійде бөлінеді. Тыныс алған кезде аса күрделі физиологиялық-биологиялық 1 процестер қатар жүреді, ал запас пластикалық заттардың шығындалуына және қосындылардың пайда болуына оксліп соқтырады, алайда метаболизмнің жалпы тепе-теңдігі төмен, сондықтан ол түптеп келгенде жемістердің ескіріп, құруына әкеліп соқтырады.
Тыныс алудың интенсивтілігі, жемістердің пісіп-жетілу шапшаңдығының, ескіру және оларды сақтау (өмірін ұзарту) мерзімінің объсктивті көрсеткіштерінің бірі болып табылады және ол не бөлініп шыққан көмірқышқыл газының, не сіңірілген оттегінің санымен белгіленеді. Ол көптеген факторларға: жемістің физиологиялық жай-күйіне, нақты сортына, өсіріп шығару жағдайына, сақтаудың әдістері мен тәртібіне байланысты. Жинап алынғаннан кейінгі кезеңдегі биосинтетикалық процесстердің ең күшті активтігімен тұтас келетін, тыныс алудын ең жоғарғы көтерілетін уақытын климактерийлік кезең деп атайды.
Тыныс алу интенсивтілігінің өзгеру сипатына қараи, жемістердін өсіп-жетілу кезеңін үш сатыға бөледі: 1) тыныс алу деңгейі төмен, климактерий алдындаға саты; 2) тыныс алу өзінің ең жоғарғы дәрежесіне дейін жететін климактерийлік саты; 3) тыныс алу интенсивтілігі төмендейтін климактерийден кейінгі кезең.
Тыныс алудың климактерийлік жоғарғы сатыға көтерілуі жемістердің пісіп-жетіліп, енді ескіру және ыдырап-шіру кезеңіне аяқ басқандығын көрсетеді, тыныс алу интенсивтілігі жоғары болған сайын, яғни жинап алғаннаи кейінгі пісіп-жетілу процестері интенсивті өтуіне қарай, жемістер соғұрлым ескіру және толықтай ыдырап шіру (кұру) сатысына тез аяқ басады.
Сондықтан да жемістерді сақтаудағы негізгі міндет, жемістердің климактернйлік сатысын кері шегеріп, олардың тіршілігін (сақтау мерзімін) соза түсу үшін, олардың жинап алғаннан кейінгі кезіндегі тіршілік процесін барынша баяулату болып табылады. Мұнда әрине зат алмасудың тепе-теңдігі бұзылмауы керек.
Жемістердің тыныс алу интенсивтілігін температурасының белгілі бір дәрежесі және атмосфераның құрамы арқылы белсенді тұрде реттеп отыруға болады.
Температура. Температурасының төмендеуі, жемістердің тіршілігін интенсивті түрде баяулатады, ал оны 10°С арттырған сайын жемістердің тыныс алу интенсивтілігі орта есеппен 3 есе өседі.
Алма мен алмұрт жемістерін ұзақ уақыт сақтауды, олардың үсу нүктесінен бірсыпыра жоғары температурада жүзеге асыру қажет деп есептеледі. Көп жылғы зерттеулердің нәтижесіне Қарағанда, алманың кейбір сорттары жемістерінің ұзақ уақыт бойы (3-6 ай), белгілі бір дәрежедегіден төмен температурада ұсталуы, ол температура оның үсу нүктесінен жоғары бола тұрса да, зат алмасуының бұзылуына және бірқатар физиологиялық аурулардың (үсік, төменгі температурада бұзылу және басқалары) дамуына әкеліп соқтырады.
Атмосфера құрамы. Жемістердің тіршілік процесін белсенді түрде тежей алатын елеулі фактордың бірі, атмосфераның химиялық құрамы болып табылады. Егер жеміс сақталған атмосфераның құрамындағы көмір қышқыл газын (сортына байланысты) 3-10% дейін көбейтіп, оттегінің жиналуын 2-3%-ке дейін азайтса ондай жемістердің өмір тіршілігі өзгерілген атмосферада, кәдімгі атмосферадағымен және температурасының бірдей жағдайындағымен салыстырғанда 2-8 есе темендейді.
Бұл жемістердің тіршілік продесін елеулі дәрежеде ісжеуғе және сақтаудың барлық факторлары қолайлы болған жағдайда, олардың сақталу мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Ғылыми мәліметтер мынаны көрсетеді оттегін бір жақты азайту да, сондай-ақ көмір қышқыл газын бір жақты көбейту де, тыныс алу интенсивтілігін төмендетеді, алайда жемістерді сақтау атмосферасында бір мезгілде оттегін азайтып, көмір қышқыл газын көбейтсе, анағұрлым жоғары тиімділікке жетуге болады.
Сақтау процесі кезінде жемістерге хош ніс беретін қосындылардың (спирттер, эфирлер, альдегидтер, қышқылдар) шоғырлануы артады. Хош иісті заттарды бөліп шығару интенсивтілігі, жемістердің түріне, нақты сортына, өсіп-өну жағдайына, пісіп-жетілу дәрежесі мен сақтау тәртібіне орай өзгеріп отырады.
Жемістердің хош иісті ең көп болып шығаратын уақыты, оның әбден пісіп-жетілетін кезеңімен тұтас келеді. Жемістердің хош иісті заттарды бөліп шығару интенсивтілігі, тыныс алу және жемістердің этиленді бөліп шығару уақытымен салыстырғанда біршама кейінірек көрінеді.
Жемістердің тканінде кейбір спирттер мен эфирлер (гексанал, октенол, гексилацетат, октилецетат және басқалары) шамадан тыс мөлшерде жиналған кезде, физиологиялық аурулар байқалады. Гексанал мен гексилацетаттың мөлшері көбейіп кетсе, жеміс үсік ауруына тез шалдығады. Белгілі бір қосындылардың (пентилацетат, гексилацетат, октилацетаг, пентанол, гексанал және октанол) жемістер қабығын мезгілінен бұрын қарайтып жіберуі мүмкін. Спирттер (метанол, этанол, гексанал) мен олардың ацетатты эфирлерінің көбірек шоғырлануы жемістердің тыныс алу интенсивтілігінің артуына жәрдемдесетіндігі дәлелденді.
С02-ның тым көп шоғырлануы да, сондай-ақ О2-ның төмен болуы да, әсіресе олардың біріккен құрамының (С02-10%, 02-3%) мицелидің өсуіне кері әсер ететіндігі анықталды.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы. Жемістердің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің бір формасы ылғалдың булануы болып табылады, Жемістер ылғалды шамадан тыс көп жоғалтатын болса, бұл олардың кеуіп-семуіне, табиғи төзімділігін жоғалтуына, мерзімнен бұрын бұзылуына әкеліп соқтырады.
Сондықтан да қажетті температура параметрлері мен атмосфера құрамын қамтамасыз ету сияқты ауаның салыстырмалы ылғалдылығын белгілі дәрежеде ұстаудың да маңызы зор.
Сонымен, температура, атмосфераның құрамы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жемісті сақтаудың негізгі факторлары.
Алайда жемісті сақтауда әрбір сорттың немесе сорттардың белгілі бір тобының жемістері үшін және пісіп-жетілу дәрежесі мен сақтау мерзіміне қарай, тіпті бір сорттың жемістері үшін де дара-дара температура режимін жасағанда ғана табысқа жетуге болады.
Қазір жемістерді сақтаудың көбірек назар аударуға тұрарлық екі әдісі бар, Олар: жасанды салқындату арқылы кәдімгі атмосферада сақтау және қолдан реттеп, ажыратып, газды орта жағдайында сақтау. Бірінші әдіс жекелеген үйлерде, үй іргесіндегі учаскелерде соңғы уақытта кең қолданып жүр.
АЛМА МЕН АЛМҰРТ ЖЕМІСТЕРІН САҚТАУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Температура сақтау ұзақтығын айқындайтын ең маңызды фактор болып табылады, өйткені ол сақтаудағы жемістердің бойында болып жататын бүкіл физиологиялық өзгерістердің интенсивтілігіне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да әрбір сорттың немесе сорттардың белгілі бір тұрлерінің жемістерін сақтау үшін, сорттың физиологиялық ерекшеліктерін өсіріп-шығару жағдайларын, сақтау ұзақтығын және жинау мерзімін есепке ала отырып, температураны таңдап алу керек.
Алма мен алмұрт жемістерінің сақтау кезінде, шығынға ұшырауының негізгі себептері, олардың мерзімінен бұрын артығырақ пісіп кетуі, паразит және физиологиялық ауруларға шалдығуы болып табылады. Сондықтан да әрбір сорттың жемістерін сақтауға ең қолайлы температура деп, пісіп-жетілу процесінің баяулауы интенсивті түрде жүретін, қара күйе шірігін негізгі қоздырғыштардың өсуін және дамуын тежейтін тиімді температураны айтамыз. Мұндай жағдайда үсікке шалдығуға жол бермейді.
Қөптеген сорттар жемістерін ұзақ уақыт сақтауды, оларды қатыруды бірсыпыра жоғары температурада жүзеге асыру керек. Алманың сортына, өсіріп-шығару жағдайларына және пісіп-жетілу дәрежесіне қарай сақтаудың қолайлы төменгі (криоскоптическая) температурасы 1,6°С мен 2,2°С аралығында болады. Ренет Симиренко, Ренет шампанский, Джонатан, Розмарин белый жемістерінің орташа сақталу температурасы ми- нус 1,8-ден 2,1°С-ға дейін болады. Төменгі температура жағдайында сақтау мерзімі аяқтала келгенде жемістерінің химиялық құрамындағы негізгі компоненттер жақсы сақталады, бұл олардың дәмдік құндылығын арттырады.
Температураның төмендеуіне байланысты жемістердің жинап алғаннан кейін пісуі мен ескіруі тоқтайды жане олардың қара күйе шірігіне шалдығуы күрт төмендейді. Мәселен, көп жылдық мәліметтер бойынша, апорт жемістерін 0,4 және минус 2°С температурада 1,5 ай сақтағанда, қара күйе шірігіне шалдығуы, бұларға сәйкесті - 33,04 және 15,2% болады.
Төменгі температура күйік, ашқылтым ойық және Джонатан дағы сияқты физиологиялық аурулардың дамуын тежейді. Мәселен, Бельфлер алмаатинский жемістерінің минус 2°С және 4°С температурада сақтағанда 8 айдан кейін күйік ауруына шалдығуы тиісінше мынадай болды: 1,17; 3,50 және 62,83%. Заря Алатау алмасы жемістерін 20°С температурада сақтағанда, ашқылтым ойық ауруының бастапқы белгілері 12-15 күннен кейін біліне бастайды, ал 4°С температурада сақтағанда 2-3 айдан соң, ол 0°С минус 1°С температурада сақтағанда 3,5-4 айдан кейін байқалады.
Көп жылғы зерттеулер уй іргесіндегі учаскеде жүргізілген тәжірибе (автордың) мен өндірістік тәжірибе арқылы, алманың көптеген сорттары ушін (Берненский грушовка, Делишес, Голден Делишес, Заря Алатау, Кандиль синап, Мекинтош, Розмарин белый, Ренет Ландсберга, Ренет Бурхардта, Желтый синап, Северный синап, Пепинка литовская және басқалар) жемістерін ұзақ уақыт сақтағанда да шығыны аз болып, жоғары тауарлық сапасы мен дәмдік құндылығын жоғалтпайтын, ең қолайлы температура минус 1°С-қа таяу температура екендігі (жеміс температурасы) дәлелденді.
Температураның онан әрі төмендеуі қауіпті, өйткені оның 1-1,5°С аралығында ауытқуы жемістерді суық соруына (соғуына) әкеліп соқтыруы мүмкін. Сақтау температурасын тіиті 0°С-қа дейін көтергеннің өзінде, алманың кейбір сорттарының сақтау мерзімі 1-2 айға қысқарады, ал оны 4°С-ға дейін жеткізгенде көптеген сорт жемістерінін, әсіресе күйікке шыдамсыз Розмарин белый, Бельфлер Алма-атинский, Желтый синап және басқаларыньщ сакталу мерзімі жартылаи, тіпті одан да көп қысқарады.
Әрбір сорттың жемістері үшін температурасының қолайлы денгейін тек көп жылғы тәжірибенің және жер үй іргесіндегі учаскеде байқаудың нәтижесінде ғана белгілеуге болады. Қыстық және Ренет Симиренко жемістерінің іші жәке Румянка алма-атинская алмасының өзегі төменгі температура жағдайында 4-5 ай сақталғаннан кейін қоңыр тартады.
Төменгі температурада жемістердің ішінің қоңыр тартқыштығы, көбіне-көп оның өсу жағдайына және пісіп-жетілу дәрежесіне байланысты болады. Пісіпжетілудің климактерий сатысындағы жемістер бұл ауруға анағұрлым шалдыққыш келеді. Зерттеу жүргізілген жылдары Алма-атинское зимнее алмасын 0°С температурада сақтағанда оның ішінің қоңыр тартуы 0,4%, ал минус 2°С температурада сақтағанда 85,6% болып ең жоғары деңгейге жетті.
Егер жемістерді 3-4°С температурада сақтаса, олар іс жүзінде үсік ауруына шалдығады да сақтау мерзімі қысқарады.
Салқындық ауруына шалдыққыш сорттар жемістерінің кейбір лектерін төменгі температура (0-ден минус 1°С-қа дейін) жағдайында, ойдағыдай сақтауға болатындығын көп жылғы зерттеулер дәлелдеді.
Қелтірілген мәліметтер төменгі температурадағы ақауларға жемістердің тек белгілі бір бөлігінің ғана шалдыққыш келетіндігін көрсетеді және олар, ең алдымен, климактерий сатысындағы жемістер.
Сонымен бірге алманың кейбір сорттары жемістерінің белгілі бір деңгейдегі температурадан төмен жағдайда, ол қату нүктесінен жоғары болса да, ұзақ уақыт (3-6 ай) сақталуы жемістерді «салқындық ауруына» (үсік, жеміс ішінің суықтан қоңыр тартуы, өзегінің қоңырқай тартуы) әкеліп соқтырады. Бұл көбіне-көп сақтау мерзімін қысқартудың басты себебі болып табылады. Сақтау кезінде мұндай ауруларға алманың Апорт, Алма-атинское зимнее, Антоновка обыкновенная, Джонатан, Ренет Симиренко, Ренет шампанский, Ренет Казахстана, Румянка алматинская алмасы сияқты және басқа да сорттары анағұрлым шалдыққыш келеді.
Жемістердің үсікке шалдыққыштығы өсіріп шығару жағдайына да байланысты болады. Шымкент облысы Түлкібас ауданының Мичуринда өсірілетін Апорты ауруға шалдықтайды деуге болады, ал Алматы және Жамбыл облыстарының шаруашылықтарына өсірілген Апорттар бұған шалдыққыш болып шықты (1975 ж). Мұндай заңдылық Джонатан алмасы тұқымдары арқылы да дәлелденеді.
Шымкент облысының «Қапланбек» совхозында өсірілген осы сорттың жемісі үсікке төзімді болды, ал Алматы облысының шаруашылықтарында өсірілгендері керісінше төзімсіз болып шықты. Сөйтіп, бір сорттық жемістері үшін сақтау температурасын жеміс өсірілетін жерді (оның жағдайын) ескере отырып, таңдап алу керек болады. Өсіп-өндіру жағдайларын еске ала отырып, пісіп-жетілудің климактерий сатысы алынды және одан кейін жиналған жемістер іс жүзінде мұндай ауруларға шалдықпайды. Бұдан басқа бұл аурулардың өршуі жемістер ұзақ уақыт төменгі температура (1-ден минус 1°С дейін) жағдайында болғаннан кейін ғана байқалады.
Осыны ескере отырып, төменгі температурадағы ауруларға шалдыққыш келетін сорттар үшін сақтау температурасын төмендегіше таңдагі алу керек. Пісіп-жетілудің климактерийлік дәрежесіне дейін жиналып алынған жемістер тобын 0-ден минус 1°С-қа дейінгі температурада сақтаған қолайлы.
Пісіп-жетілудің климактерийлік сатысында (тұтыну, пісіп-жетілу) жиналған жемістерді, төменгі температуралық аурулардың жасырын даму фазасының орташа кезеңінен, шамамен бір айдай қысқа мерзімге сақтауға болады. Жемістердің бұл тобын температура 2-4°С болған жағдайда анағұрлым ұзақ сақтауға болады.
Тіпті бір сорттың жемістері үшін де сақтау температурасын өсу жағдайына, пісіп-жетілу дәрелсесі мен сақтау мерзіміне қарай бұлайша саралап таңдап алу, паразит және физиологиялық аурулардан болатын шығындарды барынша азайтуға және олардың мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Кестеде көрсетілген сақтау мерзімі қоймаға салынатын жемістердің сапасына байланысты өзгеруі мумкін, ал сапаның өзі өсіріп шығару жағдайларына және жинап алу мерзіміне байланысты болады. Алма жемістерін сақтау мерзімін шектеудің негізгі себептері жемістердің физиологиялық және паразит ауруларына шалдығуы және олардың сапасының төмендеп кетуі болып табылады.
Алмұрт жемістерін сақтау температурасы. Алмұрттың барлық сорттарының жемістері де салқындық ауруларына төзімді келеді, сондықтан да оларды ұзақ уақыт сақтаудың ең қолайлы температурасы деп қату нүктесінен сәл жоғары температураны есептеу қажет.
Жемістердің орташа қату темиературасы минус 2,1°С-ға тең. Алмұрт жемісін үсікке ұрынудан сақтау үшін оны минус 1-1,5° С температурада (жемістер температурасы) сақтау ұсынылады.
Алмұрттың орман ауруына төзімділігі шамалы сортының жемістерін сақтау мерзімі минус 2°С температурада (ауа температурасы) 3-4 ай, 0°С - 2 ай, ал 4°С - бір айдан аспайды. Осы мәліметтерге қарағанда, температура деңгейі сақтау ұзақтығын қамтамасыз етудегі шешуші фактор болып табылады. Талгарская красавица атты алмұрттың жемістерін минус ГС температурада 5-6 айға дейін сақтауға болады. Минус 10С температурада сақталғандағы жемістің шығыны, 0°С температурада сақтағандығынан 9,5% аз, бұл алмұрт жемістерін сақтаудың температурасын, ұсынылып отырған шекте сақтаудың маңызды екендігін дәлелдей түседі. Температураны небары бір градус көтеру шығынды күрт көбейтіп жібереді.
Алмұрт жемістерін сақтаудың ұзақтығы, едәуір мөлшерде жинап алу мерзіміне байланысты болады. Өте ерте жиналған жемістер, кезінде жиналған жемістерге қарағанда шірігіш келеді. Кеш жиналған жемістердің сақтау кезеңінде өзегі қоңыр тартып кетеді және микробиологиялық бұзылыстарға ұшырағыш келеді.
Сөйтіп, жемістерді сақтау үшін жинап алу, ең қолайлы және қысқа мерзімде өткізілуге тиіс. Сақтау үшін пайдаланылатын алмұрттың жинау мерзімі 1-2 күннен аспауы керек.
Алмаға қарағанда алмұрт жемістерінің қара күйе шірігі ауруына көбірек шалдығатындығы дәлелденді. Алмұрт жемісінің қара күйе шірігінің шығынына ұшырауын күрт азайту үшін оларды жинап алғаннан кейін беномил және фундазолмен өңдеген тиімді. Төменгі температура жағдайында, тіпті 4-5 ай бойы сақталған алмұрт жемістері де әлі жасыл, тығыз күйінде болса да жеуге жарамды күйге дейін пісіп жетілмейді, сондықтан да сақтағаннан ксйін олардың пісуін тиісті деңгейге дейін жеткізу керек. Жағдай қолайлы болғанда (температура 18-20°С) пісіп-жетілу 8-10 күнге созылады.
В.А. Гудковскийдің мәліметтері бойынша, алмұрт жемісін 4 ай сақтағаннан кейінгі, пісіп-жетілуге кеткен уақыт ішіндегі орман ауруынан болатын шығыны 13,5%, ал беномилмен өңдегенде ол шығын - 1,8 процент-ақ болған.
Ауаның ылғалдылығы. Жемістердің 5-6 проценттен астам ылғал жоғалтуы, әдетте, олардың семіп, дәмінің төмендеуіне, табиғи төзімділігінің едәуір азайып, күнінен бұрын ескіруге әкелігі соғатындығы дәлелденіп отыр. Ылғалдың тым көп (95%) болуы, әсіресе температура елеулі ауыткып тұратын подвалдарда, жемістің газ шіруіне жәнс кейбір физиологиялық аурулардың (іштей қоңыраю, үсу, күйік) өршуіне жағдай жасайды.
Ауаның ылғалдылығы оның су буларына толу дәрежесімен сипатталады. Ауаның абсолютті және салыстырмалы ылғалдығы болады. Абсолютті ылғалдылық дегеніміз 1 м3 ылғалды ауадағы су буының саны (граммен есептегенде).
Подвалдағы ауаның салыстырмалы ылғалдылық мөлшері жоғары болып, жемістердің температурасы төмен болған сайын жемістердің ылғал жоғалтуы да аз болады және оған керісінше. Подвалдағы температураның өзгеруі (ауытқуы) салдарынан салыстырмалы ылғалдылықта өзгеріп отырады. Температура қандай болған жағдайда да 1 м3 ауада белгілі бір мөлшерде ғана су болады. Мысалы, 0°С жағдайында 1 м3 ауада (қысымы 760 мм сынап бағанасы) 4,91 г су болады, ал 4°С жағдайында 6,52 г, ал 20°С -17,70 г су болады, яғни салқын ауаға қарағанда жылы ауада су буы көп болады. Осы себептен де ауаның температурасы шық нүктесіне жеткенде су булары ылғал тамшылары ретінде жинақталады, сөйтіп оның ауада бу күйінде болуы азая бастайды.
Мысалы, салыстырмалы ылғалдылығы 95% болғанда ауа 4°С-тан 3,2°-қа дейін салқындатилса, онда ауадан судың ұсақ тамшылары бөлініп шыға бастайды (қысымы 760 мм сынап бағанасы). Егер жемістер 2°С температураның салыстырмалы ылғалдылығы 90% жағдайда сақталатын болса, онда ылғал жиналып, тамшыға айналғанша температура 0,9°С-қа дейін төмендей алады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығына қойылатын талап жоғары болғанда (мысалы 95%) қажетті жағдай тұрақты температураны сақтау болып табылады, өйткені температура 1°С шегінде ауытқитын болса, онда салыстырмалы ылғалдылықты 10% астам өзгертуі мүмкін.
Мынаны да еске сақтау керек, егер берілген температура мен относительді ылғалдылық жағдайында, салқындатушы құралдарда үстінің температурасы ауа шығының нүктесінен төмен болса, онда ылғал салқындатқыш құралдар үстіне жинала бастайды. Ауа салқындатқыш арқылы өтіп тұратын ауа едәуір ылғалдылығын жоғалтады, сөйтіп оның салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді.
Подвалға жеміс толтыру және оларды тоңазыту кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын үнемі жоғары деңгейде ұстау керек. Бұл кезеңде ылғалдың едәуір бөлігін ыдыстар, басқыштар және орап, буып-түйетін материалдар (ағаш жаңқасы, қағаз) бойына сіңіріп алады. Құрғақ ыдыстың салмағы (ағаш жәшіктер, үлдіріктер) жемісті ұзақ уақыт сақтағаннан кейін, кейде 10% артып кетеді.
Подвалда ылғал жетіспеген жағдайда олар негізінен жемістің ылғалын сіңіреді, бұл олардың күнінен бұрын солуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да жеміс толтыру мен оны салқындату кезінде подвалды міндетті түрде қолдан ылғалдандыру керек. Практикада бұл көбінесе подвалдың еденіне су құю арқылы іске асырылады, алайда бұл әдіс ылғал тапшылығының орнын толтыра бермейді, өйткені су буланып ұшатын беттің ауданы, сақтау үшін салынагын жеміс бетінің ауданымен салыстырғанда тым шағын келеді.
Салыстырмалы ылғалдылық деңгейіне бақылау психрометр және гигрометр арқылы жүзеге асырылады. Психрометрді тек қана тігінен қабырғадан кем дегенде 10 см қашықтықта және ауа ағымы жақсы жерге іліп қояды.
Ауаның айналысы. Жемістерді ойдағыдай сақтау үшін, подвалдағы ауа айналысының де елеулі маңызы бар. Подвалдарда ауа айналысының жеделдігі, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болғанда ғана, жемістердің ылғал жоғалтуын арттырмайды, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен болса, жемістердің ылғалды көп жоғалтуына және күнінен бұрын семіп кетуіне әкеліп соқтырады, сондықтан соңғы уақытта жекелеген жер үй іргесі шаруашылығында айналыс саны өзгеріп тұратын двигательдер қолданылады.
Контейнер не жәшіктер бірінің үстіне бірі дұрыс ретімен жиналмаса (тығыз жинау, ауа кіретін желдеткіш қуыстарды жауып тастау), ауа бөлудің тіпті мұқият жасалған жүйесінің өзі де жеміс толтырылған подвалдардың бүкіл аумағында температураның біркелкі тұрақты болуын қамтамасыз ете алмайды.
Ауа қозғалысының негізгі принципі мынаған келіп саяды: ауа кедергісі аз жолмен қозғалады. Сондықтан да жиналған жәшіктер арасындағы қашықтық әр түрлі болса, онда аралары тар жерден гөрі аралары кең жерге ауа да көбірек келеді.
Салқындатылған ауа айдаушы турбаның тесігінен шығып еденге дейін жетеді де, еден арқылы қарсы жаққа қарай жылжиды, сөйтіп жоғары көтеріліп жеміс жиналған қатарларды аралайды. Жылыған ауаны қайтадан салқындату үшін турба жұтып алады.
Ауа алмасу. Жемістер өзінің тіршілік процесінің нәтижесінде көмір қышқыл газын, этилен және басқа да ауаға ұшқыш хош иісті заттарды (спирттер, эфирлер, альдегидтер, қышқылдар) бөліп шығарады. Олардың подвалда шамадан тыс жиналып қалуы жемістердің мерзімінен бұрын пісуіне, ескіруіне және кейбір физиологиялық аурулардың, әсіресе күнге куюдің тез өршуіне әкеліп соқтырады. Атмосферасы бар сақтау подвалдарында, бұл заттардың жиналып қалуын азайту үшін, тәулігіне подвалға 3-4 есе көп сыртқы атмосферадан газ ауа алу жолымен, ауа алмасу іске асырылады. Алайда ауа алмасу кезінде подвалдардағы жылудың және гидравликалық тепе-теңдіктің өзгеруі мүмкін, соны болдырмас үшін таза ауаны алдын ала подвал температурасына дейін салқындатып алып, содан кейін жіберу керек. Ауа алмасу процесі ең алдымен, бірнеше сорттың жемістері немесе пісіп-жетілу дәрежесі бір сорттың әр түрлі жемістері салынған подвалдарды қажет етеді. Сондай-ақ, күйік ауруына шалдыққыш келетін сорттар жемістері сақталатын подвалдарда ауа алмасуын жүргізу қажет болады.
Атмосфералы жеміс подвалдарын алманың, алмұрттың және жүзімнің кейбір сорттарын ұзақ уақыт сақтау үшін (7-10 ай) пайдаланудың, тиімділігі шамалы екендігін атап көрсетуіміз қажет.
АЛМА МЕН АЛМҰРТТЫ САҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ОЛАРДЫҢ АУРУЛАРЫ МЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Физиологиялық аурулар зат алмасуының белгілі бір буындарының бұзылуы нәтижесінде пайда болады, ал паразит ауруларын қара күйенің көптеген түрлері туғызады. Аурудың даму дәрежесіне, өсіріп шығару мен сақтаудың бір-біріне жалғасатын комплексті шаралары зор әсерін тигізеді. Сондықтан да олардып ауруларымен күресудің басты қиындығы осында.
Жекелеген жылдары кейбір физиологиялық аурулардан болатын шығынның көптілігі соншалық, мұның өзі жемістерді ұзақ сақтаудың рентабельділігіне (пайдалылығына) күмән туғызады. Сондықтан да анағұрлым, кең тараған физиологиялық ауруларды, олардың пайда болуына, дамуына жол бермейтін факторларды және олармен күресудің тиімді шараларын жан-жақты қарастырған жөн. Барлық физиологиялық аурулардың үш топқа бөлінуі мүмкін.
а) Сақтау жағдайларын дұрыс таңдагі алмағандықтан пайда болатын аурулар (үсік аурулары).
б) Дамуы өсіріп-шығару жағдайларына байланысты болатын аурулар. Сақтау жағдайлары ол аурулардың көріну мерзімдерін кері шегеруі мүмкін, алайда олардың дамуына кедергі жасай алмайды (ашқылтым ойық, бұршақты теңбіл ойық, мөлдірлік). Бұл аурулар кальций жетіспегендіктен болды және олардың даму дәрежесі жемістердің минералдық құрамына талдау жасау жолымен болжалады.
в) Өсіріп шығару, сондай-ақ жағдайларына байланысты болатын аурулар (күйік, Джонатан теңбілдігі, ісіну және басқалары).
Тотық (күйік, қабығының қоңыраюы) - жемістерді сақтау кезінде анағұрлым кең тарағаи физиологиялық аурудың түрі. Ауру жемісті бірнеше ай сақтағаннан кейін, оның қабығының қоңыр тартуынан көрінеді, соның нәтижесінде жемістер тауарлық түрін жоғалтады.
Тотық ауруына Розмарин белый, Антоновка обыкновенная, Бельфлер алмаатинский. Кандиль синап, Желтый синап, Пепинка литовская, Каньвиль черный және басқа сорттар анағұрлым шалдыққыш келеді.
Ашқылтым ойық. Бұл ауру бау шаруашылығының өнеркәсіптік аймақтарының барлығында да кездеседі. Жемістің бұзылған тканьнің ащы дәмі болады, аурудың аты осыдан шыққан және ол аурудың сыртқы белгілеріне де сай келеді. Бұл аурудың басқа атаулары да бар («құрғақ шірік», «қоңыр ойық», Болдвин дағы, жеміс дағы, тері астының дағы).
Ауруға шалдыққан жемістерге (сақтау кезінде) алдымен дақ пайда болады, оның түсі жеміс қабығының түсіне қарағанда әр қашан да қоюырақ қара болады.
Содан соң дақтардың орнында диаметрі 1-ден 4 мм дейінгі шұңқыр (ойықтар) пайда болады. Бұл ойықтардың іші қоңырқай, ал кейде қара болады. Ауырған ткань тіршілігін жояды, қоңырқай тартып жұмсарады, кейде ашқылтым дәмі болады. Ойықтар бірден қабықтың астынан орын алады, алайда ауру күшейген кезде бүкіл озекті жайлап кетеді. Әдетте, жемістердің үстіңгі жақ беті көбірек бұзылады. Ашқылтым ойық ауруына әсіресе Бойкен, Шафран, Пепин, Заря Алатау, Заилийское, Делишес, Ренет Симеренко және басқа сорттардың жемістері шалдыққыш келеді.
Ауру жеміс денесі бақта тұрғанда байқалуы мүмкін, бірақ ол негізінен сақтау кезінде өршіп дамиды.
Ашқылтым ойық ауруының дамуы жемістерде минералдық тепе-теңдіктің бұзылуына, негізінен жемістерде кальцийдің жеткіліксіздігіне байланысты, сондай-ақ кальцийдің жетіспеушілігі клетканың ыдырауып күшейтеді.
Ағаштың жоғарғы бұтақтарынан жинап алынған ірі жемістердің, төменгі бұтақтардан жиналған орта мөлшердегі немесе ұсақ жемістерге қарағанда, ауруға көбірек ұшырайтынын дәлелдейді.
Топыраққа магний тұзын енгізгенде ойық ауруы өрши түседі. Сондықтан да ойық ауруының дамуын анағұрлым айқын болжау үшін калий мен магний қосындысының кальцийге ара қатынасына пайдалану керек.
Жемістердің құрамындағы фосфор мен олардың ашқылтым ойық ауруына шалдығуы арасында белгілі бір өзара байланыс барлығы әзірше байқалған жоқ. Жемістерді бормен өңдеу, әдетте, бұл аурудың дамуын тежейді. Бор топырақтан алынатын кальцийдің сіңірімділігін арттырады, сондықтан да топыраққа бор енгізу ашқылтым ойық ауруының дамуын тежейді.
Бақ уақтылы сумен қамтамасыз етіліп тұрмаса, ашқылтым ойық ауруының күшею қаупі туады, өйткені бұл жағдайда кальцийдің жеміс бойына тарауы үшін қажетті қалыпты жағдайлар бұзылады.
Бақтарда ұзақ уақыт шөп өсіріп, топырағын құйқаландыру бұл аурудың дамуын төмендетуге жағдай жасайды.
Көріп отырғанымыздай, ашқылтым аурудың дамуына басты себеп жемісте кальцийдің жеткіліксіздігі болып табылады, оның аздығы негізінен агротехника ережелерін бұзудан болады.
Бұл ауруды азайтудың негізгі шарты топырақтың түріне, ағаштың жасына және өнімділігіне қарай теңестірілген минералды азықпен қоректендіру, тұрақты су режимін сақтау, біркелкі тұрақты өнім алуды қамтамасыз ету болып табылады. Бақты күтіп-баптау жөніндегі барлық шаралар комплексі ағаштардың үнемі әрі теңестірілген өсуін қамтамасыз ететіндей дәрежеде жүзеге асырылуы қажет. Жеміс ағаштарының шамадан тыс мезгілсіз өсіп кетуін де болдырмау керек. Сондықтан да ашқылтым ойық ауруының мәселесі шешілмеген бақтарда азотты және калийлі тыңайтқыштармен шамадан тыс тыңайтудан сақтану керек.
Заря Алатау алмасының жемістерін хлорлы кальций ерітіндісімен ойық ауруына шалдығуын күрт төмендетті. Шірікті азайту үшін ерітіндінің әрбір 100 литріне 30 г беномил немесе фундазол қосқан пайдалы.
Алайда сақтау факторларын да естен шығармау керек. Жемістердің ескіруіне кедергі жасайтын сақтау жағдайлары, ашқылтым ойық ауруының дамуын тежейді. Сондықтан да жемістерді жинау мен оларды сақтауға салу арасындағы елеулі үзіліс, мерзімінен кеш тоңазыту, сақтау температурасының жоғарылылығы, мұның бәрі де бұл аурудың дамуын тездетеді.
Дөңгелек дақты ойық. Бұл ашқылтым ойық ауруының бір түрі деп есептеледі, бірақ ауру тканьнің тікелей қабық астындағы бет жағын зақымдайды.
Бұл ауру өршіген кезде жеміс қабығында диаметрі 3-5 мм қара қошқыл дақ (ойық) пайда болады, оның орта тұсында бұршақ тәріздес дөңгелек дақ айқын көрініп тұрады. Бұл ауру ағаш басында тұрған, погребге сақтаулы не сатудағы жемістерді де зақымдай алады. Әдетте, бұл ауруға ойпаң жердегі жемістер шалдығады. Көбінесе бұл ауруға ашқылтым ойық ауруымен ауыратын жемістер шалдығады.
Бұл аурудың дамуы да кальцийдің аздығына байланысты. Ашқылтым ойық ауруының дамуына себеп болатын жағдайлар бұл аурудың дамуына да себеп болады. Сондықтан бұл аурумен күресу үшін ашқылтым ойық ауруына қарсы қолданылатын шаралар ұсынылады.
Жемістердің мөлдірлігі (сулы өзек). Шегел әдебиетінде бұл ауру Vater соrе деп аталады. Жемістердің мөлдір ауруы өнеркәсіптік бау шаруашылығының барлық аймақтарында да ұшырасады. Бұл ауруға анағұрлым шалдыққыш сорттарға Заилийское, Пеструшка, Джонатан, Делишес, Заря Алатау, Славянка және басқалары жатады.
Жемістердің мөлдірлік ауруы ол ағаш басында тұрғанда-ақ байқалады, сондықтан ол сақтау ауруына жатпайды. Бұл ауруға шалдыққан жемістердің ішкі жұмсақ етінің кейбір бөлігі мөлдірленіп, шыныға ұқсап тұрады. Бұл алма көлемінің 20-25% алып тұратын клетка аралық кеңістікке, клетка шырыны толып кеткендіктен болады. Зақымдану дәрежесіне байланысты оны шамалы, орташа, кұшті және өте күшті мөлдірлік деп бөлуге болады.
Шамалы мөлдірлік кезінде өзектің кейбір бөлігі ғана зақымданады және сырттай қарағанда ол көзге шалынбайды, күшті мөлдірлік кезінде - жемістің барлық тканы зақымдалады. Зақымданған жемістер сау жемістерге қарағанда едәуір ауыр келеді. Жемістердің мөлдірлік ауруына шалдығуын неғұрлым мұқият анықтау үшін оны ортасынан бірнеше рет көлденең тіледі.
Сақтау кезінде жемістердің жеңіл түрдегі мөлдірлік ауруы жойылып кетуі мүмкін. Ал орташа және күшті мөлдірлік ауруына шалдыққан жемістер әдетте іштей бұзылуға ұшырайды. Бұл аурудан жемістердің елеулі мөлшері шығынға ұшырауы мұмкін.
Мөлдірлік ауруының дамуы клетка аралық кеңістікке көп атомды спирт сорбитолдың жиналуынан болатыны дәлелденді. Ол спирт жапырақтарда жиналады да жемістің бойына тарайды. Зат алмасуына қатысу үшін горбитолдың фруктозаға айналуы керек. Ал мөлдірлік ауруына шалдыққан ткань сорбитолды және оның метоболиттерін фруктозага айналдыра алмайды, сондықтан да ондай тканьдерде зат алмасуы бұзылады, оның нәтижесінде улы ұшқыш заттар спирт, ацеталдегид жиналады, сірә, осылар әлгі жемістерді сақтаған кезде тканьдердің іштей қоңырқай тартуын туғызатын болса керек.
Мөлдірлік ауруына шалдыққан жемістердің бойындағы кальций мөлшері сау жемістердікінен аз болады. Қазақ жеміс-жидек және жүзім ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда, әр түрлі дәрежедегі мөлдірлік ауруына ұшыраған Заилийское алмасының жемістеріндегі кальций мөлшері 0,027-0,055, ал сау жемісінікі - 0,07-0,015% болды.
Бұл аурудың өршуіне негізінен бақтағы жағдай әсер етеді: ағаштағы жемістен жапырақ саны көп болған сайын, мөлдірлік ауруының даму ықтималдығы да арга түседі. Ағаштағы әрбір жеміске 10 жапырақтан кем келетін болса, онда іс жұзінде мөлдірлік ауруы дамымайды, ал осы арақатынас 30-га дейін жеткенде алманың 30% жуығы осы ауруға ұрынады. Жеміске шаққанда жапырақтар санының көп болуы, жеміс бере бастаған бауларда түсімінің аз болған жылдары байқалады.
Жемістердің ағаш бұтағына орналасуының да бұл аурудың дамуын да атқаратын белгілі бір ролі бар. Мөлдірлік ауруы ағаштың оңтүстік-батыс жағында көбірек дамиды, бұл олардың пісіп-жетілу дәрежесіне байланысты. Ағаштың жоғарғы жағындағы жемістер ауруға шалдыққыш келеді, оны кальцийдің аздығымен түсіндіруге болады.
Бұл аурудың дамуы жемістерде кальций мөлшерінің аз болғанда өрши түсетіндігіне байланысты, теңестірілмеген минералды қоректендіру мен су режимінің бұзылуы бұл аурудың күшеюіне жағдай туғызады. Жемістердің мөлдірлік ауруына шалдығуы тұрақты сипат алған бауларды кальций тұзының ерітіндісімен өңдеген пайдалы.
Заилийское алмасының ағаштарын хлорлы кальцийдің 0,7% ерітіндісімен үш мәрте өңдеу, жемістердің мөлдірлік ауруына шалдығуын күрт азайтатынын дәлелдеді. Бірінші рет өңдеуді жемісті жинаудан 1,5 ай бұрын жүргізу керек, ал қалғандарын - екі аптадан соң.
Үсік (ылғалы). Ауру жемістердің бет жағында қисық формалы батыңқы қоңырқай дақ немесе қоңырқай тканьнің лентаға ұқсас учаскесі түрінде пайда болады. Сондықтан да бұл ауруды кейде ленталы күйік деп те атайды. Ауруға шалдыққан ткань, сау тканьнен айқын бөлініп тұрады, кейінірек бұл учаскеде қара күйе пайда болады.
Бұл ауруға көбінесе Апорт, Джонатан, Каньвиль черный, Мекинтож, Ренет Казахстана, ал оқта-текте Голден Делишес сорттарының жемістері шалдығады. Ауру сақтау температурасы төмен болған жағдайда ғана өршіп дамиды. Ауаның салыстырмалы ылғалдығының жоғары болуы, жемістердің бұл ауруға шалдыққыштығын арттырады.
Бұл ауруды өршітіп алмас үшін, жемістердің сақтау температурасын 3-4°С деңгейінде ұстап тұру керек. Алайда, әсіресе, кәдімгі атмосфера жағдайында температураның көтерілуі, жемістердің мерзімінен бұрын тез пісіп кетуіне және оларды сақау мерзімінің қысқаруына әкеліп соқтырады.
Ауаның күндізгі максимум температурасы 23-25°С және одаи жоғары, түнгі (минимум) температурасы – 10-12°С және одан жоғары немесе ауаның орта тәуліктік температурасы 18-20°С-тан кем болмайтын жағдайда қалыптасып, пісіп-жетілетін Апорт жемістері толықтай бұл ауруға өте төзімді келеді (Г. Г. Белобородова, В. А. Гудковский, В. ГІ. Смердова еңбектерінде). Сондықтан да оларды сақтау режимін жемістің пісіп-жетілу дәрежесі мен өсіріп-шығару жағдайларын ескере отырып таңдап алу керек.
Джонатан дағы. Бұл ауру алғаш рет Джонатан алмасының жемістерінде байқалады, оның аты да осыдан тарады. Ауру кіндік аймағында дұрыс емес формалы қоңырқай дақтар ретінде пайда болады, содан аздап қабық астына өтеді. Дақтың саны әр түрлі болады және әдетте олар алманың алқызыл жақ бетінен бастап көрінеді.
Бұл ауруға негізінен Джонатан, кейде Голден Делишес жемістері ұшырайды. Басқа сорттардағы дақтардың түсі ақшыл-қоңырқай, формалары дұрыс емес болып кедеді.
Бақта жеміс ағаш басында тұрғанда ауру сирек байқалады, ауру әдетте жемістерді сақтау және өткізу кезінде дамиды. Дақ көбейіп кетсе, жемістердің тауарлылығы күрт төмендейді.
Бұл аурудың себептері осы күнге дейін анықталмаған. Ірі және кеш жиралған жемістер бұл ауруға анағұрлым шалдыққыш келеді.
Әсіресе жаз құрғақшылық болса, жемістердің ауруға шалдығуы да жоғары болады. Дер кезіпде тоңазыту және сақтаудың жоғарғы температурасы да аурудың дамуына жағдай туғызады.
Аурудың өршуін төмендету үшін жемістердің пісіп-жетілуінің ең қолайлы кезеңінде жинап алып, ұсынылған температураға дейін тез тоңазыту керек.
Жемістердің ескіруден бұзылып ісінуі. Бұл ауруға шалдыққанда жемістердің іші өзінің әдеттегі ылғалдылығынан айрылып, құрғап кетеді, ұнтақталып үгілгіш келеді. Зақымдалған жемістер сауларына қарағанда едәуір жеңіл және босаң келеді. Жемістің іші дәмсіз, хош иісі жоқ, құрғақ болады. Жемістер көбінесе ортасынан немесе айнала тілініп, жарылып кетеді. Жемістердің жарылуы (ісінуі), әсіресе ылғалдылығы мол болған жағдайда көбірек байқалады. Полиэтиленді қаптарда сақтау жемістерді ісініп ауруға соқтырады.
Бұл ауруға Апорт, Антоновка обыкновенная, Ренет Бурхардта, Джонатан, Ренет Симиренко, Ренет шампанский, Ренет Ландсберга, Пепин Шафранный және басқа сорттардың жемістері шалдығады. Алдымен бұл ауруға кеш жиналған, ірі және жас, өнімді аз беретін ағаштардан жиналған жемістер ұшырайды. Жеміс ағаштарын сумен және қоректік заттармен бірқалыпты қамтамасыз етпеу, жинар алдында қандыра еуару, сақтау температурасының жоғары болуы, жемістердің ісініп ауруға көбірек шалдығуына әкеліп соқтырады.
Жемістердің бұл ауруға шалдыққыштығы олардың бойындағы кальций мен фосфордың мөлшеріне кері пропорционалды болады. Ісік ауруына шалдыққан Апорт жемісінің құрамындағы кальций 0,03-0,042%, ал сау Апорттікі - 0,057-0,077% болады. Жемістерге бақта кальций тұзын бүрку, осы аурудан болатын шығынды күрт азайтатындығы анықталды.
Қазақ жеміс-жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда, Ландсберга ренет жемістерінің хлорлы кальцийдің 0,7% ерітіндісімен үш дүркін өңделген тобының, 7 ай сақталғаннан кейінгі, ісіну ауруынан болған шығыны 3,7%, ал бақылаудағы топтікі -21,2% болды. Жемістердің бойында кальцийдің көп болуы, протопептиннің ерігіш пектинге ауысуын тежей отырып, оның құрылымын сақтауға мүмкіндік туғызады, ал мұның өзі тканьнің «беріктігін» қамтамасыз етеді. Жемістердің бойында кальций мөлшері аз болған жағдайда, тканьдердің тозу және бұзылу процесі жеделдейді.
Бұл аурумен күресудің тиімді шарасы ұзақ уақыт сақтау үшін, бойында кальций көп және пісіп-жетілудің қолайлы кезеңіндегі жемістерді салу, сақтаудың қажетті жағдайларын қатаң ұстау (температура, атмосфера құрамы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) және ұсынылған сақтау мерзімін бұзбау болып табылады.
Жемістердің паразит аурулары. Өсу дәуірінде алмалар мен алмұрт жемістерінің бетіне әр түрлі грибоктардың едәуір мөлшердегі тұқымдары жиналады, міие осылар қара күйе шірігі ауруының қоздырғыштары болып табылады. Қара күйе тұқымдары жемістердің устіне желдің, жаңбырдың және насекомдардың көмегі арқылы келіп түседі. Ауру жеміс ағаштары, семген жапырақтар, бұтақтар, топырақтар, зақымданған жемістер, жеміс жинау үшін қажет ыдыстар, орап-буып, түйетін материалдар, сорттаушы көлеміне қарай реттеп бөлуші адамдар жемістердің ауруға шалдығуының көзі болуы мүмкін.
Алма мен алмұрттың түрлерінен барлығы 150-ге тарта қара күйе түрлері, Алматы жеміс аймағынан - 126 түрі табылады. Жемістер ағаш бұтағында тұрғанда жұқпалы аурудың дамуы сирек кездесетін құбылыс бола тұрса да, қара күйенің аз ғана түрінің, жемістерді жинап алғанға дейін де ауруға ұшырату мүмкіндігі бар. Өнімді жинап алғаннан кейін жемістердің қара күйе шірігі ауруына шалдыққыштығы елеулі түрде арта түседі. Бұл жемістерді жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілу процесіне және ескіруіне байланысты. Жемістер жеуге жарайтындай дәрежеде піскен кезде қара күйе олардың тканіне оңай еніп, шіріте бастайды. Алма мен алмұрт жемістерін шірітетін күшті қоздырғыштар: мыналар: 1) Penicillium expansum zink; 2) Botrytis cinerea pezg; 3) Clocesporium album obteru; 4) Clocesporium perenans Zeller; 5) Childs; 6) Alternaria tenuis Nees; 7) Маnіlіа frucbenpers және басқалар.
Әр түрлі өсіп-өну аймағында өсірілген алма мен алмұрт жемістері қара күйенің әр қилы түрлері арқылы ауруға шалдығады. Шіріту қабілеті бар қара күйе шартты түрде негізге екі топқа бөлінген:
1. Паразиттікпен өмір сүретін қара күйелер, яғни тек қана зақымданған жемістерді ауруға шалдықтыратын қара күйелер, кейде оларды «жаралаушы» паразиттер деп те атайды.
2. Жеміс тканіне құрт арқылы енетін нағыз паразиттер. Алайда бұл шартты түрдегі ғана бөлу, өйткені екінші топтың қара күйелері де жемістің ішінде оның жарасы арқылы кіре алады, ал бірінші топтың қара күйелері - тым пісіп кеткен жемістердің құрттары арқылы кіреді.
Сақтаудағы жемістердің қара күйе ауруына шалдығуының дәрежесі, оның бетінде тіршілік қабілеті бар ауру қоздырғыштардың (инокулюм) барлығына, салынған өнімінің сапасына (зақымының бар-жоқтығына), өсу жағдайларына, пісу дәрежесіне, сақтаудың әдісі мен ұзақтығына байланысты болады.
Алма, алмұрт, жүзім және басқа дақылдардың жемістерін сақтаған кезде неғұрлым көбірек экономикалық зиян келтіретін кейбір қара күйе түрлерін атап өтейік.
Жемістердің сұр шірігі. Ауруын Boirutis Cinere қара күйесі тудырады. Бұл ауруға алмайың, алмұрттың, жүзімнің және басқа дақылдардың жемістері шалдығады. Ауру жұққан жердің айналасына қоңыр ңемесе ашық қоңыр дақ пайда болады да ол жемістің өн бойына айнала тарай бастайды. Жемістің зақымданған бөлігі, оның қызыл жағында түссіз де, сарғылт жағында қара сияқты болып көрінеді. Қызғылт жемістердің зақымданған жерінде көбінесе дақтың айналасында (диаметрі 1-2 мм) қызыл күрең аймақ көзге шалынады. Шіріген және сау тканьдердің аралығындағы шек әдетте айқын байқалмайды. Шіріген жер көп уақытқа дейін көмпиіп тұрады.
Зақымданған тканьдердің дәмі қышқыл келеді. Аурудың жедел дамыған сатысында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болған жағдайда, жемістің бет жағында мақта тектес сұр күйе пайда болып дами бастайды. Ол өзіне жақын жатқан жемістерге де тарайды, соның нәтижесінде шіріген 6-10 жемістен тұратын сұр шіріктің өзінше бір «ұясы» пайда болады. Шірік одан әрі дамыған сайын зақымданған учаскенің жұмсаратындығы сонша, мысалы, алмұрттар сөлінен айрыла бастайды.
Сұр шіріктің қоздырғышы Boirutis Cinere жемістерді, ағаш бұтағында тұрғанда-ақ зақымдайды. Қара күйе өсіп ағаштар мен әр түрлі өсімдіктердің тіршілігін жойған бөліктерінде көптеген ұрық салады. Бұл күйенің ұрығы желмен ұшып тез тарайды. Жерге түскен немесе қатараралық дақылдарға тиген жемістер әсіресе зақымданғыш келеді. Осындай себептен де сондай жемістерді сақтауға пайдаланбау керек. Жемістер бақта, тасымалдау, өңдеу кезінде подвалда (погребтарда) қара күйенің ұшып жүретін ұрықтармен зақымдануы мүмкін. Қара күйе жеміс жегіш, ұзын, зақымдап кеткен жерден жемістің ішіне ене алады.
Ұзақ уақыт сақтау үшін жақсы пісіп-жетілген стандартты жемістерді пайдалану, оларды қоймаларға тез салып және сол бойда тоңазыту; жемістерді қолдан реттеп отыратын газды ортада сақтау, жемістерді жинар алдында және жинап алғаннан кейін жүйелі фунгицидтармен (биномил, топсин, тиобендазол және басқалары) өңдеу, сұр шіріктің дамуына қарсы күресетін тиімді шаралары болып табылады.
Жемістердің альтернариозы. Бұл ауруды альтернариоз күйесі тудырады. Зақымданған учаскелердің түсі қара-қоңыр немесе қара болады және олар жемістің зақымданған қабығын айнала орналасады. Шіріктің бұл түрі жемістерді қолдан тоңазытқан кезде баяу өршиді, сондықтан да шірік жемістің ішіне терең бойлап, жай тарайды. Пісіп-жетілу дәрежесі қолайлы жемістерде шірік дағы құрғақ, қатты және онша терең-болмайды. Ауру өрши түскен жағдайда дақ жұмсарады, ал жемістің зақымданған іші қарайып кетеді. Шірік жемістерді подвалдан, погребтен тиеп алып шығып, тұтынушыларға жеткізерде күрт өршіп кетеді.
Жемістер бақта зақымданады. Ұрық жемістердің болуына негізінен қабығының зақымданған жері арқылы және жемістер пісіп-жетілгеннен кейін оның кіндігі арқылы енеді. Альтернариозды шірік көбіне күнге күйген, қатты күйіп кеткен, джонатандағы, ашқылтым ойық және үсік ауруына шалдыққан жемістерде дамығыш келеді. Жемістерді дер кезінде жинап алу, оларды ұсынылған температураға дейін шапшаң тоңазыту, сондай-ақ оларды әр түрлі физиологиялық аурулардан сақтау, шіріктің бұл түрін азайтады және тіпті оның дамуына жол бермейді.
ПОДВАЛДЫ ЖЕМІС САЛУҒА ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖЕМІСТЕРДІ САҚТАУ
Подвалды салып бітіргеннен кейін және жеміс сақтаудың әрбір науқаны өткеннен кейін оны қоқыс, жеміс қалдықтарынан мұқият тазартып, жақсылап желдету жоне кептіру керек. Қажет болған жағдайда дер кезінде жөндеу керек. Осыдан кейін подвалды дезинфекциялау қажет. Егер подвалдың қабырғалары, төбесі мен едені көгеріп кеткен болса, онда оны үшнатрийфосфат ерітіндісін пайдаланып щеткамен тазалау керек, содан соң жалпы дезинфекция жүргізу қажет. Мұның алдында ауа кіретін және ауа шығатын турбаларды әбден мықтап жабады. Дезинфекция жасайтын дәрілердің ішіндегі анағұрлым тиімділері - формалин, күкірт, хлорлы әк, каустикалық сода, әк сүті.
Формалин 1 % сулы ерітінді күйінде қолданылады (10 л суға 250 мл 40% формалин қосады).
Хлорлы әк 10% сулы ерітінді күйінде пайдаланылады (10 л суға 1 кг хлорлы әк қосылады). Ерітіндіні жақсылап араластырып, бір тәулік бойы тұндырады.
Каустикалық сода 1,5-2,0% сулы ерітінді күйінде қолданылады (10 л суға 150-200 г сода қосылады). Подвалды бұл ерітіндімен өңдеу үшін қолмен істейтін бүріккішті пайдаланады. Подвалдың ішін түгелдей өңдейді, ол үшін 1 м3 250-200 мл ерітінді жұмсайды. Подвалдағы температура 16°С-тан төмен болмауы керек.
Күкірт. Күкіртті ангидрид түрінде пайдаланылады (подвалдың 1 м3-ке 40-50 г күкірт ертіледі). Дезинфекцияны противогаз немесе респиратор киіп жасау керек. Подвалдағы тесік қақпағы немесе есігі екі тәулік мықтап жабылады, содан кейін оны әбден иісі кеткенше желдетіп тазартады.
Ыдыстар мен қажетті құрал-саймандардың (жәшіктер, үлдіріктер, жеміс түсіргіштер) 0,25% кальций гипохлоридінің ерітіндісіне немесе мыс купоросының 4-5% ерітіндісінде алдын-ала дезинфекциялау керек.
Жеміс салардан 10-12 күн бұрын подвалды түнгі кездегі немесе салқын күндердегі қоршаған ауаның төменгі температурасын пайдаланып салқындатып алады.
Жеміс сорттарын сақтауға таңдап алу. Алма мен алмұрттың әр түрлі сорттары жемістерінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай, ұзақ сақтауға жарамдылығы жағынан едәуір айырмашылықтары бар. Алма мен алмұрттың қысқы және күзгі-қысқы сорттарының жемістері анағұрлым сақтадып келеді.
Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысы жағдайында алманың анағұрлым сақталғыш сорттары мыналар: Қандиль синап, Ренет Ландсберга, Железняк, Голден Делишес, Румянка алма-атинская, Заря Алатау, Заилийское, Бельфлер алма-атинский, Бельфлер желтый, Синап алма-атинский, Салтанат, Грушовка талгарская, Ренет Симиренко, Джонатан, Розмарин белый және басқалары.
Апорт жемістерінің сақталғыштығы өсіру жағдайларына көп байланысты болады. Орталық таулы аймақта өсірілген жемістердің сақталғыштығы жақсы келеді (теңіз деңгейінен 1100-1400 м). Алмұрт сорттарының ішіндегі сақтауға жататындары: Талгарская красавица, Юрьевка, Жозефина Мехельнская болып саналады. Алмұрттың Лесная красавица сортының жинап алынған жемістері кәдімгі подвалда сақтауға келмейді, олардыц қолдан салқындатқыш және атмосфераның белгілі бір құрамы (С02-2-3%, 02 - 3%, N,-94-95%) жағдайында ғана сақтауға болады.
Әр түрлі экологиялық және агротехникалық жағдайларда өсірілген тіпті бір сорттың жемістерінің де сақталғыштығы әр түрлі болатындығын есте сақтау керек. Сондықтан да жемістердің өсу кезеңінде-ақ жоғары өнім алуға және жақсы тауарлық сапасы мен сақталғыштығын жоймауға әсер ететін қолайлы өсу жағдайын қамтамасыз ету керек.
Бұл факторларға көңіл бөлмеу жемістерінің сақтау кезінде орынсыз елеулі шығындарға ұшырауының себебі болуы мүмкін.
Жемістерді жинау және оларды сақтауға қою. Ерте, сондай-ақ кеш жиналған жемістерді сақтауға болмайды. Дұрыс пісіп жетілген, кезінде жиналған жемістер сақталғыш келеді. Жемістерді жинаудың қолайлы кезеңің қалай анықтау керектігі ілгеріде айтылған.
Жемісті алдымен өнімді аз беретін жас ағаштардан және нашар өскен екпе ағаштардан жинап алуды есте сақтаудың маңызы зор.
Жемістер тіпті бір ағаштың өзінде бір мезгілде пісіп жетілмейтіндіктен оларды іріктеп, бірнеше қайтара жинаған дұрыс. Бұл дұрыс пісіп-жетілген жемістердің барлығын да сақтауға қоюға, сөйтіп шығынды едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Жемістерге зақым келтірмес үшін (тесіп жіберу, жаишу, қысу) ағаш басынан өте ұқыптылықпен жинап алу керек. Ол үшін жинайтын құрал-саймандар (басқыштар, шелектер, себеттер, жәшіктер, жеміс түсіргіштер) мен орайтын материалдарды алдын ала әзірлеп қою керек. Жемістерді жинаудың қолайлы кезеңінің бірнеше күнге созылатынын есте ұстау керек, сондықтан да алма мен алмұрттың әрбір сорттарының жемістерін оте қысқа мерзім ішінде жинауды қамтамасыз етудің зор маңызы бар.
Жемістерді бәрінен де гөрі таңертең жннаған жақсы, өйткені олар түні бойы салқындайды да, температурасы біршама төмен болады. Жинап алынған жемістерді жабынды астына немесе салқын да таза үйге орналастыру керек. Еш уақытта да оларды күн көзінде қалдырмаған жақсы. Жас және өнімі аз ағаштардан жемістерді бөлек жинап алған дұрыс. Ұзақ уақыт сақтау үшін өнімді көп беретін сатысына енген тек қана орта мөлшерлі жемістерді пайдалану қажет. Жемістер I сорттың талаптарына жауап беретін болуы керек.
Ірі және жас, өнімі аз ағаштардан жиналған жемістерді бөлек және қысқа мерзімге ғана сақтау керек, өйткені олар паразит және физиологиялық ауруларға шалдыққыш келеді. Осылайша сортқа айрылған жемістерді әдетте жәшіктерге орап салады немесе подвалдарда жасап қойылған үлдіріктердің үстіне 3-4 қатар етіп орналастырады. Жемістерді осылайша қойған кезде олардың жай-күйін оңай бақылау жасап тұруға болады, оның жүк сыйымдылық көлемі азайып кетеді. Сонымен қатар, бұл жағдайда зақымданған жемістерден сау жемістерге таралып кететіндіктен қара күйе шірігінен болатын шығындар көбейеді. Сондықтан жемістерді сыйымдылығы 10-15 кг жәшіктерде сақтау керек.
Жемістерді жәшікке орап салудың ең қолайлы әдісі жемістің әрқайсысын минералды майларға (вазелинді, парфюмерлік) малынған қағазға орау болып табылады. Ондай салфеткаларды былайша жасауға болады: аспа ағашқа немесе білікке матаны орап, шамамен вазелин майын сіңіру керекте, онымен қағаз салфетканың үстін бастырып өту керек.
Әрбір жемісті мұндай салфеткаға ораудың бірқатар артықшылығы бар: куйіктің дамуына жол бермейді (Киндаль синап, Розмарин белый және басқалары), ылғал шығыны азаяды, шіріктен болатын шығын азаяды, өйткені сау жемістердің шіріген жемістер арқылы ауруға шалдығуына іс жүзінде жол берілмейді. Егерде майға малынған қағаз болмаса онда шай қағазды пайдалануға болады, әрине оның нәтижесі төмендеу болады.
Салынатын жемістерді бір-бірінен бөлектеу үшін, үйеңкі көктеректің дені сау таза жапырақтарын, жұмсақ жапырақты ағаштардың жаңқасын немесе пергамент қағазының ұсақтап туралған жаңқасын ойдағыдай пайдалануға болады. Жеміс толтырып аузы жабылған жәшіктерге жемістің помологиялық сортын және жемістердің жасы мен өнімділігі қандай ағаштан жинап алынғаны, қажет болған жағдайда жиналған уақыты көрсетілген этикетка жапсырылады.
Жемістерді қабылдау үшін әзірленген подвалдың түбіне ағаш табаншалар не төсеніш жұмыр ағаштар салынады, олардың үстіне қысқа мерзімді сақтауға қойылатын жемістер салынған жәшіктер оңай алатындай етіп орналастырылады. Жәшіктердің аралығы 6-8 см ашық қалдырылады, жәшіктердің келесі әрбір қатары тігінен ені 5X5 см тақташа немесе жұмыр ағаштың үстіне қойылады. Бұл подвалдың бүкіл өн бойында ауаның жақсы алмасып тұруын қамтамасыз етеді. Жиналған жәшіктің қатарларының арасынан жүріп-тұратын жол қалдырылады.
Алма мен алмұрттың қалыңдығы 30-50 микрон пленкадан жасалған полиэтиленді қапшықшаларға сақтаған тиімді, ол қапшықшалардың сыйымдылығы 1-3 кг. Мұндай қапшықшаларды электр үтүгінің көмегімен әрбір әуесқой бағбан жасап ала алады. Қапшықшаларды электр утюгпен (температурасы 115-125°С) үстіне целофан, шыны, тығыз қағаз төсеп желімдеп алуға болады. Қапшықшаның енін қатарынан салғанда 2 жеміс сиятындай етіп, ал ұзындығы 4-5 жеміс сиятындай етіп есеппен жасалғаны дұрыс.
Қапшықшаларға жемісті, оларды подвалдың немесе басқа қойылатын жердің температурасына дейін, алдын-ала салқындатып алғаннан кейін барып салу керек. Бұл қапшықшалардың ішінде ылғал тамшыларының болуын күрт азайтады. Полиэтиленді қапшықшаларда жемістерді күйікке шалдыққан алма сорттарын (Кандиль синап, Розмарин белый және басқалары олардын берілген тізімін қараңыз) сақтауға болмайды.
Полиэтиленді қапшықшаларда сақтау үшін пісіп жетілудің ең қолайлы кезеңіндегі және өнімді ағаштардан жинап алынған тек қана стандартты жемштерді пайдаланады. Оларды қапшықшаға салғаннан кейін пісіру жолымен немесе оның ауыз жағын жіппен не қайыспен ауа кірмейтіндей етіп қысып байлап тастайды. Қапшықшаларды үлдіріктерге немесе жәшіктерге бір қабат етіп орналастырады. Екі қабат не одан да көбірек стіп салғанда жемістердің бір-бірімен жанасатын жерінде ылғал тамшылары көбірек пайда болады.
Қапшықшаларды биіктігін әр түрлі етіп іліп қойғанда жақсы нәтижеге қол жетеді, олар бір-біріне жанаспайды және желге жақсы қағылады. Қапшықшаларды температурасы 5-8°С жоғары және минус 1-2°С-тан төмен етпей сақтап тұруға мүмкіндігі бар кәдімгі салқын үй ішінде де (сенеге, коридор, сарай) іліп қоюға болады. Оларды жақсы бекітілген тақтайға, жұқа тақтайшаға немесе басқа да құрылғыларға іліп қойған тәуір.
Бұлай тұрғанда қапшықшаларды салқын ауа жақсы қағады, бұл ылғал тамшыларының пайда болуын күрт азайтады, ал жемістер көз алдында тұрады, бұл олардың жай-күйіне сенімді бақылау жасап отыруға мүмкіндік береді. Сапасы жоғары жемістерді салып, қолайлы температураны қамтамасыз еткен уақытта мүндай әдіспен жемістерді ұзақ уақыт бойына, шығынды азайта отырып, дәмдік сапасы мен тағамдық кұндылығын жоймай отырып сақтауға мүмкіндік туады.
Полиэтиленді қапшықшаларда белгілі бір вакуум жасауды қамтамасыз ету арқылы (300-350 мм сынап бағанасындай) оларда жемістер сақтаудың тиімділігін арттыруға болады, бұл пленканың жемістерге тығыз жабысып тұруын қамтамасыз етеді, сөйтіп ылғал тамшыларының пайда болуын күрт азайтады. Мұны термопісіру кезінде ауаның бір бөлігін, оның ішінен сорып алу арқылы іске асыруға болады.
Жемістерді полиэтиленді қапшықшаларға сақтағанда, оларды топырақ қататындай тереңдікке жерге көміп тастағанда жақсы нәтижеге қол жетті, ол аудан климатына байланысты болады. Жеміс салынған қапшықшаларды жерге, ауа райы тұрақты салқындағаннан кейін барып көму керек. Бұған дейін оларды салқын үйде сақтау керек.
Алма мен алмұрт жемістерін селективті, ауа кіргіш мембранасы бар полиэтиленді қапшықшаларда сақтау да тиімді.
Кейбір әуесқой бағбандар алма, алмұрт және жүзім жемістерін қара күйе шірігінен және семіп қалудан сақтау үшін, оларды прополистің спиртті ертіндісімен өңдейді (100 г жас прополисті 500 г спиртте, немесе 56° арақта ерітеді). Алманы, алмұртты немесе жүзім шоғын пинцетпен алып әзірленген ерітіндіге салады. Ерітінді тамып құрғағаннан кейін, жемістерді құрғатып жәшіктерге немесе үлдіріктерге сақтауга қояды. 0,5 л ерітіндіні 100-150 г алма немесе 100 кг жүзімді өңдеуге жетіп жатыр. Осылайша өңделген жемістерді көктемге дейін сақтауға болады.
Алма мен алмұртты, картоп пен капуста және жуа мен, басқа да көкөністермен бірге сақтауға болмайтындығын есте ұстау керек, өйткені олардың дәмі, иісі қолайсыз болып кетеді.
Жемістерді қажеттілігіне қарай іріктеу керек. Іріктегеннен кейін шіріген жемістерді дереу тастау керек, әйтпесе олар ауру таратудың көзі болып табылады.
Егер алманың кейбір сорттарының жемістерін сақтау кезінде әлсін-әлі ашқылтым ойық, дөңгелек дақты ойық, ісіну ауруына шалдығатын болса, онда оларды жинап алғаннан кейін хлорлы кальцийдің 4% ерітіндісімен өңдеу керек, ол үшін оларды ерітіндіге 1 минут батырып алу қажет. Осыдан кейін жемістер құрғатылып, сақтауға қойылады.
Сақтау кезінде физиологиялық және паразит ауруларымен күресу шаралары бұрынырақ анағұрлым толық айтылған. Температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жиі-жиі бақылап отыру керек. Оны бәрінен де гөрі «Август» психрометрінің көмегімен іске асырған жақсы.
Қолайлы салыстырмалы ылғалдылықты сақтап тұру үшін (85-95%) подвалды еденге әлсін-әлі су төгу немесе су құйылған ыдыс қою арқылы жиі-жиі ылғалдандырып тұру керек. Әсіресе подвалға жеміс салған кезде жоғары ылғалдылық қамтамасыз етудің маңызы бар. 0°С-қа жақын ұсынылған температураны ұстап тұруды табиғи салқындық есебінен және ішке ауаны тартып, сыртқа ауа шығаратын желдеткішгі шебер пайдалана білу арқылы қамтамасыз ету керек. Сақтау кезінде подвалда ұсынылған температураны ұстап тұрған күннің өзінде де этилен мен басқа да органикалық қоспаларды шығару үшін, оны әлсін-әлі желдетіп тұру керек.
Жер үй жағдайында жеміс-жидектерді, көкөністер мен тұқымды сыйымдылығы 0,5-тен 3 л дейінгі газды қондырғылы, жабық полиэтиленді қақпағы бар шыны консерв құтысында сақтаудың айрықша мәні бар.
Жеміс-жидектерді, көкөністерді бұл әдіс бойынша сақтаудың технологиясы мынадай: жеміс-жидек және овощ салу үшін сыйымдылығы 0,5-0,3 л таза, құрғақ, стандартты шыны құтылар пайдаланылады.
Сақтау үшін сапасы жақсы және әбден пісіп-жетілген жеміс жидек және көкөністер іріктеліп алынады. Өнім салынар алдында жуылмайды және термо өңдеуден өткізілмейді. Құтыны толтырғаннан кейін оның аузына, қақпақты қойып ауа кірмейтіндей етіп қолмен басып жабады. Содан кейін құтылар тоңазытқышқа немесе температурасы 0°С-тан 4°С-қа дейінгі үйге қойылады. Температураның мұндай деңгейі алманың, алмұрттың, қара өріктің, шиенің, шабдалының көптеген сорттары мен овощтардың көптеген түрлеріне пайдалану үшін ұсынылады (Шабдалы сақтау жағдайлары: ТС° - 1-0; С02 – 2-3%; Ө2 – 2-3%; Н2 – 94-95% сақтау мерзімі -15 айға дейін).
Қияр мен қабықты бұрышты сақтау үшін температураны 7-10°С деңгейінде ұстау керек. Жеміс-жидектер мен көкөністердің тіршілік қызметінің барысында жабық құтының ауыз жағына оттегі азайып, көмір қышқыл газы көбейеді. Атмосфераның қолайлы құрамын сақтап тұру, қақпаққа орнатылған алмастырылатын селективті мембрана арқылы қамтамасыз етіледі. Осылайша жасалған өзгертілген атмосфера жеміс-жидектер мен көкөністердің жаңа жас күйінде шығынын азайтады және тауарлық, дәмдік сапасын жоғары ұстай отырып, сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Мұндай құтыларды құрамында 3-6% С02 және 2-3% 02 бар екі жақтан бақыланып отыратын атмосфера ұсынылатын жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау тиімді.
Жүзімді асып қойып сақтау. Жүзімнің негізінен кеш пісетін сорттарының (Нимранг, Тайфи розовый және басқалары) бірқалыпты піскен және дені сау шоқтарын подвал қабырғасына бір-біріне тимейтіндей етіп асып қояды. Қара күйе шірігі ауруының өршіп-дамуын төмендету үшін, 10-14 күн ішінде бір рет 1 м3 1,5-2,0 г есебінен күкірт тұтатып тұру керек. Сактаудың бұл әдісін басқа да салқын, ауасы жаксы тазартылып тұратын үйлерде пайдалануға болады. Алайда кукіртті пайдаланғанда сол подвалда алма мен алмұртты сақтауға болмайтындығын есте сақтау керек, өйткені күйік ауруы байқала бастайды. Оларды бірге сақтаған кезде күкіртті пайдалану ұсынылмайды.
Сабағы бар жүзімді сақтау. Бұл жағдайда жинау кезінде жүзім шоқтарын ұзындығы 1,5 мм дейінгі сабағымен бірге қояды. Сақтау кезінде сабағын су кұйылған ыдысқа салып кояды, бұл жүзімнің көп солмауына жағдай жасайды.
Жерден қазылған шұңқырларда сақтау. Жүзім шоқтарын шұңқырдың төменгі жағына 30-40 см биікке іліп қояды. Шұңқырдың түбіне шамалы күкірт түйірлерін тастайды, шұңқырдың бетін камыспен немесе басқа материалмен жабады да, балшықпен майлап тастайды, сәл ғана саңылау қалдырады. Қүн тұракты салқындаған уақытта тесікті жабады. Сақтаудың мұндай әдісі біршама тұрақты температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын сақтап тұруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүзімнің тыныс алуы есебінен шұңкырда көмір қышқыл газы көбейеді, бұл жүзімнің жақсы сақталуына игі әсерін тигізеді. Бұл әдіспен жүзімді бұтағынан кеспей-ақ сақтауға болады, яғни шұңқырды тікелей ол өсіп тұрған жерден қазады, бұл жузімді неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.
Осы айтылған кеңестерді мұқият орындаған уақытта алма мен алмұрттың қысқы және кузгі-қыскы сақталғыш сорттарын кәдімгі подвалдарда көктемге дейін сақтауға мүмкіндік туады. Алайда мынаны да атап өту керек, мұндай подвалдарда күз және көктем кезінде температураның қажетті деңгейін сақтап тұру іс жузінде мүмкін емес. Сол себептен де жемістер кунінен бұрын пісіп кетеді, дәмдік және тағамдық сапасын жояды және елеулі мөлшерде паразит, физиологиялық ауруларға шалдығады.
Осыған орай қолдан салқындатылған кооперативтік жеміс қоймаларын салуды ұйымдастырудың айрықша мәні бар. Бұл сондай-ақ жемістерді селективті - ауа кіргіш мембранасы бар полиэтиленді қаптарда сақтау әдісін кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Сақтаудың бұл әдісін әуесқой бағбандардың қауымдасқан қоғамына кеңінен енгізу, өсіріп шығарылған өнімді ұзақ уақыт бойы кепілді сақтауға (6-8 ай), сөйтіп халықты осы витаминді өнімдермен қысқы-көктемгі уақытта қамтамасыз етуге белгілі үлес қосуға мүмкіндік туғызады.
ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ӨСІРІЛГЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН ЖҮЗІМДІ ӨҢДЕУ, ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
ӨСІМДІК ТАҒАМДАРЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақ халқы егіншілік кәсіппен де ерте бастан айналысқан. Бірақ алғашқы кезде бұл кәсіп түрлі тамыр-жемістерді, жабайы шөптер мен ағаштардың жемістерін теріп алу, жинап, кептіріп алу, оларды ет, сүт тағамдарын дәмдендіруге және дәрі-дәрмек ретінде пайдалану түрінде жүргізген.
Қазақтың ұлттық ас-суында бау-бақша өнімдері, көкністердің түрлері ерте заманда да суйікті тағамдар қатарында саналған. Бұрын жемістерді ұқсату, шырынын алу, сусын жасау, қақ қайнату, тұздап және тұздамай сақтау, кептіріп алу жұмыстары қарапайым әдіспен жүргізілген болса, қазіргі заманда мұндай асқа жарамды өсімдіктерді өсіру, олардан әр алуан дәмдендіргіштер, тағамдар жасау кең өркендеп, өндірістік өнімге айналды. Қазіргі қай үйдің дастарқанынан болса да дәмді қайнатқан тосап түрлерін, жемістің жас және кептірілген көптеген түрлерін көруге болады.
Мәдени және жабайы өсетін жеміс-жидектердің бәрін дерлік тағам ретінде жаңа жинап алған бойда немесе кептірген, мұздатқан, консервілеген күйінде пайдалануға болады. Олардың үй жағдайында тосап, джем, пюре, мармелад, повидло, әр түрлі сусын жасалынады және шырын алынады.
Жеміс-жидектердің шырыны өте бағалы болып есептеледі. Себебі шырында жеміс құрамындағы адам денсаулығына қажетті витаминдер, органикалық қышқылдар, қант, минерал тұздары болады, олар организмде жақсы сіңеді. Сондықтан жеміс-жидек шырындарының адам организмі үшін маңызы зор. Жеміс-жидек шырынын тамаққа және кисель, және компот, морс жасауға да пайдаланады.
Жеміс шырынын алу үшін жақсы піскен, зақымданбаған жемістер мен жидектерді таңдап алу керек. Піспеген немесе зақымдалған, бұзылған жемістің шырынын тамаққа пайдалануға болмайды, себебі одан алынған шырын тез бұзылып, сапасын жояды, кейде шірітуші, ашытушы бактериялардың әсерінен адамды уландыратын улы затқа айналады.
Шырынын алу үшін таңдап алған жемістерді суық сумен жуады. Өте әлсіз таңқурай, қой бүлдірген жемістерін металл (темір) торға салып, ыдыстағы суық суға батырылады. Суы сорықтырылып, ет тартқыштан өткізіледі де, төңкерілген немесе ағаш ыдысқа салынады.
Шырынын жақсы шығару үшін жемістерді ет тартқыштан өткізеді. Сонсын оны эмальды ыдысқа салып, ішінде ыссы суы бар ыдыста қыздырады. Су суығанша қозғамау керек.
Жеміс-жидектердің шырынын алу үшін ұсақталған жемістерді мықты матадан тігілген дорбаға салып, аузын байлап, арнаулы пресс үстіне қояды. Дорбаның үстін ағаш қақпақпен жабады да, оны төмен қарай сығымдайтын бұранданы шырын аққанша бұрайды. Шырын ағуы тоқтағанда бұранда кері қарай бұралады. Дорбадағы жеміс қалдығын эмальды ыдысқа салып аздап қайнаған су (10 кг жеміс қалдығына 1 л су) құйып, араластыра отырып, 70-80° температурада қыздырады. Сонан кейін оған тағы да шамалап су қосып, екінші рет дорбаға салып, преспен бастырады. Бұл тәсілмен екінші рет алынған шырынды біріншіден бөлек сақтайды. Оны кисель, морс, тағы басқа да сусындар жасауға пайдаланады.
Жемістерден шырын алу үшін, оны дұрыстап престеудің маңызы зор. Бұранданы жылдам бұрағанда шырын жақсы ақпай және ол таза болмайды. Ал жемістерді жайлап ұзақ уақыт престегенде, беті ашық тұрған ыдысқа микроорганизм түсіп, шырынды тез бұзуы мүмкін (ашып, быршып кетеді).
Сондықтан шырын алатын бөлме таза, құрғақ болуы керек. Матадан тігілген дорбаны, престі қайнап тұрған суға батырып алады, немесе ыдыс ішіне қойып, үстіне ыстық су құйып, микроорганизмдерден тазартады. Пайдаланғаннан кейін құралдарды жуып, кептіріп, сонан кейін ғана жинап алып, құрғақ, салқын жерде сақтау керек.
Егер пресс ұзақ уақыт жұмыс істемей тұратын болса, оның металл бөлімдерін вазелинмен майлап қояды. Көптен бері пайдаланылмаған престен алынған шырынның алғашқы шыққан 100-200 грамын төгіп тастау керек. Оны соңғы аққан шырынның дәмін татып көргеннен кейін ғана жұмысты одан әрі жалғастыруға болады. Егер шырыннан бөтен иіс, дәм байқалса, ағызуды тоқтатып, престі, дорбаны тексеру керек.
Егер жеміс-жидек аз болса, онда қолдан жасалған кішкене престі пайдаланады.
Престен шыққан шырында жеміс жұмсағының ұсақ бөлшектері болады. Шырынды тазалап алудың бірнеше жолы бар. Олардыц кейбіреулерін үй жағдайында жасауға болады.
Шырын алатын құралмен жемістерді престегенде жеміс жұмсағы шырынмен араласып шығады. Таза шырын алу үшін, оны 2 қабат дәкеден жасалған дорбаға салып, аузын байлап іліп қояды. Сүзілген шырынды 85° температураға дейін қыздырады да, ыссы күйінде шыны ыдысқа құйып, аузын мықтап бекітіп, тығын сыртына сұйық смола құю керек 1-2 ай бойы қозғамай салқын бөлмеге қояды. Сонда таза шырыны үстіне шығып, қоспасы түбіне тұнады. Таза шырынын араластырмай ептеп шөлмектерге құйып алып, тығындап, салқын қараңғы бөлмеге төмен қаратып қояды. Ондай таза шырынды ішуге және желе жасауға пайдалануға болады.
Құрамында қышқылы көп шие, қара өрік, қарақат, алша, шомырт, алма, таңқурай, тошала, мүк жидек жақсы сақталады. 90° температурада 5 минут бойы қыздырылған шырынды ыссы күйінде 1 л, 3 л, 10 литрлік шөлмектерге құйып, пастеризацияланған ағаш тығынмен жауып, сыртын шпагат пемесе жіңішке сыммен шандып байлап, тығын үстіне сұйық смола құяды. Сонан соң шырыны бар ыдысты суығанша жатқызып қояды. Егер шырынды ұсақ ыдыстарға құйса, 20-30 минут бойы 85° температурада пастеризациялайды. Сонан кейін шырыны бар ыдыстарды жылы бөлмеде 12 күн сақтайды. Егер 12 күн ішінде еш өзгеріс болмаса, ондай шырынды ұзақ уақыт сақтауға болады. Егер 12 күннің ішінде шырын бұзылса, оны 5 минуттай қайнатып алып, әр түрлі тамаққа пайдалану керек, кисель, морс, шарап жасалған жөн.
Үй жағдайында жеміс-жидектерді жақсы консервілеуге болады және олар ұзақ сақтауға жарайды. Жемістерді консервілеуге (стерилизациялауға) кастрюльдер, шыны банкалар (0,5, 1, 0 л), баллондар, резинкасы бар лакталған қаңылтыр қақнақтар (3 л, 10 л), қақпақ жабатын құралдар қажет, Консервіленген жемістерді шыны банкаларға салып, аузын ауа кірмейтін етіп жабады. Баллонның аузын жабатын ағаш тығындарды 100° температурада 5 минут қайнатып алады. Баллонды, банкаларды бірнеше рет қайнаған сумен шаю керек. Ішінде қайнап жатқан суы бар кастрюль бетіне тор керіп, оның үстіне баллондар мен банкаларды төңкеріп қояды, сонда олардың ішіне ыссы бу кіріп пастеризадияланады.
Жемістерді консервілеудің ең соңғы жұмысы - стерилизациялау, яғни 120° температурада ұстап, микроорганизмнен тазалау, ол үшін кастрюльдегі ыссы су ішіне шырын құйған шөлмектерді орналастырып, 120° температурада қайнатумен жемістерде, жидектерде, ыдыстарда болуы мүмкін микроорганизмдерді толық жояды.
Стерилизация дегеніміз - заттарды қайнау температурасында қыздырып, микроорганизмдердің вегетативті формаларын жою. Ал пастеризация дегеніміз - толық емес стерилизация, яғни қайнау температурасынан төменгі ыссылықта микроорганиздерді зиянсыздандыру.
Жемістерді консервілеу үшін тазалап, суық сумен жуып, банкалардың мойнына жеткізбей, нығыздап салып, үстіне қайнап тұрған суды немесе сиропты құяды да, аузын қақпақпен бастырып, 40-50° ыссы суы бар кастрюль іщіне орналастырады. Суды жеміс түріне қарай қажетті уақытқа дейін қайнатады. Қайнатып болғаннан кейін банкаларды судан алып, аузын мықтап жауып, суығанша төңкеріп қояды. Осы жолмен баллондардағы консервіні, шөлмектердегі шырынды да стерилизациялайды. Сонан кейін баллон сыртындағы шпагатты, сымдарды шешігі алып, құрғата сүртіп, аузын жақсылап жауып, тығын үстіне смола ертіп құяды.
Жемістерден жасалған консервілерді пастеризациялау осы әдіспен жүреді. Тек суды қайнатпай, 95° температураға дейін ғана қыздырады. Қарлыған, таңқурай, тошала, қой бүлдірген сияқты әлсіз, нәзік жидектерді ғана пастеризациялайды. Пастеризация және стерилизациялау кезінде де гигиеналық талаптарды мұқият сақтау керек. Қонсервілеген банканың қақпақтары дөңестеніп көтерілсе - ішіндегі жемістердің бұзылғаны. Ондай жемістерді тамаққа пайдалануға болмайды.
Жемістер мен жидектерден повидло жасау үшін, оларды ұсақтап турайды, немесе ет тартқыштан өткізеді де, қант қосып 5-10 мин. бойы жайлап қыздырады. Қанты еріп болған соң қайнатады. 40 минуттан артық қыздырып қайнатуға болмайды. Қайнағандағы температурасы 106°-тан аспау керек, Повидло әзір болғанда алғашкы көлемінін. 1/3-і қалуы керек. Дайын болған повидлоны банкаларға салып, аузын пергамент қағазбен жауып, байлап, салқын, құрғақ бөлмеде сақтайды.
Үй жағдайында жемістерді консервілеудің бір түрі, оларды кептіру. Салмағы жеңілдейді, бір жерден екінші жерге алып жүруге, сақтауға қолайлы болады.
Қептірілген жеміс-жидектерде витамин жақсы сақталады. Үй жағдайында алманы, алмүртты, алхорыны, таңқурайды, қара қарақатты, қой бүлдіргенді және қара жидекті ауада, пеште жақсы кептіруге болады. Ең әуелі жемістерді тазалап жуады. Алманы, алмұртты жұқалап кеседі, зақымданған жерін алып тастайды, ал ұсақ жемістерді тұтас күйінде үй төбесіндегі арнайы жасалған жерлерде кептіреді.
Газ плитасында жемістерді кептіру үшін арнайы темір жәшік жасалады. Жәшіктің ішіне бірнеше қаңылтыр үлдірікшелер орнатып, оған кептіретін жеміс-жидектерді орналастырады. Жәшіктің үстіңгі бетінде газ шығатын түтік, ал астыңғы жағында жиналған су ағатын шүмектер болады. Плита үстіне 2 кірпіш қойылып, темір жәшік орналастырылады. Қірпіш аралығынан жалын жәшікті қыздырып тұрады. Сондай-ақ электр пешінде де жемістерді кептіруге болады.
Тосап қайнатпайтындар өте сирек кездеседі. Тосапты жеміс құрамындағы қант, органикалық қышқылдар, хош иісті дәмі жаңа жинап алғандағы қалпында сақталады. Сондықтан тосапта зиянды бактериялар тіршілік ете алмайды. Тосапты алюминий немесе жез табақтарда қайнату керек. Эмальды табақта қайнатса, қатты қызудан эмалы жарылып кетеді де, ол жердеп адам организміне зиянды темір тотығы түзіліп, тосапқа араласып кетуі мүмкін.
Тосапты шыны банкаларға салып, аузын жақсылап бекітіп, салқын, құрғақ бөлмеде сақтайды. Сонымен қатар жемістерден түздық, джем, әр түрлі сусындар (квас, асхана шарабы, асханалық қызыл және қызғылт шарапты қызыл және қызыл қоңыр шиеден, қарлығаннан) жасалады. Алмадан, шетеннен - қышқыл шырын, шиеден, таңқурайдан тәтті шырын алынады.
Тосап жасалатын жеміс-жидектер күннің көзі ысып, жердегі, шөптердегі шық кепкенде жиналады. Сонымен қатар тосап жасалатын жеміс-жидектердің пісуі біркелкі болу керек. Тосапты 25-40 минут бойы әзірлейді. Бірінші 10 мин. әлсіз жалында өте жай қайнатады. Қайнап жатқанда жиналған көбігін адып тұру қажет. Си роп коюланғанда, тегіс қайнауын бақылау керек. Тосаптың әзір болғанын мына белгілеріне қарап айырады.
[1] Бұйыққан бүршіктерден өсіп шыққан бұтақшалар алғашкы жылдары тік қалыпта жедел өсуімен айрықша көзге түседі, мұны «ұзын өгей бұтақшалар» немесе «кенже бұтақшалар» деп атайды.
Жарияланған-2016-04-19 18:07:17 Қаралды-43299
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина