Тақырыбы: Баланың мектепке педагогикалық-психологиялық даярлығын критериалды бағалауға арналған технологиялар
1 Мектепке баратын балалардың оқуға мотивациялық дайындығын бағалау технологиясы.
1. Қабылдау мен дамытуды бағалау технологиясы.
2. Баланың зейін деңгейін бағалауға арналған технология.
3. Байқағыштықты және зейінді бағалауға арналған технология.
Бұл технологияның мақсаты – мектепке баратын балалардың оқуға мотивациялық дайындығын анықтау.
Баланың оқуға қарым–қатынасын, басқа да оқуға дайын екендігін білдіретін психологиялық белгілері баланың мектепте оқуға дайын не дайын еместігін білдіреді. Егер де баланың таным процестері жақсы дамыған болса да және ол басқа балалармен және үлкен адамдармен іс -әрекетке түсе алса да, бала толығымен мектепте оқуға дайын деп айтуға болмайды. Екі психологиялық дайындық белгілерінің салдарынан оқуға деген ынтаның болмауы – танымдық және коммуникативтік - баланы мектепке қабылдауға мынадай шарттар қою арқылы рұқсат береді, алғашқы бірнеше айдың ішінде оның мектепке баруы оқуға деген қызығушылығын ашуы керек.
Тәжірибе көрсеткеніндей бұл әдісті жүргізген кезде 0 ұпай және 1 ұпайды бағаларды қоюмен шектелмеу керек, өйткені, біріншіден, мұнда күрделі сұрақтар кездеседі, ал бала оның біреуіне жауап берсе, басқаларынан қателесуі мүмкін, екіншіден, берілген сұрақтың жауабы бір жерінен дұрыс болса, бір жағынан қате болуы мүмкін. Бала толығымен жауап бере алмаған күрделі сұрақтар үшін және жартылай дұрыс жауап қайтарылған сұрақтар үшін 0,5 ұпай қою ұсынылады. Толық қамтылған, дұрыстығына күмән келтірмейтін жеткілікті сенімді жауаптар 1 ұпаймен дұрыс және толық бағаланады. Мысалға; 2 сұрақтың толық жауабы («Мектепке барудың қажеттілігі қандай ?»), мынадай болу керек: «Қажетті білімді, іс-әрекеттерді және дағдыны үйрену үшін. «Оқу үшін» деп жауап берілген болса, онда бұл жауап толық емес ретінде бағаланады. Қажетті білім, іс - әрекеттерді және дағдыларды үйрену үшін деген жауап қайтарылмаса, онда бұл жауап қабылданбайды, мысалға: «Көңілді болу үшін». Егер бала қосымша бағыттаушы сұрақтан кейін өз жауабына еш нәрсе қоса алмаса, онда оған 0,5 ұпай қойылады.
0,5 ұпай аралық баға енгізілгеннен кейін, мектепте оқуға толығымен дайын болып табылатын бала, барлық сұрақтарға жауап беру нәтижесінде 8 ұпай жинауы қажет. 5-тен 8 дейін ұпай жинаған бала оқуға толық дайын емес. 5-тен төмен ұпай жинаған бала оқуға мүлдем дайын еместігін білдіреді.
Берілген әдісте баланың жауап қайтаруы үшін төмендегі сұрақтар қойылады.
- Сенің мектепке барғың келеді ме ?
- Мектепке барудың қажеттілігі қандай?
- Сен мектепте немен айналысасың?
- Мектепке баруға дайын болу үшін, қандай заттар болу керек?
- Сабақ деген не? Сабақта не істейді?
- Мектепте сабақ үстінде өзіңді қалай ұстауың керек?
- Үй тапсырмасы дегеніміз не?
- Үй тапсырмасын не үшін орындау керек?
- Мектептен келген кезде, үйде не істейсің?
- Мектепте оқи бастағаныңда сенің өміріңде қандай қызықтар пайда болады?
6- 7 жастағы баланың мектепке даярлық деңгейі бір немесе бірнеше күрделі тесттер жиынтығынан тұратын кешен көмегі арқылы анықталады. Қарапайым тесттерге фонематикалық есту тесті, мағынасыз буындарды көшіру және сөздік тесттерді жатқызуға болады. Күрделі тесттерге қысқа мерзімді есте сақтауды анықтау және ойлау қабілетін бағалауға арналған тесттерді жатқызамыз. Сынақ жұмысы 15-20 минут аралығында жүргізіледі.
1.1 Қабылдауды анықтауға және дамытуға арналған әдістеме
Нұсқау: төмендегі суреттерді рет – ретімен мәселеге байланысты орналастыр.
1.2 “Фигураны тап”
Мақсаты: Бұл әдістеме баланың зейін деңгейін анықтауға арналған. Әдістемеде балаларға сурет ұсынылады.
Нұсқау: «Баланың алдына қатарынан бес сурет қойылады. Сурет сол жақта орналасқан тігінен оң жақта тұрған бөлек төрт суреттің біреуіне ұқсайды. Тезірек сол ұқсас суретті тауып көрсету».
Алдымен байқау үшін баланы бір суретті табуға шақырады. Кейіннен зерттеуші балалардың түсінгеніне көз жеткізген соң , бірден онға дейінгі суреттерді табуға шақырады. Эксперимент бала он тапсырманы аяқтағанға дейін жалғасады, бірақ уақыты 1,5 минуттан аспауы керек.
Бағалау нәтижесі
10 ұпай - бала барлық тапсырманны 45 секундта шешті.
8-9 ұпай -бала барлық тапсырманы 45-50 секундта шешті.
6-7 ұпай -бала барлық тапсырманы 50-60 секундта шешті.
4-5 ұпай -бала барлық тапсырманы 50-70 секундта шешті.
2-3 ұпай -бала барлық тапсырманы 70-80 секундта шешті.
0-1 ұпай - бала барлық тапсырманы 80 секундта шешті
10 ұпай - өте жоғары.
8-9 ұпай - жоғары.
4-7 ұпай -орташа.
2-3 ұпай -төмен.
0-1 ұпай -өте төмен.
1.3 Байқағыштықты және зейінді анықтауға арналған әдістеме.
Нұсқау: төменгі және жоғарғы суреттерден айырмашылықты табыңдар
2. Бала қиялының даму деңгейін бағалау технологиясы
1. Бала қиялының даму деңгейін анықтау технологиясы.
2. Бала зейінінің көлемі бағаланатын технология.
3. Баланың бейнелі – логикалық ойлау процесін, жалпылау мен талдау ақыл-ой операцияларын зерттеу
2.1 «Ойын ойлап тап»
Мазмұны : Бала қиялының даму деңгейін анықтауда 5 минуттың ішінде қандай да бір ойынды ойлауға тапсырма алады және ол жайлы толық әңгімелейді және зерттеушінің келесі сұрақтарына бала жауап береді:
- Ойын қалай аталады ?
- Ол неден тұрады ?
- Ойынға қанша адам қатысады ?
- Ойынға қатысушылар қандай рөльді атқарады ?
- Ойын қалай өтеді ?
- Ойынның ережесі қандай ?
- Ойын немен аяқталуы тиіс ?
- Ойынға қатысушылардың жеке жетістігі және ойынның қорытындысы қалай бағаланады ?
Қорытынды баға
Баланың сөйлегені емес, оның ойының мазмұны бағаланады. Балаға сұрақ қойып, қарым-қатынас жасағанда міндетті түрде көмектесе отырып, жетекші сұрақтар қою қажет, бірақ жауабын айтпау керек.
Берілген әдісте бала ойының мазмұны келесі амалмен бағаланады:
- Ерекшелігі мен жаңашылығы
- Шартын ойланып беруі
- Оның әр түрлі ойынға қатысушыларына түрлі рөлдерді беруі.
- Ойында белгілі бір ережелердің болуы.
- Жүргізілетін ойынның жетістігін дәл бағалау жолы.
Баланың ойлап тапқан ойыны әр амалдармен бағаланады.
0 ұпай - жоғарыда көрсетілген бес амалдың ойында біреуінің толық жоқтығын білдіреді.
- ұпай – берілген белгілер бар, бірақ нақты емес.
- ұпай – ойынға сай, лайықты белгілер анығымен көрсетілген …..
Барлық осы амалдар мен белгілерден құралған ойын 0 ден 10 ұпайға дейін бағалануы мүмкін. Осы ұпай арқылы бала қиялының даму деңгейі қорытындалады. Даму деңгейінің қорытындысы.
10 ұпай - өте жақсы
8-9 ұпай – жоғары
6-7 ұпай – орташа
4-5 ұпай – төмен
0-2 ұпай - өте төмен
2.2 «Есте сақта және нүктені орналастыр»
Мақсаты: Берілген әдістеме көмегімен бала зейінінің көлемі бағаланады. Қажетті құралдар: Бейнеленген суреттер , ынталандыру материалы қолданылады.
Жүргізілуі: Нүкте салынған қағазды алдын ала кішкентай етіп 8 төртбұрышқа бөлеміз, содан соң олардың қатар-қатар орналастырамыз, орналастырғанда жоғарғы жағындағы екі нүктесі бар төртбұрыш орналасу керек, ал төменгі жағында 9 нүктесі бар төртбұрыш орналасу керек.
Нұсқау: «Қазір біз зейінге байланысты ойын ойнаймыз. Нүкте салынған кестелерді бірінен –соң бірі көрсетіледі. Кестедегі нүктелерді дәл сол көрсетілген орнына бос клеткаларға белгілейсіз».
Әрі қарай балаға жүйелі түрде 1-2 секндта 8 кестенің әрқайсысын жеке, кезекпен жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіріп ,әр кестені көргеннен кейін, бала көрген нүктені есінде сақтап, келесі бос кестеге түсіруі керек. Орындауға 15 секунд беріледі. Бұл уақыт балаға әр тапсырманы нүктенің қай жерде тұрғанын есте сақтап, келесі кестеге түсуіне беріледі.
Қорытынды баға
Бала зейінінің көлемі нүкте санының жоғарғы санымен есептеледі, баланың қандай да болмасын кестені дұрыс еске түсіруі (ең жоғарғы нүкте саны бар және қатесіз еске түсірген кестесі таңдап алынады). Эксперименттің қорытындысы ұпайлық жүйемен бағаланады.
Тапсырма |
Ұпай |
Бала 6 және одан да көп нүктені еске түсірсе |
10 |
Бала 6 және одан да аз нүктені еске түсірсе |
8-9 |
Бала 4 және одан да аз нүктені еске түсірсе |
6-7 |
Бала 3 және одан да аз нүктені еске түсірсе |
4-7 |
Бала 1 нүктені еске түсірсе |
0-3 |
2.3 «Артығын тап»
Мақсаты: Баланың бейнелі – логикалық ойлау процесін, жалпылау мен талдау ақыл-ой операцияларын зерттеу. Әдістемеде балаларға әртүрлі заттар бейнеленген суреттер сериясы ұсынылады. Бұл әдістеме мектеп алды даярлық топ балаларына арналған.
Нұсқау. Әр суретте бейнеленген төрт заттың біреуі артық. Суретке мұқият қарап, қай зат және неліктен артық екенін анықта.
Тапсырманы орындауға 3 минут беріледі.
Қорытынды бағалау
10 ұпай – бала тапсырманы 1 минуттан аз уақытта орындайды, барлық суреттердегі артық заттарды таба алады және себебін түсіндіреді.
8-9 ұпай – бала тапсырманы 1 минуттан 1,5 минутқа дейінгі уақытта орындайды.
6-7 ұпай – бала тапсырманы 1,5 –тан 2,0 минутқа дейінгі уақытта шешеді.
4-5 ұпай – бала тапсырманы 2,5 минуттан 3 минутқа дейінгі уақытта шешеді.
2-3 ұпай – бала тапсырманы 2, 5 минуттан 3 минутқа дейінгі уақытта шешеді
- ұпай – бала 3 минут аралығында тапсырманы шеше алады.
Даму деңгейі бойынша қорытынды
10 ұпай өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төменгі
0 -1 ұпай - өте төмен
3. Ойлауды анықтауға арналған бағалау технологиясы
1. Ойлауды анықтауға арналған технология.
2. Әдістемелік ынталандыру материалы.
3. Бейнелі –логикалық ойлауды бағалауға арналған технология.
3.1 Әдіс «Топтарға бөл»
Мақсаты: Бұл әдістеме ойлауды анықтауға арналған. Әдістеменің негізгі мақсаты – баланың бейнелік – логикалық ойлауын бағалау. Балаға төмендегі суретте берілген бейнені көрсетеді және келесі тапсырманы ұсынады:
«Суретке назар аударып қара және онда берілген фигураларды мүмкіндігінше көп санды топтарға бөл. Топқа бір ортақ белгісі бар фигуралар кіруі керек. Әр топқа кіретін фигураларды және олардың ортақ белгілерін ата.
Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.
Бағалау нәтижесі
10 ұпай – Бала барлық фигура топтарын 2 минуттан аз уақыт аралығында ажыратады. Бұл келесі топ фигуралары: үшбұрыштар, дөңгелектер, төртбұрыштар, ромбылар, қызыл фигуралар (суретте олар қара түсті), көк фигуралар (олар суретте штрихталған), сары фигуралар (клетка түрінде), үлкен фигуралар мен кішкентай фигуралар.
Ескерту. Бір фигура жіктеу кезінде әртүрлі топтарда қайталанып келуі мүмкін.
8-9 ұпай – бала барлық топ фигураларды 2,0 минуттан 2,5 минут аралығында ажыратып бөледі.
6-7 ұпай – бала барлық топ фигураларды 2,5 минуттан 3,0 минут аралығында бөліп ажыратады.
4-5 ұпай – 3 минуттың ішінде бала тек қана 2-ден 3-ке дейінгі топ фигураларды бөліп ажыратты.
0-1 ұпай – 3 минутта бала топ фигуралардың біреуін бөліп ажыратты.
Даму деңгейінің қорытындысы
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай –жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
- ұпай - өте төмен
3.2 Әдістемелік ынталандыру материалы «Топтарға ажырат»
Мақсаты: әдістеме мектеп алды даярлық тобында ойлау деңгейін анықтауға арналған.
Нұсқау: «берілген суреттегі фигураларды бояуына және түрлеріне қарай (мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш т.б) топтастыр»
- Берілген суреттегі 4 фигураны толық белгілері бойынша топтастыру – 10 ұпай
- Фигураларды тек бояуы бойынша және түрлері бойынша 3 фигураны топтастыру – 8 ұпай
- 2 фигураны ғана топтастыру – 6 ұпай
- Бояуы бойынша екі фигураны және түрі бойынша біреуін топтастыру – 4 ұпай
- Бояуы бойынша ғана топтастыру – 3 ұпай одан да төмен.
3.3 Бейнелі –логикалық ойлауды бағалауға арналған «қисынсыз» әдісі
Мақсаты: Бұл әдістің көмегімен баланың қарапайым өмір жайлы түсінігі мен логикалық ойлау байланысын, қарым –қатынасын білуге болады. Олар: осы өмірдің кейбір объектілері, жануарлар, олардың тіршілігі, табиғаты. Осы әдіс арқылы баланың логикалық және абстрактілі ойлауының дұрыс қалыптасуын білуге болады.
Жүргізілу барысы: Алдымен балаға әр түрлі обьектілер бейнеленген сурет көрсетіледі. Бұл суретте жануарлар бейнеленген қызық жағдайлар бар. Суретті көру барысында балаға мынадай тапсырма беріледі.
Нұсқау: «Суретке қарай отырып , барлық зат орнында тұрғаны және дұрыс бейнеленгені жайлы айтып беру. Егер де бір зат орнында болмаса, не екенін көрсетіп, неге олай екенін және кейін қалай болу керектігін түсіндіру керек.
Қосымшалар. Барлық тапсырмалар бірінен кейін бірі орындалады. Бірінші балаға барлық дұрыс емес суреттерді көрсету ұйғарылады, ал одан кейін шын мәнісінде қалай болу керектігін айтады. Тапсырманы орындауға үш минут беріледі. Осы уақыт ішінде ол көптеген дұрыс емес жағдайларды табуға мүмкіндік алады..
Нәтижені бағалау
10 ұпай – егер де 3 минут уақыттың ішінде 7 дұрыс емес жағдайларды бағалау кезінде, оларды түсіндіріп, шын мәнісінде не болатынын айтқан кезде осындай баға қойылады.
8-9 ұпай – бала барлық дұрыс емес қисынсыздарды тауып, белгілейді, бірақ олардың біреуінен үшеуіне дейін түсіндіре алмады немесе не болу керектігін айта алмайды.
6-7 ұпай – бала барлық қисынсыздарды тауып, соның 3-4 түсіндіріп бере алмағанда қойылады.
4-5 ұпай – бала барлық қисынсыздарды байқап, бірақ берілген уақыт аралығында 5-7 қалай болу керектігін толық түсіндіре алмайды.
2-3 ұпай – берілген уақытта бала 1-4 қисынсыздықтарды табады, бірақ түсіндіре алмайды.
0-1 ұпай – берілген уақыт аралығында бала 7 қисынсыздардың ішінен 4-тен аз табады.
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
0-1 ұпай -өте төмен
4. Балалардың ойлау ерекшеліктерін бағалау технологиясы
- Балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға арналған технология.
- Балалардың ойлау процесін анықтау, бағалау.
- Сөздік қорын анықтау, бағалау.
4.1 Әдістеме « Жыл мезгілдері »
Мақсаты: Бұл әдістеме балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға арналған.
Жүргізілуі: Балаларға суретті көрсетіп, мұқият қарауды және әрбір бөлшекте қай жыл мезгілі суреттелгенін айтуын сұрайды. Бұл тапсырманы орындауға берілген 2 минут ішінде бала жыл мезгілін айтып қана қоймай, ол туралы өз ойын дәлелдеп және неге олай ойлайтынын айтуы керек.
Қорытынды баға.
10 ұпай – берілген уақыт ішінде дұрыс жауап берді және әрбір суретті жыл мезгілдерімен байланыстырды.
8-9 ұпай – бала дұрыс жауап береді және барлық суреттерді керекті жыл мезгілдерімен байланыстырады, өз ойын дәлелдейтін 5-7 белгілерді көрсетті.
6-7 ұпай - бала барлық суреттегі жыл мезгілдерін анықтайды, бірақ өз ойын дәлелдейтін белгілердің 3-4 ғана көрсетті.
4-5 ұпай- бала суреттегі жыл мезгілдерінен тек 1-2 ғана тапты, өз ойын дәлелдейтін тек 1-2 белгілерді ғана көрсетті.
0-3 ұпай - бала берілген жыл мезгілдерінен біреуін де дұрыс белгілей алмады, нақты бір белгіні де көрсете алмады (0-ден 3-ке дейінгі әр түрлі дәрежедегі ұпайлар баланың дұрыс жауап беруге ынталанғаны немесе ынталанбағанына қарай қойылады).
Даму сатысына қорытынды.
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
6-7 ұпай – орташа
4-5 ұпай – төмен
0-3 ұпай - өте төмен
4.2 Кімге қандай зат жетіспейді.
Мақсаты: Балалардың ойлау процесін анықтау .
Нұсқау: Осы әдістемеге енгізілген тапсырманы орындамас бұрын, балаларға сурет көрсетіледі, оның сол жағында біреуіне бір нәрсе жетіспей тұрғаны бейнеленген. Оларға жетіспей тұрған нәрселер осы суреттің төменгі жағында, бөлек бейнеленген. Балаларға берілген тапсырманың мәні мынада: неғұрлым аз уақытта тиісті балаларды атап, оларға жетіспей тұрған заттарды көрсету.
Нәтижелерді бағалау:
10 ұпай – тапсырманы орындау уақыты 30 секундтан аз болып шықты
8-9 ұпай – тапсырманы орындау уақыты 31-49 секунд аралығында орындады.
6-7 ұпай – тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт 50-69 секунд аралығында болады.
4-5 ұпай – тапсырманы орындау үшін 70-89 секунд уақыт жұмсалды
2-3 ұпай – тапсырманы орындау уақыты 90-109 секунд аралығында өтті
0-1 ұпай – тапсырманы орындау үшін 110 секунд және одан да көп уақыт кетті.
Даму туралы қорытынды:
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
0-1 ұпай - өте төмен
4.3 Енжар сөздік қорын анықтау
Жүргізілуі: Бұл әдістемеде балаға 5 және 10 сөзден тұратын сөздер ұсынылады. Балаға бірінші қатардағы бір сөзді оқиды – мысалға, «велосипед» осы сөзге екінші қатардағы мағынасы жағынан ұқсас сөзді анықтап айтады. Кейінгі келесі сөздерді 1 секунд өткен соң оқиды. Бала оқылған сөздерді тыңдап, соған кейін сәйкес сөздерді белгілеп отыру керек. Мысалы: ол егер «велосипед» сөзін естіп, келесі қатардағы ұқсас «ұшақ» сөзін таңдаса, яғни «көліктің түрі» немесе «қозғалыс құралы» ретінде таңдауы мүмкін. Егер ары қарай «автомобиль», «автобус» және «мотоцикл» таңдау керек болса, келесі қатардағы ұқсас сөзді таппаса, яғни бір оқығаннан түсінбесе , қайтадан оқуын бала талап ете алады, бірақ сөздер тез оқылады. Егер бала бір оқығаннан кейін белгілесе, бірақ қате болып шықса, зерттеуші қатесін белгілеп, келесі қатарды оқи береді.
Ескерту: зерттеуші екінші және келесі қатарды оқымастан бұрын балаға іздейтін сөздердің мәнін ұмытпас үшін табылған сөздерді еске түсіріп отыру қажет. Мысалы: төртінші қатарды оқудың алдында бірінші қатардағы ынталандырушы «велосипед» сөзіне бала екінші және үшінші қатарлардан «самолет» және «автомобиль» сөздерін таба алса, зерттеуші балаға: «сонымен біз екеуміз өзара сәйкес мағынада «велосипед», «самолет», «автомобиль» сөздерін таптық. Мен келесі сөздер қатарын оқыған кезде оны есіңде сақта және мағыналас сөзді естігенде маған айт»
Сөздер қатары:
- велосипед, шеге, газет, қолшатыр, жүн, батыр, тербелу, қосу, тістеу, үшкір.
- ұшақ, шыртылдақ (кнопка), кітап, плащ, қауырсын, дос, қозғалу, біріктіру, ұру, доғал.
- автомобиль, шурып, жұрнал, етік, қабыршық, қорқақ, жүгіру, байланыстыру, жұлу, тікен.
- автобус, скрепка, хат, шляпа, мамық, қырсық, айналу, бүктеу, итеру, кескіш.
- мотоцикл, қыстырғыш, жарнама бәтіңкелер, тері, жау, сүріну, жинау, ұру, қатпарлы.
Қорытынды бағалау
Егер бала мағынасын 40 тан 50 ге дейін дұрыс тапса, ол нәтижесінде 10 ұпай алады.
Егер де бала мағынасы ұқсас 30 бен 40 сөзді тапса, онда оны 8-9 ұпаймен есептейді.
Егер бала 20 мен 30 мағынасы жағынан сөзді тапса, онда оған 6-7 ұпай беріледі.
Тәжірибенің соңында бала дұрыс 10 мен 20 сөзді топтастырып, біріктірсе, қорытынды ұпайға 4-5-ке тең болады.
Егер бала мағынасы жағынан 10 сөзден төмен тапса, оны 3 ұпаймен бағалайды.
Даму деңгейінің қорытындысы
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай –жоғары
4-7 ұпай - орташа
0-3 ұпай –төмен
5. Тұлғааралық қатынасты зерттеу және критериалды бағалау технологиясы
1. Тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау.
2. Фонематикалық есту қабілетін анықтау және бағалау.
3. Өздігінше әрекет ете алу қабілеттілігін арттыруға бағытталған технология.
5.1 «Әрекетті таңдау» әдістемесі.
Мақсаты: мектеп алды даярлық тобында тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау. Берілген әдіс социометриялық әдістің бір нұсқасы болып табылады.
Барысы: топтағы әр балаға өзі қалаған үш зат беріледі. Ол ойыншық, сурет, конфет т.б болуы мүмкін. Бұл 3 затты өзінің ыңғайына қарай бала таңдауы қажет.
Нұсқау: «Осы заттардың қайсысы өзіңе ұнайды және қажеттілік деңгейі бойынша бағала. Мысалы, 1-ші орынға ең керек деген затты, 2-ші орынға одан төмендеу, 3-ші орынға қалған затты қоясың. Енді өзіңнің тобынан осы затты сыйлағың келетін 3 баланы таңдайсың.
- Ең жақсы көретін балаға бересің.
- Екішісіне бересің.
- Үшіншісіне қалғанын бересің.
Барлық балалар топтағы достарына заттарын таратып болған соң, зерттеуші кімнің қанша зат алғанын анықтайды.
Алынған заттардың санына сай келесі формуланың көмегімен баланың социометриялық бедел анықтауға болады.
С = К 100%
n-1
Мұндағы С – баланың бедел, яғни, баланың құрдастарымен қарым-қатынас жүйесіндегі бедел. К – топтағы жолдастарынан алған затының сапасы. n– топтағы бала саны.
Егер бала зерттеу барысында көп зат алса, онда баланың құрдастарымен қарым-қатынасы жақсы болғаны.
Нәтижені бағалау.
10 ұпай - баланың беделінің көрсеткіші 100% тең
8-9 ұпай – 80-99% шамасында
6-7 ұпай – 60-70% беделінің арақашықтығындағы көрсеткіші
4-5 ұпай – баланың беделі 20-30% шамасында
2-3 ұпай – баланың беделі 20-39% шамасында
0-1 ұпай – баланың беделі 0-19% шамасында
Баланың даму деңгейі.
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
0-1 ұпай - өте төмен
5.2 Фонематикалық есту тесті
Тексеруші балаға келесі түрдегі ұсыныс жасайды: «Екеуіміз бір сөз ойланайық, мысалы, «терезе». Мен ол сөзді бірнеше рет қайталаймын, содан кейін оны басқа сөзбен алмастырамын, мысалы, «орындық». Басқа сөзді ести салысымен, мынадай белгі жаса (көрсетеді). Осылайша маған менің қателігімді көрсетесің. Содан кейін, менің қате айтқан сөзімді атайсың. Егер тек екеуіміз таңдаған сөзді ғана қайталасам, соңында сен «Барлығы дұрыс» дейісің. Түсінікті ме?
Қанағаттанарлықтай жауаптан кейін тікелей сынауға көшуге болады. Сынақ төрт тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма танысу-жаттығу түрінде беріледі (оның нәтижелері тесто рындалуын бағалау барысында ескерілмейді). Қалған үш тапсырма нәтижелері есепке алынады.
Бірінші тапсырма – бағаланатын фонема Р
Рама, рама, рама, рама, рама, рампа, лама, рама, рама
Рампа, рампа, рампа, рампа, алма, рампа рампа, рампа, рампа,
Қорап, қорап, қорап, қорап, қорап, қолғап, қора, қорап, қорап,
Ара, ара, ара, ара, ара, арала, ара, ара, ара,
Екінші тапсырма- бағаланатын фонема С
Сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр,
Асан, Асан, Асан, Асан, Асан, Асан,қазан, Асан, Асан, Асан,
Қасық, қасық, қасық, қасық, қасық,мысық, қасық, қасық, қасық,
Сары, сары, сары, сары, сары,тары, сары, сары, сары, сары,
Үшінші тапсырма- бағаланатын фонема Қ
Қайық,, қайық,, қасық,, қасық,, қасық,, қасық,, қасық,, қасық,
Қауын, қауын, қауын, қауын,қауым қауын, қауын, қауын, қауын,
Қағаз, қағаз, қағаз, қағаз, қағаз, сағыз, қағаз, қағаз, қағаз, қағаз,
Қалам, қалам, қалам, қалам, алаң, қалам, қалам, қалам, қалам,
Төртінші тапсырма- бағаланатын фонема П
Парта, парта, парта, парта, парта, қарта,парта, парта, парта, парта
Парақ, парақ, парақ, парақ,, тарақ парақ, парақ, парақ, парақ, парақ,
Папка, папка, папка, папка, папка, арба,папка, папка, папка, папка
Пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, кеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш
Қандайда бір қатарды қалыпты темпте қайталау барысында (1сөді 10 секундта) бала «артық» сөзді анықтай алмаса немесе қате жіберсе, онда келесі 1-2 тапсырмадан кейін сол тапсырмаға жай темпте қайта оралу қажет (1,5 секундта- 1 сөз)
Бағалау шкаласы
Бұл тесттің бағалау жүйесі ерекше мәнге ие: бір жағынан жоғарғы ұпай (3) барлық үш тапсырма мүдірместен орындалған жағдайда ғана қойылады, екінші жағынан – бір қатенің үш тапсырмада қайталану саны ескерілмейді. Қате байқалған жағдайда, бағалау ең нашар орындалған тапсырма көрсеткіші бойынша бағаланады (яғни бірнеше тапсырмаларда жіберілген бірдей қателер саны қосылмайды). Бағалаудың төрт балдық жүйесі қолданылады:
0 ұпай- қатарды жай темпте қайталануына қарамастан, бала тапсырмалардың ешқайыссында «артық «сөзді дұрыс таба алмайды.
1 ұпай- қатарды жай темпте қайталау негізінде ғана «артық» сөзді тапты.
2 ұпай- «артық» сөзді қалыпты темпте ұсыну барысында тапты, бірақ уақытында шапалақ ұрмады- «артық» сөзді бүкіл қатарды тыңдап болғаннан кейін атады.
3-ұпай- барлық тапсырмаларда бірінші ұсыныстан кейін уақытында қол шапалақтайды және «артық » сөзді дұрыс атайды.
Бұл шкала алтыжасар және жетіжасарлар үшін де қолданылады. Берілген қабілетке жасерекешелігінің айтарлықтай ықпалы болмайды.
Алынған ұпайлар саны |
Фонематикалық естудің даму деңгейі |
0 |
Төмен |
1 |
Орташа |
2-3 |
Жоғары |
5.3 «Графикалық диктант»
Мақсаты: «Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б. Эльконин құрастырған) мұқият тыңдай алу және үлкендердің тапсырмасын ұқыпты орындау, сызықтың бағытын қағаз парағына дұрыс жаңғырту, үлкендердің тапсырмасы бойынша өздігінше әрекет ете алу қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Зерттеу жүргізу үшін әр балаға төрткөзді дәптер парағына төрт нүкте белгілеп, беріледі. Зерттеу алдында психолог балаларға түсіндіреді: Қазір біз сендермен әр түрлі өрнек саламыз. Олар әдемі болу үшін тырысуымыз керек. Ол үшін мені жақсылап тыңдаңдар –сендер қай жаққа және қанша төрткөз жүргізу керектігін айтып тұрамын. Мен айтқан сызықты ғана жүргізесіңдер. Жүргізген соң, мен келесі сызықты айтпайынша, күтіңдер. Келесі сызықты өткен сызық біткен жерден қаламсапты парақтан алмай сызыңдар. Бәрінің естеріңде ма, оң қолдарың қайда ? Оң қолдарыңды сызыңдар. Көрдіңдер ма, ол есікке бағыттап тұр (бөлмеде бағдар беріледі). Мен сызықты оңға қарай жүргізіңдер деген кезде, сендер оны есікке қарай жүргізесіңдер (тақтада солдан оңға қарай бір төрткөзге сызық жүргізіледі). Ал енді мен, қолымды алмай сызықты екі төрткөзге жоғары жүргіземін. Енді сол қолдарыңды созыңдар, көрдіңдер ма , ол терезені көрсетіп тұр. Енді мен, қолымды алмай, сызықты үш төрткөзге солға қарай жүргіземін. Сендер қалай салу керектігін түсіндіңдер ма? Бұдан соң, психолог жаттықтыру өрнегін салғызуға кіріседі: «Бірінші өрнекті салуды бастаймыз. Қаламдарыңызды ең жоғарғы төркөзге қойыңдар. Қаламды парақтан алмай, сызық салыңдар: бір торкөз төменге (қаламды парақтан алмай). Бір торкөз оңға. Бір тор көзге жоғары. Бір торкөз оңға. Бір тор көз төменге. Бір тор көз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз төменге. Ары қарай осындай өрнек салуды жалғастырыңдар».
Психолог оқып тұрғанда үзіліс жасап тұру керек, балалар сызықты жүргізіп үлгеру үшін. Өрнекті бетінше жалғастыруға 1,5 -2 минут беріледі. Балаларға өрнекті парақтың барлық көлеміне жалғастырудың керек емес екендігін ескертеді.
Жұмысты жүргізу процесінде психолог балалар әр бастағанды белгіленетін нүктеден бастауын бақылайды, балаларды жігерлендіріп отырады. («Тағы бір рет байқап көрші, сен саласың деп ойлаймын). Сонымен қатар, өрнекті салу бойынша ешқандай нұсқаулар берілмейді.
Жаттықтыру өрнегін балалар өз бетінше орындаған соң, психолог айтады: «Болды, бұл өрнекті ары қарай салмаймыз. Келесі өрнекті саламыз. Қаламдарыңды көтеріңдер, енді қаламды келесі нүктеге қойыңдар. Дайындалыңдар, оқып бастаймын. Бір төркөз жоғары. Бір төркөз оңға. Бір төркөз жоғары. Бір төркөз оңға. Бір торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Ал енді сол өрнекті өздерің жалғастырыңдар».
1, 5 -2 минут өткен соң, психолог айтады: «Болды бұл өрнекті ары қарай салмаймыз. Келесі өрнекті саламыз. Тыңдаңыздар!
Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз жоғары. Үш тор көз төменге. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Осы өрнекті енді өздерің жалғастырыңдар».
1,5-2 минуттан соң қорытынды өрнекті оқу басталады: «Қаламдарыңды төменгі нүктеге қойыңдар. Тыңдаңыздар! Үш торкөз оңға. Бір токөз жоғары. Бір торкөз солға. Екі торкөз жоғары. Үш торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз солға. Бір торкөз төменге. Үш торкөз оңға. Бір торкөз жоғары.
Бір тор көз солға. Екі торкөз жоғары. Енді осы өрнекті өздерің салыңдар.
Қорытындыны бағалау
Жаттықтыру өрнегінің орындалу қорытындысы бағаланбайды. Әр өрнекте диктантты орындау және өз бетінше өрнекті жалғастыру бағаланады. Бағалау келесі шкала бойынша жұргізіледі:
өрнекті тура жаңғырту -4 ұпай (сызықтың қисықтығы, «діріл» сызығы, дақ бағаны түсірмейді)
жаңғырту, бір сызықтағы қате, - 3 ұпай.
Бірнеше қателермен жаңғырту – 2 ұпай.
Айтылған өрнекпен жеке элементтердің ұқсас болып, жаңғырту -1 ұпай.
Жеке элементтерінде де ұқсастықтың болмауы -0 ұпай.
Өз бетінше жалғастырылған өрнекке баға осы шкала бойынша қойылады.
Сонымен, әр өрнекке бала екі баға алады:
біреуі – диктантты орындаған үшін, екіншісі -өрнекті өз бетінше жалғастырған үшін. Екі баға да 0 ден 4 аралығында болады. Қорытынды баға үш бағалаудан жеке өрнек үшін суммалау арқылы шығарылады. Олардың максималдыдан минималды баға арқылы. Алынған баға 0ден 8 ұпай арасында болады. Өрнекті жалғастырған үшін үш бағадан қорытынды шығарылады, кейін екі қорытынды баға қорытынды ұпай бере отырып суммаланады. Ол 0 ден (егер оқылған және жеке жұмыстан 0 ұпай алынса) 16 ұпайға дейін (егер жұмыстың екі тұрінен де 8 ұпай алынса) арасында болады.
6. Критериалды бағалауға арналған технологиялар
1. Каллиграфияны бағалау.
2. Сөздік қорды анықтауға бағытталған тест.
3. Есте сақтау және ой қорытындыларды анықтау тестері.
6.1 Мағынасыз сөздерді көшіру тесті
Ол каллиграфиялық жазумен жазылған мағынасыз буындар болуы мүмкін. Келтірілген бес қатардың біреуі балаға арнайы жолақта ұсынылады. Жүргізуші баланың жолаққа қарап, не көрсетілгенін немесе жазылғанын сұрайды. Сен әлі жаза алмайсың, бірақ оны суретін салып көрші.мына жерде қалай жазылғанын жақсылап көріп ал және осы параққа тура солай суретін сал. Тапсырманы орындау үшін уақыт шектелмейді.
Енжар бала, жаза алмайтындығына байланыста тапсырманы орындай алмайтынын айтады. Мұндай жағдайда оған алдымен үйдің суретін, содан кейін қарапайым геометриялық фигура салуын ұсыну қажет (шаршы, шеңбер, ромб) содан кейін барып орындалған әрекетті бірнеше рет марапаттау арқылы - әріптік буынды жазуды ұсынуға болады. Әрине, тек осы соңғы тапсырма ғана бағаланады.
Бағалау шкаласы
1 ұпай- шимақтар,
2 ұпай-үлгіге ұқсастығы бар.
3 ұпай-кем дегенде 4 әріпі оқылады
4 ұпай-барлық әріптерді оқуға болады.
5 ұпай-әр әріп нақты жазылған, барлық сөз 30градустан жоғары қисаймаған
Алынған ұпайлар саны |
Өзін-өзі реттеу деңгейінің дамуы |
0 |
Төмен |
1 |
Орташа |
2-3 |
Жоғары |
6.2 Сөздік қорды анықтауға бағытталған тест
Тексеруге бағытталған басқа да тесттер сияқты, берілген тесті таңдау принципі бойынша құрылған: белгілі бір сөздер жиынтығы таңдалып алынады және олардың қайыссы балаға белгілі екені анықталады. Алынған нәтижелер негінде баланың жалпы сөздік қоры туралы айтуға болады. Тексерушілер құзырына қалыпты өзара байланысқан бес сөздік қатар берілген. Сондықтан да болашақ бірінші сынып оқушыларын зерттеу үшін тексерушілер бүл қатарларды кезекпен колданылуларына болады: бір балаға бір қатар, екіншісіне келесі қатар беріледі және т.с.с.
1. Велосипед, шеге, хат, қолшатыр, жүн, батыр, сырғанау, біріктіру, тістеу, өткір
2. Ұшақ, балта, кітап, пальто, қауырсын, дос, секіру, бөлісу, ұру, доғал
3. Көлік, сыпырғы, блокнот, етік, қабыршық, қорқақ, байланыстыру, жұлу, тікенек
4. Автобус, күрек, альбом, қалпақ, үлпілдек, қырсық, қозғалу, қасу, жұмсақ, қашу
5. Мотоцикл, щетка, дәптер, бәтеңке, тері, жау, сүріну, жинау, үтіктеу, бүдір
Баланың сөздік қорын тексермес бұрын мұғалім былай дейді: Ойланшы, сен шет ел адамын кездестірдің – сенің тіліңді нашар түсінеді. Ол сенен «велосипед» сөзінің мәнін түсіндіріп беруіңді сұранып тұр. Қалай жауап бересің?
Бала жауаптарын сөздік формада бергендіктен, оның енжар (шектеулі сөздердің ғана мәнін біледі) және белсенді (кейбір сөздерді белсенді сөйлеу барысында қолданады)сөздік қорын бағалауға болады. Егер бала сөздік жауап бере алмаса, онда тексеруші оған заттың суретін салуды немесе сол сөздің мәнін жесттер немесе қимыл арқылы көрсетуін сұранады.
Тест түсініктерді игеру іскерлігін тексеруді көздемейді. Келесі түрдегі жағдайлар да кездесіп жатады, бала ол түсініктерді игерген, бірақ ол сөздің орнына көбінесе диалекті сөздерді пайдаланады.
Сәйкес жағдайларда балаларға синоним сөздерді ұсынуға болмайды, өйткені тест қандай да бір түсініктердің игерілуін тексеруге емес, сөздерді білу яғни әдеби тілдегі сөздердің түсінілу деңгейін анықтауға бағыталған.
Бағалау әр 10 сөзге берілген ұпайлардың қосындылары негізінде жүргізіледі.
Бағалау шкаласы
0 ұпай- сөзді түсінбеу. Бала сөздердің мәнін түсінбейтінін айтады, немесе оның мәнін дұрыс түсіндірмейді, мысалы: «Жүн- оны жастықтың ішіне салады және жастанады»
1 ұпай- сөздің мәнін түсінеді, бірақ өз түсінігін сурет салу, практикалық әрекеттер немесе жесттер арқылы көрсетеді.
1,5 ұпай- бала затты сөзбен бейнелейді, мысалы: «Велосипед-онымен кәшенеді, оның екі немее одан көп дөңгелегі болады- екі үлкен, бір кіші». Немесе: «Ол – онымен сырғанау үшін»; «Қолшатыр-жауыннан қорғану үшін».
2 ұпай- бала ғылыми түсініктерге жақын анықтама береді (яғни шығу төркіні, жеке түрлері, белгілері көрсетіледі ). Мысалы: «Хат-өзің туралы жазып және пошта арқылы конвертке салып жіберуге болатын қағаз ».
Осылайша, тест бойынша максималды ұпай саны 2*10 = 20 ұпай болып есептеледі.
Жас ұлғая баланың сөздік қоры жылдам кеңейе береді, алты жасар және жеті жасар балалардың жауаптарын түрлі бағалау орынды. Осыған байланысты берілген қабілеттің даму деңгейін анықтау үшін келесі кестені пайдалану ұсынылады:
Жасерекшелік Топтары |
Сөздік қор даму деңгейі (алынған ұпайлар саны) |
||
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
|
Алтыжасар |
6,5 |
7-12 |
12,5 |
Жетіжасар |
11,5 |
12-15 |
15,5 |
6.3 Қысқа мерзімді есте сақтау және ой қорытындыларды анықтау тестері
Атынан байқалып тұрғандай, тест комбинациялық сипатта берілген. Ол бір оқу материалын екі немесе одан да көп өзара байланысқан, сапа жағынан түрлі қабілеттерді-қысқа мерзімді есте сақтау және логикалық ойлау түрлерін анықтауға бағытталуынан көрінеді. Соңғы қабілет ойқорытындының бір түрімен ұсынылған. Тестілеу тексерушінің балаға назарынан басталады:
-Әртүрлі әңгімелер тыңдауды ұнатасың ба? (Көбінесе бала нақты жауап береді)
Мен қазір қысқаша әңгіме айта бастаймын, ал сен оны нақты қайталау үшін, жақсылап есіңде сақта. Келістік пе? (Көбінесе бала келіседі).
Баяғыда үш бала болыпты: Қайрат, Қанат, Алмат.
Егер бала үш сөйлемді толығымен жаңғырта алмаса, тексеруші былай дейді: Ештеңке етпейді. Бұл бірден бола салмайды. Тағы бір рет қайталап көрейік. Мұхият тыңдап ал...
Хаттамада баланың тапсырманы орындау үшін қажетті болған қайталаулар саны тіркеледі. Бұл көрсеткіш зерттелуші баланың қысқа мерзімді мағыналы есте сақтау деңгейін бағалауға көмектеседі: қайталау саны азырақ болған сайын, оның деңгейі көеріледі. Бағалау үшін келесі кесте пайдаланылады:
Жасерекшелік топтары |
Қысқа мерзімді мағыналы есте сақтау дамуының деңгейі (қажет болған қайталау саны) |
||
Алтыжасарлар |
8 |
5-7 |
1-4 |
Жетіжасарлар |
7 |
4-6 |
1-3 |
Бала дұрыс және толық жауап бере саласымен, тексеруші оның қарапайым ойқорытындыларды жасау қабілеттерін тексеруге көшеді:
-Жарайсың! Енді сен дұрыс қайталадың. Ал енді жақсылап ойланып балалардың ең ұзыны кім?
Егер бала дұрыс жауап беру жағдайында болмаса, тексеруші былай дейді:
-Кәне тағы да жақсылап ойланайық: Қайрат Қанаттан төмен. Қанат Алматтан төмен. Осылардың қайыссы ұзын? (Әгіменің тек қорытынды бөлігі-сұрақ қана қайталанады).
Бала дұрыс жауап беріп болғаннан кейін, оған тағы бір сұрақ беріледі:
-Балалардың қайыссының бойы төмен?
Баланың қарапайым ой-қорытынды жасау қабілетінің даму деңгейін анықтауды жүзеге асыруда тапсырманы орындау үшін қажет болған қайталаудың жалпы саны ескеріледі (есте сақтаудан басталады). Бағалау барысында келесі кесте қолданылады:
Жасерекшелік топтары |
Қарапайым ой-қорытынды жасау қабілеттерінің даму деңгейі (берілген тесті тұтас орындау үшін қажет болған қайталау саны) |
||
төмен |
Орташа |
Жоғары |
|
Алтыжасарлар |
10 |
5-9 |
1-4
|
Жетіжасарлар |
8 |
4-7 |
1-3
|
Жоғарыда сипатталған төрт тапсырманы баланың орындауын бақылау оның ақыл-ой белсенділігі деңгейі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
Төмен: бала тапсырманы тек қосымшалардан кейін орындай бастайды, ал жұмыс барысында зейіні бөлініп отырады; фонематикалық қабылдау тестін орындауда бала қызығушылығы тексерушінің артикуляциялық әрекеттеріндегі қателерді байқауға емес, сртқы реакциямүмкіндіктеріне бағытталады (мысалы, қол шапалақтау);
Орташа: бала жұмысқа белсенді ұмтылса да, ұсынылған тапсырмаларды орындауға қызығушылық танытпайды.
Мынадай болуы мүмкін, бала алғашында жұмысқа қызығушылық танытады, бірақ жылдам басылып қалады.
Сұрақтар салыстырмалы түрде азырақ қойылады, олардың өзі тапсырма маңыздылығына емес, қандай да бір қосымша сәттерге бағытталған: «Мынау әдемі әріптерді кім салды?», «Басқа планета адамы жақсы ма, әлде жаман ба? » және т.с.с Бала қарым-қатынасқа түспейді және тапсырманы белсенді орындауға кіріспейді; Жоғары: Бала әңгіме жүргізіліп отырған жағдайға, мұғалімге, ұсынылып отырған тапсырмаларға айқын қызығушылық көрсетеді. Әңгімені қолдайды, өзі сұрақтар қояды. Кідірместен тапсырманы орындауға кіріседі, кедергілерді жеңуге ұмтылады, кейде мұғаліммен қарым-қатынасты жалғастыруға ұмтылады. Сөздік қор тестін орындау барысында фантазиялау элементтерін енгізе отырып, ойын жағдайына қуана кіріседі.
ҚОРЫТЫНДЫ: Баланың оқуға даярлық деңгейін тексеру нәтижелерін талдау
Тексеру тесттерін қолдану нәтижесінде баланың мектепте оқуға даярлық деңгейін сипаттайтын алты көрсеткіш анықталады. Әр көрсеткіштер бойынша баланың дамуы үш деңгейдің біреуіне сәйкестендіріледі.
Бірінші сынып оқушысының психологиялық зерттеу картасы
Даярлықтың психологиялық көрсеткіштері |
Бағалау деңгейлері |
||
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
|
Ақыл-ой белсенділігі Өзін-өзі реттеу Фонематикалық есту Сөздік қордың дамуы Қысқамерзімді есте сақтау Ойқорытынды (ойлау) |
|
|
|
Осы берілгендер негізінде баланың қандай типтегі сыныпқа баратыны туралы мәселе шешіледі.
Жарияланған-2016-02-02 17:29:01 Қаралды-37386
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина